Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпанында "Апта айнасы" және "Сельские будни" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7) тармақша келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"гемодиализге мұқтаж 1 топ мүгедектері;";
4) тармақшаның төртінші абзацында "7 АЕК мөлшерінде" сөздер "10 АЕК мөлшерінде" сөздерімен ауыстырылсын;
4) тармақша келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"7 тармақ 7) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (жүріп –тұруына) – өтініш, өтінушінің жеке куәлігінің көшірмесі, Успен ауданы аумағында тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы), екінші деңгей банкідегі немесе жекелеген банк операцияларын жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты, 1 топ мүгедектігі туралы тиісті медициналық мекеменің анықтамасы, гемодиализдан өту туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде.";
1) тармақшаның алтыншы абзацында "5 АЕК мөлшерінде" сөздер "15 АЕК мөлшерінде" сөздерімен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екінші абзацында "15235 теңге мөлшерінде" сөздер "20000 теңге мөлшерінде" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Бараисов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Бечелова |