Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 46/290 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 57/378 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 6817 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 2-3-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 12 наурыздағы № 46/290 шешіміне (2020 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6096 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      2-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі";

      19-тармақ алып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі";

      21- тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "21. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.";

      22- тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "22. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      4 және 6-тараулардың тақырыптары келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      5-тарау. Қорытынды ереже";

      Қағидалардың 1 - қосымшасы осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      Қағидалардың 3 - қосымшасы осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      Қағидалардың 4 – қосымшасы алып тасталсын;

      Қағидалардың 5 - қосымшасы осы шешімнің 3- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының мәслихаты
сессиясының төрағасы
К. Абулгазин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А. Бектасова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2020 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 57/378
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданында әлеуметтік көмек
  көрсету, оның мөлшерлерін
  белгілеу және мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарының тізбесін
  айқындау қағидаларына
  1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

Р/с №

Атаулы күндер мен мереке күндері

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

1

15 ақпан –Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

Жылына 1 рет

2

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Жылына 1 рет

3

26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні

Жылына 1 рет

4

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

Жылына 1 рет

5

9 мамыр – Жеңіс күні

Жылына 1 рет

6

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Жылына 1 рет

7

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Жылына 1 рет

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2020 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 57/378 шешіміне 2 қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданында әлеуметтік көмек
  көрсету, оның мөлшерлерін
  белгілеу және мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарының тізбесін
  айқындау қағидаларына
  3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетімдік;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      12) пробация қызметінің есебінде болу;

      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келуі;

      15) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5 және 6- баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, тіс протездеуге мұқтаждығы;

      16) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5 және 6- баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      17) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4- бабында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;

      18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;

      18-1) Балаларда адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын аурудың болуы;

      19) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5 және 6- баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында теміржол, жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;

      20) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын, мемлекеттік жалпы білім беру гранттары мен кредиттерінің иегерлері болмаған, аз қамтылған отбасыларынан шыққан студенттердің бар болуы.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2020 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 57/378 шешіміне 3 қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданында әлеуметтік көмек
  көрсету, оның мөлшерлерін
  белгілеу және мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарының тізбесін
  айқындау қағидаларына
  5-қосымша

      Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

  20 жылғы "__"___________________

      ________________________________________________________________________________ (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________________________________________________________ 2. Тұратын мекенжайы ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ 3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай _________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________. 4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

































      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)

       _______________________________________________________________________________

       _______________________________________________________________________________.

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

      _____________________________________________________________________________.

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      _____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________.

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6













      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________. қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________. 7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________. 8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________. 9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: _______________________________________________________________________________ 10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: _______________________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: ___________________ ____________________________________ Комиссия мүшелері: ____________________ ____________________________________ _____________________ ____________________________________ _____________________ ____________________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты) Жасалған актімен таныстым: ________________________________________________________________________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _________________________________________________________________________ Тексеру жүргізілуден бас тартқан _________________________________________________________________________________ Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _________________________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады) Күні _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады