2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 маусымда № 28338 болып тіркелді.

      "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі №62 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21187 болып тіркелген);

      2) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі №62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 103 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25687 болып тіркелген).

      3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 1 маусымдағы
№ 41 бұйрығымен бекітілген

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы" (бұдан әрі – Ұлттық жоба) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысына, "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына (бұдан әрі – № 1060 қаулы) және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – Тетік) сәйкес әзірленді және Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Тетік шеңберінде мақұлданған жобаларға да қолданылады.

      3. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) № 1060 қаулының негізінде ислам банктерінің табысын құрайтын және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру үшін кредиттер/қаржы лизингі/облигациялар бойынша кепілдік беру, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/тауарды бағалаудың бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау бөлігінде Ұлттық жобаның/Тетіктің іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банк – Қағидаларды/Тетікті іске асыру шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк, оның ішінде ислам банкі;

      2) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық, қамсыздандыру және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз беру туралы шарттың негізінде банктің кәсіпкерге беретін ақшалай сомасы. Банктік кредитке сондай-ақ, кредиттік желі де жатады.

      Ислам банкі үшін кредит деп ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ұсынатын тауар үшін төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу және/немесе ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге лизинг (жалдау) талаптарында мүлікті (лизинг нысанасын) беруі түсініледі;

      3) банктік қарыз/микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі – қарыз шарты) – банк/МҚҰ мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге кредит беріледі. Қарыз шартына кредиттік желіні ашу туралы келісім де жатады.

      Ислам банкі үшін қарыз шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім деп түсініледі, оның талаптары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді не кәсіпкерге лизинг (жалдау) талаптарымен мүлікті (лизинг нысанасын) береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит (қаржыландыру) беру туралы жекелеген шарттар жасасады;

      4) грант – Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарына сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру туралы шартқа сәйкес өтеусіз негізде грант алушыға бөлінетін мемлекет қаражаты;

      5) грант алушы – жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін конкурстық комиссия шешіміне сәйкес грант берілетін шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      6) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында субсидиялаудың ақпараттық жүйесі веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) электрондық түрде жасалатын, шарттары бойынша кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы грант берілетін, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша жасалатын үшжақты келісім;

      7) есепті кезең – 1 қаңтардан басталатын және 31 желтоқсанда аяқталатын күнтізбелік есепті кезең;

      8) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      9) "жасыл" таксономия – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобаларды жіктеу;

      10) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын, бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы;

      11) жобаны мониторингтеу – кәсіпкердің/грант алушының/эмитенттің қызметін мониторингтеу, оны қаржы агенттігі банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ өкілдерімен/грант алушымен/эмитентпен бірлесіп Ұлттық жоба/Тетік шарттарына сәйкес жобаның іс жүзінде іске асырылуын тексеру, оның ішінде жоба іске асырылатын жерге бару арқылы және қаржы агенттігінің мобильдік қосымшасын пайдалана отырып жүргізеді;

      12) кәсіпкер – Тетікке және (немесе) Қағидаларға сәйкес айқындалатын жеке немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер және (немесе) заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда) тұлғасындағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;

      13) кепілдік – қаржы агенттігінің банк/МҚҰ/лизингтік компания/ облигацияларды ұстаушылар алдындағы кәсіпкердің қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша/ кепілдік шартынан туындайтын орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігін төлеу бойынша міндеттемелерінің орындалуына жауап беру міндеттемесі;

      14) кепілдік беру – Кепілдік беру қағидаларында/Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларында/Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидаларында/Тетікте және кепілдік шартында айқындалатын талаптарда кәсіпкердің кредиті/қаржы лизингі/орналастырылған облигациялары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;

      15) кепілдік беру шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім.

      Кепілдік шарты қағаз тасығышта/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

      Кепілдік шартының ұғымына облигациялар бойынша кепілдік беру шарты да жатады – қаржы агенттігі, облигацияларды ұстаушылардың өкілі және эмитент арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарты бойынша қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарып, орналастырылған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) актілеріне сәйкес және № 1060 қаулысына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялардың номиналды құн сомасының бір бөлігін төлеуге кепілдік береді;

      16) конкурстық комиссия – өңірлік үйлестіруші басшысының шешімімен шақырылатын, гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі алқалы-кеңесші орган;

      17) кредитті/қаржыландыруды/грантты/қаржылық лизингті/ орналастырылған облигациялардан түскен қаражатты мақсатты пайдалану – кәсіпкердің/грант алушының/эмитенттің қарыз шарты/грант беру туралы шарт/қаржы лизингі шарты/облигациялар шығару проспектісі бойынша қарыз шартында/грант беру туралы шартта/қаржы лизингі шартында/қаржыландыру шартында/облигациялар шығару проспектісінде белгіленген және қаржы агенттігінің/конкурстық комиссияның шешімімен Қағидалардың/Тетіктің талаптарына сәйкес келетін мақсаттар үшін орналастырылған облигациядан түскен кредитті/қаржыландыруды/грантты/қаржылық лизингті/қаражатты пайдалану.

      Нысаналы пайдалану кәсіпкердің/грант алушының/эмитенттің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлеуін, алуын және пайдалануын (Қағидалардың/Тетіктің талаптарына қайшы келмейтін қызмет шеңберінде) және (немесе) Қағидалардың/Тетіктің шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізуін жиынтығында растайтын тиісті құжаттармен расталады;

      18) қағидалар – Ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары), Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары), Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Тауарға үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау қағидалар); Ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды беру және ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидалары), Ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржы лизингі бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары), Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан – Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары қағидалары), № 1060 қаулысымен бекітілген Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары);

      19) қаржы лизингі шарты – лизингтік компания/банк және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржы лизингін береді.

      Исламдық лизингтік компания үшін – исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша исламдық лизингтік компания кәсіпкерге мүлікті лизинг (жалдау) шарттарында (лизинг нысанасын) береді;

      20) лизингтік компания (оның ішінде исламдық лизингтік компания) – банк болып табылмайтын, өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыратын және Ұлттық жобаға қатысатын заңды тұлға;

      21) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;

      22) микрокредит (бұдан әрі – кредит) – микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымның шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында берілетін ақша;

      23) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым – (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;

      24) мобильді қосымша – қаржы агенттігінің электрондық қосымшасы, ол берілген алгоритм бойынша жобаның объектілерін/активін/іске асырылу орнын қарап тексеруге мүмкіндік береді;

      25) мониторингтік есеп – қаржы агенттігі белгілеген нысан бойынша банк/лизингтік компания/МҚҰ/өңірлік үйлестіруші/грант алушы/эмитент /облигацияларды ұстаушылардың өкілі қол қойып, қаржы агенттігі жасайтын мониторинг туралы есеп;

      26) облигацияларды ұстаушылардың өкілі – бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялардың айналысы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде эмитентпен жасалған шарт негізінде купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигацияларды ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін, осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

      27) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      28) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын, облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) деңгейде Ұлттық жобаның іске асырылуы үшін жауапты болатын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      29) портфельдік кепілдік беру – Кепілдік беру қағидаларында айқындалатын шарттарда қаржы агенттігінің банк үшін белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беруді ұсыну нысаны;

      30) портфельдік ішінара кепілдік беру – Портфельдік субсидиялау және кепілдік беруді ұсыну қағидаларында айқындалатын шарттарда банк/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беруді ұсыну нысаны;

      31) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау – Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидаларында айқындалатын шарттарда қаржы агенттігі банк/МҚҰ үшін белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялар беру нысаны;

      32) субсидиялар – субсидиялау шарттары негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ/эмитентке өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      33) субсидиялау – кәсіпкердің/эмитенттің банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ/облигация ұстаушыға немесе тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде кредиттер/қаржы лизингі/қаржыландыру/ шығарылған облигациялар бойынша сыйақы ретінде болашақта кәсіпкердің/эмитенттің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;

      34) субсидиялау шарты және (немесе) қосылу шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – Субсидиялау қағидаларына, Тауарға үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау қағидаларына, Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидаларына, Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес айқындалатын үшжақты жазбаша келісім;

      35) сыртқы бағалау провайдері – қаралып отырған жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы тиісті қорытынды дайындай отырып, іске асырылуы жоспарланып отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      36) франчайзинг (кешенді кәсіпкерлік лицензия) – айрықша құқықтар кешенінің құқық иеленушісі оны өтеулі негізде басқа тұлғаға пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет;

      37) эмитент – облигациялар шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкер.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қаржы агенттігінің мониторингті жүзеге асыруы

      5. Жобаға жүргізілетін мониторинг қаржы агенттігі бекітетін тиісті қаржы жылына арналған мониторинг жоспарына сәйкес және (немесе) осы Қағидаларда, қаржы агенттігінің банкпен/лизингтік компаниямен/МҚҰ/кәсіпкермен/грант алушымен/эмитентпен Ұлттық жоба шеңберінде жасасқан шарттарда/келісімдерде, қағидаларда, қаржы агенттігінің кәсіпкерлердің жобалары бойынша мониторинг жүргізу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жағдайларда, сондай-ақ өңірлік үйлестірушінің, соттың, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша жүзеге асырылады.

      6. Осы Қағидалар шеңберінде қаржы агенттігінің жобаларға мониторинг жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерге кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      7. Қаржы агенттігі жобалар бойынша келесі күнтізбелік жылғы жаңа мониторинг кезеңі басталғанға дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жобалар бойынша келесі күнтізбелік жылға арналған мониторинг жоспарын дайындап, бекітуді жүзеге асырады.

      8. Жобаларға мониторинг жүргізу тәртібі мен мерзімдері мониторинг жоспарына сәйкес айқындалады және мониторингтеуге жататын жобалардың санына, тапсырыс берушінің қаржы агенттігінің мониторинг функциясын жүзеге асыруына негіз болатын агенттік келісімдер мен өзге де шарттар шеңберіндегі талаптарына байланысты түзетіледі.

      9. Қаржы агенттігінің кәсіпкердің мониторинг жүргізу туралы хабарламасы жіберілген күніне кредиттері өтелген не қаржы агенттігінің шешімі негізінде субсидиялау/кепілдік беру тоқтатылған жобалар бойынша, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар (бұдан әрі – гранттық қаржыландыру) ұсынылған жобалар, конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес мониторинг жүргізу күніне қаражатты қайтару жүзеге асырылған жобалар бойынша мониторинг жүргізілмейді. Бұл шарт қаржы агенттігі бұған дейін жобаның Қағидалар шарттарына сәйкестігін (мақсатты пайдалануды) растау үшін қосымша мерзім берген жобаларға қолданылмайды.

      10. Жобаға мониторинг айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына бағытталған жобалар бойынша оның іске асырылу орнына бармай жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Инвестициялық мақсаттарға бағытталған жобалар бойынша қаржы агенттігі жобаның инвестициялық фазасы аяқталғаннан кейін (контрагентпен жасалған келісімшарт/шарт бойынша талаптардың орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін), бірақ кредит берілгеннен кейін 1 (бір) жылдан кешіктірмей жоба іске асырылатын орынға барады (жобаның іске асырылуын көріп барып растайды). Кейіннен жоба іске асырылатын орынға бару мерзімдері қаржы агенттігі берген қосымша мерзімге сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жоба мониторингі қаржы агенттігінің/МҚҰ жазбаша хабарлауы/сұратуы бойынша банк/лизингтік компания/облигация ұстаушылардың өкілі мен кәсіпкер/грант алушы/эмитент ұсынатын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

3-тарау. Жобаларға мониторинг жүргізу кезіндегі қаржы агенттігінің функциялары

      13. Субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу кезінде қаржы агенттігі:

      1) банк/лизингтік компания/МҚҰ ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шартын жасасқан кәсіпкердің жаңа кредитті/лизингті/ қаржыландыруды мақсатты пайдалануын мониторингтеуді;

      2) банк/МҚҰ/лизингтік компания ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің/эмитенттің төлем тәртібін мониторингтеуді;

      3) жобаның іске асырылуын, оның ішінде қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының пайдаланылуын мониторингтеуді;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Субсидиялау қағидаларының/Тауарға үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау қағидаларының/Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидаларының/Тетіктің талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады.

      Кәсіпкердің Субсидиялау қағидаларының/Тауарға үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау қағидаларының/Тетіктің талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігіне мониторинг жүргізу үшін қаржы агенттігі жарты жылдық негізде (ағымдағы жылғы 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей) қолданыстағы субсидиялау шарттары бар кәсіпкерлердің тізбесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі (қызметін тоқтата тұру/тоқтату) бойынша сұрау салуды жібереді.

      Қолданыстағы субсидиялау шарты болған кезде кәсіпкер қызметінің тоқтатыла тұруы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен ақпарат алғаннан кейін қаржы агенттігі банк/МҚҰ/лизингтік компаниядан құжаттар берілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді, оның негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату/тоқтату бойынша кейінге қалдыру не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Қызметі тоқтатылған кәсіпкерлер бойынша субсидиялар қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі негізінде қызметі тоқтатылған күннен бастап тоқтатылады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобасына мониторинг жүргізу кезінде қаржы агенттігі:

      1) эмитент, облигацияларды ұстаушылардың өкілі ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шартын жасасқан эмитенттің облигацияларды орналастырудан түскен ақшасын пайдаланылуына мониторингті;

      2) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі немесе орталық депозитарийі ұсынатын деректер негізінде эмитенттің төлем тәртібіне мониторингті;

      3) жобаның және/немесе эмитенттің Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады. Эмитенттің Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігіне мониторинг жүргізу үшін қаржы агенттігі жарты жылдық негізде (ағымдағы жылғы 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей) қолданыстағы субсидиялау шарттары бар эмитенттердің тізбесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі (қызметін тоқтата тұру/тоқтату) бойынша сұрау салуды жібереді.

      Қолданыстағы субсидиялау шарты болған кезде эмитент қызметінің тоқтатыла тұруы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен ақпарат алғаннан кейін қаржы агенттігі банктен құжаттар берілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді, оның негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату/тоқтату бойынша кейінге қалдыру не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Қызметі тоқтатылған эмитенттер бойынша субсидиялар қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі негізінде қызметі тоқтатылған күннен бастап тоқтатылады;

      4) қамтамасыз етудің жай-күйін бақылау мониторингті жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. "Жасыл" кредиттер бойынша қаржылық қолдау қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу шеңберінде қаржы агенттігі шекті өлшемшарттарда:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндері;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлері;

      3) қалдықтардың үлесін азайту/кәдеге жарату;

      4) су тұтынуды төмендету;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігі (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көзделген жағдайларда, провайдерлердің сыртқы бағалауы негізінде қарыз алушының "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына қол жеткізуін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын қарыз алушы ұсынады.

      Жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң қарыз алушы мәлімделген көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалауды не қаржы агенттігіне ұсынылатын энергия аудитін жүргізеді. Қарыз алушы мәлімдеген жоба бойынша "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлер жүргізуі мүмкін.

      16. Кепілдік берілетін жобаларға мониторинг жүргізу кезінде қаржы агенттігі:

      1) банк/МҚҰ/лизингтік компания және кәсіпкер ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шарты жасалған кәсіпкер кредитінің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу;

      2) банк/МҚҰ/лизингтік компания ұсынатын деректер және (немесе) қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де сенімді көздерден алған ақпарат негізінде кәсіпкердің төлем тәртібіне мониторингті;

      3) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Кепілдік беру қағидаларының/Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидаларының немесе Тетіктің және (немесе) қаржы агенттігі шешімінің талаптарына сәйкестігіне мониторингті;

      4) жобаны іске асыру мониторингі (қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингтеуді жүзеге асырады.

      17. Облигациялар бойынша кепілдік беру жобасына мониторинг жүргізу кезінде қаржы агенттігі мыналарды:

      1) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі және/немесе орталық депозитарийі және/немесе АХҚО қор биржасының тіркеушісі ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шартын жасасқан эмитенттің облигациялық қарызды мақсатты пайдалануына мониторингті;

      2) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі және/немесе орталық депозитарийі ұсынатын деректер негізінде эмитенттің төлем тәртібінің мониторингін;

      3) жобаны іске асыру мониторингін;

      4) жобаның және/немесе эмитенттің облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалар талаптарының рәсімдер бөлігінде және кепілдік беру шарттарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады.

      18. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу кезінде қаржы агенттігі:

      1) гранттың мақсатты пайдаланылуына мониторингті;

      2) қаржы агенттігі бекітетін мониторинг бойынша жоспарға сәйкес бизнес-жобаларды орындау жөніндегі грант алушы қызметіне мониторингі;

      3) грант алушының жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттардың орындалуын мониторингті;

      4) грант алушының грант беру туралы шарт талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асырады.

      19. Жоба мониторингінің функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден/грант алушыдан және (немесе) банктен /лизингтік компаниядан/МҚҰ/эмитенттен/облигацияларды ұстаушылардың өкілінен кредиттің/қаржы лизингінің/гранттың/ қаржыландырудың/орналастырылған облигациялардан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және жобаның Қағидалардың және (немесе) Тетіктің талаптарына сәйкестігін растайтын қажетті құжаттарды, сондай-ақ жоба мониторингі нысанасына жататын, оның ішінде коммерциялық банктік және салықтық құпияны құрайтын ақпаратты сұратады (салық төлеуші туралы мәліметтерді ұсыну бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің келісімі болған кезде).

      20. Кәсіпкердің/грант алушының/эмитенттің жобасын Қағидалардың және (немесе) Тетіктің және қаражатты мақсатты пайдаланудың шарттарына қосымша растау талап етілген жағдайларда, қаржы агенттігі кәсіпкердің/грант алушының және (немесе) банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ/эмитенттің/ облигацияларды ұстаушылар өкілінің жоба мониторингі үшін қосымша құжаттарды беруі үшін жазбаша сұрау салу жібере алады және қайта мониторинг жүргізу үшін қосымша мерзім ұсына алады.

4-тарау. Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу тәртібі

1-параграф. Субсидияланатын жобаларды мониторингтеу

      21. Жобаларға жоспарлы мониторинг жүргізу шеңберінде қаржы агенттігі мониторинг басталатын күнге дейін 20 (жиырма) жұмыс күннен кешіктірілмейтін мерзімде банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ-ға/эмитентке/облигацияларды ұстаушылардың өкіліне осы Қағидаларға 1-қосымшаға және/немесе 2-қосымшаға сәйкес субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті мониторинг жүргізу мерзімдері мен құжаттар тізбесі бар Ұлттық жоба/Тетік шеңберінде мониторинг жүргізу туралы хабарлама жолдайды.

      22. Ұлттық жоба шеңберінде берілген субсидиялау жобалары бойынша, оның ішінде портфельдік субсидиялау жобалары бойынша қаржы агенттігі ішінара мониторингті жүзеге асырады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Мониторинг жүргізуге жататын субсидияланатын жобалардың тізбесін қаржы агенттігі мониторинг жүргізу туралы қаржы агенттігінің хабарламасы жіберілген күнге кредиттері өтелген не олар бойынша субсидиялау қаржы агенттігі шешімінің негізінде тоқтатылған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, мониторингке жататын, тиісті кезеңде жасалған қолданыстағы субсидиялау шарттарының жалпы пулынан ішінара қалыптастырады.

      Жобаның мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсыну мерзімі жобаның мониторингі басталатын күнді ескере отырып, қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетіледі.

      24. Банк/лизингтік компания/МҚҰ мониторинг басталатын күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу туралы хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлерге жазбаша хабарлайды.

      25. Қаржы агенттігі банктен/МҚҰ-дан мынадай:

      1) кредитті/қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану;

      2) жоба және/немесе кәсіпкер Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келмеу фактілерінің анықталғаны туралы хабарлама алған кезде портфельдік субсидиялау құралы бойынша қаржыландырылған жобалар бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.

      Бұл ретте жоспардан тыс мониторинг жүргізу мерзімі қаржы агенттігінің тиісті хабарламасында көрсетіледі

      26. Банк/лизингтік компания/МҚҰ/эмитент/облигация ұстаушылар өкілі қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген жоба мониторингі басталған күнге дейінгі мерзімде қаржы агенттігіне субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізуге қажетті құжаттарды ұсынады.

      27. Тиісті хабарламада көрсетілген мониторинг жүргізу мерзімінде қаржы агенттігі жобаны мониторингтеуді, оның ішінде осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарын ескере отырып, жоба іске асырылатын жерге бару арқылы мониторинг жүргізеді.

      28. Кәсіпкердің/эмитенттің жобалары бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта жалғастыру бойынша іс-шараларды жүргізу тәртібі Субсидиялау қағидаларына, Тауарға үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау қағидаларына, Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына және Портфельдік субсидиялау мен кепілдік беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлік субъектісінің қызметін тоқтатып қойған/тоқтатқан кәсіпкерлердің/эмитенттердің жобалары бойынша қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрады және Субсидиялау қағидаларына, Тауарға үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау қағидаларына, Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына, Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидаларына және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкес 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату немесе қайта бастау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін банк/МҚҰ/лизингтік компаниядан құжаттар берілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді. Кредиттің мақсатқа сай пайдаланылуы расталған, кәсіпкерлік субъектісінің қызметі қайта басталған жағдайда, субсидиялау қаржы агенттігінің шешімі негізінде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады. Кәсіпкерлік субъектісінің қызметін тоқтатқан кәсіпкерлердің/эмитенттердің жобалары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған күннен бастап кәсіпкерді/эмитентті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Кредиттік қаражатты/қаржыландыруды/қаржылық лизингті/ облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатсыз/ішінара мақсатсыз пайдалану және (немесе) кәсіпкердің/эмитенттің жобасы субсидиялау қағидаларының/Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының/Тауарға үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау қағидаларының/Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру/Тетік қағидаларының талаптарына сәйкес келмеу фактілері анықталған кезде, қаржы агенттігі субсидиялау шартына сәйкес кәсіпкердің/эмитенттің жоба бойынша төленген субсидиялар сомасын өтеуін қамтамасыз етеді, ал ішінара мақсатсыз пайдаланған кезде субсидияларды қайтару кредит қаражатын/қаржыландыруды/қаржы лизингін/облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатсыз пайдалану сомасына тепе-тең түрде жүзеге асырылады.

      Субсидиялау тоқтатылған және субсидиялардың тиесілі сомалары қайтарылған жағдайда, қаржы агенттігі тиісті шешім негізінде кәсіпкерге/эмитентке субсидиялар сомасын қайтару үшін мынадай мерзім белгілейді:

      1) 1 (бір) айға дейін – егер қайтаруға жататын сома 100 АЕК-ке дейін (қоса алғанда) болса;

      2) 1 (бір) айдан 3 (үш) айға дейін – егер қайтаруға жататын сома 500 АЕК-ке дейін (қоса алғанда) болса;

      3) 3 (үш) айдан 6 (алты) айға дейін – егер қайтаруға жататын сома 500 АЕК-тен асатын болса.

      Контрагент мәміле бойынша өз міндеттемелерін орындамауына/жосықсыз орындауына, яғни кәсіпкерге байланысты емес объективті себептер бойынша сатып алынатын актив/жұмыстар/көрсетілетін қызметтер келіп түспеген жағдайларда, қаржы агенттігі (қаржы агенттігі мониторинг жүргізген кезде заңды күшіне енген сот шешімі болған кезде) қаржы агенттігінің тиісті шешімі негізінде төленген субсидиялар сомасын кәсіпкердің қайтаруы/өтеуі бойынша шаралар қолданбайды.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Кепілдік берілетін жобаларды мониторингтеу

      30. Портфельдік ішінара кепілдік беру құралы бойынша қаржыландырылған кепілдік берілетін жобаларға жоспарлы мониторинг жүргізу шеңберінде қаржы агенттігі мониторинг басталатын күнге дейін 20 (жиырма) жұмыс күннен кешіктірмей банкке/МҚҰ-не мониторингтеуге жататын жобалар тізімі, мониторинг жүргізу мерзімдері және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кепілдік берілетін жобаларға мониторинг жүргізуге қажетті құжаттар тізбесі бар мониторинг жүргізу туралы хабарламаны жолдайды.

      31. Мониторингтеуге жататын портфельдік ішінара кепілдік беру құралы бойынша қаржыландырылған жобалар тізбесін қаржы агенттігі тиісті кезеңде жасалған қолданыстағы кепілдік шарттарының жалпы пулынан іріктеп қалыптастырады.

      Ұлттық жоба шеңберінде қаржыландырылған қалған кепілдіктер бойынша осы Қағиданың 36-тармағына сәйкес жоспардан тыс мониторинг жүргізіледі.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Банк/МҚҰ мониторинг басталатын күнге дейін 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу туралы хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлерге жазбаша түрде хабарлайды.

      33. Банк/МҚҰ қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг басталатын күнге дейінгі мерзімде қаржы агенттігіне кепілдік берілетін жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынады.

      34. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мерзімде жобаға мониторинг жүргізеді.

      35. Кепілдікті жою немесе кепілдік сомасын жүргізілген мониторинг нәтижесінде кәсіпкердің жобасы бойынша нысаналы пайдаланылмаған кредит сомасына бара-бар түрде азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі Кепілдік беру қағидаларына/Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына/Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Контрагенттің мәміле бойынша өз міндеттемелерін орындамауына/ жосықсыз орындауына байланысты, яғни кәсіпкерге байланысты емес объективті себептер бойынша сатып алынатын актив/жұмыстар/көрсетілетін қызметтер келіп түспеген жағдайларда, қаржы агенттігі (қаржы агенттігі мониторинг жүргізген кезде заңды күшіне енген сот шешімі болған кезде) кепілдік сомасын жою/азайту бойынша шаралар қолданбайды.

      36. Кепілдік берілетін жобалардың жоспардан тыс мониторингі кәсіпкер/эмитент күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде және одан астам мерзімде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) облигациялар бойынша қарыз/қаржыландыру/купондық сыйақы шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайларда немесе осы Қағидаларда/қағидаларда айқындалған өзге де жағдайларда жүргізіледі. ЕДБ/МҚҰ/лизингтік компания кепілдік берілетін жобаларға жоспардан тыс мониторинг жүргізу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға немесе 4-қосымшаға сәйкес мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.

      Кәсіпкер портфельдік ішінара кепілдік беру құралы шеңберінде кепілдік алған жобалар бойынша кредиттік шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерін күнтізбелік 60 (алпыс) және одан көп күн (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған жағдайларда, қаржы агенттігі Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкес жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Банк/МҚҰ/лизингтік компания кәсіпкер жобасына мониторинг жүргізеді, оған кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысына жүргізілген ай сайынғы ағымдағы мониторинг кіреді. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк/МҚҰ/лизингтік компания дайындаған Ұлттық жоба/Тетік шеңберінде кәсіпкерлер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті қаржы агенттігіне ақпаратты жинауға және алмасуға арналған ақпараттық жүйелер арқылы есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес)-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылған қаржыландыру құралдары бөлінісінде жеке немесе жазбаша түрде ұсынылады (есепті жазбаша түрде ұсынған кезде есептің электрондық нысаны Қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жіберіледі).

      38. Қаржы агенттігі ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 30 (отыз)-күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық жоба мен Тетік шеңберінде кепілдік беру туралы есеп береді.

3-параграф. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар берілген жобалардың мониторингі

      39. Гранттық қаржыландыру жобасына мониторинг жүргізу шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша және мерзімдерде грант алушылардың тізілімін жүргізеді;

      2) грант алушы алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және өңірлік үйлестірушіге грант алушылардың бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есепті ұсынады.

      40. Гранттық қаржыландыру жобалары бойынша қаржы агенттігі мониторинг жүргізу күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, грант алушыға және өңірлік үйлестірушіге грант алушының жобасына мониторинг жүргізу мерзімдері мен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін көрсете отырып мониторинг жүргізу туралы хабарлама жолдайды.

      Мониторингтеуге жататын жобалардың тізімі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген жобалар санына сәйкес мониторингтеуге жататын тиісті кезеңдегі грант беру туралы жасалған шарттардың ортақ пулынан қалыптастырылады.

      Мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсыну мерзімі жобаны мониторингтеудің басталу күні ескеріле отырып, қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетіледі.

      Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Грант алушы қаржы агенттігіне гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг басталатын күнге дейінгі мерзімде ұсынады.

      42. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг жүргізу мерзімінде жобаны, оның ішінде жоба іске асырылатын жерге бару арқылы мониторинг жүргізеді.

      43. Егер грант алушы мониторинг жүргізу мерзімінде мониторингтеу үшін қажетті құжаттардың топтамасын ұсынбаса не оның орналасқан жерін айқындау мүмкін болмаса, қаржы агенттігі өңірлік үйлестірушіге жіберілетін мониторинг басталған күнге дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаға мониторинг жүргізуге арналған мәліметтерді грант алушының ұсынбауына/ұсынудан бас тартуына байланысты мониторинг жүргізудің мүмкін еместігі туралы акт жасайды.

      44. Қаржы агенттігі грант алушының грант қаражатын нысаналы пайдаланбауын, бизнес-жобаны орындамауын және (немесе) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарттарды және (немесе) грант беру туралы шарттың талаптарын орындамауын анықтаған кезде қаржы агенттігі өңірлік үйлестірушіге тараптар мониторингтеу есебіне қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, аталған мәселені кейіннен конкурстық комиссияның қарауына шығару үшін осы фактілер туралы жазбаша хабарлайды.

      45. Қаржы агенттігі жүргізген мониторингтің нәтижесінде анықталған ескертулері бар жобаларды қарау және олар бойынша шешім қабылдау тәртібі Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

4-параграф. Кәсіпкер жобасының Ұлттық жоба шеңберіндегі тиімділік өлшемшарттарына сәйкестігін мониторингтеу

      46. Қаржы агенттігі жаңа тиімді инвестициялық жобаның және (немесе) өндірісті және франчайзингті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаның Қағидалардың және (немесе) тетіктің талаптарына сәйкес тиімділік өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізеді.

      47. Жобаның Қағидалардың және (немесе) Тетіктің талаптарына сәйкес жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту/еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту/есепті кезең үшін бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемі/ кірістің өсуі (өткізуден түсетін табыс: негізгі қызметтен түсетін өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуін тексеруді көздейтін тиімділік өлшемшарттарының мониторингін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алынған ақпарат негізінде қаржы агенттігі жүргізеді. Тиімділік өлшемшарттарының мониторингі сондай-ақ әлеуметтік төлемдер және (немесе) салық декларациялары жөніндегі ақпарат негізінде және (немесе) банк/МҚҰ/лизингтік компания/кәсіпкер/эмитент берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірмеге сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) айқындауды кәсіпкердің өнеркәсіп өнімдерін (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндіру көлемін көрсететін статистикалық деректері, жылдық статистикалық есептілігі негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      49. Тиімділік өлшемшарттарын есептеу кезінде қаржы агенттігі шешімінің күніне қарамастан, есепті күн келесі қаржы жылының басы болып табылады.

      50. Жұмыс орындарының жылдық орташа саны, еңбекақы төлеу қорының көлемі, өткізуден түскен кіріс (негізгі қызметтен өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер құны), өндіріс көлемі (ақшалай мәндегі) көрсеткіштерінің өзгеруін айқындау үшін қаржы агенттігі есепті кезең аяқталғаннан кейінгі көрсеткіштерді есепті күннің басындағы ұқсас көрсеткіштермен салыстырады.

      51. Төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өзгеруін айқындау үшін қаржы агенттігі есепті күннің басындағы көрсеткіштермен салыстырғандағы есепті кезеңдегі салық төлемдерінің орташа мәнін есептейді.

      52. Кәсіпкерлердің инвестициялық мақсаттарға бағытталған жобалары бойынша тиімділік өлшемшарттары жобаның инвестициялық фазасы аяқталғаннан кейін, яғни өнім берушімен жасалған келісімшарт/шарт бойынша жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындау мерзімі аяқталғаннан кейін расталуы мүмкін. Осындай жобалар бойынша тиімділік өлшемшарттарын растау үшін қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі бойынша жеткізушінің арасында жасалған келісімшарт/шарт бойынша көрсетілетін жұмыстар/көрсетілетін қызметтер мерзімі аяқталған кезден бастап 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім ұсынылады.

      53. Қаржы агенттігі жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеу жылында мақұлдаған, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобалары бойынша жұмыс орындарының жылдық орташа санының өзгеруін айқындау кезінде кәсіпкер бизнесті ашу кезінде құрған жұмыс орындары ескеріледі.

      54. Өз қызметін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарында жүзеге асыратын не табиғи монополиялар субъектілеріне жататын, сондай-ақ жеңілдікті салық салынатын немесе салықтарды төлеуден босатылған не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған өзге де преференциялар мен жеңілдіктерді иеленетін кәсіпкерлердің жобалары бойынша барлық көрсеткіштер бойынша тиімділік өлшемшарттары осы ерекшелік ескеріле отырып есепке алынады. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып, мұндай өсім мүмкін болмаған жағдайларда, табиғи монополия субъектілеріне жататын кәсіпкерлердің жобалары бойынша жұмыс орындарының жылдық орташа санын сақтауды/арттыруды және еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуды көздейтін тиімділік өлшемшарттары кәсіпкердің жобаның тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуін айқындау үшін есепке алынбауы мүмкін. Осындай мүмкін болмайтын жағдай қаржы агенттігінің мониторинг туралы есебіндегі дәлелденген қорытынды негізінде айқындалады. Осыған ұқсас тәсіл Қазақстан Республикасы заңнамасының нормативтеріне сәйкес жеңілдікті салық салу көзделген қызмет түрлерінің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, кәсіпкерлер бойынша төленген салықтар көлемін есептеу кезінде де қолданылады.

5-тарау. Жобалар мониторингі нәтижелерін ресімдеу

      55. Жобаларға жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша қаржы агенттігі мониторинг туралы есепті жасайды, қаржы агенттігінің және банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ/өңірлік үйлестірушінің/грант алушының (мониторинг туралы есепте ескертулер/бұзушылықтар болса ғана)/эмитенттің уәкілетті өкілі (-дері)/облигация ұстаушылардың өкілі оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бірнеше кредит (транш)/грант берілген жоба бойынша мониторинг жөніндегі бір есеп жасалады.

      56. Банк/лизингтік компания/МҚҰ/өңірлік үйлестіруші/грант алушы/эмитент/облигация ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігінің тұжырымдарымен келіспеуіне байланысты мониторинг жөніндегі есепке қол қоюдан бас тартқан, сондай-ақ мониторинг жүргізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мониторинг туралы есепке қол қоюдан бас тартылғаны туралы актіні жасайды.

      57. Қаржы агенттігі кәсіпкерлердің/эмитенттердің/грант алушылардың салып жатқан, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу, жобаны іске асыру сатысындағы жобалары бойынша және (немесе) мынадай:

      1) мониторинг жүргізілетін күні кредит игерілмеген немесе ішінара игерілген (желі толығымен игерілмеген, қаражат тауарға/жұмысқа/көрсетілетін қызметке кейіннен ақы төлеу үшін есеп айырысу шотында);

      2) кредит шеңберінде сатып алынған тауарлар жеткізілмеген/жұмыстар орындалмаған/қызметтер көрсетілмеген және жабдықты монтаждау жүргізілмеген (қажет болған жағдайда);

      3) құрылыс/реконструкциялық/жөндеу жұмыстары, оның ішінде кредит қаражатына жүргізілген құрылыс/реконструкциялық/жөндеу жұмыстары аяқталмаған;

      4) объектіні, оның ішінде кредит қаражатына салынған объектіні қабылдау актісі/пайдалануға беру актісін алмаған;

      5) қарыз алушының/кредиттің/жобаның Ұлттық жоба/Тетік шарттарына сәйкестігін және кредиттің мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар және басқалар) толық көлемде ұсынылмаған (қарыз алушының мониторинг жүргізілген кезде ұсынбау негіздемелері болған жағдайда);

      6) конкурстық комиссия шешіміне сәйкес жұмыс орындарының құрылуы расталмаған (гранттық қаржыландыру жобалары бойынша);

      7) жобаны іске асыру (іске қосу) жүзеге асырылмау сияқты негізгі объективті себептер болған кезде ескертулерді жою үшін қосымша мерзім ұсынады.

  2021-2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде іске
асырылатын жобаларға
мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды, аталған құжаттар болмаған жағдайда банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ кредиттік менеджерінің экономикалық қорытындысы не жобаның мәнін ашып көрсететін басқа да құжаттар.

      2. Мониторинг жүргізу кезіндегі жағдай бойынша берешектердің баптарын толық жаза отырып (негізгі борыш, сыйақы, өсімпұлдар, айыппұлдар), мерзімінен кешіктірілген бөлігін бөліп көрсете отырып, кәсіпкердің несиелік берешегі туралы анықтама немесе банк/лизингтік компания/МҚҰ мен кәсіпкер арасындағы салыстырып-тексеру актісі. Анықтамада кәсіпкердің шотына тыйым салудың бар/жоғы көрсетілуі қажет.

      3. Қарыздың мақсатты пайдаланылуын (инвестициялық мақсаттар, сондай-ақ айналым қаражатын толтыру үшін) растайтын құжаттар, сондай-ақ:

      1) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке немесе қарыз шартында/қаржыландыру шартында/қаржы лизингі шартында көзделген басқа да мақсаттарға ақы төлеу фактісін: төлем тапсырмаларын және (немесе) шетел валютасында аударуға арналған өтініштерді және (немесе) фискалдық чектерді және (немесе) банк шотынан үзінді көшірмелерді (тексерілетін траншты/қарызды берген күннен/қаражатты іс жүзінде игеру күніне дейін қаржыландыруды бастаған күннен бастап) және (немесе) кассалық кіріс ордеріне түбіртектерді және Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қайшы келмейтін басқа да төлем құжаттарын;

      2) қарыз шартында/қаржыландыру шартында/қаржы лизингі шартында көзделген тауарлардың алынғанын, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілген және басқа да мақсаттарға қол жеткізілгенін растайтын: шарттар/келісімшарттарды, шот-фактуралар және (немесе) жүкқұжаттарын және (немесе) кедендік жүк декларацияларын және (немесе) қабылдау-тапсыру актілерін;

      3) құрылыс-монтаждау жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ) жүзеге асырылған жағдайда: ҚМЖ жүзеге асырылып жатқан жер учаскесіне меншік құқығын/жер учаскесін жалдау құқығын растайтын құжаттарды, ҚМЖ-ға рұқсат беру құжаттары (болған кезде)/кәсіпкерді ҚМЖ өндірісінің басталғаны туралы хабарламасын, Қазақстан Республикасының уәкілетті органында тіркелген пайдалануға беру/қабылдау актілерін көріп растау.

      4. Кредитке не қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты комиссиялардың, алымдардың және (немесе) өзге де төлемдердің кәсіпкерге қайтарылуын растайтын банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ құжаттары.

      5. Жоба бойынша тиімділік өлшемшарттарының орындалуын растайтын құжаттар (кәсіпкердің жеке шотынан алынған бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша үзінді көшірме және (немесе) кәсіпкердің салық декларациялары және (немесе) бухгалтерлік/статистикалық есептілік).

      Ұлттық жоба/Тетік мониторингін жүргізу мақсаттары үшін қаржы агенттігі жоғарыда санамаланған тізбеге кірмеген кредит қаражатының мақсатты пайдаланылуын және жобаның іске асырылуын растайтын қосымша құжаттарды сұратуға уәкілетті.

  2021-2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба
шеңберінде іске асырылатын
жобаларға мониторинг жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кезінде жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды не жобаның мәнін ашатын басқа да құжаттар.

      2. Облигациялар бойынша қамтамасыз ету құралының болуын растайтын құжаттар.

      3. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялар шығарылымының проспектісі (оған енгізілген өзгерістер).

      4. Облигациялардың ISIN нөмірі, мониторинг жүргізу күніндегі жағдай бойынша облигация ұстаушылардың шоттарындағы облигациялар саны, облигация ұстаушылардың банктік шоттарына орталық депозитарий аударған жалпы сыйақы сомасы, орналастырылмаған облигациялар саны/сомасы, орталық депозитарий эмитенттен алған сома туралы ақпаратты қамтитын Орталық депозитарийдің субсидиялау туралы есебі не осы ақпаратты қамтитын облигация ұстаушылардың өкілінен алынған есеп.

      5. Қарыздың мақсатты пайдаланылуын (инвестициялық мақсаттар, сондай-ақ айналым қаражатын толтыру үшін) растайтын құжаттар, сондай-ақ:

      1) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке немесе облигацияларды шығару проспектісінде көзделген басқа мақсаттарға ақы төлеу фактісін: төлем тапсырмаларын, шетелдік валютаға аударуға арналған өтініштерді, фискалдық чектерді, банктік шоттан үзінді көшірмелерді (облигацияларды сатып алу басталған күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейінгі), кіріс кассалық ордерге арналған түбіртектерді және Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қайшы келмейтін басқа да төлем құжаттарын;

      2) тауарларды алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және облигацияларды шығару проспектісінде көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізу фактісін: шарттар/келісімшарттарды, шот-фактураларын, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларацияларын, қабылдау-тапсыру актілерін;

      3) құрылыс-монтаждау жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ) жүзеге асырылған жағдайда: ҚМЖ жүзеге асырылып жатқан жер учаскесіне меншік құқығын/жер учаскесін жалдау құқығын растайтын құжаттарды, ҚМЖ-ға рұқсат беру құжаттарын (болған кезде)/эмитентті ҚМЖ жүргізудің басталғаны туралы хабарламасын, Қазақстан Республикасының уәкілетті органында тіркелген пайдалануға беру/қабылдау актілерін көріп растау.

      6. Жоба бойынша тиімділік өлшемшарттарының орындалуын растайтын құжаттар (кәсіпкердің жеке шотынан алынған бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша үзінді көшірме және (немесе) кәсіпкердің салық декларациялары және (немесе) бухгалтерлік/статистикалық есептілік).

      Ұлттық жоба/тетік мониторингін жүргізу мақсаттары үшін қаржы агенттігі жоғарыда санамаланған тізбеге кірмеген кредит қаражатының мақсатты пайдаланылуын және жобаның іске асырылуын растайтын қосымша құжаттарды сұратуға уәкілетті.

  2021-2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба
шеңберінде іске асырылатын
жобаларға мониторинг жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

Кепілдік берілетін жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды, аталған құжаттар болмаған жағдайда банктің/МҚҰ/Лизингтік компанияның кредиттік менеджерінің экономикалық қорытындысы не жобаның мәнін ашатын басқа да құжаттар.

      2. Мониторинг жүргізу сәтіндегі жағдай бойынша берешектердің баптарын толық жаза отырып (негізгі борыш, сыйақы, өсімпұлдар, айыппұлдар), мерзімінен кешіктірілген бөлігін бөліп көрсете отырып, кәсіпкердің несиелік берешегі туралы анықтама немесе банк/МҚҰ/Лизингтік компанияның мен кәсіпкер арасындағы салыстырып тексеру актісі. Анықтамада кәсіпкердің шотына тыйым салудың бар/жоғын көрсету қажет.

      3. Кредит/кредиттік желі бойынша қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар (кепіл шарттары және оларға қосымша келісімдер).

      4. Банктің/МҚҰ/Лизингтік компанияның және (немесе) кәсіпкердің кепілдіктің ерекше жарамдылық талаптарын және өзге де кепілдік беру талаптарын орындағанын растайтын құжаттар.

      5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және кепіл мүлкінің техникалық сипаттамалары туралы анықтама. Анықтаманы ұсыну кәсіпкердің кредиті бойынша күнтізбелік 60 (алпыс) күннен артық (егер кепілдік шартында өзге мерзім белгіленбесе) кешіктірілген берешегі бар жоба бойынша мониторинг жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

      6. Кредиттің/кредиттік желінің ресімделуін растайтын құжаттар (кәсіпкермен жасалған қарыз шарты (барлық берілген транштар бойынша), сондай-ақ оларға қосымша келісімдер (бар болса).

      7. Кредит/кредиттік желі бойынша түпкі қарыз алушыға ақша аударуды растайтын құжаттар (кәсіпкердің банк шотынан үзінді көшірме (тексерілетін транш/қарыз алынған күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейін), оператордың төлем тапсырмасы және (немесе) төлем ордері).

      8. Қарыздың мақсатты пайдаланылуын (инвестициялық мақсаттар, сондай-ақ айналым қаражатын толтыру үшін) растайтын құжаттар, сондай-ақ:

      1) тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет үшін немесе қарыз шартында/қаржыландыру шартында/қаржы лизингі шартында көзделген басқа да мақсаттарға ақы төлеу фактісін: төлем тапсырмаларын және (немесе) шетел валютасында аударуға арналған өтініштерді және (немесе) фискалдық чектерді және (немесе) банк шотынан үзінді көшірмелерді (тексерілетін траншты/қарызды берген күннен бастап нақты игеру күніне дейін) және (немесе) кассалық кіріс ордеріне түбіртектерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қайшы келмейтін басқа да төлем құжаттары);

      2) қарыз шартында/қаржыландыру шартында/қаржы лизингі шартында көзделген тауарлардың алынғанын, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін және басқа да мақсаттарға қол жеткізілгенін растайтын құжаттарды: шарттар/келісімшарттарды, шот-фактуралар және (немесе) жүкқұжаттарын және (немесе) кедендік жүк декларацияларын және (немесе) қабылдау-тапсыру актілерін;

      3) құрылыс-монтаждау жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ) жүзеге асырылған жағдайда: ҚМЖ жүзеге асырылатын жер учаскесіне меншік құқығын/жер учаскесін жалдау құқығын растайтын құжаттарды, ҚМЖ-ға рұқсат беру құжаттарын (болған жағдайда)/кәсіпкерге ҚМЖ басталғаны туралы хабардар ету, Қазақстан Республикасының уәкілетті органын тіркей отырып, іскес қосу/пайдалануға беру актілерін көріп растау.

      9. Кредит сомасы қоса алғанда 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын жобалар бойынша кәсіпкердің өзінің қатысуын растайтын құжаттар (ақша қаражатын ұсынған кезде – кәсіпкердің шотынан үзінді көшірме, жылжымалы/жылжымайтын мүлікті ұсынған кезде – мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар).

      10. Банктің/МҚҰ/лизингтік компанияның кәсіпкерге кредитке не қаржы лизингі шартын жасасуға байланысты комиссиялардың, алымдардың және (немесе) өзге де төлемдердің қайтарылғанын растайтын құжаттары.

      11. Жоба бойынша тиімділік өлшемшарттарының орындалуын растайтын құжаттар (кәсіпкердің жеке шотынан алынған бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша үзінді көшірме және (немесе) кәсіпкердің салық декларациялары және (немесе) бухгалтерлік/статистикалық есептілік).

      Ұлттық жоба/тетік мониторингін жүргізу мақсаттары үшін қаржы агенттігі жоғарыда санамаланған тізбеге кірмеген кредит қаражатының мақсатты пайдаланылуын және жобаның іске асырылуын растайтын қосымша құжаттарды сұратуға уәкілетті.

  2021-2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба
шеңберінде іске асырылатын
жобаларға мониторинг жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

Облигациялар бойынша кепілдік беру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды не жобаның мәнін ашатын басқа да құжаттар.

      2. Облигациялар бойынша қамтамасыз ету құралының болуын растайтын құжаттар.

      3. Эмитенттің кепілдік жарамдылығының ерекше шарттарын және кепілдік шартына сәйкес кепілдік берудің өзге де шарттарын орындағанын растайтын құжаттар.

      4. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялар шығарылымының проспектісі (оған енгізілген өзгерістер).

      5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және кепілдік мүлікке оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.

      6. Облигациялардың ISIN нөмірі, мониторинг жүргізу күніндегі жағдай бойынша облигация ұстаушылардың шоттарындағы облигациялар саны, облигация ұстаушылардың банктік шоттарына орталық депозитарий аударған жалпы сыйақы сомасы, орналастырылмаған облигациялар саны/сомасы, орталық депозитарий эмитенттен алған сома туралы ақпаратты қамтитын Орталық депозитарийдің есебі не осы ақпаратты қамтитын облигация ұстаушылардың өкілінен алынған есеп.

      7. Қарыздың мақсатты пайдаланылуын (инвестициялық мақсаттарға да, айналым қаражатын толықтыруға да) растайтын құжаттар, сондай-ақ:

      1) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке немесе облигацияларды шығару проспектісінде көзделген басқа да мақсаттарға ақы төлеу фактісін: төлем тапсырмаларын және (немесе) шетел валютасында аударуға арналған өтініштерді және (немесе) фискалдық чектерді және (немесе) банк шотынан үзінді көшірмелерді (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап нақты игеру күніне дейін) және (немесе) кассалық кіріс ордеріне түбіртектерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қайшы келмейтін басқа да төлем құжаттарын;

      2) тауарлардың алынғанын, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін және облигацияларды шығару проспектісінде көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізу фактісін: шарттар/келісімшарттарды, шот-фактураларды, және (немесе) жүкқұжаттарды, және (немесе) кедендік жүк декларацияларын және (немесе) қабылдау-тапсыру актілерін;

      3) құрылыс-монтаждау жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ) жүзеге асырылған жағдайда: ҚМЖ жүзеге асырылып жатқан жер учаскесіне меншік құқығын/жер учаскесін жалдау құқығын растайтын құжаттарды, ҚМЖ-ға рұқсат беру құжаттарын (болған жағдайда)/эмитентті ҚМЖ жүргізудің басталғаны туралы хабарламасын, Қазақстан Республикасының уәкілетті органында тіркелген пайдалануға беру/қабылдау актілерін көріп растау.

      8. Жоба бойынша тиімділік өлшемшарттарының орындалуын растайтын құжаттар (кәсіпкердің жеке шотынан алынған бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша үзінді көшірме және (немесе) кәсіпкердің салық декларациялары және (немесе) бухгалтерлік/статистикалық есептілік).

      Ұлттық жоба/тетік мониторингін жүргізу мақсаттары үшін қаржы агенттігі жоғарыда санамаланған тізбеге кірмеген кредит қаражатының мақсатты пайдаланылуын және жобаның іске асырылуын растайтын қосымша құжаттарды сұратуға уәкілетті.

  2021-2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба
шеңберінде іске асырылатын
жобаларға мониторинг жүргізу
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

"_____________" акционерлік қоғамының______жылдан бастап______ жылға дейінгі кезеңге арналған Ұлттық жоба/Тетік шеңберінде (қажеттісін көрсетіңіз) кәсіпкерлер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысына жүргізілген ағымдағы мониторинг туралы есебі

Р/с №

Банк/ МҚҰ атауы

Жеке кәсіпкерлік субъектісі жүгінген орын (өңір)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

Заңды мәртебесі (жауапкершілігі шектеулі серіктесті, жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы, кәсіпкерлік кооперативі)

Банктік қарыз шартының/кредиттік желіні ашу туралы келісімнің/ микрокредит шартының №

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желіні ашу туралы келісімнің күні

Бағдарлама атауы (бағдарлама бағыты)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Кредит мерзімі

Кредит сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең

Кредит (транш) бойынша берілген күні

Нақты берілген қаражат сомасы

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      кестенің жалғасы

Кепілдік шартының күні

Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы

Қаржы агенттігінің кепілдік бойынша міндеттемелерін орындау сомасы

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешек сомасы

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен күндер саны

Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны

Кредит беру объектісі (инвестициялық кредит/айналым қаражатын толтыру)

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша коды

19

20

21

22

23

24

25

26









      кестенің жалғасы

Жоба бойынша бизнес (енді басталатын/жұмыс істеп тұрған)

Банктік қарыз шарты/Кредиттік желіні ашу туралы келісім бойынша қолжетімді кезең

Банктің/МҚҰ уәкілетті органының шешім қабылдаған күні

Кредиттік желі (қайта жалғастырылатын (ҚЖКЖ)/ жалғастырылмайтын (ЖКЖ)/аралас (АКЖ)/ банктік қарыз (БҚ)/ микрокредит/ қаржы лизингі/қаржыландыру

27

28

29

30





      Лауазымды адам _____________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер ___________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Лауазымы Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  2021 – 2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба
шеңберінде іске асырылатын
жобаларға мониторинг жүргізу
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

      Ұсынылады: уәкілетті органға.

      Нысан әкімшілік деректерді жинауға арналған.

      Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған

Ұлттық жобаның шеңберінде және Тетіктің шеңберінде кепілдік беру туралы есеп

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Есепті кезең: 20 _____ж. _____ бастап _____ қоса алғандағы кезең.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ОГ-1.

      Мерзімділігі: ай сайын.

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі).

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: Ұлттық жобаның және Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30 (отызы) күніне дейін, уәкілетті органға ұсынады.

Р/с

Облыс атауы

Банктік қарыз шарты бойынша кредит сомасы

Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы

Қаржы агенттігінің кепілдіктер бойынша орындаған міндеттемелерінің сомасы

1

2

3

4

5






      Лауазымды адам _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер _______________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

  "Ұлттық жобаның шеңберінде
және Тетіктің шеңберінде
кепілдік беру туралы есеп"
нысанына қосымша

Ұлттық жобаның шеңберінде және Тетіктің шеңберінде кепілдік беру туралы есеп әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      (Индексі – ОГ-1, мерзімділігі: ай сайын)

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Ұлттық жобаның шеңберінде және Тетіктің шеңберінде кепілдік беру туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысына, "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды қаржы агенттігі ай сайын жасайды. Нысандағы деректер, егер өзгеше көрсетілмесе, теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

      5. "Р/с №" деген нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпаратты жазғанда, нөмірлену реті үзілмейді.

      6. "Облыс атауы" деген нысанның 2-бағанында кәсіпкерді тіркеу/қаржыландыру орнына сәйкес келетін облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі.

      7. "Банктік қарыз шарты бойынша кредит сомасы" деген нысанның 3-бағанында кредит желісін ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде облыс бойынша берілген кредиттің жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі.

      8. "Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы" деген нысанның 4-бағанында кредиттік желіні ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде берілген кепілдіктің жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі.

      9. "Қаржы агенттігінің кепілдіктер бойынша орындаған міндеттемелерінің сомасы" деген нысанның 5-бағанында облыс бойынша қаржы агенттігінің орындаған талаптарының жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі.

  2021-2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба
шеңберінде іске асырылатын
жобаларға мониторинг жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

Гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды.

      2. Грант сомасының нысаналы қолданылуын (инвестициялық мақсаттар, сондай-ақ айналым қаражатын толтыру үшін) растайтын құжаттар:

      1) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке немесе грант беру туралы шартта көзделген басқа да мақсаттарға ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар: төлем тапсырмалары және (немесе) шетелдік валютаға аударуға арналған өтініштер, және (немесе) фискалдық чектер және (немесе) банктік шоттан үзінді көшірмелер (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейін) және (немесе) кіріс кассалық ордерге арналған түбіртектер және Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қайшы келмейтін басқа да төлем құжаттары;

      2) тауарлардың алынғанын, жұмыстарды орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін және банктік қарыз шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізу фактісін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, және (немесе) жүкқұжаттар, және (немесе) кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;

      3) құрылыс-монтаждау жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ) жүзеге асырылған жағдайда: ҚМЖ жүзеге асырылып жатқан жер учаскесіне меншік құқығын/жер учаскесін жалдау құқығын растайтын құжат, ҚМЖ жүргізуге рұқсат беру құжаттары (болған жағдайда), грант алушының ҚМЖ жүргізе бастағаны туралы хабарламасы, Қазақстан Республикасының уәкілетті органында тіркелген пайдалануға беру/қабылдау актілері.

      3. Берілетін грант сомасының кемінде 10% мөлшеріндегі жеке қаражатпен бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын қоса қаржыландыруды растайтын құжаттар, сондай-ақ көріп растау (ақша қаражаты берілген кезде – кәсіпкердің шотынан үзінді көшірме, жылжымалы/жылжымайтын мүлік берілген кезде – мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар).

      4. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жобаның іс-шаралар жоспарына көзделген іс-шараларының орындалғанын растайтын құжаттар.

      5. Грант алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына қайшы келмейтін нысан бойынша жаңа жұмыс орындарының құрылғанын растайтын салық декларацияларының көшірмелері.

      6. Бизнес-жобаның іске асырылу барысын растайтын құжаттар, оның ішінде бизнес-жоба шеңберінде өнімнің өндірілгенін, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар.

      Ұлттық жоба/тетік мониторингін жүргізу мақсаттары үшін қаржы агенттігі жоғарыда санамаланған тізбеге кірмеген кредит қаражатының мақсатты пайдаланылуын және жобаның іске асырылуын растайтын қосымша құжаттарды сұратуға уәкілетті.

  2021-2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба
шеңберінде іске асырылатын
жобаларға мониторинг жүргізу
қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

      20___ жылғы "___" _________

      Грант алушының жобаға мониторинг жүргізуге арналған мәліметтерді ұсынбауына/ұсынудан бас тартуына байланысты мониторинг жүргізудің мүмкін еместігі туралы акт

      Біз, төменде қол қоюшылар,_____________________________________
директордың/директор орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
_____________________________________________________________
маманның (-дардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___.___.___ жылы (банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ/грант алушының/эмитенттің
атауы) жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынбағаны/ұсынудан бас
тартқаны туралы осы Актіні жасадық.
Қаржы агенттігі өңірлік филиалының директоры/директордың орынбасары
________________________________ ______________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, мөр (болған жағдайда)

      Қаржы агенттігі өңірлік филиалының маманы

      ________________________________ ______________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, мөр (болған жағдайда)

  2021-2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба
еңберінде іске асырылатын
жобаларға мониторинг жүргізу
қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

      20___ жылғы "___" _________

      Мониторинг туралы есепке қол қоюдан бас тарту туралы акт

      Біз, төменде қол қоюшылар, ____________________________________
Қаржы агенттігі директорының/директоры орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), ____________________________________________________________________
Қаржы агенттігі маманының (-дарының) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___ жылғы .___.___ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңірлік филиалы (банк
бөлімшесінің/лизингтік компанияның/МҚҰ/грант алушының/эмитенттің атауы) (құжаттың
атауы (Жобалардың құжаттамалық мониторингі туралы есеп/Жоба бойынша мониторингтік
есеп) (жіберілу тәсілі (қолға, тапсырыс хат) жолдағаны, ___ жылғы .___.___. дейінгі қол қою
мерзімімен ___ жылғы .___.___ (банктің /лизингтік компанияның/МҚҰ/ грант
алушының/эмитенттің атауы) алғаны (табыс етілгені туралы түбіртекпен алғаны туралы
кеңсе белгісімен) расталатын осы Актіні жасадық.
_____жылғы _____ жағдай бойынша мониторинг туралы осы есепке (банктің/лизингтік
компанияның/МҚҰ атауы/эмитенттің/грант алушының) уәкілетті өкілі қол қойған жоқ.
(қажеттісін көрсету).
Қаржы агенттігі өңірлік филиалының директоры/директордың орынбасары
________________________________ _______________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, мөр (болған жағдайда)
Қаржы агенттігі өңірлік филиалының маманы
________________________________ _______________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, мөр (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады