Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 284 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 сәуірде № 5547 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 332 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 25.12.2019 № 332 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 - бабының 6-тармағына және 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұзынкөл аудандық


мәслихатының кезекті


сессиясының төрайымы

С. Руденко

Ұзынкөл аудандық


мәслихатының хатшысы

В. Вербовой


  Мәслихаттың
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 284 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің Тайсойған ауылының тұрғындарына

38

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің Обаған ауылының тұрғындарына

32

  Мәслихаттың
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 284 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия
ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 - бабының 6-тармағына, 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Россия ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Россия ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды

      өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Россия ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Россия ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Россия ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Россия ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Россия ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Россия ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Россия ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Россия ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Россия ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады