"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № ҚР ДСМ-21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 наурызда № 22285 болып тіркелді

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

      7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жұмыс істемейтін қандастар;";

      жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларына:

      3-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;

      жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М. Шорановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен кейін күшіне енеді және 2020 жылғы 01 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 27 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-21 бұйрығына
1-қосымша
  Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу (ұстап
қалу) және аудару қағидалары
мен мерзімдеріне
4-қосымша
  Нысан

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) _________ күні _______ сағ._______ мин жағдай бойынша өтінім

      Есепті кезең 20__ж.

      Индекс: қажеттілік

      Кезеңділігі: ай сайын

      Өтінім ұсынатын тұлғалар тобы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Тапсыру мерзімі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.

Мекеме 226

Бағдарлама 066

Кіші бағдарлама 102

Ерекшелігі 351

Төлем түрі

Саны, адам

Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, %

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге

Сомасы, теңге

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер









оның ішінде:









балалар









жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар









жұмыс істемейтін жүкті әйелдер









осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)









жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар









мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар









бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адам









зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері









қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар)









тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар









жұмыс істемейтін қандастар









"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар









мүгедектер









орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар









жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар









Жиыны





      Атауы: ____________________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      тел. ______________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушының тегі және телефоны ___________________________________

      Басшы _____________________________________________________________

                              (Т.А.Ж.) (бар болса)                         (Қолы)

      М.О. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 27 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-21 бұйрығына
2-қосымша
  Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың
артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  "Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры"
коммерциялық емес
акционерлік қоғамы
Басқармасының төрағасына
_________________________
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетілсін)

Өтініш

      _________________________________________________________________

      (аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеушінің немесе төлеуші банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      20__ ж ______ _____ №___ төлем тапсырмамен, референс__________ аударылған аударымдардың және (немесе) жарнаның және (немесе) өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын:

№ р/с

ЖСН

Тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда)

Кезең

Төленген сомасы

Қайтарым сомасы

1






2






3











N






      атына қайтаруды жүргізуді сұраймын, төлемнің жалпы сомасы ________, қайтарылатын жалпы сомасы ________.

      Кейінгі төлемдермен түзету мынадай себепке байланысты мүмкін емес (қажеттісін белгілеу керек):


1. Төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударылған;

2. Артық есептелген (бөлшектеп қайтару);

3. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28 бабының 7-тармағына сәйкес аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған, олар үшін жарнаны мемлекет төлейтін адамдар үшін қате аударылған;

4. Төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

5. Төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;

6. Төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

7. Аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат қордың шотына қате аударылды;

8. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған;

9. "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған адамдар.

      Қайтаруды келесі деректемелер бойынша жүргізуді (керегін белгілеу) сұраймыз:


төлем тапсырмасында көрсетілген банк деректемелеріне (құжат);

банктік деректемені ауыстырған кезде келесі деректемелерді толтыру қажет:

      Төлеушінің атауы: _______________

      ЖСН (БСН): ____________________

      Төлеушінің БСК: _________________

      Төлеушінің банкі: ________________

      Төлеушінің ЖСК (IBAN): ________________________________

      (20-сандық ағымдағы дербес банктік есеп-шоты)

      Қосымша:

      1) жарналарды пайдасына жүргізген жеке тұлғадан соманы қайтаруға келісімі туралы арызы (қажет болған жағдайда);

      2) төлем құжатының көшірмесі не аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың төленгенін растайтын құжат.

      Басшы _____________________________________/______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / қолы)

      Бас бухгалтер (болған жағдайда)________________/_______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / қолы)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады (факсимильді қолтаңбаға жол берілмейді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады