"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17041 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сыйлықақы алуға өтінімдер үкіметтік емес ұйымдармен Уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін:
1) пошта арқылы және (немесе) қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX, PDF форматында СD-дискілерде немесе USB-флеш-жинақтағыштарында);
2) ueu_syilygy@qogam.gov.kz электрондық почтасы арқылы (PDF форматында) және веб-портал арқылы электрондық түрде жолданады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сыйлықақыға үміткерлер сыйлықақы алу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);
4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);
5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Әр секциядағы жұмыс тобы мүшелерінің саны кемінде 3 (үш) адамды құрайды.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Жұмыс тобының мүшелері ұсынымда көрсетілген қажетті мәліметтерді нақтылау және (немесе) анықтау мақсатында сыйлықақыға үміткерге ұсынымдар берген үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрату жібереді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Уәкілетті орган электрондық пошта және (немесе) веб-портал арқылы жолданған жұмыс тобы мүшелерінің бағалау парақтарын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағалау парақтарын тексереді және әр секция бойынша жеке бағалаудың жалпы қорытындысын шығарады.
Бағалаудың жалпы қорытындысын шығарған кезде уәкілетті орган мынадай көрсеткіштер бойынша сыйлықақыға ұсынылатын ізденушілердің өтінімдерінің жалпы орта балын айқындайды:
0-ден 7,5-ке дейін – төмен;
7,5-тен 12-ге дейін – орташа;
12-ден 15-ке дейін – жоғары.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Сыйлықақы беруге сыйлықақыға үміткерлерді бекіту туралы Комиссияның шешімі Комиссияның отырысында жұмыс тобы мүшелері бағалаудың жалпы қорытындысы негізінде әр бағыт бойынша жеке көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Егер конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысса, конкурстық комиссияның отырысы заңды деп саналады.
Өтінімдерді қарау кезінде Комиссия сыйлықақыны жалпы орта балының көрсеткіші жоғары болған сыйлықақыға ұсынылған ізденушіге береді. Жалпы орта балы жоғары өтінімдер болмаған жағдайда, Комиссия сыйлықақыны беру үшін жалпы орта балы орташа өтінімдерді қарайды. Жалпы орта балының көрсеткіші төмен өтінімдер сыйлықақы беруге жатпайды.
Жалпы орта балының көрсеткіштері жоғары және жалпы орта балының көрсеткіштері орташа кандидаттар болмаған жағдайда, тиісті бағыттар бойынша сыйлықақы берілмейді және қаражат өтініш берушілердің неғұрлым көп саны бар басқа бағыттар бойынша қайта бөлінеді.
Сыйлықақыға ұсынылатын ізденушілерден бір бағыт бойынша 2 (екі) және одан кем өтінім келіп түскен және жалпы орта балдың жоғары көрсеткішін және жалпы орта балдың орта көрсеткішін алған жағдайда, беру немесе бермеу жөніндегі шешімді Конкурстық комиссия қабылдайды.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Сыйлықақы берілген Сыйлықақыға ұсынылған ізденушілердің тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында 1 желтоқсаннан кешіктірілмей жарияланады.
Сыйлықақы берілген Сыйлықақыға ұсынылған ізденушілер тізбе жарияланғаннан кейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын уәкілетті органға Сыйлықақыны аудару үшін банктік шоттың бар екендігі туралы анықтаманы (түпнұсқа) береді.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі негізінде банктік шоттың бар екендігі туралы анықтамада көрсетілген үкіметтік емес ұйымның банк шотына тиісті жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде Сыйлықақыны аударады.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға өтініш
Осы өтінішпен ____________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауын көрсету)
"_________________________________________________________ " бағыты бойынша
("Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес
ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес бағытты көрсету) үкіметтік емес
ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға ниет білдіреді.
Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.
__________________________________________________________________________
Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Бұйрығына 2 қосымша |
|
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына 2-қосымша |
Сыйлықақыға ұсынылған ізденушінің сауалнамасы
Р/с № | Атауы | Ақпарат (сыйлықақыға ұсынылған ізденуші толтырады) |
1. | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес сыйлықақыға үсынылған ізденушінің атауы | |
2. | Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні | |
3. | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | |
4. | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес заңды мекенжайы | |
5. | Нақты мекенжайы | |
6. | Қызметінің нысанасы (Жарлыққа сәйкес) | |
7. | Қызметінің мақсаттары (Жарлыққа сәйкес) | |
8. | Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс (оның ішінде мобильді) телефонының нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы |
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" __________.
_________________________________________________________________________
Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)