Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.06.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 19 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18436 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 91 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19631 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйегі № 62 бұйрыққа қосымша |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысына және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігіне (бұдан әрі – Тетік) сәйкес әзірленді және Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысының негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/исламдық қаржыландыру шарттары/исламдық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін/облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның/Тетіктің іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асырады.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі айқындайтын, Бағдарламаның облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
2) банк – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын қоса алғанда, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк және (немесе) Тетікке қатысатын екінші деңгейдегі банк;
3) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз беру туралы шарттың негізінде банктің кәсіпкерге беретін ақша сомасы. Банктік кредитке кредиттік желі де жатады.
Ислам банкі үшін кредит – ислам банкінің кәсіпкерге қаржыландыру шартына сәйкес беретін тауар үшін төлемді кейінге шегеру немесе бөліп төлеудегі қаржыландыру ретінде түсініледі;
4) банктік қарыз/микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі – қарыз шарты) – банк/МҚҰ мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге кредит беріледі. Қарыз шартына кредиттік желіні ашу туралы келісім де жатады.
Ислам банкі үшін қарыз шарты ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім – қаржыландыру шарты ретінде түсініледі, оның талаптары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді. Қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады. Коммерциялық кредит деп ислам банкінің кәсіпкердің сауда қызметін кәсіпкерге тауарды тауар бағасы мен тауардың үстеме бағасынан тұратын тауарды сату бағасы бойынша төлемнің мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу арқылы сату жолымен сауда делдалы ретінде қаржыландыруы түсініледі;
5) грант – Бағдарлама шарттарына сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру туралы шартқа сәйкес өтеусіз негізде грант алушыға бөлінетін мемлекет қаражаты;
6) грант алушы – жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін конкурстық комиссия шешіміне сәйкес грант берілетін шағын кәсіпкерлік субъектісі;
7) грант беру туралы шарт – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес айқындалатын үшжақты жазбаша келісім;
8) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы;
9) жобаны мониторингтеу – қаржы агенттігі банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ немесе грант алушының/эмитенттің өкілдерімен бірлесіп жобаның Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкес іс жүзінде іске асырылуын тексеру, оның ішінде жоба іске асырылатын жерге барып тексеру жолымен өткізетін кәсіпкердің/грант алушының/эмитенттің қызметін мониторингтеу;
10) кепілдік – қаржы агенттігінің кәсіпкердің кепілдік беру шартынан туындайтын қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін кепілдік сомасы шегінде төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындағаны үшін банк/МҚҰ алдында жауап беру міндеттемесі;
11) кепілдік беру – Бағдарламада/Тетікте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларында (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) және кепілдік беру шартында айқындалатын талаптарда кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;
12) кепілдік беру шарты – Кепілдік беру қағидаларына сәйкес айқындалатын үшжақты жазбаша келісім;
13) кәсіпкер – өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері және өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген, сондай-ақ жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында тікелей инвестициялар қорларының қаражаты есебінен іске асыратын заңды тұлғалар;
14) конкурстық комиссия – жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен құрылатын, құрамында кемінде 10 (он) адам бар алқалы-кеңесші орган (жергілікті атқарушы органдардың өкілі конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды);
15) кредиттің/гранттың/лизингтің/орналастырылған облигациялардан алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуы – кәсіпкердің/грант алушының/эмитенттің қарыз шартында/грант беру туралы шартта/қаржылық лизинг шартында/облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген мақсаттарға қарыз шарты/грант беру туралы шарт/қаржылық лизинг шарты/облигациялар шығарылымының проспектісі бойынша және Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына сәйкес келетін қаржы агенттігі/конкурстық комиссия шешімі бойынша алынған кредитті/грантты/лизингті/орналастырылған облигациялардан алынған қаражатты пайдалануы.
Нысаналы пайдалану кәсіпкердің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу және (немесе) Бағдарламаның/Тетіктің талаптарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі мәмілені толық көлемде төлегенін растау болып табылатын кепілдік беру жобаларын қоспағанда, жиынтығында кәсіпкердің/грант алушының/эмитенттің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлегенін, алғанын және пайдаланғанын (Бағдарлама/Тетік талаптарына қайшы келмейтін қызмет шеңберінде) және (немесе) Бағдарламаның/Тетіктің талаптарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттармен расталады.
16) қаржы лизингі шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарты бойынша Бағдарламаға қатысушы лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржы лизингін ұсынады.
Исламдық лизингтік компания үшін – исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарты бойынша исламдық лизингтік компания кәсіпкерге мүлікті (лизинг затын) лизинг шарттарында (жалға беру) ұсынады.
17) лизингтік компания (оның ішінде исламдық лизингтік компания) – банк болып табылмайтын, өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыратын және Бағдарламаға қатысатын заңды тұлға;
18) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;
19) микрокредит (бұдан әрі – кредит) – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде және тәртiппен төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;
20) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым – (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;
21) мониторингтік есеп – қаржы агенттігі белгілеген нысан бойынша банк/лизингтік компания/МҚҰ/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/грант алушы/эмитент қол қойған, қаржы агенттігі жасаған мониторинг туралы есеп;
22) облигацияларды ұстаушылардың өкілі – бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялардың айналысы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде эмитентпен жасалған шарт негізінде купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигацияларды ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін, осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
23) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;
24) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – Портфельдік субсидиялау және кепілдік беруді ұсыну қағидалары) айқындалатын шарттарда кәсіпкерлерге банк/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде субсидиялар беру нысаны;
25) портфельдік ішінара кепілдік беру – Портфельдік субсидиялау және кепілдік беруді ұсыну қағидаларында айқындалатын шарттарда банк/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беруді ұсыну нысаны;
26) портфельдік кепілдік беру – Кепілдік беру қағидаларында айқындалатын шарттарда қаржы агенттігінің банк үшін белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беруді ұсыну нысаны;
27) субсидиялар – субсидиялау шарттары негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ/эмитентке өтеусіз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;
28) субсидиялау – кәсіпкердің/эмитенттің банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ/облигация ұстаушыға кредиттер/лизинг/шығарылған облигациялар бойынша сыйақы ретінде болашақта кәсіпкердің/эмитенттің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
29) субсидиялау шарты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына және (немесе) Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес айқындалатын үшжақты жазбаша келісім;
30) есепті кезең – 1 қаңтардан басталатын және 31 желтоқсанда аяқталатын күнтізбелік есепті кезең;
31) франчайзинг (кешенді кәсіпкерлік лицензия) – айрықша құқықтар кешенінің құқық иеленушісі оны өтеулі негізде басқа тұлғаға пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет;
32) эмитент – купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкер.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қаржы агенттігінің мониторингілеуді жүзеге асыруы
4. Жобаны мониторингілеу қаржы агенттігі бекітетін тиісті қаржы жылына арналған мониторинг жоспарына сәйкес және (немесе) осы Қағидаларда, Қор Бағдарлама шеңберінде банкпен/лизингтік компаниямен/МҚҰ/кәсіпкермен/грант алушымен/эмитентпен жасасқан шарттарда/келісімдерде, қаржы агенттігінің кәсіпкерлердің жобалары бойынша мониторинг жүргізу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жағдайларда, сондай-ақ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, соттың, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша жүзеге асырылады.
5. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мониторинг қызметін көрсету үшін жыл сайынғы негізде қаржы агенттігімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасады.
6. Осы Қағидалар шеңберінде қаржы агенттігінің жобаларға мониторинг жүргізу бойынша көрсететін қызметтері көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде жүзеге асырылады және уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
7. Қаржы агенттігі жобалар бойынша келесі күнтізбелік жылға арналған мониторинг жоспарын келесі күнтізбелік жылы мониторинг жүргізудің жаңа кезеңі басталғанға дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей дайындауды және бекітуді жүзеге асырады.
8. Жобаларға мониторинг жүргізу тәртібі мен мерзімдері мониторинг жоспарына сәйкес айқындалады және мониторингіленуге жататын жобалардың санына, тапсырыс берушінің қаржы агенттігінің мониторинг функциясын жүзеге асыруына негіз болатын агенттік келісімдер мен өзге де шарттар шеңберіндегі талаптарына байланысты түзетіледі.
9. Кәсіпкердің мониторинг жүргізу күніне кредиттері өтелген не қаржы агенттігінің шешімі негізінде субсидиялау/кепілдік беру тоқтатылған жобалары бойынша, сондай-ақ конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес мониторинг жүргізу күніне қаражатты қайтару жүзеге асырылған гранттық қаржыландыру жобалары бойынша жобаны мониторингілеу жүргізілмейді. Бұл шарт қаржы агенттігі бұған дейін жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкестігін (нысаналы пайдалануды) растау үшін қосымша мерзім берген жобаларға қолданылмайды.
10. Жобаны мониторингтеу кепілдік беру жобалары бойынша, оның ішінде портфельдік ішінара кепілдік беру/портфельдік кепілдік беру жобалары бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлердің айналым қаражатын толтыру мақсаттарына бағытталған кредиттері бойынша жоба іске асырылатын жерге бармай жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Инвестициялық мақсаттарға бағытталған субсидиялау жобалары бойынша қаржы агенттігі жобаның инвестициялық фазасы аяқталғаннан кейін (контрагентпен жасалған келісімшарт/шарт бойынша талаптардың орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін), бірақ кредит берілгеннен кейін 1 (бір) жылдан кешіктірмей жоба іске асырылатын жерге барады (жобаның іске асырылуын көзбе-көз растайды). Кейіннен жоба іске асырылатын жерге бару мерзімдері қаржы агенттігі берген қосымша мерзімге сәйкес айқындалады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жобаны мониторингілеу Қордың жазбаша хабарлауы/сұратуы бойынша банк/лизингтік компания/облигация ұстаушылардың өкілі және кәсіпкер/грант алушы/эмитент беретін ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
3-тарау. Қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу кезіндегі функциялары
13. Субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу кезінде қаржы агенттігі:
1) банк/лизингтік компания/МҚҰ/эмитент/облигация ұстаушылардың өкілі ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шартын жасасқан кәсіпкердің жаңа кредитті/лизингті/ эмитенттің облигациялық қарызды нысаналы пайдалануын мониторингілеуді;
2) банк/лизингтік компания/орталық депозитарий ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің/эмитенттің төлем тәртібін мониторингілеуді;
3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының пайдаланылуын) мониторингілеуді;
4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің/эмитенттің Бағдарлама немесе Тетік шарттарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігін мониторингілеуді жүзеге асырады.
14. Кепілдік берілетін жобаларға мониторинг жүргізген кезде қаржы агенттігі:
1) банк/МҚҰ және кәсіпкер ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде кепілдік беру шартын жасасқан кәсіпкердің кредитті нысаналы пайдалануын мониторингілеуді;
2) банк/МҚҰ ұсынатын деректер және (немесе) қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де анық дереккөздерден алған ақпарат негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеуді;
3) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарлама немесе Тетік шарттарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігін мониторингілеуді жүзеге асырады.
15. Қаржы агенттігі жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу кезінде:
1) гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингілеуді;
2) грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл өткеннен кейін грант алушының бизнес-жобаларды орындау бойынша қызметін мониторингілеуді;
3) грант алушының жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингілеуді;
4) грант алушының грант беру туралы шарттың талаптарын орындауын мониторингілеуді жүзеге асырады.
16. Жобаны мониторингілеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден/грант алушыдан және (немесе) банктен/лизингтік компаниядан/МҚҰ/эмитенттен/облигация ұстаушылардың өкілінен кредиттің/лизингтің/гранттың/орналастырылған облигациялардан алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын және жобаның Бағдарлама немесе Тетік шарттарына сәйкестігін растайтын қажетті құжаттарды, сондай-ақ жобаны мониторингілеу нысанасына жататын ақпаратты, оның ішінде коммерциялық, банктік және салықтық құпияны құрайтын ақпаратты сұратады (салық төлеуші туралы мәліметтерді ұсыну бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің келісімі бар болса).
Кәсіпкер/грант алушы/эмитент жобасының Бағдарлама немесе Тетік шарттарына сәйкестігін және қаражаттың нысаналы пайдаланылуын қосымша растау талап етілген жағдайларда, қаржы агенттігі кәсіпкердің/грант алушының және (немесе) банктің/лизингтік компанияның/ МҚҰ/эмитенттің/облигация ұстаушылар өкілінің жобаны мониторингілеу үшін қосымша құжаттар ұсынулары үшін жазбаша сұрау салу жіберуі және қайта мониторинг жүргізу үшін қосымша мерзім беруі мүмкін.
4-тарау. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу тәртібі
1-параграф. Субсидияланатын жобаларды мониторингілеу
17. Жобаны мониторингтеу шеңберінде қаржы агенттігі мониторинг басталатын күнге дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ Бағдарлама/Тетік шеңберінде мониторингтеуге жататын жобалар тізбесі, мониторинг жүргізу мерзімдері және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі бар мониторинг жүргізу туралы хабарлама жолдайды.
Жобаны мониторингтеу шеңберінде қаржы агенттігі мониторинг басталатын күнге дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей эмитентке/облигация ұстаушылар өкіліне Бағдарлама шеңберінде мониторингтеуге жататын жобалар тізімі, мониторинг жүргізу мерзімдері және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кезінде жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі бар мониторинг жүргізу туралы хабарлама жолдайды.
Мониторингтеуге жататын жобалар тізімі мониторинг жүргізу күніне кредиттері өтелген не қаржы агенттігінің шешімі негізінде оларды субсидиялау тоқтатылған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, мониторингтеуге жататын тиісті кезеңде жасалған қолданыстағы субсидиялау шарттарының жалпы пулынан қалыптастырылады.
Портфельдік субсидиялау құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қаржыландырылған, мониторингтеуге жататын жобалар тізбесі тиісті кезеңге жасалған және инвестициялық мақсаттарға бағытталған қолданыстағы субсидиялау шарттарының жалпы пулынан іріктеліп қалыптастырылады. Аралас кредиттік желілер бойынша мониторинг инвестициялық транштар бойынша жүргізіледі.
Жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсыну мерзімі жобаны мониторингтеу басталатын күн ескеріле отырып, қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Банк/лизингтік компания/МҚҰ мониторинг басталатын күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу туралы хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлерді жазбаша хабардар етеді.
18-1. Қаржы агенттігі банктен/МҚҰ-дан мынадай:
1) кредитті/микрокредитті мақсатсыз пайдалану;
2) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеу фактілерінің анықталғаны туралы хабарлама алған кезде портфельдік субсидиялау құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қаржыландырылған жобалар бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.
Бұл ретте жоспардан тыс мониторинг жүргізу мерзімі қаржы агенттігінің тиісті хабарламасында көрсетіледі.
Ескерту. Қағида 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Банк/лизингтік компания/МҚҰ/эмитент/облигация ұстаушылар өкілі қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген жобаны мониторингілеу басталған күнге дейінгі мерзімде қаржы агенттігіне субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынады.
20. Тиісті хабарламада көрсетілген мониторинг жүргізу мерзімінде қаржы агенттігі жобаны мониторингілеуді, оның ішінде осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарын ескере отырып, жоба іске асырылатын жерге барып мониторингілеуді жүзеге асырады.
21. Кәсіпкердің/эмитенттің жобалары бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта жалғастыру бойынша іс-шараларды жүргізу тәртібі Субсидиялау қағидаларына, Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларына, Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына және Портфельдік субсидиялау мен кепілдік беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2-параграф. Кепілдік берілетін жобаларды мониторингілеу
22. Кепілдік берілетін жобаларды мониторингілеу шеңберінде қаржы агенттігі мониторинг басталатын күнге дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей банкке/МҚҰ Бағдарлама және (немесе) Тетік шеңберінде мониторингіленуге жататын жобалар тізімі, мониторинг жүргізу мерзімдері және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кепілдік берілетін жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі бар мониторинг жүргізу туралы хабарлама жолдайды.
22-1. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қаржыландырылған, мониторингтеуге жататын портфельдік ішінара кепілдік беру жобаларының тізбесін қаржы агенттігі тиісті кезеңде жасалған және инвестициялық мақсаттарға бағытталған қолданыстағы кепілдік беру шарттарының жалпы пулынан ішінара қалыптастырады (аралас кредиттік желілер бойынша мониторинг тек инвестициялық транш бойынша жүргізіледі).
Ескерту. Қағида 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Банк/МҚҰ мониторинг басталатын күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу туралы хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлерді жазбаша түрде хабардар етеді.
24. Банк/МҚҰ қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг басталған күнге дейінгі мерзімде қаржы агенттігіне кепілдік берілетін жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынады.
25. Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мерзімде қаржы агенттігі жобаны мониторингілеуді жүзеге асырады.
26. Кепілдікті жою немесе кепілдік сомасын жүргізілген мониторинг нәтижесінде кәсіпкердің жобасы бойынша нысаналы пайдаланылмаған кредит сомасына пропорционалды түрде азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі Кепілдік беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Банк/МҚҰ кәсіпкер жобасының (-ларының) іске асырылу барысына ай сайынғы ағымдағы мониторингті қамтитын кәсіпкердің жобасын мониторингтеуді жүзеге асырады. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағдарламаның бірінші/екінші бағыты шеңберінде және банк/МҚҰ дайындаған Тетік шеңберінде кәсіпкерлер жобасының (-ларының) іске асырылу барысын ағымдағы мониторингтеу туралы есеп қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған, ақпарат жинауға және алмасуға арналған ақпараттық жүйелер арқылы немесе жазбаша түрде бағдарламалар бөлінісінде бөлек ұсынылады (есеп жазбаша түрде ұсынылған кезде есептің электрондық нысаны қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жіберіледі).
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Қаржы агенттігі кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдалануының мониторингін/жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның немесе Тетіктің шарттарына және (немесе) Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қаржыландырылған, портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігін алған жобалар бойынша қаржы агенттігі шешімінің сәйкестігіне мониторинг жүргізбейді. Көрсетілген жобалардың мониторингі кәсіпкер қарыз шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік беру шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған жағдайларда жүргізіледі.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша портфельдік ішінара кепілдік беру құралы шеңберінде кепілдік алған жобалар бойынша кәсіпкер кредиттік шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік беру шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған жағдайда, қаржы агенттігі инвестициялық жобалар бойынша ғана мониторинг жүргізеді (аралас кредиттік желілер бойынша мониторинг инвестициялық транш бойынша ғана жүргізіледі).
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Қаржы агенттігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағдарламаның бірінші және екінші бағыты шеңберінде және Тетік шеңберінде кепілдік беру туралы есепті ұсынады.
3-параграф. Мемлекеттік гранттар берілген жобаларды мониторингілеу
30. Гранттық қаржыландыру жобасын мониторингілеу шеңберінде қаржы агенттігі:
1) қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша және мерзімдерде грант алушылардың тізілімін жүргізеді;
2) грант алушы алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне грант алушылардың бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп ұсынады.
31. Гранттық қаржыландыру жобалары бойынша қаржы агенттігі мониторинг жүргізу күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей грант алушыға және бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне Бағдарлама шеңберінде грант алушының жобасына мониторинг жүргізу мерзімдері мен осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін көрсете отырып мониторинг жүргізу туралы хабарлама жолдайды.
Мониторингіленуге жататын жобалардың тізімі мониторингіленуге жататын тиісті кезеңдегі грант беру туралы жасалған шарттардың ортақ пулынан қалыптастырылады.
Мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсыну мерзімі жобаны мониторингілеудің басталу күні ескеріле отырып, қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетіледі.
32. Грант алушы қаржы агенттігіне қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг басталатын күнге дейінгі мерзімде гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
33. Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг жүргізу мерзімінде қаржы агенттігі жобаны мониторингілеуді, оның ішінде жоба іске асырылатын жерге барып мониторингілеуді жүзеге асырады.
34. Егер грант алушы мониторинг жүргізу мерзімінде мониторинг үшін қажетті құжаттардың топтамасын ұсынбаса не оның орналасқан жерін айқындау мүмкін болмаса, қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жіберілетін мониторинг басталған күнге дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаға мониторинг жүргізуге арналған мәліметтерді грант алушының ұсынбауына/ұсынудан бас тартуына байланысты мониторинг жүргізудің мүмкін еместігі туралы акт жасайды.
35. Қаржы агенттігі грант алушының грант қаражатын нысаналы пайдаланбауын, бизнес-жобаны орындамауын және (немесе) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарттарды және (немесе) грант беру туралы шарттың талаптарын орындамауын анықтаған кезде қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тараптар мониторингілеу есебіне қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей аталған мәселені кейіннен конкурстық комиссияның қарауына шығару үшін осы фактілер туралы жазбаша хабарлайды.
36. Қаржы агенттігі жүргізген мониторинг нәтижесінде анықталған ескертулері бар жобаларды қарау және олар бойынша шешім қабылдау тәртібі Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4-параграф. Кәсіпкер жобасының Бағдарлама мен Тетік бойынша тиімділік өлшемшарттарына сәйкестігін мониторингілеу
37. Қаржы агенттігі кәсіпкердің өндірісін жаңғыртуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған, оның ішінде "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші және екінші бағыттары шеңберінде 2017-2019 жылдар кезеңінде мемлекеттік қолдау алған жаңа инвестициялық жобаның және (немесе) жобаның бағдарлама шеңберіндегі тиімділік өлшемшарттарына (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қаржыландырылған портфельдік субсидиялау және портфельдік ішінара кепілдік беру жобаларын қоспағанда), сондай-ақ Тетік шеңберінде жаңа және қолданыстағы жобалардың тиімділік өлшемшарттарына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді. 100% ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер үшін тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Жұмыс орындарының жылдық орташа санын сақтауды/ұлғайтуды, еңбекақы төлеу қорының көлемін, есепті кезеңде бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін ұлғайтуды, кірістің (өткізуден түсетін кірістің: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін көздейтін Бағдарлама немесе Тетік бойынша тиімділік өлшемшарттарына мониторинг жүргізу мақсатында қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері негізінде алынған ақпаратты және бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірмеге сәйкес ақпаратты, сондай-ақ жобалардың тиімділігіне мониторинг жүргізу барысында банк/МҚҰ/лизингтік компания және (немесе) кәсіпкер ұсынған әлеуметтік төлемдер және (немесе) салық декларациясы бойынша ақпаратты пайдаланады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) айқындауды қаржы агенттігі кәсіпкердің өнеркәсіп өнімдерін (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру көлемін көрсететін статистикалық деректері, жылдық статистикалық есептілігі негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Тиімділік өлшемшарттарын есептеу кезінде есепті күн қаржы агенттігі шешімінің күніне қарамастан келесі қаржы жылының басы болып табылады.
41. Жұмыс орындарының жылдық орташа саны, еңбекақы төлеу қорының көлемі, өткізуден түскен кіріс (негізгі қызметтен өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер құны), өндіріс көлемі (ақшалай мәндегі) көрсеткіштерінің өзгеруін айқындау үшін қаржы агенттігі есепті кезең аяқталғаннан кейінгі көрсеткіштерді есепті күннің басындағы ұқсас көрсеткіштермен салыстырады.
42. Төленетін салық (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өзгеруін айқындау үшін қаржы агенттігі есепті күннің басындағы көрсеткіштермен салыстырғандағы есепті кезеңдегі салық төлемдерінің орташа мәнін есептейді.
43. Кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларға бағытталған жобалары бойынша тиімділік өлшемшарттары жобаның инвестициялық фазасы аяқталғаннан кейін, яғни өнім берушімен жасалған келісімшарт/шарт бойынша көрсетілетін жұмыстарды/қызметтерді орындау мерзімі аяқталғаннан кейін расталады. Мұндай жобалар бойынша тиімділік өлшемшарттарын растау мерзімі қаржы агенттігінің шешімі негізінде ұзартылуы мүмкін, бірақ 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын мерзімге ұзартылады.
44. Қаржы агенттігі жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеу жылында мақұлдаған, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобалары бойынша жұмыс орындарының жылдық орташа санының өзгеруін айқындау кезінде кәсіпкер бизнесті ашу кезінде құрған жұмыс орындары ескеріледі.
45. Өз қызметін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарында жүзеге асыратын не табиғи монополиялар субъектілеріне жатқызылатын, сондай-ақ жеңілдікті салық салынатын немесе салықтарды төлеуден босатылған не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған өзге де преференциялар мен жеңілдіктерді иеленетін кәсіпкерлердің жобалары бойынша барлық көрсеткіштер бойынша тиімділік өлшемшарттары осы ерекшелік ескеріле отырып есепке алынады. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып мұндай өсім мүмкін емес болған жағдайларда, табиғи монополия субъектілеріне жатқызылатын кәсіпкерлердің жобалары бойынша жұмыс орындарының жылдық орташа санын сақтауды/арттыруды және еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуды көздейтін тиімділік өлшемшарттары кәсіпкердің жобаның тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуін айқындау үшін есепке алынбауы мүмкін. Осыған ұқсас әдіс Қазақстан Республикасы заңнамасының нормативтеріне сәйкес жеңілдікті салық салу көзделген қызмет түрлерінің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, кәсіпкерлер бойынша төленген салықтар көлемін есептеу кезінде де қолданылады.
5-тарау. Мониторинг нәтижелерін ресімдеу
46. Қаржы агенттігі мониторинг қорытындылары бойынша мониторинг туралы есепті қалыптастырады, қаржы агенттігінің және банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің/грант алушының (мониторинг туралы есепте ескертулер/бұзушылықтар болса ғана)/эмитенттің уәкілетті өкілі (-дері)/облигация ұстаушылардың өкілі оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған бұрыштама қол қояды. Бірнеше кредит (транш)/грант берілген жоба бойынша бір мониторинг есебі жасалады.
47. Банк/лизингтік компания/МҚҰ/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/ грант алушы/эмитент/облигация ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігінің тұжырымдарымен келіспеуіне байланысты мониторинг жөніндегі есепке қол қоюдан бас тартқан, сондай-ақ мониторинг жүргізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мониторинг туралы есепке қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды.
48. Қаржы агенттігі кәсіпкерлердің/эмитенттердің/грант алушылардың салыну, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу, жобаны іске асыру сатысындағы жобалары бойынша және мынадай:
1) мониторинг жүргізу күніне кредит игерілмеген немесе ішінара игерілген (желі толығымен игерілмеген, қаражат тауарға/жұмысқа/көрсетілетін қызметке кейіннен ақы төлеу үшін есеп айырысу шотында);
2) кредит шеңберінде сатып алынған тауарлар жеткізілмеген/жұмыстар орындалмаған/қызметтер көрсетілмеген және жабдықты монтаждау жүргізілмеген (қажет болған жағдайда);
3) құрылыс/реконструкциялық/жөндеу жұмыстары, оның ішінде кредит қаражатына жүргізілген құрылыс/реконструкциялық/жөндеу жұмыстары аяқталмаған;
4) объектіні, оның ішінде кредит қаражатына салынған объектіні қабылдау актісі/пайдалануға беру актісі алынбаған;
5) қарыз алушының/кредиттің/жобаның Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкестігін және кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар және басқалар) толық көлемде ұсынылмаған (қарыз алушы мониторинг жүргізу сәтінде оларды ұсынбауына негіздемелер болған жағдайда);
6) конкурстық комиссия шешіміне сәйкес жұмыс орындарын құру расталмаған (гранттық қаржыландыру жобалары бойынша) сияқты негізгі объективті себептер болған кезде ескертулерді жою үшін қосымша мерзім береді.
49. Қаржы агенттігі мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт шеңберіндегі мониторинг нәтижелерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген талаптарға сәйкес уәкілетті органның назарына жеткізеді.
Субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды, аталған құжаттар болмаған жағдайда банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ кредиттік менеджерінің экономикалық қорытындысы не жобаның мәнін ашып көрсететін басқа да құжаттар.
2. Мониторинг жүргізу сәтіндегі жағдай бойынша берешектердің баптарын толық жаза отырып (негізгі борыш, сыйақы, өсімпұлдар, айыппұлдар), мерзімінен кешіктірілген бөлігін бөліп көрсете отырып, кәсіпкердің несиелік берешегі туралы анықтама немесе банк/лизингтік компания/МҚҰ мен кәсіпкер арасындағы салыстырып тексеру актісі. Анықтамада кәсіпкердің шотына тыйым салудың бар/жоғы көрсетілуі қажет.
3. Қарыздың нысаналы пайдаланылуын (инвестициялық мақсаттар, сондай-ақ айналым қаражатын толтыру үшін) растайтын құжаттар, сондай-ақ:
1) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке немесе қарыз шартында көзделген басқа мақсаттарға ақы төлеу фактісін көрнекі растау: төлем тапсырмалары, шетелдік валютаға аударуға арналған өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейінгі), кіріс кассалық ордерге арналған түбіртектер және Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қайшы келмейтін басқа да төлем құжаттары;
2) тауарларды алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және қарыз шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізу фактісін көрнекі растау: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;
3) құрылыс-монтаж жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ) жүзеге асырылған жағдайда: ҚМЖ жүзеге асырылып жатқан жер учаскесіне меншік құқығын/жер учаскесін жалдау құқығын растайтын құжаттар, түпкілікті қарыз алушының ҚМЖ жүргізудің басталғаны туралы хабарламасы, Қазақстан Республикасының уәкілетті органында тіркелген пайдалануға беру/қабылдау актілері.
4. Сомасы 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден асатын Бағдарлама шеңберіндегі жобалар бойынша жеке қатысуды растайтын құжаттар (ақша қаражаты берілген кезде – кәсіпкердің шотынан үзінді көшірме, жылжымалы/жылжымайтын мүлік берілген кезде – мүлікке, оның ішінде үшінші тұлғалардың мүлкіне меншік құқығын растайтын құжаттар).
5. Кредитке не қаржылық лизинг шартын жасауға байланысты комиссиялардың, алымдардың және (немесе) өзге де төлемдердің кәсіпкерге қайтарылуын растайтын банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ құжаттары.
6. Жоба бойынша тиімділік өлшемшарттарының орындалуын растайтын құжаттар (кәсіпкердің жеке шотынан алынған бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша үзінді көшірме және (немесе) кәсіпкердің салық декларациялары және (немесе) бухгалтерлік/статистикалық есептілік).
Қаржы агенттігі Бағдарламаға/Тетікке мониторинг жүргізу мақсаты үшін жоғарыда көрсетілген тізбеге енбеген қосымша құжаттарды сұрата алады.
Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кезінде жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды не жобаның мәнін ашатын басқа да құжаттар.
2. Облигациялар бойынша қамтамасыз ету құралының болуын растайтын құжаттар.
3. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялар шығарылымының проспектісі (оған енгізілген өзгерістер).
4. Облигациялардың ISIN нөмірі, мониторинг жүргізу күніндегі жағдай бойынша облигация ұстаушылардың шоттарындағы облигациялар саны, облигация ұстаушылардың банктік шоттарына орталық депозитарий аударған жалпы сыйақы сомасы, орналастырылмаған облигациялар саны/сомасы, орталық депозитарий эмитенттен алған сома туралы ақпаратты қамтитын Орталық депозитарийдің субсидиялау туралы есебі не осы ақпаратты қамтитын облигация ұстаушылардың өкілінен алынған есеп.
5. Қарыздың нысаналы пайдаланылуын (инвестициялық мақсаттар, сондай-ақ айналым қаражатын толтыру үшін) растайтын құжаттар, сондай-ақ:
1) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке немесе қарыз шартында көзделген басқа мақсаттарға ақы төлеу фактісін көрнекі растау: төлем тапсырмалары, шетелдік валютаға аударуға арналған өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейінгі), кіріс кассалық ордерге арналған түбіртектер және Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қайшы келмейтін басқа да төлем құжаттары;
2) тауарларды алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және қарыз шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізу фактісін көрнекі растау: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;
3) құрылыс-монтаж жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ) жүзеге асырылған жағдайда: ҚМЖ жүзеге асырылып жатқан жер учаскесіне меншік құқығын/жер учаскесін жалдау құқығын растайтын құжаттар, түпкілікті қарыз алушының ҚМЖ жүргізудің басталғаны туралы хабарламасы, Қазақстан Республикасының уәкілетті органында тіркелген пайдалануға беру/қабылдау актілері.
6. Жоба бойынша тиімділік өлшемшарттарының орындалуын растайтын құжаттар (кәсіпкердің жеке шотынан алынған бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша үзінді көшірме және (немесе) кәсіпкердің салық декларациялары және (немесе) бухгалтерлік/статистикалық есептілік).
Қаржы агенттігі Бағдарламаға/Тетікке мониторинг жүргізу мақсаты үшін жоғарыда көрсетілген тізбеге енбеген қосымша құжаттарды сұрата алады.
Кепілдік берілетін жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды, аталған құжаттар болмаған жағдайда банктің/ХҚҰ-ның кредиттік менеджерінің экономикалық қорытындысы не жобаның мәнін ашатын басқа да құжаттар.
2. Мониторинг жүргізу сәтіндегі жағдай бойынша берешектердің баптарын толық жаза отырып (негізгі борыш, сыйақы, өсімпұлдар, айыппұлдар), мерзімінен кешіктірілген бөлігін бөліп көрсете отырып, кәсіпкердің несиелік берешегі туралы анықтама немесе банк/МҚҰ мен кәсіпкер арасындағы салыстырып тексеру актісі. Анықтамада кәсіпкердің шотына тыйым салудың бар/жоғы көрсетілуі қажет.
3. Кредит/кредиттік желі бойынша қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар (кепіл шарттары және оларға қосымша келісімдер).
4. Банктің/МҚҰ және (немесе) кәсіпкердің кепілдіктің ерекше жарамдылық талаптарын және өзге де кепілдік беру талаптарын орындағанын растайтын құжаттар.
5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және кепіл мүлкінің техникалық сипаттамалары туралы анықтама. Анықтама беру кәсіпкердің кредиті бойынша күнтізбелік 60 күннен артық (егер кепілдік шартында өзге мерзім белгіленбесе) кешіктірілген берешегі бар жоба бойынша мониторинг жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
6. Кредиттің/кредиттік желінің ресімделуін растайтын құжаттар (кәсіпкермен жасалған қарыз шарты (барлық берілген транштар бойынша), сондай-ақ оларға қосымша келісімдер (бар болса).
7. Кредит/кредиттік желі бойынша түпкі қарыз алушыға ақша аударуды растайтын құжаттар (кәсіпкердің банк шотынан үзінді көшірме (тексерілетін транш/қарыз алынған күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейін), оператордың төлем тапсырмасы және (немесе) төлем ордері).
8. Қарыздың нысаналы пайдаланылуын (инвестициялық мақсаттар, сондай-ақ айналым қаражатын толтыру үшін) растайтын құжаттар: тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке немесе қарыз шартында көзделген басқа мақсаттарға ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (төлем тапсырмалары, шетелдік валютаға аударуға арналған өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейінгі), кіріс кассалық ордерге арналған түбіртектер және Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қайшы келмейтін басқа да төлем құжаттары).
9. Сомасы 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден асатын Бағдарлама шеңберіндегі жобалар бойынша жеке қатысуды растайтын құжаттар (ақша қаражаты берілген кезде – кәсіпкердің шотынан үзінді көшірме, жылжымалы/жылжымайтын мүлік берілген кезде – мүлікке, оның ішінде үшінші тұлғалардың мүлкіне меншік құқығын растайтын құжаттар).
10. Кредитке не қаржылық лизинг шартын жасауға байланысты комиссиялардың, алымдардың және (немесе) өзге де төлемдердің кәсіпкерге қайтарылуын растайтын банктің/МҚҰ құжаттары.
11. Жоба бойынша тиімділік өлшемшарттарының орындалуын растайтын құжаттар (кәсіпкердің жеке шотынан алынған бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша үзінді көшірме және (немесе) кәсіпкердің салық декларациялары және (немесе) бухгалтерлік/статистикалық есептілік).
Қаржы агенттігі Бағдарламаға/Тетікке мониторинг жүргізу мақсаты үшін жоғарыда көрсетілген тізбеге енбеген қосымша құжаттарды сұрата алады.
"_____________" акционерлік қоғамының_______________ жылдан __________________ жылға дейінгі кезеңге арналған Бағдарламаның/Тетіктің (қажеттісін көрсетіңіз) бірінші/екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылу барысына ағымдағы мониторинг туралы есебі
р/с № | Банктің/ МҚҰ атауы | Жеке кәсіпкерлік субъектісі жүгінген орын (өңір) | Қарыз алушының атауы | Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) | Заңды мәртебесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы, кәсіпкерлік кооперативі) | Банктік қарыз шартының/кредиттік желіні ашу туралы келісімнің/ микрокредит шартының № | Банктік қарыз шартының/Кредиттік желіні ашу туралы келісімнің/ микрокредит шартының күні | Бағдарламаның атауы (бағдарлама бағыты) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Кредит мерзімі | Кредит сомасы | Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі | Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең | Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең | Кредит (транш) бойынша берілген күні | Нақты берілген қаражат сомасы | Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы | Кепілдік шартының нөмірі |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
кестенің жалғасы
Кепілдік шартының күні | Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы | Қаржы агенттігінің кепілдік бойынша міндеттемелерін орындау сомасы | Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешек сомасы | Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен күндер саны | Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны | Кредит беру объектісі (инвестициялық кредит/айналым қаражатын толтыру) | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша коды |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
кестенің жалғасы
Жоба бойынша бизнес (енді басталатын/жұмыс істеп тұрған) | Банктік қарыз шарты/Кредиттік желіні ашу туралы келісім/ микрокредит шарты бойынша қолжетімділік кезеңі | Банктің/МҚҰ уәкілетті органы шешімінің күні | Кредиттік желі (қайта жалғастырылатын (ҚЖКЖ)/ жалғастырылмайтын (ЖКЖ)/аралас (АКЖ)/ банктік қарыз (БҚ)/ микрокредит |
27 | 28 | 29 | 30 |
Лауазымды тұлға _______________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(қолы, мөр (болған жағдайда)
Жауапты жұмыскер _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(қолы, мөр (болған жағдайда)
Лауазымы Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
Бағдарламаның бірінші және екінші бағыты шеңберінде және Тетік шеңберінде кепілдік беру туралы есеп
р/с № | Саланың атауы | Банктік қарыз шарты/ микрокредит шарты бойынша кредит сомасы | Нақты берілген қаражат сомасы | Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы | Қаржы агенттігінің кепілдіктер бойынша орындаған міндеттемелерінің сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Лауазымды тұлға _______________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(қолы, мөр (болған жағдайда)
Жауапты жұмыскер ______________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(қолы, мөр (болған жағдайда)
Гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды.
2. Грант сомасының нысаналы қолданылуын (инвестициялық мақсаттар, сондай-ақ айналым қаражатын толтыру үшін) растайтын құжаттар:
1) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке немесе грант беру туралы шартта көзделген басқа мақсаттарға ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар: төлем тапсырмалары, шетелдік валютаға аударуға арналған өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейінгі), кіріс кассалық ордерге арналған түбіртектер және Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қайшы келмейтін басқа да төлем құжаттары;
2) тауарларды алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және банктік қарыз шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізу фактісін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;
3) құрылыс-монтаж жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ) жүзеге асырылған жағдайда: ҚМЖ жүзеге асырылып жатқан жер учаскесіне меншік құқығын/жер учаскесін жалдау құқығын растайтын құжат, түпкілікті қарыз алушының ҚМЖ жүргізудің басталғаны туралы хабарламасы, Қазақстан Республикасының уәкілетті органында тіркелген пайдалануға беру/қабылдау актілері.
3. Бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын берілетін грант сомасының кемінде 10 % мөлшеріндегі жеке қаражатпен қоса қаржыландыруды растайтын құжаттар, сондай-ақ көрнекі растау құралдары (ақша қаражаты берілген кезде – кәсіпкердің шотынан үзінді көшірме, жылжымалы/жылжымайтын мүлік берілген кезде – мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар).
4. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жобаның іс-шаралар жоспарына сәйкес нысаналы бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) іс-шараларының орындалғанын растайтын құжаттар.
5. Грант алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына қайшы келмейтін нысан бойынша жаңа жұмыс орындарының құрылғандығын растайтын салық декларацияларының көшірмелері.
6. Бизнес-жобаның іске асырылу барысын растайтын құжаттар, оның ішінде бизнес-жоба шеңберінде өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өткізілгенін растайтын құжаттар.
Қаржы агенттігі Бағдарламаға/Тетікке мониторинг жүргізу мақсаты үшін жоғарыда көрсетілген тізбеге енбеген қосымша құжаттарды жазбаша сұрата алады.
20___ жылғы "___" _________
Грант алушының жобаға мониторинг жүргізуге арналған мәліметтерді ұсынбауына/ұсынудан бас тартуына байланысты мониторинг жүргізудің мүмкін еместігі туралы акт
Біз, төменде қол қоюшылар,_____________________________________
директордың/директор орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
_____________________________________________________________
маман (-дар)ның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___.___.___ жылы (банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ/грант алушының/эмитенттің
атауы) жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынбағаны/ұсынудан
бас тартқаны туралы осы Актіні жасадық.
Қаржы агенттігінің өңірлік
филиалының директоры/
директорының орынбасары
_____________________________ ___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, мөр (болған жағдайда)
Қаржы агенттігінің өңірлік
филиалының маманы
_____________________________ ___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, мөр (болған жағдайда)
20___ жылғы "___" _________
Мониторинг туралы есепке қол қоюдан бас тарту туралы акт
Біз, төменде қол қоюшылар, ____________________________________
қаржы агенттігі директорының/директоры орынбасарының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
_____________________________________
қаржы агенттігі маман(-дар)ының тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
(банк бөлімшесінің/лизингтік компанияның/МҚҰ/грант алушының/эмитенттің атауы)
___ жылғы .___.___ алғанын растайтын (табыс етілгені туралы түбіртек, кеңсенің
алғаны туралы белгісі), "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңірлік филиалы ___
жылғы .___.___ дейін қол қою үшін (банктің /лизингтік компанияның/МҚҰ/ грант
алушының/эмитенттің атауы) (құжаттың атауы (Жобалардың құжаттамалық
мониторингі туралы есеп/Жоба бойынша мониторингтік есеп) (жіберілу тәсілі
(қолға, тапсырыс хат) жолдағаны туралы осы Актіні жасадық.
_____жылғы _____ жағдай бойынша мониторинг туралы осы есепке (банктің/лизингтік
компанияның/МҚҰ атауы) уәкілетті өкілі/эмитент/грант алушы (қажеттісін көрсетіңіз)
қол қойған жоқ.
Қаржы агенттігінің өңірлік
филиалының директоры/
директордың орынбасары
_____________________________ ___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, мөр (болған жағдайда)
Қаржы агенттігінің өңірлік
филиалының маманы
_____________________________ ___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, мөр (болған жағдайда)