Мәслихаттың 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 380 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 487 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 наурызда № 9029 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.03.2022 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 380 шешіміне (2019 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8340 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы, Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы А. Аксаутова

  Қостанай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 25 ақпандағы
№ 487 шешіміне
қосымша


  Қостанай аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 380 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Айсары ауылының тұрғындары үшін

60

2

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Қостомар ауылының тұрғындары үшін

39

3

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Степное ауылының тұрғындары үшін

3

4

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Половниковка ауылының тұрғындары үшін

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады