"Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 ақпанда № 26769 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларында:

      3-тармақта:

      2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) әкімші (бұдан әрі – Әкімші) – құжаттарды қабылдауды және үміткерлерді іріктеу жөніндегі Тәуелсіз сараптамалық комиссияның (бұдан әрі – ТСК) және Қорытынды комиссияның жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы;

      5), 6) тармақшалар алынып тасталсын;

      6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Хабарламада оқыту бөлігіндегі шарттардың/келісімдердің талаптары, үміткерлерді іріктеуге, білімге қойылатын талаптар, іріктеу процесі мен үміткерлерді іріктеу өлшемшарттарының сипаттамасы, құжаттар тізбесі, Шетелде оқуға арналған үлгілік шарт жасасу қажеттілігі, осы Қағидаларға сәйкес академиялық оқу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру, оқуды қаржыландыру, шетелдік әріптестің қалауы бойынша ақпарат, сондай-ақ елеулі мәні бар өзге де қажетті жағдайлар туралы ақпарат болуы тиіс.

      7. Жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу шарттары:

      1) білімі туралы құжаттың орташа балы:

      бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – аттестаттың немесе негізгі орта білімі туралы куәліктің және табельдің/ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің немесе арнайы орта білімі туралы дипломның орташа баллы кем дегенде 4,0 (5.0-ден) немесе GPA (Grade Point Average – Грейд Пойнт Авередж – барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4,0/4,33-тен) балына немесе оқу орнынан алған растаушы құжатқа сәйкес оның баламасына сәйкес болуы;

      магистратура дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа балы кем дегенде GPA (Grade Point Average – Грейд Пойнт Авередж – барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4.0/4.33-ден) балына немесе оқу орнынан алған растаушы құжатқа сәйкес оқу орнының бағалау жүйесіне сай оның баламасына сәйкес болуы;

      философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға үміткерлер үшін – магистр дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа баллы кем дегенде GPA (Grade Point Average – Грейд Пойнт Авередж – барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4.0/4.33-ден) балына немесе оқу орнынан алған растаушы құжатқа сәйкес оқу орнының бағалау жүйесіне сай оның баламасына сәйкес болуы;

      ағымдағы үлгерім туралы анықтамаларды ұсынатын үміткерлер үшін – ағымдағы үлгерімнің орташа балының жоғарыда көрсетілген балдарға тиісінше сәйкес болуы;

      үміткер оқу орнында Қағидаларда көрсетілгеннен өзгеше бағалау жүйесімен оқыған жағдайда, үміткер 4,0 немесе 5,0 шкаласы бойынша GPA баламасын көрсете отырып, оқу орнынан хат ұсынады;

      қабылдаушы тарап білім туралы орташа балды төмен белгілеген жағдайда бұл шарт ескерілмейді.

      2) оқыту тілін білу деңгейі:

      Ағылшын тілінде оқытатындар үшін – IELTS – 5.5, TOEFL – 46 кем емес немесе алдыңғы оқыту деңгейінде осы тілде оқығанын растайтын диплом/транскрипттің болуы.

      Қабылдаушы тарап жағынан тілді білу бойынша неғұрлым жоғары талаптар болған жағдайда, қабылдаушы тараптың талаптары қолданылады.

      Басқа тілде оқытатындар үшін – қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкес.";

      12 және 13-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. ТСК білім беру саласындағы халықаралық келісімдер шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Жеке әңгімелесуді мамандықтың жолдамасы бойынша ТСК мүшелері өткізеді.

      13. ТСК үміткерлерді бағалау үшін кемінде 3 (үш) мүшеден тұратын құрамда жеке әңгімелесу өткізеді.

      ТСК осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің жеке әңгімелесу парағына және осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлеріне сәйкес баға қояды.

      ТСК өткізетін жеке әңгімелесу барысында аудио- және бейнежазба жүргізіледі.

      Комиссия әрбір үміткермен әңгімелесуді 20 минуттан артық өткізбейді.

      Әңгімелесу онлайн режимде өткізілген жағдайда жеке әңгімелесу парақтарының көшірмелері үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімшіге жіберіледі.

      ТСК өткізген жеке әңгімелесу парақтары және оның көшірмелері, аудио және бейнежазбалары конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде 1 (бір) жыл Әкімшінің архивінде сақталады.

      Әкімші жеке әңгімелесуден өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде әрбір үміткер бойынша үміткермен жеке әңгімелесу өткізген ТСК-ның барлық мүшелері толтырған жеке әңгімелесу парақтары бойынша орташа баға шығарады және үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның қарауына ұсыну үшін ТСК орташа бағасы көрсетілген барлық үміткерлердің тізімі қалыптастырылады.";

      17 және 18-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең баллмен басымдыққа ие (келесі ретпен):

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;

      3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;

      4) ауылдық елді мекендерден ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;

      5) шетелдік ЖЖОКБҰ-дан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік ЖЖОКБҰ-да білім алушылар.

      18. Әкімші үміткерлерді іріктеу жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тізімді кейіннен қабылдаушы тарапқа дипломатиялық арналар арқылы беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға береді.

      Білім беру саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Әкімші үміткерлердің қалыптастырылған жеке істерін осындай сұрау салу келіп түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.";

      21-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) конкурс жеңімпазын шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайтару және 1 (бір) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт.";

      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Көрсетілетін қызметті алушы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандартында белгіленеді.";

      67-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "67. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 4-қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларында 7-қосымшада:

      2.3.6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2.3.6. Шетелде оқуды аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып келуге және Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруға міндетті.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2022 ж. "___" ________
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
2022 ж. "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 41 бұйрығына
1-қосымша
Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 1-қосымша

"Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген күннен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
порталға өтініш берген кезде – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7 және 26-тармақтарында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі және "жеке кабинетінде" сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті беруші бойынша қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
2) жеке куәлігінің және/немесе төлқұжатының түпнұсқасы (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін):
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
негізгі орта білім туралы қосымшасы бар аттестат немесе қосымшасы бар куәлік, арнайы орта білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табельмен немесе транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе қосымшасы бар арнайы орта білім туралы диплом;
"Магистратура"/"Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін: қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы жылғы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе ағымдағы жылғы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
Құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдары берген жағдайда үміткер білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады;
4) бар болған жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша).
Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
5) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, ағылшын тілінде оқыған жағдайда ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат;
6) таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесі (болған жағдайда);
7) құжаттарды өкіл арқылы ұсынған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат;
8) шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
9) мынадай тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқа салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжат;
бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалар – "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрық) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
көп балалы отбасылардан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
ауылдық елдімекеннен шыққан балалар – Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және деректер қорынан алған ауылдық елдімекеннен келген үміткердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
10) бар болған жағдайда нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) шақыруының көшірмесі.
портал арқылы:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнаманың электрондық көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
негізгі орта білім туралы қосымшасы бар аттестат немесе қосымшасы бар куәлік, арнайы орта білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табельмен немесе транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе қосымшасы бар арнайы орта білім туралы диплом;
"Магистратура"/ "Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптпен бірге білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
Құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдары берген жағдайда үміткер білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесін ұсынады;
4) бар болған жағдайда оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (қабылдаушы тараптың талабы бойынша).
Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
5) ағылшын тілінде оқыған жағдайда ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың электрондық көшірмесі (болған жағдайда);
7) шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімінің электрондық көшірмесі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
8) мынадай тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжат;
бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалар – № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама, сондай-ақ № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрықпен бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
көп балалы отбасынан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
ауылдық елдімекеннен шыққан балалар – Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және деректер қорынан алған ауылдық елдімекеннен келген үміткердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
9) бар болған жағдайда нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік ЖЖОКБҰ шақыруының электрондық көшірмесі.
Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарын, білімі туралы құжаттарын, баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжатын, № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманы, көп балалы отбасынан шыққанын растайтын құжатын, асырап алу туралы сот шешімін ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, ауылдық елді мекенінен үміткердің тұрғылықты жерін куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер Қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қолжеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының "1414", 8 800 080 7777 телефондары арқылы алады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 41 бұйрығына
2-қосымша
Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқуға жіберу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан

Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы



1.

Тегі
Аты
Әкесінің аты (оның бар болған жағдайда) (бұдан әрі – ТӘЖ)


2.

Туған күні


3.

Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)


4.

Тұрақты тұратын жеріне тіркелу мекен-жайы (тіркелім), телефон нөмірі


5.

Қазіргі тұратын мекен -жайы, телефон нөмірі, электрондық поштасы


6.

Жалпы орта білім беру ұйымының атауы


7.

Жалпы орта білімі туралы құжаттың орташа балы, бітірген жылы


8.

Сіз аяқтаған басқа оқу орындарының атауы, оқу жылдары, орташа балы, мамандығы


9.

Сіз шетелде оқыдыңыз ба?
Қайда (ел)?
Оқу кезеңі.
Оқу орнының атауы, оқу бағдарламасы


10.

Шетелде білім алу (алмасу бойынша, қабылдаушы тарап, шетел мемлекетінің немесе ұйымының білім алу бағдарламалары, демеушілер, өзіңіздің жеке қаражатыңыз және т.б.)


11.

Қандай ғылыми еңбектеріңіз және өнертабыстарыңыз бар (ғылыми жарияланымдар, ғылыми-әдістемелік әзірлемелер, патенттер, авторлық куәлiктер)


      12. Еңбек қызметi (техникалық және кәсіптік оқу орындарындағы, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқуды қосқанда, әскери қызмет, қоса атқарған жұмыс және т.б.)

Мерзімі

Ұйым және ондағы лауазымы

Мекен – жайы

Бастау

Аяқтау



13.

Сіз білетін шет тілдерін атаңыз (білім деңгейіңізді көрсетіңіз, мысалы, еркін меңгердім, жақсы меңгердім, оқып түсіндіре аламын, оқимын және сөздікпен аударамын)


14.

Бұған дейін шет тілін білу деңгейін тексеретін тест тапсырдыңыз ба? Егер тапсырсаңыз, балыңыз қандай?


15.

Тұлғаны куәләндыратын құжат деректері: нөмірі кіммен берілді қашан берілді


16.

Оқуға баратын ел атауы


17.

Сіздің шетелде меңгергіңіз келетін мамандық


      Ескертпе:

      Сауалнама баспа әріптерімен толтырылады. Сауалнама және қоса берілетін құжаттардың барлығы тезтікпеге тігіледі. Тезтікпенің тысында келесі мәліметтер көрсетілуі қажет: ТӘЖ (оның бар болған жағдайда), үйінің мекен - жайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы, курсы, педагогикалық және ғылыми қызметкерлер үшін – ғылыми зерттеулер бағыты және диссертация тақырыбы.

      Қолы_____________________

      Күні __________________

      Мен___________________________________________________________,

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (оның бар болған жағдайда) толық)

      Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысуға үміткер, сауалнамада көрсетілген барлық ақпарат толық және анық екенін растаймын. ___________________________

      (үміткердің қолы)

      Мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының талаптарымен таныспын.

      Мен Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының 7-қосымшасы болып табылатын шетелде оқуға арналған үлгілік шартты жасасуға және шетелде академиялық оқуды бітіргеннен кейін 1 (бір) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру қажеттігіне келісемін.

      Мен, менің сауалнамалық деректерімді Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелеріне, шетелдік үкімет және ведомстволардың ресми өкілдеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де мүдделі ұйымдарға, сондай-ақ "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында орналастыру жолымен берілуіне қарсы емеспін.

      Төменде өзіңіздің қолыңызбен мынадай мәтінді жазыңыз:

      "Осы қосымшаны мен өз қолыммен толтырдым, әрбір парағы дәйектелді. Жоғарыда жазылған шарттармен және талаптармен таныстым және келісемін (жеке қол қою арқылы растайтын)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Қолы _____________________ Күні __________________

       "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ақпараттық жүйелердегі және (немесе) осы сауалнамада қамтылған жеке деректерді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын басқа да мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы _____________________ Күні __________________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 41 бұйрығына
3-қосымша
Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына
3-қосымша

Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің жеке әңгімелесуге арналған бағалау парағы

1 . Үміткер туралы жалпы ақпарат

Оқу елі:


Мамандық:


Үміткердің ТАӘ (оның бар болған жағдайда):


2. Жеке әңгімелесу бағалары

1. Уәждеме деңгейі, мамандықты таңдауды түсіну деңгейі, алған білімін ел игілігі үшін пайдалану ниеті



5 – өте жақсы



4 - жақсы



3 - қанағаттанарлық



2 – қанағаттанғысыз



1 – нашар



0 - сұхбаттасуға келген жоқ немесе сұраққа жауап бермеді

2. Оқудағы және/немесе таңдалған мамандық/кәсіп саласындағы теориялық (негізгі) білім деңгейі/
жетістіктері болу



5 – өте жақсы



4 - жақсы



3 - қанағаттанарлық



2 – қанағаттанғысыз



1- нашар




0 - сұхбаттасуға келген жоқ немесе сұраққа жауап бермеді




3. Ойлау логикасы мен сөйлеу, дәлелдеу сапасының деңгейі



5 – өте жақсы



4 - жақсы



3 - қанағаттанарлық



2 – қанағаттанғысыз




1 – нашар




0 – сұхбаттасуға келген жоқ немесе сұраққа жауап бермеді

3. Қорытынды бағасы

_________________ _______________________________ ___________________
(Қорытынды бағасы) ("Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерінің Т.А.Ә (оның бар болған жағдайда))
___________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 41 бұйрығына
4-қосымша
Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 4-қосымша

Тәуелсіз сараптамалық комиссиясының мүшелерімен халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлері

Бағалау өлшемшарттары Баға
Уәждеме деңгейі, мамандықты таңдауды түсіну деңгейі, алған білімін ел игілігі үшін пайдалану ниеті

Уәждеме деңгейі, мамандықты таңдауды түсіну деңгейі, алған білімін ел игілігі үшін пайдалану ниеті толығымен ашылған, айқын коммуникативтік ой, фактілерге және мысалдарға, оның ішінде жеке тәжірибесі мен бақылауларына сүйеніп әрекет ете біледі

5

Үстіртін уәждеме, коммуникативтік ойы байқалады, өзінің жеке бақылауларына немесе бір дереккөзінен алынған мысалдарға сүйене отырып дәлел келтіреді

4

Уәждемесі толық ашылмаған, келешек туралы түсінік жоқ, дәлел жеке тәжірибесіне негізделген, мысалдар мен фактілер жоқ

3

Жауабының мазмұны уәждеме деңгейі туралы үстіртін түсінік береді, логикалық бұзушылықтары бар фрагментті дәлел

2

Жауап ойлау логикасы мен сөйлеу сапасы, дәлелдеу деңгейі туралы түсінік бермеді

1

Сұхбаттасуға келген жоқ/ Жауап берілмеген

0

Оқудағы және/немесе таңдалған мамандық/кәсіп саласындағы теориялық (базалық) білім деңгейі/жетістіктерінің болуы

Таңдалған кәсібі немесе мамандығы бойынша үздік танымы, әртүрлі мысалдар мен фактілер, оның ішінде жеке тәжірибесінен келтірілген

5

Таңдалған кәсібі немесе мамандығы бойынша жақсы танымы, әртүрлі мысалдар мен фактілер келтірілген

4

Таңдалған кәсібі мен мамандығы бойынша танымы фрагментті, олқылықтар бар, мысалдар берілмеген

3

Танымның әлсіздігі, елеулі олқылықтар бар

2

Жауап ойлау логикасы мен сөйлеу сапасы, дәлелдеу деңгейі туралы түсінік бермеді

1

Сұхбаттасуға келген жоқ/ Жауап берілмеген

0

Ойлау логикасы мен сөйлеу сапасы, жекебас қасиеттері, жағдаяттық мәселелерді шешу дағдылары

Ойын логикалық түрде жеткізе алады, негізсіз қайталаулардың болмауы және бірізділік, грамматикалық құрылымы дұрыс жасалған, терминдерді ретімен қолданған

5

Ойдың бірізділігі бұзылмаған, мағыналық және логикалық құрылымы бар, сөзі біркелкі, бірақ сөздік қоры жеткілікті

4

Сөйлеу логикасында іркіліс бар, ойын айқын жеткізе алмайды, сөздік қоры жеткіліксіз

3

Мағынасын түсінуге кедергі келтіретін өрескел логикалық бұзылулар мен сөйлеу сапасының төмендігі

2

Жауап ойлау логикасы мен сөйлеу сапасы, дәлелдеу деңгейі туралы түсінік бермеді

1

Сұхбаттасуға келген жоқ/ Жауап берілмеген

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады