"Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 20464 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1 "Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 11093 болып тіркелген, 2015 жылы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу және "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу тәртібі";

      85, 86, 87 және 88-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Кеме экипажы құрамының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкестігі кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен куәландырылады.

      Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) үш жыл мерзіміне беріледі.

      86. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) қөрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi-Мемлекеттік корпорация) немесе www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметінің" веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметі стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет стандарты) осы Қағидалардың 2-қосымшасы 8-тармағындағы қарастырылған құжаттармен және осы Қағиданың 1-қосымша үлгісіне сәйкес өтініш жіберіледі.

      Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырады.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      87. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Портал арқылы жүгінген кезіңде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды түскен күні тіркеуден өткізеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      88. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күн ішінде құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1084 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13499 болып тіркелген) бекітілген куәлікті немесе мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды ресімдейді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайындығы туралы хабарлама сұрауда көрсетілген Мемлекеттік корпорацияның мекен жайымен жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не оның өкілі нотариат куәландырған сенімхат ұсынған кезде) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 89-90-тармақтармен толықтырылсын:

      "89. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысындағы деректер мемлекеттік қызметті көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      90. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 1, 2 және 3-қосымшаларымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, иновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 22 сәуірдегі
№ 217 бұйрығына
1-қосымша
  Ішкi су жолдарымен кеме
қатынасын жүзеге асыратын
кемелер үшін кеме құжаттарын
беру және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ___________________________
___________________________
(УО қазақша атауы) басшысына

Өтініш

      Нөмір:_______________(Өтініш нөмірі)

      Сізден ___________________________________(Кеме атауы) кеме экипажының ең аз

      құрамы туралы куәлікті беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді сұраймын,

      кеме тіркелген орын:_______________________ (Порттың атауы) __________________

      (Порттың мекен жайы) ______________________________________________________

      20__ жылғы "__" _________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін

      20__ жылғы "__" _________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 22 сәуірдегі
№ 217 бұйрығына
2-қосымша
  Ішкi су жолдарымен кеме
қатынасын жүзеге асыратын
кемелер үшін кеме құжаттарын
беру және жүргізу қағидаларына
2-қосымша

"Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелер беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация);
2) www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметінің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 жұмыс күні.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін Мемлекеттік корпорацияда күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
Қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік не дәлелді жауап.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті алушы бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
мемлекеттік қызмет (көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша) жылдамдатылған қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz ("Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);
2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;
3) порталда www.egov.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
Мемлекеттік қызметті алуға нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесі .
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алуға электрондық нысандағы өтініш;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілген қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген кеме экипажының ең аз құрамының белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі болады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 22 сәуірдегі
№ 217 бұйрығына
3-қосымша
  Ішкi су жолдарымен кеме
қатынасын жүзеге асыратын
кемелер үшін кеме құжаттарын
беру және жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, болса
әкесінің аты) не алушы
ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетілсін) "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) …..

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      ________________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес

      акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы) Орындаушы: Т.А.Ә. Телефон:_________________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "__" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады