"Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № А-4/159 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 7129 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 16.04.2021 № А-4/176 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4784 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 мамырда "Акмолинская правда", "Арқа ажары" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е.Маржықпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ А-4/159 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ А-4/123 қаулысына
қосымша

Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Субсидия нормативі, теңге/килограмм

Шикі сүт

сары май

35

Шикі сүт

қатты ірімшік

24


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады