Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 6/41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы", 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Қоса беріліп отырған Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Алып тасталды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Алып тасталды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А. Марат).
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Жұмабаев |
Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Билялов |
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 16 сәуірдегі | |
№ 3/21 шешімімен бекітілген |
Мұнайлы ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 10.02.2022 № 15/97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнайлы ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы (бұдан әрi - Қағида) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмiрдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган - "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссия;
9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, мереке күндерге ақшалай және заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Ескерту. 3 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.
5. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2 тарау. Әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған, бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен наградталған көп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он алты жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:
асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушыларға 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он алты жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектігі бар адам болған адамдарға және мүгедектігі бар адам болуы ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
3) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедектік белгіленген тұлғалардан басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:
он алты жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 30 тамыз – Конституция күні:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он алты жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он алты жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
70 жастан асқан зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он алты жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ескерту. 6 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:
1) уәкілетті ұйымнан мүгедектігі бар адам болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, әлеуметтік маңызды аурулары бар: қатерлі ісіктері бар, туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға (бұдан әрі – АИВ), өтініші бойынша, табысы есебінсіз, бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
2) АИВ тудыратын ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, өтініші бойынша, табысы есебінсіз, ай сайын, Қазақстан Республикасы бойынша 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларына), көрсетілген оқиғалар туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірмей, өтініші бойынша, бір рет, табысы есебінсіз, 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
4) өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар және келесі негіздемелер бойынша өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларға (отбасыларға):
жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық, кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы, туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі, дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы, әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі, жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау, баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болу бір рет – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;
5) өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім-шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында "бакалаврдың" немесе "интернатура" және "резидентура" академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын мүгедектігі бар студенттерге білім беру қызметін төлеу және ай сайынғы әлеуметтік төлем 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) өтініш беру алдындағы 12 (он екі) айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім-шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық деңгейін алу үшін, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан, атап айтқанда: тұл жетім студенттер, балалар үйінің, балалар ауылының тәрбиеленушілері, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болуы, жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болуы, ата-анасының біреуі қайтыс болуы, төрт және одан да көп баласы бар, кәмелет жасқа толмаған балалармен бірге тұратын, соның қатарында кәмелет жасқа жеткеннен кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа жеткенге дейін) жоғары оқу орнында, орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасылардың күндізгі бөлімде оқитын студенттеріне білім беру қызметін төлеу.
Студенттерге әлеуметтік көмек оқу орындары көрсететін білім беру қызметі мөлшерінде бір жолғы төлемнен, сонымен қатар 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмектен тұрады және ауданның мемлекеттік мекемелерінің сұраныстары бойынша денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады;
7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген азаматтарға табысы есебінсіз жыл сайын шипажайлық - курорттық жолдама беру;
8) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, тұрғын үйді күтіп ұстауға, табысы есебінсіз, ай сайын нақты шығын мөлшерінде ұсынылады.
Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, әлеуметтік көмекті қайтару және тоқтату үшін негіз Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйым ұсынған тізім бойынша көрсетіледі.
10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.
11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
12. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.
3. Қорытынды ереже
13. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 16 сәуірдегі | |
№ 3/21 шешіміне 1 қосымша |
Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері
Ескерту. 1 - қосымша алып тасталды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 16 сәуірдегі | |
№ 3/21 шешіміне 2 қосымша |
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі
Ескерту. 2 - қосымша алып тасталды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 23/143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 16 сәуірдегі | |
№ 3/21 шешіміне 3 қосымша |
Мұнайлы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2320 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсанда "Мұнайлы" газетінде жарияланған).
2. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 маусымдағы № 23/255 "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2470 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 ақпандағы № 29/298 "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2623 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 наурызда № 16-17(467-468) "Мұнайлы" газетінде жарияланған).
4. Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/346 "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2780 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 11/169 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3414 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 16/214 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3492 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 22/272 Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3603 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
8. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 40/393 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3879 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
9. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 қазандағы № 45/437 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтажа заматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4000 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
10. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2781 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
11. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 42/458 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3009 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
12. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 4/74 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3186 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
13. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6/104 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3239 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
14. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қазандағы № 14/195 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3455 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
15. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 19/241 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3535 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
16. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 тамыздағы № 27/315 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3707 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
17. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 мамырдағы № 41/402 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3912 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).