"Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 наурызда № 27033 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18237 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары (бұдан әрі – Талдау қағидалары) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес әзірленді және басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде берілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ өз қызметін Тетік шеңберінде Кодекске сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ЖКС).";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ЕДБ, өнеркәсіпті дамыту қоры, лизингтік компаниялар қаржы лизингі бойынша және АНК қаржы агенттігіне осы Талдау қағидаларына 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде берілген кредиттер бойынша есептерді:

      1) осы Талдау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану туралы есепті;

      2) осы Талдау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тетік шеңберіндегі уақытша бос қаражат туралы есепті;

      3) осы Талдау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі есепті ұсынады.";

      12-тармақ алынып тасталсын.

      1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 2 наурыздағы
№ 18 Бұйрыққа
1-қосымша
Басым жобаларға кредит беру
тетігінің шеңберінде ұсынылған
қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің мақсатты
пайдалануын талдау
қағидаларына
1-қосымша

Берілген кредиттер бойынша есептерді ұсыну мерзімдері

Р/с №

Есеп нысанының атауы

Екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ), Өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ) лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК), "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – АНК)

1

______________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнекәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/ "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамының атауы)
Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануы туралы есеп

Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)

2

______________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнекәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/ "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамының атауы)
______________________________
(күн.ай.жыл)жағдай бойынша
Тетік шеңберіндегі уақытша бос қаражаты туралы есеп

Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша), игеру кезеңі өткеннен кейін

3

______________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнекәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/ "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамының атауы)
Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты игеруі бойынша есеп

Игеру кезеңі аяқталғаннан кейін (Талдау қағидаларының 2-тарауының 7-тармағы) игеру кезеңі аяқталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде (Талдау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 2 наурыздағы
№ 18 Бұйрыққа
2-қосымша
Басым жобаларға кредит беру
тетігінің шеңберінде ұсынылған
қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің, мақсатты
пайдалануын талдау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Қайда ұсынылады: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      Нысан әкімшілік деректерді жинауға арналған

      Әкімшілік деректер нысаны орналастырылған интернет ресурс: www.economy.gov.kz

      __________________________________________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнеркәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/
"Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамының атауы)

      Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануы туралы есеп

      Есепті кезең: 20_____ ж. _____бастап_____қоса алғандағы кезең

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ИВС-1

      Мерзімділігі: айлық және тоқсандық

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар шеңбері: Екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ) лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) немесе "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – АНК) .

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ЕДБ, ӨДҚ, ЛК мен АНК ай сайын Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей.

Р/с №

Банк атауы

Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары және астанасы бөлінісіндегі Қарыз алушының атауы

Заңдық мәртебесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, дара кәсіпкер, шаруа қожалығы, өндірістік кооператив)

Берілген күні

Қарыздың мерзімі, айлар

Қарыздың сомасы

Тетік қаражаты есебінен мақұлданған қарыздың сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Кестенің жалғасы

ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы

Нақты берілген қаражат сомасы

Тетік қаражаты есебінен нақты берілген сома

ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен нақты берілген сома

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Кредит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі

10

11

12

13

14

15

16

17









      Кестенің жалғасы

Кредит беру объектісі

Қарыз қаражатының нысаналы мақсаты (қарыз қаражатының әр бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)

Іске асыру орны (аудан, қала)

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бойынша секция

ЭҚЖЖ бойынша төрт таңбалы сынып

ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешімінің №

ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешімінің күні

18

19

20

21

22

23

24








      Кестенің жалғасы

Банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің №

Банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес–сәйкестендіру нөмірі

"Бизнестің жол картасы" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына / Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысуы (иә/жоқ)

Тетік шеңберіндегі бағыт *

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің (бұдан әрі – ЖКС) санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)

ЖКС Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына сәйкестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

ЖКС жобасының Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына сәйкестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

25

26

27

28

29

30

31

32









      Лауазымды тұлға _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

  "Тетік шеңберінде бөлінген
қаражатты мақсатты пайдалану
туралы есеп" нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану туралы есеп

      (индексі – ИВС-1, мерзімділігі: айлық, тоқсандық)

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ) лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) және "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) ай сайын жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

      5. Нысанның "Р/с №" деген 1-бағанында реті бойынша реттік нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуге тиіс.

      6. Нысанның "Банктің атауы" деген 2-бағанында есепті ұсынатын ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның "Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана" деген 3-бағанында кәсіпкердің тіркелген орнына сәйкес келетін облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі.

      8. Нысанның "Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары және астанасы бөлінісіндегі Қарыз алушының атауы" деген 4-бағанында Тетік шеңберінде қаржыландырылған кәсіпкердің атауы көрсетіледі.

      9. Нысанның "Заңдық мәртебесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, дара кәсіпкер, шаруа қожалығы, өндірістік кооператив)" деген 5-бағанында кәсіпкердің заңды мәртебесі бағанда көрсетілгенге сәйкес айқындалады.

      10. Нысанның "Берілген күні" деген 6-бағанында Қарыз алушыға ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК кредит қаражатын берген нақты күн көрсетіледі.

      11. Нысанның "Қарыздың мерзімі, айлар" деген 7-бағанында айлармен есептелген кредит беру мерзімі көрсетіледі.

      12. Нысанның "Қарыздың сомасы" деген 8-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде берілген кредиттің сомасы теңгемен көрсетіледі.

      13. Нысанның "Тетік қаражаты есебінен мақұлданған қарыздың сомасы" деген 9-бағанында Тетік қаражаты есебінен ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК мақұлдаған кредит сомасы көрсетіледі.

      14. Нысанның "ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы" деген 10-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК өз қаражаты есебінен мақұлдаған кредит сомасы көрсетіледі.

      15. Нысанның "Нақты берілген қаражат сомасы" деген 11-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде қарыз алушыға нақты берілген кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.

      16. Нысанның "Тетік қаражаты есебінен нақты берілген сома" деген 12-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде Тетік қаражаты есебінен қарыз алушыға нақты берілген кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.

      17. Нысанның "ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен нақты берілген сома" деген 13-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК өз қаражаты есебінен қарыз алушыға нақты берілген кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.

      18. Нысанның "Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең" деген 14-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде айқындалған негізгі борышты өтеу бойынша айларға бөлінген жеңілдікті кезеңнің мерзімі көрсетіледі.

      19. Нысанның "Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең" деген 15-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде айқындалған сыйақыны өтеу жөніндегі айларға бөлінген жеңілдікті кезеңнің мерзімі көрсетіледі.

      20. Нысанның "Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі" деген 16-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде кредит бойынша белгіленген сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

      21. Нысанның "Кредит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі" деген 17-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде кредит бойынша белгіленген тиімді сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

      22. Нысанның "Кредит беру объектісі" деген 18-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісімге/банктік қарыз шартына сәйкес айқындалған кредиттің нысаналы мақсаты (айналым қаражатын толықтыру/инвестициялар/қайта қаржыландыру) көрсетіледі.

      23. Нысанның "Қарыз қаражатының нысаналы мақсаты (қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)" деген 19-бағанында кредит беру объектісінің толық жазылуы, яғни кредит беру объектілері бойынша бөле отырып, кредит қаражатының нысаналы мақсатын нақтылау көрсетіледі.

      24. Нысанның "Іске асыру орны (аудан, қала)" деген 20-бағанында жобаны іске асыру орнына сәйкес келетін облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі.

      25. Нысанның "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ)" бойынша секция деген 21-бағанында кәсіпкердің жобасы іске асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша секция көрсетіледі.

      26. Нысанның "ЭҚЖЖ бойынша төрт таңбалы сынып" деген 22-бағанында төрт таңбалы цифрлық кодпен белгіленген ЭҚЖЖ сыныптамасының төртінші деңгейі көрсетіледі.

      27. Нысанның "ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешімінің №" деген 23-бағанында кәсіпкердің жобасын қаржыландыру туралы ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешімінің нөмірі көрсетіледі.

      28. Нысанның "ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешімінің күні" деген 24-бағанында кәсіпкердің жобасын қаржыландыру туралы ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешімінің күні көрсетіледі.

      29. Нысанның "Банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің/ №" деген 25-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК және қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз шартының/ кредиттік желі ашу туралы келісімнің нөмірі көрсетіледі.

      30. Нысанның "Банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні" деген 26-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні көрсетіледі.

      31. Нысанның "Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі" деген 27-бағанында кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға) немесе бар болған жағдайда бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға) көрсетіледі.

      32. Нысанның "Бизнестің жол картасы" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына/Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысу (иә / жоқ)" деген 28-бағанында қаржыландырылған жобаның бағанда көрсетілген мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қатысуы туралы ақпарат "иә" немесе "жоқ"деген белгі қойылып көрсетіледі.

      33. Нысанның "Тетік шеңберіндегі бағыт" деген 29-бағанында:

      1) Агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі – АӨК) қайта өңдеу;

      2) АӨК-тегі өндіріс;

      3) өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыты көрсетіледі.

      34. Нысанның "Жеке кәсіпкерлік субъектісінің (бұдан әрі – ЖКС) санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)" деген 30-бағанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты көрсетіледі.

      35. Нысанның "ЖКС Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына сәйкестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)" деген 31-бағанында кәсіпкердің Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына сәйкестігі туралы ақпарат "сәйкес келеді" немесе "сәйкес келмейді"деген белгі қойылып көрсетіледі.

      36. Нысанның "ЖКС жобасының Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)" деген 32-бағанында ЖКС жобасының Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкестігі туралы ақпарат "сәйкес келеді" немесе "сәйкес келмейді"деген белгі қойылып көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 2 наурыздағы
№ 18 Бұйрыққа
3-қосымша
Басым жобаларға кредит беру
тетігінің шеңберінде ұсынылған
қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің мақсатты
пайдалануын талдау
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      Қайда ұсынылады: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

      Нысан әкімшілік деректерді жинауға арналған

      Әкімшілік деректер нысаны орналастырылған интернет ресурс: www.economy.gov.kz

      ______________________________________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнеркәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/
"Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамының атауы)
_______________________
жағдай бойынша (күн.ай.жыл)
Тетік шеңберіндегі уақытша бос қаражаты туралы есеп

      Есепті кезең 20_____ ж.

      Әкімшілік деректер формасының индексі: ОВСС-1

      Мерзімділігі: тоқсандық

      Әкімшілік деректер ұсыну мерзімі: екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ) лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) және "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) ай сайын.

      Әкімшілік деректер ұсыну мерзімі: ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей.

Р/с

Бағдарлама атауы

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК алдындағы негізгі боышының қалдығы

ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі/ Қазақстанның орнықтылық қоры алдындағы негізгі боышының қалдығы

ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК бағдарламаға қатысатын қаражат қалдықтары

Бағдарлама бойынша ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК ең жақын өтейтін негізгі борышының сомасы

Бос қаражат қалдығы


Барлығы

Оның ішінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК-ның баланстан тыс шотында резервке қойылғаны

1

2

3

4

5

6

7

8









      Лауазымды тұлға _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер _______________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

  "Тетік шеңберіндегі уақытша
бос қаражат туралы есеп"
нысанына қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме


      Тетік шеңберіндегі уақытша бос қаражат туралы есеп

      (Индексі-ОВСС-1, мерзімділігі: тоқсандық)

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "Тетік шеңберіндегі уақытша бос қаражат туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ), лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) және "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) ай сайын жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысанның "Р/с №" деген 1-бағанында реті бойынша реттік нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуге тиіс.

      6. Нысанның "Бағдарламаның атауы" деген 2-бағанында қаржыландыру бағдарламасының атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның "Жеке кәсіпкерлік субьектісінің (бұдан әрі – ЖКС) ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК алдындағы негізгі борышының қалдығы" деген 3-бағанында жеке кәсіпкерлік субъектісінің (бұдан әрі – ЖКС) ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК берген кредиті бойынша негізгі борыш қалдығының сомасы көрсетіледі.

      8. Нысанның "ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі/Қазақстаннның орнықтылық қоры алдындағы негізгі борышының қалдығы" деген 4-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК сатып алынған облигациялары бойынша негізгі борыш сомасының қалдығы көрсетіледі.

      9. Нысанның "ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК бағдарламаға қатысатын қаражат қалдығы" деген 5-бағанында Тетік шеңберінде тартылған ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражатының қалдығы көрсетіледі (осы баған игеру сомасына өтеу кестесі болған кезде толтырылады).

      10. Нысанның "Бағдарлама бойынша ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК ең жақын өтейтін негізгі борышының сомасы" деген 6-бағанында өтеу кестесіне сәйкес ең жақын өтелетін негізгі борыш сомасы көрсетіледі (осы баған игеру сомасына өтеу кестесі болған кезде толтырылады).

      11. Нысанның "Бос қаражат қалдығы, барлығы" деген 7-бағанында бастапқы игеру шеңберінде бөлінген, ЖКС кредиттік қаражатты өтеу есебінен босаған есепті күнгі ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уақытша бос қаражатының қалдығы көрсетіледі.

      12. Нысанның "Бос қаражат қалдығы, оның ішінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК баланстан тыс шотында резервке қойылған" деген 8-бағанында ЖКС кредит беру үшін ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК баланстан тыс шотында резервке қойылған уақытша бос қаражат қалдығының сомасы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 2 наурыздағы
№ 18 Бұйрыққа
4-қосымша
Басым жобаларға кредит беру
тетігінің шеңберінде ұсынылған
қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің мақсатты
пайдалануын талдау
қағидаларына
4-қосымша

      Қайда ұсынылады: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

      Нысан әкімшілік деректерді жинауға арналған

      Әкімшілік деректер нысаны орналастырылған интернет ресурс: www.economy.gov.kz

      _____________________________________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнеркәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/
"Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамы атауы)


      Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты игеруі бойынша есеп

      Есепті кезең 20_____ ж.

      Әкімшілік дерек нысанының индексі: ОАОО-1

      Кезеңділігі: игеру мерзімі аяқталғаннан кейін.

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар шеңбері: екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ), лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) және "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК).

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АКК бір рет игеру мерзімі аяқталғанан кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей.

Р/с №

Жеке кәсіпкерлік субъектінің (бұдан әрі – ЖКС) атауы

Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Нақты қарыз беру сомасы

Сала (секция)

Кіші сала (бөлім)

Оның ішінде Тетік қаражаты есебінен

Оның ішінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кестенің жалғасы

Қарыз мерзімі, ай

Қарыз валютасы

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі

Кредиттік келісімнің № және күні

Нысаналы мақсаты

Инвестициялар

Айналым қаражатын толықтыру

Сомасы

Үлес салмағы, %

Сомасы

Үлес салмағы, %

9

10

11

12

13

14

15

16

17










      Кестенің жалғасы

Тетік шеңберіндегі бағыт

ЖКС санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)

ЖКС Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

ЖКС жобасының Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

18

19

20

21





      1) Тетік шеңберіндегі қаражатты ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК игеруі бойынша қаржы агенттігінің қысқаша талдауы мен тұжырымдары.

      (ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК бөлінісінде қаражатты игеру/ берілген қарыздар, ЖКС санаттары бойынша, қызмет түрлері бойынша, бағыттар бойынша, нысаналы мақсаты бойынша, жобаны іске асыру орны бойынша бөлу, қысқаша тұжырымдарымен және талдауымен бірге өңірлер бөлінісіндегі ақпарат).

      Лауазымды тұлға _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

  "Тетік шеңберінде бөлінген
қаражатты игеру бойынша
есеп" нысанына
қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме


      Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты игеру бойынша есеп


      (Индексі- ОАОО-1, мерзімділігі: игеру мерзімі аяқталғаннан кейін)

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты игеру бойынша есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - ЕДБ)/өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі - ӨДҚ)/лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі - ЛК)/"Аграрлық несиелік корпорация" АҚ (бұдан әрі- АНК) игеру мерзімі аяқталғаннан кейін жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысанның "Р/с №" деген 1-бағанында реті бойынша реттік нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуге тиіс.

      6. Нысанның "Жеке кәсіпкерлік субъектісінің (бұдан әрі – ЖКС) атауы" деген 2-бағанында заңдық мәртебесі көрсетіле отырып, ЖКС – Бағдарламаға қатысушының толық атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның "Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана" деген 3-бағанында кәсіпкердің тіркелген жеріне сәйкес келетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның "Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі" деген 4-бағанында жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға үшін кәсіпкердің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      9. Нысанның "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші" "Сала (секция)" деген 5-бағанында шеңберінде кәсіпкердің жобасы іске асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша секция көрсетіледі.

      10. Нысанның "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші" "Кіші сала (бөлім)" деген 6-бағанында төрт таңбалы цифрлық кодпен белгіленген ЭҚЖЖ сыныптамасының төртінші деңгейі көрсетіледі.

      11. Нысанның "Нақты қарыз беру сомасы" "Оның ішінде Тетік қаражаты есебінен" деген 7-бағанында Тетік қаражаты есебінен кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде қарыз алушыға нақты берілген кредиттік қаражат сомасы көрсетіледі.

      12. Нысанның "Нақты қарызды беру сомасы" "Оның ішінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АКК қаражаты есебінен" деген 8-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АКК меншікті қаражаты есебінен кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде қарыз алушыға нақты берілген кредиттік қаражат сомасы көрсетіледі.

      13. Нысанның "Қарыз мерзімі, ай" деген 9-бағанында айлармен есептелген кредит беру мерзімі көрсетіледі.

      14. Нысанның "Қарыз валютасы" деген 10-бағанында кредит валютасы көрсетіледі.

      15. Нысанның "Номиналды сыйақы мөлшерлемесі" деген 11-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде кредит бойынша белгіленген номиналды сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

      16. Нысанның "Кредиттік келісімнің нөмірі және күні" деген 12 және 13-бағанындарда ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің нөмірі мен күні көрсетіледі.

      17. Нысанның "Нысаналы мақсаты" "Инвестициялар" деген кіші бағанның "Сомасы" деген 14-бағанында инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.

      18. Нысанның "Үлес салмағы %" деген 15-бағанында пайыздық мәнде инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредит қаражатының үлесі көрсетіледі.

      19. Нысанның 16-бағанының "Айналым қаражатын толықтыру" "Сомасы" деген кіші бағанында айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.

      20. Нысанның "Үлес салмағы %" деген 17-бағанында айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит қаражатының үлесі көрсетіледі.

      21. Нысанның "Тетік шеңберіндегі бағыт" деген 18-бағанында:

      1) Агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі – АӨК) қайта өңдеу;

      2) АӨК өндірісі;

      3) өңдеу өнеркәсібі және қызметтер бағыты көрсетіледі.

      22. Нысанның "ЖКС санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)" деген 19-бағанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты көрсетіледі.

      23. Нысанның "ЖКС Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)" деген 20-бағанында кәсіпкердің Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкестігі туралы ақпарат "сәйкес келеді" немесе "сәйкес келмейді"деген белгі қойылып көрсетіледі.

      24. Нысанның "ЖКС жобасының Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)" деген 21-бағанында кәсіпкер жобасының Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкестігі туралы ақпарат "сәйкес келеді" немесе "сәйкес келмейді"деген белгі қойылып көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады