"Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қарашада № 25368 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) "Инновациялық қызмет туралы есеп" (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) "Инновациялық қызмет туралы есеп" (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) "Лизингтік қызмет туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) "Лизингтік қызмет туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұскаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

      5) "Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп" (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

      6) "Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп"(индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

      7) "Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп" (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

      8) "Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп" (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін;

      9) "Көрсетілген IT қызметтердің көлемі туралы есеп" (индексі 2-қызмет көрсету (IT), кезеңділігі жылдық)" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;

      10) "Көрсетілген IT қызметтердің көлемі туралы есеп" (индексі 2-қызмет көрсету (IT), кезеңділігі жылдық)" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес";

      осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес 9, 10 қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Басшысының
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 34 бұйрығына
1- қосымша



 

Мемлекеттік статистика органдары құпиялығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
Статистическая форма общегосударственного статистического наблюдения

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2020 жылғы 21 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
9-қосымша

Көрсетілген IT қызметтердің көлемі туралы есеп Отчет об объеме оказанных IT услуг

Индексі
Индекс

2-қызмет көрсету (IT)
2-услуги (IT)

жылдық
годовая

есепті кезең
отчетный период



жыл
год

 
Қызметкерлердің санына қарамастан Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 58.2; 62; 63.1 кодтарына сәйкес IT қызмет көрсету саласында негізгі қызмет түрі бар заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, сондай-ақ іріктемеге түскен дара кәсіпкерлер ұсынады
Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения, независимо от численности, а также попавшие в выборку индивидуальные предприниматели с основным видом деятельности в сфере IT услуг, согласно кодам Общего классификатора видов экономической деятельности 58.2; 62; 63.1.
Ұсыну мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 30 наурызға (қоса алғанда) дейін
Срок представления – до 30 марта (включительно) после отчетного периода

БСН коды
код БИН



ЖСН коды
код ИИН



1. Көрсетілген қызметтің нақты орнын көрсетіңіз (кәсіпорынның тіркелген жеріне қарамастан) өңірді – облыс, қала, аудан
Укажите фактическое место оказания услуг (независимо от места регистрации предприятия) – область, город, район



1.1 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес аумақ коды (ӘАОЖ) (респондентстатистикалық нысанды қағаз жеткізгіште ұсынған кезде аумақтық статистика органының тиістіқызметкері толтырады)
Код территории согласно Классификатору административно-территориальных объектов (КАТО) (заполняется соответствующим работником территориального органа статистики при представлении респондентом статистической формы на бумажном носителе)



      2. Көрсетілген IT қызметтердің көлемі туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңгеУкажите информацию об объеме оказанных IT услуг, тысяч тенге

Жол коды
Код строки

ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрлерінің атауы
Наименование видов услуги по ОКЭД

ЭҚЖЖ1 коды
Код ОКЭД1

Көрсетілген қызметтердің көлемі – барлығы, мың тенге
Объем оказанных услуг – всего, тысяч тенге

Cоның ішінде қызмет алушылар:
В том числе услугополучатели:

резиденттер
резиденты

резиденттер емес
нерезиденты

заңды тұлғалар
юридические лиц

жеке тұлға
физические лица

шетелде көрсетіл ген қызмет көлемі
объем оказанных услуг за рубежом

алушы елдер
страна получателя

мемлекеттік меншік государ
ственная собствен ность

жеке меншік частная
собственность

одан
из них

шетелдік қатысуымен бірлескен меншік
иностранная собственность

бірлескен кәсіпорындардың шет ел қатысқан меншігі
собственность совместных предприятий с иностранным участием

А

Б

В

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Барлығы
Всего

Х









      Ескертпе:

      Примечание:

      1 Мұнда және бұдан әрі ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының www.stat.gov.kz интернет-ресурсындағы "Жіктеуіштер" бөлімінде орналастырылған

      1 Здесь и далее ОКЭД – Общий классификатор видов экономической деятельности, размещен на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан www.stat.gov.kz, в разделе "Классификаторы"


соның ішінде:
в том числе:










1.1

Компьютерлік ойындар шығару
Издание компьютерных игр

58.21.0









1.2

Өзге де бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару
Издание прочего программного обеспечения

58.29.0









1.3

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
Разработка программного обеспечения

62.01.1









1.3.1

оның ішінде жергілікті қамту
из них местное содержание










1.4

Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу
Сопровождение программного обеспечения

62.01.2









1.4.1

оның ішінде жергілікті қамту
из них местное содержание










1.5

Акпараттық технологиялар саласындағы консультациялық және практикалық қызметтер
Консультационные и практические услуги в области информационных технологий

62.02.1









1.6

Коммерциялық ақпараттық жүйелерді жоспарлау және жобалау
Планирование и проектирование коммерческих информационных систем

62.02.2









1.7

Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту аясында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару жөніндегі қызмет
Деятельность по управлению информационно-коммуникационной инфраструктурой в рамках формирования и развития государственных электронных информационных ресурсов и систем

62.03.1









1.8

Ақпараттық –коммуникациялық құрал-жабдықтарды басқару жөніндегі бойынша қызмет
Деятельность по управлению информационно-коммуникационным оборудованием

62.03.2









1.9

Мемлекеттік органдар, мекемелер және ұйымдардың функцияларын автоматтандыру аясында ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері
Другие виды деятельности в области информационных технологий и информационных систем в рамках автоматизации функций государственных органов, учреждений и организаций

62.09.1









1.10

Киберқауыпсіздік саласындағы қызмет
Деятельность в области кибербезопасности

62.09.2









1.11

Басқа топтамаларға енгізілмеген ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері
Другие виды деятельности в области информационных технологий и информационных систем, не включенные в другие группировки

62.09.9









1.12

Қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер
Размещение приложений (прикладных программ) и связанная с этим деятельность

63.11.1









1.13

Ақпараттық жүйелер мен деректер базасын сүйемелдей отырып, әдіснамалық-ақпараттық қамтамасыз ету
Информационно-методологическое обеспечение с сопровождением информационных систем и баз данных

63.11.2









1.14

Веб-порталдардың қызметі
Деятельность веб-порталов

63.12.0









1.14.1

оның ішінде жергілікті қамту
из них местное содержание










      3. Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттісін қоршаңыз)Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)

1 сағатқа дейiн

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық

до 1 часа

более 40 часов

      Атауы                                     Мекенжайы (респонденттің)

      Наименование ______________________ Адрес (респондента) _____________________

      _________________________       _____________________________________

      Телефоны (респонденттің) ________________________________ ________________

      Телефон (респондента)             стационарлық                   ұялы

                                          стационарный                   мобильный

      Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)

      Адрес электронной почты (респондента) ______________________________________

      Орындаушы

      Исполнитель ______________________________ _______________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны (орындаушының)

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)       подпись, телефон (исполнителя)

      Бас бухгалтер

      Главный бухгалтер ________________________________ _________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)       қолы (бас бухгалтердің)

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)       подпись (главного бухгалтера)

      Басшы немесе оның

      міндетін атқарушы тұлға

      Руководитель или лицо,

      исполняющее его обязанности ________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)       қолы

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)            подпись

      Ескертпе:

      Примечание:

      Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады

      Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях"

  Басшысының
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 34 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2020 жылғы 21 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
10-қосымша

"Көрсетілген IT қызметтердің көлемі туралы есеп" (индексі 2-қызмет көрсету (IT), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы "Көрсетілген IT қызметтердің көлемі туралы есеп" (2-қызмет көрсету (IT), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Көрсетілген IT қызметтердің көлемі туралы есеп" (2-қызмет көрсету (IT), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.

      2. Осы статистикалық нысанды Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) төменде келтірілген кодтарына сәйкес IT қызмет көрсету саласында негізгі қызмет түрі бар респонденттер ұсынады:

      1) 58.2 - бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару;

      2) 62 - компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер;

      3) 63.1 - ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет.

      3. Статистикалық нысанды IT қызмет көрсету саласында негізгі қызмет түрі бар заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, сондай-ақ іріктемеге түскен дара кәсіпкерлер ұсынады.

      Заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері егер оларға заңды тұлғалар статистикалық нысандарды тапсыру бойынша өкілеттік берсе, онда олар өзі орналасқан жері бойынша статистикалық нысандарды ұсынады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелердің мұндай өкілеттіктері болса, онда заңды тұлғалар статистикалық нысандарды олардың орналасқан жерін көрсете отырып, құрылымдық және оқшауланған бөлімшелер бөлінісінде ұсынады.

      4. 2-бөлімнің 1-бағанында "Көрсетілген қызметтер көлемі" көрсеткіші кәсіпорындардан, мекемелерден, халықтың көрсетілген қызметтерге үшін төлемінен түскен қаражат мөлшерінде көрсетілген қызметтердің құнын қамтиды.

      Көрсетілген қызметтер көлеміне оларға төлем уақыты бойынша емес, олардың өндіріс процесіне кіру сәтіндегі қызметтерді ұсынумен байланысты барлық шығындар қосылады:

      1) көліктік-дайындау шығыстарын ескерумен негізгі материалдардың, шикізаттың құны;

      2) өндірістік және өзге де қажеттіліктерге (сынақ өткізу, бақылау) пайдаланылатын, сатып алынатын материалдардың құны;

      3) отын, сондай-ақ қызметтің өндірісі үшін пайдаланылатын энергияның (электрлік, жылу, сығылған ауа) барлық түрлерін сатып алуға және өзге де коммуналдық қызметтерге арналған шығындар;

      4) табиғи шикізатты пайдаланумен байланысты шығындар (су шаруашылығы жүйесінен алынған суға төлем, түбірімен босатылатын сүрек үшін төлем бөлігінде);

      5) бөгде субьектілер орындаған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны;

      6) өзге де материалдық шығындар;

      7) жалақы төлеуге шығыстар;

      8) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, іссапар, өкілдік шығыстар, қайырымдылық көмек және өзге де шығыстар;

      9) кеңес беру, тергеу жүргізу бойынша және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жарнама, банк қызметтері сияқты бөгде ұйымдар көрсеткен қызметтер құны;

      10) ағымдағы жөндеу.

      Көрсетілген қызметтер көлеміне ғимараттар мен ғимараттардың құрылысына немесе күрделі жөндеуіне, машиналар мен жабдықтарды оларды пайдалану мерзімін арттыру және өнімділігін көбейту мақсатында жаңарту (негізгі капиталдың жалпы жинақталуы) және жөндеуге жұмсалған шығыстар қосылмайды.

      Көрсетілген қызметтердің құны қосымша құн салығынсыз ағымдағы бағада есепке алынады.

      2-бөлімнің 2 – 6-бағандарында көрсетілетін қызметті алушылар резиденттер болып табылатын IT қызметтердің көлемі көрсетіледі.

      2-бөлімнің 2 – 5-бағандарында IT қызметтердің көлемі көрсетіледі, олардың көрсетілетін қызметті алушылары меншік нысандары бойынша егжей-тегжейлі көрсетілген заңды тұлғалар болып табылады.

      6-бағанда көрсетілетін қызметті алушылары жеке тұлғалар болып табылатын IT қызметтердің көлемі көрсетіледі.

      2-бөлімнің 7 – 8-бағандарында көрсетілетін қызметті алушылары резидент еместер болып табылатын IT қызметтердің көлемі көрсетіледі.

      2-бөлімнің 7-бағанында шетелде көрсетілген IT қызметтердің көлемі көрсетіледі.

      2-бөлімнің 8-бағанында IT қызметтерді алушының елі көрсетіледі.

      2-бөлімнің 1.1-жолында ЭҚЖЖ 58.21.0 "Компьютерлік ойындарды шығару" кез келген платформалар үшін компьютерлік ойындар құруды қамтиды.

      2-бөлімнің 1.2-жолында ЭҚЖЖ 58.29.0 "Басқа бағдарламалық қамтамасыз етуді басып шығару" операциялық жүйелер; коммерциялық қосымшаларды өз есебінен белгілі бір нарық үшін жалпы қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етуді аудару немесе бейімдеуді қоса алғанда дайын (жеке пайдаланушыларға бейімделмеген) бағдарламалық қамтамасыз етуді шығаруды қамтиды.

      2-бөлімнің 1.3-жолында ЭҚЖЖ 62.01.1 "Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу" мыналарды қамтиды:

      1) бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, түрлендіру және тестілеу;

      2) компьютерлік кодтардың құрылымы мен мазмұнын әзірлеу және (немесе) құру және қолданылуы үшін қажетті копьютерлік кодтарды жазу:

      жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық қамтамасыз етуге жаңартуды, өзгерістер мен толықтыруларды қоса);

      қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық қамтамасыз етуге жаңартуды, өзгерістер мен толықтыруларды қоса);

      деректер базасы;

      веб-сайттар.

      3) клиенттің тапсырысы бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді өзгерту, яғни қолданыстағы қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді клиенттің ақпараттық жүйесінің бағдарламалық ортасында жұмыс істейтіндей етіп түрлендіру және конфигурациялау.

      2-бөлімнің 1.4-жолында ЭҚЖЖ 62.01.2 "Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеуге" тек бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу қызметі ғана кіреді.

      2-бөлімнің 1.5-жолында ЭҚЖЖ 62.02.1 "Ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық және практикалық қызметтерге":

      1) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде жиынтық жабдықтарды және коммуникациялық технологияларды біріктіретін ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей және (немесе) жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін жоспарлау, әзірлеу және дамыту;

      2) тиісті пайдаланушыларды оқыту және іске асырылуы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді, сондай-ақ басқарушы холдингтің, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей және (немесе) жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін қалыптастыруға және (немесе) дамытуға ықпал ететін өзге де қызметтер кіреді.

      2-бөлімнің 1.6-жолында ЭҚЖЖ 62.02.2 "Коммерциялық ақпараттық жүйелерді жоспарлау және жобалауға":

      1) компьютерлік жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етуді және коммуникациялық технологияларды біріктіретін, коммерциялық мақсатта пайдалану үшін ақпараттық жүйелерді жоспарлау және жобалау;

      2) тиісті пайдаланушыларды оқыту кіреді.

      2-бөлімнің 1.7-жолында ЭҚЖЖ 62.03.1 "Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару жөніндегі қызметке": мемлекеттік органдарға, мекемелерге және ұйымдарға ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды технологиялық, техникалық және өзге де басқару бойынша қызметті ұсыну, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық жабдықтары, бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық жүйелерді пайдалану, сондай-ақ техникалық қолдаудың ілеспе қызметтерін ұсыну кіреді.

      2-бөлімнің 1.8-жолында ЭҚЖЖ 62.03.2 "Ақпараттық-коммуникациялық жабдықтары басқару жөніндегі қызметке" клиенттердің ақпараттық-коммуникациялық жабдығын және (немесе) деректерді өңдеу құралдарын жедел басқару және пайдалану бойынша қызметтерді ұсынукіреді.

      2-бөлімнің 1.9-жолында ЭҚЖЖ 62.09.1 "Мемлекеттік органдар, мекемелер және ұйымдардың функцияларын автоматтандыру шеңберінде ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері мемлекеттік органдар, мекемелер және ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің функцияларын автоматтандыру, сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру бөлігінде ақпараттық технологиялар саласындағы қызмет түрлерін қамтиды".

      2-бөлімнің 1.10-жолында ЭҚЖЖ 62.09.2 "Киберқауіпсіздік саласындағы қызметке":

      1) ұйымның ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым объектілерді қорғау;

      2) әлсіздіктерді айқындау;

      3) ақпараттандыру объектілерін қорғауды қамтамасыз етуді мониторингтеу;

      4) интернет-ресурстарды мониторингтеу;

      5) ақпараттық жүйелердің, автоматтандырылған басқару жүйелерінің, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес аппараттық-бағдарламалық кешендердің жұмыс істеу шарттарының өзгермейтіндігін мониторингден қою;

      6) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына жауап қайтару;

      7) қолжетімді барлық арналар бойынша кәсіпорынның шегінен тыс құпия ақпараттың таратылуын бақылау;

      8) қауіпсіздік оқиғаларын талдау және корреляциялау;

      9) ақпараттық қауіпсіздік аудиті;

      10) ақпараттық қауіпсіздік қауіптерін анықтау, талдау және алдын-алу бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу;

      11) ақпаратты криптографиялық қорғаудың құралдарын әзірлеу кіреді.

      2-бөлімнің 1.11-жолында ЭҚЖЖ 62.09.9 "Басқа топтамаларға енгізілмеген, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері":

      1) басқа топтамаларға енгізілмеген, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы өзге де қызмет, сондай-ақ:

      компьютерлерді бұзылғаннан кейін қалпына келтіру;

      дербес копьютерлерді орнату (баптау);

      бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қызметі;

      жұмыс станцияларының, серверлердің, деректерді сақтау жүйелерінің, электр энергетикасы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік құралдарының жұмыс істеу (пайдалану) қабілетін қамтамасыз ету кіреді.

      2-бөлімнің 1.12-жолында ЭҚЖЖ 63.11.1 "Қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер":

      1) серверде ақпараттық ресурстарды орналастыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және осы ресурстарға тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз ету және осымен байланысты қызмет;

      2) веб-сайттарды орналастыру, деректерді ағындық беру қызметі немесе қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру сияқты орналастыру бойынша мамандандырылған қызметтер;

      3) қосымшалар қызметін ұсыну (жалдау);

      4) клиенттерге уақыт бөлу тәртібінде жұмыс істейтін басты есептеу жүйесіне қол жеткізуді ұсынуды қамтиды.

      2-бөлімнің 1.13-жолында ЭҚЖЖ 63.11.2 "Ақпараттық жүйелер мен деректер базасын сүйемелдей отырып, әдіснамалық-ақпараттық қамтамасыз етуге":

      1) отын-энергетикалық кешеннің, жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің және басқа салалар деректерін жинау, талдау және өңдеуге арналған инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

      2) деректерді өңдеу қызметі компаниялардан алынған деректер негізінде мамандандырылған есептерді құрастыру және деректерді кешенді өңдеу, деректер қорларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жұмыстарды қоса алғанда, деректерді автоматты түрде өңдеуді қамтамасыз етуді және деректерді енгізу қызметін қамтиды. Деректерді жинау, талдау және өңдеу мұнай, газ, көмір, уран, тау-кен металлургиялық кешені, жерасты сулары, емдік балшықтар және электр энергиясы, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өңдеу үшін қолданылатын жаңғыртылатын энергия көздері сияқты басқа салаларды қамтиды;

      3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ақпаратты жинау және жүйелеу;

      4) еңбек нарығында тіркелген адамдар мен мемлекеттік әлеуметтік көмек алушы адамдар бойынша деректер банкін өңдеу;

      5) еңбек нарығының кәсіптік құрылымы туралы деректерді қорыту;

      6) еңбек ресурстарының жағдайына кешенді талдау жүргізу;

      7) халықтың өнімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      8) жерді қашықтан зондтау деректерін өңдеу және тарату;

      9) жоғары нүктелі спутниктік навигация жүйесінің деректерін өңдеу және тарату кіреді.

      2-бөлімнің 1.14-жолында ЭҚЖЖ 63.12.0 "Веб-порталдардың қызметіне":

      1) ақпаратты жеңіл іздеуді қамтамасыз ететін Интернет-мекенжайлардың ауқымды деректер базасын жүргізу және әзірлеу мақсатымен іздеу жүйелерін пайдаланатын веб-сайттардың қолдану және форматта ұстау;

      2) Интернет желісінде порталдар ретінде жұмыс істейтін мерзімдік жаңартылып отыратын ақпараттарды ұсынатын бұқаралық ақпарат құралы веб-сайттары сияқты озге де веб-сайттарын жұмыс істеуі кіреді.

      2-бөлімнің 1.3.1, 1.4.1, 1.14.1-жолдарында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген ұйымдардың Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жергілікті қамтуды есептеу жүргізіледі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 16942 болып тіркелген).

      5. Есепті кезеңде қызметі болмаған кезде респондент тиісті жылға арналған бекітілген Респонденттердің жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген осы есепті кезең үшін статистикалық нысандарды ұсынудың ең ерте мерзімдерінің аяқталу күнінен кешіктірмей Қызметінің болмағандығы туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларымен белгіленген тәртіпте ұсынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген).

      6. Осы статистикалық нысанды тапсыру электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электрондық түрде толтыру Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында (https://cabinet.stat.gov.kz/) орналастырылған "Респонденттің кабинеті" арқылы он-лайн режимде жүзеге асырылады.

      7. Ескертпе: Х-бұл позиция толтыруға жатпайды.

      8. Арифметикалық-логикалық бақылау:

      1) 2-бөлім:

      1-баған = ∑ 2, 3, 5, 6, 7-бағандар барлық жолдар бойынша;

      3-баған ≥ 4-баған;

      1-жол = 1.1-жол+ 1.2-жол + 1.3-жол + 1.4-жол + 1.5-жол + 1.6-жол +

      1.7-жол + 1.8-жол + 1.9-жол + 1.10-жол + 1.11-жол + 1.12-жол + 1.13-жол + 1.14-жол;

      1.3-жол ≥ 1.3.1-жол 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-бағандар бойынша;

      1.4-жол ≥ 1.4.1-жол 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-бағандар бойынша;

      1.14-жол ≥ 1.14.1-жол 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-бағандар бойынша.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады