Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды белгілеу, олардың пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 52/499-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 7868 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 11/210-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 04.03.2024 № 11/210-VIII шешімімен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды белгілеу, олардың пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Жарма ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жариялауға жолдансын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Узбеханов
      Жарма аудандық мәслихатының хатшысы А. Сахметжанова

  Жарма аудандық мәслихатының
2020 жылғы 23 қарашасы
№ 52/499-VI шешіміне қосымша

Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды белгілеу, олардың пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

      1. Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан ары – Заң) сәйкес әзірленген және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын белгілейді.

      2. Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін келесі арнайы орындар белгіленсін:

      жиналыс және митинг нысанында – Қалбатау ауылы, Достық көшесінде орналасқан орталық алаң, шекті толу нормасы – 100 адам;

      демонстрация және шеру нысанында – Қалбатау ауылы, Қабанбай-Тәңірбергенов көшелерінің қиылыстарынан Қабанбай көшесімен Қабанбай-Мұсылманқұлов көшелерінің қиылыстарына дейін жоғары қозғалу маршруты.

      3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      4. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      Заңының 9 бабы 5 тармағында көрсетілген орындарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

      5. Заңның 16 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстардың мақсатына қол жеткізу мүмкіндігіне, ұйымдастыру ыңғайлылығына, бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың инфрақұрылым объектілерін пайдалану мүмкіндігіне, арнайы орындар жасанды жарықтандырумен, электр энергиясын қосуға арналған нүктемен, бейнебақылау және бейнетіркеу камераларымен жабдықталуы тиіс.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың, басқа да адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету үшін, бейбіт жиналыстарды ұйымдастырғанда және өткізген кезде, санитариялық нормалар мен қағидаларды сақтауға тиіс.

      6. Пикеттеуді өткізуге тиым салынған шекаралары іргелес аумақтары белгіленсін:

      1) жаппай жерлеу орындарында – 400 метр;

      2) автомобиль көлігі объектілерінде – 100 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда – 400 метр;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерде – 400 метр;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде – 100 метр.

      7. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      8. Жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша Заңның 17 және 18 баптарында көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстарға қатысушыларды осындай талапты орындау қажеттігі туралы хабардар ете отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

      9. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады;

      2) жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді;

      3) қоғамдық қауіпсіздікті, медициналық, өрт сөндіру және өзге де қауіпсіздік қызметтерін қамтамасыз ету шаралары мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады