Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 маусымда № 6444-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Саран қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2019 жылғы 26 қыркүйектегі №445 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5494 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов

  Саран қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 38
шешіміне қосымша

Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығынсыз)

1

Жайлы үйлер

1 тұрғынға айына

300

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғынға айына

409

3

Бірлікке жылдық тариф (көлемі)

1 м3

3272


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады