"Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 22273 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15266 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.";

      5-тармақ орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      7-тармақ орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жиынтық есеп ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, талдау мақсатында – ағымдағы жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша қалыптастырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, кедендік алымдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары салықтық түсімдер болып табылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Корпоративтік табыс салығы бойынша ресурсты бақылау салық оқиғасы болған есепті кезеңде басталады.";

      17 және 18-тармақтар орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, Салық кодексінде, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, Бюджет кодексте және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін трансферттердің және төмен тұрған бюджеттерден берілетін трансферттердің түсімдері республикалық бюджетке трансферттердің түсімдері болып табылады.

      Республикалық бюджеттен және төмен тұрған жергілікті бюджеттерден берілетін жергілікті бюджеттерге трансферттердің түсімдері болып табылады.

      Трансферттер бойынша түсімдер тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау (бұдан әрі - ҚБШ) есептеу сәтінде танылады және 6085 "Бюджетке трансферттер түсімі" қосалқы шотында ескеріледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Дебиторлық берешекті есепке алу үшін 1291 "Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетте есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шоты, кредиторлық берешекті есепке алу үшін 3280 "Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоты қолданылады.

      Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің деректері салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жиынтық операциялары бойынша жиынтық есептің анықталмаған түсімдері мен қайтаруларын шегергендегі салықтар (төлемдер) бойынша берешек/артық төлемдер берешегінің сальдосына сәйкес келеді.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар жөніндегі ұлттық

      статистика агенттігінің бюросы

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 23 ақпандағы
№ 140 Бұйрыққа
қосымша
  Республикалық, облыстық
бюджеттің, республикалық
маңызы бар қала, астана
бюджеттерінің атқарылуы
туралы жылдық
шоғырландырылған қаржылық
есептілікте бюджет түсімдерін
көрсету қағидаларына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан _____жылғы "___" ___________ есепті кезеңге арналған Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп*

      Индексі: ЖЕ-1

      Мерзімділігі: жылдық.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      www. minfin.gov.kz

      Ұсынатындар:

      Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшілері.

      Қайда ұсынылады:

      Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға,

      бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға.

      Ұсыну мерзімі – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін

      Бюджет түрі _______________________

      Өлшем бірлігі: теңге

Түсімдердің бюджет сыныптамасы коды

Бюджет сыныптамасы кодының атауы

Төлем түрі

Жыл басындағы сальдо

Есептелген салықтар (төлемдер)

Азайтылған салықтар (төлемдер)

Түскен салықтар (төлемдер)

Қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтар (төлемдер)

Салық міндеттемесінің өзгерген орындалу мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы салықтар (төлемдер) бойынша берешек

Жыл сонындағы сальдо

салықтар (төлемдер) бойынша берешек

салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем

салықтар (төлемдер) бойынша берешек

салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


Жиыны











І бөлім. Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар



салық












өсімпұл












айыппұл












анықталмаған түсімдер

х

х

х

х



х

х



Жиыны











II бөлім. Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар



салық












өсімпұл

х

х

х

х



х

х




айыппұл

х

х

х

х



х

х




анықталмаған түсімдер

х

х

х

х



х

х



Жиыны











      Ескертпе: * Есеп кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларының есепке ала отырып ұсынылды.

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бас бухгалтер немесе құрылымдық

      бөлімшеге басшылық ететін адам ______ ____________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Орындаушы ______ ____________________________

      қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" (бұдан әрі – Жиынтық есеп) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Жиынтық есепті мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін қалыптастырады және республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылады.

      3. Жиынтық есеп төлемдер журналы мен салық төлеушілердің жеке шоттарының деректері негізінде теңгеде толтырылады.

      4. Жиынтық есепке мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің орындаушысы мен басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдар қол қояды.

2-тарау. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме

      5. Жиынтық есептің І "Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар" бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.

      6. Жиынтық есептің ІІ "Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар" бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.

      7. Жиынтық есептің 1-бағанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.

      8. Жиынтық есептің 2-бағанында БСК атауы көрсетіледі.

      9. Жиынтық есептің 3-бағанында төлем (анықталмаған салық, өсімпұл, айыппұл) түрі көрсетіледі.

      10. Жиынтық есептің 4-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.

      11. Жиынтық есептің 5-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем сомасы көрсетіледі.

      12. Жиынтық есептің 6-бағанында "қоса есептелгендер" операцияларын қоса алғанда, бюджетке есептелген салық (төлем) сомасы көрсетіледі.

      13. Жиынтық есептің 7-бағанында бюджетке салықтар (төлемдер) азаю сомасы көрсетіледі.

      14. Жиынтық есептің 8-бағанында есепті жылдағы бюджетке салықтар (төлемдер) түсімі көрсетіледі.

      15. Жиынтық есептің 9-бағанында есепті жылдағы салықтар (төлемдер) бюджеттен қайтарылған (есепке жатқызылған) сомасы көрсетіледі.

      16. Жиынтық есеп нысаны бойынша қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтарды (төлемдерді) алып тастағандағы (9-баған) салықтар (төлемдер) түсімдерінің қорытынды сомасы (8-баған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке алынуға және бөлінуге жататын түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) республикалық бюджеттің, тиісті жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептерде көрсетілген түсімдер бойынша деректерге сәйкес келеді.

      17. Жиынтық есептің 10-бағанында есепті жылдың салық міндеттемесінің өзгерген орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы көрсетіледі.

      18. Жиынтық есептің 11-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.

      19. Жиынтық есептің 12-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлеу сомасы көрсетіледі.

      20. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері:

      1) бюджет түсіміне әсер ететін негізгі факторларға;

      2) салықтық түсімдердің жалпы сомасына үлес салмағын көрсете отырып, БСК бөлінісінде неғұрлым ірі бюджетке салықтық түсімдердің есептелген және төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларына;

      3) бересі мен артық төлемнің туындау себептеріне талдауды жүзеге асырады.

      Талдау бойынша деректер есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей, жартыжылдық үшін – ағымдағы жылдың 10 тамызынан кешіктірмей ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады