Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 27.06.2023 № 38 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1), 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 болып тіркелген) сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Саран қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Тажибаева |
Мәслихат хатшысы | Ө. Баймағанбетов |
Саран қалалық мәслихатының 2019 жылғы "26" қыркүйек 40 сессиясының № 445 шешіміне қосымша |
Саран қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
№ п/п | Атауы | Есептік бірлік | Қызметтер құны, теңге |
1. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкетуге арналған тариф | ||
1.1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын/айына | 127,31 |
1.2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын/айына | 173,60 |
1.3 | Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік субъектілері | 1м3 | 1388,79 |
2. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған тариф | ||
2.1 | Жеке тұлғалар үшін | 1м3 | 435,00 |
2.2 | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін | 1м3 | 508,12 |
3. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған тариф | 1м3 | 81,13 |
4. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тариф | 1м3 | 0,00 |