"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 27 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 сәуірде № 27463 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінде және оларды есептеу әдістемелерінде (бұдан әрі – Нормативтер):

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларынан ұлғаю кестесі бойынша есептелген төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің ұлғаю сомасына сәйкес қайта сақтандырушының рейтингтік бағасына немесе өткен есепті күнгі Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәніне байланысты жасалған қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларының сомасына 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін ұлғаяды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің қайта сақтандыруға берілетін (берілген) міндеттемелер көлемінен ұлғаю кестесі бойынша есептелген төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің ұлғаю сомасына сәйкес қайта сақтандырушының рейтингтік бағасына немесе өткен есепті күнгі Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәніне байланысты жасалған қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) міндеттемелерінің сомасына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлғаяды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) активтердің ағымдағы құнының 1 (бір) пайызына тең мәнге ұлғайтылады.";

      3-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 2022 жылғы 28 ақпан – 1 қыркүйек аралығындағы кезеңде төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін орындамауы, егер мұндай орындамау мыналардың:

      теңгенің шетел валюталарына қатысты биржалық бағамының өзгеруіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелерінің құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10%-дан астам қайта бағалау;

      базалық мөлшерлеме және (немесе) дисконттау мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарының құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10%-дан астам қайта бағалау;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2022 жылғы 21 ақпанға дейін сатып алған бағалы қағаздар эмитентінің рейтингін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" деңгейіне дейін және одан төмен азайту;

      инвестициялары төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің есебіне қабылданатын екінші деңгейдегі банктің рейтингін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" деңгейіне дейін және одан төмен азайту салдары болған жағдайда, бұзушылық болып есептелмейді.

      10-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Нормативтердің 10-1-тармағына сәйкес төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін орындамау фактісі анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген бұзушылық анықталған күннен бастап 6 (алты) айға дейін мерзімде нормативтерді белгіленген ең аз мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде орындамау бұзушылық болып табылады.";

      4-тарау мынадай мазмұндағы 41-1 және 41-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "41-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 2022 жылғы 28 ақпан – 1 қыркүйек аралығындағы кезеңде өтімділігі жоғары активтерінің жеткіліктілігі нормативін орындамауы, егер мұндай орындамау мыналардың:

      1) теңгенің шетел валюталарына қатысты биржалық бағамының өзгеруіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелерінің құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10%-дан астам қайта бағалау;

      2) базалық мөлшерлеме және (немесе) дисконттау мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарының құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10%-дан астам қайта бағалау;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2022 жылғы 21 ақпанға дейін сатып алған бағалы қағаздар эмитентінің рейтингін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" деңгейіне дейін және одан төмен азайту;

      4) инвестициялары өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің есебіне қабылданатын екінші деңгейдегі банктің рейтингін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" деңгейіне дейін және одан төмен азайту салдары болған жағдайда, бұзушылық болып есептелмейді.

      41-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Нормативтердің 41-1-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін орындамау фактісі анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген бұзушылық анықталған күннен бастап 6 (алты) айға дейін мерзімде нормативтерді белгіленген ең төмен мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде орындамау бұзушылық болып табылады.";

      5-тарау мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 2022 жылғы 28 ақпан – 1 қыркүйек аралығындағы кезеңде активтерді әртараптандыру нормативтерін орындамауы, егер мұндай орындамау мыналардың:

      1) теңгенің шетел валюталарына қатысты биржалық бағамының өзгеруіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелерінің құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10%-дан астам қайта бағалау;

      2) базалық мөлшерлеменің және (немесе) дисконттау мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарының құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10%-дан астам қайта бағалау;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2022 жылғы 21 ақпанға дейін сатып алған бағалы қағаздар эмитентінің рейтингін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" деңгейіне дейін және одан төмен азайту;

      4) инвестициялары активтерді әртараптандыру есебіне қабылданатын екінші деңгейдегі банктің рейтингін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" деңгейіне дейін және одан төмен азайту салдары болған жағдайда, бұзушылық болып есептелмейді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерді әртараптандыру нормативін бұзушылықты анықтаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әртараптандыру нормативтерін Нормативтердің 42-тармағының талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын активтерді әртараптандырудың осы нормативтерінен асып кеткен күннен бастап 6 (алты) ай ішінде уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді әртараптандыру нормативтерін іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде орындамауы бұзушылық болып табылады.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі бекіткен қайта сақтандыру саясатына сәйкес есептейді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау және оған (міндеттемелер көлемі бөлігінде) өзгерістер енгізу күні жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының ең жоғары мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыруға кіретін) шарттары бойынша:

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәні Нормативтерде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің ең төмен мәнінен 0,2 тармаққа асқан деңгейден төмен емес болған кезде Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "ВВВ"-дан төмен емес рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшеріне қатысты 100 (жүз) пайыздан аспайды, бірақ 16, 5 миллион АЕК-дан (16 500 000 АЕК) көп емес;

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәні Нормативтерде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің ең төмен мәнінен 0,2 тармаққа асқан деңгейден төмен емес болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшеріне қатысты 100 (жүз) пайыздан аспайды, бірақ 8, 2 миллион АЕК-дан (8 200 000 АЕК) көп емес;

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәні Нормативтерде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің ең төмен мәнінен 0,2 тармаққа асқан деңгейден төмен болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшеріне қатысты 80 (сексен) пайыздан аспайды, бірақ 8, 2 миллион АЕК-дан (8 200 000 АЕК) көп емес.

      Топтық сақтандыру кезінде, сондай-ақ қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, туристі міндетті сақтандыру шарттары бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген есептеу әрбір сақтандырылушы бойынша жеке жүргізіледі.

      Ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген есептеу әрбір сақтандырушының (қайта сақтандырушының) сақтандыру сомасы үлесіне қарай жүзеге асырылады.";

      3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 5 сәуірдегі
  № 27 Қаулыға
1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және
сақталуға міндетті өзге де
нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндеріне және оларды
есептеу әдістемелеріне
3-қосымша

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларынан ұлғаю кестесі

Қайта сақтандыру ұйымының атауы

Қайта сақтандырушының халықаралық немесе ұлттық шкала бойынша рейтингтік бағасы (төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыла-рының көлемі, барлығы (мың теңгемен)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақылары сомасынан пайыз

Төлем қабілетті-лігі маржасы-ның ең төмен мөлшерін ұлғайту сомасы (мың теңгемен) (3-баған х 4-баған)

1

2

3

4

5

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - ЕАЭО туралы шарт) қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

1-топ

"АА-" немесе жоғары


0%







2-топ

"А+" – "А-" аралығы


0%







3-топ

"ВВВ+" – "ВВВ-" аралығы


0,2%







4-топ

"ВВ+" – "ВВ-" аралығы


0,75%







5-топ

"В+" – "В-" аралығы


3,8%







6-топ

"В-"-тен төмен немесе жоқ


22%


Қазақстан Республикасының резидент - қайта сақтандырушылармен жасалған қайта сақтандыру шарттары

7-топ

"В"-дан төмен емес немесе "kzBB"


0%







8-топ

"В-", "kzBB-", "kzB+"


0,2%







9-топ

> 1,75


0,05%







10-топ

> 1,5


0,1%







11-топ

> 1,25


0,2%







12-топ

> 1,1


0,5%







13-топ

>= 1,0


3,8%







14-топ

< 1,0


5%







ЕАЭО туралы шартқа қатысушы елдермен - қайта сақтандырушылармен жасалған қайта сақтандыру шарттары

15-топ

"ВВВ+" – "ВВВ-" аралығы


0%







16-топ

"ВВ+" – "ВВ-" аралығы


0,2%







17-топ

"В+" – "В-" аралығы


0,5%







18-топ

"В-"-тен төмен немесе жоқ


22%







Жиынтығы:





  Қаулыға
2-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және
сақталуға міндетті өзге де
нормалар мен лимиттердің
нормативтік мәндеріне және
оларды есептеу әдістемесіне
3-1-қосымша

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің қайта сақтандыруға берілетін (берілген) міндеттемелер көлемінен ұлғаю кестесі

Қайта сақтандыру ұйымының атауы

Қайта сақтандырушының халықаралық немесе ұлттық шкала бойынша рейтингтік бағасы (төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген (берілетін) міндеттемелерінің көлемі, барлығы (мың теңгемен)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген (берілетін) міндеттемелер көлемінен пайыз

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін ұлғайту сомасы (мың теңгемен) (3-баған х 4-баған)

1

2

3

4

5

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - ЕАЭО туралы шарт) қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

1-топ

"АА-" немесе жоғары


0%







2-топ

"А+" – "А-" аралығы


0%







3-топ

"ВВВ+" – "ВВВ-" аралығы


0,2%







4-топ

"ВВ+" – "ВВ-" аралығы


0,75%







5-топ

"В+" – "В-" аралығы


3,8%







6-топ

"В-"-тен төмен немесе жоқ


22%


Қазақстан Республикасының резидент - қайта сақтандырушылармен жасалған қайта сақтандыру шарттары

7-топ

"В"-дан төмен емес немесе "kzBB"


0%







8-топ

"В-", "kzBB-", "kzB+"


0,2%







9-топ

> 1,75


0,05%







10-топ

> 1,5


0,1%







11-топ

> 1,25


0,2%







12-топ

> 1,1


0,5%







13-топ

>= 1,0


3,8%







14-топ

< 1,0


5%







ЕАЭО туралы шартқа қатысушы елдермен - қайта сақтандырушылармен жасалған қайта сақтандыру шарттары

15-топ

"ВВВ+" – "ВВВ-" аралығы


0%







16-топ

"ВВ+" – "ВВ-" аралығы


0,2%







17-топ

"В+" – "В-" аралығы


0,5%







18-топ

"В-"-тен төмен немесе жоқ


22%







Жиынтығы:






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады