Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.01.2022 № 100 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Мәслихаттың "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 284 шешімінің (2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5547 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | В. Лазарева |
Ұзынкөл ауданыдық маслихатының хатшысы | А. Бараншина |
Мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 332 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің Тайсойған ауылының тұрғындары үшін | 5 |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің Обаған ауылының тұрғындары үшін | 5 |
Мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 332 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Обаған ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Обаған ауылдық округі аумағындағы тұрғындардын бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Обаған ауылдық округінің әкімі шақырады.
Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Обаған ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Обаған ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Обаған ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Обаған ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Обаған ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Обаған ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Обаған ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Обаған ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.