"Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 917 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26462 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 871 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әскери-медициналық мекемелерде медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлері "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ (бұдан әрі – Қор) мен әскери-медициналық мекемелер арасында жасалған медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары негізінде "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) сәйкес көрсетіледі.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әскери-медициналық мекемелерде медициналық көмек көрсету денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Әскери-медициналық мекемелер медициналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған медициналық көрсетілетін қызметтер сапасы жөніндегі комиссия қабылдайтын клиникалық хаттамаларды, сондай-ақ "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр) пайдаланады.

      6. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлері медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға мынадай түрлер бойынша көрсетіледі:

      1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

      2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

      3) мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек;

      4) медициналық оңалту.

      7. Медициналық көмек медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға мынадай жағдайларда ұсынылады:

      1) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеу көзделмейтін амбулаториялық жағдайларда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде;

      2) тәулік бойы медициналық бақылау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақтандырумен бірге төсек-орын беру көзделетін стационарлық жағдайларда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәулік ішінде тәулік бойы бақылау көзделетін "бір күннің" терапиясы және хирургиясы жағдайларында;

      3) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын бере отырып, күндізгі уақытта медициналық бақылау мен емдеу көзделетін стационарды алмастыратын жағдайларда.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін көрсеткені үшін ақы төлеуді "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ақы төлеу қағидалары) Қор жүзеге асырады.

      12. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін көрсеткені үшін ақы төлеу "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Әскери-медициналық мекемелердің медициналық қызметтердің ақылы түрлерін көрсетуден алған ақшасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрық) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде айқындалған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметке байланысты шығындар шеңберінде:

      1) клиникалық хаттамаларға және ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тиісті жылға арналған бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбелеріне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, шығыс материалдарын, сондай-ақ дәріқобдишаларды, арнайы емдік өнімді сатып алуға (қамтамасыз етуге);

      2) "Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес пациенттерді тамақтандыруға және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтауға;

      3) Еңбек кодексіне сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға;

      4) коммуналдық қызметтерге: жылуға, электр энергиясына, ыстық және суық суға ақы төлеуге;

      5) өзге де шығыстарға, оның ішінде "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 44) тармақшасына сәйкес интернетті қоса алғанда, байланыс қызметтеріне, іссапар шығыстарына, ағымдағы жөндеу жүргізуге, үй-жайды жалға алуға, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жанар-жағармай материалдарын, ақпараттық жүйелерге қызмет көрсетуді қоса алғанда, өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға (қамтамасыз етуге), медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуге, банк қызметтеріне ақы төлеуге;

      6) № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрықпен бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларында көзделген тәртіппен уәкілетті орган бекітетін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көрсетілетін қызметтерге (медициналық көрсетілетін қызметтер кешені) тарифтерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарында көзделген жағдайларда негізгі құралдарды жаңартуға;

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларына сәйкес әскери-медициналық мекеменің жеке құрамына сараланған қосымша ақы белгілеуге жұмсалады.

      ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық айыбын төлеу әскери-медициналық мекемелердің медициналық қызметтердің ақылы түрлерін көрсетуден алған ақшасы есебінен жүргізіледі.

      Әскери-медициналық мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын медициналық қызметтердің ақылы түрлерін көрсетуден алған ақшасы есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
М. Бектанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
ҚазақстанРеспубликасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады