Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 999 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 77 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 қазанда № 21422 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 16.08.2021 № 7 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.08.2021 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141 бабының 3-тармағына және 143 бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарының нысанын қалыптастыру қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес заңды консультанттарға, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандарға, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.


Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Р. Дәленов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 13 қазаны № 77 мен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 13 қазаны
№ 999 Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141 бабының 3-тармағына және 143 бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарының нысанын қалыптастыру қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17371 тіркелген) сәйкес әзірленді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында бақылау субъектілерін іріктеуге арналған.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері - заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер;

      2) болмашы бұзушылықтар – бақылау субъектілері әзірлеген мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шаралардың сақталмауына, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасының болмауына байланысты бұзушылықтар;

      3) елеулі бұзушылықтар – бақылау субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауына, уақытылы ұсынбауына, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шаралардың қолданбауына, бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындамауына, бұзушылық фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен бір өтініштің немесе шағымның болуына байланысты бұзушылықтар;

      4) өрескел бұзушылықтар – бақылау субъектілерінің қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбауына, уақытылы ұсынбауына, ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралардың қолданбауына, уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұрмауына, өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарлау жөніндегі талаптарын бұзуына, ішкі бақылау қағидаларының болмауына, қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келмеуіне, уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жібермеуіне, бұзушылық фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен екі және одан да көп өтініштердің немесе шағымдардың болуына, мемлекеттік органдардан, уәкілетті органдардан және ұйымдардан бұзушылық фактілерімен келіп түскен расталған мәліметтердің болуына байланысты бұзушылықтар;

      5) тәуекел - бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекелдерді бағалау жүйесі - бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) ішкі бақылау - кірістерді жылыстатуды заңдастыруды және терроризмді қаржыландыруды болдырмау мақсатында бақылау субъектісі қабылдайтын ұйымдастыру, саясат, рәсімдер мен әдістер жүйесі.

      3. Профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары

      4. Объективті өлшемшарттарды анықтау келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:

      1) тәуекелді анықтау;

      2) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) топтастыру және бөлу.

      5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды жоғары тәуекел тобына жатқызу жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің неғұрлым жоғары ықтималдығы негізінде объективті өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады.

      6. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.

      7. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер жатады.

      8. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер қолданылады.

      9. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

      10. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынған мәліметтерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша анықталады және жылына (1) бір реттен жиі болмауға тиіс.

3-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

      11. Субъективті өлшемшарттарды анықтау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      12. Бақылау субъектілерінің субъективті өлшемшарттарының тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы берілетін мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      3) шағымдар мен өтініштердің болуы;

      4) уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;

      5) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

      13. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекел дәрежесінің өрескел, елеулі және болмашы тобына жатқызу осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      14. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады:

      1) бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі;

      2) елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұндағы:

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны;

      3) болмашы бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұндағы:

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны;

      4) тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және елеулі және болмашы бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу жолымен мынадай формула бойынша анықталады:

      SР = SРз + SРн, мұндағы:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға жатқызылады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ге дейін қоса алғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмағанға – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

  Қазақстан Республикасының
қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл туралы заңнамасын
сақтаудың тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1-бөлім. Бақылау субъектісі, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылатын мәліметтер мониторингінің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

1

Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты уақытылы ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

елеулі

2

Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақытылы ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау)

өрескел

3

Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақытылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

өрескел

4

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну

өрескел

5

Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уақытылы ұсыну (тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде)

елеулі

6

Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уақытылы ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті)

елеулі

2-бөлім. Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

7

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шараларды сақтау

болмашы

8

Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы

болмашы

9

Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

елеулі

10

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау)

өрескел

11

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

өрескел

12

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну

өрескел

13

Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде)

елеулі

14

Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті)

елеулі

15

Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қолдану

елеулі

16

Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы

елеулі

17

Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану

өрескел

18

Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру

өрескел

19

Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау

өрескел

20

Ішкі бақылау ережелерінің болуы

өрескел

21

Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы)

өрескел

22

Уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу

өрескел

3-бөлім. Шағымдар мен өтініштердің болуы

23

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен бір өтініштің немесе шағымның болуы

елеулі

24

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен екі және одан да көп өтініштердің немесе шағымдардың болуы

өрескел

4-бөлім. Уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

25

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу фактілерімен мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған мәліметтердің болуы

өрескел

5-бөлім. Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

26

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу фактілерімен уәкілетті органдар мен ұйымдардан келіп түскен расталған мәліметтердің болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 13 қазаны № 77 мен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 13 қазаны
№ 999 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша

Заң консультанттарына, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандарға, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің

      138 бабына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________ қатысты

      субъектілердің біртекті тобының атауы

      _____________________________________________________________ бақылау

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт__________________________________________________

      _____________________________________________________________________

                                          №, күні

      Бақылау субъектісінің атауы ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі), бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шараларды сақтау





2

Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы





3

Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)





4

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау)





5

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)





6

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну





7

Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде)





8

Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті)





9

Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қолдану





10

Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы





11

Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану





12

Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру





13

Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау





14

Ішкі бақылау ережелерінің болуы





15

Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы)





16

Уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу





      Лауазымды тұлға(лар) ________________________________ _____________

                                          лауазымы                   қолы

      _____________________________________________________________________

                        тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________ ____________

                                                лауазымы                   қолы

      _____________________________________________________________________

                        тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 13 қазаны № 77 мен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 13 қазаны
№ 999 Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша

Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің

      38 бабына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________ қатысты

      субъектілердің біртекті тобының атауы

      _____________________________________________________________ бақылау

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт _________________________________________________

      _____________________________________________________________________

                                          №, күні

      Бақылау субъектісінің атауы ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі), бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптара сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шараларды сақтау





2

Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы





3

Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)





4

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау)





5

Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)





6

Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну





7

Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде)





8

Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті)





9

Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қолдану





10

Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы





11

Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану





12

Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру





13

Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау





14

Ішкі бақылау ережелерінің болуы





15

Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы)





      Лауазымды тұлға(лар) ________________________________ _____________

                                          лауазымы                   қолы

      _____________________________________________________________________

                              тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________ ____________

                                          лауазымы                         қолы

      _____________________________________________________________________

                              тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады