"Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 наурызда № 22407 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бидайды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімінің, сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС – Рөңдеу – Шөңдеу)/Кқ

      мұнда:

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – ҚР СЖРА ҰСБ) қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

      Ииф – инфляция деңгейі, % (алдыңғы жылы ресми статистикалық ақпарат);

      ҚҚС – қосылған құн салығы (12%);

      Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);

      Шөңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Нсуб = Бкеп.сат – Бсат

      мұнда:

      Нсуб – өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім комиссияның хаттамалық шешімімен бекітіледі.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындауға арналған есептік көрсеткіш болып табылады.

      Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі төмендейді, ал төмендеген субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Нсуб. қысқарт = Бн.сат – Бсат

      мұнда:

      Нсуб.қысқарт. – өнім бірлігіне арналған субсидиялар төмендеген нормативі, теңге/килограмм;

      Бн.сат – нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Бидайдың сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС –Рөңдеу/Кқ – Шөңдеу + Тж – Қш,

      мұнда:

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе ҚР СЖРА ҰСБ қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

      Ииф – инфляция деңгейі, % алдыңғы жылғы ресми статистикалық ақпарат;

      ҚҚС – қосылған құн салығы (12%);

      Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті;

      Шөңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

      Тж – бастапқы шикізатты өңдеу кезінде жанама (басқа) өнімнен алынатын, бастапқы шикізаттың бір килограмына келтірілген табыс;

      Қш – сатып алуға жұмсалатын қосымша шығындар.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасының белгіленген деңгейі негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Нсуб = Бкеп.сат – Бсат

      мұнда:

      Нсуб – өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім комиссияның хаттамалық шешімімен бекітіледі.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындауға арналған есептік көрсеткіш болып табылады.

      Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша төмендейді:

      Нсуб. қысқарт = Цн.сат – Цсат

      мұнда:

      Нсуб.қысқарт – өнім бірлігіне арналған төмендеген субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Цн.сат. – нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Цсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Респубикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 91 бұйрығына
1-қосымша
  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенттері

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы Тереңдете өңделген өнімдердің атауы Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті
1 2 3

Сүт

Сары май

22,5

Сүт

Қатты ірімшік

12,0

Сүт

Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)

7,3

Бидай

Биоэтанол

3,2

Бидай

Бидайдың құрғақ дән маңызы (бидай глютені)

9,5

  Қазақстан Республикасының
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2021 жылғы 25 наурыздағы
  № 91 бұйрығына 2-қосымша
  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
  шаруашылығы өнімін тереңдете
  өңдеп өнім өндіруі үшін оны
  сатып алу шығындарын
  субсидиялау қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

      ____________________________________________ жергілікті атқарушы органына

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)

      кімнен: ________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған), биоэтанол, құрғақ бидай дәнінің маңызы (бидай дәнінің глютені)* өндіру үшін _____ килограмм көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға _______________________ теңге (сома цифрмен және жазбаша) мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _______________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________________

      мекенжайы:__________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)______________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _______________________________________________________

      кім берді_____________________________________________________

      берілген күні _________________________________________________

      мекенжайы:___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _________________________________________

      Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _______________________________________________

      хабарламаның берілген күні _____________________________________

      2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН ____________________________________________________

      бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ____________________________

      банктің немесе почта операторының деректемелері: ___________________

      банктің немесе почта операторының aтауы: ______________________

      банктің сәйкестендіру коды ____________________________________

      жеке сәйкестендіру коды _____________________________________

      БСН ______________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер**:

Шот-фактура нөмірі Шот-фактураның берілген күні Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм Бағасы, килограмына теңге, ҚҚС-ны есептемегенде Құны, теңге Сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы
1 2 3 4 5 6 7 8

















Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі)







      4. Тиесілі субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):

Тереңдете өңделген өнімнің атауы Өндірілген өнімнің көлемі, килограмм Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі Шот-фактурадан алынған деректер бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, килограмм Субсидия нормативі, теңге/ килограмм Қысқартылған субсидия нормативі, теңге/ килограмм (бар болса) Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге
















      Ескертпе:

      * бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңдеу өнімдерінің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке-жеке беріледі;

      ** әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке-жеке толтырылады.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "___"______ сағат _______ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады