Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-17 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020 жылғы 18 ақпандағы № 36-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 ақпанда № 6031 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 11-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 14.02.2022 № 11-3 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 360 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/7 "Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 171 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/5 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-17 шешіміне (2014 жылғы 7 ақпанда "Мағжан жұлдызы" және "Вести" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ж. Хайдарова
      Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы
Т. Абильмажинов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты 2020 жылғы 18 ақпаны № 36-6 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-17 шешіміне қосымша

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полтавка ауылының тұрғындары үшін

47

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Достық ауылының тұрғындары үшін

21

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Рощино ауылының тұрғындары үшін

9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады