Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 590 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23590 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 12 шілдедегі
№ 590 бұйрығымен бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелді):

      "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

заңды тұлға үшін оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша;
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш;
осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы өтініш (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтініш;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
сенімхат (өтініш беруші сенім білдірілген тұлға арқылы жүгінген жағдайда). Салыстыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады;
бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын құжат, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төленгенін растайтын құжат.
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш;
тіркеу алымы сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төлемді растайтын құжат.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді қызметкер тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
2) www. egov. kz порталы арқылы:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (сұрау салу);
"электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

      2. "Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4939 болып тіркелген):

      "Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2)өтініш;
3) құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжат;
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. "Электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – портал):
1) электрондық – цифрлық қолтаңбамен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді толтырады;
заңды тұлға мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді толтырады.
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлем туралы мәліметтерді жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу басқармасы (бөлімі) "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

      3. "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркеліп):

      "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
егер кондоминиум объектісін тіркеу сәтіне дейін жер учаскесіне құқық тіркелмеген болса, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты;
кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жер учаскесіне сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құжаттарды қабылдау және беру қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
2) порталға жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, кемінде екі пәтер, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары меншік иесінен ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесі (жергілікті атқарушы органдардың шешімі), жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының сканерленген көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, кондоминиум объектісін тіркеу үшін төлемді растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі.
Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
Су шаруашылығы құрылысының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты;
ортақ үлестік меншік құрамына кіретін гидромелиоративтік жүйе элементтерінің және басқа да мүліктің тізбесі бар гидромелиоративтік жүйенің сызбасы (арналар, су беруді реттеуге арналған құрылыстар, коллекторлық-дренаждық желілер, тік дренаж ұңғымалары, электр желілері, электр жабдығы, сорғылар, осы құрылыстардың бұру жолдарының астындағы жерлер);
гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншіктегі (өзге құқықтағы) барлық жер учаскелеріне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі);
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау кезінде жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы тиісті тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылады;
7) кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат.

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

      4. "Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін "Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8469 болып тіркеліп):

      "Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша:
жүгіну кезінде:
1) қызмет көрсетушіге:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін),
сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
жылжымайтын мүлік объектісін жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне пайдалануға қабылдау актісі және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты;
тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес төлемді растайтын құжат.
жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтерден алшақтықтарды белгілеу туралы қорытындыны беру бойынша:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны алуға өтініш;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
бар болған жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, техникалық паспортты беру үшін төлемді растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады:
мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш берген кезде ақы төлеу тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызметтердің базалық құны түрінде жүргізіледі;
Мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған кезде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы (қосымша ақы) жүргізіледі;
Пәтерді, жатақханалардағы бөлмелерді және жапсарлас үй-жайларды техникалық тексеруге өтініш білдірген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылмайды.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. 2) порталға:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау актісінің және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтерден алшақтықтарды белгілеу туралы қорытындыны беру бойынша:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
бар болған жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, техникалық паспортты беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі екі кезеңде ұсынылады:
мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш берген кезде ақы төлеу тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызметтердің базалық құны түрінде жүргізіледі;
Мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған кезде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы (қосымша ақы) жүргізіледі;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

      "Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша:
Жүгіну кезінде:
1) қызмет көрсетушіге:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық паспорттың телнұсқасын беруге өтініш.
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;
тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес төлемді растайтын құжат;
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. 2) порталға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

      5. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 болып тіркелген):

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерінде

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты не көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттамалары сервисінен электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі қамтылған мәліметтермен тексереді (сәйкестендіру үшін).

      Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолының төлнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеруге міндетті.

      Мәмілені жасаған қол қоюшылардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) түпнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеру рәсімінің аяқталуын растау көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің шарт даналарына белгі қоюы және қол қоюы болып табылады.

      Осы Қағидаларға сәйкес құжаттар топтамасы толық қабылданбаған немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде қабылдау және беру бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтіні және оны сәйкестендіру мерзімі туралы хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Cтандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабардар етеді.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен жүгіне алады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы қолдаухатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша береді.";

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
Ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар не олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариат тәртібімен куәландырылған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.
Ортақ үлестік меншік құқығының (өзге де жалпы құқықтың) туындауын, өзгеруін, тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар (уәкілетті өкілдер) береді.
2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынады.
Жер учаскесіне құқық (ауыртпалық) тіркелген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады.
Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылады);
3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын құжат.
Құқықтар (ауыртпалықтар) шарт немесе өзге де мәміле негізінде туындаған жағдайларда, оларды нотариат куәландырмаған кезде өтінішті мәміленің барлық қатысушылары белгіленген тәртіппен береді.
Банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілдің туындауы мен өзгеруін тіркеуге өтінішті кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы береді. Кепіл ұстаушы өтініш берген жағдайда, мұндай тіркеуге кепіл берушінің нотариат куәландырған келісімі талап етіледі.
Екінші деңгейдегі банктер жасасатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу мынадай тәртіппен жүргізілуі мүмкін:
Екінші деңгейдегі банк Жылжымайтын мүлік кепілі шартын жасасқаннан кейін:
мәмілеге қатысушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымайтын мүлік кепілі шартының электрондық көшірмесін Екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жібереді;
өтініш берушіні (өтініш берушінің уәкілетті өкілін) жылжымайтын мүлік кепілі шартының Екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесі берген бірегей нөмірі туралы хабардар етеді;
өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ЭҮТШ арқылы мемлекеттік тіркеу үшін төлемді мемлекеттік тіркеу үшін төлем төлеушінің деректерін және жылжымайтын мүлік кепілі шартының бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, ақы төлеуді жүргізеді.
Жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін жүргізілген төлемнен кейін чектің деректемелері (төлемнің бірегей коды, төлем алушының атауы, Екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, төлем сомасы, төлеу күні мен уақыты, жылжымайтын мүлік кепілі шартының бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-да сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі.;
Тіркеуші орган:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда ЭҮТШ-да жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін төлемді, төлемнің толықтығын және электрондық чекте және жылжымайтын мүлік кепілі шартының электрондық көшірмесінде көрсетілген жылжымайтын мүлік кепілі шартының бірегей нөмірінің сәйкестігін растайтын электрондық чектің болуын тексереді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені расталған жағдайда, жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге келіп түскен құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексереді;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тіркеуші орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру туралы жазба енгізеді.
Екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесіне заңнамада көзделген негіздерді көрсете отырып, жүргізілген тіркеу не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді;
тіркеу ісінде сақтау үшін жылжымайтын мүлік кепіл шартын, жүргізілген тіркеу туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады.
Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде кепілдің туындауы мен өзгеруін тіркеуге өтінішті кепіл берушінің келісімінсіз осындай тіркеуге құқық (талап ету) берілген кепіл ұстаушы береді.
Неке шарты болған кезде осы Шарт екі данада ұсынылады, оның біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.
Деректері құқық белгілейтін құжатта қамтылмаған басқа жұбайдың құқықтарын тіркеу үшін "неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұру фактісінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді не неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетеді.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген кезде өзгерістерді тіркеу туралы өтінішті осындай өзгерістер жататын құқық иесі береді.
Бұл ретте заңды тұлғалар, сондай-ақ:
құрылтай құжаттары;
"Акционерлік қоғамдар туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда, жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен шығаруға құрылтайшылар (қатысушылар, Директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жиналыстарының хаттамалары (олардан үзінді көшірмелер).
Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады.
Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететіні туралы мәліметтер қамтылса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады.
Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.
Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың түпнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай құжаттың куәландырылған екі көшірмесі ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Құжаттарды ЭҮП арқылы берген жағдайда өтініш беруші электрондық өтінімнің белгіленген нысанын толтырады, сканерленген құжаттарды тіркейді осы стандарттардың 8-тармағына сәйкес электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлем жүргізеді

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады