"Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 294 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 24 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20259 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 294 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18214 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттарын мониторингтеу екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, "Қазпочта" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банктер), шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банктер болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың (бұдан әрі – кәсіби қатысушылар) және олардың клиенттерінің ішкі валюта нарығындағы операциялары, клиенттердің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы және шетел валютасындағы банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдар туралы ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банк болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп;";

      1-қосымшада:

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Клиенттердің банктік шоттары және банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдар бойынша шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы жиынтық есеп" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. 1-нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Есепті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. 1-нысанға деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.";

      2-қосымшада:

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Банктің және оның клиенттерінің шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. 2-нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есепті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. 2-нысанға деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.";

      3-қосымшада:

      "Клиенттердің шетел валютасындағы банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. 3-нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. 3-нысанға деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.";

      4-қосымшада:

      "Банк клиенттерінің шетел валютасының ірі көлемдерін сатып алу операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. 4-нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есепті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. 4-нысанға деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.";

      5-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банк болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп" нысаны";

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар, банк болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есепте":

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банк болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банк болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – 5-нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. 5-нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. 5-нысанда шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банк болып табылмайтын кәсіби қатысушы (бұдан әрі – кәсіби қатысушы) шетел валютасын сатып алу және сату көлемін (1-бөлім. "Кәсіби қатысушының операциялары") және шетел валютасын сатып алу және сату операцияларын жүзеге асырған клиенттер санын (2-бөлім. "Шетел валютасымен операциялар жүзеге асырған клиенттер саны") көрсетеді.";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есепті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. 5-нысанға деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.";

      6-қосымшада:

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Қолма-қол шетел валютасының қозғалысы туралы есепте":

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. 16-PB нысаны "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. 16-PB нысанына деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.".

      2. Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      2020 жылғы "___" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады