"Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 65 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 66 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 7270 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1114 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы темір жол көлігі кәсіпорындарының мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің 9-5-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 19 наурыздағы № 65 қаулысына (2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6122 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін.

      көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскесі бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларының 8-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) локомотивпен тарту қызметіне шығыстар, оның ішінде локомотивтік бригада мен жолсеріктердің еңбегіне ақы төлеу қорын, поездарды тартуға арналған отын және электр энергиясын қоса алғанда, тарту жылжымалы құрамды пайдалануға байланысты шығыстар;".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық

      жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық

      статистика бюросының басшысы

      __________________

      2021 жылғы "____"____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады