"Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 22560 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 18237 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Кәсіпкерлікті қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 14 сәуірдегі
№ 41 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 10 бұйрығымен
бекітілген

Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары (бұдан әрі – Талдау қағидалары) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес әзірленді және басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде берілетін қаражатты мақсатты пайдалануына талдау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – қаржы агенттігі) Қаулы шеңберінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалануын мониторингілеуді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге, "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына берілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы және уақтылы игерілуі бойынша ақпарат жинауды және оны талдауды жүзеге асырады.

      3. Осы Талдау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) – Қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберіндегі қатысушы, компания;

      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты (бұдан әрі – АӨК субсидиялау шарты) – қарыз алушы, жұмыс органы мен қаржы институты арасында жасалатын, субсидияларды аударудың тәртібі мен талаптарын, тараптардың жауапкершілігін көздейтін қағаз және электрондық түрде жасалған жазбаша келісім;

      3) банк (бұдан әрі – ЕДБ) – екінші деңгейдегі банк, Тетік шеңберіндегі қатысушы;

      4) банктік қарыз шарты – ЕДБ/"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге Тетік шеңберінде банк кредиті, сондай-ақ кредиттік желі ашу туралы келісім беріледі.

      Аталған шарт ақпараттық банк жүйесінде сәйкестендірілуге жатады;

      5) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ өз қызметін Тетік шеңберінде Кодекске сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ЖКС);

      6) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚДБ) – қарыздарды тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен беретін Тетік шеңберіндегі қатысушы;

      7) қаражат – Тетік шеңберінде АНК облигациялар шығару кезінде, ЕДБ алған ақша қаражаты;

      8) қарыз шарты – оның талаптары бойынша кәсіпкерге кредит берілетін АНК мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, сондай-ақ Тетік шеңберінде кредиттік желі ашу туралы келісім.

      Осы шарт АНК ақпараттық жүйесінде сәйкестендірілуге жатады;

      9) кредит – ЕДБ/ҚДБ банктік қарыз шартының негізінде, АНК қарыз шартының негізінде кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану талаптарымен беретін ақша сомасы;

      10) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын болашақта белгілі бір шарттарды орындауының орнына кәсіпкер кредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;

      11) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, ЕДБ/ҚДБ және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ЕДБ/ҚДБ берген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      12) уақытша бос қаражат – кәсіпкерлердің бұрын берілген кредиттерді өтеуден босатылатын қаражат сомасы.

2-тарау. Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізу тәртібі

      4. Қаржы агенттігі ЕДБ, АНК берген ақпараттың негізінде ЕДБ, АНК ЖКС мақсатты және уақтылы қаржыландыруы бойынша деректерді жинауды және талдауды жүзеге асырады.

      5. Деректердің талдауы Тетік шеңберіндегі ұсынылған ЕДБ, АНК лимиттері жөніндегі ақпаратты шоғырландыруды, ЕДБ, АНК және ЖКС тарапынан қаражаттың уақтылы және мақсатты пайдаланылуын, берілген кредиттердің жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі жөніндегі ақпаратты, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіріс жөніндегі деректерді қамтиды.

      6. ЕДБ-нің, АНК-нің Тетік шеңберінде қаражатты уақтылы игеру және мақсатты пайдалану талаптарын орындауы туралы ақпаратты жинау және талдау үшін, қаржы агенттігі мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      ЖКС берген кредиттер бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау;

      уақытша бос қаражаттың қалдықтары бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау;

      Тетік шеңберінде ЖКС қаржыландырудың әлеуметтік-экономикалық әсері бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау;

      қаражатты игеру кезеңі бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау;

      ЕДБ-нің және АНК-нің қаражатты мақсатты пайдалануы, оның ішінде ЕДБ және АНК-нің Тетік шеңберінде ЖКС қаржыландыру талаптарын сақтауы бойынша деректерді жинау және талдау;

      Тетік шеңберінде олармен субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің кредитті мақсатты пайдалануына талдауды жүзеге асыру.

      7. Аванстық қорландыруды алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған ЕДБ, АНК қаражатын игеру кезеңі орналастырылған облигациялардың әрбір траншы бойынша олар ЕДБ, АНК шотына түскен күннен бастап 12 (он екі) айдан аспауға тиіс.

      ЕДБ, АНК қаражатты игеру кезеңінің басталу күні қаражат ЕДБ, АНК шотына келіп түскен күннен бастап айқындалады.

      Қаражатты уақтылы игеру қаражатты игеру кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей Тетік шеңберінде ЖКС-пен банктік қарыз шартын, қарыз шартын жасасу болып табылады.

      8. ЕДБ, АНК қаржы агенттігіне осы Талдау қағидаларына 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде берілген кредиттер бойынша:

      1) осы Талдау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тетік шеңберінде ЕДБ-нің, АНК-нің бөлінген қаражатты игеруі және мақсатты пайдалануы туралы;

      2) осы Талдау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тетік шеңберінде қаржыландырылған ЖКС кредиттік қоржынының сапасы туралы;

      3) осы Талдау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тетік шеңберінде уақытша бос қаражат туралы есептерді ұсынады.

      9. ЕДБ, АНК қаражаттың игерілуі және мақсатты пайдаланылуы туралы ақпарат бермеген жағдайда қаржы агенттігі осы Талдау қағидаларына 1-қосымшада көзделген мерзім өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЕДБ-ға, АНК-ге ақпарат беруі қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.

      ЕДБ, АНК хабарлама түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қажетті ақпаратты қаржы агенттігіне жолдайды.

      Ұсынылған ақпаратқа ескертулер анықталған жағдайда 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, қаржы агенттігі электрондық сұрату/ресми хат түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЕДБ-нің, АНК-нің анықталған ескертулерді жою бойынша ақпарат беру қажеттігі туралы талаппен ЕДБ-ға, АНК-ге электрондық поштамен сұрату және ресми хат жолдайды.

      10. Қаржы агенттігі Тетіктің 7-тармағына сәйкес Тетік шеңберінде субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитінің мақсатты пайдаланылуын мониторингілеуді жүзеге асырады.

      11. Тетік шеңберінде АӨК субсидиялау шарты жасалған агроөнеркәсіптік кешенінде өндіру және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларды мониторингілеу Тетіктің 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға осы Талдау қағидаларына 1-қосымшада белгіленген мерзімдерде осы Талдау қағидаларына 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес есептерді ұсынады.

  Басым жобаларға кредит беру
тетігінің шеңберінде ұсынылған
қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің, мақсатты
пайдалануын талдау
қағидаларына
1-қосымша

Берілген кредиттер бойынша есептерді ұсыну мерзімдері

Р/с №

Есеп нысанының атауы

ЕДБ, АНК-нің Қаржы агенттігіне деректерді беру мерзімі

Қаржы агенттігінің кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға есепті ұсыну мерзімі

1

Тетік шеңберінде ЕДБ-нің, АНК-нің бөлінген қаражатты игеруі және мақсатты пайдалануы туралы есеп

Ай сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)

Тоқсан сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 20-сы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)

2

Тетік шеңберінде қаржыландырылған ЖКС кредиттік қоржынының сапасы туралы есеп

Тоқсан сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)

Тоқсан сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-шы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)

3

ЕДБ-нің, АНК-нің бөлінген қаражатты игеруі бойынша есеп

Игеру мерзімі аяқталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде игеру кезеңі аяқталғаннан кейін бір рет (Талдау қағидаларына 5-қосымша)

Игеру мерзімі аяқталғаннан кейін (Талдау қағидалары 2-тарауының 7-тармағы), игеру кезеңі аяқталғаннан кейін 45 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде (Талдау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)

4

Уақытша бос қаражат туралы есеп

Тоқсан сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде (Талдау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)

Тоқсан сайын Тетіктің барлық қолданылу мерзімі ішінде игеру кезеңі аяқталғаннан кейін есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-шы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)

  Басым жобаларға кредит беру
тетігінің шеңберінде ұсынылған
қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің, мақсатты
пайдалануын талдау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тетік шеңберінде ЕДБ, АНК бөлінген қаражатты игеруі және мақсатты пайдалануы туралы есеп (_________ бастап ________ қоса алғандағы кезең ішінде, мың теңге)

Р/с №

Банк

Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары және астанасы бөлінісіндегі Қарыз алушының атауы

Заңдық мәртебесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы, өндірістік кооператив)

Берілген күні

Қарыздың мерзімі, айлар

Қарыздың сомасы

Тетік қаражаты есебінен мақұлданған қарыздың сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Кестенің жалғасы

ЕДБ/АНК қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы

Нақты берілген қаражат сомасы

Тетік қаражаты есебінен нақты берілген сома

ЕДБ/АНК қаражаты есебінен нақты берілген сома

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Кредит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі

10

11

12

13

14

15

16

17









      Кестенің жалғасы

кредит беру объектісі

Қарызға алынған қаражаттың мақсаты (қарызға алынған қаражаттың әр бағытының атауы мен сомасын көрсету арқылы)

өткізілген жері (аудан, қала)

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша секция (әрі қарай - ЭҚЖЖ)

ЭҚЖЖ бойынша төрт таңбалы сынып

Жобаны іске асыру есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны

ЕДБ/АНК уәкілетті органы шешімінің №

ЕДБ/АНК уәкілетті органы шешімінің күні

Бір жылдағы салық төлемдерінің жоспарлы сомасы (максималды жобалық қуаттылыққа шыққан жағдайда), млн. тг. (бизнес-жоспар негізінде)

18

19

20

21

22

23

24

25

26



















      Кестенің жалғасы

Бір жылдағы түсімнің жоспарлы сомасы (максималды жобалық қуаттылыққа шыққан жағдайда), млн. тг. (бизнес-жоспар негізінде)

Банктік қарыз шартының/Кредит желісін ашу туралы келісімнің/қарыз шартының №

Банктік қарыз шартының/Кредит желісін ашу туралы келісімнің/қарыз шартының күні

Қарыз алушының жеке сәйкестендірме нөмірі / Бизнес-сәйкестендірме нөмірі

"Бизнестің жол картасы" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуы / Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (иә/жоқ)

Тетік шеңберіндегі бағыт *

Жеке кәсіпкерлік субъектінің санаты (бұдан әрі- ЖКС) (Шағын бизнес/Орта бизнес/ірі бизнес)

Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына ЖКС сәйкестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына ЖКС жобасының сәйкестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

27

28

29

30

31

32

33

34

35



















      Лауазымды тұлға __________________________Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      * Бағытын көрсету қажет: 1) агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі – АӨК) өңдеу, 2) АӨК-тегі өндіріс, 3) өңдеуші өнеркәсіп және көрсетілетін қызметтер.

  Басым жобаларға кредит беру
тетігі шеңберінде ұсынылған
қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің, мақсатты
пайдалануына талдау жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Тетік шеңберінде қаржыландырылған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – ЖКС) кредиттік қоржынының сапасы туралы есеп (мың теңге)

Р/с №

Екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – ЕДБ) атауы)/ "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (бұдан әрі – АНК)

Бағдарламаның атауы

ЖКС атауы

Жеке сәйкестендірме нөмірі/ Бизнес-сәйкестендірме нөмірі

Өңірдің атауы

Қала, аудан

Келісімнің нөмірі, күні

Шарттың нөмірі, күні

Басталу күні

Аяқталу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Кестенің жалғасы

Қарыз сомасы

Мерзімі өткен берешек, барлығы

Негізгі қарыз сомасы

Сыйақы сомасы

Мерзімін өткізугешығу күні

Кесте бойынша соңғы өтеу күнінен кейінгі күндер саны

Қарыздар бойынша қарыз берешегінің қалдығы

Жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартының № және күні

Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары бойынша провизиялардың мөлшері _____

Қайта құрылымдалған/мерзімі ұзартылған негізгі қарыз (Қайта құрылымдалған негізгі қарыздың жиыны)

Қайта құрылымдалған/мерзімі ұзартылған негізгі қарыз

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

Барлығы:











      Лауазымды тұлға __________________________Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

  Басым жобаларға кредит беру
тетігі шеңберінде ұсынылған
қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің, мақсатты
пайдалануына талдау жүргізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Тетік шеңберінде уақытша бос қаражат туралы есеп (_________ жылғы ______ тоқсан үшін, мың теңге)

Тетік шеңберіндегі есепті тоқсанның басындағы ЕДБ/АНК бос қаражатының қалдығы

Есепті тоқсанның басындағы Тетікке қатысатын ЕДБ/АНК қаражатының қалдығы (бірлесіп қаржыландырған жағдайда)

Есепті тоқсанның басындағы жеке кәсіпкерлік субъектінің (әрі қарай – ЖКС) ЕДБ/АНК алдындағы негізгі қарызының қалдығы

Есепті тоқсанның басындағы уақытша бос қаражат

Есепті кезең үшін ЖКС қарыздарын беру

Уақытша пайдаланылмағна бос қаражаттың қалдығы

1

2

3

4

5 (2+3-4)

6

7 (5-6)








      Лауазымды тұлға __________________________Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

  Басым жобаларға кредит беру
тетігі шеңберінде ұсынылған
қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің, мақсатты
пайдалануына талдау жүргізу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Бөлінген қаражатты "______________" акционерлік қоғамының игеруі туралы есеп (ЕДБ/АНК қаржы агенттігіне ұсынады, қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынады (мың теңге)

Р/с №

Жеке кәсіпкерлік субъектінің (әрі қарай –ЖКС) атауы

Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

Жеке сәйкестендірме нөмірі/ Бизнес-сәйкестендірме нөмірі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы
жіктеуіші

Іс жүзінде қарыз беру сомасы

Сала (секция)

кіші сала (бөлім)

оның ішінде Тетік қаражаты есебінен

оның ішінде ЕДБ/АНК қаражаты есебінен

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кестенің жалғасы

Қарыз мерзімі, ай

Қарыз валютасы

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі

Кредит келісімінің № және күні

нысаналы мақсаты

Инвестициялар

Айналым қаражатын толтыру

Сомасы

Үлес салмағы, %

Сомасы

Үлес салмағы, %

9

10

11

12

13

14

15

16

17



















      Кестенің жалғасы

Тетік шеңберіндегі бағыт*

ЖКС санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)

Бағдарлама/Тетік шарттарына ЖКС сәйестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

Бағдарлама/Тетік шарттарына ЖКС жобасының сәйестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

18

19

20

21





      1) Тетік шеңберіндегі қаражатты екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ), "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) игеруі бойынша қаржы агенттігінің қысқаша талдауы мен тұжырымдары.

      (қаражатты игеру/ЕДБ/АНК бөлінісінде берілген қарыздар, ЖКС санаттары бойынша, қызметітүрлері бойынша, бағыттары бойынша, нысаналы мақсаты бойынша, жоба іске асырылатын орын бойынша бөлу, қысқаша тұжырымдарымен және талдауымен бірге өңірлер бөлінісіндегі ақпарат).

      Лауазымды тұлға __________________________Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      * Бағытын көрсету қажет:

      1) Агроөнеркәсіптік кешендегі (әрі қарай – АӨК) өңдеу;

      2) АӨК-дегі өндіріс;

      3) өңдеуші өнеркәсіп және қызметтер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады