Бәйтерек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қазандағы № 55-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қазанда № 6418 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Бәйтерек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Бәйтерек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес Бәйтерек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары айқындалсын.

      4. Осы шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес Бәйтерек ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      5. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      сессия төрағасы В. Козин
      мәслихат хатшысы Р. Исмагулов

  Бәйтерек ауданы мәслихатының
2020 жылғы 6 қазандағы № 55-3
шешіміне 1-қосымша

Бәйтерек ауданында бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары

Елді мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толтырылу нормалары

1

Переметный ауылы

"Бейбітшілік - Келісім" саябағы - Жеңіс көшесі (Жеңіс көшесі)

350 адамнан аспайтын

2

Калининское ауылы

Достық үйінің алаңы - Фрунзе көшесі (Фрунзе көшесінен бастап Придорожная көшесінің қиылысына дейін)

300 адамнан аспайтын

3

Зеленый ауылы

Орталық саябақ алаңы - Кооперативная көшесі (Кооперативная көшесі)

150 адамнан аспайтын

4

Егіндібұлақ ауылы

Орталық алаң - Мектеп көшесі (Мектеп көшесі)

120 адамнан аспайтын

5

Железнов ауылы

Орталық алаң - Қазақстан көшесі (Қазақстан көшесі)

200 адамнан аспайтын

6

Шалғай ауылы

Орталық саябақ - Чамчиян көшесі (Чамчиян көшесі)

150 адамнан аспайтын

7

Белес ауылы

Орталық алаң – М.Маметова көшесі (М.Маметова көшесі)

250 адамнан аспайтын

8

Щапов ауылы

Орталық стадион - Абылай хан көшесі (Абылай хан көшесі)

110 адамнан аспайтын

9

Көшім ауылы

Орталық алаң - Абай көшесі (Достық көшесінен Абай көшесіне дейін)

250 адамнан аспайтын

10

Янайкин ауылы

Орталық алаң - Парковая көшесі (Парковая көшесі)

200 адамнан аспайтын

11

Дариян ауылы

Орталық алаң - Балдырған көшесі (Балдырған көшесінен бастап Шолохов көшесінің қиылысына дейін)

250 адамнан аспайтын

12

Трекин ауылы

Орталық саябақ - Жиберин көшесі (Жиберин көшесінен бастап Құрманғазы көшесіне дейін)

250 адамнан аспайтын

13

Январцево ауылы

Орталық алаң - Советская көшесі (Советская көшесі)

150 адамнан аспайтын

14

Рубежин ауылы

Мәдени-демалыс саябағы - Сарайшық көшесі (Сарайшық көшесі)

100 адамнан аспайтын

15

Достық ауылы

Орталық алаң – Бостандық көшесі (Бостандық көшесі)

200 адамнан аспайтын

16

Чеботарев ауылы

Орталық алаң - Абай көшесі (Школьная көшесінен бастап Абай көшесіне дейін)

80 адамнан аспайтын

17

Сұлукөл ауылы

Орталық алаң - Достық көшесі (Школьная көшесінен бастап Достық көшесіне дейін)

90 адамнан аспайтын

18

Раздольный ауылы

Орталық саябақ - Школьная көшесі (Школьная көшесі)

80 адамнан аспайтын

19

Чиров ауылы

Орталық алаң - Мирная көшесі (Мирная көшесі)

100 адамнан аспайтын

20

Макаров ауылы

Орталық алаң - Школьная көшесі (Школьная көшесінен бастап Петрова көшесіне дейін)

120 адамнан аспайтын

21

Мичурин ауылы

Орталық алаң - Ленин көшесі (Магистральная көшесінен бастап Садовая көшесі арқылы Ленин көшесіне дейін)

250 адамнан аспайтын

22

Махамбет ауылы

Орталық алаң - Абай Құнанбаев көшесі (Сырым Датұлы көшесінен бастап А.Құнанбаев көшесіне дейін)

150 адамнан аспайтын

23

Краснов ауылы

Орталық алаң - Жеңіс көшесі (Жеңіс көшесі)

120 адамнан аспайтын

  Бәйтерек ауданы мәслихатының
2020 жылғы 6 қазандағы № 55-3
шешіміне 2-қосымша

Бәйтерек ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.

  Бәйтерек ауданы мәслихатының 2020 жылғы 6 қазандағы № 55-3
шешіміне 3-қосымша

Бәйтерек ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:

      жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;

      қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;

      шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

      3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

  Бәйтерек ауданы мәслихатының
2020 жылғы 6 қазандағы № 55-3
шешіміне 4-қосымша

Бәйтерек ауданы бойынша пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Бәйтерек ауданы бойынша келесі объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 100 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады