Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Химия өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. "Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11259 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ -13 бұйрығына 1-қосымша |
"Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тарамығының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге, жаңадан салынып жатқан, реконструкцияланатын және пайдаланылатын қара металлургия объектілеріне өндірістік бақылау жүргізуге, жылумен жабдықтауға, желдетуге, ауа баптауға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, атмосфералық ауаға, күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Осы Санитариялық қағидалар мынадай: коксты химиялық, агломерат және теміркенді шекемтастар, домна, ферроқорыту, болат балқыту, илек, құбыр, метиз, темір ұнтағы, отқа беріктету, екінші реттегі қара металдарды қайта өңдеу, металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу қара металлургия объектілеріне қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ауамен себезгілеу – үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның енуіне жол бермеуге арналған жергілікті желдету;
2) қара металлургия – құрамына темір кендерінен шойын, темір және болат өндіру технологиясы кіретін ауыр өнеркәсіп саласы.
2-тарау. Қара металлургия объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Кран кабиналарында, басқару орындарында, есептеу машиналары орналасқан залдарда, операторлық типтегі жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ жұмысшылар уақытша демалатын орындарда температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының нормаларын "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) сәйкес ауаның қозғалыс жылдамдығы, салыстырмалы ылғалдылығы және температура нормаларын сақтау қажет.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағында температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының рұқсат етілген шамаларын осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сақталады.
5. Жылытылмайтын өндірістік және қоймалық үй-жайларда жұмыс істейтін адамдар үшін жылынуға арналған үй-жайлар көзделеді.
6. Тұрақты жұмыс орындарында жылумен сәулелену, ондағы жылу көзін оңтайлы орналастыру есебінен және өндірістік жылу сақтау құралдарын пайдалану арқылы бір шаршы метрге 140 ваттан (бұдан әрі – Вт/ш.м.) аспайды.
Тұрақты жұмыс орындарында 140 Вт/ш.м. дейінгі қарқынды жылумен сәулелену кезінде жеке қорғаныш құралдарын қолданады, сондай-ақ қосымша:
1) 140 Вт/ш.м. 350 Вт/ш.м. дейінгі жылумен сәулелену кезінде, тұрақты жұмыс орындарындағы ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/с ұлғайтылады;
2) 350 Вт/ш.м 2800 Вт/ш.м. дейінгі жылумен сәулелену кезінде, осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауа себезгілеу қолданылады.
7. 8-тармақтың талаптары сақталмаған және ауа себезгілеу болмаған кезде жұмыскерлерді жылу қорғауына алу, олардың жылу сәулесі көздері әсер ететін аумақта болуының шекті уақыты осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес реттеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Демалу орындарындағы үзілістер жылдың салқын мезгілі үшін ауаның температурасы минус (бұдан әрі – "–") 20 Цельсий градустан (бұдан әрі – 0С) – 23 0С, ал жылы мезгілі үшін плюс (бұдан әрі – "+") 21-ден +25 0С аралығында жасалады.
8. 2800 Вт/ш.м. артық жылумен сәулелену кезінде арнайы костюмдер мен жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, жұмыстар орындалады.
9. Пештерде, шөміштерде, регенераторларда жұмыскерлердің қыздырылған агрегаттардың ішіне кіруі арқылы жүргізетін жөндеу жұмыстарына, ондағы ауа температурасы 45 оС аспайтын және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте жұмыскерлер арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
10. Жасанды жарықтандыру шамдарды бірқалыпты немесе жергілікті орналастыру арқылы жалпы жарықтандыру жүйесі бойынша орындалады. Шамдарды жергілікті орналастыру, цехтардағы жабдықтар биік болған кезде, жұмыс орындарының тік жазықтықта орналасуы кезінде, жұмыс орнын жабдықтардың элементтері немесе жұмыскердің денесі көлеңкелейтін жағдайларда қолданылады.
11. Жарықтандыру мөлшері, көздің қарығу көрсеткішінің рұқсат етілген мәні және өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарына арналған пульс беру коэффициенті, цехтар мен учаскелердегі апатты жарықтандыру, жарықтандыру арматурасын ластанудан тазалау мерзімі және қор коэффициентінің мәні осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
12. Көтергіш крандар, кран конструкциясы тудыратын көлеңкені болдырмауды қамтамасыз ететін кран астына жарық түсіруші қыздыру шамдарымен немесе газ сейілткіш жарық көздерімен жабдықталады.
13. Металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу кезінде тасымалданатын жарықтандыру қамтамасыз етілуі тиіс.
14. Өндірістік үй-жайларды жалпы жарықтандыру үшін газ сейілткіш жарық көздері қолданылады. Машина залдарын, басқару және өндірістік процестерді қадағалау орындарын, диспетчерлік пункттерді жарықтандыру үшін люминесцентті шамдар қолданылады. Адамдар уақытша болатын үй-жайларда, жарылыс қаупі бар және ауыр жағдайлы ортадағы үй-жайларда жергілікті жарықтандыру қолданылады.
15. Автоматтандырылған технологиялық процесті цехтарда жалпы және жергілікті жарықтандыратын қосымша шамдарды қосу көзделеді.
16. Ақ қаңылтыр бетін, тоттанбайтын болаттан жасалған құбырларды бақылаудың жұмыс орындарын жалпы және жергілікті жарықтандыру кезінде сымдарды өңдеу бөлімдерінде көз қарықтыратын шағылысты шектеу шаралары жүзеге асырылады.
17. Жарықтандыруды өлшеу және нормалардың талаптарын тексеру жарық беретін қондырғылар пайдалануға берілгенде және пайдалану кезінде жылына кем дегенде екі рет жүргізіледі.
18. Газ сейілткіш шамдары бар жарықтандыру қондырғылары үшін олардың істен шыққан сынап толтырылған шамдарын сақтауға арналған үй-жай көзделеді.
19. Механизмдер немесе агрегаттар жөнделгеннен және кейбір бөліктері жаңғыртылғаннан немесе ауыстырылғаннан кейін, жұмыс орындарында және қол машиналарында жылына кем дегенде бір рет шу мен діріл деңгейін өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Шу мен дірілді бақылау машиналардың жұмыс істеу режимі кезінде жүргізіледі.
20. Жұмыс орындарындағы дыбыстық қысым, шу және діріл деңгейлері № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес келеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Механикаландырылған қол аспаптарымен өңделетін бұйымның қосымша дірілін болдырмайтындай етіп қойылады және бекітіледі.
22. Технологиялық процестің негізгі элементі діріл болып табылатын жабдықтармен (оның ішінде діріл арқылы тығыздау) жұмыс істеу кезінде жұмыскерлердің дірілдейтін жазықтықтарда тұруына рұқсат етілмейді.
23. Дірілден қорғау үшін оның жабық жерлерде орнатылған жабдықтардан таралу жолдарына дірілден оқшаулау тіректері, машинамен жұмыс істеу алаңдарының акустикалық айрықтар қойылады.
24. Радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу кезінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының талаптары сақталады.
3-тарау. Қара металлургия объектілеріндегі тұрмыстық қызмет көрсетуге және медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
25. Жұмыс беруші жұмыс берушінің есебінен жұмыскерлерді сүтпен, және емдеу-профилактикалық тағамымен, арнайы киіммен және аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныш және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібіне және нормаларына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді.
Арнайы киімді және аяқ киімді жуу, жөндеу және залалсыздандыру жұмыстары орталықтандырылып жүргізіледі. Өндірістен арнайы киімді алып шығуға және оны үй жағдайында жууға рұқсат етілмейді.
26. Өндірістік учаскелер алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасымен қамтамасыз етіледі.
Барлық жұмысшылар және инженерлік-техникалық қызметкерлер алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытылады және "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) сәйкес жұмысқа орналасу кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтеді.
27. Медициналық қорытынды негізінде жұмысшының кәсіби ауруға шалдыққаны анықталғанда және расталғанда жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде оны қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне байланысты емес жұмысқа ауыстырылады.
28. Бұрын зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген, жұмыстан босаған немесе жаңа жұмыс орнына ауысқан жұмысшылар одан кейін денсаулық жағдайы нашарлағанда және оның еңбек жағдайымен байланысын растау қажет болған кезде профпатолог мамандарға жіберіледі.
4-тарау. Коксты химия объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
29. Химиялық өнімдерге арналған сыйымдылықтар мен аппараттардың автоматтандырылған деңгей өлшеуіштермен қамтамасыз етіледі.
30. Шайырды, пекті, бензолды және өнімдерді айдау үшін сальниксіз сорғылар қолданылады. Сальникті сорғыларды қолдану кезінде сальниктерді жөндеу жұмыстарын жүргізудің ыңғайлылығын қамтамасыз ететін алмалы-салмалы жаппамен және жергілікті сорғымен жабдықталады.
31. Жабдықтардан шайыр фракциясы, пек және химиялық өнімдер сынамаларын іріктеп алу, жұмыс аймағына зиянды заттардың бөлінуін болдырмайтын тәсілдерімен жүргізіледі. Сынамаларды іріктеп алуға арналған крандар жергілікті сорғылармен жабдықталады, сынамаларға арналған сыйымдылықтар тұмшаланады.
32. Кристаллизаторлар, центрифугалар, ваккумды-сүзгілер, барабанды салқындатқыштар, сұйық нафталинді құюға арналған конвейерлер жергілікті сорғысы бар жаппалармен жабдықталады.
33. Өндірісте мынадай процестерді механикаландыру көзделеді:
1) сыйымдылықтар мен аппараттарды тазалау операциялары;
2) фустарды шаю және ұстау;
3) шихта және кокс шашындыларын жинау, пештерді үрлеу, люктерді, тіреуіштерді тазалау, пештердің, есіктердің жабдықтардың жақтауларын тазалау;
4) әктерді түсіру, әк сүтін дайындау, әк тұндырғыштарынан шламды алып тастау, фусты шығару;
5) радонды аммоний және натрий цехтарында сусымалы өнімдерді тасымалдау, сыйымдылықтарға, кристаллизаторларға тиеу, дайын өнімдерді қаптап, ыдысқа салу;
6) коксты газды күкірт сутегінен тазалау цехтарында күшәла тектес ангидридті қоймадан тасымалдау және оны еріткіштер салынған сыйымдылыққа тиеу;
7) тұндырғыштардағы және ағартқыштардағы тұнбаны кетіру және өндіріске кері қайтару;
8) кристалды нафталин цехында – жинау, ұнтақтау операцияларын және сығымдалған нафталинді балқытуға салу, кристалды нафталинді теміржол вагондарына тиеу, нафталин брикеттерін құю машиналарымен қоймаға жіберу және барабанды салқындатқыштардан нафталин салынған қапшықтарды тасымалдау;
9) кумаронды шайырды құю, салқындату, ыдыстарға салу операциялары;
10) суды биохимиялық тазалау цехтарында - ортофосфорлық қышқылды аэротенктерге беру.
34. Сыйымдылықтардың ауа жолынан және аппараттардан бөлінетін бу мен аэрозоль ұсталады және технологиялық процеске кері қайтарылады.
35. Ұнтақтау және араластыру агрегаттары мен көмір тиейтін орындардың үсті жабылады және жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.
36. Өндірісте мынадай процестерді автоматтандыру көзделеді:
1) шайырлы суды май бөлгіштен шайқап шығарып, шайыр жинағышқа құю;
2) көмірді кокстеуге (ұсақтау, елеу, араластыру, шихтаны тасымалдау) дайындау операциялары;
3) инертті газдардың көмегімен коксты құрғақ сөндіру.
37. Көмірлі шихтаны және сұйық пекті кокстеуге арналған пеш камераларына тиеу автоматтандырылады және түтінсіз тәсілмен жүргізіледі.
38. Көмір мұнаралары және тиеу вагондары шихтаның салмағы мен көлемін көрсететін тіркеуші аспаптармен жабдықталады.
39. Көмір мұнараларының және тиеу вагондарының бункерлері механикалық опыру жүйелерімен жабдықталады.
40. Кокс батареяларындағы көмір тиейтін және есік ашатын машиналар қашықтықтан басқарылады.
41. Бу немесе су беретін инжекторлар пешті толтыру алдында іске қосылады және планирлеу аяқталғанда және люкті жапқаннан кейін сөндіріледі.
42. Көмір тиейтін вагондардың телескопиялық пештері тиеу кезінде көмір тиелетін люктермен саңылаусыз қиюластырылады.
43. Тиеу люктері және есіктері, газдарды жинағыштардың қақпақтары барынша тығыздалады.
44. Кокс және пекококс батареяларының газ бұру тіреушелері механикаландырылған бекіту-ашу және тазалау құралдарымен жабдықталады.
45. Кокс және пекококс батареяларының пеш камерасынан коксты шығару кезінде шаң-тозаңның бөлінуін болдырмайтын құралдармен жабдықталады.
46. Коксты сөндіру коксты құрғақ түрде сөндіру қондырғыларында немесе тазаланған сумен сөндіру арқылы жүзеге асырылады. Коксты фенолды сумен сөндіруге жол берілмейді.
47. Шихтаны қыздыру пешіне тиеуді және пішінделген коксты түсіруді, кокс газының қысымын бақылау автоматты түрде қашықтықтан басқару арқылы жүргізіледі.
48. Күкірт суспензиясын сүзуге арналған ваккумды-сүзгі, күкірт пастасы бункері, күкірт қабылдағыштар мен оны сақтайтын сыйымдылықтар, конденсант жинағыштар мен тұндырғыштар, шайыр фракцияларын кристалдайтын орындар жаппамен және жергілікті сорғылармен жабдықталады.
49. Шайырларды қайта өңдейтін, бастапқы шайырды және оның фракцияларын тасымалдайтын, сондай-ақ химиялық өнімдерді тиейтін, түсіретін цехтар жұмысы ауаға шаң-тозаң және зиянды заттардың бөлінуін болдырмайтын тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
50. Антрацен фракцияларын жону үздіксіз тәсілмен автоматтандырылған центрифугаларда жүргізіледі.
51. Автоматтандырылған центрифугалар, сұйық нафталинді қалыпқа құюға арналған конвейерлер және барабанды салқындатқыштар жабулы және жергілікті сорғыш желдеткіштермен жабдықталуы тиіс.
52. Шайыр фракцияларын жуу үздіксіз жұмыс істейтін жабық аппараттарда жүргізіледі.
53. Антраценді байыту цехтарының техникалық антраценді түсіру учаскелерінде, оларды балқытқышы бар резервуарларға жіберетін, сондай-ақ құрғатып, дайын өнім ретінде қаптайтын орындарда жаппа және жергілікті сорғыштар көзделеді.
54. Фтал ангидриді цехтарында негізгі аппараттар мен жабдықтар ашық алаңдарда немесе цех сөрелерінде орналастырылады.
55. Инден-кумаронды шайыр цехтарында судан құрғату, полимерлеу және полимерлік шайырларды бейтараптандыру аппараттарының ағызу тарелкалары жергілікті сорғылармен жабдықталады.
56. Хлорлы алюминий оқшауланған бөлмеде металдан жасалған, тығыз жабылатын қақпағы бар барабандарда сақталады.
57. Хлорлы алюминийді полимеризаторларға тасымалдау механикаландырылған тәсілдермен жүргізіледі, ал тиелетін орын жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.
58. Көмір дайындайтын үй-жайларды, кокс цехтарын, кокс сорттайтын орындарды, химиялық цехтарды, машиналар мен жабдықтарды жинау механикалық тәсілмен және бір орталықтан сумен шаю немесе вакуумды сорғыш құралдарының көмегімен жүргізіледі. Шаңды сығылған ауаның көмегімен үрлеп тазалауға рұқсат етілмейді.
5-тарау. Агломерат және теміркенді шекемтастар объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
59. Агломерациялық машиналарды, тас елеуіштерді, шихта ұсатқыштарды, қуаттандырғыштарды, төсегіштерді даярлаушы зауыт қоса жабдықталған жергілікті сорғыларымен жеткізеді.
60. Агломерациялық машина учаскесінде көрік орналасқан аумақта жұмыскерлерді инфрақызыл радиацияның әсерінен қорғауға арналған шаралар көзделеді.
61. Агломерациялық машина коллекторының бункерлеріндегі және технологиялық газбен тазалау аппараттарындағы тозаңды, сондай-ақ агломерациялық таспаның бос жүрісі кезінде оның астына жиналған шашындыларды тасымалдау, шаңның пайда болуын болдырмайтын тәсілдермен немесе ылғалды тәсілдермен жүзеге асырылады.
62. Технологиялық процесте салқындатылған агломератты беруді көздейді. Салқындату мақсатында агломерат қатпарлары арқылы ауаны үрлеу қолданылған кезде салқындатқыш аппараттың бүкіл ұзындығы бойымен қоршаған ортаға шаң-тозаңның бөлінуіне жол бермейтін арнайы шаралар көзделеді.
63. Барлық шихта материалдары ылғалдандырылады не оның шаң-тозаң жасау сипатын төмендететін басқа да құралдар қолданылады.
64. Шихтаны алғашқы араластыратын барабанды кері қайтара отырып, жылытуды қолданған кезде, кері қайтару затын бөлетін таселеуіштерге жақын болуы тиіс, ал ыстық кері қайтару заты берілетін трактың өн бойында тасымалдауышқа артық күш түсірілмейді.
65. Жылжымалы түсіргіш арбалар, түсіретін және тиейтін бөлшектерін қамти отырып, жаппа және жергілікті сорғыштармен жабдықталады.
66. Құрамында темір бар шихтаның, коксиктің және ұсақталған материалдардың бөліктерін, сондай-ақ агломераттар мен шекемтастарды іріктеуге арналған таселеуіштер, тиейтін, түсіретін тораптарды қоса алғанда, жаппа астында орналастырылады.
67. Машиналардан агломераттар мен шекемтастарды беруге арналған науалар, сору жүйесіне немесе агломерациялық (күйдіру) машиналардың жабық орындарына қосылған жабық құрылымда жасалады. Агломераттарды (шекемтастарды) вагонға тиеу тораптары, қоршаған ортаға шаң-тозаңның бөлінуіне жол бермейтін сорғыш жүйелермен жабдықталады.
6-тарау. Домна өндірісі объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
68. Жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын домна пештеріндегі шихта материалдары қоймадан және осы объектінің өнеркәсіптік алаңдарында орналасқан өндірістерден шихта берілетін бөлімге тасымалдауыш таспалар немесе үздіксіз жұмыс істейтін көліктердің түрлері арқылы жеткізіледі.
69. Шихта материалдарын көліктердің үздіксіз жұмыс істейтін түрімен жеткізу кезінде бункер үстіндегі үй-жайлар жабылады және жылытылады. Бункерлерге тиеуді басқару қашықтықтан бақылау арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Бункерлердің тиегіш ойықтары тиеу процесі кезінде шаң-тозаңның бөлінуіне жол бермейтін, шихта материалдарын жабық түрде енгізетін сорғыш жаппалармен жабдықталады.
70. Бункерлер бункерді босатқыш құрылғыларымен бірге жасалған автоматты деңгей өлшеуіштермен жабдықталады. Пайдалану барысына бункердегі шихта материалдарының жоғарғы шекарасы тиелген материалдардың 3,5 метрден (бұдан әрі – м) аспайтын еркін құлауы биіктігін қамтамасыз ететін деңгейде тұрақты түрде сүйемелденіп отырады. Бункерлердің толық босатылуына тек олардың жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тоқтату кезінде ғана жол беріледі.
71. Жекелеген домна пештерінің бункерасты үй-жайлары жел өтінің және шаң-тозаңды ауаның таралуына жол бермеу үшін бір бірінен оқшауландырылады.
72. Бункерасты үй-жайларда шихта конвейерлік жолмен берілген кезде бункерлердің түсіруші бөліктері, дірілді таселеуіштер, қоректендіргіштер, таразылау құйғыштары, шихта материалдарының конвейерлері және еленген ұсақ заттарды сыртқа шығарушы тасымалдауыштар, сондай-ақ олардың арасындағы жеңілдеткіш тораптар сорғыш жаппалармен жабдықталады, соңғылары орталықтандырылған сорушы желдеткіш жүйесіне қосылады.
73. Шихта таразы-вагон арқылы берілген кезде (бункерлерді толтырғанда немесе оны шихтадан босатқанда) шығарылатын ауаны сыртқы атмосфераға жіберу алдында шаңнан тазарту, қалдықтар жинаушы шұңқыр үстінде шаңның бөлінуін болдырмау шаралары арқылы көзделеді.
74. Таразы-вагонның кабинасы саңылаусыз, жылу сақтайтын болуы тиіс, бақылау жүргізетін ойықтар тұнық, жылу өткізбейтін материалдармен жабылады және машинистің тыныс алу аумағына бапталған ауа беру құралымен жабдықталады.
75. Бункер үстіндегі және бункер астындағы үй-жайларда оң температураны тұрақты сақтауды қамтамасыз ететін және жергілікті сорғыш желдеткіштер жұмысының орнын толтыратын сыртқы ауаны мәжбүрлеп беру жүзеге асырылады.
76. Скиптік шұңқыр шихта беретін басқа үй-жайлардан оқшауланады. Скиптер және тиеу құрылғыларының құрылысы шихта материалдарының төгіліп-шашылуына жол берілмейді. Скиптерді орналастыру орындары және тиеуші астаушылары сорғыштары жаппалармен жабдықталады.
77. Шихта беру бөлімшесінен еленген ұсақ материалдар сол өнеркәсіптік алаңда орналасқан өндірістерге шығару галереяларының бойымен артық жүк көлемі мейлінше аз болатын тасымалдауыштар жүйесі арқылы жіберіледі.
78. Шойын ағын өзектерінің құтысын ажырату немесе толтыру, сынықтарын жинау, құю ауласын және теміржол тораптарын тазалау, материалдар мен жабдықтарды жеткізу, арықтар мен науаларды күтіп-ұстау, жөндеу бойынша барлық операциялар механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.
79. Шойын-шлак ағын өзектің, басты арықтың, шөміш және тостағандар қойылатын орындардың үстін жергілікті сору желдеткішімен жабдықтау көзделеді.
80. Шойын және арықтары және ыстық беттер үстіндегі шағын өтпелі көпірлерді жылудан қорғау және бүйір жақтарынан биіктігі 1 м кем емес жылу өткізбейтін материалдармен қоршалу қажет.
81. Құю ауласының шет жақтарында орналасқан шойын науалардың ағызу тұмсықтарымен жұмыс істеу үшін жылудан қорғағыш экрандары бар алаңдар көзделеді.
82. Құю ауласының ғимараттары қабырғасының жанынан адамдардың өтуі үшін науалар деңгейінен жоғары алаңдар көзделеді. Науалар мен шөміштердің жанындағы өткелдер жылудан қорғаушы экрандармен қоршалады.
83. Құю аулаларындағы көтергіш крандарды басқару қашықтықтан жүргізіледі.
84. Радиоактивті заттармен ластанған шегендерді алып тастау кесу арқылы жүргізіледі. Шегендерді бөлшектеу үшін жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді. Алынып тасталған шегендер радиоактивті қалдықтарға арналған контейнерлерге жиналады және көмуге арнайы бөлінген орындарға жіберіледі.
85. Қақты және ауа үрлеушінің тұмшалануын бақылау үшін автоматты үздіксіз бақылау жүйесі көзделеді.
86. Шаң тұтқыштарда жиналған шаңды түсіру және оны тасымалдау жұмыстары қоршаған ортаның ластануына жол бермейтін құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
87. "Снорт" салқын ауа үрлегіш құбырының ауа жеңілдеткіш клапанын басқару пульті домна пеші басқарылатын үй-жайда және пеш жанындағы жұмыс алаңына орналастырылады.
88. Үйінділерінде немесе қож өнімдерін өндіретін қондырғыларда домналық және балқытылған болат шлактарын ағызу кезінде шөміштерін қозғау, шлакты түйіршіктейтін қондырғылардағы жинайтын крандармен жұмыс істеу және түйіршіктейтін аппаратқа су беру қашықтықтан басқару тәсілімен арнайы постылардан жүзеге асырылады.
89. Шлакты шөмішсіз жинаған кезде науа жылу өткізбейтін жаппамен жабдықталады.
7-тарау. Ферроқорытпалар өндірісі объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
90. Көп тонналық ферроқорытпалар ферроқорытпалардың бір түрін қорытуға мамандандырылған қорыту корпустарында қорытылады. Жұмыс істеп тұрған цехтарда әртүрлі ферроқорытпаларды бір корпуста қорыту кезінде олардан бөлінетін өндірістік аэрозольдар ұқсастығына қарай топтастырылады.
91. Жұқа дисперсиялы шихта материалдарын шектеп қолданылады. Кендер, оның ішінде ұсақ түйіршікті хром кендері кесектелген (іріленген) түрінде пайдаланылады.
92. Өндірісте мынадай процестерді автоматтандыру көзделеді:
1) бункердегі сусымалы материалдардың деңгейін бақылау, пешке түсетін шихта материалдарын тиеу және мөлшерлеу;
2) ферроқорыту пештерінің жұмыс режимін басқару;
3) мөлшерлі феррохромды оттегімен үрлеу конвертерінің жұмысын бақылау.
93. Пеш қалталарына шихта жеткізетін өзі тиелетін арбалар сорғышты жаппалармен жабдықталады.
94. Пеш қалталары шихта толтыру кезінде пештен шығатын газдар мен шаңдарды тұтуды қамтамасыз ететін жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.
95. Қорыту технологиясын жабық режимде жүргізу көрсетілген қорытпалар тек жабық пештерде ғана қорытылады.
Жабық пештің корпусы мен күмбезі тұмшаланады. Пеш күмбезінің астында тұрақты қысым және сұйылту автоматты түрде сүйемелденеді.
96. Өндірісте мынадай процестерді механикаландыру көзделеді:
1) газ жүретін жолдарды тазалау. Пештерге қосымша шихта қосуды қолмен тиеуге рұқсат етілмейді;
2) жұмыс істеп тұрған ашық пештердің мойнымен жұмыс істеу кезінде атқарылатын барлық жұмыс түрлері (оның ішінде шихтаны тегістеу, пеш қабырғаларын қайта үру), сондай-ақ пештердің ағын өзектерін тесу, жабу жұмыстары;
3) графиттелген электродтарды ұзарту;
4) пеш ванналарынан ферровольфрамды қалқып алу;
5) шөмішті жеке үй-жайларда немесе арнайы учаскелерде өндіріспен тазалау;
6) дайын өнімдерді текшелеп жинау және тиеу;
7) бункер үстіндегі торлардан металл қосындыларын жинау;
8) металл қалдықтарын ұсақтау және електен өткізу. Бұл ретте қалдықтар қорыту бөліміне ерітуге дайын күйінде түседі;
9) шихтаны жабық үздіксіз процесте дайындау жұмыстарын (шихта салынған барабандарды немесе қаптарды ашу, шихтаның құрамдауыштарын араластыру, өлшеу, араластыру, шихта материалдарын қорыту ыдыстарына тасымалдау, төгу) қашықтықтан басқару.
97. Электродтарды қайта іске қосу автоматты түрде немесе қашықтықтан басқарумен жүзеге асырылады.
98. Барлық пештер қорыту, сондай-ақ пештен шығару кезінде пештегі газдарды сыртқа шығаруды қамтамасыз ететін жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.
99. Тазалағыш пештерде сору зонттары пеш қабырғасының жанына тікелей орналастырылады. Пеш мойнын күтіп-ұстау үшін зонт қабырғасында автоматты ашу жүйесімен жарақталған жылжымалы есікшелері бар жұмыс ойықтары көзделеді.
100. Кенді қалпына келтіруші ашық пештің барлық периметрі бойынша зонттың төменгі жиегінен бастап пеш шахтасының ернеуіне дейінгі аралық жылуды өзіне тартатын экрандармен немесе перделермен жабдықталады.
101. Түсіру машинасының құрылысында машинисті жылумен сәулеленуден қорғау шаралары көзделеді. Электродтар мен жұмыс алаңдарының төбе жаппасы аралығындағы қуыстар берік жабылады.
102. Өздігінен пісетін электродтардың қабына электродтық массаны жеткізу және тиеу механикаландырылады және автоматтандырылады.
103. Өздігінен пісетін электродтар қабының жоғарғы тұсы тұмшаланған жапқыштармен және мерзімді түрде жұмыс істейтін сорушы жүйелермен жабдықталады. Өздігінен пісетін электродтардың қабын жуандату (ұзарту), электродтық массаны тиеу жергілікті сору желдеткіштері жұмыс істеп тұрған кезде ғана жүргізіледі.
104. Электрод массасын таспалы науаларды шегендеу үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.
105. Көрікшінің жұмыс орны жылу қайтаратын экрандармен және ауа арқылы себезгілейтін қондырғылармен жабдықталады.
106. Шөміштерден салқындалған шлак гарниссажын шығару жұмыстары, жергілікті сору желдеткіштерімен жабдықталған тұрақты орындарда жүргізіледі.
107. Құю алдында шөміштердегі ыстық металдың үстін шлакпен немесе құммен жабу механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.
108. Ферроқорытпаларды түйіршіктеу шөмішті айналдыруға қажетті механизммен, сондай-ақ бу мен зиянды заттарды жергілікті сору желдеткішімен жабдықталған қашықтықтан басқарылатын қондырғыларда жүргізіледі.
109. Құюшы машиналардың қорытылған металл құйылған шөміштерінің үсті сорушы жаппалармен жабдықталады.
110. Әк сүтін дайындау және оны цехқа жіберу механикаландырылған тәсілмен, ал құю машинасының құймақалыбына су себу автоматтандырылған тәсілмен жүргізіледі.
111. Өздігінен бытырайтын шлактар қорыту корпустарынан шөмішке немесе жинағыштарға салынып сұйық күйінде шығарылады. Ашық шлак орнындарында шлактардың суып қалуына рұқсат етілмейді. Өздігінен бытырайтын шлактар толтырылған шөміштер мен жинағыштардың салқындауы үшін жабық эстакадалар көзделеді.
112. Қорытпаны араластыру жұмыстары қашықтықтан басқарылатын, жергілікті сору желдеткіші бар жабық түрдегі агрегаттарда жүргізіледі.
113. Қорытпаларды қолмен сұрыптау және тазалау жұмыстары жергілікті сорғышпен жабдықталған, отырып жұмыс істеуді қамтамасыз ететін үстел үстінде жүргізіледі.
114. Шлактарды суыту, тарту және тиеу жұмыстары арнайы бөлімшелерде (шлакты ажырататын цехта) жүргізіледі. Өздігінен бытырайтын шлактар қорыту корпусынан шлакты тартатын цехқа дейін кәсіпорын аумағындағы ауаның ластануына жол бермейтін тәсілдермен тасымалданады.
115. Шлактарды цех ішінде тасымалдау көліктердің жабық түрлері арқылы жүзеге асырылады, ал оны тұтынушыларға жіберу үшін тиеу, тасымалдау, түсіру кезінде шаң-тозаңды болдырмайтын арнайы жабық вагондар, автокөліктер пайдаланылады.
116. Шлактарды қаптау жұмысы толық түрде механикаландыру, автоматтандыру тәсілдерімен жүргізіледі.
117. Шлактарды вагондарға тиеу, тиелетін шлактың деңгейін қашықтықтан бақылау жүйесі бар механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.
118. Табиғи радиоактивті элементтері бар шихтаны дайындау "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына және "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығына сәйкес радиациялық заттармен жұмыс істеу қағидаларында көзделген шараларды сақтай отырып, оқшауланған үй-жайларда жүзеге асырылады.
Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.119. Қорытпаларды футерлеу алдында оларды суыту жылудан қорғайтын экрандармен және жергілікті желдету жүйесімен жабдықталған тұрақты орындарда жүзеге асырылады.
120. Балқытушылардың, көрікшілердің, күйдіру және кептіру пештерін толтырушылардың, алюминий балқыту пештерінің, құю машиналары машинистерінің жұмыс орнындарында ауа себезгісі көзделеді.
121. Пеш мойнына шихта толтыратын тұрақты орны жоқ кенді қайта қалпына келтіруші ашық пештердің жанында ауамен себезгілеу пештің бүкіл периметрі бойынша көзделеді.
8-тарау. Болат балқыту өндірісі объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
122. Өндірісте мынадай процестерді механикаландыру көзделеді:
1) сусымалы материалдар мен ферроқорытпаларды тиеу, түсіру операциялары;
2) вакуумдық камераларды тазалау;
3) дайындамаларды үздіксіз құятын машиналармен (бұдан әрі – ДҮҚМ) кристаллизаторларға арналған жағармай материалдарын беру;
4) шөміштерді жұмысқа дайындау операциялары.
123. Құрамында қауіптілігі I және II сыныпты зиянды заттар бар немесе газ күйіндегі зиянды заттар бөлетін қоспаланған материалдар шихта бөлімшесіне өлшеп оралған түрде немесе саңылаусыз жабық ыдыста жеткізіледі.
124. Бункерлерден сусымалы материалдарды конвертерлерге жеткізу жұмыстары дозалауды қашықтықтан басқара отырып, жабық әдіспен жүзеге асырылады.
125. Болат қорытатын агрегаттар, шаң мен газдардың жұмыс терезелері немесе технологиялық тесіктер (және электрод пештер күмбезіндегі электрод кіретін және үрлейтін тесіктерді қоса алғанда) арқылы өндірістік үй-жайларға, оның ішінде конвертерді оттегімен үрлеу және оның үю орындарына енуіне жол бермеуді көздейтін құралдармен жабдықталады.
126. Болат балқыту агрегаттарын толтыру кезінде шаң мен тозаңды ұстау және шығару шаралары көзделеді.
127. Үю машинасы машинисінің жұмыс орны жылумен сәулелеуден қорғалады. Болат шығаратын науа және құюшы шөміш қойылатын орын жаппалармен және жергілікті сорғыштармен жабдықталады.
128. Болат шығаратын науаны алмалы-салмалы етіп дайындайды, оны жөндеу жұмыстары суытылғаннан кейін арнайы жабдықталған учаскеде жүзеге асырылады.
129. Болатты вакуумдеуге арналған қондырғыларды басқару қашықтықтан жүзеге асырылады.
130. Балқыған болатты құюды басым түрде ДҮҚМ жүзеге асырады.
131. ДҮҚМ-ның ыстық камерасының және болат балқытушы агрегаттардың барлық жұмысшы алаңдарындағы басқару бекеттерінің бақылау терезелері жылудан қорғау құралдармен жабдықталады.
132. ДҮҚМ-мен металдарды слябтарға құю кезінде газбен кесуді басқару пульті газбен кесушіге слябтың енсіз жағы қарайтындай етіп орналасатырылады. Газбен кесушінің жұмыс орны газбен кесу аймағының рұқсат етілген технологиясы бойынша тұнық емес экрандауды көздейді.
133. Құймақалыпты тазалау және майлау операциялары механикаландыру тәсілімен жүзеге асырылады және жергілікті сору құралдарымен жабдықталады. Құймақалыпты және оның астындағы орынды үрлеу арқылы тазалауға рұқсат етілмейді.
134. Шлактарды шлак шұңқырына төгу кезінде және платформаға тиеу кезінде барлық жұмыс фронты бойына су себу қолданылады.
135. Негізгі өндірістік үй-жайлардағы шаң-тозаңды жинау орталықтандырылған вакуум жүйесінің көмегімен немесе сумен шаю арқылы жүргізіледі. Шаңды сығылған ауамен үрлеуді қолдануға рұқсат етілмейді.
9-тарау. Прокат және құбыр өндірісі объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
136. Прокат және құбыр өндірісі цехтарының машина залдары дыбыс өткізбейтін жеке үй-жайларға орналастырылады.
137. Ыстық металл шоғырланған жерлерге және жылытқыш құрылғылармен жұмыс істеу аймақтарына (оның ішінде рольгангілер, клеттерге дайындамаларды жеткізетін, көп тармақты бағыттаушы үстелдер, таңбалау және ыстық металды жинау учаскелері, қыздыру пештерінің бақылау және жұмыс терезелері) жақын орналасқан жұмыс орындары жылумен сәулеленуден қорғайтын құралдармен жарақталады және себезгілейтін желдету құралдары жабдықталады.
138. Қыздырғыш құрылғылар тығыз жабылатын қақпақтармен және оның жұмыс ойықтарының жапқыштарымен, сондай-ақ пештерге тиеу және шығару терезелерінің үстін және шлак ағын өзегінің жергілікті сору желдеткіші құрылғыларымен жабдықталады. Қыздырғыш пештердегі және құдықтардағы металдың температурасын өлшеу автоматты түрде қашықтықтан жүргізіледі.
139. Өндірісте мынадай:
1) металлды тиеу, көмкеру, орнынан ауыстыру, түсіру, шлакты және қабыршақтарды шығару;
2) стан астынан, шұңқырлардан, тұндырғыштардан қабыршақтарды жинау;
3) ілдіріктегі құбырларды үздіксіз прокаттау стандарында – ілдірікті майлау, оларды станға жіберу, құбырдан шығаруды;
4) пилигримді стандарда – құймаларды тасымалдау, дорн құлпын жабу, дорнды майлау, дорнды суыту үшін ваннаға түсіру, көтеру, суытқыш сөредегі дорндарды ауыстыру;
5) құбырды ыстықтай нығыздау кезінде – дайындамаларды нығыздауға беру, нығыздауға және қалыпқа майды жеткізу, араластырушы барабанға графит ұнтағын салу және тиеу, контейнерді, технологиялық құрал-саймандарды майлау үшін май жеткізу, нығыздалған құбырларды, нығыздаудан қалған қалдықтарды жинау;
6) жазық оралатын екі жікті құбыр өндіру стандарында – таспа орамдарын моторға кигізу, таспаны дәнекерлеу алдында сүрту, дайын құбырды орағышқа орау және қысу;
7) құбырды балқыта отырып электр-дәнекерлеуші стандарда – балқытушы машиналарға және жиек жонғыш станоктарға жаймаларды беру, дәнекерлеуші агрегаттың астыңғы жастықшасын ауыстыру, ішкі және сыртқы су салқындатқышты шешу;
8) тігу стандарында – дайындамаларды тігер алдында ортаға тарту, ілдіріктерді айырбастау, дайын өнімді станға дайындау жұмысы;
9) автоматты стандарда – гильзаларға тұз себу, ілдіріктерді айырбастау, автоматты стан науасындағы құбырларды көмкеру;
10) дәнекерлеу ұшы жылжымайтын стандарда – құбырлардың ішкі және сыртқы тігістерінен флюсті алып тастау;
11) құбырларды бұрамалы жолмен дәнекерлеу стандарында – орамдарды тарқатушыға, созу белдікшелеріне, түзету машиналарына беру, флюсты дәнекерлеуші ұшқа қарай бағыттау, өңделген флюсты әкету, флюс қабыршағын алу және жинау;
12) дәнекерлі құбыр өндірісінде – таспа орамдарын тарқатушыға беру және оларды жинау, майсыздандыру бойынша барлық операциялар, шаю, күйдіру, таспаны мыстау, құбырды майлау;
13) суық түрде тарту стандарында – құбырларды тарту алдында майлау, оларды көмкеру және көрік сөрелеріне жылжыту (кіші диаметрлі құбырларынан басқа), сүйреу стандарында қармау, түсіру, ілдіргілі өзекті құбырға енгізу, құбырды қармау үшін жүкарбадан люнетке қарай арбаны кері қайтару;
14) дәнекерлеу ұшы жылжымалы стандарда флюсты себу, сондай-ақ қолданылған флюсты бункерге жинау. Флюсті жастықшаның ашық бөлігі тежегіш тілімдермен жабылады;
15) баллондар өндіру кезінде – дайындау учаскесіне қоймадан құбырларды жеткізу, құбыр кесуші станоктарға жұмыс беру, дайын өнімдерді пешке тиеу, оларды балға мен өңдеуші машиналарына жеткізу, ыстық пешке баллондарды тиеу, оларды бояу учаскесіне жіберу, бояушы камера арқылы жылжыту механизміне ілу, қылтаны жонып тегістеу, ойманы кесу, жоңқадан және қалған қабыршақтардан тазалау, баллондарды гидро-пневмо сынаудан өткізу және кептіру;
16) құбыр құю өндірісінде – шихта материалдарын түсіру және оларды балқыту агрегаттарына тиеу. Шаңдайтын материалдарды жеткізу пневмокөлікті пайдалану арқылы жүргізіледі;
17) балдақтарды қаптау, қалыптарға шегендеу жасағанда, құбырларды қалыптан алғанда, күйген қалыптаушы топырақты шығару, қалыптаушы және өзекті қоспаларды, бастапқы материалдарды дайындаудың барлық процесі. Жүгірткілердің, диірмендердің, көріктердің және термобелсенді қоспаларды дайындауға арналған араластырғыштар жаппаларымен және жергілікті сорғыштармен жарақталады;
18) жабу бөлімшесінде – жабу агрегаттарымен жұмыс істегенде атқарылатын операциялардың барлық (шикізаттарды алып келу, тиеу, ванналарды толтыру, ерітінділерді ауыстыру, ванналардың түбін тазалау) түрлерін;
19) шегендеу массасын дайындау және оларды құбырдың ішкі бетіне жағу операцияларын процестерін механикаландыру көзделеді.
140. Ыстық металды прокаттау кезінде оның параметрлерін қашықтықтан өлшеу және сынама алу, таңбалау, ақауларды алып тастау және дайын өнімдерді қаптау технологиялық операцияларын механикаландыру қамтамасыз етіледі.
141. Прокат стандарының клеттері шаң тұтқыш құралдармен жабдықталады.
142. Металдарды қол машиналармен тегістеу жұмысы олар шаң тұтқыш құралдармен жабдықталған кезде жүргізіледі, ал мұндай жұмыс жүргізілетін учаскелер жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.
143. Металдарды отпен тегістеу бөлінетін зиянды заттарды жоюға және қоршаған ортаны ластанудан қорғауға арналған құрылғылармен жабдықталған механикаландырылған қондырғыларда жүзеге асырылады.
Әдетте қашықтықтан басқарылатын аспирациялау камераларында камерадан тыс оттықтармен немесе сору желдеткішімен жабдықталған арнайы қоршалған учаскелерде орындалатын отпен қолмен тазалауды пайдалануға рұқсат етіледі.
144. Металл ақауларын газ оттықтарымен кесу жұмысы жергілікті сору желдеткіштерімен жабдықталған арнайы алаңдарда орындалады.
145. Дайындама өнімдер мен дайын прокаттың ақауларын пневматикалық аспаппен тегістеуге рұқсат етілмейді.
146. Құюшы шөміштерді жөндеу және кептіру жұмыстары, жану кезінде пайда болатын өнімдерді тұту және сыртқа бұру құралдарымен жабдықталған арнайы стендтерде жүргізіледі.
147. Құбырлар жасытылғаннан кейін оларды салқындату арнайы учаскелерде немесе жылудан қорғайтын экрандар және сорушы желдеткіштермен жабдықталған салқындату камераларында жүргізіледі.
148. Плазмалық кесу және олардың қоректену көздерін басқару процесі қашықтықтан.
149. Прокатты және құбырларды маймен жібіту жұмысы сору желдеткішімен жабдықталған, кептіру камерасы бар механикаландырылған қондырғыларда жүргізіледі.
150. Химиялық заттармен өңдеу бөлімшелері ластанған ауаның аралас үй-жайларға енуіне жол бермейтін шаралар көзделген жеке үй-жайларда орналасады.
151. Химиялық заттармен өңдеу бөлімшелерінде:
1) металды берілген бағдарлама бойынша химиялық жолдармен өңдеуге арналған автоматтандырылған қондырғыларды және қашықтан басқаруды қолдану;
2) металды ваннаға батыруды, одан шығаруды, шаюды, бейтараптандыруды және тасымалдауды механикаландыру;
3) металды кептіру және жууға арналған желдеткіші жеткілікті қамтамасыз етілген үздіксіз жұмыс істейтін кептіру-жуу машиналары;
4) күйдіруді басқару посттарын ваннадан шығатын (су, қышқыл) бу әсерінен тыс орындарда орналастыру;
5) пайдаланылған ерітінділерді ағызу және залалсыздандыруды механикаландыру көзделеді.
152. Өте күшті әсер ететін қышқылдарды (оның ішінде балқығыш, азот қышқылдары және олардың қосындылары) пайдалану барынша шектеледі.
153. Күйдіру бөлімшелері денеге және киімге түсетін қышқылдарды тез арада шаю үшін ауыз су бұрқақтарымен және раковиналармен жабдықталады, сондай-ақ қышқыл күйігін алған жағдайда алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы болады.
154. Электрстатикалық өрісте бояу жұмыстары сору желдеткішімен жабдықталған камерада жүргізіледі.
155. Прокат пен құбырды жабуға тас көмір шайырларын және лактарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
156. Пештің құрылымы мыналарды:
1) металды пешке салу және оны пештен түсіруді механикаландыруды;
2) пештің механизмдерін қашықтықтан (пультпен) басқаруды;
3) отынды пешке салуды, пеш мойнының торларын тазалауды, пешті шлактан тазалауды және оны (шлакты) алып кетуді механикаландыруды қамтамасыз етеді.
157. Пештердің оттық тесіктері жергілікті сору желдеткіштерімен жабдықталады.
158. Бақыланатын атмосферамен жұмыс істейтін пештер тұмшаланады. Үздіксіз жұмыс істейтін созылмалы, өтпелі, конвейерлі пештер қорғаушы газдарды өртеуге және ұстауға арналған құрылғылармен жабдықталады.
159. Өнімдерді шыңдау агрегаттарына жіберу механикаландырылған тәсілмен жүзеге асырылады.
160. Шыңдау пештерінің сору желдеткіші бар берік жапқышы болады.
161. Мырышталған құбырларды тексеруге арналған сұрыптау бөлімдері мырыш жалату бөлімдерінен оқшауланады.
162. Дайын өнімдер қоймасы прокат пен құбырларды механикаландырылған жолмен пакеттеп жинау және буып орауға арналған учаскелермен жабдықталады. Қалталар мен түсіру құралдарының құрылымы құбырларды, дайын өнімдерді шусыз лақтыруды қамтамасыз етеді.
163. Жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын прокат және құбыр цехтарында сынапты түзеткіштерді пайдалануға рұқсат етілмейді.
10-тарау. Метиз өндірісі объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
164. Сым созу бөлімдерінде мынадай:
1) бунт созбасын және сымдарды, сондай-ақ сым оралған катушкаларды тасымалдау;
2) катушкалар мен сым орамдарын тарқатушы қондырғыларға орнату, оларды ораушы құралдардан түсіру, құрылымдардан орағыш қондырғыларды алғанда, сымдарды кесу;
3) сым орамдарын қаптау;
4) созу кезінде сымдардың жуандығын бақылау процестерін механикаландыру және автоматтандыру көзделеді.
165. Таяқша металды (калибровка) созатын стандарда майлау, таяқша металды беру механикаландырылады.
166. Сым темір арқанын және металл өру өндірісінде сым талшығын өру, катушканы ауыстыру, созу, түптерін кесу, сым орамдарын катушкаға орау, сұрыптау, сым темір арқанына және олардың қабына қорғағыш зат жалату,сондай-ақ сым темір арқанын майлау процесі, майды жеткізу және онымен сым өткізгіш ванналарды толтыру операциялары механикаландырылады.
167. Сым темір арқанына май жағуға арналған сым өткізгіш ванналар майдың жануын болдырмайтын бақылау және температураны автоматты түрде реттеу құралдарымен жабдықталады.
168. Бекіту бұйымдарын шығару өндірісіндегі шеге престері, шегелерді тазалайтын, жалтырататын және бекіту бұйымдарына тоттандырмайтын, сәнді жабындармен жабатын (оның ішінде гальваникалық, мырыштату, қалайылау, бояу) құралдары оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.
169. Тор өндіретін цехтарда мынадай:
1) металдарды дайындау қоймаларындағы тиеу, түсіру және тасымалдау жұмыстары;
2) металдарды стандарға, қайшыға және технологиялық агрегаттарға жеткізу;
3) дайын өнімдерді түсіру;
4) дайын торларды бақылау машиналарына тасымалдау;
5) дайын өнімдерді қаптау, тиеу процестерін механикаландыру көзделеді.
170. Салмағы 20 килограммнан (бұдан әрі – кг) аспайтын сым орамдарын қайта орайтын машиналардың бейіндеріне қондыру немесе ілу процесі механикаландырылады.
171. Металл жалатылған (оның ішінде мырыш) сым негіздерін ұршыққа ораған кезде ұршық машинасының кареткасы май сүрткішпен және жергілікті сорғышпен жабдықталады.
172. Қуысты торлар өндіру кезінде оттық дайындау автоматты желілерде жүргізіледі.
173. Торларды таспалы тасымалдауыштарда өндіру кезінде орамдағы таспаны майлау, майларды жинауға арналған астаушалармен жабдықталған сыйымдылықтарда батыру әдісімен жүргізіледі. Ондай астаушалар сыйымдылықтардан бастап тормен және май жинағыш құралдармен қамтамасыз етілген майланған торларды сақтайтын орынға дейін орналасады.
174. Суықтай тегістелген және майыстырылған (жаншылған) таспа өндірісінде ұзынынан кесу агрегаты металды беру, металды, кесілген сымдарды жинау, кесілген ораманың бунттарын буу және көмкеру жұмыстары механикаландырылып, қашықтықтан басқарылады.
175. Сымдарды жаншу стандары жергілікті сору желдеткішімен қамтамасыз етіледі.
11-тарау. Темір ұнтақтары өндірісі объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
176. Темір ұнтақтарын қайта қалпына келтіру әдісімен өндіргенде темір кенінің қанықпасы, күйесі, сода және сусымалы материалдары жабық тәсілмен (крафцеллюлозалы қапшықтарда, өзі тиейтін құралдармен жабдықталған жабық вагондарда, цистерналарда) тасымалданады.
177. Шихта материалдарын сақтау жабық қоймаларда жүзге асырылады.
178. От қабыршақтарын түсіру тасымалдаушы құралдардың түсіру ойықтарымен жалғасқан қабылдаушы жабық бункерде жүргізіледі.
179. Темір ұнтақтарын өндіруде мынадай:
1) от қабыршақтарын кептіру барабандарына тиеу, сондай-ақ оны үгіту-араластыру құралдарына тасымалдау;
2) темір кеуектері брикетін ұнтақтау бөліміне жіберу және ұнтақтағыштарға тиеу;
3) таза темір ұнтағын хлоридтеу әдісімен алу кезінде бастапқы сусымалы материалдарды реакторға тиеу және жуылған кристалдарды түсіру операциялары процестерін механикаландыру көзделеді. Ал аппаратура жергілікті сорғышпен жабдықталады.
180. Дайын шихта салынған бункерлер автоматты мөлшерленгіштермен жабдықталады.
181. Тазалау, қағып түсіру, майлау, тұғырықтарға шихта толтыру операциялары автоматтандырылған және механикаландырылған тәсілдермен жүргізіледі.
182. Темір кеуектерін үгу-ұнтақтау жабдықтарына тасымалдау герметикалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
183. Темір ұнтақтарын фракцияларға бөлетін құрал-жабдықтар барынша тығыздалуы және жергілікті сору желдеткішімен жабдықталуы тиіс.
184. Туннельді пештердің капсельдер толтырылған вагонеткаларға тиеу және түсіру жұмыстары жүргізілетін учаскелері механикалық итергіштермен және жылу жібермейтін тежегіштермен, сондай-ақ жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.
185. Тұз қышқылын тиеу, негізгі ерітіндіні құю, кристалдарды кептіру учаскелері хлорлы темірді қатты қызумен қайта қалпына келтіру кезінде пеш ойықтары тұз қышқылы буының әсеріне және тотығуға төзімді материалдардан жасалған жергілікті сору құралдарымен жабдықталады.
186. Ұнтақты ыдысқа тиейтін орын жаппамен және жергілікті сорғылармен жабдықталады.
187. Ұнтақтарды қорытылған металдарды тозаңдандыру арқылы өндіру кезінде мыналар:
1) индукциялық пештің генераторын орналастыруға арналған бөлім;
2) металдарды тозаңдандыруға, дайын ұнтақты жинауға және металл қабылдауға арналған құралдары бар индукциялық пеш бөлімі;
3) ұнтақты кептіру учаскесі;
4) ұнтақты қайта қалпына келтіру учаскесі;
5) ұнтақтау учаскесі;
6) ұнтақтарды домалақтау және оларды фракцияларға жүйелеу бөлімі;
7) дайын өнімдер қоймасы;
8) бастапқы материалдар (ұнтақтар, сынықтар) қоймасы жеке үй-жайларға бөлінеді.
188. Индукциялық пештер жылу сақтайды және жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.
189. Шөміштерді суыту және тазалау учаскелері жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.
12-тарау. Қайталама қара металдарды қайта өңдеу өндірісі объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
190. Қыздыру пештері жанындағы тиеу және беру терезелері цехқа жану өнімдерінің түсуіне жол бермейтін жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.
Жану өнімдерін тікелей өндірістік үй-жайларға жіберетін пештерді орнатуға рұқсат етілмейді. Пеш терезелері жақтауларына нық іргеленген қақпақтармен жабылады.
191. Эстакадалық копрларда шойын сынықтарын жаймалау кезінде, уату орны жылдың жылы мезгілінде ылғалдандырылады.
192. Металл сынықтарын газбен кесу алаңдарының бетін қатты жабынмен және жылдың жылы мезгілінде ылғалдандырылатын торкөз астындағы сорғыштармен жарақталады.
193. Көпірлі кран машинистері мен жабдықты басқаратын операторлардың жұмыс орындары жылумен жабдықталған, желдеткішпен және ауа баптаумен жабдықталған кабиналарда орналастырылады.
194. Цех үй-жайларының металл сынықтарын қолмен газ арқылы кесу алаңдары, сондай-ақ үй-жайлардан тыс жерде плазмалық кесу жұмыстарын жүргізу орындары жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.
195. Пресс арқылы пакеттейтін және кесектейтін машина залдарында шойынды ұнтақтауға арналған гидравликалық қондырғылар, гидравликалық қайшылар орналасқан орындарда ауаны жалпы алмастыру желдеткіші көзделеді.
196. Жабық сыйымдылықтар ішінде жергілікті немесе жалпы желдету жүйесі болмаған жағдайда, сондай-ақ құрамында қорғасын бар сырлармен боялған кеме сынықтарын газбен және плазмалық жолмен кесу кезінде температурасының оңтайлы шамасы жыл мезгіліне сәйкес келетін таза ауа бетперде астындағы кеңістікке мәжбүрлеп берілетін жартылай бетперделер пайдаланылады.
13-тарау. Отқа төзімді заттар өндірісі объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
197. Туннельді пештерді екі қатардан асырмай аралас орналастырылады. Пештердің тыс жағында сырт қабырғалар немесе салқын орындар орналастырылады. Салқын орындар пештерден үй-жай биіктігінің жартысына дейін төмен түсіп тұратын қалқалармен бөлінеді.
198. Отқа төзімді бұйымдарды өндіру кезінде шикізаттарды ыдыстан босату және сусымалы материалдарды орау, сорғышы бар қашықтықтан басқарылатын камераларда жүргізіледі.
199. Ұнтақ тәрізді өнімдерді механикаландырылмаған ашық қоймаларда үйінді түрінде сақтауға рұқсат етілмейді. Ортафосфор қышқылын түсіру және сақтау арнайы қоймаларда жүргізіледі, ал оны тұтыну қажеттілігі аз болғанда оны аралықтарда қайта құюды қажет етпейтін шағын ыдыстармен жеткізу ұйымдастырылады.
200. Таспалы конвейерлердің сусымалы материалдарды қайта тиейтін орындарында сорғыш жаппамен жарақталады.
Көлемі 0,5 миллиметрден (бұдан әрі – мм) кем материалдарды орнынан ауыстыру үшін көліктің жабық түрлері бүкіл аралық бойы тұмшаланып жабылған конвейерлер ғана қолданылады.
201. Ұнтақтаудың, тартудың, тасымалдаудың барлық кезеңдерінде қайта өңделетін шикізат материалдары технология шарттары бойынша жол берілетін барынша жоғарғы дәрежеге дейін ылғалдандырылады немесе шаңды басу тәсілдері пайдаланылады.
202. Отқа төзімді заттарды өндіруде мынадай:
1) араластырушы жүгірткі тостағандарының ішкі беттерін тазалау;
2) пресс-қалыптар мен аршылмаған шикізатты керосинмен майлау;
3) қоймадағы дайын өнімдерді тиеу және түсіру процестерін механикаландыру көзделеді.
203. Кептіргіш барабандары мен қыздыру пештеріне қашықтықтан бақылауға және күйдіру тәртібін басқаруға арналған аппаратуралармен жабдықталады.
204. Қалыпталатын масса араластырғыш-жүгіргіткіден пресс-қалыптарға жабық тәсілмен тікелей беріледі. Престердің құрылысы шашындыларды қабылдағышқа жапсарлас салынған сорғыштардың болуын көздейді.
205. Престеу және аршылмаған шикізатты учаскелерге, прес-садтау орындарына, садкаларды туннельді пештердің платформасына жеткізу және оларды түсіру автоматтандырылған тәсілмен жүзеге асырылады.
206. Күйдірілген, отқа берік бұйымдар тиелген пеш вагондары, вагон футеровкасы мен отқа берік бұйымдар тізбесі 450С аспайтын температураға дейін суытылғаннан кейін ғана түсірілуге жіберіледі.
207. Адъюстаждық шеберханаларда отқа берік бұйымдарды тегістеп өңдеуге және кесуге арналған барлық технологиялық жабдықтар жаппалармен және жергілікті сорғыштармен жабдықталады.
208. Технологиялық процесс тас көмір шайырын, пекті, бакелитті (шайырды доломиттеу өндірісі, карбидкремний жылытқыш өндірісі, отқа төзімді бұйымдардың шайыр және пек сіңіру бөлімі) қолдану арқылы жүргізілетін бөлімдерде газ бөлуші жабдықтар жаппасынан таса жердегі жергілікті сору желдеткішінен басқа жалпы ауаны алмастыратын ішке сору-сыртқа тарту желдеткіші көзделеді.
14-тарау. Металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу өндірісі объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
209. Металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияның негізгі шешімдерін қамтитын жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша жүргізіледі.
210. Отқа төзімді материалдарды жөндеуге беру астауша және пакетке салынған күйінде машиналар мен механизмдердің (транспортерлердің, тиегіштердің, материал өткізгіштердің) көмегімен жүргізіледі.
211. Босаңдатылған (жару арқылы, машиналармен) отқа төзімді материалдарға, шлактарға, шихта қалдықтарына шығару алдында су құйылады.
212. Өндірісте мынадай:
1) көп қол еңбегін қажет ететін операциялар, бұрын салынған пештің сынуы, кірпіш сынықтары мен қоқысты шығару;
2) саптамаларды бөлшектеу және пештердің көмейлерін шаңнан тазарту;
3) саптама асты кеңістігіндегі шаңды жинау;
4) шайырдоломит-магнизит блоктарын конвертерге беру және төсеу процестерін механикаландыру көзделеді.
213. Жаңа шегенді қалау блоктық тәсілмен жүзеге асырылады, ірілетілген блоктарды жинау арнайы алаңдарда жүргізіледі.
214. Пеш регенераторларын суыту үшін қалдықтарды пайдаға асырушы қазандықтардың эксгаустері пеш тоқтатылғаннан кейін 12 сағаттан кем емес уақыт ішінде жұмыс істейді.
215. Регенераторларға мәжбүрлі түрде ауа жіберу жөндеу жұмысының барлық кезеңінде үздіксіз жүзеге асырылады, ал пеш саптамаларының сынуы кезінде, ол арнайы форсункалар арқылы ұсақ дисперсиялы суды тозаңдандырумен жалғастырылады.
216. Регенераторларды жөндеу кезінде алдыңғы және бүйірдегі терезелерді бөлшектеу саптама сынбай тұрғанда жүргізіледі.
217. Шлак ұстағыштарды, шығарып тасталған, отқа төзімді зат сынықтары мен шлакты салқындату 3 атмосферадан кем емес қысыммен берілетін сумен қамтамасыз етіледі.
218. Домна пештерінің жұмысы тоқтатылғаннан кейін шаң тұтқыштар мен газ құбырлары буландырылады және желдетіледі.
219. Пеш жөндеу кезінде шахтаға сырттан кіретін ауаны, пештің жоғарғы тұсына дейін жететін ауа жүретін жол тармақтарының бойымен мәжбүрлі түрде беру жүзеге асырылады. Ауа жүретін жол тармақтары қыртыс арқылы пеш ішіне түрлі белгіленген орындарда енгізіледі және кезекпен қосылады.
220. Пештен ауаны шығару пеш тартпасын төңкеруге жеткілікті мөлшерде желдеткіш жүйесінің үрлеуіш саңылаулары арқылы жүргізіледі.
221. Шаңды басу пештің түбіне көбік жіберу арқылы жүзеге асырылады.
222. Сегменттерді бөлшектеу кезінде сору желдеткіші мен шаңды басу жүйесі іске қосылады.
223. Қаланған қабырға сынған кезде жұмыс алаңының үстінен қосымша алаң орнатылады. Сырттан келетін ауа осы екі алаңның ортасындағы кеңістікке жіберіледі. Бұл ретте сору желдеткіші мен шаңды басу жүйесі іске қосылады.
224. Көрік ішінде жұмыс істеу кезінде сору және шаңды басу жүйелері жұмыс істейді. Сырттан келетін ауа маратор деңгейінде орналасқан алаңдағы арнайы ойықтар арқылы беріледі. Пеш қыртысының ойықтары брезент перделермен жабылып, үрлеуші ойықтар бітеледі.
225. Пеш қабырғасын қалау кезінде желдеткіштің үрлеу-сору жүйелері іске қосылады.
226. Миксерді жөндеу кезінде қабырға қалауы "өткел" түріндегі суытқыш желдеткішпен және шеткі люк соқпақтарына берілетін сумен және ағызу шүмектері арқылы суытылады. Подина қабырғасын тұрғызу жұмысы ішінара жүргізілген кезде суыту тек желдеткіш ауасы арқылы жүргізіледі.
227. Конвертерді үрлеу және сумен тозаңдандыру арқылы суыту кезінде жұмыскерлер бу пайда болатын аумақтан тыс жерде болады.
228. Шегенді қалау конвертердің тік тұрған күйінде жүргізіледі.
229. Отқа төзімді ұнтақты себу конвертер қылтасынан жоғары орналасқан резервуарлардың жеңдері арқылы жүзеге асырылады. Шаңды шығару үшін тасымалданатын шаң-газ тұтқыштар қолданылады.
230. Шөміштерді жөндеу жұмысы шеген сындыратын машиналарды қолдану арқылы арнайы стендте жүргізіледі.
231. Қатып қалған металдар мен шегендерді алып тастау шөміш беті 450С аспайтын температураға дейін суытылған соң ғана жүргізіледі.
232. Үйінді түрінде түсетін материалдарды (құм, күкірт қышқылды магний) сақтау жабық қоймаларда, ал ұнтақты материалдар (боксит ұнтағы, цемент) арнайы орында жүзеге асырылады.
233. Отқа төзімді заттар қоймадан тұтынушыларға контейнерлер немесе астаушалармен жіберіледі.
234. Отқа төзімді кірпіштерді кесуге және тегістеп өңдеуге арналған станоктар жергілікті сорғышпен жабдықталады.
235. Ерітінді тораптарының барлық сыйымдылықтары тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады. Ерітінді араластыратын орынға сусымалы материалдардың бункерден және силостан келіп түсуі жабық материал тасушы құбырлар арқылы жүзеге асырылады.
236. Шегенді бұзу үшін қолданылатын пневматикалық балғалар, босаңсытқыштар, сондай-ақ отқа төзімді заттар арасындағы қуыстарды бітеуге арналған пневмоұйытушылар жергілікті сорғыштармен жабдықталады.
237. Шайырларды қайнату, пасталарды қыздыру жаппасы және жергілікті сору желдеткіші бар оттығы жабық пештерде жүзеге асырылады.
15-тарау. Қара металлургия объектілерін жылумен жабдықтауға, желдетуге, ауасын баптауға, атмосфералық ауасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
238. Қара металлургияның жаңа кеңейтілетін және реконструкцияланатын объектілерінің құрылыс жобаларында әрбір шығару көздері үшін атмосфералық ауадағы зиянды заттардың шекті жол берілетін шығарындылар (бұдан әрі – ШЖШ) шамаларын негіздеу жөніндегі материалдар болады.
Жұмыс істеп тұрған объектілердің бекіткен ШЖШ болады. ШЖШ шамасы және оларды негіздеу жөніндегі материалдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен Кодекстің 46-бабы 4-тармағына сәйкес келісіледі.
239. Жобаланушы объектілердің шығарындыларында зиянды заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлану (бұдан әрі – РЕШШ) болмаған кезде есептеулерде әсер етудің болжамды қауіпсіз деңгейі қолданылады.
240. Кәсіпорындардың жаңа кеңейтілетін және қайта жаңартылатын объектілерінің құрылыс жобаларында елді мекендердің фондық ластануын (сол уақыттағы) ескере отырып, атмосфералық ауаның ластануының болжамды есептелген деңгейі көрсетіледі.
241. Елді мекендердің атмосфералық ауасының күтілетін ластануының болжамы қара металлургия кәсіпорындары шығарындысындағы жетекші зиянды заттардың (көміртегі тотығы, азот тотығы, күкіртті ангидрид, шаң), сондай-ақ жекелеген өндірістерге тән шығарындылардың ерекше ингредиенттерінің, сондай-ақ өнеркәсіптік шығарындыларда кездесетін зиянды заттардың құрамы бойынша есептеп шығарылады.
242. Жобада қара металлургия объектілеріндегі тиімді тазалау әдістері жоқ көміртегі тотығының, азот тотығының, күкіртті газдың және ауаға шығарылатын зиянды заттарға қатысты табиғатты қорғау шаралары ерекше көрсетіледі.
243. Жобада атмосфералық ауаның ластануының кенеттен уақытша артуы орын алуы болған кезде сейілтуге қолайсыз өнеркәсіптік шығарындылардың (желсіз, инверсия, тұман пайда болу), метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендердің атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың РЕШШ сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер ұсынылады.
244. Бөлінетін зиянды заттардың сипатын ескере отырып орналастыруды және ғимараттар арасында жеткілікті ажыраулардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ кеңейтілетін, сонымен қатар көрші өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтық ластануын есепке ала отырып, іргелес қоныстану аумақтарының атмосфералық ауасындағы зиянды заттарды РЕШШ деңгейінде ұстау қамтамасыз етілген кезде жұмыс істеп тұрған объектілердің өндірістік алаңдарында жаңа цехтар мен өндіріс құрылыстарын салуға рұқсат етіледі.
245. Құрылысы салынып біткен, қайта жаңартылған өндіріске арналған объектілерді пайдалануға беру оларды пайдалануға қабылдағаннан кейін құрылысы біткен кәсіпорындар мен ғимараттардағы газ және шаң тұтқыш қондырғылар іске қосылған және оларды кешенді сынақтан өткізу аяқталған кезде жүргізіледі.
246. Іске қосу кешеніне атмосфералық ауаны аталған кәсіпорын шығарындыларымен ластаудан қорғауға арналған барлық шаралар енгізіледі.
247. Металлургиялық агрегаттарды күрделі жөндеу және қайта жаңарту кезінде атмосфераға шығатын көздеріне газ бен шаңды ұстау қондырғылары жоқ көздерге салу бойынша, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған газ бен шаңды ұстау жабдығын жаңғырту және жетілдіру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.
248. Газ тазалау жүйелерінің өнімділігі агрегат жұмысының толық циклі бойына ең жоғарғы температураны, шаңдануды және шығарылатын газдың көлемін ескере отырып жобалық тиімділігін қамтамасыз ету шарты бойынша қабылданады.
249. Газ және шаң тұтқыш құрылыстарын профилактикалық және күрделі жөндеу негізгі өндірістік агрегаттарды тоқтату кестесіне қайшы келмейтін жылдық кесте бойынша жүргізіледі. Негізгі агрегаттардың газ және шаң тұтқыш құрылыстары ажыратылған кезде жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.
250. Газ және шаң тұтқыш құрылыстар авариялық тоқтағанда технологиялық цикл аяқталғаннан кейін негізгі жабдық тез арада ажыратылады. Технологиялық цикл үздіксіз болғанда авариялық жағдайдың салдарын жою кестесі жасалады.
251. Металлургиялық зауыттарда атмосфераны қорғау қызметі көзделеді. Олар: шаңнан және газдан тазарту қондырғыларын паспорттауды, олардың қолданылуын, жұмысының тиімділігін бақылауды, атмосфераны қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігіне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
252. Ұйым орналасқан аудандардағы атмосфералық ауаның ластану деңгейіне зертханалық бақылау жүргізіледі.
253. Стандартты бекеттерді орналастыру және факел асты бақылауын ұйымдастыру кезінде кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңына іргелес қоныстану аумағының ауасындағы жоғарғы деңгейдегі ластануды тудыратын ұйымдастырылмаған үлкен көлемді шығарындылардың болуы, сондай-ақ құбырлардың 10-40 биіктігінің қашықтығында ең жоғары ластану деңгейлерін тудыратын ұйымдастырылған шығарындылардың болуы ескеріледі.
254. Атмосфералық ауаның құрамындағы көміртек тотығы, күкіртті газ, азот тотықтары және шаңның болуы міндетті түрде бақылануға жатады. Оған қосымша өндірістің құрамына байланысты ерекше ластаушы заттар да осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес анықталады.
255. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамы осы Санитариялық қағидаларға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес бақыланады.
Қара металлургия объектілерін желдету және жылумен жабдықтау осы Санитариялық қағидалардың және "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талапта" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Адамдар тұрақты немесе ұзақ (2 сағаттан астам) болатын барлық өндірістік үй-жайлардағы ауа ортасының параметрлері № ҚР ДСМ-15 бұйрығына және "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес келеді.
Ескерту. 255-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.256. Басқару пульттері бақылау объектілерінің көрінуін қамтамасыз ете отырып, жылу көзінен қашық орналастырылады. Тұрақты жұмыс орны болып табылатын басқару пульттері бапталған ауамен және дыбыс өткізбейтін оқшау жабдықталған жеке үй-жайларда немесе кабиналарда орналастырылады.
257. Крандар кабиналары мен басқару посттарының жылу қорғанышы жұмысшылардың қабырғадан 35 Вт/ м2 және терезеден 140 Вт/м2 артық емес жылумен қалдық сәулеленуін қамтамасыз етеді.
258. Конвейерлік галереялар технологиялық процеске және жабдықтарды пайдалануға байланысты:
1) тұрақты жұмыс орны болған кезде;
2) шаңнан ылғалды тазарту қажет болған кезде жылытылады.
Конвейерлердің тиеу тораптары сорғыш құралдармен, ал жоғарғы деңгейде тозаң тудыратын материалдарды тасымалдағанда конвейерлердің бүкіл бойына сорғыш құралдармен жабдықталады.
259. Конвейерлік галереяларда тасымалдайтын материалдарға байланысты:
1) тазалау шаң тудыру көзі болып табылмайтын майдаланбаған материалдарды тасымалдау кезінде - құрғақ;
2) тазалау жоғары деңгейде шаң тудырушы сипаттағы қыздырылып майдаланған, сондай-ақ суықтай ұсақ майдаланған материалдарды тасымалдау кезінде – ылғалды шаңнан тазарту көзделеді.
16-тарау. Қара металлургия объектілерін сумен жабдықтауға, суды бұруға және өндірістік бақылауды жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
260. Объектілердің сумен қамтамасыз ету жүйелері:
1) ағынды суларды ондағы ластағыш заттардың сипатына сәйкес ажыратуды;
2) қаныққан суды сұйылтуды болдырмауды;
3) жауын-шашын сулары ағатын кәрізге жалпы ағынды судың қосылуын мейлінше азайтуды;
4) артық судың салдарынан су жүретін жолдардағы сулардың ернеуден асып кетуін болдырмауды қамтамасыз етеді.
261. "Лас" айналым циклдарының үрлеп тазартатын суды оны қайтарымсыз қолданатын тұтынушылар үшін барынша пайдаланады. Қажет болған жағдайда үрлеп тазаланатын су қайта тазалаудан өткізіледі, оның тазалық деңгейі қайта қолданатын айналма сулардың нақты санатының техникалық нормативтеріне сәйкес келеді.
262. Теңгерімдік есептер мен қайта қолданылатын судың тұздық құрамының болжамына қарай тұрмысқа керекті судың, сондай-ақ қайта қолданылатын жүйені толықтыруға жерүсті ағындарының мөлшері анықталады. Жоғарыда көрсетілген санатқа жататын ағынды суды тазалау және толық тазалау тереңдігі, оның бастапқы құрамына және оны кейін пайдаланудың сипатына байланысты анықталады. Қарастырылып отырған ағынды суларды шаруашылық-тұрмыстық ағынды сумен қоса тазалау кезінде микробтық ластану орын алғанда, соңғысы міндетті түрде зарарсыздандыруға жатады.
263. Айналым суын тазалау және өңдеу кезінде әсіресе тоттануға қарсы уытты ингибиторларды пайдаланғанда қоршаған ортаны санитариялық (атмосфералық ауаны градирден және су қоймаларынан шығатын гидроаэрозольдардан) қорғауға алу жөніндегі шаралар көзделеді.
264. Ағынды сулардың ластану деңгейін төмендету үшін объектілерде ағынды судан ластағыш қатты заттарды (құрамында темір бар шламды, шлакты, күлді) шайырды, майды және ластағыш қатты заттарды бөліп шығару жөніндегі технологиялық шаралар қолданылады.
265. Қара металлургия өндірісінің ағынды сулары құрамындағы негізгі химиялық заттардан (цианидтерден, роданидтерден, фенолдан, темірден, сульфидтерден, сульфаттардан, хлоридтерден, аммиактан, нитриттер мен нитраттардан) тазаланады.
266. Объектіде ағынды суды тазалау залалсыздандыру құрылыстарын пайдалану және жұмысының тиімділігі шарттарын және шығарылатын жерден төмен ағынды суды бұру шарттарын өндірістік бақылау жүзеге асырылады.
267. Еңбек жағдайларын бақылау технологиялық процестің ерекшеліктерін, оның өзгерістерін, әртүрлі жұмыстардың нақты орындау шарттарын, жабдықты жөндеуді, сауықтыру іс-шараларын енгізуді ескере отырып жүзеге асырылады.
268. Өндірістік факторларды өлшеуді қолданыстағы әдістемелер бойынша орындайды.
269. Көмір өнеркәсібі объектілерінде өндірістік (ведомстволық) бақылау жүргізіледі. Өндірістік (ведомстволық) бақылауды өнеркәсіптік немесе тәуелсіз аккредиттелген зертханалар жүргізеді. Өндірістік (ведомстволық) бақылау нәтижелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтық құрылымдарына ұсынылады.
"Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 1-қосымша |
1-кесте
Ең ыстық айда сағат 13-те ауаның орташа температурасы 25 0С-қа дейін болатын аудандардағы өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағындағы ауа температурасының, салыстырмалы ылғалдығының және қозғалысы жылдамдығының рұқсат етілген мәндері
№ | Жұмыс санаты | Ауа температурасы, 0С 1) | Салыстырмалы ылғалдылық % 2) | Үй-жайдағы ауа қозғалысының жылдамдығы м/с | |
анық жылуы болмашы | анық жылуы біршама | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | жеңіл I | 28-ден жоғары емес | 28 0С-та 55 жоғары емес | 0,2-0,5 | 0,2-0,5 |
2 | орташа ауыр Па | 0,3-0,7 | |||
3 | орташа ауыр Пб | 0,3-0,7 | 0,5-1,0 | ||
4 | ауыр жұмыс III | 26-дан жоғары емес | 26 0С 65 жоғары емес |
Ескертпе:
1) ең ыстық айда 13 сағаттағы орташа температурадан анық жылуы болмашы үй-жайлардағы жұмыс орнындағы және тұрақты жұмыс орнынан тыс жердегі ауаның температурасы 3 0С аспауы, ал анық жылуы біршама үй-жайдағы температура 5 0С аспауы керек. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындарында кестеде көрсетілген шамадан артуына рұқсат етілмейді;
2) ауа температурасы төмендегенде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 1 0С-қа 5 пайыз (бұдан әрі – %) есебінен арттыруға рұқсат етіледі, бірақ 75 %-дан артық емес.
2-кесте
Ең ыстық айда сағат 13-те ауаның орташа температурасы 28 0С-тан жоғары болатын аудандардағы өндірістік үй-жайлардың жұмыс аумағындағы ауа температурасының, салыстырмалы ылғалдылығының және қозғалыс жылдамдығының рұқсат етілген мәндері
№ | Жұмыс санаты | Үй-жайдағы ауа температурасы, 0С1) | Салыстырмалы ылғалдық %2) | Үй-жайдағы3) ауа қозғалысының жылдамдығы м/с | |
Анық жылылықтың аздап жоғары болуы | Анық жылылықтың тым жоғары болуы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | жеңіл I |
31-ден жоғары емес |
33-тен жоғары емес | 29-33 0С -да 50 жоғары емес | 0,2-0,5 |
2 | орташа ауыр Па | 28 0С-да 0,5 | |||
3 | орташа ауыр Пб | 28 0С-да 0,9 | |||
4 | ауыр жұмыс III | 29-дан жоғары емес | 31-ден жоғары емес | 26 0С-да 1,3 |
Ескертпе:
1) ең ыстық айда 13 сағаттағы орташа температурадан анық жылуы болмашы үй-жайлардағы жұмыс орнындағы және тұрақты жұмыс орнынан тыс жердегі ауаның температурасы 3 0С аспауы, ал анық жылуы біршама үй-жайдағы температура 5 0С аспауы керек. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындарында кестеде көрсетілген шамадан артуына рұқсат етілмейді;
2) ауа температурасы 29 0С-тан төмендегенде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 1 0С-қа 5 % есебінен арттыруға рұқсат етіледі, бірақ 75 %-дан артық емес.
3) орташа ауыр және ауыр жұмыстар үшін ауаның температурасы 28 0С-тан төмен немесе жоғары болғанда, бірақ рұқсат етілетін шамадан аспаған жағдайда, жұмыс санатын ескере отырып, ауа қозғалысының жылдамдығын 1 0С-қа 0,2 м/с есебінен тиісінше азайтады немесе арттырады, бұл ретте ол 0,3 м/с-ден кем болмайды.
"Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 2-қосымша |
1-кесте
Ауамен себезгілеу кезінде ауа температурасының және қозғалысы жылдамдығының рұқсат етілетін мәндері
№ | Жұмыстың ауырлығының санаты | Жұмыс аумағындағы ауа температурасы, 0С | Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с | Жылумен сәулеленудің қарқындылығы кезінде, Вт/м2 ауа себезгісі ағынындағы ауаның температурасы, 0С | ||||
350 | 700 | 1400 | 2100 | 2800 | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | жеңіл | 28 дейін | ||||||
2 | орташа ауыр | 28 дейін | ||||||
3 | ауыр | 26 дейін |
Ескертпе:
1) жылумен сәулеленудің қарқындылығын 350 Вт/ш.м.-дан 2800 Вт/ш.м. дейінгі сәулелену кезеңіндегі әрбір жұмыс операциясы бойынша ең жоғарғы деңгейлерден бір сағат ішіндегі сәулеленудің орташа мәні ретінде қабылдайды;
2) келтірілген ауаның температурасы мен ауа қозғалысы жылдамдығының нормаланған мәндері жұмыскер ең қарқынды жылу сәулесіне шалдығатын учаскедегі ауаның ең төмен температурасына, ауа қозғалысының ең жоғарғы жылдамдығына сай келеді. Бұл ретте себезгілеу ағыны жылу сәулесіне шалдықпайтын жұмыскерлерге әсер етпейді;
3) бір сағат бойына жұмыс істегенде жылумен сәулелеудің жиынтық ұзақтығы 15-30 минут болғанда, себезгілейтін ауа ағыны температурасын көрсетілген мәннен арттыруға рұқсат етілмейді. Оны кестеде көрсетілген жұмыс аймағы ауасы температурасы мәнін 1 0С-қа 0,4 0С есебінен төмендетеді, бірақ 16 0С-тан төмен емес.
4) Жылумен сәулелеу мерзімі бір сағат жұмыс уақыт ішінде 15 минуттан кем немесе 30 минуттан көп болғанда, себезгілеу ағыны ауасы температурасының мәндерін тиісінше 1-кесте бойынша сәйкес келетін мәндерден 2 0С жоғары немесе төмен қабылдайды.
5) жылумен сәулелеу қарқындылығының аралық мәнін анықтау үшін себезгілеуші ауа ағынының температурасын интерполяция арқылы анықтайды.
2-кесте
Жылумен сәулелеу қарқындылығына байланысты жұмыс істеу тәртібі
жылумен сәулелеудің ең жоғары ұзақтығы | жылумен сәулелеудің қарқындылығы, Вт/ш.м. |
350 700 1050 1400 1750 2100 2450 2800 | |
1 | 2 |
бір мәрте, минут | 20 15 12 9 7 5 3,5 2,5 |
1 сағат ішіндегі жиынтығы, минут | 45 0 15 |
Ескертпе: жылумен сәулелеу қарқындылығының аралық мәні үшін жылумен сәулелеудің ең ұзақ мәні интерполяция арқылы анықталады.
3-кесте
Бір реттік үздіксіз жүргізілетін жұмыстың рұқсат етілген ұзақтығы және жөндеу жұмыстарын жүргізгенде демалуға берілетін қажетті уақыт
№ | Ауа температурасы, 0С | Ұзақтығы, мин | Жұмыс істеу және демалу уақытының арақатынасы | |
Жұмыс | Демалыс | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 28 | 36 | 24 | 1,50 |
2 | 30 | 34 | 25 | 1,35 |
3 | 32 | 32 | 26 | 1,20 |
4 | 34 | 30 | 27 | 1,10 |
5 | 36 | 28 | 28 | 1,00 |
6 | 38 | 26 | 29 | 0,90 |
7 | 40 | 24 | 30 | 0,80 |
Ескертпе: Үзілістерді демалуға оңтайлы метеорологиялық қолайлы орындарында өткізу қажет.
"Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 3-қосымша |
1-кесте
Жасанды жарықтандырудың жарықтандыру нормалары және сапалық көрсеткіштері
* Жарақаттану қаупіне байланысты жарықтандыру бір сатыға ұлғайтылды.
2-кесте
Апатты жағдайда жарықтандырудың нормалары
№ | Үй-жайлардың, жұмыс орындарының атауы, | Жарықтандыру, лк |
1 | 2 | 3 |
Коксты химия өндірісі | ||
1 | кокстық және пекококстық батареялар, коксты итеріп шығаратын машина, сорғылар үй-жайлары, түтік тәрізді газды тоңазытқыштар, пиридиндік қондырғы, фенолсыздандыратын скруббер, компрессорлар, құрғақтай күкірттен тазарту үй-жайлары, өлшеу аспаптары орналастыратын орындар | 7 |
2 | көмір мұнаралары механизмдерінің үй-жайлары, аралық және соңғы алаңдар, пештердің бойымен өтетін газқұбырларының дәліздері, жабдықтармен жұмыс істеу алаңдары | 2 |
Домна өндірісі | ||
3 | цехтың шойын және қож орналасқан жағы, ағызу, шойынды құю орны | 10 |
4 | үрлеу аумағы | 7 |
5 | пешті айнала өтетін жолдар, пеш жанындағы алаң | 2 |
Ферроқорытпалар өндірісі | ||
6 | пештің жұмыс алаңдары, ферроқорытпаларды түйіршіктеу және таратып құю орындарында ағызу | 10 |
7 | пекоқорытушылар | 7 |
Болат қорыту өндірісі | ||
8 | миксерге құю және ағызу орындары, миксермен жұмыс істеу алаңдары, пештерді толтыру орындары, шойын құюға арналған науалар, болат қождарын шығарушылар, таратып құю алаңдары, аралық шөміш, және үздіксіз болат құю қондырғылары кристаллдағышының жоғарғы жағы, конвертер | 10 |
9 | пештермен, үздіксіз болат құю қондырғыларымен, конвертермен жұмыс істеу алаңдары | 7 |
Илек өндірісі | ||
10 | қыздыру құдықтарының жоғарғы жағы, тиеу терезелері, әдістемелік пештердің түсіру терезелері, өздігінен жарық беретін метал қозғалатын жолдар, илектеу станоктары клетінің біліктері, илектеу жолдары, тоңазытқыштар, қайшылар, аралар, ыстықтай кесу пресстері, үздіксіз ыстықтай илектеу жайма стандары, жаймаларды қалайылау машиналарынан шығаратын орын | 10 |
11 | қысу, дайындау, сұрыпты жуан және орташа жаймалы стандары | 15 |
Құбыр өндірісі | ||
12 | секциялық және әдістік пештердің тиеу терезелері, металды июге арналған терезе, металды пештен лақтырғыш, жіктік стандардың шығу жақтары, дәнекерлеу машиналары, ілмекті құрылғылар, калибрлік және редукциялық стандардың ұшатын қайшылары, түзету машиналары, сырттан дәнекерлеу үздіксіз стандары, құбыр дәнекерлеу стандары, алдын ала күйдіру пештері, құю бөлімшесіндегі құю орындары, құймақалыптар корпусы, құбырларды орталықтан айналдырып құятын бөлімшедегі рольгангтер, жіктеу стандары, жиек сүргілеу станоктары, жиек қайыру станоктары, аспаптарда | 10 |
Метиз өндірісі | ||
1 | 2 | 3 |
13 | күйдіру ванналары, қатты қыздыру арқылы күйдіру агрегаттары | 10 |
Темір ұнтақтарын өндіру | ||
14 | миксер | 10 |
Отқа төзімді заттар өндіру | ||
15 | шахталық күйдіретін пештер | 10 |
3-кесте
Шамдар қорының және оларды тазарту мерзімдерінің коэффициенттері
№ | Үй-жай атаулары | Қор коэффициенті | Шамдарды тазарту мерзімі, жылына |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | домна пештерінің құю аулалары, кокс батареялары, коксты сұрыптау үй-жайлары, агломерат және темір ұнтақтарын өндіру, отқа төзімді заттар өндірудің ұнтақтау, шихталау бөлімшелері, кірпіштерді қалыптау орындары | 2 | 18 |
2 | конвертерлік, электрмен болат қорыту, ыстықтай илектеу цехтары, металды екінші қайтара өңдеу үй-жайлары, илектеу цехының скрапты аралықтары, үздіксіз күйдірудің ерітінділік бөлімшелері, жаймаларды талькпен жабындылайтын машиналар, тоңазытқыштар бөлімшесі және құбыр цехтарының әрлеу жүргізетін аралықтары, құбырларды дәнекерлеу цехтары, құбырларды суықтай илеу және созу цехтары, диірмен, классификаторлар, дозалағышттар үй-жайлары, шлихта және қалыптау материалдарының қоймасы, шайыр айдағыш цехтар | 1,8 | 6 |
3 | жаншып әрлеу шеберханалары, құбыр илеу құрал-саймандарын дайындау және жөндеу цехтары, сым, металл тор өндіретін цехтар | 1,5 | 4 |
4 | коммуникацияларды сырттан орнататын орындар, азық-түліктердің ашық қоймалары, темір жол жолдары | 1,5 | 2 |
"Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 4-қосымша |
Қара металлургия объектілері орналасқан аудандардағы елді мекендердің атмосфералық ауасы құрамында болатын және өндірістік бақылау алынатын қосымша зиянды заттардың тізбесі
Өндіріс | Негізгі зиянды заттар |
1 | 2 |
Кокосты химия өндірісі | Фенол, бенз(а)пирен, күкіртті сутек, цианды сутегі, аммиак |
Ферроқорытпалар: |
|
Феррохромды | Хром тотықтары |
Феррованадийлі | Ванадий тотықтарының аэрозолы |
Силикатты марганецті және металды марганецті | Марганец тотықтарының аэрозолы, құрамында кремнезем бар шаң |
Ферросилицилді | Құрамында кремнезем бар шаң |
Ферромолибденді | Молибден қоспалары |
Ферровольфрамды | Вольфрам шаңы |
Отқа төзімді заттар | Құрамында кремнезем бар шаң |
Ескертпе:
1) жоғарыда аты аталған зиянды заттардан басқа халық денсаулығына қауіп төндіретін басқа да ингредиенттерге бақылау жүргізілуі мүмкін;
2) атмосфералық ауаға түскен жиынтықтардың өзгеруі орын алуы, әсіресе темір және металдар тотығы бар ортада SO2-ның SO3 ауысуы мүмкін екендігі ескеріледі, бұл күкірт қышқылының аэрозолын да арнайы ингредиенттер қатарына енгізу кажеттілігін белгілейді;
3) атмосфералық ауаның шаңмен ластануын бағалау кезінде оның құрамында бос кремнийдің қос тотығының болуына байланысты сараланған РЕШШ басшылыққа алынады;
4) атмосфералық ауаның бірнеше заттардың қатысуымен болатын ластану деңгейін бағалау кезінде биологиялық жиынтықтау тиімділігі РЕШШ тізіміне сәйкес ескеріледі.
"Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 5-қосымша |
Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың құрамын мониторингтеу
1. Мониторингтеу жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттар құрамының нақты сипаттамасын өлшеу арқылы және кейінгі алынған қорытындыларды белгіленген ең көп бір реттік және орташа ауысымдық РЕШШ-мен салыстыру жатады.
2. Жұмыс аумағының ауасында болатын зиянды заттардың нақты сипаттамасы болып, егер оның сенімді ықтималдылығы ү = 0,95, сенімді аралығы Е = Ғ0,4 болса, онда іріктеліп алынған сынамалардың шоғырлануынан орташа X есептеледі.
3. Жұмыс аумағындағы ауаның жағдайын мониторингтеу өнеркәсіптік кәсіпорындардың зертханалары және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары жұмыс бағдарламаларына бойынша жүзеге асырады.
4. Бағдарламалар технологиялық процестердің негізгі кезеңдерін, зиянды заттар бөлінетін көздің орналасуын және өндірістік үй-жайдың ішіндегі ауа айналымының ерекшеліктеріне байланысты олардың таралуын, сондай-ақ олардың сапалық құрамы мен зиянды заттардың қауіптілік сыныбын, оның ішінде олардың ауа ортасында өзгеруі мүмкіндігін (гидролиз, тотығу, деструкция) ескере отырып жасалады.
5. Өндіріс технологиясы бұзылған, жабдықтар істен шығып немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда және жұмыс аумағының ауасын зиянды заттармен ластануды болдырмауды (желдету, жабу) көздейтін барлық шаралар орындалмаған жағдайда ауадан сынама алу жүргізілмейді.
6. Жұмысшылар тұрақты немесе уақытша болатын әрбір жұмыс орнында жұмыс процесінің барлық кезеңдері немесе жекеленген операцияларда (олардың ұзақтығына қарамастан) РЕШШ ең көп бір реттік сақталуын мониторингтеу көзделеді.
Жекелеген неғұрлым қолайсыз жұмыс орындарына немесе жекелеген неғұрлым қолайсыз жұмыс процестерінің (операцияларының) кезеңдеріне, жекелеген жұмыс орындарына, егер зерттелетін өндірістік учаскеде ұқсас немесе бірдей өндірістік жабдықтардың айтарлықтай саны орналастырылса, тіркелген жұмыс орындарында сондай-ақ бірдей операциялар орындалатын болса іріктеп мониторингтеу жүргізуге рұқсат етіледі.
7. Бағдарлама сондай-ақ технологиялық, санитариялық-техникалық және жабдықтарға жоспарлы түрде жөндеу жұмыстарын жүргізу операциялары кезінде жұмысшылардың негізгі жұмыс орындары аумағындағы ауаға зиянды заттар бөлінетін болса, онда жұмысшы аумағының ауасына бақылау жүргізу көздейді.
8. Әрбір жұмыс орнына жоспарлы мониторингтеу жүргізу кезеңділігі бөлінетін зиянды заттардың қауіптілік сыныбына және жұмысшы аумағының ауасында технологиялық процестер мен жабдықтардың ерекшеліктерінен туындайтын олардың диапазоны мен шоғырлануының ауытқу ауқымына байланысты белгіленеді.
Жұмысшы аумағының ауасына қауіптілігі 1-сыныпты сондай-ақ қауіптілігі 2-сыныпты зиянды заттардың түсуі мүмкін болатын барлық жағдайларда, олардың ауаға тез ұшып таралуы уланудың ауыр түріне немесе өлімге ұшырауға себеп болатындықтан, үздіксіз немесе автоматты мониторингтеу басым қамтамасыз етіледі.
9. Егер технологиялық процесс режимінің тұрақтылығы жеткіліксіз болып немесе жабдықтардың техникалық жағдайы пайдалану кезінде жұмысшы аумағындағы ауаның ластануына айтарлықтай әсер ететін болса, сондай-ақ зиянды заттар шоғырлануының маусымдық ауытқуы қалыптасқан жағдайда, жұмысшы аумағының ауасына қауіптілігі 2-сыныпты басқа зиянды заттар түскенде бақылау айына кем дегенде 1 рет, ал қауіптілігі 3-4 сыныпты заттар түскенде тоқсан сайын кем дегенде 1 рет, қалған жағдайда жылына кем дегенде 1 рет бақылау жүргізіледі.
10. Тексерілетін жұмыс орнында технологиялық процестің әрбір кезеңі немесе жекелеген операцияда ауадан бірінен кейін бірін кем дегенде 5 сынама алынуы керек. Егер операцияның ұзақтығы 5 сынама алуға мүмкіндік туғызбаса, онда олар сол операция қайталанған кезде алынды.
11. Қысқа мерзімді процестерді (операцияларды) бағалау кезінде зиянды заттар бөлетін көзден зиянды заттардың үй-жайдың ішіндегі ауаның алмасуы мен арақашықтығына байланысты олардың жұмыс орнына қонуына кететін қажетті уақыт ескеріледі. Сондықтан тиісті жағдайларда ауадан сынама алу бағаланатын процеске (операцияға) қатысты қажетінше кеш басталып және кеш аяқталады.
12. Іріктеп алынған 5 сынама бойынша орташа арифметикалық мәні және оның сенімді аралығы есептелінеді (Е):
X = (К1+К2+К3+К4+К5):5 мг/м3
Е = [(Кмакс-Кмин)*Һ60]:X%, бұл жерде
К1-...К5 - жекелеген сынамалардағы шоғырланулар; Кмакс - іріктеп алынған сынамалардағы шоғырланудың ең көп мөлшері; Кмин - іріктеп алынған сынамалардағы шоғырланудың ең аз мөлшері;
Егер сенімді аралықтың алынған мәні 40 %-ға тең немесе кем болса, онда анықталған орташа арифметикалық мәннің көлемі дұрыс болып есептеледі. Егер сенімді аралықтың алынған мәні 40%-дан артық болса, онда қосымша сынамалар алынып, олардың саны (№) төмендегі формула бойынша есептеледі:
n =5,8 [(Кмакс-Кмин)]2 – 5
X
Дұрыс болып саналатын бұрын орындалған және қосымша алынған сынамалардың қорытындысы бойынша орташа арифметикалық мәні шығарылады.
13. Егер алынған орташа арифметикалық мән зиянды заттар шоғырлануының ең жоғары бір реттік рұқсат етілген шегінен аспайтын болса, онда жұмысшы аумағы ауасының жағдайы шоғырланудың рұқсат етілген шамасына сәйкес келеді деп бағаланады.
14. Ауадағы орташа ауысымдық РЕШШ сақталуын мониторингтеу жұмыскерлердің жекелеген кәсіби топтарына қатысты қолдану көзделеді. Ол жеке сынамалар алуды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Белгіленген жұмыс орнындағы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін олардың дем алу аумағындағы ауадан сынама алуды басқа құралдармен жүргізуге рұқсат етіледі.
Ауадан сынама алу қатарынан 5 ауысым бойына жүргізіледі, сынама алу уақытының ұзақтығы жұмыс ауысымының 70 %-нан кем болмауы және технологиялық процестің барлық негізгі кезеңдерін, сондай-ақ неғұрлым қолайсыз операцияларды тұрақты жұмыс орындарында және одан тыс жерлерде қамтылады.
Ауысым кезінде бір үзіліссіз сынама алынады немесе қатарынан бірнеше сынама алынып, олар орташа мәнді беретін бір сынама ретінде қаралады және орташа шама ретінде сипатталады.
15. Орташа ауысымдық шоғырланудың мәні орташа арифметикалық мән ретінде 5 ауысымнан алынған сынаманың қорытындысынан есептелініп шығарылады. Егер алынған мән орташа ауысымдық РЕШШ-дан аспайтын болса, онда жұмыс аумағы ауасының күйі сол жердегі кәсіби топтар үшін белгіленген орташа-ауысымдық РЕШШ-ға сәйкес деп бағаланады.
16. Құрамында кремний бар шаң РЕШШ туралы мәселені шешу үшін ондағы кремнийдің бос қостотығының пайыздық құрамын анықтау - қолданылатын материалдың құрамының өзгеруіне қарай және бақылау жүргізетін ұйымдардың талабы бойынша, бірақ жылына кемінде 1 рет жүргізіледі.
17. Санитариялық-химиялық тексерулерде қолданылатын барлық аппараттар мен аспаптар белгіленген тәртіп бойынша тексеріледі және қорапталады.
"Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымша |
Жұмыс аймағы ауасындағы бақылауға жататын негізгі зиянды заттардың тізбесі
№ | Өндірістік учаске | Зиянды заттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Коксты химия өндірісі: | |||
1 | көмірді дайындау және тасымалдау | шаң | |
2 | кокс пештерінің жоғарғы алаңдары | шаң, көміртек тотығы, таскөмір шайырын және пекті айдауда шығатын заттар | сондай-ақ коксты, таскөмірді өндіру кезінде - күкіртті ангидрид, пек өндіруде - фенол |
3 | кокс және пекококс пештерінің жанама алаңдары (коксты итеріп шығаратын, есікті-алып-салушы машиналардың кабиналары, пеш маңындағы есіктер кокс сусымаларын жинау алаңдары | шаң, көміртек тотығы, таскөмір шайырын және пекті айдауда шығатын заттар, фенол, азот тотықтары, цианисті сутек | |
4 | кокс және шайыркокс батареяларының тоннельдерінде | шаң, көміртек тотығы, цианисті сутек, фенол | |
5 | пеш қабырғаларын жөндеу учаскелері | шаң | |
6 | тиеу вагондарының кабиналары | шаң, көміртек тотығы, цианисті сутек, фенол, күкіртті ангидрид | |
7 | кокс сорттау учаскелері | шаң | |
8 | электровоз машинисінің кабинасы | шаң, цианисті сутек, фенол | |
9 | конденсация және тұту цехтарында, сорғыларға арналған үй-жайлары және машина залында, бензолды дистиляциялау бөлімшесінде, сульфат бөлімшесінде, механикаландырылған тұндырғыштың қақпағында, фус және шайырды сығу учаскесінде, конденсат жиналатын орынның қасында, сіңіргіштердің, қоректендіргіш және айналмалы жинағыштың қасында, шайыр бөлгіштерде, буландырғышта, центрифугте, аммоний сульфатын кептіру орындарында | ксилол, толуол, бензол, цианисті сутек, аммиак, фенол, цианисті шутек, аммиак, фенол, цианисті сутекі, күкіртті сутек, нафталин | |
10 | радон тәрізді аммоний мен натрий цехы (кристаллизаторлар мен центрифугалар жанында) | күкіртті сутек, күкіртті ангидрид, цианисті сутек | |
11 | кокс газын тазартатын цех (вакуум сүзгіш, центрифуг, аммиак суын соратын сорғыш қасында) | күкіртті ангидрид, цианисті сутек, күшәла тәрізді ангидрид, күкіртті сутек, аммиак | |
12 | шайырды қайта өңдеу цехы, шайыр, май қоймасы, шайырды дистилдеу бөлімшесі, антрацен фракциясын түзу бөлімшесі, нафталин фракциясын қайта өңдейтін бөлімше | таскөмір шайырымен пекті айдау кезінде шығатын заттар, таскөмір шайырымен пекті, фенолды, нафталинді, фенанпренді айдағанда шығатын өнімдер, фенол, нафталин, фенанпрен, нафталин | |
13 | кристалды нафталин цехы (дистилдеу, құю, қаптау, орау) | фенол, нафталин | |
14 | антраценді байыту цехы (кристаллизаторлар, сорғыштар, қаптау орны) | таскөмір шайыры мен пекті айдау кезінде шығатын өнімдер | |
15 | фтал ангидриді цехы (дистилдеу, сору, қаптау, тиеу) | нафтохинон, фтал ангидриді, малеин ангидриді | |
16 | бензолды ректификациалау цехы, ректификация бөлімшесі, "бензин" және "дебензин" жинағыштар, ауыр бензолды, полимерлерді, жалынсыз пеш, сепаратор, жуғыш аппараттар, өлшегіштер. Пиридин негіздерінің қоймасы (сорғыш, ыдысқа құю орындары). Бейтараптандырғыш, сепаратор, пиридин табандарын (негіздерін) өлшегіш | бензол, ксилол, толуол,күкіртті көміртек, бензол, фенол, пиридин, нафталин, цианисті сутек | |
17 | аммиакпен фенолдансыздандыратын цехтар (бағаналар, тұндырғыштар, скрубберлер, аппарат орны) | аммиак, фенол | |
18 | биохимиялық жолмен тазалау цехтары (тұндырғыштар, май бөлгіштер, орташаландыру, аэротенктер, тазартылған суды жинағыштар, сорғыш және аппарат орны) | аммиак, фенол, нафталин, цианды сутегі | |
19 | германий тұтқыш цех (тұндырғыштар, сорғыштар, фуст түсіретін орын, формалин құйылған кішкентай бөшке, вакуум-сүзгіш, дірілді елеуіш, барабан) | фенол, формальдегид, аммиак, шаң | |
2. Агломерат және темір кенінің шекемтастарын өндіру | |||
20 | шихта материалдарын дайындау және тасымалдау | шаң | әкті, бос кальций тотығын дайындап, тасымалдағанда, сондай-ақ кальцийдің бос тотығы |
21 | пісіру (күйдіру), ұсақтау, суыту, сорттау және дайын өнімдерді беру, ыстық өнімді қайтару жолы, шаң және газ тазалайтын құралдар | шаң, көміртек тотығы | құрамында күкірті бар материалдарды пайдаланғанда, сондай-ақ күкіртті ангидрид |
22 | эксгаустер бөлімшесі | көміртек тотығы | |
3. Домна өндірісі: | |||
23 | құю ауласы, домна асты | шаң, көміртек тотығы | -/- |
24 | шихта беру тракты | шаң, көміртек тотығы | флюстенген шикізаттарды пайдаланғанда, сондай-ақ бос кальций тотығын |
4. Ферроқорытпалар өндірісі | |||
25 | шихта дайындау цехтары | шаң | феррохром өндірудің барлық кезеңдерінде: феррохром өндіруде - 3 және 6 валентті хром тотықтары, ферромарганец өндіруде - аэрозоль түріндегі марганец тотығын дезинтеграциялау және конденсаттау; феррованнадий дайындағанда -5 және 3 тотықты ваннадийді, ферромолибденді дайындағанда: еритін және ерімейтін молибден қосындылары, ферровольфром дайындағанда шаң |
26 | өзі пісіретін электродтармен жабдықталған пеш учаскелері | шаң, көміртегі тотығы, таскөмір шайыры мен пекті, 3,4 бензипиринді айдау кезінде шығатын өнімдер | |
27 | ферросилиций сақтау учаскесі | күшәла және фосфор тектес сутек, күкіртті сутек, ацетилен | |
5. Болат балқыту өндірісі: | |||
28 | шихта ауласы және люнкерит бөлімшесі | шаң | |
29 | миксер бөлімшесі | шаң, көміртек тотығы | балқытатын болат маркаларына байланысты |
30 | пеш бойы | шаң, көміртек тотығы | сондай-ақ оның құрамына кіретін зиянды заттар |
31 | құйып тарату орнының бойы | шаң, көміртек тотығы | балқытып шығарылатын болаттың маркасына байланысты қорғағыш қоспаның және материалдарды пештен тыс жерде өңдеу және олардың құрамына кіретін зиянды заттар |
32 | шөміштерді дайындау учаскесі | шаң, көміртек тотығы | |
33 | қож бөлімшесі | шаң | |
34 | құрамдарды дайынду цехтары мен учаскелері | шаң | |
6. Илек өндірісі: | |||
35 | қыздырғыш пештер мен құдықтар учаскелері | көміртек тотығы, күкіртті ангидрид | сонымен қатар қыздырғыш металдар құрамына кіретін зиянды заттар |
36 | стан орны (жаншып қақтау, кесу, таңба салу) | шаң, көміртек тотығы | сонымен қатар өңделінетін металдар құрамына кіретін зиянды заттар |
37 | тоңазытқыш учаскесі | көміртек тотығы, күкіртті ангидрид | |
38 | кемістіктерді алып тастау учаскесі | шаң | сонымен қатар өңделінетін металдардың құрамына кіретін зиянды заттар, отпен тазалағанда қосымша бөлінетін көміртек тотығы және күкіртті ангидрид |
39 | күйдіру учаскесі | қышқылдар мен сілтілердің булары мен аэрозольдары | |
40 | жабу учаскесі | жабатын заттардың құрамына байланысты бөлінетін зиянды заттар | |
41 | май жертөлесі | май аэрозольдары, көміртек тотығы | |
42 | машина залдары | сынап | |
7. Құбыр өндірісі: | |||
43 | қыздырушының және оның көмекшілерінің жұмыс орны | шаң, көміртек тотығы | |
44 | жаншып қақтаушы мен оның көмекшілерінің, жіктеуші операторлардың, автоматты түрде илектеу, жаймалау, ілдіргіге үздіксіз илеу операторларының жұмыс орындары | шаң, көміртек тотығы | |
45 | тығыздаушылар және олардың көмекшілерінің қолмен жұмыс істеу орны | шаң | |
46 | редукциялаушы, колибірлеуші стан операторларының жұмыс орны | шаң | |
47 | құбырларды үздіксіз пеш қондырғыларында пісіретін дәнекерлеушінің, құбырды екі тігісті жайпақ түрде орай және жоғарғы жиілікті токпен балқыта отырып кедергімен электродәнекерлеу станында дәнекерлеушінің жұмыс орны | шаң | |
48 | ұнтақ ағызғыш және құм құйғыш қондырғының жұмыс орны | шаң | |
49 | флюс қабаты астында электрмен пісіретін стандағы дәнекерлеушінің жұмыс орны | шаң, марганец тотықтары | |
50 | жайма бүгу машинасы операторының жұмыс орны | шаң | |
51 | жону станогінің жанындағы жұмыс орны | шаң | |
52 | флюст қабаты астында балқытып пісіретін құбырларды өңдеу станогы жанындағы, құбырларды флюстан тазалауға арналған қондырғы операторының жұмыс орны | шаң, марганец тотықтары | |
53 | бедерлеушінің және оның көмекшілерінің, ортадан айналатын машиналар операторлары және құбырларды жартылай үздіксіз құю машинасы операторының жұмыс орны | шаң, көміртек тотығы | |
54 | қоспа дайындау бөлімшесіндегі өзектеушілердің, бункерлеушілердің жұмыс орны | шаң | |
55 | майлаушының жұмыс орны | май аэрозолі | |
56 | күйдірушінің жұмыс орны | тұз, күкірт, азот қышқылдары, фторлы сутек | |
57 | мырыштаушының жұмыс орны | мырыш тотығы | |
8. Метиз өндірісі: | |||
58 | күйдіру учаскесі | қышқыл және сілті аэрозольдары | |
59 | жабу учаскесі | жапқыш құрамына кіретін зиянды заттар | |
60 | электродтарды және ұнтақ сымдарды өндіру учаскесі | шаң | сонымен қатар, рецептураға байланысты қолданылатын материалдардың құрамына кіретін зиянды заттар |
61 | басқа учаскелер | шаң | ылғалды созу учаскесінде сонымен қатар майдың қалыпты құрамының ыстықтан өзгеруі өнімдері |
9. Темір ұнтақтарын өндіру: | |||
62 | ұнтақтап дайындау бөлімшесі | шаң | сонымен қатар күл, егер ол қолданылатын болса |
63 | қатты қыздыру бөлімшесі | шаң, көміртек тотығы | |
64 | брикеттеу бөлімшесі | шаң | сонымен қатар пек қолданылғанда пекті және 3,4 - бензпиренді айдау кезінде пайда болған заттар |
65 | хлоридтеу әдісімен ұнтақ алу учаскелеру | шаң, хлорлы сутек, фторлы сутек | |
10. Қайталама қара металдарды қайта өңдеу: | |||
66 | болат массивтерін газбен кесушілер, бұрғылаушылардың жұмыс орны | шаң, көміртек тотығы | сонымен қатар болат құрамына кіретін зиянды заттар |
67 | плазмалық қондырғыларда кесушінің жұмыс орны | шаң, көміртек тотығы, азот, тотықтары, озон | сонымен қатар болат құрамына кіретін зиянды заттар |
68 | кеме қалдықтарын газбен кесушінің жұмыс орны | шаң, көміртек тотығы, азот тотықтары, қорғасын | сонымен қатар болат құрамына кіретін зиянды заттар |
69 | электрлі болат қорыту цехтарындағы болат қорытушының, оның көмекшілерінің, краншының жұмыс орны | шаң, көміртек тотығы, акролейн | сонымен қатар болат құрамына кіретін зиянды заттар |
70 | шойындарды ұсақтау қондырғылары, пакеттеу және кесектеу престері операторларының, копровшиктердің жұмыс орны | шаң | |
71 | шойынды ұсақтау қондырғылары пакеттеу және кесектеу престер машинистерінің жұмыс орны | шаң, аэрозоль, май | |
72 | көпірлі крандар машинисінің жұмыс орны | шаң, көміртек тотығы, күкіртті ангидрид | сонымен қатар пайдаланатын заттардың құрамындағы зиянды заттар |
11. Отқа төзімді заттар өндіру: | |||
73 | оқа төзімді заттарды жасау | шаң | пеш бөліміндегі көміртек тотығы, күкіртті ангидрид |
74 | шайыр доломит, шайыр магнизит цехтары | шаң | дозалау, араластыру, нығыздау учаскелерінде, дайын өнімдер қоймасында, шайырдоломит шаңы және таскөмір шайырлары мен пектарын айдау кезінде бөлінетін зиянды заттар |
75 | отқа төзімді бетон цехы | шаң | қайнату және кептіру қазандықтары учаскелерінде, сонымен қатар фосфор қышқылы |
76 | жылуды оқшаулайтын жапсырмалар цехы | шаң | нығыздау және кептіру бөлімшелерінде, сонымен қатар формальдегид |
77 | цирконийлі отқа төзімді заттар цехтары | шаң | қышқылдау учаскесінде, сонымен қатар тұз қышқылы |
Ескертпе: Нақты кәсіпорындардың ерекшеліктерін ескере отырып, бақылауға жататын негізгі зиянды заттардың тізбесі қосымша толықтырылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ -13 бұйрығына 2-қосымша |
"Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және объектілерді салу үшін жер учаскесін таңдауға, өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге және тамақтануға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына және көмір өнеркәсібі объектілерін өндірістік бақылауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) анкерлеу – арнайы бөлшектермен (металл, темір бетон, ағаш өзектер) машиналар мен құрылыстардың бөліктерін бекіту;
2) байыту фабрикасы – техникалық құнды немесе кейін қайта өңдеуге жарамды өнімдерді алуға арналған минералды шикізатты алғашқы өңдеуден өткізетін объект;
3) брикет фабрикасы – көмірді арнайы жабдықтардың көмегімен брикеттеу жүргізілетін кәсіпорын;
4) брикеттеу – кейін қолдану кезінде шығынды азайту мақсатында байланыстырушы заттарды қосу немесе қоспау арқылы қоспаларды нығыздай отырып, қажетті мөлшердегі және қалыптағы брикет кесектерін алу;
5) генерация – электр энергиясын, шуды, электромагниттік дірілді және жарық тербелістерін шығару;
6) гидроциклон – ортадан тебетін күштің көмегімен шламды қоюландыруға, айналым суын ағартуға, сыныптауға және көмірдің жұқа фракцияларын байытуға арналған аппарат;
7) копер – шахта бағанының жер бетіндегі құрылысы;
8) көмір өнеркәсібі объектісі – көмір шығаруды, сорттауды, байытуды брикеттеуді, агломераттауды, сақтауды, тасымалдауды жүргізетін объект;
9) разрез – көмір кен орнын пайдалану кезінде түзілген ашық тау қазбаларының жиынтығы;
10) стробоскопиялық әсер – зат қозғалысының жеке сәттері бейнесінің тез алмасуын қабылдау, тез қозғалушы затты ауық-ауық бақылау жағдайында қабылдау;
11) тас елек – сусымалы материалдарды ірілігіне қарай елек, желтартқыштар немесе торлар арқылы елей отырып, механикалық сұрыптауға арналған құрылғы;
12) тіреу (гидротіреу) – тау жыныстарының опырылуын және кеуіп кетуін болдырмауға арналған құрылыс;
13) флотация – минералдарды өңдеу кезінде олардың ұсақ және қатты бөлшектерінің сумен ылғалданушылық айырмашылығына негізделген бөлу процесі;
14) флотореагент – флотация процесінде қолданылатын зат;
15) флокуляция – коллоидты бөлшектердің борпылдақ, үлпек тәріздес агрегаттарға бірігу процесі;
16) флокулянт – флокуляция процесін жүзеге асыру үшін қосылатын арнайы зат;
17) шахта – пайдалы қазбаларды жерасты тәсілімен өндіруді жүзеге асыратын және оларды тікелей тұтынушыға немесе байыту фабрикасына жіберетін тау-кен өнеркәсібі кәсіпорны (өндірістік бірлік);
18) шахта оқпаны – тау жұмыстарын атқаруға арналған, сыртқа шығатын есігі бар тік немесе қиғаш орналасқан таулы қазба;
19) шпур – жарылғыш заттың зарядын орналастыруға және басқа мақсатқа арналып тау жынысы ішінен бұрғыланған диаметрі 75 миллиметрге дейінгі ұзындығы 5 метрге (бұдан әрі – м) жететін цилиндрлік қуыс;
20) штольня – жер бетіне шығатын есігі бар және пайдалы қазбаларды шығаруға немесе тау жұмыстарына қызмет көрсетуге арналған көлденең немесе қиғаш орналасқан таулы қазба. Мақсатына қарай штольнялар желдетуші, пайдаланушы, барлаушы, су төгуші, тазартушы болады.
2-тарау. Көмір өнеркәсібі объектілерін салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, өндірістік үй-жайларын, ғимараттарын және құрылыстарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Қойма шаруашылығын орналастыру мен тасымалдау операцияларын ұйымдастыру объектінің аумағының және ауа бассейнінің ластануын болдырмайтын тәсілдер мен құрылғыларды пайдалана отырып шикізаттар мен материалдарды механикаландырылған әдіспен беруді, түсіруді және тиеуді қамтамасыз етеді.
4. Ғимарат ішінде технологиялық учаскелердің (цехтардың) орналасуы, зиянды өндірістік факторлардың бір учаскеден (цехтан) екіншісіне учаскеге (цехқа) өтуін болдырмауды ескере отырып жүзеге асырылады.
5. Объектілер аумағындағы тұрақты жолдардың (автомобиль жолдарының, жүріс жолдарының, жаяу жүретін жолдардың) үсті шаңнан және ластан тазартылады. Жылдың жаз мезгілінде жолдар сумен немесе "Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімінің (бұдан әрі – № 299 КО шешімі) талаптарына сәйкес келетін байланыстырғыш заттардың ерітінділерімен шайылады.
6. Өнеркәсіп қалдықтары мен қайталама өнімдерді жинақтау, сұрыптау, тасымалдау, оларды залалсыздандыру және көму арнайы бейімделген алаңдарда объект аумағының жел соғатын жағында жүргізіледі.
7. Жұмыс істеп жатқан ашық разрездердің кен орнын пайдаланудың таулы-геологиялық және технологиялық жағдайының өзгеруіне қарай кешенді шаңсыздандыру жобасына түзетулер енгізіледі.
8. Шахта үстіндегі ғимаратта тікелей шахта оқпанының жанындағы жұмысшыларды күту бөлмесіндегі ауаның температурасы кемінде плюс (бұдан әрі – "+") 16 градус Цельсийді (бұдан әрі – оС) құрайды.
9. Өндірістік ғимараттарды табиғи желдетусіз орналастыруға рұқсат етілмейді. Терезедегі фрамугалар және аэрациялық шамдар ыңғайлы әрі жеңіл ашуға және жабуға арналған механизмдермен жабдықталады.
10. Жеке ғимараттарда немесе копрларда орналасқан шахтаға көтеру үй-жайлары ауа баптағыштармен, желдеткіштермен, ылғалдандырғыштармен жабдықталады. Үй-жайлардың қабырғалары мен төбесі шу сіңіретін материалмен әрленеді.
11. Шаң қарқынды бөлінбейтін бөлмелердің қабырғалары шаңнан айына кемінде 1 рет тазартылады. Пневматикалық әдіспен байытатын байыту фабрикаларында, сондай-ақ көмір концентратын кептіру цехтары мен оны тасымалдау жолдарын жинауды жүзеге асыру аптасына кемінде 1 рет жүзеге асырылады.
12. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстар шөгіп қалған шаңды жинауға арналған жабдықпен қамтамасыз етіледі. Машиналарды, жабдықтарды және аспалы конструкцияларды шаңнан тазарту шөгіп қалған шаң түйіршіктерінің көтерілуіне жол бермейтін әдістермен (пневмо және гидрожинау) жүргізіледі.
13. Еден үсті шаңнан жеңіл тазартылуы тиіс. Үй-жайларды ылғалды жинау және технологиялық процестер кезінде түзілетін сұйықтықтың ағып кетуіне арналған кәріздік құрылғылармен және еңіс орындармен жарақталады. Еден жабынының материалы механикалық және химиялық әсерлерге төзімді болуы және зиянды заттардың сіңуіне жол бермеуі тиіс. Өндірістік үй-жайларды ылғалды жинау кезінде түзілетін шламы бар су тазартылады.
14. Бас желдеткіш қондырғылар үй-жайларда дыбыс деңгейін төмендетуге арналған шаралар жүзеге асырылады. Басқару пульті машина залынан тыс, дыбыстан қорғалған жеке үй-жайға шығарылады. Желдеткіш және сорғыш қондырғыларды, шахта көтергішті, уатқыштарды, тас електерді басқару постылары дірілден және шудан оқшауландырылады.
15. Жабдықтарды басқару постылары және диспетчерлік пункттер дыбыстан оқшауланған жеке бөлмелерде немесе кабиналарда орналастырылады.
16. Көмір байыту фабрикаларындағы және учаскелеріндегі діріл шығаратын жабдықтар орналасқан жұмыс алаңдары дірілді басатын құралдармен жабдықталады.
17. Көмір өндіру және оны қайта өңдеу үшін қолданылатын технологиялық процестерде, машиналарда және жабдықтарда машиналарды пайдалану кезінде жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды факторлар деңгейін бақылау көзделеді.
18. Шаң түзумен және бөлумен, шу, діріл шығарумен және қолайсыз факторлармен қоса жүретін барлық технологиялық процестер үшін арнайы іс-шаралар көзделеді.
19. Ашық тәсілмен көмір өндірудің технологиялық процесі кезінде:
1) тау-кен жабдықтарын қолдана отырып көмір ашу және өндіру жұмыстарын кешенді механикаландыру;
2) электр күшімен көлік құралдарын және тарту механизмдерін басым пайдалану, жұмыс орындарын разрездегі ауа ағындарының басым аэродинамикасын ескере отырып орналастыру;
3) жиналған шаңды басуды, тұтуды және жоюды қоса алғанда кешенді шаңсыздандыру;
4) санитариялық қорғау аймағынан тыс жердегі атмосфералық ауаны ластанудан қорғау қамтамасыз етіледі.
20. Өндірістік ортаның зиянды факторларымен күресуге арналған санитариялық-техникалық құрылғылар жаңа зиянды факторлар көзі болып табылмайды.
21. Әрбір технологиялық процесте тек негізгі жұмыс қана емес, сонымен қатар ауыр қол жұмыстарын азайтатын немесе оған жол бермейтін қосымша жұмыстарды механикаландыру құралдары қолданылады.
22. Шаңды басу іс-шараларын жүргізу кезінде ауыз су сапасындағы су қолданылады, сапалы ауыз су болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде алдын ала тазартылған және зарарсыздандырылған жағдайда, басқа да су көздерін пайдалануға рұқсат етіледі.
3-тарау. Жер асты өндіру кезіндегі еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
23. Адамдарды шахтаға түсіру және көтеру көтермелері шахта суын жинауға және бұруға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталады.
Қазбаларда шахта суының тамшылары болған кезде шатыр немесе күнқағар тәрізді қорғау құрылыстары көзделеді, ал қарқынды тамшылы қазба бөлімдерінде жұмыс істеушілер судан қорғау киімдерімен қамтамасыз етіледі.
24. Адамдарды жұмыс орнына дейінгі ара қашықтық 1 километр және одан артық болса көлденең қазбалар бойынша, ал соңғы пункттер белгілері арасындағы айырмашылық 25 м және одан көп болғанда қиғаш қазбалар бойынша тасымалдау міндетті.
25. Адамдарды тасымалдау үшін жылу оқшаулағыш материалдармен өңделген төбесі, қалың қапталды қабырғасы мен орындығы бар жолаушылар вагондары қолданылады. Шахта үстінде арнайы жұмыс киіміндегі жұмыскерлерді тасымалдау үшін көлік құралдарының салонындағы ауа температурасы жылдың қысқы және өтпелі кезеңдерінде, кемінде + 16 0С көзделеді.
26. Жұмысшыларды көлік құралдарына отырғызатын орындарда орындықтармен, стационарлық жарықпен және көліктің келе жатқанын ескертетін дабыл қаққышпен, телефон байланысымен жабдықталған, жылытылатын күту камералары көзделеді. Камералардағы ауаның температурасы +16 0С-тан төмен және +26 0С-тан жоғары болмайды.
27. Жұмыс істеп тұрған кенжарларда забой маңайындағы (100 м-ден алыс емес) ауаның температурасы +16 0С-тан төмен болса, жұмысшылар жылынатын үй-жайлар, кабиналар немесе қуыстар салынады.
28. Жұмысшылар ауысым бойынша бір адамға 1-2 литр (бұдан әрі – л) есебінен ыстық сусындармен қамтамасыз етіледі.
29. Адамдар болатын тау қазбаларын өндіру орны ауасындағы оттегі (көлемі бойынша) құрамының мөлшері 20 пайыздан (бұдан әрі – %) кем болмайды, ал жұмыс орындарындағы кен ауасының және ойық учаскелердің шығыс ағыны мен тұйық қазбалар ауасындағы көміртек диоксидінің мөлшері 0,5 %-дан аспайды, шығу ағынды қанат қазбаларында, жиекте және шахтада жалпы алғанда 0,75 %-дан, үйінді қазбаларды қалпына келтіру, жүргізу кезінде 1 %-дан аспайды.
30. Кешенді механикаландырылған тазарту забойдағы адамдардың орын ауыстыруына және басқару органдарына кіруіне арналған өту жолдарының шегі мен креп бағандары арасындағы кеңістіктің ені кемінде 0,7 м, ал крептің жұмыс күйі кезіндегі биіктігі секцияның бүкіл ені бойынша кемінде 0,5 м болады. Крептің жиналған күйіндегі (барынша төмен түсірілген) оның астындағы кеңістіктің биіктігі 0,4 м-ден кем болмайды.
31. Жұмыс істеудің ыңғайсыз қалпында (тізерлеп, жатып) жұмыс атқару кезінде жұмысшылар жеке қорғаныш құралдарымен (тізеқап, шынтаққап) қамтамасыз етіледі.
32. Көмірді қазып алу кезінде шаңның түзілуін азайту үшін көмір сілемдерін алдын ала ылғалдау көзделеді. Көмірді қазып алу кезінде көмір сілемін алдын ала ылғалдау процесі тазарту қазба бөлімдерінде қолайсыз еңбек жағдайларын тудырмайды.
33. Жоғары қысымды (10 Мега Паскальдан жоғары) су ағынын қолдану арқылы қазбаны үңгу және тазарту жұмыстары кезінде көмір мен жыныстың ұсақ бөлшектерінің және технологиялық судың шашырауынан жұмысшыларды қорғау шаралары көзделеді.
34. Жер асты қазбаларын топыраққа, тіреуіштің бүйір қабырғалары мен элементтеріне шөгіп қалатын шаңнан, сонымен бірге көмір мен жыныстың төгілуінен тазалау ылғалды тәсілмен жүзеге асырылады. Шаңды сығымдалған ауамен үрлеу жолымен жинауға рұқсат етілмейді.
35. Егер шаңмен күресу құралдарының кешені жұмыс аймағы ауасындағы шаңның құрамын рұқсат етілетін шекті шоғырлануға (бұдан әрі – РЕШШ) дейін төмендетуді қамтамасыз етпесе, онда жеке экспозициялық дозаларды (уақытпен қорғау) реттеудің қосымша шаралары қолданылады.
36. Шахталарда қолданылатын арнайы сұйықтықтар, шаңға қарсы күресуде қолданылатын химиялық қоспалар және синтетикалық заттар, жылу, гидро, газ оқшаулауға арналған полимерлік материалдар адам үшін қауіпсіз. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар мөлшерінің РЕШШ-дан аспауына рұқсат етілмейді.
37. Беткей белсенді заттар (бұдан әрі – ББЗ), синтетикалық және полимерлік материалдарды дайындауға және қолдануға байланысты барлық өндірістік процестер механикаландырылады. Оларды орындау кезінде жұмысшылар жеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) жабдықталады. Авария жұмыстарын орындау кезінде полимерлік материалдарды қолмен жағуға рұқсат етіледі. Синтетикалық және полимерлік материалдардың бастапқы компоненттері қолдану орындарына жабық ыдыспен жеткізіледі.
38. Жер асты қазбаларында бір реттік тапсырманы, бір ауысымда немесе бір жұмыс күнінде орындауға талап етілетін синтетикалық және полимерлік материалдар компоненттерінің мөлшері ғана сақталады. Бастапқы компоненттердің қалған мөлшері жер бетінде орналасқан қоймада сақталады. Синтетикалық және полимерлік материалдар компоненттерінің әрбір партиясының сертификаты бар.
39. Синтетикалық және полимерлік материалдардың бастапқы компоненттерін сақтау және тасымалдау зауыттық ыдыста жүзеге асырылады.
40. Тау сілемдеріне синтетикалық материалдарды айдау, бұрғыларды химиялық анкерлеу кезінде жарылғыш заттың зарядын орналастыруға арналған цилиндрлік қуысты тығыз тұмшалайды. Жұмысшылар желдеткіш ағыны бағытының жел жағында болады. Шпурлар бұрғыларынан гидроқақпақтарды шығару синтетикалық материалдар қатайғаннан кейін жүргізіледі.
41. Технологиялық және инженерлік іс-шаралармен жұмыс орындарындағы шу және діріл деңгейлерін рұқсат етілген деңгейлерге дейін төмендету мүмкін болмаған жағдайда жеке қорғаныш құралдары, сондай-ақ экспозициялық дозаны реттеу арқылы жұмысшылардың денсаулығын қорғау пайдаланылады және ауысымнан кейінгі медициналық оңалту жүргізіледі.
42. Жаңадан сатып алынатын электровоздар машинистерінің кабиналарында сыртқы шудан, қолайсыз микроклиматтан және жергілікті дірілден қорғау көзделеді.
43. Шуы және дірілі белсенді қосалқы жабдықтарды (сорғыларды, желдеткіштерді, ауа салқындататын қондырғыларды) жұмыс аймағынан тыс орналастырады.
44. Дизельді қозғалтқышы бар машиналар уақтылы техникалық қызмет көрсетуден өтеді. Дизельді қозғалтқыштар тұрақты физикалық, химиялық және уытты сипаттағы отынмен жұмыс істейді.
45. Шахтада қолданылатын әр дизельді қозғалтқыш үшін пайдаланылған зиянды заттардың шығу жолдарында шоғырлануына және қозғалтқыштың ең көп қуаттылығына байланысты жұмыс орнына берілетін таза ауаның ең аз көлемі анықталады. Бұл сипаттамалар анықталмаған қозғалтқышты қолдануға рұқсат етілмейді.
46. Есту мүшесінің жеке қорғаныш құралынсыз пневматикалық перфораторлармен бұрғылауға, пневматикалық ауыр жүк көтеретін шығырды басқаруға, поршеньде және турбокомпрессорларда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
47. Шпурларды бұрғылау үшін жергілікті діріл бойынша талаптарды қанағаттандыратын құрал-саймандар қолданылады.
48. Шахта жабдықтарын күрделі және профилактикалық жөндеу жер бетіндегі жөндеу-механикалық шеберханаларында, цехтарда немесе зауыттарда жүзеге асырылады.
49. Жөндеу жұмысы басталар алдында жабдықтар көмірлі-жынысты шаңнан, жұмыс сұйықтығынан тазартылады және залалсыздандырылады. Жабдықтарды тазарту әдісі жұмысшыларға зиянды заттардың әсер етуіне жол бермейді.
50. Жер асты қазбаларында ағымды жөндеу жұмыстарын орындау кезінде көп еңбекті қажет ететін операциялардың барлығы механикаландырылады. Жабдықтарды жөндеуге арналған барлық цехтар салмағы 20 килограмнан (бұдан әрі – кг) артық бөлшектерді тасымалдау кезінде механикаландыру құралдарымен (тельферлермен, көтергіштермен, ауыр жүк көтеретін шығырлармен) жабдықталады.
51. Гидрокрептер мен қазба жұмыстары бөлімінің жабдықтарын жөндеу учаскелерінде эмульсияны және май қалдықтарын ағынмен жуып сыйымдылықтарға жинау және заттарды сіңірмейтін едендер салу көзделеді.
4-тарау. Ашық тәсілмен өндіру кезіндегі еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
52. Ашық тау қазбаларын күтіп-ұстау және разрез жабдықтары бойынша жұмыс жүргізу пайдалы қазбалар кен орындарын ашық тәсілмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
53. Тікелей разрезде толық жұмыс ауысымда істейтін, іштен жану қозғалтқыштары бар машиналарды разрездерде пайдалану, атмосфералық ауаға пайдаланылған газдардағы ластағыш заттардың шығарындыларын азайту бөлігінде, зауыт құжаттамасында көрсетілген өндірушінің ұсыныстарына сәйкес және (немесе) тиімді тазарту құралдарын пайдаланумен жүзеге асырылады. Разрезде толық жұмыс аусымында жұмыс істеуге арналған автокөлік құралдарының тізбесін, разрездің техникалық басшысы бекітеді.
Жұмыс аймағында пайдаланылған газдардың улы қоспаларының шоғырлануы болған кезде пайдаланылған газдарды тазарту және тиімді бейтараптау құралдарынсыз іштен жану қозғалтқыштары бар машиналарды разрезде қолдануға рұқсат етілмейді.
54. Автомашиналар қозғалысы кесте бойынша жүзеге асырылады, бұл жұмыс алаңдарында, тау кертпештерінде, жол учаскелерінде қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде олардың жинақталуына жол бермейді. Ірі салмақты (10 т және одан жоғары) өздігінен түсіргіштер арасындағы ең аз арақашықтық кемінде 30 м. Тиеу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде тиеу орнына көліктің ілмекті кіру жүйесі қолданылады.
55. Пайдаланылған газдардың зиянды қоспаларына бақылауды ұйым жүргізеді.
Қоршаған орта ауасының оң температурасы мен сумен жабдықтау мүмкіндігі кезінде, шаң бөлінетін экскаваторлық және тиеу жұмыстарында шаңды басу кен орнын игеру жобасына сәйкес орындалады.
56. Жарылғыш заттар (бұдан әрі – ЖЗ) түйіршікті күйінде қолданылады, таңдау кезінде олардың уыттылық сипаты және жарылғыш газ мөлшерінің аз пайда болуы ескеріледі.
57. Ұңғымаларды қуаттандыру және тығындау, сондай-ақ қуаттандыру машиналарына ЖЗ-ды тиеу механикаландырылады.
58. Қуаттандырушы машиналар мен механизмдердің жұмысы кезінде шаң басушы және шаң тұтушы құралдар қолданылады. Қызмет көрсететін персонал ЖҚҚ-мен қамтамасыз етіледі.
59. Ұңғымалар мен шпурларды бұрғылау шаңды құрғақ тұту немесе оны сумен басу арқылы жүргізіледі.
60. Разрездердің 100 м-ден астам тереңдіктегі іркілу аймақтарындағы жұмыс орындарында газ жинақталғанда арнайы құрылғылар қолдану арқылы жасанды желдеткіш көзделеді.
61. Разрездердегі ауа алмасуды жақсарту үшін ауаның табиғи ағымын реттейтін, бағыттайтын және қорғайтын аэродинамикалық құрылғылар көзделеді.
62. Экскаваторлардың, жер снарядтарының кабиналарында тағамды сақтауға және тамақ ішуге арналған шкафтарды (шағын үстел), электроплитаны, суға арналған термосты, алғашқы көмектің дәрі қобдишасын, қолжуғышты қоюға арналған орындар көзделеді.
63. Люминесцентті жарық қондырғыларынан шығатын жарықтандыру пульсациясының коэффициенті 20%-дан аспайды. Стационарлы жарықтандыру қондырғыларын пайдалану кезінде жұмыс істеу аймақтарында стробоскопиялық әсерді төмендетуге бағытталған техникалық шаралар көзделеді. Кабинаның әйнектелген бөлігінде ашуға және тығыз жабуға бейімделген тетіктері болады.
64. Шаңдануды азайту және машинаның кабинасындағы микроклиматтың рұқсат етілген параметрлерін тудыру үшін есіктер мен терезелер тығыздалады, ауаны тазартуға, жылытуға және салқындатуға арналған қондырғылар қолданылады.
65. Физикалық фактор көздерімен жұмыс істеу кезінде жұмыс аймағы ауасындағы шаңның құрамы, шу мен дірілдің деңгейлері "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) сәйкес РЕШШ және РЕШД-ге сәйкес келеді.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Байыту және брикеттеу фабрикаларындағы еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
66. "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-70 бұйрығы) сәйкес бекітілетін технологиялық процестерді қашықтықтан басқаруға арналған тұрақты жұмыс орындары шудан және дірілден оқшаулайтын, микроклиматтың, ауадағы шаң және уытты заттар мөлшерінің рұқсат етілген параметрлерін қамтамасыз ететін кабиналарда орналастырылады.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Ұсақтау-сұрыптау, тасымалдау және байыту жабдықтарынан шығатын шудың және дірілдің деңгейін төмендету, оның пайда болу көзінде (дірілді оқшаулайтын іргетастар, амортизаторлар, дыбысты оқшаулайтын қаптамалар, баспаналар), таралу жолында (экрандар, қоршаулар, іргетастағы қазу), олармен жұмыс істеу аймағында (діріл оқшауланған алаңдар, орындықтар, кілемшелер, дыбысты оқшаулайтын кабиналар) жою, сонымен қатар ЖҚҚ-ны қолдану негізінде жүргізіледі.
68. Ұсақтағыштарда, тасымалдағыш таспаларда, таселектерде шикізат пен дайын өнімді тиеу, түсіру және аударып салу орындары аспирациялау жаппаларымен және жұмысы технологиялық жабдықтың жұмысымен блокталған шаңсыздандыру жүйелерімен жабдықталады. Блоктау аспирациялау және шаңсыздандыру жүйелерінің жұмыс басталудан 3-5 минут (бұдан әрі – мин) бұрын қосылуын және жұмыс аяқталғаннан кейін 5 мин кем емес уақытта тоқтатылуын қамтамасыз етеді.
69. Көмірді қабылдау, кептіру және дайын өнімді тиеу, пневматикалық сепарациялау, бөлектеу алдында көмірді құрғақ сыныптау және шаңсыздандыру учаскелерінде жүзеге асырылатын шаңға қарсы іс-шаралар кешені жұмыс аймағы ауасындағы шаңның шоғырлануын РЕШШ деңгейінде ұстауды қамтамасыз етеді.
70. Шаң түзу қабілеті бар көмірді байыту кезінде шаң байланыстырушы қоспалар ретінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен заттар пайдаланылады. Канцерогендік және мутагендік әсері бар заттарды көрсетілген мақсатта қолдануға рұқсат етілмейді.
71. Суспензия дайындау бойынша барлық технологиялық операциялар ауыр ортада байыту үшін пайдаланылатын, тығыздығы жоғары минералды ұнтақ бөлшектерінің жұмыс аймағының ауасына түсуін болдырмау мақсатында жергілікті сору желдеткішімен жабдықталған жаппаларда жүргізіледі.
72. Жанасатын күбілерге, флотациялық машиналарға және реагенттерді беру жүйесі жабық коммуникациялар бойынша жүзеге асырылады және еденге реагенттердің түспеуін қамтамасыз етеді.
73. Реагенттер, флотациялау, регенерациялау, сіңіру, кептіру және қалдықтарды залалсыздандыру бөлімшелерінің үй-жайларында ауадағы зиянды газдардың құрамына бақылау жүзеге асырылады.
74. Ауыр орталарда байыту үшін пайдаланылатын, тығыздығы жоғары минералды ұнтақтар шаңының жұмысшыларға әсерін болдырмау мақсатында олардың суспензиясын дайындау операцияларының барлығы жергілікті сору желдеткішімен жабдықталған жабық жабдықтарда жүзеге асырылады.
75. Беті ашық суы бар жабдықтарда (бөлектеу машиналарында, флотациялау машиналарында, құрғату аппараттарында, гидроциклондарда) жұмыс істейтін жұмысшылар гидроаэрозольдың шашырауынан қорғалады. Мұндай бөлмелердегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жұмыс аймағы үшін белгіленген шамадан аспайды.
76. Центрифугада шламды тас елек, ұсақтау және құрғату учаскелерінде дыбыс оқшаулау кабиналарының технологиялық процестің барысын қашықтықтан бақылау қамтамасыз етіледі. Тас елеуіштер, ұсақтаушылар, сепараторшылар, сүзгілеушілер, сорғы қондырғыларының машинистері, жөндеуші темір ұсталары есту мүшесінің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етіледі.
77. Технологиялық жабдықтарды топтап орналастыру жағдайында жұмысшыларды шудан қорғау шаралары үй-жайдың акустикалық қасиеттері және жанында тұрған жабдықтардың шу сипаттамалары есебінен дыбыс деңгейінің жоғарылау әсері ескеріледі.
78. Флотореагенттер мен флокулянттарды пайдалану кезінде жұмыс аймағының ауасына РЕШШ асатын шоғырланудағы уытты компоненттердің бөлінуіне жол берілмейді. Ерітінді дайындаушы жұмысшылар тыныс алу мүшелері мен тері жамылғыларын химиялық заттардан қорғайтын ЖҚҚ-мен қамтамасыз етіледі.
79. Ауыр салмақты жүкті қолмен көтеру және орнын ауыстыру кезінде әйелдерге арналған рұқсат етілген шамалар: ауыр салмақты жүкті көтеру және орнын ауыстыру басқа жұмыспен кезектестірілгенде (сағатына (бұдан әрі – сағ) 2 ретке дейін) – 10 кг, жұмыс ауысымы ішінде ауыр салмақты жүкті көтеру және орнын ауыстыру – 7 кг құрайды.
80. Байыту фабрикаларының реагенттеу бөлімшелері мен флотация бөлімшелеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын құрал-саймандар флотореагенттерден тазартылуға жатады.
81. Тау-кен және пайдалы қазбаларды байыту жұмыстарын жүргізу кезінде топырақтың, су ресурстарының және атмосфералық ауаның ластануын болдырмау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
82. Көмір өнеркәсібі объектілеріндегі тазарту құрылыстарының жобалау құжаттамасында коагулянттардың және флокулянттардың қолданылуын негіздей отырып, сарқынды суды тұндыру уақытының есептеулері болады. Сарқынды суды тазарту құрылыстарын пайдалануға беруге дейін технологиялық жабдықты іске қосуға рұқсат етілмейді.
83. Байыту және брикеттеу фабрикаларындағы байыту процестерінде қолданылған соң шахталар мен разрездерден тартып шығарылған сарқынды суды су қоймаларына ағызуға судағы өлшенген және ерітілген заттарға зертханалық бақылау жасай отырып, тиімді тазалағаннан және зарарсыздандырғаннан кейін ғана жол беріледі.
84. Шаруашылық мұқтаждығына және аумақты суғару үшін қолданылатын шахта суы микроэлементтердің артық мөлшерінен тазартуға, залалсыздандыруға, деминерализациялауға және бейтараптандыруға жатады. РЕШШ белгіленбеген флокулянттар мен химиялық заттарды су қоймаларына ағызуға рұқсат етілмейді.
85. Көмір объектілері аумағының бетіндегі сарқынды су, өндірістік үй-жайлар едендерінің шайынды суы шығару алдында жергілікті тазартуға жатады немесе тазалау құрылыстарына жіберіледі.
86. Жанып жатқан жыныс үйінділерін пайдалануға рұқсат етілмейді. Істен шыққан жыныс үйінділері қопсытылуға жатады.
87. Шахталардың, разрездердің, байыту фабрикаларының қатты қалдықтары уытты болмаған кезде оларды өнеркәсіп салаларында пайдалануға рұқсат етіледі.
88. Көмірді теміржол вагондарымен немесе платформаларда тасымалдау кезінде оның төгілмеуін және шаңның ұшуын болдырмау бойынша шаралар көзделеді.
89. Көмірді және тау жынысын арқан жолдармен, автомобильдермен, конвейерлермен немесе рельсті көліктермен шығарған кезде белгіленбеген жерлерге түсіруге және жинауға рұқсат етілмейді.
6-тарау. Тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге және тамақтануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
90. Әкімшілік-тұрмыстық кешеннің (бұдан әрі – ӘТК) құрамында арнайы санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық-профилактикалық мақсаттағы үй-жайлар: денсаулық сақтау пункттері, фотарийлер, ингаляторийлер, моншалар, сауналар, себезгілер, діріл беретін құралдармен жұмыс істейтін жұмысшылар қол ванналарын қабылдайтын үй-жайлар, әйелдердің жеке гигиенасы үй-жайлары, киімді шаңсыздандыру камералары, кір жуатын бөлмелер және профилакторийлер көзделеді.
91. ӘТК фабриканың бас корпусымен немесе жұмысшыларды төмен түсіріп және жоғары шығаратын шахтаның оқпанымен (штольнясымен) жылу берілетін және жарықтандырылған жабық өтпе жол арқылы қосылады.
92. Тұрмыстық үй-жайлар санитариялық өткізгіш үлгісінде жасалады, әр кабинадан сабынды судың артқы қабырғаға қарай ағуын қамтамасыз ететін едені болады, жуыну керек-жарақтарын орналастыруға арналған сөрелермен, шағын үстелдермен, аяқты өңдеуге және шаюға арналған су ағысы бар кілемшелермен жабдықталады.
93. Себезгі бөлмелері ең көп санды ауысым кезінде 5 адамға 1 себезгі есебінен жасалынады. Адамдардың жуынуы үшін берілетін су қауіпсіз және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау талаптарына сай. Ыстық судың ең төменгі температурасы +37 0 С-тан кем болмайды.
94. Ашық разрездерде демалуға арналған стационарлы үй-жайлар себезгі қондырғыларымен жабдықталады. Жаз мезгілінде қалқа астында демалыс орындары қосымша жабдықталады.
95. Ашық ауада, орман қоймасында, жылу берілмейтін үй-жайларда шахта оқпандарын салу кезінде, сондай-ақ жұмыс орнындағы ауаның температурасы +10 0С-тан кем болатын басқа да жағдайларда жұмысшылар үшін аяқ-қолдарын жылытуға арналған арнайы жабдықтармен, киім ілгіштермен, қолғаптарын кептіруге арналған аспаптармен жабдықталған демалуына және жылынуына арналған арнайы үй-жайлар көзделеді. Үй-жайлар ауыз сумен және қайнаған сумен қамтамасыз етіледі. Жылдың қысқы және өтпелі кезеңдерінде бұл үй-жайларда +22 0С-тан +24 0С-қа дейінгі ауа температурасына, 0,2 метр секундтан (бұдан әрі – м/сек) аспайтын ауа қозғалысының жылдамдығына рұқсат етіледі.
96. Киім ілетін үй-жайлар жұмыс және үй киімін жеке сақтауға арналған шкафтармен жабдықталады. Киім ілетін орандардағы шкафтар мен киім ілгіштердің орналасуы жинауды, дезинфекциялауды және дезинсекциялауды ыңғайлы жүргізуге мүмкіндік береді. Киім ілетін орындарда ылғал киімдер үшін кептіргіштер көзделеді.
97. Себезгі және киім ілетін бөлмелердің едені, қабырғасы және жабдықтары ауысым сайын жинауға және дезинфекциялауға жатады. Себезгі бөлмелердің кіре берісіндегі жеңіл аяқ киімді әрбір қолданудан кейін дезинфекциялауға арналған ванна құрылғылары көзделеді.
98. Себезгі бөлмелерінде жұмысшылар сүлгімен және монша аяқ киімімен қамтамасыз етіледі. Монша аяқ киімі мен себезгіде қызмет көрсететін персоналдың аяқ киімі жеңіл жуылатын материалдан дайындалады және № 299 КО шешімінің талаптарына сәйкес келетін дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ауысым сайын дезинфекциялануға жатады.
99. Арнайы киімді жуу және химиялық тазарту үй-жайларында арнайы киімді жуу тәртібін реттейтін нұсқаулық көзделеді.
100. Киімді кептіруге арналған киім ілгіш ауасының құрамындағы шаң мөлшерін бақылау кемінде тоқсан сайын 1 рет жүргізіледі.
101. Респираторлық бөлме сүзгілерді шаңнан тазартуға және оның кедергісін бақылауға арналған қондырғымен, жартылай бетперделерді жууға, дезинфекциялауға және кептіруге арналған құралдармен жабдықталады.
102. Алыс учаскелердегі қазба бөлімінің магистральдарында және уақытша конвейерлерде, бұрғылау станоктары мен механизмдерде жұмыс істейтін және жол жөндеуші жұмысшылардың жылынуы үшін жылжымалы жылыту пункттері орнатылады. Жылыту пункттерінен жұмыс орнына дейінгі арақашықтық 300 м-ден аспайды.
103. Тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 (бұдан әрі – ҚР ДСМ-16 бұйрығы) бұйрығымен айқындалады.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
105. Көмір өнеркәсібінің барлық объектілерінде денсаулық сақтау пункттері көзделеді, олар медициналық аспаптармен, жедел және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған таңу материалдарымен жабдықталады.
106. Пласты 500 м және одан да көп тереңдікте өндіретін шахталарда жер асты денсаулық сақтау пункттері көзделеді.
107. Жұмыс істеп жатқан дайындық және тазарту қазба бөлімінің жұмыс орындарына ылғалдан қорғалған, зембілдермен, медициналық препараттармен және шұғыл медициналық жәрдем көрсететін құралдармен жарақталған дәрі қобдишалары (150 м-ден алыс емес) жақын болуы тиіс.
108. Жұмысшылар фотарий құрылғысы және жабдықтау және ультракүлгін сәулеленуін ұйымдастыру кезінде өнеркәсіп кәсіпорындарында ультракүлгін сәулелену қондырғыларын пайдалану талаптары ескеріледі.
109. Оқпан маңындағы жер асты өнімдерінде және жер асты көліктерін күту орындарында стационарлы дәретханалар салынады. Оларды тегіс бетондалған еденді қуыс камерада орналастырады және стационарлық жарықпен және қолжуғышпен жабдықтайды. Нәжісті қабылдаушы ретінде ассенизациялаушы вагондар пайдаланылады. Вагонның қабылдау люгі жеңіл ашылады және тығыз жабылады. Жер асты дәретханасы люфтклозет қағидатымен жұмыс істейді. Стационарлы дәретханалардан алыс және жұмысшы саны үш адамнан көп алыс учаскелер үшін жылжымалы дәретханалар қойылады. Жылжымалы дәретханалар ыңғайлы жеткізуді және тазалауды қамтамасыз ететін жабық конструкциялы болады.
110. Жер асты дәретханаларының ассенизациялаушы вагондары толу мөлшеріне байланысты, бірақ аптасына бір реттен сиретпей арнайы жасалған төгу пунктіне, одан әрі биологиялық тазарту қондырғыларында тазартылуы үшін сыртқа көтеріледі.
111. Разрездердегі жұмыс учаскелері жұмыс орнынан 100 м-ден алыс емес орналасқан люфтклозет үлгісіндегі жылжымалы дәретханалармен қамтамасыз етіледі. Нәжісті қабылдағышты тазарту уақтылы жүргізіледі.
112. Жер асты және жер беті дәретханаларын жинау жабдықтардың сыртқы бетін дезинфекциялай отырып жұмыс күндерінде күн сайын жүргізіледі.
113. Ассенизациялау жұмысымен айналысатын жұмысшылар үшін олардың жеке жұмыс киімін, жеке киімін, аяқ киімін сақтайтын бөлімдері бар себезгі, жылы суы бар қолжуғыш және дезинфекциялайтын заттары бар санитариялық тораптар көзделеді. Арнайы киімдерді сақтау үй-жайы сыртқа және ішке сору желдеткішімен жабдықталады.
114. Көмір өнеркәсібінің объектілерінде жұмыс істейтін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшылар ЖҚҚ-мен қамтамасыз етіледі.
ЖҚҚ еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес болған барлық жағдайларда, сондай-ақ еңбек және ұжымдық шарттарында көзделгенде қолданылады.
Аталған жағдайларда адамдардың ЖҚҚ-сыз жұмыстарды орындауына рұқсат етілмейді.
115. Бет терілерін және қолды зиянды заттардың түсуінен қорғау үшін, сондай-ақ ашық ауада жұмыс істеу кезінде қансорғыш жәндіктерден, үсік шалудан және күн радиациясынан сақтау үшін қорғаныш құралдары (жақпа майлар, пасталар, аэрозольдар) қолданылады.
116. ӘТК-нің респираторлық үй-жайларында табель нөмірлеріне сәйкес әр жұмысшыға бекіткен шаңға қарсы ЖҚҚ-ны сақтау, беру және тазартудан басқа, ЖҚҚ күйін, жұмысқа жарамдылығын бақылау жүзеге асырылады. Жартылай бетперделер мен шаңға қарсы респираторлар күн сайын жуылуы және дезинфекциялануы тиіс. Шаңға қарсы ЖҚҚ-ның кедергі күшін тексере отырып, сүзгілерін тазарту әрбір жұмыс ауысымынан кейін жүргізілуі тиіс. Респиратордың сүзгісі минутына 30 л жылдамдықтағы ауаның стационарлы ағынында су бағанының 10 мм-лік кедергісіне жеткенде алмастырылуы тиіс.
117. Қорғаныш көзілдіріктері, экрандар мен қалқаншалар кейіннен +40 0С-тан аспайтын температурада кептіріле отырып, ластануына қарай таза сумен шайылады.
118. Шуға қарсы құралдардың және шуға қарсы жапсырмалардың ластанған беттері әрбір қолданыстан кейін ылғалданған тампондармен немесе сабынды жылы сумен сүртіледі.
119. Каскалар ішкі жабдығы бөлшектенбестен, күн сайын жылы сумен жуылады және айына бір рет дезинфекцияланады. Каскаларды дезинфекциялау үшін № 299 КО шешімінің талаптарына сәйкес келетін құралдар пайдаланылады.
120. Арнайы жұмыс киімі кешенді өңделуге жатады: сырт киім – ылғалды шаңсыздандырылады немесе химиялық тазартылады, іш киім – жуылады. Сыртқы арнайы жұмыс киімін өңдеу кезеңділігі айына үш реттен сиретпей, ал іш киім апта сайын өңделеді. Әр жұмыс ауысымынан кейін арнайы жұмыс киімі шаңсыздандырылады және кептіріледі. Судан қорғайтын арнайы жұмыс киімі 50 0С-тан аспайтын температурада кептіріледі. Сүлгілер, касканың астынан киілетін зат, шұлғаулар әр қолданыстан кейін ауыстырылуы, жуылуы және дезинфекциялануы тиіс. Тері-іріңді және грибокты аурулардың алдын алу және емдеу үшін микробқа қарсы матадан тігілген іш киіммен қамтамасыз етілуі тиіс.
121. Арнайы жұмыс аяқ киімі айына екі реттен сиретпей дезинфекциялаушы заттарды қолдана отырып жуылады, ылғалданған аяқ киім ауысым сайын кептіріледі. Кептірілген соң теріден жасалған аяқ киімге арнайы жақпа май жағылады.
122. Терісінің іріңді аурулары және саусақтары мен табанының грибокты аурулары бар науқастардың арнайы жұмыс киімі күн сайын дезинфекцияланады.
123. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.124. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
125. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
126. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
127. Жұмыс беруші жұмысшыларды арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-эпидемиологиялық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібіне және нормаларына сәйкес сүтпен, құнарлылығы бойынша теңестірілген емдік-профилактикалық тағаммен, витаминдермен және биологиялық белсенді микроэлементтермен және сүтпен жұмыс берушінің есебінен қамтамасыз етеді.
128. Кәсіпорын жұмыскерлеріне медициналық қызмет көрсетуді медициналық-санитариялық бөлімдер, емханалар және ауруханалар жүзеге асырады. Олар тәулік бойы жұмыс істеуді қамтамасыз ететін цех қызметін және денсаулық пункттері желісін ұйымдастырады.
129. Денсаулық сақтау пункті дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер штатымен толықтырылады, жабдықтармен, құрал-саймандармен және таңу материалдарымен жабдықталады.
130. Жұмысқа қабылданатын және қолайсыз өндірістік факторлардың әсерімен байланысты өндірістерде және мамандықтарда жұмыс істейтін инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмысшылар жұмысқа кіру кезінде "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) сәйкес медициналық тексеріп-қараудан өтеді.
131. Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жұмысшының кәсіби ауруға шалдыққаны анықталғанда және расталғанда оны қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне байланысты емес жұмысқа ауыстырады.
132. Бұрын зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген, кейіннен басқа жұмысқа ауысқан немесе жұмыстан босаған жұмысшылар одан кейін денсаулық жағдайы нашарлағанда және оның еңбек жағдайымен байланысын растау қажет болған кезде профпатолог мамандарға жіберіледі.
7-тарау. Сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
133. Жер асты тау қазбалары механикалық тарту күші бар тұрақты жұмыс істейтін желдеткішпен қамтамасыз етіледі.
134. Барлық желдету қондырғылары тиімділікке сыналады. Сынау және жөндеу нәтижелері бойынша әрбір желдету жүйесіне паспорт жасалады.
135. Желдету жабдықтарын, ауаны тазарту құрылғыларын таңдау, сондай-ақ жабындарды жобалау кезінде шығатын шаңның бөліну параметрлерінің ерекшеліктері ескерілуі және саңылаулар арқылы сорылып шығатын ауа орнын толтыратын аспирациялық ауаның 10%-дық қоры көзделеді.
Жұмыс орындарында № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес жұмысшыларға температураның, ылғалдылықтың және ауаның қозғалыс жылдамдығының жол берілетін үйлесімінің талаптарын қамтамасыз ете отырып, ауаны баптау жүйесі қолданылады.
Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.136. Шахтаға, өндірістік үй-жайларға және ӘТК-ге механикалық желдеткіш жүйелерімен берілетін сорылған ауадағы шаң мен уытты заттардың құрамы жұмыс аймағының ауасы үшін 30%-дан аспайды.
137. Өндірістік үй-жайлардағы айтарлықтай шаң бөлетін жылыту құралдарының беті тазалауға ыңғайлы болуы үшін тегіс болады.
138. Ғимараттар мен құрылыстарды жылыту үшін қосымша өндірістік зияндылық тудырмайтын жүйелер, құралдар мен жылу таратқыштар көзделеді.
139. Жылытылмайтын өндірістік үй-жайлар жылдың қысқы және өтпелі кезеңдерінде жұмысшыларды жылытуға арналған учаскелермен жабдықталады.
140. Жер асты тау қазбаларында жұмыс істейтін жұмысшылар үздіксіз жұмыстың 10 сағаты ішінде бақылау объектілерін жарықтандыруға қол жеткізетін жеке аккумуляторлы шырақтармен қамтамасыз етіледі. Оларды пайдалану кезінде электролиттің төгілуіне және жұмысшының терісі мен киіміне ағуына жол берілмейді.
141. Ашық разрездерде машиналар мен механизмдердің кабиналарында, бұрғылау, тиеу, жеткізу техникаларының жұмыс орындарында, теміржол және автомобиль жолдары арқылы жұмысшылар жүретін өтпе жолдарда, ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларында, сондай-ақ жұмысшылардың тұрақты қозғалу жолдарында стационарлы жарық беру қондырғылары орнатылуы тиіс.
142. Стационарлы жарық беретін қондырғыларды пайдалану кезінде өндірістік аймақтарда стробоскопиялық әсерді төмендету жөніндегі техникалық шаралар көзделеді.
143. Люминесценттік қондырғылар тудыратын жарық пульсациясының коэффициенті 20%-дан аспайды.
144. Объектілерде істен шыққан газды-разрядты шамдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар, сондай-ақ шырақтарды жөндеу және тазалау шеберханалары бөлінеді.
145. Санитариялық-тұрмыстық және қосалқы үй-жайларда, сондай-ақ дәлдігі аз жұмыстар жүргізілетін үй-жайларда қыздыру шамдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.
146. Салқындатушы және қыздырушы микроклимат жағдайларында су теңгерімі бұзылуының алдын алу үшін кәсіпорын жұмысшыларды ыстық немесе салқын сусындармен қамтамасыз етеді.
147. Жер асты қазбасында жұмыс істейтіндер сыйымдылығы 0,75 л құтылармен немесе сынбайтын термостармен қамтамасыз етіледі. Айналымдағы ауыз суға арналған ыдыстардың (сыйымдылықтардың) саны олар қамтамасыз ететін жұмыс орнының санынан екі есе көп көзделеді. Құтылар мен термостарды жуу және сақтау бір орталықта жүзеге асырылады.
148. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарда суды сыйымдылыққа құйып алуға арналған арнайы крандар жабдықталады.
149. Разрездерде жұмыс істейтін жұмысшылар бұрқақ тәрізді жұмыс істейтін крандары бар жабық ыдыстармен жеткізілетін сумен қамтамасыз етіледі. Су толтырылған ыдыстар жылдың қысқы мезгілінде жылытылатын арнайы үй-жайларда орнатылады. Пункттердегі ауыз судың температурасы +20 0С-тан жоғары және +18 0С-тан төмен болмауына рұқсат етіледі.
150. Шахталар мен разрездерде ауыз су құйылған ыдыстың 30%-дық қоры көзделеді.
8-тарау. Адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына және өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
151. Еңбек жағдайларының жай-күйін бақылау технологиялық процестердің ерекшеліктерін, оның өзгерістерін, түрлі жұмыстарды орындаудың шынайы жағдайларын, жабдықтарды жөндеуді, сауықтыру шараларын енгізуді ескере отырып жүзеге асырылады.
152. Өндірістік факторларды өлшеуді қолданыстағы әдістемелер бойынша орындайды.
153. Көмір өнеркәсібі объектілерінде өндірістік (ведомостволық) бақылау жүргізіледі. Өндірістік (ведомостволық) бақылауды өндірістік немесе аккредиттелген тәуелсіз зертханалар жүзеге асырды. Өндірістік (ведомостволық) бақылау нәтижелері тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне тапсырылады.
154. Физикалық факторлардың жұмыскерлер денсаулығына зиянды әсерінің РЕШД-ы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес келеді.
Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.155. Шудың эквивалентті деңгейі 80 Децибелдан (бұдан әрі – дБА) көп цехтарда (бөлімшелерде) шу деңгейі 40 дБА-дан аспайтын демалыс бөлмелері көзделеді.
156. Тұрақты жұмыс орындарындағы жерасты өндірістерінде микроклимат параметрлері № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес келеді.
Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.157. Жұмыс аймағындағы ауа құрамындағы және қоршаған орта объектілеріндегі (атмосфералық ауа, су және топырақ) зиянды заттар көлемі РЕШШ-дан аспайды.
158. Шаңмен, шумен, дірілмен және жағымсыз факторлармен күрес үшін көзделген қондырғылардың жұмысы өндірістік ортада қосымша залал келтірмейді.
159. Пайдалы қазбаларда, оларды қайта өңдеу өнімдерінде, сондай-ақ тау жыныстары мен күлдің (оның ішінде жерасты сулары, технологиялық) құрамында айқын шаң радиациялық факторға негіз болатын табиғи-радиобелсенді заттардың қоспалары болған кезде "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығына (бұдан әрі – ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығы) сәйкес санитариялық-қорғаныш және бақыланатын аймақтар шегінде өндірістік үй-жайларда, кәсіпорын аумағында радиациялық жағдайға дозиметрлік бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 159-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.160. СҚА аумағындағы және шекарасындағы атмосфералық ауадағы зиянды заттардың құрамы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес келеді.
Ескерту. 160-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.161. Пайдаланылған жыныс үйінділері өңделеді және көгалдандырылады.
162. Шахталар мен разрездерден айдалатын су, сондай-ақ шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар оларды су қоймаларына ағызу алдында тазартылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ -13 бұйрығына 3-қосымша |
"Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Түсті металлургия объектілеріне және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын жобалау, қолданыстағыларын реконструкциялау және пайдалану кезінде міндетті және пайдалы кен қазбаларын өндірумен және байытумен, саз балшықты, фторлы тұзды, элетродты массаны, техникалық көміртегін, алғашқы алюминийді, қайталама алюминийді, мыс, никель, қорғасын, мырыш, кобальт, вольфрам, магний және оның қорытпаларын, титан, молибден өндірумен және өңдеумен айналысатын түсті металлургияның өндірістік және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне (шахталар, кен орындары, карьерлер, ашық таулы кендердің разрездері, байыту фабрикалары және түсті металлургияның өндірістік және тау-кен өнеркәсібі объектілері), алтын шығаратын фабрикаларға (бұдан әрі – АШФ), платина және платиноидтар, қалайы және оның қорытпаларын сирек кездесетін және жер жынысында сирек кездесетін металдар (бұдан әрі – СКМ) өндірістеріне, сондай-ақ қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады.
Санитариялық қағидалар түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілерінде жер учаскесін таңдауға, өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, жабдыққа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, суды бұруға, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға және көмуге және өндірістік бақылауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) конвертер – техникалық оттегімен, ауамен немесе тотықтырғыш газбен үрлеу арқылы штейннен болат, мыс алуға арналған агрегат;
2) түсті металлургия және тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндірістік объектілері – пайдалы кен қазбаларын ашық, жерасты тәсілмен өндіру және байытумен, түсті металдар және олардың қорытпаларын өндіру және өңдеумен айналысатын объектілер (шахталар, кеніштер, карьерлер, разрездері ашық таулы қазбалар, байыту фабрикалары және түсті металлургия және тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндірістік объектілері), сондай-ақ қосалқы ғимараттар мен құрылыстар;
3) реторта – әртүрлі заттарды қыздыруға және айдауға арналған бұру түтігі бар химиялық ыдыс;
4) фурма – үрленген затты металлургиялық агрегаттарға жеткізетін құрылғы;
5) шегендеу – жағу пештерінің, сыйымдылықтар құбырларының қорғаушы ішкі қаптамасы;
6) шликер – қорғасын тазартудың жанама өнімі.
2-тарау. Өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға және олардың аумағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемі, тау-кен өндіру өнеркәсібі алаңдарының жабдығы мен абаттандырылуы, ғимараттар мен құрылыстардың арақашықтығы "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) сәйкес келеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Зиянды өндірістік факторлармен күрес бойынша кешенді шаралармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған кәсіпорындарды пайдалануға енгізуге рұқсат етілмейді.
5. Алюминий электролизі корпустарының аумағының жабық және жартылай жабық аулаларын өтпе желдетусіз салуға рұқсат етілмейді.
6. Өндірістік үй-жайларды санитариялық ұстау мен жинау кестеге сәйкес жүрігізіледі. Кәсіпорынның аумағында механикаландырылған тазалау және көгалды күту жұмыстарын көздейді.
7. Кенішті және кенішті емес пайдалы қазбаларды өндіру және байыту бойынша айналысатын кәсіпорындарда санитариялық зертханалары Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес келеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Түсті металлургия объектілерінің өндірістік үй-жайларын, ғимараттар мен құрылыстарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
8. Қауіптілігі 1 және 2 сыныпты және радиобелсенді заттары бар шикізат материалдарын қайта өңдеу жүргізілетін ғимараттар және құрылыстардың, сондай-ақ май мен мазутты сақтау қоймаларының өндірістік кәрізге ағызуға арналған еңіс қабаттары болады.
9. Фтор тұздарын өндіру және алтын шығару өндірісіндегі ашық алаңдарда орналастырылатын бак аппаратурасы өндірістік және қосалқы ғимараттардың жел соғатын жағында ғимараттар мен құрылыстардың ашылатын ойықтарына дейін кемінде 25 метр (бұдан әрі – м) арақашықтықта орналастырылады.
10. Бөлінетін зиянды заттарды ескере отырып өндірістік учаскелерді оқшаулау қамтамасыз етіледі және мыналарды:
1) барлық өндірістерде:
шикізат материалдары қоймаларының;
материалдарды бөлшектеу және ұсату учаскелерінің;
күйдіру, қыздыру, біріктіру, агломерциялық, балқыту, гидрометаллургиялық, гидрохимиялық, электролиз, тазарту цехтарының;
ерітінділерді даярлау және тазалау бөлімдерінің;
реагенттерді дайындау, сақтау;
флотациялау, элетролитті дайындау;
ожауларды сілтіден айыру, қоюландыру, сүзгіден өткізу, кептіру, өңдеу және жөндеу;
балқыту пештерінің күмбездерін жөндеу;
алынатын жабдықтар мен алмалы-салмалы коммуникацияларды тазалау және жуу бөлімдерінің;
дайын өнімдерді өлшеп-орау, қаптамалау, қоймаларының;
өнеркәсіп ағындарын залалсыздандыру;
кептіру пештерін шаңнан, газдан тазалау;
вакуум-сорғы бөлімдерінің;
өздігінен жүретін техника мен электрокарлар парктерінің;
басқару пульттерінің;
демалу және тамақтану орындарының;
2) саз балшық өндірісінде:
кремнийден тазалау, қызыл шламды жуу және қоюландыру, сілтіден айыру, декомпозициялау, өндірістік және улану гидратын дайындау;
каустикалық соданы буландыру, карбонизациялау, кальцинациялау, цистернадан құйып алу;
қақпақтар үстіндегі және ыстық тік аппараттардың жоғарғы басындағы жұмыс аймақтары бөлімдерінің;
3) алюминийді электролиттік тәсілмен өндіруде:
электролизерлерді күрделі жөндеу, газдан тазалау ерітінділерінен фтор тұздарын регенерациялау және электролиздік өндірістің қатты қалдықтарын қайта өңдеу цехтарының;
электрлі құю цехтарының;
электролизерлерді күрделі жөндеу цехтарында – электролизерлерді демонтаждау, қалың массаны дайындау, құю, электролизерлерді монтаждау, дәнекерлеу бөлімдерінің;
фтор тұздарын регенерациялау цехтарында – сілтіден айыру және кремнийден тазарту бөлімдерінің;
4) электродты бұйымдар, анодтық масса және күйген анодтар өндірісінде – пек дайындау, араластыру-қалыптау, жасыл анодтарды күйдіру, анодтарды демонтаждау және монтаждау бөлімдерінің;
5) техникалық көміртегі өндірісінде:
тұту, өңдеу, дайын өнімдерді қаптамалау, жинақтау бөлімдерін, айналмалы резинокордты контейнерлерді тазарту және жөндеу учаскелерінің
тұту бөлімдерінің түтіктерін демонтаждау және монтаждау учаскелерінің;
6) техникалық таза кремний өндірісінде – дайын өнімдерді өңдеу бөлімдерінің;
7) фтор қосындылары өндірісінде – пеш бөлімдерінің еріткіш қышқылдарды мөлшерлеу, адсорбциялық тазарту және құю, тұздарды қайнату учаскелерінің;
8) қайталама алюминий өндірісінде – алюминий жаңқаларын кептіру, флюстерді қалпына келтіру және дайындау, шлактарды сақтау бөлімдерінің;
9) мырыш өндірісінде – анодтар мен катодтарды дайындау, дростарды қайта өңдеу, жылан түтіктерді жуу және дәнекерлеу процестерінің;
10) мысты отпен тазарту кезінде – анодтық, вайербарстық, оттегісіз мыс алу бөлімдерінің;
11) мысты электролиздеу цехтарында – шламды қайта өңдеу бөлімдерінің;
12) никель өндірісінде:
брикеттеу, орау, файнштейнді бөлу, күкіртқышқылды никель алу процестерін, анодтық, никельдің шала тотығын қалпына келтіру, автоклавтық-химия бөлімдерінің, күкірт қалдықтарын пайдалану цехтарының, сұйық күкірт қоймаларының ұнтақтау-агломератциялау және және кептіру-престеу цехтарында – ыстық агломерат, коллекторлар мен циклондарды түсіру учаскелерінің, қайтару торабының, брикеттік процестердің;
балқыту цехтарында – конвертерлік шлакты азайту процестерінің, конвертерлік, құю бөлімдерінің;
күйдіру-қалпына келтіру цехтарында – шырақ тұқылдарын межесіздендіру бөлімдерінің;
гидрометаллургиялық цехтарда – түсті металдарды тұндыру бөлімдерінің;
никелді электролитикалық тазалау цехтарында – қосалқы материалдарды сақтау және өңдеу үй-жайларының;
13) кобальт цехтарында – сынықтар мен қалдықтарды өңдеу процестерінің, хлорға арналған тарату қондырғыларының;
14) карбонильді процеспен никель өндіруде:
никель карбонилін синтездеу, ректификациялау, ыдырату, ұнтақпен өңдеу, көміртегі тотығын алу, газгольдерлер бөлімдерінің;
ректификациялау бөлімдерінде – кубтық қалдықтарды, никель карбонилдері және кубтық қалдықтарға арналған ыдыстарды газсыздандыруды;
ұнтақтарды өңдеу бөлімдерінде – брикеттеуді;
15) магний өндірісінде:
магний мен оның қорытпаларын құю, суыту, қолданылған электролиттерді қайта өңдеу бөлімдерінің;
магний-сынап қорытпаларын балқыту учаскелерінің;
магний-сынап қорытпаларының кесектерін қыздыру, оларды прокаттау, жинау және табақтарды кесу учаскелерінің;
16) алтын алу объектілерінде:
амальгамациялық қайта балқытуды сорбциялау, регенерациялау;
реторттық пештер, алтын тұнбаларын қышқылды өңдеу, жеткізу, шламдарды, реагенттері бар күбілерді дайындау бөлімдерінің;
17) платина мен платиноидтар алу кезінде:
шикізаттарды қабылдау және сынақтан өткізу;
дайын өнімдерді қабылдау;
әрбір металға арналған химиялық және электролиттік процестерді;
ерітінділер мен сусымалы өнімдерді байыту бөлімдерінің, бөлімдердің әрқайсысының галереяға шығатын жеке есіктері болуы тиіс;
18) қалайы және оның негізіндегі қорытпалар өндірісінде:
қара қалайыны вакуумдық тазарту қондырғыларының, пештердің индукторларын қуаттандыратын генераторларының;
босатылып алынған алюминий және сүрме түсірінділерін суыту және сақтау учаскелерінің өзара ықпалына жол берілмейді.
11. Агломерациялық бөлімшелерде агломерациялық машиналардың артқы бөлігін агломерациялық корпустың барлық негізгі үй-жайларынан оқшаулайды, агломерациялық бөлімше мен таспалардың бос жүрісі үй-жайлары арасында торлы жаппа салуға рұқсат етілмейді.
12. Карбонилді тәсілмен никель өндірісінде реакторлар, ректификациялық бағаналар, ыдыратқыштар никель карбонилін синтездеу, ректификациялау және ыдырату процестері кезінде галереяға шығатын сыртқы есігі бар оқшауланған үй-жайларда орналастырылады. Әрбір бөлік есігінің жанында шлангілі газтұтқыштарды қосу үшін ауа аспабының стационарлық қондырғысының штуцерлері жабдықталады.
13. Жаңадан салынып жатқан ғимараттарының алюминийді электролиздеу және тазарту корпустарында ауаның табиғи ағыны төменнен электролизерлердің ұзындығы бойымен корпустың барлық ұзындығы бойынша қамтамасыз етіледі.
14. Анағұрлым артық жылумен сипатталатын үй-жайлардың жабындарында сөнбейтін аэрациялық фонарлар немесе шахталар орнатылады.
15. Фторлы қосындылар бөлетін өндірістік үй-жайлардағы және фторлы өндіріске жақын орналасқан цехтардағы жарық ойықтарын бітеу үшін фтордың әсеріне берік мөлдір материалдар қолданылады.
16. Көп мөлшерде жылу және зиянды заттар бөлетін (электродтық масса өндіруде, қара никель өндіруде балқыту бөлімдері) көп қабатты бөлімдердің жабындарында ашық саңылаулар болған жағдайда әрбір қабаттың бөлек желдетілуін жабдықтайды.
17. Ток және хлор өткізгіштері оқшауланбаған магнийді электролиздеу корпусының жартылай жертөле үй-жайлары, ғимараттың тереңдетілген учаскелері (транспортерлердің, сорғылардың, жинағыштардың ойықтары) желдетілетін етіп орналастырылады.
18. Сынап буы ауаға таралатын үй-жайлар "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-70 бұйрығы) талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Қызмет көрсететін персонал үнемі болатын (өндірістік үй-жайлардағы) жабдықтарды қашықтықтан бақылау және басқару пульттері қызмет көрсететін персоналдың жұмысы үшін нормаланған (шуды басу, бапталған немесе таза ауа беру) жағдайды қамтамасыз ететін қондырғылармен жабдықталған үй-жайларда оқшауланған немесе арнайы кабинеттерде орналастырылады.
20. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылытылады.
21. "Ылғалды" бөлу жұмыстары жүргізілетін ғимараттарда жылдың салқын мезгілінде сыртқы ауаның қысқы есепті температурасына және қақпаның ашылу ұзақтығына қарамастан, бес есе көлемде жылытылған ауа жіберетін тамбурлар көзделеді.
22. Цехтар үй-жайларынан ауаны алу кезінде оның көлемі қыс мезгіліндегі сырттан келетін жылытылған ауаның ұйымдастырылған ағынымен толтырылады.
23. Екі және одан көп қабатты корпустарды желдету төменде орналасқан қабаттардан келіп түсетін зиянды бөлінділерді ескере отырып жеке есептеледі.
24. Өндірістік учаскелер сатыланып (каскадты) орналасқан тау бөктерінде орналасқан ғимараттардың әрбір сатысы жеке желдеткіштермен қамтамасыз етіледі.
25. Цельсий бойынша плюс (бұдан әрі – "+") 28 градус (бұдан әрі – оС) және одан жоғары сыртқы ауаның жазғы температурасы және 50 пайыздан (бұдан әрі – %) аз салыстырмалы ылғалдылық ескерілген аудандарда орналасқан, жылу айтарлықтай көп цехтарда жылдың жылы кезеңінде ішке сору аэрациялық қуыстарында ауаны салқындатуды ұйымдастырады.
26. Егер техникалық себептерге байланысты сыртқы ауаны келтіру мүмкін болмаса, жоғары температура аймағында (+30оС-тан жоғары) ауа себезгілеу мұқтаждығы үшін аэраторды пайдалану қолданылады.
27. Технологиялық агрегаттардан (электролизерлерден, конвертерлерден, сәуле шағылтқыш пештерден) газ сорудың ауыспалы көлемі оны автоматты түрде реттеу арқылы жүзеге асырылады.
28. Ерітінді және электролиттер құйылған барлық сыйымдылықтар механикаландырылған жергілікті сыртқа шығару желдеткіштерімен қамтамасыз етіледі. Олардан шығарылатын ауаның көлемі технологиялық нормалар бойынша анықталады. Жұмыс және тексеру қуыстары қиылысындағы ауаның жылдамдықтары:
1) хлор немесе күкіртті газ бөлінуі кезінде – 1,5 метр/секунд (бұдан әрі – м/сек);
2) ерітінділер аэрозольдары мен күкірт қышқылы бөлінуі кезінде – 1,0 м/сек.
29. Сүзгі-престердің рамалы сүзгілерінен ерітінділерді ағызуға арналған науалар астында жергілікті сыртқа шығару желдеткіші бар қайырмалы қақпақтармен жабылады.
30. Бу мен шаң бір мезгілде шығатын тораптарда әрбір жаппа үшін ылғалды шаңтұтқыш орнатылады.
31. Ұсақтауға, ұнтақтауға, кептіруге, елеуге, өлшеуге, шикізат материалдары компоненттерін араластыруға арналған жабдық, дайын шихта мен құрғақ материалдарға арналған таспалы транспортерлер, сүзгілер, ыдыстардағы балқытылған металдарды суландыру аймақтары, тостағанды суытқыштар, барабан-сөндіргіштер, ылғал шығару көздері, штейн және шлак науалары, таспалы тесіктер, ожаулар, миксерлердің шығарылатын ауаны тазалаушы аспирациялары бар технологиялық жаппалары болады. Табақтық, лотоктық, барабандық, шнектік және қуаттандырғыштар технологиялық жабдықтардың аспирациялық жүйелерінің ауа жолымен біріктірілген (тиеу жолдары арқылы) жаппалармен жабдықталады.
32. Ауа жолдары, газ сорғыш өзектер, пеш көмейлері және тазарту құрылғылары, шаңды және шламды механикалық жолмен кезеңді шығаруға және тазалауға арналған құралдармен жабдықталады.
33. Анодты масса цехтарында араластыру машиналары мен пек балқытқыштар жергілікті сыртқа шығару желдеткіштерімен жабдықталады.
34. Қайта өңделетін алюминийді өндіруде шикізатты кептіру қондырғыларындағы түсіру және тиеу орындары, жаңқа, шлак және сусымалы материалдарды түсіру орындары, пеш тигельдері мен құюшы ожауларды жөндейтін стендтер, шлактарды қабылдау және сақтау алаңдары, кремний ұсақтаушы тораптар, шағылыстыру және электрлі индукциялық пештердің технологиялық ойықтары, құйғыш машиналар жергілікті сорғылармен жабдықталады.
35. Техникалық көміртек өндіруде қаптамалау машиналары ыдырауды автоматты түрде бақылайтын блокталған жергілікті сыртқа шығару желдеткіштерімен жабдықталады.
36. Қорғасын, мыс, никель, кобальт өндірісінде:
1) балқытудың барлық түрлері кезінде балқыту пештерінің балқытылған өнімдерді ағызатын науаларынан, тесіктерден, шлак терезелерінен, балқыту өнімдерін (штейндерді, шлактарды) құятын ожаулардан, шағылыстыратын және электротермиялық пештерге конвертерлік шлактарды құятын науалардан жергілікті сыртқа шығару желдеткіштері жабдықталады;
2) материалдарды тасымалдауға арналған тюбельдерді тиеу және түсіру орындары аспирацияланады;
3) электротермиялық пештердің күмбез үсті аймағынан, дистилляциялық пештердің реторттарынан, анодтарды, вейербарстарды суыту ванналарынан, тұрақты орнатылған жуу машиналарынан, катодтарды соңғы рет жуатын ванналардан, оттегі жоқ мыс өндірудегі индукциялық өзекті электр пештерінің тиеу тесіктерінен жергілікті сорғылар көзделеді;
4) бақылау-өлшеу аспаптары, басқару пульті, демалыс үй-жайларында, сынамаларға талдау жасау зертханалары үй-жайларында ауаның артық қысымы қамтамасыз етіледі.
37. Никель өндірісінде:
1) дайын агломераттарды, шекемтастарды конвейерге немесе өздігінен түсіретін теміржол вагондарына тиеу тораптарынан;
2) конвертер шлактарын өңдеуге арналған электр пештерінің тиеу тесіктерінен, пештерінде, никель шала тотығын балқытатын доғалы электр пештерінің тиеу терезелерінен;
3) құю машиналарынан;
4) кендік термиялық пештердің күмбез үсті кеңістіктерінен және құрамында никель бар материалдарды күйдіруден қалған тұқылдар мен никель тотығын түсіру орындарынан жергілікті сыртқа шығару желдеткіштері көзделеді.
38. Кюбельмен бірге файнштейнді құрғақ үгіту домалақ диірмендерінің түсіру тесігі конвертерлердің бұрылуы кезінде іске қосылатын аспирациялық жаппалармен жабдықталады. Автоклавты процестерде флотомашиналарға, сыныптауыштарға, сүзгі-престерге, електерге ауа сорғылары бар жабындар көзделеді.
39. Карбонильді тәсілмен никель алу және кобальт өндірісінде:
1) синтездеу, ректификациялау, ыдырату, пісіру, өлшеп-орау және балқыту үй-жайларында, сондай-ақ компрессорлар мен сорғылар кабиналарында есік ашық болған кезде 20 паскальға сұйылтуды түзетін ішке сору-сыртқа шығару желдеткіші көзделеді;
2) никель карбонилінің буы бөлінетін үй-жайларды авариялық желдеткішпен жабдықтайды. Оны қосу газ талдағыштарынан автоматты түрде жүзеге асырылады;
3) күкіртті газ алу үй-жайларында, саңылауларда 1,5-2 м/сек жылдамдықты және екі аймақты жалпы алмасу соруды қамтамасыз ететін балқытқыш ванналардың үстін тұтас жауып тұратын жаппалар жабдықтайды;
4) шаң шығатын көздердің барлығы (кобальт гидрототығын қыздыру пештердің, шихталар жасау, ұсақтау, майдалау және шегендеу сынықтары мен шлактарды магнитті елеу, тауарлық кобальт тотығын ыдыстарға толтыру учаскелері, балқытқыш пештер маңы, кальцийленген соданы еріту үшін қолданылатын агитаторлар, қалдықтарды кюбельдерге тиеу орындары) жергілікті сорғылармен жабдықталады.
40. Молибден және вольфрам өндірісінде:
1) аммоний парамолибдатын ұсақтау, кептіру, тотықтарды қалпына келтіру, күйдіру, елеу, жарамсыз штабиктер мен тұнбаларды бөлшектеу бөлімдері үй-жайлардағы жұмыс алаңдарының орта аймағына ағынды ауа бірқалыпты беріледі;
2) электрмагниттік елеу кезінде кендерді шұңқырларға салу, күйдірілген кендерді түсіру, біріктірілген кендерді пештерден шығару, ұнтақ тәріздес материалдарды елеу және ыдыстарға салу орындары, сондай-ақ буландырғыш күбілер тиімді сыртқа шығару желдеткіштері бар жаппалармен жабдықталады.
41. Магний және оның қорытпалары өндірісінде:
1) ағынды ауа тікелей жұмысшылар жолдарына беріледі;
2) электролиз цехындағы жұмыс орындарын себезгілеу арқылы желдету көзделеді;
3) магний бөлінетін жерлерден жергілікті сыртқа шығару желдеткіштерімен сорылатын ауа тазартылады.
42. Титан өндірісінде:
1) хлорлау цехтарындағы жалпы ауа алмасу механикалық желдету құралдарымен қамтамасыз етіледі. Жоғарғы аймақтан ауаны шығару үшін төменгі жақта механикалық басқарылатын қақпақшалары бар шахталар орнатылады;
2) кюбельдердің құрғақ конденсаторларға, құбырлы камераларға, түтікті сүзгілерге қосылатын орындар, жұмсалған қорытпаларды төгетін, қойыртпақтарды түсіретін, титанды төгетін және авариялық ағызатын орындар жергілікті сорғылармен жабдықталады;
3) алмалы-салмалы жабдықтар мен ажыратпалы коммуникацияларды тазарту және жуу кабиналарында сыртқа шығару желдеткіші жабдықталады.
43. Алтын шығару кәсіпорындарында:
1) ішке сору желдеткіш жүйелерінің ауасы жұмыс аймағындағы тұрақты жұмыс орындары мен жүретін жолдарға беріледі;
2) күбілер мен цианды қайта өңдейтін аппараттарда және тұнбаны қышқылмен өңдейтін күбілер жаппасының ашық ойықтарында сорылатын ауаның жылдамдығы кемінде 1,5 м/сек құрайды;
3) амальгама өңдеуге және сынапты өлшеп-орауға арналған сыртқа шығару шкафтары ойықтарындағы ауаның жылдамдығы кемінде 2 м/сек құрайды.
44. Мыналардан:
1) реагент бөлімдеріндегі уытты реагенттер ыдыстарын ашатын және босататын камералардан;
2) өндіріс ағындарын залалсыздандыру бөлімдеріндегі залалсыздандыру аппараттарынан;
3) циан қорытпасын ерітуге арналған араластырушы күбілерден;
4) ерітінділерді жинайтын барлық күбілерден (жұмыс істеп тұрған, алтыны алынған, айналымдағы), сүзгі рамкалармен қамтамасыз етілген ашық түстендіруші күбілерді қоспағанда;
5) циан қорытпаларының дискілі қуаттандырғыштарынан жергілікті сорғылар көзделеді.
45. Электролиз сорбциясы мен регенерациясы үй-жайларының және реагенттік цехтың кіретін есіктерінің жоғары жағында желдеткіш жабдықтардың жұмысы туралы жарық дабылы орнатылады.
46. Амальгамациялық бөлімдердегі сыртқа шығару жүйелерінің ауа жолдарының сынап буының сіңуіне жол бермейтін жабындары болады. Амальгамациялық диірмендер мен олардың подшлюзниктері механикалық сорғылары бар сыртқа шығару шкафтармен жабдықталады.
47. Платина және платиноидтар өндірісінде:
1) жабдықтардың саңылаулардағы жылдамдығы 2 м/сек кем болмайтын жергілікті сорғылары болады. Зертханалық шкафтардың жұмыс ойықтарында ауаның жылдамдығы кемінде 1,5 м/сек құрайды;
2) өндіріс үй-жайлары мен жабдықтарды тазарту тек ішке сору-сыртқа шығару желдеткіші жұмысқа қосылған кезде ғана жүргізіледі.
48. Қалайы және оның қорытпаларын өндіруде кептіру барабандары, тазарту қазандықтары, шлак түйіршіктеуге арналған науалар, сондай-ақ шихтаны тиеу және күйдіру пештерінен тұқылдарды түсіру орындарының сорғысы бар жаппасы болады.
49. Сирек кездесетін металдар өндіруде мыналардың:
1) СКМ ажырататын учаскелердегі экстракторлар;
2) СКМ ерітуге арналған резервуарлар, тұздардың, оксалаттардың, карбонаттардың тұнбаларын алу үшін қолданылатын реакторлар;
3) сүзу учаскелеріндегі сүзгілер;
4) хлорид ерітіндісін буландыру реакторлары;
5) СКМ тұздарын қыздыруға арналған айналмалы пештердің тиеу және түсіру ойықтарынан, камера үлгісіндегі пеш ойықтары, ұнтақтарды кептіру шкафтары;
6) металл тұздарын тигельдерге тиеу және оларды түсіру, дайын ұнтақтарды орталау және ыдыстарға салу тораптары;
7) ұнтақтарды суыту учаскелері жаппаларынан механикалық сорғылар көзделеді.
СКМ ұнтағын тигельдерге тиеу үстелдерінде ауаны төменнен сору жабдықталады.
50. Жасанды және табиғи жарықтандыру жабдықталады.
4-тарау. Өндірістік үй-жайларды күтіп-ұстауға және пайдалануға және жабдыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
51. Шаңның шығуын болдырмау мақсатында тазарту құрылғыларынан шаңдарды тазарту және оны тасымалдау механикаландырылады.
52. Жабдықтардың жабу және сору конструкциясы оларға қызмет көрсетуге және жөндеуге қол жетімділікті қамтамасыз етіледі.
53. Реагенттерді дайындау және қолдану учаскелерінде:
1) реагенттері бар ыдыстарды ашу және босату камераларынан;
2) реагенттерді, реакторларды және жинау күбілерін қуаттандырғыштарынан;
3) өнеркәсіп ағындарын залалсыздандыру бөлімдеріндегі залалсыздандыру аппаратурасынан жергілікті сорғылар көзделеді.
54. Ерітінді күбілері мен шығыс бактарын тазарту, реагенттен босаған ыдыстарды жуу механикаландырылған әдіспен жүзеге асырылады, жуынды сулар өндірістік кәріздерге ағызылады.
55. Құрамында қауіптілігі 1-3 сыныпты зиянды заттар бар қойыртпақтарды сүзуге арналған сүзгі-престер мен вакуум-сүзгілер аспиряциялық жаппалармен жабдықталады.
56. Реагент және дренаж бөлімшелерінің сорғыларын іске қосу автоматты түрде жүргізіледі.
57. Қауіптілігі 1 және 2 сыныпты заттарды залалсыздандыру аспирациямен, бақылау және қашықтықтан басқару құралдарымен жабдықталған герметикаланған жабдықтарда жүзеге асырылады.
58. Құрғақ концентраттарды түсіру, елеу, шихталау процестері механикаландырылады.
59. Ыстық агломераттарды суыту және ылғалдау және қайтару ылғалдандыру үшін берілетін суды автоматты түрде реттеуші арнайы құрылғыларда жүргізіледі. Салқындатқыштар ішінде пайда болған шаң және бу жергілікті сору желдеткіштері арқылы тазартыла отырып шығарылады.
60. Агломерациялық машиналардың коллекторында вакуумды пайдалану кезінде шаң жинаушы қап жаппаларынан шығатын шаңды сору үшін ол жаппалардың ауа жүретін түтіктеріндегі клапандарды шаң жинаушы қаптың қақпақшаларымен блоктау көзделеді. Блоктау сорудың шаң шығарудан бұрын қосылуын, ал оның ажыратылуы шаң қабын түсіру аяқталғаннан кейін қамтамасыз етіледі.
61. Агломератты тасымалдау және кері қайтару жабық көлікпен жүргізіледі.
62. Құйғыш агрегаттар сыйымдылықтардың механикалық салғыштарымен жасақталады. Күйдіргіш пештерден ыстық тұқылдарды тасымалдау жабық тәсілмен жүргізіледі.
63. Кендер мен концентраттарды балқытуға арналған электр пештерінен шығатын газдар тазартылуы тиіс. Кендер мен концентраттарды балқытуға арналған пештердің күмбездері мен температуралық жіктері герметикаланады.
64. Шахта пештерін толтыру құрылғылары пешті толтыру кезінде газдың және шаңның бөлінуін болдырмайды.
65. Конвертерлер шаң жібермейтін тыстармен және металл қалдықтарын жинау және шығару үшін механикаландырылған құрылғылармен жабдықталады.
66. Бак аппаратурасынан ерітінділерді беру және шығару құбырлардың бойымен жүргізіледі. Бак аппаратурасы ерітінділердің асып төгілуін автоматты түрде болдырмайтын құралдармен, сусымалы материалдарды механикаландырылған түрде тиеу құрылғыларымен және жергілікті тиімді сорғылармен жабдықталады, сондай-ақ қақпақтармен жабылады.
67. Өндірістің барлық кезеңдерінде құрамында қауіптілігі 1 және 3 сыныпты зиянды заттар бар ерітінділерді тасымалдау жабық құбырлар бойымен жүзеге асырылады. Мұндай ерітінділерді ашық ағынмен жіберуге, науаларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
68. Уытты заттары бар жабдықты жөндеу алдында олар ішіндегі материалдардан босатылады және бейтараптандырушы заттарды қолданумен жуылады.
69. Бак аппаратурасын, булаушы және түтік тектес аппараттарды, автоклавтарды, реакторларды тазалау жұмыстары механикаландырылады және желдеткіш қосулы кезде жүргізіледі.
70. Электролиздік ванналар жергілікті сыртқа шығару желдеткіші жүйесімен жабдықталады. Су ерітінділерін электролиздеу кезінде арнайы көбіктендіргіш саптамалар қолданылады.
71. Құбыр аралық кеңістіктерді және тоңазытқыштардың қабырғаларын органикалық шөгінділер мен жиналған заттардан тазарту үшін физикалық күш жұмсауды және тері мен киімнің зиянды заттармен ластануын болдырмайтын тәсілдер қолданылады.
72. Өздігінен жүретін машиналардың ауа баптау және ауаны зиянды химиялық заттардан тазартатын құрылғылармен жабдықталған жабық кабиналары болады. Дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштармен жүретін машиналар шығатын газдарды залалсыздандыру құрылғыларымен жабдықталады.
73. Жаңадан салынатын және реконструкцияланатын бастапқы алюминий өндірістерінде жұмыс аймағындағы ауаға шайырлы заттар мен пекококсты композициялар шайырлы заттардың бөлінуіне жол бермейтін электролизерлер типі көзделеді.
74. Барлық типтегі электролизерлер жаппалармен және жергілікті сору желдеткіштерімен жарақталады.
75. Қайталама алюминий өндірісінде жабық вагондар мен автофургондардан алюминий жаңқаларын, ірі көлемді сынықтар мен қалдықтарды түсіру процесі, сұрыптау конвейерлерінде сынықтарды сұрыптау механикаландырылады.
76. Алюминий жаңқаларын (зауыт ішінде) тасымалдау, жабық автотранспорт құралдарымен жүргізіледі.
77. Электрлі индукциялық пештердің тигельдерін және құю ожауларын жөндеу жеке үй-жайларда жүргізіледі.
78. Қорғасын өндірісінде қорғасын кесектерін құю кезіндегі тазарту механикаландырылады.
79. Горндарды, сифондарды, шлак терезелерін ашу, жабу, шахта пештерінің фурмаларын тазарту, қара қорғасынды тазалау процесінде шликерлер мен күмісті көбіктерді алу процестері механикаландырылады.
80. Мырыш өндірісінде мырыш тұқылдарын сілтіден айыру және қойыртпақты қоюландыру процестері қашықтықтан басқарылады.
81. Никельді металлургиялық өндіруде шахта пештерінің колошниктері сумен немесе ауамен салқындатылады. Троллейкарщиктің жұмыс орны жылумен сәулеленуден экранмен қорғалады.
82. Никельді электролиттік тазарту кезінде және кобальт өндіруде құрамында реакцияланбаған хлор бар ерітінділерді сүзгіге жіберуге рұқсат етілмейді.
83. Негізгі процестер үшін тек өздігінен босатылатын герметикаланған сүзгілер қолданылады. Рамалы сүзгі-престерді орнатуға рұқсат етілмейді.
84. Күкірт қышқылы мен оның ерітінділерін соңғысының шоғырлануы литріне 100 граммнан жоғары болған кезде дозаторлардан жабдыққа беру стационарлық коммуникациялар бойынша жүргізіледі. Коммуникациялардың герметикалануы жүйелі түрде бақыланады.
85. Катод ұяшықтарын желімдеу орындары, оларды кептіруге арналған сөрелер жаппалармен және сыртқа шығару желдеткіштерімен жабдықталады.
86. Мына цехтарда:
1) никель электролизі – никельдінегіздерді дайындау, тазарту бөлімдерінің барлық процестері, катодты никельді өңдеудің және тасымалдаудың барлық түрлері, дайын өнімді пакеттеу;
2) кобальт – гидробөлімдердегі барлық бөлшектеу, ұсақтау және магниттік ажырату, шегендеу, шлактарды шығару және тауарлық кобальт тотығын ыдыстарға салу процестер механикаландырылады.
87. Карбонильді әдіспен таза никель өндірісінде:
1) никель карбонилімен зертханалық жағдайларда жүргізілетін барлық жұмыстар, оның ішінде сынамаларды сақтау сыртқа шығару шкафтарында жүзеге асырылады;
2) реакторларды түсіру орындары желдеткіштермен жабдықталады;
3) өндірісте қолданылатын барлық материалдарды тиеуге және түсіруге байланысты процестер никель ұнтақтарымен жасалатын операциялар механикаландырылады.
88. Молибден және вольфрам өндірісінде:
1) күкіртті натрийді қолданумен ерітінділерді ауыр металдардан тазарту герметикаланған жабдықтарда орындалады;
2) ұнтақтарды пластификаторлармен араластыру (глицерин, спирт) аспирациялық жаппаларда жүргізіледі.
89. Магний және электролизерлердегі анодтық жабынды тығыздауға арналған қорытпалар өндіруде құрғақ себінділер қолданылады.
90. Шламды, электролизерлердің істен шыққан электролиттерін алу, хлор өткізгіштерді және пештерден газды бұруға арналған арналарды тазарту бойынша қолмен істелетін операцияларға; негізгі цехта істен шыққан электролитті қораптарға құюға рұқсат етілмейді.
91. Титан өндірісінде:
1) жүйелі конденсациядағы хлоратордың қышқылды ағынды суды ағызу жүйесіне жіберетін өздігінен шығару жүйесі болады.
2) қайта қалпына келтіру аппараттарынан хлорлы магнийді құрғақ және қыздырылған ожаулар мен қораптарға ағызу, жергілікті сыртқа шығару желдеткіші жұмыс істеп тұрған кезде жүргізіледі;
3) реагенттерді өнімдерді ванадийден және алюминийден тазартуға арналған қондырғыларға толтыру механикаландырылады және жұмыс істеп тұрған жергілікті сорғылар кезінде жүргізіледі;
4) қайта қалпына келтіру және вакуумдық дистилляция аппараттарын монтаждау, демонтаждау және тазарту, реторттағы титанды губкаларды іріктеу, жергілікті сорғылармен жабдықталған арнайы стендтерде жүргізіледі. Барлық тасымалдау, аппараттарды қондыру, түсіру, титан губкаларды іріктеу және ұсақтау жұмыстары механикаландырылады.
92. Алтын шығару үшін су айналымының тұйық циклімен сорбциялы-сүзгісіз технология қолданылады.
93. Басты сынамаларды талдау тұмшаланған елеуіштерде жүргізілуі тиіс. Елеу процесі механикаландырылады және сыртқа шкафында жүзеге асырылады.
94. Цианды қойыртпақты сүзуге арналған фабрикаларды жобалау және реконструкциялау кезінде автоматты басқарылатын вакуум-сүзгілер көзделеді.
95. Циан қорытпасын ерітуге арналған күбілер, агитаторлар, алтынсызданған және айналмалы ерітінділердің (сүзгі рамкалармен жабдықталған ағартушы (түссіздендіруші) күбілерден басқа) жиналмалы күбілері, дискілі (шөмішті) цианды қорытпаларды қоректендіргіштері қақпақтармен жабылады және механикалық сыртқа шығару желдеткішіне қосылады.
96. Құрамында алтын бар өнімдерді өңдеу пештерінің механикалық сыртқа шығару және термо оқшаулауы бар сыртқа шығару шкафтары пішіміндегі жаппалары, электрлі доғалы пештердің шудан және электр доғасының жарық сәулесінен қорғауы болады.
97. Пачуктер мен бағаналардың дренажды торларын тазарту операциялары механикаландырылады.
98. Жуатын және қалпына келтіретін бағаналардың конструкциясы, оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру оларда қарайтын терезелердің орнатылуын болдырмайды.
99. Тұндырушы электролизерлер (қайта тұндырушы) газ сорғышы бар кабина үлгісіндегі жаппамен жабдықталады.
100. СКМ өндірісінде:
1) СКМ-ды каскадты бөлу кезінде жаппамен және жергілікті аспирациямен жабдықталған жабық үлгідегі тік экстрактор қолданылады;
2) СКМ-ды ионалмасу арқылы бөлу үшін жүйені реагенттермен толтыру және ерітінділерді ағызу автоматты түрде жүргізіледі;
3) реакторлар мен тұндырғыштарға аммиакты ашық тәсілмен жіберуге рұқсат етілмейді;
4) СКМ қосындыларының тұнбаларын сүзу қыздыру пештеріне механикалық жолмен шығаруға және тұмшаланған коммуникациялар бойымен жіберуге арналған құрылғылармен жабдықталған барабанды сүзгілерде жүзеге асырылады;
5) СКМ қосындыларының тұнбаларын сүзу үшін нутчсүзгілерді пайдалану кезінде олар герметикалық жаппалар және жергілікті сорғылармен жабдықталған тұндырғыштардың ішіне орналастырылады;
6) тұздар тұнбаларын шығару және нутчсүзгілерді түсіру механикаландырылады;
7) тұнбаларды алу және сүзгі-престер полотноларын тазарту тұздарды механикалық кетіруді және оларды одан әрі өңдеуге жіберуді қамтамасыз ететін арнайы құрылғыларда жүзеге асырылады;
8) СКМ хлорид ерітінділерін буландыру үшін қолданылатын реакторлар герметикаланады;
9) СКМ тұздары ұнтақтарын қыздыру материалдарды механикаландырылған түрде тиеу және түсіру герметикаланып бұғатталған, себу жабдықтарымен құрылғылармен жабдықталған өтпе жол үлгісіндегі айналмалы пештерде жүргізіледі;
10) хлоридтерді кептіру механикаландырылған түрде тиеу және құрылғыларымен және себу жабдықтарымен бұғатталған, жабдықталған пештерде жүзеге асырылады;
11) дайын ұнтақтарды ажырату, қыздыру пештерінің түсіру учаскелеріне және жинаушы-бункерлерге герметикаланып қосылған ауа классификаторларында жүзеге асырылады;
12) классификаторлар жүйесіне ауа ағыны мен материалдарды беру жүйе ішінде теріс қысымның пайда болуын ескере отырып жүргізіледі;
13) пеш ойықтары ұнтағы бар тигельдерді пешке механикалық беруді және жұмысшыларға сәулеленудің әсер етуіне жол бермеуді қамтамасыз ететін камера-шлюздермен және жабық транспортерлермен жабдықталады;
14) тигельдерді суыту үшін пештерден шығару механикаландырылады;
15) ұнтақтарды суытуға арналған учаскелер ұнтақтарды жинаушы-бункерлерге механикалық түсіруге арналған тигельдерді өздігінен аударатын құралмен жабдықталады;
16) ұнтақтарды орталауыштарға тиеу және оларды түсіру тиеу және түсіру люктарына тұмшаланып қосылған жабық шнекті құрылғылар көмегімен жүргізіледі;
17) дайын ұнтақтарды өлшеу және орау автоматты дозаторлар мен қаптамалау машиналарының көмегімен арнайы учаскелерде жүргізіледі.
5-тарау. Пайдалы қазбаларды жерасты тәсілмен өндіру бойынша объектілердегі еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Тау-кен қазбаларындағы және жерасты қосалқы құрылыстардағы еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
101. Әрекеттегі барлық жыныстар мен құрылыстар бөгде заттардан босатылады және үнемі шаңнан тазаланады.
102. Сильвинитті, кариолитті, күкіртті және құрамында күкірті бар пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізетін шахталарда, шахталардағы газдың көптігі категориясы мен кен орнының ерекшелігіне байланысты сутегі, күкіртті сутегі және газдардың бөлінуінен күрес бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Кеніш атмосферасында зиянды газдардың болуын жүйелі бақылау және жұмысшылардың шырышты немесе тері қабатына қышқылды немесе сілтілі судың әсерін болдырмау бойынша іс-шаралар жүргізу жүзеге асырылады.
103. Адамдарды түсіруге және көтеруге арналған шахталардың бағандарында киімге су тамшылаудан және су болудан жұмысшыларды қорғау үшін шахталық суды жинауға және бұруға арналған арнайы бөгеттер орнатылады. Жұмысшылар жүретін қазбаларда су тамшылау болған кезде, сондай–ақ үнемі су тамшылайтын жұмыс орындарында (жұмыс орнының қазбалардағы өтпелі жерлердегі жұмыс орындарын қоспағанда), шатыр немесе маңдайша тәріздес қорғау құрылыстары көзделеді.
104. Адамдарды түсіруге және көтеруге арналған барлық әрекеттегі алаңдарда және шахта бағандарының үстінде, сондай-ақ кеніш көлігіне адамдарды отырғызудың тұрақты пункттерде және одан шығатын жерде жұмысшыларға арналған күту камералары орналастырылады. Олар стационарлы жарықтандырумен, желдеткішпен жылытатын және салқындататын құрылғылармен, сондай-ақ орындықтармен жабдықталады. Күту камераларындағы ауа температурасы +19 0С төмен және +25 0С жоғары болмауы керек. Күту камерасының алаңы әр күтушіге 0,5 шаршы метр есебімен (бұдан әрі – ш.м) айқындалады. Орындар саны осы алаңдағы ауысымда жұмыс жасайтын адамдардың кемінде жартысын камерада орналастыруды қамтамасыз етеді.
105. Бағанды, конвейерлердің көлік операторлары, бөлшектегіш пен төңкергіштердің жұмыс орындарында жұмысшыларды қолайсыз өндірістік факторлардан қорғау үшін арнайы камералар (кабина) орнатылады.
106. Жерасты қазбаларында стационарлы немесе жылжымалы қоқысқа арналған жәшіктер орналастырылады. Олардың ішкі және сыртқы жақтарын дезинфекциялау күнделікті жүргізіледі.
107. Ассенизациялық вагонеткалардың коррозияға қарсы жабыны және автоматты түрде ашылатын, жабылатын люгы болады. Ассенизациялық вагонеткаларды босату, жуу және дезинфекциялау жер бетінде орналасқан құю пунктінде жүргізіледі.
108. Жерасты кен өндіру кезінде "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 (бұдан әрі – ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығы) бұйрығында белгіленген радиациялық қауіпсізөдік талаптары сақталады.
Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Технологиялық процесс барысында және жабдықты пайдалану кезінде еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
109. Пайдалы қазбалардың кен орындарын өңдеу жүйелерін, тау жұмыстарын желдету схемалары мен жабдықтарды таңдау, барлық технологиялық операциялар кезіндегі шу мен діріл деңгейлерін, шаң және газ бөлуі барынша төмендетуін есепке алып, сондай-ақ технологиялық процестерді кешенді механикаландыру мүмкіндіктері ескеріп жасалады.
3-параграф. Бұрғылау-жару жұмыстары кезінде еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
110. Бұрғылау жұмыстырының технологиясы станоктарды, өздігінен жүретін кареталарды, бұрғылау құрылғыларын қолданумен барынша механикаландыруды және автоматтандыруды ұсақ теспені бұрғылау;шаң шығуын, сондай-ақ шу мен діріл деңгейлерін барынша төмендетуді қамтамасыз ететін құралдарды қолдану көлемін қысқартуды көздейді.
111. Рұқсат етілген деңгейге дейін ауаның шаңдануын төмендетуді қамтамасыз ететін, шаңды аулау және басу құралдарын қолданбай, теспелер мен ұңғымаларды бұрғылауға және қайта бұрғылауға рұқсат етілмейді.
112. Жергілікті дірілдің деңгейінен асатын жабдықтарды пайдалану кезінде дірілді құралдар және жабдықтармен жұмыс жасаудың жиынтық ұзақтығы бойынша "уақытпен қорғау" қағидатын сақтау керек.
"Уақытпен қорғау" қағидаты олардың іс-қимылының уақытын төмендету есебінен жұмыс істеушілерге қолайсыз өндірістік орта және еңбек процесі факторларының зиянды әсерін азайту: ауысым ішілік үзілістерді енгізу, жұмыс уақытын қысқарту, еңбек демалысы ұзақтығын ұлғайту, осы жағдайлардағы жұмыс өтілін шектеу болып табылады.
113. Бұрғылау қақтарынан теспелер мен ұңғымаларды тазарту сумен шаюмен немесе кейіннен тығыз ауамен үрлей отырып шаюмен тазартылады. Мұздаған жыныстардағы ұқсас жұмыстар қалдықтар мен шаңның бұрғылау қақтарын сору арқылы жүзеге асырылады.
114. Бұрғылау жұмыстары кезінде шаңды тиімді басу үшін шаюдың оңтайлы режиміне және мыналарды қолдану кезінде сұйықтықты шығындау бұрғылау машинасының типіне байланысты жасалады:
1) қолмен басқарылатын перфораторларда – минутына кем дегенде 4,0 литр (бұдан әрі – л/мин);
2) бағаналық перфораторларда – кем дегенде 10,0 л/мин;
3) телескоптық перфораторларда – кем дегенде 6,0 л/мин;
4) терең ұғымаларды қазуға арналған бағаналық және телескоптық перфораторларда – кем дегенде 10,0 л/мин;
5) терең ұйғымаларды бұрғылауға арналған станоктарда – кем дегенде 15 л/мин.
115. Комбайндармен өрлеме қазбаларды ұңғылау кезінде диаметрі 600 миллиметрге (бұдан әрі – мм) дейін алдыңғы ұңғыманы бұрғылау кезінде шаюға арналған сұйықтық шығысы минутына 25 литрді және диаметрі 1500 мм дейінгі өрлемені бұрғылау кезінде минутына 55 литрді құрайды.
116. Өрлеме теспелерін мен ұңғымаларды бұрғылау жұмыс айлағынан тыс теспенің немесе ұңғыманың сағасынан пайдаланылған қалдықты және қысылған ауаны бұруды қамтамасыз ететін, құрылғылдарды қолданумен нормаланған режимде шаюмен жүзеге асырылады.
117. Мұздаған жыныстарда теспелер мен ұңғымаларды бұрғылау кезінде шаңмен күресу, олардың температурасына және мұздың құрамына байланысты, оны сағадан сорып алумен немесе теспені кесу, шаңтұтқыштарда кейіннен тұндыра отырып жүзеге асырылады. Құрғақ шаңды тұту дербес шаңтұтқыш қондырғылардың, сондай-ақ орталықтандырылған (топтық) құрғақ шаң тұту жүйелерінің көмегімен жүзеге асырылады. Тау жыныстарының температурасы минус 5 0С-қа дейін болғанда оларды теспелерге (ұңғымаларға) тікелей беру арқылы антифриздердің диспергирленген ерітінділерін қолдануға рұқсат етіледі.
118. Перфораторлар газ шығарудың тиімді тұншықтырғыштары дірілді бұрғылау болатының шуын төмендету құрылғылары, дірілге қарсы құрылғылардың болған кезде ғана пайдаланылады. Өздігінен жүретін бұрғылау кареталары мен құрылғылардың дірілді басатын алаңдар болады. Күрделі жөндеуден кейін бұрылғылау жабдығының шу мен діріл параметрлері тексеріледі.
119. Телескоптық перфораторлармен жұмыс кезінде жұмысшыларды жалпы діріл әсерінен қорғау шаралары көзделеді.
4-параграф. Жарылыс жұмыстары және жарылғыш заттарды қолдану кезінде еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
120. Жару жұмыстары шаң мен газға қарсы күрес бойынша кешенді іс-шараларды қолданумен жүргізіледі.
121. Қазба жару жұмыстарын жүргізуден бұрын, кенжар жерінен 10–15 м ұзақтықта ылғалдандырылады (шашу). Жару жұмыстарын жергілігі көп жылғы мұздаған жыныстарда орындау кезінде ылғалдау антифриз ерітінділерімен жүргізіледі. 30%-дан асатын мұз қабаты бар көп жылдық тоңазыған шөгінділерді жару кезінде ылғалдау жүргізілмейді.
122. Жарылғыш заттардың (бұдан әрі – ЖЗ) шашылуының, олардың жұмысшыларының терісіне, шырышты қабығына түсуінің алдын алу үшін теспелер мен ұңғымаларды толтыру кезінде, ЖЗ түйіршіктелген, тығыз қаптарға салынған түрде ғана пайдаланылады. Мұндай ЖЗ тығыз қабыршақсыз кендір қаптарда жеткізуге рұқсат етілмейді. ЖЗ патрондарда қолдану кезінде патрондар қабығының бұзылмауы бақыланады.
123. Ұңғымаларға ЖЗ толтыру және тығыздау, сондай-ақ ЖЗ толтыру машиналарына тиеу механикаландырылады. Толтырушы машиналар мен механизмдердің жұмысы кезінде шаң үстаудан және шаң басудың тиімді құралдарын қолданады.
124. Жұмысшылардың жеке қорғаныш заттарын қолданбай ұңғымалар мен теспелерді ЖЗ-мен толтыруына рұқсат етілмейді.
125. ЖЗ шашырандысын тұтуға және шаң басуға арналған құрылғы істен шыққан кезде ұңғымаларды механикаландырып толтыруға рұқсат етілмейді.
126. Шатырлауық сынап немесе қорғасын азидымен жарақталған капсюль-детонатарларды қолдану кезінде ауада сынап пен қорғасын буының болуын бақылауды жүзеге асырады.
127. Жару жұмыстарын жүргізу кезінде шаңның бөлінуін азайту мен улы газдарды бейтараптандыру үшін мыналар қолданылады:
1) ішкі гидрокенжар немесе гидропастамен кенжару (аязға төзімді-мұздаған тау жыныстарын өңдеу кезінде);
2) құрылғысы бар тұман жасағыштар жару кіндігінен 10-15 м қашықтықта жарылыс жерінің қиылысқан орнын тұман факелмен толық жабу есебі кезінде қолданады.Тұман жасағыштар жарылысқа 1-2 мин қалғанда қосылады. Тұман жасағыштың жалынын жарылыс толқынына қарсы бағыттайды;
3) су массасының қосарлы зарядтың массасына 2:1 қатынасындағы кесек емес жарылысты бөлшектеу кезіндегі ішкі гидрожару.
128. ЖЗ салынған ыдыс өртеледі немесе арнайы орындарда көмуге жатады.
5-параграф. Тиеу-түсіру және көлік жұмыстары кезінде еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
129. Тау массасын тиегенге дейін кен жаруға дайындау кезінде желдетуді, бөлініп алынған тау массасы мен тиеу орнынан 10-15 м ұзақтықтағы тау қазбасының үстін алдын ала суаруды көздейді.
130. Тиеу процесі вагонетка кузовының, тиеу погының немесе қабылдау құрылғысының көлденең қиылысын диспергирленген сұйықтығын факелмен толық жабуды ескере отырып, міндетті қазба орнын желдетумен және тау массасын суарумен үйлестіріледі.
131. Тиеу машиналарының сулау жүйелері тиелген тау массасының 1 текше метріне кемінде 8 литр (бұдан әрі – л) су шығысын қамтамасыз етеді. Суландырғыштары жұмыс істемейтін машиналарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
132. Скреперлеу процесінде тау массасы скрепер жолында және шығарушы қазбада, ал толық ылғалдандырылмаған кезде кенқұдық үстінде де үнемі суландырылады. Суландырғыштар шашыратылатын сұйықтықтың факелі қабылдау құрылғыларының қимасын толық жауып тұратындай қашықтықта орналастырылады. Скепер шығыры текшеде орналастырылған жағдайда, тростарды сулауды жүзеге асырады. Бұл жағдайда суландырғыш шашыратылатын сұйықтықтың факелі тростардың қозғалысы бойына бағытталатындай етіп шығырда орналастырылады.
133. Скреперлеу кезінде тазартқыш кенжарға келіп түсетін ауаны шаңнан тазалау бойынша іс-шаралар қазба орны қабырғаларының бетін және скрепер жолын, кенқұдықты және уатылған кенді жұмыс орнынан кемінде 10 м радиусында сулауды қамтиды.
134. Тазалау блогынан және оларды вагонеткаға, оның ішінде механикаландырылған кешенмен тиеу кезінде, шығару және тиеу орындарында шаңдануды төмендету мақсатында суландырғыштар немесе тұмандатқыштар орнатылады.
135. Мұздаған жыныстарды қазатын кәсіпорындардағы тиеу-тусіру операциялары кезінде шаңға қарсы құралдарды жобалау және пайдалану кезінде мынадай іс-шаралар:
1) стационарлы кен түсіру люгінен кенді вагонеткаға тиеу кезінде шаңмен күресудің типтік схемалар;
2) скипті бункерге тиеу және сіңіргіш бункерден конвейерге тиеу кезінде типтік жабындар;
3) тау массасын люктан тиеу кезінде шаңмен күресу үшін шаң аулағыш құрылғысы бар типтік аспирациялық схемалар қолданылады.
136. Қайта тиеу орнындағы транспортерлерде (конвейерлерде) реттелуі, тазартылуы және жөнделуі оңай суландырғыштар орнатылады.
137. Жүк вагондарының ашық бетінен шаңның бұрқырауын болдырмау үшін сулау қолданылады, осы мақсатта негізгі тасымалдық қазындыларда суландырғыш станциялар мен автоматты басқыларылатын, көлік жүріп өткен кезде суландырғыштардың жұмысын қамтамасыз ететін көп қатарлы су пердесі орнатылады. Сулауға арналған сұйықтықтың үлестік шығысы ірі кесекті тау массасының шаршы метріне кемінде 0,8 литр (бұдан әрі – л/ш.м.), ал ұсақ кесекті тау массасына 1,2 л/ш.м. құрайды.
138. Скипті түсіру және көтеру кезінде шаңмен күресу үшін олардың бетіне қонған шаңды шаяды. Скиптерді тиеу аймағы ұңғымадан оқшауланады және механикалық желдеткішпен жабдықталады.
139. Аспирациялық жабындардың оларға қызмет көрсетуге қолайлы және жобада қарастырылған герметизация деңгейімен қамтамасыз етілген болуы керек. Аспирациялық жабындардың ауа қабылдау сағасының қимасы ондағы ауаның жылдамдығы заттың жабынның астыңғы жағына кетіп қалуын болдырмай, шаңды жоюды қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылады.
140. Кен атмосферасына шаң шығарындыларын болдырмау үшін негізгі түсірулерге көлік құралдарын түсіру кезінде, соңғысы тек түсіру кезеңінде ғана кен түсіруге қолжетімділікті ашатын, механикалық қашықтықты жетекті герметикалық лядалармен жабдықталады.
141. Іштен жану қозғалтқышы бар (бұдан әрі – ІЖҚ) машинаны пайдаланылған газдардың уыттылығын төмендету құралдарынсыз, сондай-ақ олардың жұмысына этилді бензинді пайдалануға мүлдем рұқсат етілмейді.
142. ІЖҚ көліктерден шыққан газды тазалау жүйесі желдеткішке қосылғанда ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес рұқсат етілген шекті шоғырлануға (бұдан әрі – РЕШШ) дейін төмендетуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.143. Шаңданудың алдын алу мақсатында, топырақ пен көлік қазбаларының жолдары ылғалдандырылады. Ылғалдандыру кезеңділігі мен деңгейі жобада көзделеді, ал жұмыс істеп тұрған кеніштерде – кәсіпорын белгілейді.
6-тарау. Пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен өндіру бойынша объектілердегі (карьерлер, разрез, ашық тау-кен қазбалары) еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Бұрғылау-жару жұмыстары кезінде еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
144. Карьерлерді жобалау және пайдалану кезіндегі технологиялық процесс ашу және өндіру жұмыстарының механикаландырылуын, тау техникасының орналастырылуын көздейді; негізгі жұмыс орындарын орналастыруды карьердегі ауа ағынының аэродинамикасын ескере отырып жоспарлайды.
145. Ұңғымалар мен теспелерді бұрғылау беткей-белсенді заттар (бұдан әрі – ББЗ) ерітіндісімен немесе тұзды су ерітінділерімен шаюмен жүргізіледі.
146. Соғу-айналмалы, шаржылы және отты бұрғылау станоктарының жұмысы кезінде шаңдануды болдырмау үшін ылғалды бұрғылау мүмкін болмаған жағдайда, құрғақ шаңтұтқыштар қолданылады.
147. Карьерлердегі ұсақ теспе бұрғылау кезінде шаң, шу және дірілмен күрес бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.
148. Жару жұмыстары кезінде ауаның шаңдануын төмендету үшін:
1) сусымалы материалдарды сумен ылғалдау немесе;
2) тау массасын жарғанға дейін құзу аймағын сумен ылғалдау (алаңның 10 л/ш.м. есебінен) немесе;
3) жаратын жердің үстін жарылғыш заттарға және жару құралдарына инертті көбікпен жабу қолданылады.
149. Жаппай жару жұмыстары тез және улы газдарды толық ұшыру мақсатында неғұрлым табиғи желді күндері кезеңінде жүргізіледі.
150. Жаппай жару жүргізілгеннен кейін карьерлерге адамдарды шоғырлануы РЕШШ-ден аспаған жағдайда, зиянды газдардың (көміртегі тотықтары, азот тотықтары) және шаңнын болуына ауаның сынамаларын талдаумен қоса жүретін, желдетілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
151. Жаппай жарудан кейін карьерді желдету уақытын қысқарту үшін кенжарларды жасанды желдету жүргізіледі.
2-параграф. Тау-кен массасын қазып алу, тиеу және тасымалдау кезінде еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
152. Жарылған тау массасын қазып алу және тиеу (еруге немесе нығыздалуға икемді пайдалы қазбалардан басқасы) алдын ала ылғалдандырылғаннан кейін жұргізіледі:
1) сумен немесе ББЗ ерітіндісімен (оң температура кезінде);
2) тұзды су ерітінділерімен (теріс температура кезінде).
153. Физикалық-химиялық қасиеттері ылғалдауды пайдалануға рұқсат етпейтін пайдалы қазбаларды тиеу желдету және құрғақ шаңтұтудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
154. Түрлі шикізатты тасымалдау кезінде суландырудың жиілігі мен қарқындылығы тау массасының түрі мен сипатына, климаттық-географиялық орналасу аймағына, жыл және тәулік мезгіліне байланысты эксперименталды анықталады. Таза табиғи асбестты қолмен іріктеу кезінде ауысым бойы жұмыс учаскесін 3-4 рет сумен ылғалдандыру жүргізіледі.
155. Шығарылған, сусымалы немесе күйіп кеткен жыныстарды экскавациялау кезінде үздіксіз суландыру қолданылады.
156. Карьерлік су құбыры болмаған жағдайда кенжарларды алдын ала суландыру суландыру қондырғысы бар арнайы машиналардың немесе техниканың көмегімен жүргізіледі. Су себу кезінде шашылатын факелдер шаң пайда болу көзінің шаңды бұлтын толық жабады.
157. Карьерлерде іштей жану қозғалтқышы бар автокөліктерді тиімді бейтараптандыру құралынсыз және пайдаланылған газдарды тазалаусыз қолдануға рұқсат етілмейді. Бейтараптандырғыштар мен тазалау құралдары жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттарды РЕШШ-дан артпайтын деңгейде болуын қамтамасыз етеді.
158. Автосамосвал кузовына тиелген шаңданатын тау массасы, жылдың жылы мезгілінде карьер аумағынан кен өндіру орнынан шыққанға дейін суландырылады. Су шашу факелы автосамосвал кузовының мөлшерімен сәйкес келеді.
159. Сусымалы шикізат материалдарын автомашиналармен тасымалдау кезінде жол бойы шаң пайда болумен қоса материалдардың төгілуіне жол берілмеді.
160. Тау массасын тасымалдауға арналған жолдардың беті жыныс және кен қалдықтары мен шаңнан үнемі тазаланады. Қиыршық тас және ұсақ тасты жолдар тұтқыр материалмен өңдеуге жатады. Осы мақсатта тас көмір пектерін, қарамайды және шайырды пайдалануға рұқсат етілмейді.
161. Қозғалысы тұрақты қарқынды жолдарда жол төсемін үздіксіз суландыру жүргізіледі. Жылдың жылы құрғақ мезгілінде шаң басудың тиімділігін арттыру үшін жолдарды өңдеу ылғалдандырғыш материалдармен жүргізіледі.
162. Теміржол көлігі жолдарын монтаждау, құру және жөндеу жұмыстар механикаландырылады.
163. Думпкарлар мен самосвалдарды жабысқан тау массасынан тазалау механикаландырылады және арнайы жабдықталған пунктерде жүргізіледі.
164. Роторлы кешендердің ленталық конвейерлерін және гидромониторларды басқару кабиналары негізгі технологиялық жабдықтан жеке орналастырылады.
165. Үйінділерде жұмыс істеген кезде шаң бөлудің алдын алу үшін:
1) кенжардағы тау массасын ылғалдандыру;
2) құламалар мен үйінділер беттерін байланыстырушы ертінділер көмегімен бекіту;
3) құламалардың бетін (оны салып алғаннан кейін) қалпына келтіру жүргізіледі.
166. Таспалы конвейер карьерлерінде, сондай-ақ стационарлық және жылжымалы жабдықтарды (оның ішінде таселекті, ұнтақтағыш) пайдалану учаскелерінде шаң бөлуді азайту үшін:
1) суландырғыштардың немесе ауа перделерінің көмегімен шаңдататын тораптарды гидрошаңсыздандыруды;
2) шаңдататын тораптарды тазалай отырып олардан ауаны сору жүйесін қамтитын құрғақ шаң тұтуды қолданады.
3-параграф. Карьерлер мен жұмыс орындарын желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
167. Табиғи желдетуді барынша пайдалану және тоқырау аймағын болдырмау мақсатында карьердегі тау-кен жұмыстары бір-біріне қатысты кертпештерін бірдей ілгерілету арқылы жүргізіледі.
168. Карьерлерде табиғи ауа алмасуды жақсарту үшін жел бағыттайтын және желден қорғайтын құрылғылар көзделеді.
169. Тереңдігі 100 м асатын карьерлерде және тоқырау аймақтарында РЕШШ-дан жоғары зиянды газдар жинақталған кезде автокөлікті пайдалана отырып және ұзаққа созылған желсіз күн болғанда арнайы карьер желдеткіштерін немесе қондырғыларын пайдалану арқылы механикалық желдету көзделеді.
Желдеткіш қондырғыларының түрін таңдау және оларды орналастыру схемасы карьерлердің пішіні мен көлеміне, тау-кен жұмыстарының бағытына және жел өтіне байланысты болады.
170. Ұзындығы 10 м-ден артық штольня мен миналық камералардан өту кезінде жергілікті желдету желдеткішінің көмегімен механикалық желдету ұйымдастырылады.
4-параграф. Ұсақ пайдалы қазбаларды қалқыма тәсілмен өндірудің кезіндегі еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
171. Бағалы металдарды өзге де тәсілмен шығаруға мүмкін болмаған жағдайда және қызмет көрсетуші персоналдың сынаппен және оның буымен тікелей байланысын болдырмайтын жабдықты пайдалану кезінде ғана драгаларда амальгамация процесін қолдануға рұқсат етіледі.
172. Сынаппен жұмыс жүргізілетін драгалардың өндірістік үй-жайлары жеке блокқа (шлюзге) бөлінеді және тиісінше жабдықталады.
173. Драганы басқару пульттары микроклимат параметрлері қолайлы оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.
174. Амальгаманы булап жібіту механикалық желдеткішпен жабдықталған жеке үй-жайда орналасқан булап жібіту бөлімшесінде орналасқан роторлық пештерде жүзеге асырылады. Амальгаманы тікелей драгада булап жібітуге рұқсат етілмейді.
175. Булап жібіту бөлімшесінде амальгамация процесін қолдану кезінде реторлық пештерден қалқалау үшін борттық сору қарастырылады. Шығарылатын ауаның көлемі кіретін ауаның көлеміне қарағанда 10%-ға көп болуы көзделеді.
176. Булау реторталары нығыздау төсемдері бар қақапақтармен тығыз жабылады. Роторлық пештің әрбір толтырудың алдында тоңазытқышқа қарай сынаптың буын қайтарып отыратын түтікшесі міндетті түрде тазаланады. Металды шығару үшін роторлық пештің температурасы 1000С жоғары болмаған кезде ғана қақпағын ашуға рұқсат етіледі. Бір уақытта бірнеше роторлық пешті металлдан босатуға рұқсат етіледі.
177. Амальгамацияға қолданылатын құралдар (оның ішінде амальгаматорлар, жеткізу және шығару машиналары) герметикаланған және пайда болған жерде сынап буларын ұстайтын агрегаттармен немесе жергілікті сору қондырғысымен жабдықталады. Сынап сыртқа ағатын жабдықтың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.
178. Сынапты қолданумен және амальгамманы өңдеумен байланысты барлық операциялар барынша механикаландырылады. Қызмет көрсетуші персонал жұмысқа тек арнайы киіммен және резеңке қолғаппен ғана кіріседі. Сынаптың артығын амальгаммадан қолмен сығуға рұқсат етілмейді.
179. Сынапты технологиялық процеске беру және жабдыққа салу автоматты берушілер мен мөлшерлеуіштер көмегімен жүргізіледі.
180. Сынапты драгада сақтау арнайы сорғыш шкафтарда орналастырылған бұрандалы қақпағы бар болат баллондарда жүзеге асырылады.
181. Технологиялық жабдықтар жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында сынаптан тазаланады және бейтараптандырғыш заттарын қолдана отырып жуылады. Қондырғыларды ыстық сумен сынаптан тазартуға рұқсат етілмейді.
182. Драгаларда жұмыс орындарында және өндірістік үй-жайларда шу мен дірілді төмендету бойынша іс-шаралар пайдаланылатын жабдықтың шу, діріл сипаттамаларына қарай жүргізіледі.
183. Драгаларды реконструкциялау және жөндеу кезінде шу мен дірілдің деңгейін төмендету мақсатында машиналар мен жабдықтардың негізгі тораптарына статикалық және динамикалық теңгеру жүргізіледі.
184. Химиялық демеркуризация заттарын қолдана отырып, өндірістік үй-жайларды жинау тоқсан сайын кемінде бір рет және жуу маусымының соңында жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында жүргізіледі.
7-тарау. Кен байыту және ұсату-іріктеу фабрикаларындағы еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардағы еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
185. Фабрикалардың өндірістік ғимараттары мен құрылыстарының көлемді-жоспарлау және конструкциялау шешімдері "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 185-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.186. Сусымалы материалдар қоймалары, ұсату-көлік бөлімшелері, флотация, флоторагенттерді сақтау, флоторагенттер ерітінділерін дайындау, қойылту, сүзу, сорбциялау, қалпына келтіру бөлімшелері, кептіру және күйдіру бөлімшелері, зиянды заттар таралуының алдын алу мақсатында құрғақ кен байыту процестері оқшауланған үй-жайларда орналастырылады. Реагент ерітінділерін сақтауға және дайындауға арналған бөлме есігінің сыртында педаль арқылы басқарылатын суық және ыстық су крандары, арнаулы киім мен жеке қорғаныш құралдарына арналған шкафтар орнатылған тамбур-шлюз көзделеді.
187. Өндірістік ғимараттарды желдету және жылыту Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары талаптарына сәйкес жобаланады.
Кен байыту фабрикаларының адамдар үнемі немесе ұзақ уақыт (2 сағаттан артық) болатын өндірістік үй-жайлардағы ауа ортасының параметрлері "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) сәйкес келеді.
Ескерту. 187-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.188. Жабдықты басқару посты, диспетчерлік пунктер үй-жайлары және цех әкімшілігі жеке үй-жайларда немесе кабиналарда (операторлық) орналастырылады. ұнтақтау және таселек басқару постары шу мен дірілден оқшауландырылады.
189. Өндірісті басқару үй-жайларында барлық желдеткіш жүйелері және сумен шаңсыздандыру жүйелерінің жұмысы туралы автоматтық ақпарат жүйесі орнатылады.
190. Шу көзі болып табылатын жабдықтар орналасқан аралықтар учаскелерден дыбыс өткізбейтін қалқалармен бөлінеді.
191. Үлкен ашық су беті бар (оның ішінде флотациялық көліктер, классификаторлар, қоюлатуға арналған күбілер, концентарциялық үстел) жабдықтар орналасқан бөлмелерде конденсаттың бір жерге ағуын қамтамасыз ететін қондырғылар қарастырылады.
192. Ғимараттардың қабырғаларында, төбелерінде және ішкі құрылымы бетінде және жеңіл тазалауды қамтамасыз ететін сынаптың, цианидтердің және тағы заттардың жиналуын, шөгуін болдырмайтын беті және жабынды бар. Технологиялық операциялар қышқыл ортада жүзеге асырылатын үй-жайлардың қабырғалары, едендері, панельдері мен қабат аралық жабындысы коррозиядан қорғалады.
193. Жылу көп бөлінетін үй-жайлар шатырының құрылысы ластанған ауаның кері ағынының пайда болуын болдырмайды. Корпустарда артық жылу (20 ккал/ш.м.·сағ астам) бөліну кезінде желден қорғау панельдері бар жарық аэрациялық фонарьлар жобаланады.
194. Өндірістік үй-жайларда өткелдер, алаңдар, сондай-ақ, жөндеу, шынылау, терезелерді екі жағынан тазалау, жарықтандыру арматурасы мен аэрациялық фонарьларды жөндеу жұмыстарын ыңғайлы және қауіпсіз орындау үшін арнайы қондырғылар мен бейімделген құралдар көзделеді.
2-параграф. Технологиялық процестер мен жабдықтарды пайдалану барысындағы еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
195. Пайдалы қазбаларды байыту технологиясы зиянды факторларды болдырмау немесе оның деңгейін және байланыс уақытын төмендету мақсатында мыналарды: мыналарды қамтамасыз етеді:
1) үздіксіз және арналы өндірісті;
2) технологиялық процесс пен жабдықтар барысын қашықтықтан бақылауды;
3) өндіріс процестерін және шикізат пен дайын өнімдердің сапасын бақылауды механикаландыруды және автоматтандыруды;
4) шикізаттың орнын ауыстыру қашықтығын және жолдарын қайта тиеу саны мен сусымалы материалдардың жоғарыдан құлау биіктігін қысқартуды;
5) еркін қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін, жабдықтарды орналастырудың қолайлы тығыздығын;
6) құрғақ заттармен жұмыс істеу процестерін, пульпамен жұмыс істеу операцияларына ауыстыруды;
7) өндірістік бөлмелердің шаңы мен газды өнімдердің пайда болуына және ауа ортасына бөлінуіне ықпал ететін процестер мен жабдықтарды оқшаулауды және герметикалауды;
8) құрамында қауіпсіздік класы төмен және химиялық заттары бар флоторагенттерді пайдалануды қамтамасыз ететін прогрессивті технологиялық схемалар мен жабдықтарды пайдалану.
196. Едәуір жылу бөлетін көздер болып табылатын (оның ішінде кептіру, күйдіру пештері) өндірістік жабдықтардың, беттерінің № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес бетінің температурасын қамтамасыз ететін жылу оқшаулағышы болады.
Ескерту. 196-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.197. Құрғақ өнімдер мен концентраттарды түсірудегі тиеу, операциялары дайын концентраттарды шихталау мен қаптау операциялары механикаландырылады және герметикаландарылады.
198. Кен өнімдерін қабылдау бункерлері тығыздалудың, майысудың, жабысудың, қатып қалудың алдын алатын қондырғылармен жабдықталады. Жұмыс аймағына шаңның түсуін болдырмау мақсатында, бункерлерге тиеу және босату үшін, материалдың біркелкі емес түсуін болдырмайтын мөлшерлеуіш қондырғы қолданылады, құрғақ кенге арналған жинақтаушы бункерлер мен ыдыстар олардың асып кетуін және қалдықтың қалуын болдырмайтын автоматты қондырғылармен жабдықталады. Бункердегі қалдық материал қабатының биіктігі 1 м аспайды.
199. Асбестті байыту фабрикаларындағы бункерлер науаларының қасында ауа бүркеніші орнластырылады. Асбест талшықтарын бөлу, материалдарды ұнтақтау және шашу бойынша операциялары қолмен жүргізілетін жұмыс үстелдері борттық сору қондырғыларымен жабдықталады.
200. Ұнтағыштар, кенді және аралық өнімдерді беретін көлік таспалары, оларды жабдыққа тиеу және қайта шашу орындары (оның ішінде қоректендіргіштер, құрғататын агрегаттар, электростатикалық және электромагнитті сепараторлар, флотомашинаның көбікқабылдайтын науасы, реагенттер ерітінділері бар ыдыстар) жұмысы өндірістік жабдықпен бұғатталатын аспирирленген жабындармен немесе сумен шаңсыздандыру жүйелерімен жабдықталады. Жүйені құрылғыларының бұғатталуы оның жұмысы бас толғанға дейін 3–5 минут бұрын қосылуын және жабдық тоқтағаннан кейін кемінде 5 минуттан кейін өшуін қамтамасыз етеді.
201. Қайта өңделетін шикізаттың әр түріне технологиялық процеспен жол беретін ылғалдандыру дәрежесін ескере отырып, барлық пайда болатын операциялар кезіндегі беретін шаңды тиімді басу үшін судың қолайлы шығыны эксперименталды орнатылады.
202. Реагенттік, флотация, регенерация, жұту, қоюлату, кептіру және қалдықтарды залалсыздандыру үй-жайларында ауада шекті рұқсат етілген шамадан асатын шоғырланудағы қауіптілігі жоғары, I және II сынып улы заттардың болуын ескертетін газталдауыштар орнатылады.
203. Діріл тудыратын қондырғылар үшін (оның ішінде ұнтақтағыштар, диірмендер) діріл деңгейін рұқсат етілетін шекті деңгейге (бұдан әрі – РЕШД) дейін төмендетуді қамтамасыз ететін құрылыстық, технологиялық және санитариялық-техникалық шаралар кешенін қолданады.
204. Жоғары шу деңгейін тудыратын негізгі технологиялық қондырғы (оның ішінде тарсыл) шудан қорғайтын қоршаулармен жабдықталады.
205. Фабрикалар мен қоймаларда орналастырылған крандардың кабиналарындағы және микроклимат көрсеткіштері № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына жауап береді.
Ескерту. 205-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-параграф. Ылғалды байыту процестері кезінде еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
206. Дезинтеграторларға кен мен суды жіберу және мөлшерлеу механикаландырылады және жабық коммуникациялар бойынша жүзеге асырылады.
207. Мөлшерлеу алаңдарында орналасқан тарату ыдыстарынан байланыстық чандарға, флотациялық машиналарға және агрегаттарға реагенттерді жіберу жабық коммуникациялар бойынша автоматты герметикаланған мөлшерлегіштердің көмегімен жүзеге асырылады.
208. Пульпаны, қалдықтарды сүзудің, ертінділерді ашықтандырудың технологиялық процестері рамды нутчсүзбелердің қолданылуын болдырмайды.
209. Концентраттар мен "қалдықтарды" сүзу үшін жабық түрдегі жабдық қолданылады.
210. Құрамында сынабы бар ерітінділерді (пульпалар) тасымалдауға арналған насостардың құрылымы сынаптың өндірістік үй-жайларға түсуіне кедергі келтіреді.
211. Вакуумсүзбелерден кектерді түсіру және олардың тасымалдау механикаландырылады.
212. Ылғандандырылған кенді флотациялау мен электромагнитті бөлшектеу процестері кезінде пульпаның, судың шашырауын және аэрозольдердің шығуын болдырмайтын шаралар көзделеді.
213. Қарқынды газ бөлінуі мүмкін орындарда мыналар:
1) атмосфераға шығарылу алдында ауаны тазалаумен пульпаны буландыру үшін жабық ыдыстардан аспирация;
2) қыздырылған пульпаны сүзу кезіндегі вакуумсүзбелер алдындағы сорып шығару зонттары;
3) тотыққан кенді флотациялаған кезде сілтілеу үшін жабық чандарды аспирациялау;
4) технологиялық қондырғыдан бөлінген сынап буы мен газдарды ұстап қалу немесе сіңіру бойынша қосалқы сорғылар немесе агрегаттар көзделеді;
214. Қоюлату кезінде пульпаның тығыздығын реттеу, оның вакуум-фильтр ыдысындағы деңгейін ұстау процестері автоматтандырылады.
215. Доғалы пештердің конструкциясы жұмысшыларды элетродоға шуы мен жарығынан тиімді қорғанышын көздейді.
216. Құрамында циан бар өндірістік іркіндерді хлор өнімдерін және реагенттерді қолданумен зиянсыздандыру тек қана қашықтан басқару, бақылау қондырғыларымен және аспирациямен қамтамасыз етілген герметикаланған жабдықта жүзеге асырылады.
217. Жұмысшылардың флотореагенттермен жанасу мүмкіндігі бар бөлімшелерде ыстық және суық су тартылған қолжуғыштар орнатылылады, су ағынымен жуу арқылы теріге түскен заттарды тез кетіру үшін құрылғылар және көзді шаятын су шашқыштар көзделген.
4-параграф. Кептіру бөлімшелеріндегі еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
218. Концентратты кептіру және түйіршіктеу, оны тиеуге жіберу процестерін басқару, желдеткіш және шаң-газ тазалау жүйелерінің жұмысын басқару операторлық бөлмеде орналастырылған пульттермен жүзеге асырылады. Кептіру агрегаттарының қызмет көрсететін орындарында жіберілетін ауа температурасын автоматты реттейтін қондырғылар көзделеді.
219. Кептіру агрегаттарында қатты отынды пайдаланған кезде жұмыс үй-жайына көмірге арналған бункерлер арқылы газдың жіберілуі болмайды. Көмірдің бірқалыпты жіберілуі үшін, пештер көмірдің тұрып қалуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады. Бункерлер мен науаларда тұрып қалған көмірді жою механикаландырылады.
220. Оттықтан қалдық пен күлді алып тастау (қондырғының кез келген өнімділігінде) жабық коммуникациялар бойынша гидравликалық немесе пневматикалық әдіспен жүзеге асырылады. Тұндырғылардан қалдықты алып тастау механикаландырылады.
221. Өндірістік үй-жайлардың ауа ортасына шаңның және өртенген газдардың түсуіне жол бермейтін кептіру агрегаттарының аэродинамикалық қондырғылары ауаның жұмыс ойықтары арқылы сорып шығарылуының жылдамдығын 1 м/с кем емес жылдамдықта қамтамасыз етеді.
222. Кептіру пештерін оттықтар ауа жүру жолдары, циклондар, скрубберлер герметикаланады.
223. Шикізат пен материалдарының құрамындағы табиғи-радиоактивті заттардың мүмкін концентратына байланысты байыту өнімдерімен жұмыс кезінде (дайын немесе аралық өнімдер және концентраттар) жұмыс сыныбына сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды көздейді.
224. Құрғақ концентратты кептіру агрегаттарынан дайын өнімдер қоймасына немесе құрғақ байытуға түсіру және беру аспирациялық коммуникациялар жүйесі бойынша жүзеге асырылады.
5-параграф. Дайын өнімді байыту және жетілдірудің құрғақ процестері, тасымалдау, ыдыстарға салу және қоймаға жинау кезінде еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
225. Магнитті және электростатикалық сепарация үшін, аспирациялық жабындары бар сепараторлар қолданылады.
226. Өндірістік бөлмелерде құрғақ материалды тасымалдау үшін тасымалдаудың жабық тәсілдері (оның ішінде роликсіз және скребтік конвейерлер, бигармоникалық тербелісті конвейерлер) немесе пневмокөлік қолданылады.
227. Ағу жолдарымен жүретін сусымалы материалдарды барлық қайта тиеу орындарында жеткілікті еңістермен, материалдың ағу жылдамдығын тежегіштер қолданылады. Материалдың құлау биіктігі 0,5 м-ден аспайды. Ұнтақ материалдары конвейерлік таспамен тасымалдау кезінде қозғалыс жылдамдығы 1 м/с аспайды. Ағу жолдары мен науаларды механикаландырылған тазалау көзделген.
228. Шаңның шығуын болдырмау үшін, пневматикалық көлік ауа қысымын реттегіштермен жабдықталады.
229. Циклондардан және газ жолдарынан шаңды жою механикаландырылады және гидро-пневмокөлік көмегімен жүзеге асырылады.
230. Материалдарды себу және шихталау механикаландырылады және аспирациялық жабындармен жабдықталған арнайы орындарда жүзеге асырылады.
231. Аралық өнімдер мен материалдарды механикаландырылмаған шихталауды цехтар үй-жайларында жүргізуге рұқсат етілмейді. Жекелеген жағдайларда концентраттың және аралық өнімнің аз көлемі үшін (100 килограммға дейін) жұмысшылар міндетті түрде жеке қорғаныш құралдарын қолданған жағдайда сору шкафтарында шихталауға рұқсат етіледі.
232. Материалды ыдыстарға салу ыдысты аспирациялық жабында орналастырып, автоматты мөлшерлегіштері бар ыдысқа салғыш немесе қаптауыш машиналардың көмегімен жүргізіледі. Материалдың ыдыс түбіне дейінгі құлау биіктігі 0,5 м артық емес болуы керек. Ұнтақ материалды тікелей ыдысқа қысымды ауамен жіберуге рұқсат етілмейді.
233. Шығыс тарату бункерлерінен материалды теміржол вагондарына немесе басқа көлікке беру жабық коммуникациялар бойынша жүзеге асырылады. Тиеу орындары аспирациялық жабындармен жабдықталады.
234. Асбет талшығын және гальді тиеу жабық вагондарға телескопты ағу жолдарының көмегімен жүргізіледі. Вагоннан шығатын ауа сүзгілерде тазаланады. Асбестті үйіп тиеуге рұқсат етілмейді.
235. Тиеу алаңдары төгілген ұнтақты механикаландырылған жинау құрылғыларымен жабдықталады. Асбестті қоймалау материалдардың тұрып қалуын болдырмайтын құралдармен және қоректендіргіш-мөлшерлегішпен жабдықталған бункерлерде жүзеге асырылады. Асбесттің жекелеген сорттарын араластыру механикаландырылады және жабық араластырғаш бункерлерде жүргізіледі.
236. Қойма шекарасындағы материалдарды түсіру және тасымалдау механикаландырылады.
8-тарау. Реагенттерді сақтау кезінде еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
237. Ұйымдарда технологиялық процестерді жүргізу үшін қолданылатын реагенттер (оның ішінде қышқылдар, сілтілер, цианидтер, аммиакты су, аммиакты селитра, карбонаттар және сілтілі және сілтілі топырақты металдар гидрокарбонаттары) шығыс қоймаларында сақталады.
238. Шығыс қоймалары, қоймаларды жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен байланыстыратын қойма ішілік автомобиль жолдарымен және қоймаларды жалпыға ортақ пайдаланылатын теміржолдармен байланыстыратын қойма ішілік кіретін теміржолдармен қамтамасыз етіледі.
239. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль және теміржолдардан едәуір қашықтықтағы қоймалар үшін кірме жолдар ретінде автомобильдерге арналған тапталған топырақ жол төсемдеріне рұқсат етіледі.
240. Реагенттер қоймасын топырақтың, жерасты суларының және атмосфералық ауаның ластануын болдырмау шараларын міндетті түрде қабылдай отырып, жер үстінде немесе жартылай тереңдіктерде орналастырылады.
241. Жаңа салынған қоймаларға қатты әсер ететін уытты заттар мен прекурсорлар қатарына жататын реагенттерді әкелу және сақтау Кодекстің 46-бабының 4-тармағына сәйкес жол беріледі.
242. Бір қойма үй-жайында химиялық өзара белсенді реагенттерді немесе бөтен материалдарды бірге сақтауға рұқсат етілмейді.
243. Әрбір жинақталған сұйық реагенттер тобы үшін аумақтың су өтпейтін құрғақ учаскелерінде орналасқан тиісті қойма аймағына кіретін жеке теміржол немесе автомобиль жолы көзделеді.
244. Темір жолдарда тұрған теміржол цистерналарын стационарлық, қойма (шығыс) сыйымдылықтары ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.
245. Тез тұтанғыш сұйықтардан және уытты заттардан босатылған бос ыдыстар тығындалады және арнайы бөлінген алаңда сақталады.
246. Тасымалдануы, қабылдануы және босатылуы ұйымның бас инженері бекіткен нұсқаулық талабына сәйкес жүргізілетін қышқылдар, сілтілер және уытты заттар қоймаға арнайы ыдыспен жеткізіледі.
247. Сұйытылған күкірт қышқылы футерленген болаттан немесе қышқылға төзімді болаттан жасалған резервуарларда сақталады.
248. Шоғырландырылған күкірт қышқылы және олеум (жақсартылған және техникалық) қышқылға төзімді материалдармен немесе қышқылға берік кірпіштермен футерленген не футерленбеген шошақ қақпақтары бар, жалпақ табанды арнайы болаттан немесе болаттан жасалған тік резервуарларда сақталады. Шоғырландырылған күкірт қышқылын көлденең резервуарларда сақтауға рұқсат етіледі.
249. Олеумді сақтауға арналған резервуарлар футерленеді. Жақсартылған күкірт қышқылы тот баспайтын болаттан жасалған герметикалық жабық таза сыйымдылықтарда немесе қышқылға берік плиткалардан немесе кірпішпен футерленген болаттан жасалған сыйымдылықтарда сақталады.
250. Жасық меланжды және азот қышқылын сақтауға арналған резервуарлар тот баспайтын болаттан жасалады. Концентратцияланған азот қышқылын алюминийден жасалған сыйымдылықтарда сақтайды.
251. Тұз қышқылы тотығудан қорғаушы құралдармен жабдықталған көміртекті болаттан жасалған резервуарларда сақталады.
252. Қышқыл қоймалары резервуарларды жер үстінде орналастырумен ашық алаңдарда орналастырылады.
253. Тұғырық еденін қышқыл төгілген кезде, сондай-ақ атмосфералық жауын-шашын жинау шұңқырына түсетін жинау науасына қарай еңіспен орнатылады. Бейтараптандырылғаннан кейін олар өндірістік кәрізге жіберіледі.
254. Қышқылға күйіп қалу қаупі бар орындарында бетті және қолды шаюға арналған шүмектер мен бұрқақтар, сондай-ақ денені көлемді күйік шалғанда жуынуға арналған ағынды суы бар сыйымдылықтар мен себезгілер орнатылады.
255. Каустикалық соданы тот баспайтын болаттан немесе көміртекті болаттан жасалған жылудан оқшауланған резервуарларда сақтайды. Жылытқыш құрылғылардың резервуардың гуммирленген қабырғаларымен жанасуына рұқсат етілмейді.
256. Аммиакты сулардың қоймалары жер үстінде орналастырылады.
257. Аммиакты су қоймасы төгілген сұйықтықтың гидростатикалық қысымына есептелген топырақ үйінділерімен (қабырғамен) тұтастай қоршауға алынады.
258. Аммиакты суды сақтауға арналған резервуарлар күкіртті болаттан, арматура мен құбырлар құрамында мыс және оның қоспалары жоқ металдардан жасалады.
259. Көлденең резервуарларды жер үстінде орналастыру кезінде олар ерге ұқсайтын тіректерге тіреледі.
260. Жер үстіндегі тік резервуарлардың негізі құмды жастықта бетон әзірлемелері бойынша темірбетон плиталарынан жасалады.
261. Аммиакты селитра 2500 тоннадан (бұдан әрі – тн) аспайтын қаптарға салынған селитраны сақтауға есептелген бір қабатты қойма ғимараттарында сақталады.
262. Суға төзімді аммиакты селитра әрқайсысының сыйымдылығы 500 тн аспайтын қойма үй-жайларына бөлінген сыйымдылығы 1500 тн аспайтын бір қабатты қойма ғимараттарында сақталады.
263. Қойма ғимаратында жертөлелер, арналар, шұңқырлар, еден ойықтарын, сондай-ақ өтетін тесіктер мен көрінбейтін учаскелерді орнатуға рұқсат етілмейді. Аммиакты селитра қоймалары жасанды желдеткіштермен жабдықталады. Аммиакты селитраның қоймаларын ауамен жылыту орнатылады.
264. Құбыр таратушы коммуникациялары бар калориферлер орнатуға рұқсат етілмейді.
265. Қоймаға және тиеу алаңдарына жақын орналасқан аумағы атмосфералық суды ағызуға арналған еңісі бар аммиакты селитраның әсеріне төзімді материалдармен тұтас жабынмен жабылады.
266. Оралған аммиакты селитраның температурасы 50 0С-дан аспайды. Шашылған селитраны, зақымдалған қаптарды, қағаз қиындыларын және оған ұқсас заттарды тез арада жинайды.
267. Аммиакты селитра қоймасының үй-жайларын үнемі ағымды жинаумен қатар, барлық қойма (немесе қойманың әрбір бөлігі немесе учаскесі кезекпен) жылына кеміне 1 рет босатылып, оның едені жұғылған селитрадан мұқият тазартылады.
268. Бір қойма үй-жайында аммиакты селитрамен бірге өнімдер және материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.
269. Аммиакты селитра қоймасының үй-жайларында сыпырындыларды (ластанған аммиакты селитра) сақтауға тыйым салынады. Соңғылары сыйымдылығы 60 тн аспайтын жеке үй-жайларда сақталады.
270. Аммиакты селитра қапқа салынған қатарларының көліктік-тиеу машиналарының жүрісі үшін арақашықтығы кемінде 1,5 м, ал өту жолдарының ені 1,0 м, орталық жүру жолдарының ені 3,0 м құрайды.
271. Аммиакты селитра қоймаларына бөтен адамлардың кіруіне рұқсат етілмейді.
272. Аммиакты селитра қоймаларына кіреберіс жолдарда қышқыл толтырылған теміржол цистерналары мен автомобильдер тұрағына рұқсат етілмейді.
273. Натрий, калий, кальций, магний карбонаттары мен гидрокарбонаттары қаптарда сақталады. Қойма сыйымдылығы 1500 тн аспайды.
274. Тиеу-түсіру жұмыстары механикаландырылады.
275. Қоймадағы қатарлардың тиеу-түсіру машиналарының жүруіне арналған ара қашықтығы кемінде 1,5 м, ал өту жолдарының ені 1,0 м, орталық жолдардың ені 3,0 м құрайды.
276. Оралған гидрокарбонаттардың температурасы 550 С-дан аспайды.
277. Көгертетін қышқыл тұзы технологиясында қолданылатын цианды натрий, калий, кальций және цианды препараттар (циан қорытпалары) базисті, шығыс және цех қоймаларында сақталады.
278. Көгертетін қышқыл тұзын сақтайтын үй-жайларда көгертетін қышқыл тұзынан босаған ыдысты зарарсыздандыратын қондырғылар орналастырылады. Реагенттер ерітінділерін дайындайтын үй-жайлар ыстық және суық суы бар қолжуғыштармен, құрғату орамалдарымен, противогаз бен қорғау заттарын сақтайтын шкафтармен, желдеткіш қондырғылары мен жасанды жарықтануды қосатын құрылғыларымен жабдықталады.
279. Хлорлы әкті және сөндірілмеген әкті, қышқыл тұзын сақтау жеке үй-жайларда жүзеге асырылады. Бір үй-жайда құрғақ және сұйық флотореагенттерді сақтауға рұқсат етілмейді. Уытты емес сусымалы флотореагенттерді үйіп сақтауға арналған үй-жайларда бөліктермен жабдықталады. Аталған реагенттерді қамбадан тыс жерде сақтауға рұқсат етілмейді.
280. Флотореагенттер ерітінділерін дайындайтын үй-жайларды сору-шығару желдеткішімен жабдықтайды. Сорылатын ауа жоғарғы аймаққа беріледі. Цианды ерітінділерді дайындайтын бөлімшелерде түсетін ауаның 70%-ы үй-жайдң жоғарғы аймағына, 30 %-ы шлюзге беріледі.
281. Флотореагенттерді ұнтақтайтын және ұсақтайтын жабдық, сондай-ақ дайындауға және сақтауға арналған барлық ыдыстар аспирацияланатын жабындары бар.
282. Флотореагенттер ерітінділерінің үлкен көлемін сақтауға және дайындауға арналған тұрақты ыдыстар оларды толықтай төңкеру мүмкіндігі болатындай етіп орналастырылады. Олар нейтрализаторға енгізілген деңгейді өлшеуішпен, ағызу түтіктерімен жабдықталады.
283. Флотогеагенттері бар ыдыстарды ашу, ерітінділерді дайындау және оларды чандарға жіберу (ерітінділік, ағарту, шығыс), ыдысты тазалау мен басқа реагенттерге ыдысты дайындау жұмыстары механикаландырылады және қолмен операциялар жасауды болдырмайды. Цианды тұз бар сыйымдылықтарды қол аспаптары көмегімен ашуға және цианды тұздарды қолмен қайта тиеуге рұқсат етілмейді. Флотореагенттерді беру тәсілдері ерітінділердің және олардың буларының үй-жайға жіберілуі мүмкіндігін жояды.
284. Жабдық сыйымдылықтарынан және пульпаның, реагенттердің және ерітінділердің сынамаларын алу автоматтандырылады.
285. Технологиялық циклге жатпайтын (оның ішінде параққа пішу) реагенттерге арналған барлық металл ыдысымен барлық операциялар реагенттік бөлімшеден тыс жүргізіледі.
286. Қатты әсер ететін уытты заттарды қалқа астында, ашық аспан астында, сондай-ақ ылғалды үй-жайлар мен жертөлелерде сақтауға рұқсат етілмейді.
287. Қойма үйлері көлемінде орналасқан тұрмыстық үй-жайлар, қатты әсер ететін уытты заттарды сақтауға, орауға (құюға) арналған үй-жайлардан оқшауландырылады және оларға жеке тамбур арқылы кіретін есігі болады.
288. Қатты әсер ететін уытты заттарды сақтауға, құюға арналған қойма үй-жайларының қабырғаларын, төбелерін және ішкі құрылыстарын өңдеу үшін қатты әсер ететін уытты заттардың химиялық әсерінен қорғауға қабілеті бар және өз беттеріне шаң мен буды сіңірмейтін, үсті жуылатын, жеңіл тазартылатын материалдар қолданылады. Қабырғалардың еденмен және төбемен жанасу орындары жұмыр болады.
289. Қатты әсер ететін уытты заттарды сақтауға арналған үй-жайларда тұрақты жұмыс істейтін табиғи ішке сору-сыртқа шығару желдеткіші және авариялық жағдайға механикаландырылған сыртқа шығару желдеткіші көзделеді. Механикаландырылған сыртқа шығару желдеткішінің қондырғылары тұрмыстық үй-жайлар мен қатты әсер ететін уытты заттарды еріту және сақтау үй-жайларынан бөлек болады.
290. Желдеткіш қондырғылары шығыс қоймасына кірерден 15 мин бұрын қосылады. Ол жөнінде кіретін есікке ескерту плакаты ілінеді. Бұл қондырғылардың іске қосу құрылғылары кіретін есіктің тыс жағында орналасады.
291. Желдеткіш қондырғыларының жарықпен – жұмыс кезінде, дыбыспен – жұмыстың күтпеген жерден тоқтап қалуы кезінде берілетін дабыл қаққыштары болады.
292. Қатты әсер ететін уытты заттарды сақтауға, өлшеп-орауға және құюға арналған үй-жайларда ауа ортасының жай-күйін жарық және дыбыс дабылы құрылғысы бар автоматты газ талдағыштардың көмегімен және олар ауадағы рұқсат етілетін шекті шоғырлануға жақындаған кезде іске қосылатын авариялық желдеткішті бір уақытта қосу арқылы үздіксіз бақылау жүзеге асырылады.
293. Қатты әсер ететін уытты заттардың барлық тобын ұсақ ыдыста (оның ішінде барабандарда, баллондарда, шөлмектерде) сақтау кезінде базисті және шығыс қоймалары, ыдыс көлеміне сәйкес орналастырылған қабырғаға ілінген қолжетімді сөрелер және ұялы (торлы) стеллаждармен жабдықталады, сондай-ақ арбалардың көмегімен қозғалатын барабандар, баллондар, шөлмектер және басқалары орналастырылатын арнайы жүк үстелдері болады.
294. Қатты әсер ететін уытты заттардың барлық базисті және шығыс қоймалары уларды залалсыздандыруға арналған құралдармен, жеке қорғаныш құралдарымен, алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасымен және байланыс құралдарымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етіледі.
295. Қатты әсер ететін уытты заттармен арнайы киімсіз және жеке қорғаныш құралынсыз (бұдан әрі – ЖҚҚ), зақымданған арнайы киіммен және ЖҚҚ-мен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
296. Газтұтқыштар жеке шкафта немесе арнайы киімдерге арналған шкафтың ұясында сақталады.
297. Қатты әсер ететін уытты заттармен жұмыс істеу кезінде тамақ, су ішуге, темекі шегуге жол берілмейді.
298. Қауіпті жүктер бар вагондарды тұрған орнынан қолмен жылжытуға рұқсат етілмейді.
299. Жарылғыш қоспалар (аммиакты селитра), тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар мен жарылу қаупі бар заттар (аммиакты су), күйдіргіш заттар (күкірт, азот, тұз қышқылдары, каустикалық сода) түзуге қабілетті қауіпті жүктерді түсіру арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.
300. Тез тұтанғыш және күйдіргіш сұйықтықтарды цистерналардан ағызу механикаландырылған тәсілмен жүзеге асырылады.
301. Реагенттерді ағызу орындары өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады, жұмысты жүргізуді тәулік бойы қамтамасыз ететін жарылысқа қауіпсіз жарықтандырумен жабдықталады.
302. Тез тұтанғыш және күйдіргіш сұйықтықтармен жұмыс істеу орындарында тамақ ішуге, темекі шегуге және ашық от көзін қолдануға рұқсат етілмейді.
303. Құю пункттерінде адамдардың тексеруі үшін цистерналарға түсуіне рұқсат етілмейді. Ыдыста тасымалданатын қышқылдар мен күйдіргіш заттарды түсіру және құю едені вагон еденінің деңгейінде болатын арнайы қоймаларда жүргізіледі.
304. Қауіпті және зиянды заттармен жұмыс арнайы киімдермен қорғаныш көзілдіріктерін немесе көзілдірікті бетперделерді, респираторларды, резеңке қолғаптар мен етіктерді, алжапқыштарды пайдалана отырып жүргізіледі; әрбір жұмысшы зиянды заттардың буы мен аэрозольдарынан қорғайтын тиісті сүзгі қорабы бар авариялық газтұтқышпен, ал тері қабатын қышқылдар мен сілтілерден қорғайтын қорғаныш пасталарымен қамтамасыз етіледі.
305. Қауіпті жүктерді автомобиль көліктерімен тасымалдау "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 305-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.306. Радиоактивті заттарды автомобиль көліктерімен тасымалдау ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 306-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.307. Қауіпті және зиянды заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдары тасымалданатын жүктің қауіптілік сыныбына байланысты:
1) өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен (өрт сөндіргіштермен, қарапайым аспаптар жинағымен, шелекпен, киізбен, құрғақ құмды жәшікпен);
2) теріні және көзді жеке қорғаныш құралдарымен (резеңке етіктермен, резеңке қолғаптармен, резеңкеленген алжапқыштармен, қышқылдан қорғайтын зат сіңдірілген костюммен, қорғаныш көзілдірігімен, газтұтқышпен);
3) авариялық аспаптармен және саймандармен ("Кіруге тыйым салынады" және "Авариялық тоқтату" белгілерімен, кейін дөңгелеуге қарсы тіректермен, авария болған орынды қоршауға арналған жіппен және арқанмен, бейтараптандырушы ерітінділер құйылған канистралармен);
4) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасымен;
5) радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде – қосымша: "Жапырақша" респираторымен, төрт радиациялық қауіптілік белгісімен және таза шүберек салынған пластик пакеттермен жабдықталады.
308. Аммиакты селитраны тиеу үшін кез келген материалдардан мұқият тазаланған, бүтін кузовты және күн сәулесі мен атфосфералық жауын-шашынның тікелей түсуінен қорғауға арналған арнайы жапқышпен жабдықталған автокөлік құралдары беріледі.
309. Қауіпті жүктерді тасымалдаушы көлік құралдарын басқаруға "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы) сәйкес медициналық қарап-тексеруден өткен жүргізушілер жіберіледі.
310. Көлік құралында құжаттамамен көзделмеген жүктерді, сондай-ақ аталған қауіпті жүкті тасымалдауға қатысы жоқ бөтен адамдарды тасымалдауға рұқсат етілмейді.
311. Құрамында уытты реагенттер және агрессиялық заттар бар үлкен көлемді жабдықты жөндеу кезінде жұмысты тиісті арнайы киімді және ЖҚҚ-ны пайдаланған кезде ғана рұқсат етіледі.
312. Жөнделетін құрылғы жұмыс басталар алдында ластанған заттардан тазартылады және улы заттар қалдықтары болған жағдайда, зарарсыздандырылады. Қондырғыны тазалау әдісі улы заттардың жұмысшыға әсер етуін болдырмайды.
313. Реагент және флотация бөлімдеріндегі жөндеуге қолданылған құралдар флотореагенттерден тазаланады.
314. Радиоактивті изотоптары бар технологиялық бақылау құралдары мен жабдықтарын жөндеу "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығының талаптарына сәйкес орындалады.
Ескерту. 314-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.315. Жабдықты жөндеудің барлық кезеңдерінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыскерлерді зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғау бойынша қауіпсіздік шаралары көзделеді. ЖҚҚ-сыз жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді. Дәнекерлеу жұмыстарын жергілікті сору желдеткіші жұмыс істемеген жағдайда жүргізуге рұқсат етілмейді.
9-тарау. Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
316. Еңбек жағдайының жай-күйін бақылау технологиялық процестің ерекшеліктерін, оның өзгерістерін, әртүрлі жұмыстарды орындаудың нақты шарттарын, жабдықты жөндеуді, сауықтыру іс-шараларын енгізуді ескере отырып жүзеге асырылады.
317. Өндірістік факторларды өлшеуді қолданыстағы әдістемелер бойынша орындайды.
318. Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілерінде өндірістік (ведомстволық) бақылау жүргізіледі. Өндірістік (ведомстволық) бақылау өндірістік немесе тәуелсіз аккредиттелген зертханалармен өткізіледі. Ведомстволық бақылау нәтижелері тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының құрылымдық бөлмшелеріне ұсынылады.
319. Жұмысшылардың денсаулығына физикалық факторлардың зиянды әсері РЕШД-ы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 319-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.320. Өндірістік үй-жайлардағы жұмыс орындарында шудың деңгейі ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Шудың баламалы деңгейі 80 децибелден (бұдан әрі – дБА) асатын цехтарда (бөлімдерде) шу деңгейі 40 дБА-дан аспайтын демалыс бөлмелері көзделеді.
Ескерту. 320-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.321. Жұмысшыларға жалпы діріл жүктемесінің РЕШД мәндері № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 321-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.322. Жұмысшыларға жергілікті діріл күштемесінің РЕШД мәндері № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 322-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.323. Жер асты қазбалары кезінде тұрақты жұмыс орындарында осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген температураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының жол берілетін үйлесімділігі сақталады.
324. Тау-геологиялық және технологиялық жағдайларға байланысты ауа температурасының, ылғалдылықтың, ауа қозғалысы жылдамдығының рұқсат етіетін нормаларын (оның ішінде пайдалы қазбалардың тереңде жатуы) қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, тау жұмысшыларын организмнің салқындауынан немесе қызуынан қорғау бойынша іс-шаралар көзделеді.
325. Ауа температурасы +160С-тан төмен болған кезде тау жұмысшыларын тиісті жылу және ылғалдан қорғау қасиеттері бар арнайы киім мен аяқ киім жиынтығымен қамтамасыз етеді. Істеп тұрған кенжарлар жанында жылынуға арналған үй-жайлар орналастырады.
326. Ауа температурасын жұмыс орындарында +26 0С-тан төмен түсіру мүмкін болмаған жағдайда, осы Санитариялық қағидалардағы 1-қосымшадағы келтірілген талаптарға дейін келтіре алатын ауаны кондиционерлеу жүйелері орнатылады немесе жасанды салқындату жүйесі бар жеке бас қорғаныс заттары қолданылады.
327. Ауа температурасы +100С-тан төмен немесе +26 0С –тан жоғары болса, жұмысшылар бір адамға шаққанда ауысымына 1,0–2,0 л. сәйкесінше ыстық шай немесе салқын сумен қамтамасыз етіледі.
328. Тау қазбаларының жасанды желдеткіштерімен болады.
329. Кендік атмосферадағы параметрлерді бақылау депрессиондық және ауалық түсірімдерден басқа, зиянды газдар мен шаңның болуына сынамаларды іріктеу және талдауды көздейді. Жағымсыз микроклиматы бар шахталарда аталғандардан басқа, температуралық түсірілім міндетті болып табылады.
330. Түсті металлургия мен тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары объектілеріндегі өндірістік (ведомстволық) бақылау және жұмыс орындарының ауасындағы зиянды заттардың болуы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 330-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.331. Негізгі зиянды заттардың жұмыс аумағы ауасында болуынан өндірістік (ведомстволық) бақылау осы Санитариялық қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жұмыс аумағы ауасының зертханалық бақылауға жататын негізгі зиянды заттар тізіміне сәйкес технологиялық процестің жекелеген кезеңдерінде жұмыс айлағының ауасына бөлінетін заттарға байланысты толықтырылады.
332. Қоршаған орта объектілерінде және жұмыс аумағының ауасында зиянды заттардың құрамы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 332-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.333. Шаң, шу, дірілмен және жағымсыз факторлармен күресу үшін көзделген құрылғылардың жұмысы өндірістік ортада қосымша зиянды факторлардың пайда болуына алып келмейді.
334. Қолданыстағы кеніштер мен карьерлер кен орындарын өңдеудің тау-геологиялық және технологиялық жағдайларының өзгеруіне қарай кешенді шаңсыздандыру жобаларына түзетулер енгізіледі.
335. Суды қажет ететін барлық технологиялық операциялар және жұмысшыларға санитариялық-тұрмыстық қызмет көрсету кезінде ауыз су сапасындағы су қолданылады.
336. Шаңмен күресу үшін және технологиялық мақсаттарда ауыз су сапасындағы су болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде алдын ала тазартылған, залалсыздандырылған және зарарсыздандырылған жағдайда, құрамында зиянды және ауыр жойылатын қоспалар жоқ басқа көздердің суын пайдалануға рұқсат етіледі.
337. Шаңмен күресуге арналған ББЗ, антифриздер мен оның ерітінділері адамдар үшін қауіпсіз. Тұнған шаңды байланыстыру мақсатында ББЗ-ды қолдану бойынша жұмыс тек механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі. ЖҚҚ қолданбаған жұмысшылар шоғырлануы жоғары ББЗ-дан ерітінділерді дайындауға рұқсат етілмейді.
338. Пайдалы қазбаларда, олардың өңделген өнімдерінде, сондай-ақ қоршаушы жыныста және күлде (оның ішінде жерасты сулары, технологиялық) айқын шаң-радиациялық фактор болып табылатын табиғи-радиоактивті заттардың қоспалары болған жағдайда № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес өндірістік үй-жайлардағы, кәсіпорындар аумақтарындағы СҚА шегіндегі және бақыланатын аймақтардағы радиациялық жағдайды дозиметрлік бақылау жүзеге асырылады.
Ескерту. 338-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-тарау. Жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған қосалқы ғимараттар мен үй-жайларда тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
339. Гидрометаллургиялық, реагенттік бөлімшелерде, фтор тұздары өндірісіндегі күкірт қышқылды және пеш бөлімшелерінде, зертханалық үй-жайларда тұрақты жұмыс орнынан 25 м аспайтын қашықтықта агрессивті заттарды жедел жуу үшін автоматты іске қосылатын, медицина персоналын шақыруға арналған сиренамен бұғатталатын гидранттар мен авариялық себезгілер көзделеді.
340. Барлық өндірістердің жұмысшылары үшін жұмыс кезінде демалатын үй-жайлар көзделеді.
341. Өндірістік үй-жайларда тамақты сақтауға және ішуге рұқсат етілмейді.
342. Сазбалшық өндірудің барлық негізгі технологиялық цехтарында арнайы киімді шаңнан тазартуға арналған үй-жайлар мен жабдықтар көзделеді.
343. Алтын шығару фабрикаларының цианды қайта өңдеудің өндірістік үй-жайларында сорбциялау, регенерациялау, реагентті ерітінділерді дайындау бөлімдерінде цианға қарсы препараттармен жабдықталған жедел дәрігерге дейінгі көмек пункттері жабдықталады.
Жұмыс істеп тұрған дайындық және тазалау кенжарларындағы жұмыс орындарына ылғалдың түсуінен қорғалған, зембілдермен, медициналық препараттармен және шұғыл медициналық көмек үшін құралдармен жинақталған дәрі қобдишалары (150 м-ден алыс емес) жақын болуы тиіс.
344. Қосалқы ғимараттар мен үй-жайлардың орналасуы және жабдықтары Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкес көзделеді.
Ескерту. 344-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.345. Өндірістік процестер тобының негізінде осы санитариялық қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес олардың санитариялық сипаттамалары бойынша санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар құрамы айқындалады.
346. Бұдан басқа, шахтаның кенжар тобының, жарушылар және фабрикаларды ылғалды байытатын цехтар жұмысшылары үшін арнайы киімдер мен аяқ киімдерді химиялық тазалау мен жөндеуге арналған үй-жайлар көзделеді.
347. Үй-жайлар жылытылатын және жұмысшыларды көтеріп түсіретін жарықтандырылған шахта оқпанымен (штольнямен) немесе фабриканың бас корпусымен қосылады.
348. Арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдерді кептіруге арналған киім ілетін үй-жайлар жалпы алмасу ішке сору-сыртқа шығару механикалық желдеткішімен (жылдың суық кездерінде ауа ағынын жылытумен) жабдықталады.
349. Киім ілетін үй-жайларда қосымша жабдық ретінде мыналар:
1) пленка түзетін дезинфекциялаушы препараттарды сақтауға арналған дәрі-дәрмек шкафтары (ауысымға дейін және одан кейін шағын жарақаттарды өңдеуге арналған), сондай-ақ табан терісі терлеуінің және грибокты ауруларының алдын алуға арналған дәрі-дәрмектер;
2) қорғаныс пасталары мен жуу құралдарына арналған арнайы дозатор-қондырғылар көзделеді.
350. Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді кептіретін үй-жайлардың құрылымы олардың өткізу қабілеті және кептіру тәсілдері жұмыс ауысымының басына арнайы киімдер мен аяқ киімдердің толық кептілуін қамтамасыз етеді.
351 .Кір жуу орнының ауданы және жабдықтарының құрамы айына кемінде екі рет қолданылатын қолданылған арнайы киімді жууды ескере отырып, анықталады. Арнайы киімнің айрықша жіті кірленуі кезінде кір жуу орындары арнайы киімді жиі жууды ескереді. Әрбір ауысымнан кейін, ұнтақ тәрізді ненатропирленген жарылғыш заттармен және уытты заттармен жұмыс істейтін жұмысшылардың арнайы киімдері басқаларының арнайы киімдерінен жеке жуылады. Қыстық арнайы киімдер химиялық тазалауға жатады.
352. Калий кенін байытатын фабрикаларда жабдықтың жөндеу аяқталған соң арнайы киімнің резеңке бөлшектері сумен жуылып, ары қарай 3% сірке қышқылымен өңдеу, арнайы киімді тез арада ауыстырып дененің ашық жерлеріне өңдеу жүргізіледі (сірке қышқылының 3% ерітіндісімен).
353. Пайдалы қазбаларды өндірумен және байытумен айналысатын жұмысшылар типтік салалық нормаларға сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және ЖҚҚ қамтамасыз етіледі.
354. Арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген немесе олар ақаулы жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Жұмыскерлер арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныш құралдарын қолдануға және жұмыс істеуге міндетті.
355. Жоғары табиғи радиобелсенді компоненттері бар кенді өңдеу және байыту кезінде тиісті ЖҚҚ қолданылады.
356. Арнайы киімді жуу, жөндеу және залалсыздандыру орталықтандырылып жүргізіледі. Арнайы киімді өндірістен алып шығуға және үй жағдайында жууға рұқсат етілмейді.
357. Арнайы киімнің шаңмен ластануы мүмкін өндірістерде, қоршаған ортаға, сондай-ақ жұмысшылардың арнайы киімінің ішіне және денесіне шаңның түспеуі үшін шаңсыздандыратын құрылғылар көзделеді.
358. Арнайы киімдерді шаңнан арылту, зиянсыздандыру, химиялық өңдеу және жөндеуге арналған үй-жайлары оқшауландырылады және үй-жайларға ластанған ауаның түсуін болдырмайтын автономды желдеткішпен жабдықталады.
359. Әрбір ауысымнан кейін гардеробтың едені, қабырғалары және жабдықтары, себезгі, аяқ ванналары ылғалды жинастыруға және дезинфекцияланады. Себезгі алдындағы бөлмесінде әрбір қолданғаннан кейін сандалдарды дезинфекциялайтын құрылғы және де формалин ерітіндісіне арналған ванналар көзделеді. Эпидермофитиямен ауыратын адамдар үшін жұмыс аяқ киімін күнделікті дезинфекциялайтын және кептіретін арнайы бөлме жабдықталады.
360. Себезгі үй-жайларының құрылғысы едендерін, қабырғаларын және төбелерін жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, ыстық сумен жеңіл тазалауды және жууды, сондай-ақ себезгі кабиналарының қолданылған суын ағызуды көздейді.
361. Жерасты учаскелері ашық жерлерде кен игеретін тау жұмысшыларына аз уақытқа дем алатын, жылынатын және салқынданатын, сондай-ақ көлікті күткен кезде атмосфералық жауын-шашыннан қорғанатын үй-жайлар көзделеді. Ауа температурасы +22-25С шегінде ұсталады. Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/с аспайды. Үй-жайларда ауыз су және ыстық шайға арналған қондырғылар орнатылады. Үй-жайларда қол мен аяқты жергілікті жылытатын қондырғылар көзделеді.
Ескерту. 361-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.362. Тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен айқындалады.
Ескерту. 362-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.363. Жер асты қазбалары жұмысшыларының тамақтануын ұйымдастыруға кәсіпорынның бірінші басшылары жауапты болып табылады.
364. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.365. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
366. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
367. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
368. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
369. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
370. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
371. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
372. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
373. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
374. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
375. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен..
376. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
377. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
378. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
379. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
380. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
381. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
382. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
383. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
384. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
385. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
386. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
387. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
388. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
389. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
390. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
391. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
392. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
393. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
394. Респираторлық бөлме сүзгіні шаңнан тазартатын және оның қарсылығын бақылайтын, жууға, жартылай маскаларды дезинфекциялауға және кептіруге, обтюраторды күтуге арналған құрылғылармен жабдықталады.
395. Жұмысшыларға үшін жарық және ультракүлгін жетіспеушілігінің алдын алу үшін ультракүлгінді сәулеленуді ұйымдастыратын және фотариалар құрылғылары мен жабдықтары көзделеді.
396. Денсаулық сақтау пункттерінде агрессивті өндірістік заттар теріге немесе көзге түскен кезде оларды бейтараптандыруға мүмкіндік береді (зақымдалған жерді сумен жуғаннан кейін) инактиваторлар жинағы болады.
397. Барлық жұмысшылар № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес жұмысқа тұру кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтеді.
11-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға және көмуге, суды бұруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
398. Тау кен өндірісі кәсіпорындарының су айдындарына ағынды суларын ағызуы, ағыстан төмен бірінші пунктегі су қолданылатын сумен жабдықтау көздеріндегі су сапасының талаптарын қатаң сақтаған кезде жүзеге асырылады.
399. Өнеркәсіп объектілерінің сумен жабдықтау схемалары айналысты циклдерді, ағынды суларды жергілікті тазартуды, өндірістің бағалы қалдықтарын ағынды сулардан алып тастауды ұйымдастыруды көздейді.
400. Су айдындарына тиісті РЕШШ белгіленбеген флотореагенттер және басқа химиялық заттарды қолдануға және су айдынына тастауға рұқсат етілмейді.
401. Сарқынды суларды олар судағы қалқыма және еріген заттардан тиімді тазартылғаннан кейін ғана су айдындарына ағызуға рұқсат етіледі. Тазарту құрылыстарының жобасында тұндырылған қалқыма заттардың кинетикасын ескере отырып, сарқынды суларды тұндыру уақытының есебі және коагулянттар мен флокулянттарды қолдану (немесе қолданудан бас тарту) негіздемесі ұсынылады.
402. Суды тазартатын құрылғының өндіріс есебі шығарумен және байытумен айналысатын кәсіпорындардың (20 жылдан кем емес мерзімі бар) қуаттылығын ұлғайтуына әсер етуі керек.
403. Қалдықтарды сақтайтын және қоқыс жинайтын жердің пайдаланылуын бақылау "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21934 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 403-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.404. Кәсіпорын объектісі шекарасынан алынған үстіңгі ағынды сулар және еденнен алынған шайындылар су айдындарына төгілмес бұрын жергілікті тазаланады немесе жалпы тазалау қондырғысына жіберіледі.
405. Бос жыныстардың үйінділерінде олардың беттерін эрозияға қарсы бекіту қолданылады.
406. Қазбаларды өндіру кезінде жыныстар үйінділері техникалық және биологиялық қалпына келтіріледі.
407. Газ-шаңтұтқыш құрылыстар жұмысының тиімділігіне және санитариялық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның ластану жай-күйіне бақылау жүргізіледі.
408. Пайдалы қазбаларды жер асты немесе ашық түрде өндіру нәтижесінде бұзылған ауыл шаруашылық жерлерін қалпына келтіру және тау жыныстарының үйінділерін орналастыру тау жұмыстары жобасымен сабақтастырылған жер пайдалану жобасына сәйкес жүргізіледі.
"Түсті металлургия және тау кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 1-қосымша |
Жер асты қазбаларының жұмыс орындарындағы температураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының жол берілетін үйлесімділігі
Микроклимат факторлары | Жол берілетін үйлесімділігі | ||
1 | 2 | 3 | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ауа температурасы, 0С | 16-19 | 20-23 | 24-26 |
Салыстырмалы ылғалдылық, %* | 80-30 | 75-30 | 70-30 |
Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/сек** | 0,1-0,5 | 0,6-1,0 | 1,1-1,5 |
Ескертпе:
* Суландырылған қазбаларда - салыстырмалы ылғалдылықты 10%-ға арттыруға рұқсат етіледі.
** Ауа қозғалысының үлкен жылдамдығы максималды температураға сәйкес келеді.
"Түсті металлургия және тау кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 2-қосымша |
Жұмыс аймағы ауасындағы зертханалық өндірістік бақылауға жататын негізгі зиянды заттардың тізбесі
№ | Өндірістік учаске | Зиянды заттар |
1 | 2 | 3 |
1 | сазбалшық өндіру | шикізат материалдары, спектер, сазбалшық шаңы, сілтілер, хром қосындылары, көміртек тотығы, күкіртті ангидрид |
2 | электрод материалдарын өндіру | көміртек материалдарының шаңдары, таскөмір шайыры мен пек айдамалары, бенз(а)пирин, көміртек тотығы, күкіртті ангидрид |
3 | техникалық көміртек өндіру | күйе шаңы, бенз(а)пирен, көміртек тотығы |
4 | алюминий электролизі цехтары | құрамында глинозем бар шаңдар, фторлы қосындылар, таскөмір шайыры мен пек айдамалары, бенз(а)пирен, көміртек тотығы |
5 | алюминийлі электролизерлерді күрделі жөндеу цехтары | құрамында кремнезем бар шаң, көміртекті шаңдар, фторлы қосындылар, таскөмір шайыры мен пек айдамалары, бенз(а)пирин, аммиак, азот тотықтары, көміртек тотығы |
6 | фторлы тұздар өндіру | фторлы қосындылар, сілтілер, күкірт қышқылы |
Қайталама алюминийді өндіру | ||
7 | шихта бөлімдері | алюминий қорытпаларының шаңдары |
8 | кептіру бөлімдері | алюминий қорытпаларының шаңы, май аэрозольдері және оның жоғары температуралық деструкциялық өнімдері, акролеин, көміртек тотығы, күкіртті ангидрид |
9 | балқыту бөлімдері | алюминий қорытпаларының шаңы, май аэрозольдері және оның жоғары температуралық деструкциялық өнімдері, акролеин, көміртек тотығы, күкіртті ангидрид, хлорлы және фторлы сутектер, фторлы сутек қышқылының тұздары |
Қорғасын өндіру | ||
10 | ұсақтау-шихталау бөлімдері | қорғасын, күшәла ангидриді |
11 | агломерациялау және балқыту бөлімдері | қорғасын, күшәла ангидриді, күкіртті ангидрид, көміртек тотығы |
12 | рафинациялау бөлімдері | қорғасын, күшәла ангидриді, күкіртті ангидрид, сілтілер және шикізатта сирек кездесетін металдар |
Мырыш өндіру | ||
13 | ұсақтау-шихталау бөлімдері | қорғасын |
14 | кептіру барабандары бөлімдері | мырыш, қорғасын, мыс |
15 | күйдіру және балқыту бөлімдері | қорғасын, мырыш, күшәла, күкіртті ангидрид |
16 | сілтіден айыру бөлімдері | күкірт қышқылының аэрозолі, мырыш сульфаты, фторлы және күшәла сутектер |
17 | дистиляциялау бөлімі | қорғасын, мырыш, көміртек тотығы, хлор |
18 | электролиздеу бөлімдері | күкірт қышқылының аэрозолі, мырыш сульфаты, тұз қышқылы |
19 | газды генератор бөлімдері | көміртек тотығы |
Мыс өндіру | ||
20 | шекемтастар дайындайтын ұсақтау-шихталау бөлімдері | шикізат шаңы |
21 | флотациялау және реагенттеу бөлімдері | флотореагенттер |
22 | шихтаны күйдіру және агломерациялау бөлімдері | мыс, қорғасын, күшәла ангидриді, күшәла сутек, күкіртті ангидрид, көміртек тотығы |
23 | шағылыспалы балқыту және штейнді конвертерлеу бөлімдері | мыс, қорғасын, мырыш, берилий, күшәла ангидрид, күкіртті ангидрид, күшәла сутек, күкіртті сутек, фторлы сутек |
24 | электротермиялық, оттегі-қалқыма және кивцэтті балқыту бөлімдері | мыс, қорғасын, мырыш, күшәла ангидрид, күшәла сутек, күкіртті ангидрид, көміртек тотығы |
25 | мысты отпен тазарту бөлімдері | мыс, қорғасын, күкіртті ангидрид, көміртек тотығы |
26 | электролиздеу бөлімдері | күкірт қышқылы, мыстың, никелдің, күкірт қышқылы тұздарының гидроаэрозольдері (күшән анодтарында күшәнды сутегі және күшән қосылысы болғанда) |
Никель өндіру | ||
27 | шихта және ұсақтау бөлімдері, қоймалар | шаң, кремнийдің бос қостотығы |
28 | кептіру-престеу бөлімдері және аглофабрикадағы бөлімдер | никель қосындыларының аэрозольдері, күкіртті ангидрид, көміртек тотығы, әк (сульфидті кендерді қайта өңдеу кезінде – күшәла) |
29 | балқыту бөлімдері (кенді термиялық және шахталық балқыту, штейндерді конвертерлеу) | никель қосындыларының аэрозольдері, көміртек тотығы, штейндердің күкіртті және күкірт ангидридтері (кенді термиялық балқыту кезінде - бенз(а)пирен) |
30 | күйдіру-қалпына келтіру бөлімдері | никель қосындыларының аэрозольдері, күкіртті және күкірт ангидриді, көміртек тотығы, хлор ( электр пеші бөлімшесінде - бенз(а)пирен |
31 | автоклавтық-химиялық бөлім | никель қосындыларының аэрозольдері, күкіртті ангидрид |
32 | никельді электролиздеу цехтары | никель қосындыларының және хлор аэрозольдері (электролиздеу цехтарының тазарту бөлімдерінде) |
33 | кобальт цехтарының гидробөлімдері | никель қосындыларының аэрозольдері, хлор, суда ерігіш кобальт қосындылары және күкіртті ангидрид |
34 | кобальт цехтарының пиробөлімдері | кобальт (тотықты қосындылар) |
35 | карбонильді процеспен никель алу | никель карбонилінің аэрозольдері, көміртек тотығы |
Молибден өндіру | ||
36 | ұсақтау-тасымалдау бөлімдері, майдалау және жіктеу, сүзу, кептіру, концентраттарды буып-түю | шикізат шаңы |
37 | флотореагенттер бөлімдері | күкіртті натрий, күкіртті көміртек, күкіртті сутек, пропилен тотығы, бутил спирті, скипидар, керосин, минералды майлар |
38 | флотация, қоюлату және сүзу бөлімдері | ксантогенат гидрозолі, натрий метасиликаты, күкіртті натрий, күкіртті сутек, күкіртті көміртек, пропилен тотығы, бутил спирті, минералды майлар |
39 | концентраттарды кептіру бөлімдері | күкіртті ангидрид, көміртек тотығы, молибден, мыс, селен, теллур аэрозольдері |
40 | "КС" пештерінде концентраттарды күйдіру және айналмалы пештерден шығатын циклонды шаң бөлімдері | күкіртті ангидрид, көміртек тотығы, молибденнің, селеннің, теллурдың, дезинтеграциясы мен конденсациясының аэрозольдері, кремний қос тотығы |
41 | тұқылдарды сілтіден айыру және эелктросүзгілерден шығатын циклонды шаңдар, сүзу, центрифугалау учаскелері | аммиак, тұз қышқылының буы, күкіртті ангидрид, күкіртті сутек |
42 | молибдат аммонийді парамолибдат амонийға кристализациялау, центрифугалау, ірілету және өлшеп-орау учаскелері | аммиак, тұз қышқылының буы, күкіртті сутек |
43 | аммоний парамолибдатын қыздыру және молибден тотығын металға дейін қалпына келтіру (тотықсыздандыру) | аммиак, көміртек тотығы, молибден аэрозольдері |
44 | штабиктерді пісіру учаскесі | сілті аэрозольдері, молибден аэрозолы |
45 | престеу учаскесі | металды молибден |
Вольфрам өндіру | ||
46 | ұсақтау-майдалау бөлімдері | шикізат, вольфрам шаңы |
47 | кендерді және соданы пісіру бөлімдері | сілтілер мен вольфрам аэрозольдері |
48 | күйдіру бөлімдері | күкіртті ангидрид, көміртек тотығы, вольфрам |
49 | сілтіден айыру бөлімдері | сілтілер, тұз қышқылы, аэрозольдері, вольфрам, аммиак |
50 | кептіру және өлшеп-орау бөлімдері | вольфрам |
51 | металды вольфрам өндіру бөлімі | вольфрам аэрозолі |
Магний өндіру | ||
52 | карналлитті түсіру учаскесі | шикізат шаңы |
53 | карналлитті сусыздандыру учаскесі | тұз қышқылы |
54 | электролиздеу бөлімі | магний, хлор, хлорлы сутек |
55 | магний-сынап қорытпаларын алатын бөлімдер | магний, сынап |
56 | қорытпаның прокаттық табақтарын жинау учаскесі | сынап буы |
57 | магний-сынап қорытпаларын кесу және механикалық өңдеу учаскесі | магний, сынап буы |
Титан өндіру | ||
58 | ұсақтау-үгу бөлімі, шикізат қоймалары | шикізат шаңы, титан қостотығының аэрозолі |
59 | хлорлау және төртхлорлы титанды тазарту бөлімдері | хлор, хлорлы сутек, фосген, төртхлорлы титан |
60 | қалпына келтіру (тотықсыздандыру) және дистилляциялау бөлімдері | хлорлы сутек, хлор, төртхлорлы титан |
61 | титан губкаларын қағу және қайта өңдеу бөлімдері | титан аэрозолдары |
Алтын шығару фабрикалары | ||
62 | ұсақтау-көлік бөлімдері | кремнийдің қостотығы |
63 | тұндыру бөлімі | мырыш |
64 | алтын шығару технологиясының сорбциялық және тұнбалық бөлімі | цианды сутек |
65 | алтын шығарудың амальгамациялық технологиясы бөлімі | сынап буы |
66 | орнына келтіру және электролиздеу бөлімдері | цианды сутек, қышқылдар буы, сілтілер аэрозольдері, аммиак |
67 | сүрмені, күшәланы, сульфидті кендерді агитациялау, қойылту және гравитациялық байыту бөлімдері | күшәланы сутек, күкіртті ангидрид |
68 | флотациялау бөлімі | күкіртті сутек, күкіртті көміртек (қолданылатын флотореагентке байланысты) |
Платина және платиноидтар өндіру | ||
69 | шикізаттарды қабылдау, дайындау және дайын өнімдер бөлімдері | платиналы металдар шаңы |
70 | гидрометаллургиялық процестер бөлімдері | платиналы металдар, аммиак, хлор, азот тотығы, азот, тұз және күкірт қышқылдарының булары |
71 | пирометаллургиялық процестер бөлімдері | платиналы металдар және олардың қосындылары |
Қалайы және оның қорытпаларын өндіру | ||
72 | кен концентраттарын жетілдіру және сілтіден айыру цехтары | қорғасын, қалайы, күкірт және тұз қышқылдарының, керосиннің, ксантогенаттың булары, хлорлы сутек, күкіртті сутек, табиғи радиоактивті элементтердің шаңы |
73 | кептіру бөлімдері | күкіртті көміртек, күкіртті сутек, төртхлорлы көміртек, көміртек тотығы, хлорлы сутек |
74 | күйдіру бөлімдері | қорғасын, кремнийдің қостотығы, күкіртті газ, көміртек тотығы, күшәла, табиғи радиоактивті элементтер шаңы |
75 | түйіршіктерді жаю және кептіру бөлімдері | қорғасын, қалайы, күшәла тотықтары, кремнийдің қостотығы, көміртек тотығы, күшәла көміртек |
76 | балқыту бөлімдері | кремнийдің қостотығы, қалайы, күшәла, қорғасын конденсацияларының аэрозольдері, азот тотықтары, күшәла сутек, көміртек тотығы, күкіртті сутек, хлор, табиғи радиоактивті элементтердің шаңы |
77 | фьюмингілеу бөлімдері | қалайы, кремнийдің қостотығы, табиғи радиоактивті элементтердің шаңы |
78 | рафинациялау бөлімдері | қорғасын, күшәла және сүрмелі сутектер, табиғи радиоактивті элементтердің шаңы |
79 | қалдық қоймасы | күкіртті сутек, күкіртті көміртек, күкірт қышқылы, табиғи радиоактивті элементтердің шаңы |
Сирек кездесетін металдар өндіру | ||
80 | радиоактивті элементтер қоспасы бөліміндегі процестер | қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптары бойынша |
81 | СКМ-ды каскадты бөлу бөлімдері | трибутилфосфат, азот қышқылының булары |
82 | елеуге, шихталауға және ұнтақтарды қаптамалауға байланысты барлық жұмыстар, сонымен бірге тиеу-түсіру операциялары | СКМ шаңы |
83 | гидрометаллургиялық және гидрохимиялық процестер цехтары | аммиак, азот тотығы, азот, тұз және күкірт қышқылдарының булары, хлор, фторлы сутек |
84 | сирек кездесетін металдар фторидін алу бөлімдері | фторлы сутек |
"Түсті металлургия және тау кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 3-қосымша |
Пайдалы қазбалардың кенді, кенсіз және шашыранды кен орындарын өндіру және байыту объектілеріндегі санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамын айқындайтын негізгі өндірістік процестер топтары
Өндірістік процестер топтары | Кәсіптік топтар |
1 | 2 |
Жер асты жұмыстары | |
II г | Негізгі және қосалқы кәсіп жұмысшылары |
III а | Жарушылар |
Ашық өңдеулер | |
II г | Тау және көлік машиналарында жұмыс істейтін негізгі кәсіп жұмысшылары |
III а, II д | Жарушылар |
II д | Қосалқы кәсіп жұмысшылары |
III а | Амальгамация қолданылатын, драгада жұмыс істейтін жұмысшылар |
II д | Амальгамация процесін қолданбай драгада жұмыс істейтін жұмысшылар |
Байыту фабрикалары | |
II г, II д | Көлік және ұсату-сұрыптау цехтарының жұмысшылары |
II г, III а | Ылғалды байыту цех жұмысшылары |
II г | Құрғақ байыту цех жұмысшылары |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ -13 бұйрығына 4-қосымша |
"Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық кағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және қызметі мұнай операцияларын жүзеге асыратын объектілер мен құрылыстарды, сондай-ақ мұнай операцияларымен (жасанды аралдармен, эстакадалармен, бұрғылау платформалармен, дамбалармен жүзгіш бұрғылау қондырғылармен (бұдан әрі – ЖБҚ) және басқа операциялармен) байланысты өзге де теңіз құрылыстарын жобалаумен, реконструкциялаумен, пайдаланумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
Санитариялық қағидалар мұнай операцияларын жүзеге асыратын өндірістік, тұрғын және қоғамдық үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге, адамға әсер ететін физикалық және химиялық факторлардың көздеріне, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Гигиеналық өлшемшарттар бойынша мұнай өнеркәсібі объектілеріне мынадай негізгі өндірістер мен жұмыс түрлері жатады:
1) мұнаралық құрылыстар (бұрғылау қондырғыларының құрылысы);
2) барлау жүргізетін және пайдаланатын мұнай ұңғымаларын бұрғылау;
3) мұнай кен орындарын пайдалану (өндіру, мұнайды алғашқы және кешенді өңдеу, қосымша газды өндіру);
4) ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу;
5) ұңғымаларды сынақтан өткізу және игеру;
6) тығындау жұмыстары.
3. Осы Санитариялық кағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) атмосфераның жер бетіне қабаты – жердің бетінен бірнеше он метрлік биіктіктегі атмосфераның шекаралық қабатының бөлігі;
2) вахтаның ұзақтығы – жүзгіш бұрғылау қондырғының бортында болу уақыты;
3) жүзгіш бұрғылау қондырғысы – теңіз түбіндегі жерасты ресурстарды барлау және (немесе) өндіру бойынша бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзгіш құрылыс);
4) жүзу ауданы шектелмеген бұрғылау кемелері – тіркелген порттан шектелмеген қашықтыққа жүзетін кемелер;
5) комингс – кеменің палубасындағы тесікте жиектеу;
6) коффердам – кемедегі тар, газ өте алмайтын бөлік;
7) аридтік климат – ауаның жоғарғы температурасы бар және атмосфералық жауын-шашын мөлшері аз құрғақ климат;
8) мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілері – мұнай және мұнай-газ кен орындарына барлау және өңдеу, көмірсутегі шикізатын өндіру жөніндегі мұнай операцияларын жүзеге асыратын өнеркәсіп саласы;
9) өндірістік бақылау – іс-шаралар, оның ішінде өндірілетін өнімді, адам мен өмір сүру ортасы үшін қауіпсіздікті және (немесе) зиянсыздықты қамтамасыз етуге бағытталған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;
10) өнімді қыртыстар – мұнай және газды түзілімдер;
11) теңіз құрылыстары – жасанды аралдарды, дамбаларды, қондырғыларды, теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған қозғалмайтын және жүзгіш жабдықтарды қоса алғанда, теңіздегі жасанды жасалған құрылыстар;
12) фидер – таратқыш кабельмен немесе ауа арқылы электр жеткізу;
13) форпик – кеменің шеткі тұмсық бөлігі;
14) футшток – ашық су қоймасындағы судың деңгейін бақылауға арналған бөліктері бар тақтайша;
15) шпигат – кеменің палубасындағы суды борттың сыртына шығаруға арналған тесік.
2-тарау. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4. Жаңа кәсіпорындар мен объектілерді орналастыру, жобалау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен объектілерді кеңейту және реконструкциялау аудандық жоспарлау схемалары мен жобалары негізінде жүзеге асырылады.
5. Жалпы объектілер (өнеркәсіптік тораптағы) бар мұнай өнеркәсібі объектілері кешенінің бас жоспарының схемасы жалпы объектілер (өнеркәсіптік торап) бар кәсіпорындар топтарының бас жоспарларының схемаларын әзірлеу бойынша қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес әзірленеді.
6. Жаңа кәсіпорындар мен объектілер салу учаскелеріне жер бөлу және қолданыстағы кәсіпорындар мен объектілерді реконструкциялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Мұнай оперцияларын жүзеге асыратын кен орындары мен өндірістік объектілер аумағының шекарасынан санитариялық-қорғаныш аймағының (бұдан әрі – СҚА) көлемі "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талаптарына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Жиі орын ауыстыратын объектілерді (бұрғылау қондырғылары, ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге арналған қондырғылар, ұңғымаларды сынақтан өткізуге және игеруге арналған қондырғылар, өндірістік жабдықтардың жекеленген блоктары және орналастыру элементтері) жылдың сол мезгіліндегі желдің басым бағытын ескере отырып орналастырады.
9. Құрамында жоғарғы көлемде күкіртсутегі бар шикізаттар келіп түсуі мүмкін объектілер жақсы аэрацияланатын аумақта орналастырылады.
10. Мұнай операцияларын жобалау және жүргізу кезінде авариялық жағдайлар қалыптасқан кезде персоналды және тұрғындарды қорғауға бағытталған іс-шаралар (оның ішінде эвакуация, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану) көзделеді және жүзеге асырылады.
11. Аумақта және топтық қондырғылар, мұнайды кешенді өңдеу қондырғылары, резервуар парктерінің өндірістік ғимараттарында жертөле үй-жайларын, каналдарды, құдықтарды және жобада көзделмеген шұңқырларды орналастыруға рұқсат етілмейді.
12. Қышқылдар мен сілтілерді сақтауға арналған базистік және шығыс қоймалары вахталық кенттерге, лагерьлерге, елді мекендерге қатысты ық жағында, желденетін ашық учаскелерде орналастырылады.
13. Өндірістік ғимараттар, құрылыстар және алаңдар технологиялық жобалау нормаларының және осы Санитариялық қағидалардың талаптарын ескере отырып жобаланады.
14. Ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдері технологиялық процестің ағынын, жұмысты механикаландыруды және қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жапсарлас үй-жайларға таралуының алдын алуды қамтамасыз етеді.
15. Жұмысшылардың мерзімдік қызмет көрсетуін талап ететін сыртқы қондырғылар жауын-шашыннан, желден, қардың және құмның басып қалуынан, инсоляциядан жергілікті жаппалармен жабдықталады.
Ауаның температурасы барынша суық бескүндікте минус 40 градус Цельсий (бұдан әрі – 0С) және одан төмен болатын аудандарда жабдықтарға, бақылау-өлшеу аспаптарына (бұдан әрі – БӨА), автоматика құралдарына қызмет көрсететін жұмысшылар үшін жылытылатын жаппалар жабдықталады.
16. Жұмыс аймағының ауасына күкіртсутегі түсуі мүмкін өндірістік үй-жайлардағы және объектілердегі негізгі жұмыс орындары сигнализациясы бар автоматтандырылған газ талдағыштармен жабдықталады.
17. Ғимараттан шығатын жер күкіртсутегі бөлуі мүмкін қондырғы немесе объекті жоқ жаққа бағдарланады.
18. Жұмыс аумағының ауасына зиянды заттар бөлінуі мүмкін өндірістік үй-жайларда жалпы алмасымды желдету жүйесі жабдықталады (талап бұрғылау қондырғыларына қолданылмайды).
Бұрғылау қондырғысы жаппасының конструкциясында ашылатын терезе көзделеді. 19. Бұрғылау қондырғыларындағы дизелді қозғалтқыштардың газ шығаратын құбырлары желдің басым бағытын ескере отырып, өндірістік үй-жайларға қатысты ық жағына шығарылады.
20. Қатал және ысуық климаттық аудандарда (І, ІІ және ІІІ климаттық аудандар) өндірістік үй-жайларға кіретін есіктер тамбурмен жабдықталады (талап бұрғылау қондырғыларына қолданылмайды).
21. Қарқынды шу шығаратын жабдық бар және үнемі жұмысшылар болатын өндірістік үй-жайлардың қабырғаларында шуды сіңіретін құрылғы болады (талап бұрғылау қондырғыларына қолданылмайды).
Бұрғылау қондырғыларын жобалау кезінде жұмыс алаңы редукторлық үй-жайдан, қуат және сорғы блоктарынан шудан және дірілден оқшауланады.
22. Еденнің конструкциясы және оны пайдалану жағдайлары метеорологиялық әсерден қорғайтын жаппасы жоқ құрылыстың еденінде мұз қатудың алдын алуды көздейді, еден бетінен ласты, майлау майларын, химиялық реагенттерді уақтылы кетіруді қамтамасыз етеді.
23. Өндірістік объектілердегі жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелерінің жобалары мен пайдалану жай-күйі Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Шикі мұнайды айдау бойынша сорғы үй-жайлары жалпы алмасымды сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Құрамында бос күкіртсутегі бар шикі мұнайды айдау кезінде сорғылардың тығыздамаларынан жергілікті сорғыштар жабдықталады.
25. 25. Газ моторлы компрессорлардың тығымдамалары мен картерлері жергілікті сорғыштармен жабдықталады.
26. Зиянды заттарды бөлумен байланысты тиеу-түсіру жұмыстары жергілікті желдеткіш қосылған кезде жүргізіледі.
27. Желдету жүйелері бұзылған және ажыратылған кезде өндірістер мен цехтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
28. Климаты ыстық және өте ыстық аудандарда қызметтік үй-жайларда және вахталық кенттер жатақханасының тұрғын бөлмелерінде ауа баптағыштар орнатылады.
29. Жұмысшылар тұрақты болатын өндірістік үй-жайларда табиғи жарықтандыру көзделеді (бұрғылау қондырғыларына қолданылмайды).
30. Жасанды жарықтандыруды жобалау және пайдалану кезінде қоршаған орта жағдайлары (шаңның, ылғалдың, агрессивтіліктің, жарылыстың болуы) ескеріледі.
31. Бұрғылау қондырғыларының, сорғы станцияларының, өндірістік шеберханалардың үй-жайларындағы жұмыстардың разряды ғимарат ішіндегі жұмыстардың өндірісі ретінде анықталады.
32. Жұмыс алаңында, биіктегі жұмысшының аспа тақтайында, қабылдау көпірінде және бұрғылау қондырғыларының сөрелерінде, ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеуде, топтық қондырғылардың, мұнай дайындау қондырғыларының және резервуарлық парктердің алаңдарында орындалатын жұмыстардың разряды ғимараттан тыс жұмыстарды жүргізу ретінде айқындалады.
33. Негізгі өндірістік ғимараттар мен алаңдарды жасанды жарықтандыру кезінде жұмыс беттерінің жарықтандырылуы осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада жазылған нормативтерге сәйкес келеді.
3-тарау. Өндірістік процестер және жабдықтарды пайдалану кезінде еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
34. Шегендеу бағанының құбырларын престеу орталықтандырылған.
35. Кәсіпорындардың ашық алаңдарында қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты болуын талап ететін технологиялық және күш жабдығын орналастыруға рұқсат етілмейді.
36. Ашық алаңдарда орналастырылған жабдық автоматтандыру, қашықтықтан бақылау және басқару, жөндеу жұмыстарын механикаландыру құралдарымен жабдықталады.
37. Кәсіпшіліктерде мұнай мен газды жинау герметикаланған схема бойынша жүргізіледі.
38. Құдықтарда, траншеяларда немесе терең жерлерде орналасқан реттеуші және бекіту арматурасы қашықтықтан басқарылады.
39. Кәсіпшіліктерде ұңғымалардың жұмыс режимін анықтау үшін автоматтандырылған қашықтықтан бақылау жүйесі көзделеді.
40. Резервуарлық парктердегі, мұнайды кешенді дайындау қондырғыларындағы және осыған ұқсас өндірістердегі негізгі реттеуші және тиекті арматура электр жетегімен жабдықталады.
41. Мұнай өндіру өнеркәсібі объектілерінде ұңғымаларды қышқылдармен өңдеу кезінде ауадағы зиянды заттардың құрамына зертханалық бақылау жүргізіледі. Зерттеулердің кезеңділігі мен көлемі заттардың қауіптілік сыныбын, өндірістік және геологиялық жағдайларды ескере отырып айқындалады.
42. Радиоактивті заттарды қолдана отырып ұңғымаларды зерттеу және ұңғымаларды кейіннен сынау жөніндегі жұмыстар "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Мұнайдың құрамында кәдімгі жабдықты пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын күкіртсутегі мен қысым жоғары болған кезде арнайы іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады.
44. Мұнай мен газды өндіру, жинау, дайындау және тасымалдау объектілерінде қолданылатын жабдық пен аппаратура сульфидті-коррозиялық әсерге төзімді.
45. Жабдықтың фланецті қосылыстар мен бекіту құрылғыларында күкіртсутектің әсеріне төзімді тығыздағыш төсемдері болады.
46. Ұңғымаларды сынау күкіртсутектің бөлінуінің алдын алу жөніндегі технологиялық шаралар жүзеге асырылғаннан кейін жүргізіледі.
47. Бұрғылау жұмыстарын жобалау және жүргізу кезінде:
1) авариялық жағдайлар туындаған кезде адамдарды қорғау;
2) бұрғылау ерітіндісінде күкіртсутекті бейтараптандыруды қамтамасыз ететін технологияны пайдалану;
3) бұрғылау ерітіндісіндегі күкіртсутектің құрамы мен бейтараптандырылуын бақылау бойынша іс-шаралар көзделеді және орындалады.
48. Жерасты және күрделі жөндеулер газ білінбеген және жұмыс аймағының ауасындағы күкіртсутектің болуын тұрақты автоматты бақылауды қамтамасыз еткен кезде жүргізіледі.
49. Жабдыққа, қондырғылар мен объектілерге арналған нормативтік-техникалық және жобалау-конструкторлық құжаттамаға мыналар кіреді:
1) қолданыстағы стандарттарға сәйкес анықталатын жабдықтың шу және діріл сипаттамалары;
2) жұмыс орындарында және жұмыс аймақтарында шу мен дірілдің есептік деңгейлері;
3) жобада көзделген шу мен дірілден қорғау жөніндегі іс-шаралар туралы деректер.
50. Бұрғылау қондырғыларындағы жалпы дірілдің деңгейі монтаждаудан кейін рұқсат етілген деңгейден аспайды және қабылдау комиссиясының актісінде тіркеледі.
51. Вахталардың құрамы толық болмаған кезде ұңғымаларды бұрғылауда, игеруде, жерасты және күрделі жөндеуде түсіру-көтеру операцияларын жүргізуге рұқсат етілмейді.
52. Жұмыскерлерді тұрғылықты жерінен үлкен қашықтықта (60 километрден (бұдан әрі – км) астам орналасқан объектілерге жеткізу үшін ыңғайлы көлік құралдары пайдаланылады.
53. Бұрғылау қондырғылары мен жабдықтарын бөлшектеу және монтаждау кезінде өткелдердің саны мен ұзындығын барынша қысқарта отырып, жұмыстарды ұйымдастыру схемасы көзделеді.
54. Бұрғылау және мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жобалау және пайдалану кезінде тиісті жарақтандыру және өндірістік операцияларды орындауды жеңілдететін жұмыстарды жүргізу тәсілдері көзделеді.
55. Өндірістік жабдықтың орналасуы мен конструкциясы жұмыстарды барынша механикаландыра отырып, агрегаттық-тораптық жөндеу әдісін көздейді.
56. Атмосфералық ауаның ластануының алдын алу бойынша мынадай іс-шаралар әзірленеді:
1) резервуарлық парктердегі резервуарларды газ теңестіретін жүйемен байланыстырылған қазіргі заманғы тыныс алу арматурасымен, қалқымалы шатырлармен немесе понтондармен жабдықтау. Көрсетілген шараларды жүзеге асыру техникалық мүмкін болмаған кезде шағылыстырғыш дискілерді орнатады. Резервуарлардың сыртқы беті сәуле шағылыстыру қабілеті жоғары бояумен боялады;
2) ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу кезінде мұнай-газдың біліну мүмкіндігінің алдын алу;
3) аппараттар мен құбырларды үрлеудің жабық жүйесін қолдану;
4) құрамында күкіртсутегі бар кәсіпшілік сарқынды суларды дайындаудың жабық жүйесін қолдану;
5) жұмыс істемейтін ұңғымаларды герметизациялауды қамтамасыз ету және олардың техникалық жай-күйін бақылау;
6) бекіту арматурасының, ұңғымалардың, құбырлардың, аппараттардың және сорғы агрегаттарының тығыздамаларын герметизациялауды қамтамасыз ету;
7) дренаждық жүйелерді және кәріз құдықтарын, жабық үлгідегі мұнай ұстағыштарды герметизациялауды қамтамасыз ету;
8) ілеспе өндірілетін газды алау етіп жағуды қысқарту мақсатында оны мүмкіндігінше кәдеге жаратуды қамтамасыз ету. Газды жағу күйіксіз жану процесі сақталған кезде жүргізіледі.
57. Жерасты суларының ластануының алдын алу бойынша мынадай іс-шаралар көзделеді:
1) кәсіпшілік сарқынды сулар өнімді қабаттарға айдау алдында тазартылады;
2) мұнай кәсіпшілігінің сарқынды суларын оқшауланған терең жатқан қабаттарға көму тиісті геологиялық негіздеме болғанда жүргізіледі;
3) мұнай кәсіпшілігінің сарқынды суларын көму тәсілдері кен орындарын игеру және пайдалану жобаларында көзделеді.
58. Өндірістік сарқынды суларды қабаттарға айдауды жүзеге асыратын объектілер сарқынды суларды айдаудың қолайсыз әсер етуі мүмкін аудандарда жерасты және жерүсті суларының сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.
59. Ластанбаған немесе тазартылған сарқынды сулардың шектеулі тізбесін, оны өндіру кезінде және ұңғымаларды жөндеу кезінде мұнаймен бірге алынатын құмды, сондай-ақ бұрғылау ерітіндісі мен шламның артық мөлшерін қоспағанда, су қоймаларына мұнай кәсіпшілігінің сарқынды суларын шығаруға рұқсат етілмейді.
60. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде грунт және жерасты суларының пайдаланылған бұрғылау ерітіндісімен ластану мүмкіндігін болдырмайды.
61. Кен орындарын игеру жобасында ұңғымаларды бұрғылау кезінде және өндірістік процестерде мұнай өндіруді қарқындату үшін қолданылатын беттік-белсенді заттармен (бұдан әрі – ББЗ) және химиялық реагенттермен жерүсті және жерасты суларының ластануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар көзделеді.
62. Құрамында ББЗ бар ерітінділер мен сарқынды суларды жалпы және өнеркәсіптік кәріз жүйелеріне алдын ала тазартусыз ағызуға рұқсат етілмейді.
63. ББЗ және химиялық реагенттерді қолданатын объектілер жерүсті және жерасты суларының, сондай-ақ қабаттарға айдалатын сарқынды сулардың сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етеді.
64. Су айдындарының суы үшін рұқсат етілетін шекті шоғырлану (бұдан әрі – РЕШШ) белгіленбеген ББЗ мен полимерлерді қолдануға рұқсат етілмейді.
65. Кен орындарын өңдеу және игеру, жекелеген өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау және пайдалану жобаларында топырақтың ластануының алдын алу, жерді рекультивациялау және топырақтың құнарлы қабатын сақтау жөніндегі іс-шаралар қамтылады.
66. Өндірістік қалдықтар арнайы бөлінген орындарда жойылады. Жүйелерде технологиялық регламентпен белгіленген қысым төмендеген немесе жоғарылаған кезде мұнай, құрамында ББЗ және химиялық реагенттер бар сарқынды суларды айдайтын сорғыларды автоматты тоқтату көзделеді.
67. Авариялар кезінде төгілген мұнай мен сарқынды сулар сыйымдылықтарға айдалады, ал төгілген жерлер кейіннен топырақты қалпына келтіре отырып бейтараптандырылады.
68. Мұнай ұңғымаларын жөндеу кезінде ұңғымалардан төгілетін сұйықтықты жинау үшін кейіннен кәдеге жарату немесе бейтараптандыру үшін герметикалық ыдыстар қолданылады.
69. Өндірістік объектілерді жобалау және пайдалану кезінде өндірістік жабдықтың коррозиясының алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешені көзделеді және жүзеге асырылады.
70. Құрамында күкіртсутегі жоғары мұнайды өндіру кезінде технологиялық аппараттар мен жабдықтардан шығатын газ оларды жөндеуге, баптауға немесе іске қосуға тоқтатқан кезде отты бөгегіш арқылы өртеуге, газ жинау желісіне немесе кейіннен оны бейтараптандыра отырып, жабық жүйеге жіберіледі.
71. Кен орындарының аумақтарында және іргелес аудандарда арнайы автомобиль және технологиялық көлік құралдарының қозғалысы кен орындарын әзірлеу және игеру жобасында көзделген қатаң белгіленген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
72. Қоршаған орта объектілерінің ластануына алып келген авариялардың барлық жағдайлары туралы кәсіпорынның басшылары тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелеріне, халыққа және "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған органдар мен ұйымдарға дереу хабарлайды. 73. Мұнай өндіру өнеркәсібі объектілерінде өндірістік (ведомстволық) бақылау жүргізіледі. Өндірістік (ведомстволық) бақылауды өндірістік немесе аккредиттелген тәуелсіз зертханалар жүзеге асырады. Ведомстволық бақылаудың нәтижелері тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.
74. Объектілерде жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттарды өндірістік (ведомстволық) бақылау және олардың құрамы "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығының (бұдан әрі – ҚР ДСМ-70 бұйрығы) талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.75. Жұмыс істеушілердің денсаулығына физикалық факторлардың зиянды әсерінің рұқсат етілетін шекті деңгейлері (бұдан әрі – РШД) "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
76. Өндірістердің (объектілердің) ерекшелігіне сәйкес қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар жұмыс жүргізу ауданының климаттық-географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, стационарлық немесе жылжымалы етіп орналастырылады.
77. Өндірістік объектілерде ұңғымаларды бұрғылау және кен орындарын пайдалану кезінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келеді.
78. Мұнай өндіру өнеркәсібі объектілерінің жұмыскерлері "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы) сәйкес жұмысқа тұру алдында және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтеді.
79. Жұмыскерлер Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келетін ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.80. Мұнай өнеркәсібінің жұмысшыларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды жүзеге асыратын арнайы қызметтер немесе объектілер судың сапасына зертханалық бақылау жүргізеді, ал тасымалданатын сумен жабдықтау кезінде ауыз суды жеткізуге және сақтауға арналған сыйымдылықтарды толтыруға, жууға және дезинфекциялауға арналған ауыз су станциялары болады. Су тұтыну нормалары өндірістік процестердің тобы мен санитариялық сипаттамасына сәйкес санитариялық жабдықтар мен құрылғыларға жұмсалатын су шығынын ескере отырып қабылданады.
81. Жүріп-тұру сипатымен жұмыс істейтін және жабдықталмаған объектілерде жұмыс істейтін жұмысшылардың (мұнара монтаждау бригадаларының, ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеу бригадаларының жұмысшылары) ауыз суға арналған жеке құтысы болады.
82. Ыстық климат жағдайларында (сыртқы температура плюс 36оС-тан жоғары болғанда) ашық ауадағы өндірістік объектілерде жұмыскерлер ауыз су режимін оңтайландыруға мүмкіндік беретін сусындармен қамтамасыз етіледі.
83. Жұмыстарды жүргізудің вахталық-экспедициялық әдісімен жұмыс істейтін адамдардың тұруына арналған жатақханалар (вахталық кенттер, уақытша лагерьлер, тұрғын жүзу кешендері), сондай-ақ вахталық кенттерде тұрмыстық қызмет көрсету объектілері (шаштараздар, кір жуатын орындар, бассейндер, сауналар) "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығының және "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Ереже үлгілік модульдік блоктарға және жылжымалы вагон-жатақханаларға қолданылады. Тұрғын үй-жайлардағы орындар саны жобада көзделгеннен аспайды.
Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.84. Вахталық кент халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен орналастырылады.
85. Тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-16 бұйрығы) айқындалады.
Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.86. Жүріп-тұру сипатында жұмыс істейтіндер мен жабдықталмаған объектілерде (мұнара монтаждау бригадаларының, ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеу бригадаларының жұмысшылары) жұмыс істейтіндер үшін биодәретханалар көзделеді.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.87. Жұмысшылар мұнай өндіру объектілері үшін қолданыстағы салалық нормаларға сәйкес арнайы киіммен, аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі.
88. Өндірістік объектілердің құрамында арнайы киім мен аяқ киімді химиялық тазартуды, жууды және жөндеуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған қызметтер көзделеді.
89. Мұнай өндіру өнеркәсібі объектілерінің жұмыскерлері медициналық-санитариялық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.
90. Қышқылдар мен сілтілердің шоғырландырылған ерітінділері, кристалдық және сусыз каустикалық сода (бұрғылау қондырғылары және ұңғымаларды күрделі жөндеу жөніндегі қондырғылар) жиналатын, сақталатын және пайдаланылатын объектілер жұмыстарды механикаландыруды қамтамасыз етеді және бейтараптандыратын ерітінділер мен судың қол сұғылмайтын қоры (кемінде 200 литр (бұдан әрі – л) болады. Судың жұмсалмайтын қоры объектіге су түскен сайын жаңартылып отырады.
91. Бұрғылау қондырғыларындағы және объектілердегі қойманың конструкциясы мен монтаждау схемасы жуу сұйықтықтарын дайындау, кенжар маңы аймағын өңдеу үшін қолданылатын химиялық реагенттермен топырақтың ластану мүмкіндігін болдырмайды.
5-тарау. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарының қызметтік үй-жайларын салуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
92. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарын салу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
93. Жабдықтың конструкциясы мен орналасуы қолданыстағы эргономикалық талаптарға жауап береді. Жүріс көпіршесінің үй-жайларында, бас басқару бекетінде айналма шолу қамтамасыз етіледі. Терезелерде әйнек тазалағыштар мен әйнектердің тұмандануына қарсы құралдарды орнату көзделеді.
Жүріс көпіршесінің (руль рубкасының) кемінде үш терезесіне жарық сүзгілерін орнатады, рульшінің жұмыс орны арқасына ыңғайлы тірегі бар биіктігі бойынша реттелетін тірекпен жабдықталады.
94. Радиолокациялық станцияның генераторлық қондырғысын арнайы экрандалған үй-жайда орналастырады. Радиорубка үй-жайлары тұрғын үйлермен жапсарлас болмайды (радист каютасын қоспағанда). Фидерлік желілер тұрғын және қызметтік үй-жайлар арқылы өтпейді.
95. Бақылау аппаратурасы бар басқару пульті радиорубка үй – жайында орнатылады, жоғары жиілікті (бұдан әрі – ЖЖ) таратқыш, фидерлік желілер мен коммутациялық құрылғылар арнайы экрандалған үй-жайға шығарылады. Қашықтықтан басқару болмаған кезде таратқыштар алдыңғы панельдері радиорубка үй-жайында, ал ЖЖ фидері бар таратқыштың корпусы экранның артында болатындай етіп орналастырылады.
96. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарын және терең суға сүңгуірлік кешенді басқарудың орталық бекеттері желдету жүйесімен жабдықталған жабық жылудан және дыбыстан оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.
97. Оператор жағынан пульттің биіктігі кемінде 1000 миллиметр (бұдан әрі – мм). Басқару пультіндегі индикациялау құралдары оператордың көру аймағында 100 градустан аспайтын бұрышта, жеке орналасқандар – 1800 мм-ден аспайтын биіктікте орналасады, басқару пультінің беті күңгірт, әртүрлі жүйелердің жұмыс көрсеткіштерінің жарық индикаторы болады.
98. Машина-қазандық, дизель, генератор жабдықтары, электр станциялары ыңғайлы қызмет көрсетуді және оған қауіпсіз қол жеткізуді ескере отырып орналастырылады, жөндеу-профилактикалық жұмыстары үшін жүк көтергіш құрылғылар көзделуі тиіс, ауыр қосалқы бөлшектер жүк көтергіш құрылғының қызмет көрсететін аймағындағы штаттық орындарда орнатылады.
99. Сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған сәулелі жылу, шу, діріл көздері жеке үй-жайларда (қоршауларда) орналастырылады.
100. Тұрақты жұмыс орындарында бос биіктік кемінде 2100 мм, уақытша жұмыс орындарында кемінде 1850 мм болады.
6-тарау. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарының технологиялық кешендерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
101. Барлық еңбек процестері механикаландырылады. Көлік-такелаждау, жөндеу жұмыстары және ауыр заттарды ауыстыру стационарлық және жылжымалы көтеру, құбырларды түсіру және көтеру, бөлшектеу және жинау, мұнараның ішінде алынған штангалар мен құбырларды ілу автоматты құбыр кілттерін, пневматикалық сына қармауыштарын, көтеру-тасымалдау механизмдерін пайдалану арқылы жүргізіледі.
102. Жұмыс аймағының ауасына зиянды булар мен газдар түсуі мүмкін өндірістік үй-жайлар дабылы бар автоматты газ талдағышпен жабдықталады.
103. Бұрғылау ерітіндісі цистерналарының, тазарту жүйесінің бұрғылау сорғыларының және бұрғылау ерітіндісінің циркуляциялық жүйесінің үй-жайлары тұрғын үй-жайларға және басқару бекеттеріне жанаспайды.
Бұрғылау, тампонаждау ерітінділерінің және ұнтақ тәрізді материалдардың пневмокөлігінің құбырлары тұрғын және машина үй-жайлары арқылы өтпейді.
104. Спайдерлік алаңдағы бұрғылау бригадасының жұмыс аймағы қоршалады. Жұмыс аймағына жақын жерде жылытылатын тұрмыстық үй-жай көзделеді.
105. Сусымалы материалдарды жинау үй-жайында сыйымдылықтарды химиялық реагенттермен толтыру үшін жұмысшылардың химиялық заттармен тікелей жанасуын болдырмайтын техникалық құрылғылар көзделеді, сусымалы шаңданатын материалдарды бункерлеу үшін пневматикалық құрылғы қолданылады. Құрамында уытты заттар бар шлам мен пайдаланылған материалдарды сақтау үшін герметикалық сыйымдылықтар көзделеді.
106. Құрамында уытты заттар бар шлак және пайдаланылған материалдар тұмшаланған ыдыстарда сақталады және уақтылы жағаға тасымалданады.
107. Кіші және орта тереңдікке сүңгуірлік түсулерді қамтамасыз ету үшін газ қоспасын беруге арналған қалқанмен, сүңгуірлермен байланыс құралдарымен, сүңгуірлерді түсірудің және сүңгуірлік құралдарды берудің механикаландырылған жүйесімен жабдықталған сүңгуірлерді түсіруге арналған жабық үй-жай көзделеді. Үй-жайда душ рожогы және сарқынды су жүйесі бар суық және ыстық ауыз су құбырымен жабдықталған сүңгуірлік жарақтар мен құралдарды санитариялық өңдеуге арналған орын бөлінеді. Ағаш палубаның еден жабыны торлы болады. Сүңгуірлік жұмыстар барокамера болған кезде жүргізіледі.
7-тарау. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарын жарықтандыру, жылумен жабдықтау, желдету және ауа баптау жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
108. Барлық үй-жайларда осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес табиғи және жасанды жарықтандыру болады. Ашық палубаларға шығатын иллюминаторлар мен терезелерде жалюздер немесе перделер болады.
109. Микроклимат көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келеді. Машина-қазандық бөлімшесінің, механизмдерді басқару бекеттерінің, компрессорлардың, ауа температурасы плюс 28 градус Цельсийден (бұдан әрі – оС) жоғары цементтеу сорғыларының үй-жайларында температурасы кемінде плюс 22оС, қысқы кезеңде кемінде плюс 18оС салқындатылған ауаны беру көзделеді.
Үй-жайдағы ауа температурасының және берілетін ауа температурасының айырмасы плюс 5оС аспайды, Жұмыс аймағындағы ауа қозғалысының жылдамдығы-секундына 0,3-0,5 метр (бұдан әрі – м/сек).
110. Ауамен жылыту кезіндегі ауа температурасы плюс 40оС аспайды. Қысқы кезеңде ауаны баптау кезінде ауа алмасу шамасы мен ауа берудің ең төменгі нормалары осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келеді.
111. Жылыту аспаптарының қыздыру температурасын реттеуге арналған құрылғысы болады және үй-жайдың неғұрлым суық қоршауларының жанындағы төменгі аймаққа орнатылады. Жылыту құрылғыларының дизайны оларды тазалау үшін ыңғайлы қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Құбырлар мен радиаторлар күйіп қалу мүмкіндігін болдырмайтын немесе қоршауы бар жерлерде орналастырылады.
112. Жаңа шығатын будың магистральдық құбырларын каюталар, медициналық мақсаттағы үй-жайлар және қоғамдық үй-жайлар арқылы өткізуге рұқсат етілмейді.
113. Желдету жүйесінің ауа жинау құрылғылары оларға ластанған ауаның, газдардың, судың және қардың түсуін болдырмайтын орындарда орналастырылады, шаң ластанған жерлерде орналасқан кезде сүзгілерді орнату көзделеді. Ауа өткізгіштерді тазалау үшін алмалы-салмалы қақпақтары бар тесіктер көзделеді.
114. Ішке сору желдеткішінің ауа таратқыштары жұмыс орындарына ауа беруді қамтамасыз етеді, ауа қозғалысының бағыты мен жылдамдығын өзгертетін басқарылатын құрылғылармен жабдықталады. Барлық үй-жайлардағы сору желдеткішінің саңылаулары жылу, ылғал, газ және шаң бөлетін көздердің үстіне орнатылады.
115. Энергетикалық бөлімшелерде және жылу мен газ бөлетін үй-жайларда желдету жүйесінің сыртқа тарту және ішке сору саңылауларының орналасуы тұрғын үй-жайларға ластанған ауаның түсуін толық болдырмайды.
116. Технологиялық кешеннің жарылыс қауіпті үй-жайлары жасанды ішке сору және табиғи сыртқа тарту желдеткішімен жабдықталады. Уытты және жарылу қаупі бар заттар бөлінуі мүмкін өндірістік үй-жайлар автоматты газ талдағыштармен блокталған және қашықтықтан іске қосумен жарақтандырылған авариялық жасанды желдету жүйесімен жабдықталады. Басқару пульттері өндірістік үй-жайлардың сыртқы есіктеріне шығарылады.
117. Барлық үй-жайлар улы заттарды, зиянды газдар мен иістерді бөлу көздері жоқ үй-жайлардан ауаны рециркуляциялай отырып, жыл бойы ауаны баптау жүйесімен жабдықталады. Ауаны рециркуляциялау үшін ауа мөлшерінің 30%-дан аспайтын мөлшері пайдаланылады. Қоғамдық үй-жайларға бапталған ауаны беру перфорацияланған панельдер арқылы жүргізіледі.
8-тарау. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарын сумен жабдықтауға және суды бұруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
118. Вахталық-экспедициялық әдіс кезінде жұмыс істейтіндердің тұруына арналған жатақханаларды шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесімен жабдықтайды. Судың сапасы "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келеді.
119. Сумен жабдықтау суды мамандандырылған суқұйғыш кемелермен жағалаулық орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су құбырынан немесе тұщыландырылған теңіз суынан жеткізу жолымен жүзеге асырылады.
120. Мұнай операцияларымен байланысты суды жағалау желісінен суқұйғыш-кемеге және суқұйғыш-кемеден теңіз құрылыстарына беру жөніндегі барлық операциялар ластанудың түсуінен қорғалған таңбаланған шлангілермен және фланецтермен жүзеге асырылады. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау шлангілері мен сорғылары тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады.
121. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарын ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтаудың дербес жүйелерімен жабдықтау кезінде ауыз су ас блогы үй-жайларының барлық су тарату нүктелеріне, ауыз су қайнатқыштарына, сатураторларға, медициналық үй-жайларға беріледі. Шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы су ванна, себезгі бөлмелеріне, дәретханаларға, моншалар мен кір жуатын орындарға беріледі. Унитаздар мен писсуарлар үшін борт сыртындағы суды пайдалануға рұқсат етіледі.
122. Шаруашылық-ауыз су мақсатындағы су қоры ең төменгі шығыс нормаларын ескере отырып есептеледі: бөлек сумен жабдықтау жүйесі кезінде – тәулігіне 1 адамға 50 литр ауыз су және 100 литр шаруашылық-тұрмыстық су, бірыңғай жүйе кезінде – 150 литр су.
123. Плюс 10оС жоғары температурада 5 тәуліктен астам уақыт бойы ауыз суды сақтау кезінде адам үшін қауіпсіз құралдарды пайдалану кезінде оны баптауға немесе консервациялауға рұқсат етіледі.
124. Су сақтауға арналған цистерналардың сарқынды суды, отынды, майды және басқа да сұйықтықтарды сақтауға арналған сыйымдылықтармен алатын ортақ орны болмайды. Цистерналар жапсарлас болады немесе олардың корпусы мықты болады. Цистерналардың сыртқы беті коффердам жүйесімен қоршалады. Цистерналар Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен бекітілген "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (005/2011 КО ТР) талаптарына сәйкес келетін ауызсумен жанасуға арналған материалдан дайындалады.
125. Цистерналар герметикалық жабылатын, комингс биіктігі кемінде 200 мм болатын мойынмен, палубаға шығарылған және арнайы бастикпен аяқталатын ауа түтігімен жабдықталады. Палубаға шығарылған ауа түтігінің ұшы палуба деңгейінен кемінде 400 мм биіктікте болады. Футштоктарды қолдануға рұқсат етілмейді. Цистернаны толық босату үшін түбі еңіс және түсіру тығыны болады.
126. Цистерналар жылына кемінде екі рет тазартылады және ауыз сумен жуылады. Ақаулар анықталған кезде коррозияға қарсы жабын қалпына келтіріледі.
127. Суды 10 тәуліктен артық сақтаған кезде, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында тұщыландырылған суды өңдеу үшін оны суқұйғыш кемеден қабылдаған кезде және тарату желісіне беру алдында зарарсыздандыруға арналған құралдар немесе құрылғылар көзделеді.
128. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерін балласт, өрт және борт сыртымен қосуға рұқсат етілмейді. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау құбырлары коррозияға қарсы жабыны бар материалдардан жасалады. Құбырлар сұйықтықтарды сақтауға арналған цистерналар арқылы, басқа жүйелердің құбырлары шаруашылық-ауыз су мақсатындағы цистерналар арқылы өтпейді.
129. Тұщыландыру қондырғыларына борт сыртындағы су кемінде 2,5 метр (бұдан әрі – м) тереңдіктен түседі. Қабылдау келте құбырының орналасуы оған борт сыртына тасталған сарқынды сулардың және арнайы ерітінділердің түсу мүмкіндігін болдырмайды.
130. Минералдандыратын тұздардың қорын сақтау үшін ауаның тұрақты температурасы плюс 25оС-тан аспайтын арнайы құрғақ, желдетілетін үй-жай жабдықталады.
131. Су тарату нүктелерінде "ауыз су", "шаруашылық-тұрмыстық су", "борт сыртындағы су" деген таңбалар болады. Тұрғын үй-жайларда және технологиялық кешеннің жанында сатураторлық қондырғылар немесе субұрқақтар жабдықталады.
132. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесін дезинфекциялау жүйені пайдалану алдында және жөндеу жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Дезинфекция зауыт жағдайында немесе портта тұру кезінде жүргізіледі.
133. Мұнай операцияларымен байланысты әрбір теңіз құрылысында өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бөлек жинау жүйесі (бұдан әрі – жүйелер) көзделеді. Жүйелердің құрылысы үй-жайларға иістің ену және таралу мүмкіндігін болдырмайды.
134. Жүйелер сарқынды суларды тазалауға және зарарсыздандыруға арналған қондырғылармен немесе оларды жинауға, сақтауға және кейіннен мамандандырылған кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған құрылғылармен жабдықталады.
135. Сарқынды суларды сақтау үшін саны мен көлемі бөлек жинауды қамтамасыз етуді және оларды босату мүмкіндігінің арасындағы барынша көп уақытты ескере отырып айқындалатын цистерналар көзделеді.
136. Цистерналар ішкі беттерін жеңіл тазартуды қамтамасыз ететін болаттан дайындалады, тазарту жұмыстарын және дезинфекциялауды жүргізуге арналған қылталары, ауа құбырлары, жоғарғы деңгейдегі автоматты дабыл беру құрылғылары (көлемнің 80%-на толған кезде) болады. Цистерналарға булау құбырын жүргізеді. Цистерналар ауыз суы бар цистерналардан, тұрғын, әкімшілік үй-жайлардан, ас блогынан және азық-түлік қоймаларынан коффердамдармен бөлінеді.
137. Кәріз құбырлары медициналық мақсаттағы үй-жайлар мен ас блогы, асханалар, кают-компаниялар, азық-түлік қоймалары және ауыз су немесе шаруашылық-тұрмыстық суы бар цистерналар арқылы өтпейді. Техникалық қажеттілік болса азық-түлік қоймалары мен ауыз суы бар цистерналарды қоспағанда, көрсетілген үй-жайлар арқылы ажырамайтын қосылыстарсыз газ өткізбейтін қаптамалардағы құбырларды өткізуге рұқсат етіледі.
138. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарынан сарқынды суларды өңдеусіз, ұсақтаусыз және зарарсыздандырусыз ашық теңізге ағызуға рұқсат етілмейді.
139. Тазартылғаннан және зарарсыздандырылғаннан кейін ағынды сулардың коли-индексі 2500 – ден аспайды, өлшенген заттардың мөлшері литріне 100 миллиграмнан (бұдан әрі – мг/л) аспайды, оттегіге биологиялық қажеттілік 50 мг/л-ден аспайды, қалдық белсенді хлордың құрамы 1,5-тен 5 мг/л-ге дейін болады, мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында құрамында 29 мг/л-ден астам мұнай бар суды жинауға және жоюға арналған құрылғылар көзделеді.
140. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында қоқысты жинауға, ұсақтауға, престеуге және зарарсыздандыруға арналған құрылғылар көзделеді. Олардың дизайны жуу мен дезинфекциялауға мүмкіндік береді. Егер бұл қағидаларда көзделсе немесе техникалық орынды болса, контейнерлерде қалдықтарды жинау үшін жабылатын қақпақ көзделеді.
141. Күш қондырғысының пайдалану қалдықтарын жинау үшін оларды кейіннен өртейтін немесе кемеге беретін арнайы жәшік көзделеді.
9-тарау. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында адамға әсер ететін химиялық және физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
142. Дыбыстың және дірілдің рұқсат етілген шегінің деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келеді. Шудың келтірілген нормалары су асты (сүңгуір) жұмыстарын қамтамасыз етуге немесе орындауға байланысты мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарының жұмыс орындарына немесе үй-жайларына қолданылмайды.
143. Шу мен діріл деңгейлерінің асып кетуі анықталған кезде олардың зиянды әсерін азайту жөніндегі шаралар көзделеді.
144. Ұзын толқынды инфрақызыл сәулелену көздері болып табылатын жабдық, құбырлар мен қоршаулардың оқшаулауы, құбырлардың ернемектік қосылыстары мен арматурасының алмалы-салмалы жылу оқшаулауы болады, жылу оқшаулағыш беті ашық түстерге боялады.
145. Жылу сәулесінің қарқындылығы, жұмыс орындарындағы жабдықтар мен қоршаулардың қыздырылған беттерінің температурасы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.146. Орташа жиілік (бұдан әрі – ОЖ), жоғары жиілік (бұдан әрі – ӨЖЖ) диапазондарының радиожиілік байланыс құралдары, ультражоғары жиілік және радиолокаторлар тудыратын электромагниттік өрістердің (бұдан әрі – ЭМӨ) деңгейлері № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 146-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.147. Радиотаратқыштар мен ӨЖЖ генераторлық құрылғылары сәулелі блоктарды тиімді экрандайды және арнайы үй-жайларда орналастырылады, қызмет көрсетілетін үй-жайлар арқылы өтетін таратқыштар ОЖ фидерлік трактілері радиожиілік шахтасымен экрандалады.
148. Ашық фидерді қызмет көрсетілмейтін үй-жайда орналастырған кезде көрші үй-жайдың аралықтары экрандалады. Таратқыштар орналасқан және экрандалмаған фидерлік жолдар өтетін үй-жайдың есігінде таратқыштар жұмыс істеген кезде автоматты түрде қосылатын жарықтық ескерту таблосы көзделеді.
149. Персонал орналасқан жерлердегі, мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарының үй-жайларындағы ашық палубалар мен қондырмаларда орналастырылған антенналардан сәулелену қарқындылығы Кодекстің 95-бабына сәйкес бекітілетін "Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келеді.
Радиотаратушы құрылғылардың антенналарының қоршаулары болады. Қоршаулардың радиусы ЭМӨ қарқындылығымен анықталады.
150. Радиоактивті заттар қолданылатын және иондаушы сәулелену көздері бар мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығының талаптары сақталады.
Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-тарау. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарындағы тұрғын және қоғамдық үй-жайларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
151. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында экипажды орналастыру үшін біржолғы экипаж (вахта) мүшелерінің саны бойынша жеке жатын орындары бар бір немесе екі орындық каюталар, жеке құрамның бір бөлігі үшін (30 пайыздан (бұдан әрі – %) аспайтын үш-төрт орындық каюталар көзделеді. Каютаның ауданы осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес келеді.
152. Терең теңіздегі сүңгуірлік кешенге (бұдан әрі – ТТК) қызмет көрсететін сүңгуірлер мен экипаж мүшелері ашық палубаға шықпастан, каютадан өтуді қамтамасыз ете отырып, ТТК үй-жайларына жанасатын каюталарда орналастырылады.
153. Каюталар тұратын адамдардың саны бойынша ынадай жабдықтар мен мүкәммалды көздейді: төсектер, төсек жанындағы кілемшелер, екі бөлімшесі бар шкаф, орындықтар, стақандарға арналған ұстағыштар, жеке санитариялық тораптары (модульдері) жоқ каюталарда – суық және ыстық ауыз су берілетін қолжуғыш.
154. Төсектер қатты тегіс материалдан дайындалады, олардың конструкциясы жеңіл тазалауды және дезинфекциялауды қамтамасыз етеді, бас жағы мен аяқтарында қоршаулар көзделеді. Екінші деңгейдегі төсектердің шаң өткізбейтін қаптамасы болады. Төсектердің ішкі көлемі кемінде 1980 х 800 мм құрайды.
155. Төсектерді иллюминаторлар мен желдету құбырларының шығыс тесіктері астында орналастырмайды. Төсектің бойлық жағы мен қоршау (немесе жиһаз заттары) арасындағы өту жолының ені кемінде 0,7 м, екі, үш және төрт орындық каюталарда параллель тұрған төсектердің арасында кемінде 0,9 м құрайды.
Жиһазды (дивандар, креслолар, орындықтар) қаптау үшін қолданылатын материал ауа өткізгіш болады.
156. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында ұжымдық демалуға және тамақ ішуге арналған үй-жайлар - кают-компания, командалық құрамға арналған салон, асхана, клуб, спортпен айналысуға арналған үй-жайлар, кітапхана, ашық палубадағы спорт алаңы, темекі шегуге арналған үй-жай көзделеді және жабдықталады.
157. Кают-компания мен асхана ашық палубаға шығарылмай орналастырылады. Кают-компания мен асхана бір адамға кемінде 1 шаршы метр (бұдан әрі – м2) алаңды көздейді.
158. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында кеме жабдықтары мен экипаждың арнайы киімдерін жууға арналған кір жуатын орындар көзделеді. Команданың арнайы киімдерін, сүңгуірлердің іш киімдері мен төсек жабдықтарын жуу үшін жеке кір жуғыш машиналар орнатылады.
159. Кір жуатын орынның және оның жабдығының орналасуы кірді өңдеу және жуу процесінің ағымдылығын қамтамасыз етеді. Сүңгуірлердің іш киімдері зарарсыздандырылады. Экипаждың және сүңгуірлердің киім-кешектерін кептіруге және үтіктеуге арналған үй-жайларды бөлек орналастырады.
160. Кір жуатын орынға кіретін жерді тұрғын, медициналық үй-жайларға және ас блогына кіретін есіктермен қатар орналастыруға рұқсат етілмейді. Кір жуатын орын қоршаулармен қоршалады. Қоршаулардың, сүйреуіштердің және палубалардың суға төзімді жабыны болады. Суды ағызу үшін суағар орнатылады.
161. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында экипаж бен сүңгуірлер үшін таза және лас киім-кешектерге арналған бөлек шкафтар көзделеді. Лас киім-кешектерге арналған қоймалар кір жуатын орынның жанында, таза төсек-орын жабдықтары үшін тұрғын үй-жайлардың жанында, таза асхана киім-кешектері үшін тамақ ішуге арналған үй-жайлардың жанында (буфеттерде) орналастырылады.
162. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында жұмыс киімдерін сақтау үшін экипаж мүшелерінің саны бойынша жеке шкафтары бар жеке үй-жайлар көзделеді. Сүңгуірлердің жұмыс киімдерін сақтауға арналған жеке шкафтар жеке үй-жайларда немесе жалпы үй-жайдағы қоршауда орналастырылады. Шкафтардың есіктерінде желдету тесіктері көзделеді. Дауылға және арнайы киімге арналған кептіру үй-жайлары оны ілуге және аяқ киімді орналастыруға арналған құрылғылармен жабдықталады. Кептіру үй-жайларының бірі дезинфекциялау қондырғысы бар дезинфекциялау камерасы кептіргіш ретінде пайдаланылады.
163. Ашық палубаларда жұмыс істейтін экипаж мүшелері үшін дауылға арналған және климаттық киімге, арнайы аяқ киімге арналған шкафтары бар үй-жайлар кептіру үй-жайларына, себезгі бөлмесіне және қолжуғышқа жақын орналасады.
164. Мұнай операцияларымен байланысты барлық теңіз құрылыстарында (жеке немесе жалпы пайдаланымдағы) араластырғыш арқылы шаруашылық-ауыз су мақсатындағы ыстық және суық су келтірілген қол жуғыштар, дәретханалар, себезгі үй-жайлары жабдықталады. Үй-жайлар қаптауы ылғалға төзімді немесе аралықтары, сүйреуіштері және палубасы боялған, ылғал өткізбейтін қоршауларда орнатылады.
165. Әртүрлі палубаларда орналасқан санитариялық-гигиеналық үй-жайлар бір-бірінің үстіне орналастырылады. Дәретханаларды медициналық мақсаттағы үй-жайлардың, азық-түлік қоймалары мен ас блогының үстіне, экипаж каюталарының үстіне орналастыруға, дәретханаға кіреберісті ас блогына, асхана мен кают-компанияларға қарама-қарсы немесе көрші орналастыруға рұқсат етілмейді.
166. Ортақ пайдаланылатын себезгі үй-жайлары бөлгіш жартылай қоршаулары және шешінетін орындары бар бір немесе бірнеше себезгі кабиналарынан тұрады. Шешінетін бөлме мен себезгі бөлмесінің арасында су өткізбейтін перде мен комингс бар.
167. Себезгілер араластырғыштар арқылы суық және ыстық су келтірілген себезгімен, шешінетін орын орындықпен, киім мен сүлгілерге арналған ілгектермен, киім-кешекке арналған сөремен, айна мен сабын мен жөкеге арналған сөремен жабдықталады. Себезгі бөлмесінің палубасында резеңке немесе пластикалық кілемшелер көзделеді.
168. Жалпы пайдаланудағы қол жуу үй-жайлары араластырғыш арқылы ыстық және суық су келтірілген қол жуғыштармен, дәретхана керек-жарақтарына арналған сөрелермен және сүлгілер мен киімге арналған ілгектермен жабдықталады.
169. Ортақ пайдаланылатын дәретханалардың унитаздар саны бойынша жеке кабиналары болады. Әрбір кабинада дәретхана қағазына арналған ұстағыш, унитазды тазалауға арналған ысқыш және оны сақтауға арналған ыдыс, киімге арналған ілгек, дауылға арналған тұтқа орнатылады. Унитаздар мен писсуарларда педальды құрылғылар болады. Тамбурларда қол жуғыштар, сабынға арналған сөре, электр сүлгі немесе сүлгілерге арналған ілгектер көзделеді. Ас блогының персоналы үшін есігінде "Ас блогының персоналы үшін" деген жазуы бар жеке дәретхана көзделеді. Ортақ пайдаланылатын қолжуғыштарды, ванна және себезгі бөлмелерін дәретханалармен бір үй-жайда орналастыруға рұқсат етілмейді.
170. Әйелдер гигиенасына арналған үй-жайларда "биде", қол жууға арналған қолжуғыш, сүлгі ілмегі, қақпағы және педаль құрылғысы бар кішкентай бак болады. Әйелдер гигиенасына арналған жеке үй-жайлар болмаған кезде аталған жабдық әйелдер дәретханасының жеке кабинасында орнатылады.
171. Себезгі секциясының ең аз ауданы 0,8 м2, себезгі кабинасы – 1,2 м2, себезгі, қолжуғыш, унитазы бар жеке санитариялық торап – 2,3 м2, ваннасы, қолжуғышы және унитазы бар жеке санитариялық торап – 4,0 м2 (ванна мен қарама-қарсы қоршау арасындағы қашықтық кемінде 70 сантиметрді (бұдан әрі – см) құрайды. Дәретхана кабинасының ауданы кемінде 0,95 м2. Дәретхана кабиналарының есіктері сыртқа қарай ашылады. Бұл өлшемдер ванна бөлмелеріне (модульдерге) қатысты емес.
172. Жеке санитариялық тораптармен командалық құрамның (бұдан әрі – командалық құрам) барлық блок-каюталары мен бір орынды каюталары, сондай-ақ сүңгуірлердің каюталары жабдықталады. Жеке санитариялық тораптары жоқ каюталарда орналасқан экипаж мүшелері үшін ортақ пайдаланылатын санитариялық-гигиеналық үй-жайлар осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес орналастырылады.
173. Тұрғын және қоғамдық үй-жайларда иллюминаторларда (терезелерде) перделер, жылдың жылы мезгілінде шыбындардан, масалардан және москиттерден қорғау үшін торлар көзделеді. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында кеміргіштерден қорғау жөніндегі іс-шаралар көзделеді.
11-тарау. Ас блогы үй-жайларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
174. Қоғамдық тамақтану объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптар № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен айқындалады.
Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.175. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
176. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
177. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
178. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
179. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
180. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
181. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
182. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
183. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
184. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
185. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
186. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
187. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
188. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
189. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
190. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
191. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
192. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
193. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
194. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
195. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
196. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
197. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
198. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
199. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
200. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
201. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
202. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12-тарау. Медициналық мақсаттағы үй-жайларды күтіп-ұстауға және пайдалануға, медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
203. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында медициналық көмек көрсету үшін медициналық мақсаттағы үй-жайлар көзделеді. Үй-жайлар тербеліске, шу мен дірілге барынша ұшырамайтын, энергетикалық бөлімшеден барынша алыс және ас блогынан оқшауланған жерлерде орналастырылады және жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықталады.
204. Стационардың ауданы бір төсекке кемінде 6 м2, екі төсекке – 10 м2, изоляторға – кемінде 6 м2 есебінен айқындалады. Стационар мен изолятор тербеліске қарсы құрылғысы бар төсектермен және төсектерге үш жағынан келуге болатын төсектермен жабдықталады. Төсектің бір бойлық жағынан өтетін жолдың ені кемінде 900 мм, ал екінші жағынан және шеткі жақтарының бірінен кемінде 600 мм құрайды.
205. Изолятордың екі есігі болады: ашық палубадан және ішкі үй-жайлардан. Ашық палубадан кіру тамбур арқылы көзделеді және науқастарды зембілдерге кедергісіз жеткізуге және шығаруға мүмкіндік беретін еркін тәсілі болады. Медициналық үй-жайларда жеке санитариялық торап көзделеді.
206. Құбырлар мен электр кабельдері жіктің астында немесе жалғау қолданылмаған қаптамада болады. Амбулаторийда, изоляторда, медицина персоналының каютасында, сүңгуір дәрігерінің каютасында телефон орнатылып, стационарда және изоляторда төсектердің жанынан амбулаторийға, медицина персоналының каютасында басқару рубкасына дабыл көзделеді. Бұрғылау жұмыстарын басқару пультінде алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы көзделеді.
207. Мұнай операцияларымен, оның ішінде теңіз операцияларымен байланысты объектілер мен құрылыстардың жұмыскерлері № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрыққа сәйкес жұмысқа кірісу кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтеді.
208. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарының үй-жайлары таза ұсталады. Үй-жайларды күнделікті таңертеңгі тазартудан басқа аптасына кемінде бір рет ылғалды жинау, айына кемінде бір рет күрделі жинау жүргізіледі.
209. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстары жинау жұмыстарын жүргізуге арналған механикаландыру құралдарымен, жинау мүкәммалымен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіледі. Жинау мүкәммалының тиісті таңбасы болады.
210. Экипаждың барлық мүшелері төсек-орын жабдықтарымен: тысы бар матрастармен, жастықтармен, көрпелермен, сүлгілермен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Төсек жабдықтары мен сүлгілер кемінде күнтізбелік 7 күнде бір рет ауыстырылады, бар болған жағдайда кемінде үш киім ауыстыру көзделеді.
211. Жастықтар, көрпелер мен матрастар кемінде үш айда бір рет желдетіледі, кептіріледі, тазартылады. Мата көрпелері ластануына қарай, бірақ айына кемінде бір рет жуылады.
212. Әрбір сүңгуірдің кемінде үш төсек-орын және іш киім жиынтығы (атаулы таңбалауы бар) болады, олар батыру басталғанға дейін бір тәулік бұрын жуу және зарарсыздандыру үшін тапсырылады. Сүңгуірлердің төсек жабдықтары мен іш киімдерін ауыстыру үш күнде бір рет жүргізіледі.
213. Мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында жоспарлы түрде және эпидемиялық көрсетілімдер бойынша "Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімінің талаптарына сәйкес келетін құралдарды қолдана отырып, дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар жүргізіледі.
"Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 1-қосымша |
Мұнай өндіретін өнеркәсіптің негізгі өндірістік ғимараттарын және алаңдарын жасанды жарық көзімен жарықтандыру кезінде жұмыс орнының жарықтандырылу нормативтері
Объектінің атауы | Жұмыс разряды | Жалпы жарықтандыру кезінде шамдардың жарық беруі, люкс |
1 | 2 | 3 |
Бұрғылау қондырғыларында: | ||
Жұмыс алаңы | 9 | 30 |
Ротор үстелі | 100 | |
Өлшегіш аппаратурасы жоқ басқару пульті мен қалқан (тіректер, тұтқалар) | 6 | 75 |
Өлшегіш аппаратурасы бар басқару пульті мен қалқаны | 4в | 150 |
Дизелдік үй-жай | 6 | 50 |
Бұрғылау сорылғыларының компенсаторлары | 6 | 75 |
Жоғарыда істейтін адамның аспалы орны | 9 | 50 |
АСП және МСП құбырларын ұстау және көтеру тетіктері | 9 | 50 |
Редуктор (күш беретін үй-жайлар) | 8 | 30 |
Науа жүйесі | 11 | 10 |
Қабылдайтын көпір, сөрелер | 11 | 10 |
Саз араластырғыш, елеуіш, айырғыш | 8в | 30 |
Жаяу шығатын баспалдақтар, науалық жүйені жағалап өту | 11 | 10 |
Ұңғымаларға жерасты және күрделі жөндеу жүргізу кезіндегі жұмыс орындары: | ||
Жұмыс алаңы | 9 | 30 |
Роторлы үстел | 9 | 50 |
Жоғарыда істейтін адамның аспалы орны | 100 | |
Қабылдайтын көпір, сөрелер | 9 | 10 |
Сорғы станциялары | 50 | |
Газды қайта өңдейтін зауыттардың компрессорлық цехтары | 4 | 75 |
Резервуарлық парктердегі1) мұнайдың деңгейін өлшеу орны | 9 | 50 |
Мұнай ұңғымаларының кіретін ауызы, тербелмелі-станоктар (түнгі уақытта қызмет көрсету барысында) | 10 | 30 |
Резервуарлық парк аумағында, топтап орнатылған қондырғыдағы ысырмаларды басқару орындары | 8 | 30 |
Резервуарлық парктердің, топталған қондырғылардың аумағы | 8 | 2 |
Мұнайды құятын және ағызатын эстакадалар: | ||
Еденнің бетінде | 10 | 30 |
Цистернаның ауызында | 9 | 50 |
Ескертпе:
Резервуардағы мұнайдың деңгейін анықтауға байланысы бар нақты жұмыстарды орындау кезінде жарылысқа қауіпсіз, тасымалданатын шамдарды пайдаланады.
"Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 2-қосымша |
Мұнай ұңғымаларын бұрғылау, кен орындарын пайдалану және игеру кезінде мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне арналған санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамы және құрылғылары
Өндірістік процесс | Өндірістік процестің топтары | Өндірістік процестің санитариялық сипаттамасы | Арнайы санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар және оның құрылғылары |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Қабаттық қысымды ұстау | 16 | Сорғы және компрессорлық станциялардың үй-жайларында жүмыс істеу барысында қолдың және арнайы киімнің, ал жекеленген жағдайларда дененің ластануы | Сорғы және компрессорлық станциялардағы стационарлық санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, себезгі бөлмелері. |
2. Ұңғымаларды пайдалану | 16 | Жұмыстың басым көпшілігі үй-жайдың ішінде, тек кезеңмен ашық ауада орналасқан жекеленген ұңғымаларды қарап шығу | Өнімді өңдіру цехында немесе топтық өлшеу қондырғылары кешеніндегі стационарлық тұрмыстық үй-жайлар; жұмысшылардың жылынуына арналған себезгі бөлмелері, арнайы киім мен аяқ-киімдерді кептіретін құрылғылар; ыстық климатты жағдайда - салқындататып, демалуына арналған үй-жай. |
3. Кен орнын жайғастыру жөніндеі дайындық жұмыстары | ІІд | Жылдың барлық мезгілінде және қолайсыз метеорологиялық жағдайда ашық ауада жүргізілетін жұмыс; ауасы құрғақ аумақта, біршама шаңның пайда болумен орындалатын жұмыс | Жылжымалы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар; жуынатын себезгі бөлмелері, жұмысшылардың жылынып отыруына арналған үй-жайлар, арнайы - кептіретін құрал-жабдықтар; ыстық климаттық жағдайда жұмысшы-лардың салқындап, демалуына арналған үй-жай. |
4. Бұрғылау құрылысын жүргізу (мұнара құрылысы) | ІІд | Жылдың барлық мезгілінде және қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ашық ауада жүргізілетін жұмыстар; ауасы құрғақ аумақта, біршама шаңның пайда болумен орындалатын жұмыс | Жылжымалы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар; жуынатын себезгілер, жұмысшылар жылынуға арналған үй-жайлар, арнайы киім мен аяқ-киімдерді кептіретін құрылғылар; ыстық климаттық жағдайда жұмысшылардың салқындап, демалуына арналған үй-жай. |
5. Бұрғылау және оны игеру | ІІд | Жылдың барлық мезгілінде және қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ашық ауа астында жүргізілетін жұмыс; жұмысшылардың сумен, саз және цемент ерітіндісімен, шикі мұнаймен, химиялық реактивтермен жанасу арқылы орында-латын өндрістік процестер | Жылжымалы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, мыналармен жабдықталған: себезгі бөлмелері, аяқ ванналары, жұмысшылардың жылынуына арналған үй-жайлар, арнайы киім мен аяқкиімдерді кептіретін үй-жай мен құрылғылар; ыстық климаттық жағдайда жұмысшылардың салқындап, демалуына арналған үй-жай. |
6. Ұңғымаларға жерасты және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу | ІІд | Жылдың барлық мезгілінде және қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ашық ауада жүргізілетін жұмыс; жұмысшылардың шикі мұнаймен, сумен, химиялық реагент термен жанасу арқылы, негізінен түрегеп тұрып орындалатын өндірістік процестер. | Жылжымалы санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мыналармен жабдықталған: себезгі бөлмелері, аяққа арналған ванналар, жұмысшылардың жылынуына арналған үй-жайлар, арнайы киім мен аяқ киімдерді кептіретін құрылғылар, үй-жайлар; ыстық климаттық жағдайда жұмысшылардың салқындап, демалуына арналған үй-жай. |
7. Мұнаймен газды өндіру үшін жинау және дайындау (тауарлық парктер, термохимиялық қондырғылар, қыздырғыш пештер, сорғы стан-салар); өнеркәсіп-тік жабдық-тарды жөндеу | ІІІб | 3-ші және 4-ші сыныпты қауіптілігі бар заттармен жоғарғы деңгейде газдалған үй-жайларда және ашық ауада жұмыс істеу (құрамында қауіптілігі 2-ші сыныпты күкіртсутегінің жоғарғы көлемі бар мұнайлы кен орынында) | Себезгі бөлмелерімен, жұмысшылардың жылынуына арналған үй-жайлармен, арнайы киім мен аяқ-киімдерді кептіруге арналған құрылғылармен, шаңтұтқышпен, ыстық климаттық жағдайда жұмысшылардың салқындап, демалуына арналған үй-жайлармен жабдықталған стационарлық, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар. |
"Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 3-қосымша |
1-кесте
Мұнай операцияларымен байланысты (жүзгіш бұрғылау қондырғылары) теңіз құрылыстары үй-жайларын табиғи жарықтандыру нормативтері
Үй-жайлардың атауы | Табиғи жарықтандыру коэффициенті - ТЖК, % |
1 | 2 |
Тұрғын үй-жайлар | 0,5 |
Қоғамдық үй-жайлар | 1,0 |
Медициналық бағыттағы (қоймаларындағы) үй-жайлар | 1,0 |
Ас блогының үй-жайлары | 1,0 |
Жүретiн көпір (рульдi рубка) | 2,0 |
Басқарудың бас бекеті, түсiру мен көтерудi басқаратын бекет | 2,0 |
Динамикалық бағыттағы (бұрғылау кемелерiндегi) үй-жайлар | 1,5 |
Радиорубка | 1,5 |
Тiрек колонналарының гидрожабдықтарының кабиналары | 1,0 |
Балшықты ерiтiндi зертханасы | 1,0 |
Ескертпе:
Егер ТЖК-нiң нормаланған мәнiн қамтамасыз ету мүмкiн болмаса, үй-жайдың жеке аймақтарына люминесценттi шамдармен қосымша жарық беруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда ТЖК-нiң нормаланған мәндерi 50%-дан кем төмендетiлмейді.
2-кесте
Мұнай операцияларымен байланысты (жүзгіш бұрғылау қондырғылары) теңіз құрылыстары үшiн жарықтың деңгейлерi, шағылысу көрсеткiшiнiң (P) және пульсация коэффициентiнiң (Kп) мәндерi
Үй-жайлардың атауы | Жұмыс орнының үстінгі беті | Жарықтандыруды нормалайтын жазықтығы | Ең төменгі жарықтандыру, лк | Шағылыстыру көрсеткiшi, (P), артық емес | Жарықтандыру, пульсация коэффициентi (Kп), артық емес | |||||
Люминисценттi шамдармен | Қыздырғыш шамдармен | |||||||||
Аралас жарықтандыру | жалпы жарықтандыру | Аралас жарықтандыру | жалпы жарықтандыру | |||||||
Жалпы+жергiлiкті | жалпы | Жалпы+жергiлiкті | жалпы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Бас басқару бекеті | Палубадан үстелдердің үстінде және аспаптардың шкаласында 0,8м | 500 | 200 |
150 | 500 | 100 |
100 | |||
Ақпараттық - есептеу кешенi | Палубадан үстелдердің үстінде және аспаптардың шкаласында 0,8м |
көлденең көлденең | 500 | 200 |
300 | 500 | 100 |
150 | ||
Динамикалық бағыттағы үй-жай | Палубадан үстелдердің үстінде және аспаптардың шкаласында 0,8м, ДП заряд қондырғысының шкаласы |
көлденең көлденең | ||||||||
Бұрғылаушының орталық басқару посты | Палубада аспаптардың шкаласында |
көлденең |
150 |
150 |
- |
- | ||||
Электртехникалық бөлік | Палубада, үстелдерде, аспаптардың шкаласында | 400 | 200 |
100 | 400 | 100 |
50 | |||
Компрессорлар үй-жайы | Палубада, аспаптардың шкаласында | көлденең тігінен |
100 |
50 |
60 |
20 | ||||
Бұрғылау және цементтелген сорғыштар үй-жайы | Палубада, аспаптардың шкаласында |
көлденең |
100 |
50 |
60 |
20 | ||||
Топырақты, бұрғылау ерітіндісінің зертханасы | Палубадан, үстелдердің үстінде және аспаптардың шкаласында 0,8м | көлденең көлденең көлденең |
750 |
150 | 200 |
600 |
75 | 100 | ||
Рульдеушi құрылғының үй-жайы | Палубада, аспаптардыңшкаласында | көлденең тігінен |
100 |
50 |
60 |
20 | ||||
Превентерлер мен гидроагрегаттар үй-жайлары | Палубада, аспаптардың шкаласында | көлденең тігінен |
100 |
50 |
60 |
20 | ||||
Бункерлер, сусымалы материалдар бұрғылау ерiтiндісiнiң ыдысы, виброситтің, құм бөлгiштің мен лай бөлгiштің үй-жайлары | Палубада | көлденең | 75 | 30 | ||||||
Бұрғылау құралдары қапшықтарының қоймасы | Палубада | көлденең | 50 | 20 | ||||||
Спайдерлiк алаң, превентерлiк алаң | Палубада | көлденең | 75 | 30 | ||||||
Көркейту үй-жайы | Палубада, аспаптардың шкаласында |
көлденең |
100 |
50 |
60 |
20 | ||||
Зәкірлі тетiктi басқару кабинасы | Палубада, аспаптардың шкаласында | көлденең тігінен |
100 |
50 |
60 |
20 | ||||
Сорғыш- аккумулятор станциясы | Палубада, аспаптардың шкаласында | көлденең тігінен |
75 |
50 |
60 |
20 | ||||
Понтондағы сорғы бөлiмшесінiң үй-жайы | Палубада, аспаптардың шкаласында | көлденең тігінен |
75 |
30 |
60 |
20 | ||||
Бұрғылау және цементтелген сорғыштарды желдету үй-жайы | Палубада | көлденең | 100 | 50 | 60 | 20 | ||||
Гидрофондар шахтасы | Палубада | көлденең | 75 | 30 | - | - | ||||
Тiрек колоннасының порталы | Палубада | көлденең | 75 | 30 | - | - | ||||
Тұрақтандырушы колонналар | Траптың баспалдағында | көлденең | 50 | 20 | - | - |
"Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 4-қосымша |
1-кесте
Мұнай операцияларымен байланысты (жүзгіш бұрғылау қондырғылары) теңіз құрылыстары үй-жайларындағы микроклиматтың нормативтері
Үй-жайлардың атауы | Қысқы мезгiл (сыртқы ауаның температурасы плюс 10оС-тан төмен) | Жазғы мезгiл (сыртқы ауаның температурасы плюс 10ОС және одан жоғары) | |||
Ауаның температурасы, ОС | Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, % | Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с | Сыртқы есептi температураға ОС қатысты бөлменің температурасының рұқсат етілген асу деңгейі | ауаның қозғалу жылдамдығы, м/с | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Тұрғын (каюталар) | 20 | 40-60 | 0,15-0,25 | 5 | 0,15-0,5 |
Қоғамдық: асхана, кают-компания, буфет, темекi тартатын орын, демалу салоны, кiтапхана, спортзал, спорткаюта | 20 | 40-60 | 0,15-0,25 | 5 | 0,15-0,5 |
Өтетін жерлер: коридор, тамбур | 18 | - | - | - | - |
Санитариялық-тұрмыстық: | |||||
кiр жуатын және үтiктейтiн; | 161) | - | 0,15-0,25 | 8 | 0,15-0,5 |
кептiретiн жерлер | 45 | - | - | қыс мезгiлдегiдей | - |
Киiмдi, аяқ-киiмдi жөндейтiн шеберхана | 20 | 40-60 | 0,15-0,25 | 5 | 0,15-0,5 |
Санитариялық-гигиеналық: | |||||
душтар, ванналар, моншалар; | 25 | - | - | - | - |
қолжуғыш, жеке сантораптар ваннамен немесе себезгімен; | 20 | - | - | - | - |
дәретханалар | 16 | - | - | - | - |
Медициналық каюталар, оқшаулайтын бөлме, дәріхана, стационар; | 21 | 40-60 | 0,15-0,25 | 5 | 0,15-0,5 |
операциялық | 25 | 40-60 | 0,15-0,25 | 5 | 0,15-0,5 |
Ас блогының үй-жайлары: | |||||
камбуздық үй-жайлар; | 16 | - | 0,15-0,5 | 8 | 0,15-0,7 |
ет, балық, көкөністердi бөлшектейтін орындар, буфеттер | 16 | 40-70 | 0,15-0,25 | 5 | 0,15-0,5 |
Әкiмшiлiк, әкiмшiлiк-шаруашылық, зертханалар | 20 | 40-60 | 0,15-0,25 | 5 | 0,15-0,5 |
Қызметтік: жылу бөлетiн аппаратурасы жоқ үй-жайлар; | 20 | 40-60 | 0,15-0,25 | 5 | 0,15-0,3 |
жылу бөлетiн аппаратура қойылған үй-жайлар | 17 | ||||
Энергетикалық: | төмен емес | - | 0,3-0,5 (жұмыс аймағы) | 8 | 1,0-1,5 (жұмыс аймағы) |
ОБП бар жұмыс алаңында; | 122) | 10 | |||
ОБП; | 20 | 40-60 | 0,15-0,3 | 5 | 0,15-0,7 |
ұсталар, дәнекерлеу; | 162) | - | 0,15-0,3 | 8 | 0,3-0,7 (жұмыс аймағы) |
етiкші, ағаш шеберi; | 16 | 16 | 0,15-0,3 | 8 | |
электртехникалық бөліктер | 16 | 40-60 | 0,15-0,3 | 5 | 0,15-0,7 |
Технологиялық кешендердің: ОБП жоқ, жылу бөлетiн жабдықтар; | 16 | 40-70 | 0,3-0,5 (жұм. ай-мағы) | 8 |
0,5-1,0 |
ОБП бар алыстан басқару жағдайында жылу бөлетiн жабдықтар; | 20 | 40-60 | 0,15-0,3 | 5 | 0,15-0,7 |
ОБП; | 16 | 40-60 | 0,15-0,3 | 8 | 0,5-1,0 (жұмыс аймағы) |
компрессорлық станциялар | |||||
Виброситті, лайбөлетін, гидроагрегаттардың | 17-ден төме (жұаймағы) | - | 0,15-0,3 | 10 | 1,0-1,5 (жұмыс аймағында) |
Сусымалы материалдарды жинау | 12 | - | - | - | - |
Шаруашылық қоймалар және қоймалық қамтамасыз ету | 10-нан төмен емес | - | - | - | - |
Ескертпе:
1) ауаның салыстырмалы ылғалдылығы ауамен жылыту болған жағдайда қамтамасыз етiледi;
2) жұмыс iстемейтiн тетіктерде.
2-кесте
Нәтиже беретін температураның көрсеткiштерi
Үй-жайлардың атауы | Пайдалану ауданы | ОРТ | |
Жыл мезгiлдерi | |||
жылы | суық | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
Каюталар: қоғамдық үй-жайлар; | |||
Қызметтік үй-жайлар: жүретiн көпiр (рульдеушi рубка), басқарудың бас посты, ақпараттық-есептеу орталығы, радиорубка, әкiмшiлiк және әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайлар, зертханалар. Жылу бөлмейтiн ас блогының үй-жайлары (ет, балық, көкөнiс дайындайтын) | |||
Энергетикалық үй-жайлардың ОБП-ы, негізгі тарату қалқаны, ОБП технологиялық кешенінің (бұрғылау, цементтелген сорғы) үй-жайлары |
3-кесте
Қысқы кезеңде ауаны баптау кезiнде ауаның алмасу және ауа беру нормативтері
Ескертпе:
Камбузбен кают-компаниялар, асханалар және бөлмелер қатар орналастырылған жағдайда сыртқа тарту желдеткішінің өнiмдiлiгi ішке сорудан 2 алмасу/сағ. артық қабылданады.
"Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 5-қосымша |
1-кесте
Дыбыстың рұқсат етілетін деңгейлерi
Үй-жайлардың, жұмыс орындарының атауы | Октавалық жолақтағы орташа геометриялық мәнді гЦ жиіліктегі дыбыс қысымының (дБ) деңгейлерi | Дыбыстың деңгейлерi және дыбыстың балама деңгейлерi, дБА | ||||||||
31,5 | 63 | 125 | 250 | 500 | 1000 | 2000 | 4000 | 8000 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Технологиялық мақсаттағы машиналар мен энергетикалық бөлімшенің үй-жайларында; | 105 | 94 | 87 | 81 | 78 | 75 | 73 | 71 | 69 | 80 |
технологиялық кешеннiң үй-жайларында; | 102 | 90 | 82 | 75 | 73 | 70 | 68 | 66 | 64 | 75 |
Бұрғылаушының постында | 98 | 86 | 78 | 72 | 68 | 65 | 63 | 61 | 59 | 70 |
Орталық басқару посты | 91 | 78 | 69 | 63 | 58 | 55 | 52 | 50 | 49 | 60 |
Қызметтік үй-жайларда, | 91 | 78 | 69 | 63 | 58 | 55 | 52 | 50 | 49 | 60 |
Бас басқару постында, радиорубкада, рульдеуде, штурман рубкасында | 84 | 70 | 61 | 54 | 49 | 45 | 42 | 40 | 39 | 50 |
Әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайларда, зертханаларда | 93 | 74 | 65 | 58 | 53 | 50 | 47 | 45 | 44 | 55 |
Ас блогында | 95 | 82 | 74 | 67 | 63 | 60 | 58 | 56 | 54 | 65 |
Спортпен айналысатын үй-жайларда; | 96 | 88 | 74 | 68 | 68 | 60 | 57 | 55 | 54 | 65 |
кают-компанияларда, асханалар, командалар, клубтар, қызыл бұрыштар | 89 | 75 | 66 | 59 | 54 | 50 | 47 | 45 | 44 | 55 |
Тұрғын үй-жайлар және медициналық қызметке арналған үй-жайлар | 82 | 67 | 57 | 49 | 44 | 40 | 37 | 35 | 33 | 45 |
2-кесте
Дірілдеудің рұқсат етілетін деңгейлерi
Үй-жайлардың, жұмыс орындарының атауы | Октавалық жолақтағы орташа геометриялық мәнді гЦ жиіліктегі дірілдеудің (дБ) деңгейлері | Діріл жылдамдатудың түзетілген деңгейлерi, дб | |||||
2 | 4 | 8 | 16 | 31,5 | 63 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Технологиялық бағыттағы машиналық үй-жайлардағы жұмыс орындар, энергетикалық бөлімшелерде, орталық басқару постында, технологиялық кешеннің үй-жайларында, ас блогында | 100 | 101 | 106 | 112 | 118 | 100 | |
Қызметтік, әкiмшiлiк, әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайларындағы, аналитикалық және зерттеу зертханаларындағы жұмыс орындары | 98 | 95 | 96 | 101 | 107 | 113 | 95 |
Қоғамдық үй-жайлар | 95 | 92 | 93 | 98 | 104 | 110 | 92 |
Тұрғын үй-жайлар мен медициналық қызметке арналған үй-жайлар | 91 | 88 | 89 | 94 | 100 | 106 | 88 |
"Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"санитариялық қағидаларына 6-қосымша |
1-кесте
Каюта алаңдарының нормалары
Каюталар | Алаңы, м2 |
1 | 2 |
Комқұрамға арналған бiр орындық | 7,5 |
Кiшi комқұрамға және командаға арналған бiр орындық | 6,0 |
Екi орындық | 7,5 |
Үш орындық | 10,5 |
Төрт орындық | 13,5 |
2-кесте
Каюталардағы санитариялық-гигиеналық үй-жайлардың жабдықтары
Үй-жайлардың жабдықтары | Экипаж мүшелерiнiң саны, адам | Ескерту |
1 | 2 | 3 |
Бiр унитаз | 6 | Жеке дәретхана, қол-жуғыш, cебезгі немесе ваннаны пайдаланатын экипаждың мүшелерi есепке алынбайды. Медициналық қызметке арналған үй-жайларда, ас блоктарында, энергетикалық бөлiмдердiң санитариялық-тұрмыстық бөлмелерiнде орналсқан дәретханалар, қолжуғыштар, себезгілер немесе ванналар есепке алынбайды. |
Бiр қолжуғыш | 6 | |
Жуынуға арналған бiр орын (ванна немесе себезгі) | 6 | |
Әйел гигиенасына арналған қондырғы | 30 | Бiреуден кем емес |
"Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 7-қосымша |
Бiр адамға жұмсалатын азық-түлiктiң тәулiктiк шығыс нормасы
Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ -13 бұйрығына 5-қосымша |
"Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және химия өнеркәсіп объектілеріндегі өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, пайдалануға беруге, күтіп-ұстауға және пайдалануға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға, адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ауамен себезгілеу – үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;
2) атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануы (бұдан әрі – РЕШШ) – қазіргі немесе болашақ ұрпақтың барлық өмірі кезеңінде тікелей немесе жанама қолайсыз әсер ететін, адамның көңіл–күйін нашарлатпай, жұмыс істеу қабілетін және өмір сүрудің санитариялық – тұрмыстық жағдайын төмендетпейтін концентрация;
3) аэроклиматтық жағдайлар – тропосфера мен стратосфераның төменгі қабатында айқындалатын климаттық жағдайлар;
4) жұмыс аймағы – тұрақты түрде немесе уақытша жұмыскерлер болатын өндірістік үй-жайлар кеңістігі;
5) зиянды заттар – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық талаптарға сәйкес ауадағы рұқсат етілген шекті концентрациядан асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;
6) зиянды өндірістік фактор – жұмыскерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;
7) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі – СҚА) – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілеріне қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан бөліп тұратын аумақ;
8) табиғи жарық – үй-жайларды сыртқы қабырға конструкциясындағы жарық ойықтары арқылы түсетін аспан сәулесімен (тікелей немесе шағылысу) жарықтандыру;
9) өндірістік үй-жайлар – тұрақты (ауысыммен) немесе кезең-кезеңмен (жұмыс күні ішінде) адамдардың еңбек қызметі жүзеге асырылатын арнайы ғимараттар мен құрылыстардағы жабық кеңістіктер;
10) өндірістік объект – адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім өндірумен, жұмысты орындаумен және қызметтер көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;
11) фосфор мен оның туындыларының өндірісі – құрамында фосфоры бар шикізатты өндіруді және өңдеуді, сұрыптауды, байытуды, брикеттеуді, агломерациялауды жүргізетін объект;
12) фондық ластану – атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылатын объектілер бөлетін заттар арқылы атмосфералық ауаның ластануы;
13) шлам – сарқынды суларды тазарту процесінде алынған, құрамында 60-70 пайызға дейін минералды бөлшектер мен органикалық материал бар лайлы шөгінді;
14) шлам үйіндісі – шламды жинау және сақтау орны.
2-тарау. Өндірістік үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, пайдалануға беруге, күтіп-ұстауға және пайдалануға және жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғимараттарды, құрылыстарды салу үшін жер учаскелерін таңдауға, химия өнеркәсібі объектілерін жобалауға, реконструкциялауға және пайдалануға беруге рұқсат етіледі.
Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылысына аумақ таңдау құрылыстың бас жоспарына сәйкес жүргізіледі.
4. Кәсіпорын құрылысына аумақ таңдау кезінде өнеркәсіп алаңындағы топырақ жерасты суының химиялық қосылыстармен ластануына кедергі жасауы ескеріледі.
Кәсіпорындар салу үшін аумақты таңдағанда, Өндірістік алаңдағы топырақ жер асты суларының химиялық қосылыстармен ластануына жол бермейтіндігі ескеріледі
5. Химия өнеркәсібі кәсіпорнының жаңасын салу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын кеңейтуге арналған алаңдар климаттық жағдайларды, жергілікті рельефтер сипаттамасын, ауа ортасының қазіргі жағдайы мен сол кездегі фондық ластануды, көздер мен ластаушы химиялық заттарды, шығыны аз және шығынсыз технологияларды, сондай-ақ тұрғын үйлер, рекреациялық, саяжай аймағының, халықтың демалыс аймағының атмосфералық ауасына шығарындыларды болдырмау (қысқарту) бойынша арнайы іс-шараларды ескере отырып таңдалады.
6. Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының СҚА өлшемі "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) талаптарына сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Шлам, шлак үйінділері мен негізгі өндірістік ғимараттар арасындағы СҚА өлшемі № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талаптарына сәйкес белгіленеді. Үйінділер өндірістік ғимараттарға қатысты желдің негізгі бағытының ық жағында орналасады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Кәсіпорын аумағы таза ұсталуы қажет. Кірер-шығар жолдардың қатты жабындысы болуы керек, оларды уақтылы жөндейді. Жазғы уақытта оларға су шашып, қысқы уақытта қардан тазартады, мұз қатқан кезінде құм шашылады. Түнгі уақытта кіретін-өтетін жолдар жарықтандырылады.
9. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы жолдарды, өткелдер мен аумақты бұйымдар мен материалдарды жинап қою үшін пайдаланбайды, сондай-ақ шикізатпен, жабдықтармен және құрылыс материалдарымен үйіп тастамайды. Шикізатты, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды сақтау осы мақсатқа арнайы бөлінген алаңдарда жүзеге асырылады.
10. Кәсіпорынның аумағында электрод пештері сынықтарының бөлшектелген жабдықтарын уақытша сақтауға арналған арнайы алаңдар көзделеді. Алаңдар жақсылап желдетіледі, олардың тұғырларының конструкциясы жерасты суларын ластауға кедергі келтіреді.
11. Объект аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөлінеді:
1) өндірістік;
2) әкімшілік – шаруашылық;
3) көліктік – қоймалық;
4) қосалқы объектілер.
12. Объект аумағының құрылыс пен жолдардан басқа бос жерлері абаттандырылады және көгалдандырылады.
13. Өндірістік учаскелерді бөлінетін зиянды заттарды ескере отырып, оқшаулау қамтамасыз етіледі және мынадай өзара әсер етулер болмауы тиіс:
1) шикізат материалдарының қоймалары;
2) материалдарды ұсақтау және майдалау учаскелері;
3) күйдіру, қыздыру, пісіру, агломерациялау, балқыту, гидрохимиялық цехтар;
4) ерітінді дайындау және тазарту бөлімшелері;
5) реагенттерді дайындау, сақтау;
6) сілтіден айыру, қоюлату, сүзу, кептіру;
7) кен қыздыру пештерінің жиынтығын жөндеу;
8) өндірістік сарқынды суларды залалсыздандыру;
9) шаңнан, газдан тазалау;
10) вакуум сорғыш бөлімшелері;
11) өзі жүретін техникалар мен электркарлар паркі;
12) басқару пульттері;
13) демалыс және тамақтану орындары;
14) шаң аулау, өңдеу, дайын өнімдерді қаптау, қоймалау бөлімшелері;
15) ыстық агломератты, коллекторлар мен циклондарды түсіру, қайтару желілерінің учаскелері;
16) шикізатты қабылдау және сынама алу бөлімшелері.
14. Агломерациялық бөлімшелерде агломерациялық машиналардың артқы бөлігін агломерациялық корпустың барлық негізгі үй-жайларынан оқшаулайды, агломерациялық бөлімшелердің үй-жайлары мен ленталардың бос жүрісі арасында тор көзді жабын орнатуға рұқсат етілмейді.
15. Жылудың елеулі артықшылығымен сипатталатын үй-жайлардың төбелеріне жел ұшырмайтын аэрациялық шамдар немесе шахталар орнатылады.
16. Көп қабатты бөлімшелердің төбелеріндегі ашық ойықтардан жылудың көп мөлшері мен зиянды заттар бөлінетін болған жағдайда әр қабатқа бөлек желдету жабдығы орнатылады.
17. Қызмет көрсететін персоналдың тұрақты болатын (өндірістік үй-жайда болатын) алыстан бақылау және жабдықты басқару пульттері қызмет көрсететін персоналдың жұмысына арналған нормаланған жағдаймен қамтамасыз ететін (дыбыс оқшаулау, бапталған немесе таза ауа беру) құрылғылармен жабдықталған оқшауланған үй-жайларда немесе арнайы кабинеттерде орналасады.
18. Тозаңды түсіру мен тасымалдауды қолмен жүзеге асыруға болатын штаттан тыс жағдайларды қоспағанда, тазарту құрылғыларынан шаңды тазалау және оны тасымалдау шаңның жиналуын болдырмау мақсатында механикаландырылады, бұл ретте шаңның пайда болуы жұмыс аймағында РЕШШ-дан аспауы тиіс.
19. Реагенттер дайындайтын және қолданатын учаскелерде залалсыздандыру аппаратурасынан өндірістік қалдық суларды залалсыздандыру бөлімшесіне жіберетін жергілікті сорғылар көзделеді.
20. Ерітінді күбілері мен шығыс бактарын тазалау, реагент ыдыстарын жуу механикалық әдіспен жүзеге асырылады, жуынды сулар өндірістік кәріздерге ағады.
21. Құрамында қауіптілігі 1-3 сыныпты зиянды заттар бар қойыртпақтарды сүзуге арналған сүзгі-престер мен вакуум-сүзгілер сорушы жаппалармен жабдықталады.
22. Реагент және дренаж бөлімшелерінің сорғыларын іске қосу автоматты түрде және (немесе) қолмен орындалады.
23. 1 және 2 сыныпты қауіптілігі бар заттарды залалсыздандыру, аспирация, бақылау аспаптарымен жабдықталған, тығыз жабылатын жабдықта жүзеге асырылуы тиіс.
24. Құрғақ концентраттарды түсіру, елеу және шихтовка жасау процестері механикаландырылады.
25. Ыстық агломератты суыту, ылғалдандыру және қайтаруды ылғалдау үшін су беруді автоматты түрде реттейтін арнайы құрылғыларда орындайды. Суытқыш бу ішінде жиналатын бу мен шаң алдын ала тазартылып, жергілікті желдеткіштер арқылы шығарылады.
26. Шаң қаптарындағы шаңды аспирациялау үшін агломерациялық машиналардың коллекторындағы вакуумды пайдалану кезінде ауа арнасының клапандарында шаң қаптарының қақпағымен тежелуі көзделеді. Клапандардың тежелуі шаң шығарудан бұрын іске қосылып, қаптағы шаң түскеннен кейін тоқтауын қамтамасыз етеді.
27. Агломератты тасымалдау және кері қайтару конвейерлік қондырғыдағы жабық көлікпен орындалады.
28. Төгу агрегаттары механикалық ыдыстармен жабдықталуы тиіс. Күйдіру пештерінен шыққан ыстық күйіктер жабық тәсілмен тасымалданады.
29. Рудалар мен концентраттарды ерітуге арналған электр пештерден шығатын газдар тазаланады.
30. Шахталық пештердің тиеу құрылғылары тиеу кезінде газдар мен шаңдарды қақпауы керек.
31. Құрамында қауіптілігі 1-3 сыныпты зиянды заттар бар ерітінділерді тасымалдау өндірістің барлық кезеңдерінде жабық құбырлар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай ерітінділерді ашық ағызуға, науаларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
32. Құрамында уытты заттары бар жабдықтарды жөндеу алдында оны материалдардан босатады және бейтараптандырғыш заттарды қолдана отырып, жуады.
33. Бак аппаратураларын, булау және түтікті аппараттарды, автоклавтарды, реакторларды тазалау бойынша жұмыстар механикаландырылады және қосылған желдеткіш кезінде орындалады.
34. Фосфордың химиялық өндірісінде пеш қабырғалары ауамен немесе сумен салқындатылады.
35. Тазалау бөлімшелеріндегі барлық процестер, дайын өнімдерді өңдеудің барлық түрлері мен тасымалдау механикаландырылады.
36. Шламды шығару, фосфор құбырын тазалау бойынша операцияларды қолмен орындауға рұқсат етілмейді.
37. Бас сынамаларға талдау жасау тығыз жабылған електерде жүргізіледі. Елеу процесі механикаландырылады және сорып тарту шкафында жүзеге асырылады.
38. Фосфорды термиялық күйдірудің технологиялық процестерін жобалау кезінде мыналар көзделеді:
1) агломерацияланған шикізатты пайдалану (шекемтас, кесектелген немесе брикеттелген агломерат);
2) фосфор пештеріне арналған шихталарды құрастыру және оны шикізат дайындау бөлімшелерінде дозалау.
39. Химия өнеркәсібі кәсіпорындарында қалдықтарды өңдеу тәсілдері ұйымдастырылады (оның ішінде шлактар, шламдар, феррофосфорлар).
40. Шикізат пен дайын өнімге арналған бункердің конструкциясында оларды түсіруді механикаландыру көзделеді (оның ішінде аэрация және жабысқан материалды қопсыту, конустық бөлігін қыздыру).
41. Азайтылған фосфор шламдарын сақтауға және өңдеуге арналған жабдықтың конструкциясы тығыз жабылады және жергілікті желдету құрылғыларын қамтиды.
42. Шлак пен феррофосфорды салқындатуға және уақытша сақтауға арналған ыдыстардың, құймақалыптардың ішкі бетін өнімдердің жабыспауы үшін арнайы өңделеді (мысалы, әктеу), ыдыстарды түсіру және "суыған қабатынан" тазалау механикаландырылады.
43. Шикізат тиеу науасының қақпақтары, фосфор пештерінің электр ұстағыштары, сынама алу люктері мен жабдықтардың тығыздалмаған бөліктері мен бөлшектері инертті газ қысымында болады.
44. Фосфор пештерінің шығаратын астау тесіктері қызмет көрсетуге ыңғайлы биіктікте орналасады. Астаулар қорғаныс экрандарымен жабдықталады.
45. Фосфор пештерінен шлак төгетін науаларды футеровкалау үшін қолданылатын материалдар және олардың жанғанынан қалған өнімдер жұмысшылардың ағзасына зиянды әсер етпейді.
46. Жабық өндірістік үй-жайларда орналастырылатын және едәуір жылу мен инфрақызыл сәуле бөлу көздері болып табылатын кептіру аппараттарының, пештердің, электр сүзгілердің, газ шығу науаларының, "коттрельді сүт" бактарының қайта бөлінген барабандары мен жабдықтардың сыртқы беттерін жылумен оқшаулау немесе суыту көзделеді.
47. Кен қыздыру пештерінің ток өткізгіштерінің жұмысшыларды тұрақты электр магниттік өрістерден қорғауды қамтамасыз ететін оқшаулағышы болуы тиіс.
48. Фосфор мен фосфор шламдары салынған ыдыстар құрамынды фтор бар ағындыларды жинау және өндірістік кәріздерге немесе арнайы жинағыштарға жіберетін тұғырықтармен жабдықталады. Тұғырықтар тұрақты түрде айына кемінде 1 рет, ал авария кезінде аварияны жойғаннан кейін тазаланады.
49. Ыдыстардағы фосфор мен фосфор қышқылының деңгейін өлшеу автоматтандырылады және қажеттілігіне қарай қолмен жүзеге асырылады.
50. Жылжымалы крандардың кабиналарында өндірістік үй-жайлардың айналасындағы ауада зиянды заттардың құрамы жұмыс аймағына арналған РЕШШ жоғары болмаса қосымша өңдемей-ақ пайдалануға рұқсат етіледі, ал микроклимат параметрлері "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республипкасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының (бұдан әрі –№ ҚР ДСМ-15 бұйрығы) талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Балқытылған шлакты түйіршіктеуге арналған жабдық кешеніне фосфор және құрамында фосфор бар газдарды аспирациялауға арналған және оларды кейіннен тазалау және залалсыздандырумен өндірістік қалдық суларды жинау құрылғылары кіреді.
52. Фосфор мен фосфор шламдарын (форсункалар орналасқан жерлерде) өртеу камераларының конструкциясын, шикізат пен дайын өнімдерді ұсақтау және елеу аппараттарын, қозғалтқыш пен желдету қондырғыларының желдеткіштерін жабдықтың жұмыс істеуінен пайда болатын шудан қорғауды көздейді. Шудан оқшаулауды ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда персоналды шудан қорғайтын жеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етеді.
53. Уыттылығы жоғары сусымалы фосфор қоспаларын (бескүкіртті фосфор, металдардың фосфиді) бөлшектеп қаптау автоматтандырылады. Бөлшектеп қаптау жабдығының конструкциясында сорылатын ауаны тазалай отырып, шаң және газ басатын аспирациялау құрылғылары көзделеді.
54. Цехаралық және цехішілік сусымалы және шаңданатын материалдарды тасымалдайтын көлікте шикізатты тиеу және түсіру орындарында шаң соруға арналған құрылғылар жабдықталады.
Үй-жайлардың ішіндегі температурасы 45 градус Цельсийден (бұдан әрі – 0С) және одан жоғары болатын аппараттардың жоғарғы қабаты жанбайтын материалдармен жылу оқшаулайды. Егер технологиялық режим талаптары бойынша жылу оқшаулауды қолдануға жол берілмесе, ыстық қабаттарды қоршау көзделеді.
Жоғарғы қабаты ыстық жабдықтармен қызмет көрсететін персоналдың жанасуы мүмкін болмаған жағдайда қоршалмайды.
55. Егер шу параметрлерін № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына жеткізу мүмкін болмаған жағдайда:
1) стационарлық жабдықтар үшін дыбыс оқшаулау кабиналарын көздеу, процестерді қашықтықтан басқару;
2) қол саймандары үшін жұмысшыларға шу әсер етпейтіндей жұмыс орындарын орналастыруды көздеу.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. Қабылдау бункерлерін түсіру кезінде үй-жайға шаңданған ауаның кіруін болдырмау үшін қалған материал қабаты түсіру ойығынан 0,7 метрден (бұдан әрі – м) жоғары болуы тиіс.
57. Кептіру барабандары газды тарту және шаңды аулау жүйелерімен жабдықталады. Өндірістік үй-жайларда газ бен шаңның бөлінбеуін болдырмау үшін кептіру барабандары ауа қысымы төмен жағдайда жұмыс істейді.
58. Еденді жуған, фосфорға арналған сүзгіні жуғаннан, гидрожапқыштардан, фосфор ыдыстарынан пайда болған, ластанған сарқынды сулар жиналып, тазартуға жіберіледі.
59. Сары фосфор мен оның органикалық емес қосылыстарының өндірісінде тасымалдау, шикізатты, материалдар мен өнімдерді тиеу және түсіру бойынша барлық операциялар механикаландырылады.
60. Жабдықты, арматуралар, аппаратуралар мен салмағы 50 килограмнан (бұдан әрі – кг) жоғары болатын ауыспалы тораптарды монтаждау, бұзу және жөндеу үшін орынға тасымалдауды, көтеруді және орнатуды қамтамасыз ететін көтеретін көлік құралдары мен тетіктер қолданылады.
3-тарау. Жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
61. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылытылады.
62. Цехтың үй-жайларынан ауа алу кезінде оның қыс уақытындағы көлемі жылытылған сыртқы ауаның шоғырландырылған ағынымен толықтырылады.
63. Екі және одан көп қабатты корпустардағы әрбір қабатты желдету төменде орналасқан қабаттан келетін зиянды заттарды ескере отырып, бөлек есептеледі.
64. Егер техникалық себептермен сыртқы ауа келтірілмесе, температурасы 30 0С-тан жоғары аймақта ауаны тазарту қажеттіліктері үшін аэраторды пайдалануға рұқсат етіледі.
65. Ерітінділері бар барлық ыдыстар жергілікті механикалық сору желдеткіштерімен қамтамасыз етіледі. Шығарылатын ауа көлемі технологиялық нормалар бойынша айқындалады.
66. Шаң мен бу бір мезгілде бөлінетін тораптарда ылғалды шаңтұтқыш орнатылады.
67. Шикізат материалдарының құрамдауыштарын ұнтақтауға, майдалауға, кептіруге, елеуге, өлшеуге, араластыруға арналған жабдық, дайын шихта мен құрғақ материалдарға арналған ленталық транспортерлер шығарылатын ауаны тазалайтын аспирациясы бар технологиялық жабынды көздейді. Тәрелкелі, науалы, барабанды, иірмекті қоректендіргіштер технологиялық жабдықтың аспирациялық жүйелерінің ауа құбырларымен біріктірілген (тиеу тесіктері арқылы) жабындармен жабдықталады.
68. Ауа құбырлары, газ тарту арналар, тазарту құрылғылары шаң мен шламды жою үшін мерзімді тазартуға жатады.
Тазалау кезеңділігі Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерде белгіленген мерзімдерде, еркін нысанда тиісті акті жасала отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69. Фосфор өндірісінде ферротөгу машиналарынан феррофосфорды төгу кезінде шлак тесіктері мен астаулар жергілікті желдету жабдығымен жабдықталады.
1) материалдарды тасымалдауға арналған кюбельді тиеу және түсіру орындары аспирацияланады;
2) бақылау-өлшеу аспаптарының, басқару пульттерінің үй-жайлары, демалу бөлмелері, сынамаларға талдау жасайтын зертхана бөлмелері артық ауа қысымымен қамтамасыз етіледі.
70. Шар тәрізді диірмендердің фосфоритті құрғақ майдалайтын түсіру тесіктері аспирациялайтын жабындармен жарақталады.
71. Бір мезгілде ластаушы заттардың елеулі көлемін бөлу мүмкіндігімен сипатталатын өндірістерде дыбыс және жарық дабылы, сондай-ақ авариялық желдеткіш көзделеді.
72. Ауа тартатын желдету жүйелерінен ауа жұмыс аймағынан тұрақты жұмыс орындарына беріледі.
73. Өндірістік үй-жайлар жасанды және табиғи жарықтармен жабдықталады.
4-тарау. Адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
74. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс орындарындағы шу мен дірілдің деңгейлері № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Еңбек шарттары жағдайларына бақылау технологиялық процестің, оның өзгеру, әртүрлі жұмыстардың нақты орындалу шарттарын, жабдықты жөндеу, сауықтыру іс-шараларын енгізу ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Өндірістік факторларды өлшеу қолданыстағы әдістемелер бойынша орындалады.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.75. Химиялық өнеркәсіп объектілерінде өндірістік (ведомстволық) бақылау жүргізіледі. Өндірістік (ведомстволық) бақылауды өндірістік немесе тәуелсіз аккредиттелген зертханалар осы Санитариялық қағиадаларға қосымшаларға сәйкес жұмыс аймағының ауасындағы зертханалық өндірістік бақылануға жататын негізгі зиянды заттардың тізбесіне сәйкес жүргізіледі және технологиялық процестің жекелеген кезеңдерінде жұмыс аймағының ауасына бөлінетін заттарға сүйене отырып толықтырылады. Өндірістік (ведомстволық) бақылау нәтижелері тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.
5-тарау. Химиялық реагенттерді сақтау бойынша өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
76. Ұйымдарда технологиялық процестерді жүргізу үшін қолданылатын реагенттер (оның ішінде қышқылдар, сілтілер, цианидтер, аммиакты су, амииакты селитра, карбонаттар мен сілтілі және сілтілі жер металдардың гидрокарбонаттары) шығыс қоймаларында сақталады.
77. Шығыс қоймалары қоймаларды ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен және қоймаларды ортақ пайдаланылатын теміржолдың кіру жолдарымен байланыстыратын қоймаішілік жолдармен қамтамасыз етіледі.
78. Автомобиль мен жалпы пайдаланылатын теміржолдардан едәуір алыста орналасқан қоймалар үшін кіретін жол ретінде тегістелген, топырақ төселген автомобиль жолдары пайдаланылады.
79. Реагенттер қоймасын топырақтың, жерасты суы мен атмосфералық ауаның ластануын болдырмайтын шараларды міндетті түрде қабылдай отырып, жер үстіне және жартылай жер бетіне орналастырады.
80. Күшті әсер ететін улы заттар мен прекурсорларға жататын реагенттерді жаңа салынған қоймаларға әкелу және сақтау Кодекстің 46-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
81. Бір қойма үй-жайында өзара химиялық белсенді реагенттерді немесе бөгде материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.
82. Әрбір жиналатын сұйық реагенттердің топтары үшін аумақтың су баспайтын құрғақ учаскесінде орналасатын тиісті қойма аймағына жеке теміржол немесе автомобиль кіреберіс жолы көзделеді.
83. Темір жолдарда тұрған теміржол цистерналарын стационарлық, қойма (шығыс) сыйымдылықтары ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
84. Тез жанатын, сондай-ақ уытты заттардың бос ыдыстары тығындалып, арнайы алаңдарда сақталады.
85. Қышқылдар, сілтілер мен уытты сұйықтықтар қоймаға арнайы ыдыста беріледі.
86. Су қосылған күкірт қышқылы болаттан жасалған, тегістелген немесе қышқылға төзімді болаттан жасалған резервуарларда сақталады.
87. Концентрацияланған күкірт қышқылы мен олеум (жақсартылған және техникалық) болаттан жасалған немесе арнайы болаттан жасалған, түбі жалпақ және конусты қақпағы бар, тегістелмеген және сондай-ақ тегістелген қышқылға төзімді кірпіштен қаланған немесе қышқылға төзімді материалдан жасалған тік резервуарларда сақталады. Шоғырландырылған күкірт қышқылын көлденең резервуарларда сақтауға рұқсат етіледі.
88. Олеум сақтауға арналған резервуарларды шегендейді. Жақсартылған күкірт қышқылы таза, тығыз жабылатын, тоттанбайтын болаттан жасалған жабық ыдыстарда немесе қышқылға төзімді плиткалар немесе кірпішпен шегенделген, болаттан жасалған ыдыстарда сақталады.
89. Меланж бен әлсіз азот қышқылын сақтауға арналған резервуарлар тоттанбайтын болаттан жасалады. Концентрацияланған азот қышқылын алюминийден жасалған ыдыстарда сақтайды.
90. Тұз қышқылы көміртекті болаттан жасалған, тоттануға қарсы қорғаныс құралдарымен жабдықталған резервуарларда сақталады.
91. Қышқылдар қоймасы ашық алаңдарда резервуаларды орналастыра отырып, жер бетінде орнатылады.
92. Тұғырық еденін қышқыл төгілген кезде, сондай-ақ атмосфералық жауын-шашын жинау шұңқырына түсетін жинау науасына қарай еңіспен орнатылады. Бейтараптандырылғаннан кейін олар өндірістік кәрізге жіберіледі..
93. Қышқылға күйіп қалу қаупі бар орындарында бетті және қолды шаюға арналған шүмектер мен бұрқақтар, сондай-ақ денені көлемді күйік шалғанда жуынуға арналған ағынды суы бар сыйымдылықтар мен себезгілер орнатылады.
94. Каустикалық соданы тот баспайтын болаттан немесе көміртекті болаттан жасалған жылудан оқшауланған резервуарларда сақтайды.
Жылытқыш құрылғылардың резервуардың гуммирленген қабырғаларымен жанасуына рұқсат етілмейді.
95. Аммиакты сулардың қоймалары жер үстінде орналастырылады.
96. Аммиакты су қоймасы төгілген сұйықтықтың гидростатикалық қысымына есептелген топырақ үйінділерімен (қабырғамен) тұтастай қоршауға алынады.
97. Аммиакты суды сақтауға арналған резервуарлар күкіртті болаттан, арматура мен құбырлар құрамында мыс және оның қоспалары жоқ металдардан жасалады.
98. Қойма ғимаратында жертөлелер, арналар, шұңқырлар, еден ойықтарын, сондай-ақ өтетін тесіктер мен көрінбейтін учаскелерді орнатуға рұқсат етілмейді. Аммиакты селитра қоймалары жасанды желдеткіштермен жабдықталады. Аммиакты селитраның қоймаларын ауамен жылыту көзделеді, құбырлы таратушы коммуникациялар бар калориферлерді орнатуға жол берілмейді.
99. Қоймаға және жүк тиеу–түсіру алаңдарына жақын орналасқан аумақ аммиакты селитраның әсеріне төзімді материалмен жаппай жабылып, атмосфералық судың ағуы үшін еңіспен болады.
100. Амииакты селитра қоймасының үй-жайы тұрақты, ағымды тазалаумен қатар, жылына кем дегенде бір рет (немесе қойманың әрбір бөлігі немесе учаскесі кезекпен), еденді жабысқан селитрадан мұқият тазалай отырып, толық босатылады.
101. Бір қойма үй-жайында амииакты селитрамен бірге өнімдер мен материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.
102. Амииакты селитра қоймасының үй-жайында сыпырындыларды (ластанған амииакты селитран) сақтауға рұқсат етілмейді. Олар сыйымдылығы 60 тоннадан (бұдан әрі – тн) аспайтын жеке үй-жайда сақталады.
103. Жүк тиеу көлік машиналарының жүріп–тұруы үшін аммиакты селитра қатарларының (қаптардағы) арақашықтығы кем дегенде 1,5 метр (бұдан әрі – м) құрайды, өту жолдарының ені – 1,0 м. Орталық жолдардың ені 3,0 м болуы тиіс.
104. Натрий, калий, кальций, магний карбонаттары мен гидрокарбонаттары қапта сақталады. Қойма сыйымдылығы 1500 тн-дан аспайды.
105. Тиеу–түсіру жұмыстары механикаландырылады.
106. Синильді қышқыл тұздарының технологиясында қолданылатын – натрий, калий, кальций цианидтері мен цианидті препараттар (цианид балқытпасы) базисті, шығыс және цех улы қоймаларында сақталады.
107. Қатты әсер ететін улы заттарды қалқа астында, ашық аспан астында, сондай-ақ ылғалды үй-жайлар мен жертөлелерде сақтауға рұқсат етілмейді.
108. Қойма ғимараттарының габаритінде орналасқан тұрмыстық үй-жайлар қатты әсер ететін улы заттарды сақтауға және қаптауға (құюға) арналған үй-жайлардан оқшауланады және жеке тамбур арқылы өтетін бөлек есігі болады.
109. Қатты әсер ететін улы заттарды сақтауға, қаптауға (құюға) арналған қойма үй-жайларының қабырғаларын, төбелері мен ішкі бетін әрлеу үшін қатты әсер ететін улы заттардың химиялық әсерінен қорғайтын қасиеті бар, өз бетінде шаң мен буды жинамайтын немесе жұтпайтын, тазалауға, жууға жеңіл материалдардан жасайды. Қабырғалар еденмен, төбемен дөңгеленген түрде жанасуы тиіс.
110. Қатты әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған үй-жайларда үнемі жұмыс істеп тұратын табиғи сору-сыртқа тарату желдеткіші және аварияны жағдайларда механикалық жолмен жұмыс істейтін сыртқа тарату желдеткіші көзделеді. Механикалық жұмыс істейтін сыртқа тарату желдеткішінің құрылғыларын тұрмыстық үй-жайлар мен қатты әсер ететін улы заттарды сақтауға және ерітуге арналған үй-жайлардан бөлек орнатады.
111. Желдету құрылғысы шығыс қоймасына кірерден 15 минут бұрын іске қосылады. Ол туралы кірер есікте ескерту плакаты ілінеді. Құрылғыны іске қосу тетігі кірер есіктің қасында сыртта орналасады.
112. Желдету құрылғысының дабылы болады: жұмыс уақытында – жарық арқылы, жұмысты кенеттен тоқтату жағдайы туындаған кезде – дыбысты болу керек.
113. Қатты әсер ететін улы заттарды сақтауға, қаптауға және құюға арналған қойма үй-жайларында ауаның жағдайына бақылау жүзеге асырылады.
114. Қатты әсер ететін улы заттардың барлық топтарын ұсақ ыдыстарда (барабандарда, баллондарда, бөтелкелерде және тағы басқалар) сақтау кезінде базистік және шығыс қоймаларының үй-жайлары ыдыстардың габариттеріне сәйкес құрылған қолжетімді қабырға сөрелерімен және ұяшықтары (торлары) бар стеллаждармен жарақталады, сондай-ақ бөтелкелер, баллондар, барабандар және т.б. қойылған арбашалар арқылы жылжитын арнайы жүк үстелдері болуы тиіс.
115. Қатты әсер ететін улы заттардың барлық базистік және шығыс қоймалары уды залалсыздандыратын құралдармен, ЖҚҚ, алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасымен және байланыс құралдарымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етіледі.
116. Қатты әсер ететін улы заттармен арнайы киімсіз және ЖҚҚ, зақымданған арнайы киіммен және ЖҚҚ-сыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
117. Қатты әсер ететін улы заттармен жұмыс істеу кезінде тамақтануға, су ішуге және темекі шегуге рұқсат етілмейді.
118. Жарылғыш қоспа түзуге қабілетті қауіпті жүктерді (амииакты селитра), тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтар мен жарылғыш заттарды (аммиак суы), күйдіргіш заттарды (күкірт, азот және тұз қышқылдары, каустикалық сода) түсіру арнайы бөлінген жерлерде жүргізіледі.
119. Тез жанатын және күйдіргіш сұйықтықтарды цистерналардан ағызу механикалық тәсілмен жүзеге асырылады.
120. Реагенттерді төгу орындары "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (бұдан әрі - № 55 бұйрығы) сәйкес тәулік бойы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін жарылу қаупі жоқ жарықпен жабдықталады, өрт сөндіру құралдарымен жарақталады.
Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.121. Тез жанатын және күйдіргіш сұйықтықтармен жұмыс істейтін орындарда тамақтануға, темекі шегуге және ашық отты қолануға рұқсат етілмейді.
122. Қауіпті және зиянды заттармен жұмыс істеу, қорғаныш көзілдіріктерін немесе арнайы көзілдірікті бетперделерді, респираторларды, резеңке қолғаптар мен етіктерді, алжапқыштарды пайдалана отырып, арнайы киіммен жүргізіледі, әрбір жұмысшы зиянды заттардың буы мен аэрозольдерінен қорғайтын тиісті сүзгімен қорабы бар аварияны газтұтқырмен, ал терілерді қышқылдар мен сілтілердің әсерінен қорғайтын қорғаныс пасталарымен қамтамасыз етіледі.
123. Қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.124. Радиоактивті заттарды автомобиль көлігімен тасымалдау "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.125. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары тасымалданатын жүктің қауіптілік класына қарай төмендегідей жиынтықталады:
1) бастапқы өрт сөндіру құралдары (өртсөндіргіш, шанц саймандары бар жиынтық, шелектер, киіз, құрғақ құм салынған жәшіктер және № 55 бұйрығына сәйкес құралдар);
2) тері мен көз ЖҚҚ (резеңке етіктер, резеңке қолғаптар, резеңкеленген алжапқыштар, қышқылға төзімді костюмдер, қорғаныш көзілдіріктері, газтұтқыр);
3) авариялық жағдайға арналған саймандар мен керек-жарақ ("Кіруге тыйым салынады" және "Авариялық тоқтату" деген белгілері бар, сырғанаудан қорғайтын тағандар, авария орнын қоршауға арналған жіп немесе тростар, бейтараптандырушы ерітінділері бар канистралар);
4) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишалары;
5) радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде – қосымша:
радиациялық қауіптілікті ескертетін төрт белгісі бар респиратор және ескі шүберектері бар пластикалық пакеттер.
Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.126. Амииакты селитран тиеуге құрғақ, жөнделген шанақтары бар, кез келген материалдардың қалдығынан мұқият тазаланған және күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғайтын арнайы жапқышпен жабдықталған автокөлік құралдары беріледі.
6-тарау. Тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
127. Арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдерді кептіруге арналған гардероб үй-жайлары механикалық жалпы алмастырғыш сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
128. Душ қабылдайтын үй-жайлардың құрылғыларын жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып еденін, қабырғалары мен төбесін жеңіл тазалауды және жууды көздейді, сондай-ақ душ кабиналарынан қолданылған судың суағары болуы керек.
129. Өндірістік үй-жайларда тамақты сақтауға және тамақ ішуге рұқсат етілмейді.
130. Барлық негізгі технологиялық цехтарда арнайы киімдерді шаңнан тазартатын үй-жайлар мен жабдықтар көзделеді.
131. Денсаулық пукттерінде теріге немесе көзге түскен өндірістік агрессивті заттарды бейтараптандыруға мүмкіндік беретін инактиваторлар (зақымдалған жерді жуғаннан кейін) болады.
132. Барлық жұмысшылар "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) сәйкес жұмысқа қабылдану кезінде алдын ала және кезеңдік медициналық қарап-тексеруден өтеді.
133. Жұмысшылар жұмыс берушінің қаражаты есебінен, жұмысшыларды сүтпен және емдік-профилактикалық тамақпен қамтамасыз ету тәртібі мен нормаларына сәйкес сүтпен және емдік-профилактикалық тамақпен қамтамасыз етіледі.
"Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық– эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына қосымша |
Жұмыс аймағының ауасындағы зертханалық өндірістік бақылауға жататын негізгі зиянды заттардың тізбесі
№ | Өндірістік учаске | Зиянды заттар |
1 | 2 | 3 |
1 | Қабылдау құрылғысы | кокс, фосфорит, кварцит шаңы |
2 | Кептіру–майдалау бөлімшесі | кокс шаңы |
3 | Агломерат өндірісі | кокс, шихта, агломерат, фосфорит шаңы, фосфор ангидриді, фосфорлы сутек, фторлы сутек, көміртегі тотығы |
4 | Пеш өндіріс | фосфор, фосфор ангидриді, фосфорлы сутек, фторлы сутек, көміртегі тотығы, шихта шаңы, кокс шаңы, электрод массасының шаңы, агломерат, кварцит шаңы |
5 | Фосфор қышқылының өндірісі | фосфор ангидриді, фосфорлы сутек, күкіртті сутек, күкіртті ангидрид |
6 | Сары фосфорды одан әрі өңдеу | әк, кальцийлі сода шаңы, фосфор, фосфор ангидриді, фосфорлы сутек, фторлы сутек |
7 | Триполифосфат өндірісі | кальцийлі сода шаңы, натрий трифосфаты, фосфор қышқылының буы |
8 | Қосалқы өндіріс | күкірт қышқылының буы, резина шаңы, мыс шаңы, ксилол, толуол |