"Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27648 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 36-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған кезде, жер қойнауын пайдаланушы:

      1) кәсіпкерлік мақсатта бөлінген жер қойнауы учаскесі шегінде жер қойнауын өтеулі негізде пайдалануға;

      2) өз қалауынша өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде өндірілген көмірсутектерді пайдалануға, егер Кодексте немесе Келісімшартта басқасы көзделмесе;

      3) жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал қажет болғанда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен ұсынылған басқа жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттардың негізінде жер қойнауы учаскесіндегі әрі оның шегінен тыс жердегі баршаға ортақ объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға;

      4) Келісімшарт бойынша операторды тағайындауға;

      5) Кодексте белгіленген тәртіппен және талаптармен барлауға немесе өндіруге арналған бүкіл учаскені қайтару арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды мерзімінен бұрын тоқтатуға;

      6) барлау кезеңі ішінде және Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, аумақта көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрлерін жүргізуге;

      7) дайындық кезеңі ішінде Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген кен орнын игеру жобасы сараптамаларын әзірлеуді, бекітуді және жүргізуді, сондай-ақ (қажеттілік болса) көмірсутектер кен орнын жайластыруды жүзеге асыруға;

      8) өндіру кезеңі ішінде кез келген көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ көмірсутектер кен орнының геологиялық құрылымын және қорларын нақтылау мақсатында өндіру учаскесін жете зерттеуді (жете барлауды) жүргізуге;

      9) барлау немесе өндіру кезеңі аяқталғанға дейін кез келген уақытта құрылыстарды, жабдықтарды, ұңғымаларды және өзге де мүлікті қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жекелеген технологиялық объектілерді консервациялауды немесе жоюды жүргізуге;

      10) барлау кезеңін ұзартуға, сондай-ақ өндіру учаскесін және өндіру кезеңін не дайындық кезеңін бекітіп беруге өтініштер беруге;

      11) өндіру кезеңін ұзартуға арналған өтініштер беруге;

      12) жер қойнауы учаскесін түрлендіруге өтініштер беруге;

      13) арнайы рұқсаттарды немесе лицензияларды алмай, көмірсутектерді өндіру кезінде жерасты суларын ілеспе шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Ілеспе шығарылған жерасты суларды одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      14) Келісімшарттың қолданысын құзыретті органның мерзімінен бұрын тоқтатуының заңдылығын ол тиісті хабарламаны алған күнінен бастап екі ай ішінде сотта даулауға;

      15) Кодекстің 28-1-бабына сәйкес жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған көмірсутектер саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді ерікті негізде жасасуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтарымен толықтырылсын:

      "19-1. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарт тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде барлау жұмыстарының жобасын жасайды.

      Барлау жұмыстарының жобасы жасалғаннан кейін Кодекстің 140-бабына сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жасалуға тиіс.

      19-2. Келісімшарттың 5-тармағында белгіленген келісімшартты қолданылу мерзімі аяқталған кезде, технологиялық объектілерді консервациялауға немесе жоюға және жер қойнауын пайдаланудың салдарларына байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі кез келген операцияларды тоқтатуға міндетті.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Өндіру кезеңі ішінде, екінші жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығымен бекітілген Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17020 болып тіркелген) сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17096 болып тіркелген) сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      3) алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде Келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті.

      Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамыту шығыстарын қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерін дамытуға және қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ осы мақсаттарда оның мемлекеттік бюджетке аударатын қаражаты жатады.

      Белгіленген минимумнан асатын, осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылған қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындауы есебіне келесі жылы ескеріледі.

      23. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығы бар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда,  жер қойнауын пайдаланушы және оның мердігерлері көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Кадрлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесі басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша _%, құрылымдық бөлімшелер басшылары бойынша _%, мамандар бойынша _%, білікті жұмысшылар бойынша _% құрауға тиіс.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс. Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17021 болып тіркелген) бекітілген Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16851 болып тіркелген) бекітілген Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі күнтізбелік бір жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс.

      Ескертпе: егер аукцион жеңімпазы аукционға қатысуға өтініш беру кезеңінде жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша ең аз міндеттемелерді елу пайыздан астам ұсынған болса, осы тармақта ұсынылған міндеттемелер бекітіледі.

      Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды жүргізу үшін қажетті жобалау құжаттарының түрлері, құрамы және оларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Келісімшарттың 55-тармағының ережелерін ескере отырып, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде мәміле жасау күніне қалыптасқан қолданатын бағадан аспайтын бағамен жер қойнауын пайдаланушы иеліктен шығаратын көмірсутектерді сатып алуға Қазақстан Республикасының басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.

      Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектер көлемі өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігі негізге алына отырып және жер қойнауын пайдаланушы орналасқан өңірдің өндірген үлесіне өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен өндіру үлесіне барабар айқындалатын болады.

      Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.

      Жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде қолданатын көмірсутектер бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, көмірсутектерді мемлекеттің сатып алуы бойынша мәміле жасалған күнге әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Кодекстің 77-бабы 3-тармағының 1)6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік құқығын беру арқылы оны ашады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Көмірсутектерді, оның ішінде теңізде барлау мен өндіруді жүргізудің міндетті шарттары:

      1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;

      2) жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесі негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану;

      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау;

      4) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды есепке алуды жүргізуге және мынадай есептерді:

      1) геологиялық есепті;

      2) лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау туралы есепті;

      3) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есепті;

      4) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есепті;

      5) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есепті;

      6) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есепті;

      7) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамы туралы есепті беруге міндеттенеді.

      Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 1) тармақшасында көзделген есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ұсынылады.

      Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген есеп құзыретті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен ұсынылады.

      Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 3) – 7) тармақшаларында көзделген есептер көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысандарда және тәртіппен ұсынылады.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған төмендегі міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін:

      1) жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 10 % мөлшерінде;

      2) тиісті жылдың кез келген есепті тоқсанында кадрлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін – 2000 АЕК мөлшерінде, бірақ жылына бір реттен артық емес;

      3) үлгілік Келісімшарттың 21 және 22-тармақтарында көзделген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының 10% мөлшерінде тұрақсыздық төлемі ретінде жауап береді. Бұл ретте, егер нарықтағы қолданыстағы бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелсіз басқа да жағдайлардың себебінен жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары Келісімшартты жасау кезінде ескерілгеннен кем болып шықса, бірақ бұл ретте Келісімшарттың 21-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің физикалық көлемі толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының осылай азаюы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзу болып табылмайды;

      4) Келісімшарттың 41-тармағына сәйкес графиктерде белгіленген көлемде мұнайды Қазақстан Республикасының аумағына және одан тыс жерге қайта өңдеу үшін жеткізу жөніндегі міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін – 10 000 АЕК мөлшерінде;

      5) жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оның мердігерлерінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібін сақтау жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін – мынадай түрде жасалған бұзушылық сомасының 5% мөлшерінде:

      көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген тәсілдермен, яғни сатып алу тәсілін таңдау тәртібінің талаптарын бұза отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      конкурстық құжаттаманы көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып жасау;

      әлеуетті жеткізушілерге көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген талаптарды қою;

      әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз түрде қабылдамау және/немесе негізсіз түрде қатыстыру;

      көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып шарт жасасу;

      көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып, бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

      Ескертпе: дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын ұлттық басқарушы холдинг тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға осы тармақша қолданылмайды;

      6) Келісімшарттың 24 және 25-тармақтарына сәйкес бағдарламаларды, ақпаратты және есептерді ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін – 100 АЕК мөлшерінде;

      7) төмендегі тармақтарға сәйкес хабарламаларды жолдамағаны немесе уақтылы жолдамағаны үшін:

      үлгілік Келісімшарттың 29 және 31-тармақтарына сәйкес – 5000 АЕК мөлшерінде;

      үлгілік Келісімшарттың 20 және 30-тармақтарына сәйкес – 2000 АЕК мөлшерінде;

      үлгілік Келісімшарттың 32-тармағына сәйкес – 100 АЕК мөлшерінде;

      8) Келісімшарттың 44-тармағында көрсетілген жобалау құжаттары көрсеткіштерінің біреуін орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін – 20 000 АЕК мөлшерінде тұрақсыздық төлемі ретінде жауап береді.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Елішілік құндылық бөлігінде келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы және Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, сондай-ақ өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар көлемдері туралы ақпарат құпия болып танылмайды.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Құзыретті орган Кодекстің 106-бабында көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.";

      117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129 және 130-тармақтарға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      131-тармақ орыс тілінде алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған кезде, жер қойнауын пайдаланушы:

      1) кәсіпкерлік мақсатта бөлінген жер қойнауы учаскесінің шегінде жер қойнауын өтеулі негізде пайдалануға;

      2) өз қалауынша өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде өндірілген көмірсутектерді пайдалануға, егер Кодексте немесе Келісімшартта басқасы көзделмесе;

      3) жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал қажет болғанда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен ұсынылған басқа жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттардың негізінде жер қойнауы учаскесіндегі әрі оның шегінен тыс жердегі баршаға ортақ объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға;

      4) Келісімшарт бойынша операторды тағайындауға;

      5) Кодексте белгіленген тәртіппен және талаптармен өндіруге арналған бүкіл учаскені қайтару арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды мерзімнен бұрын тоқтатуға;

      6) дайындық кезеңі ішінде Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген кен орнын игеру жобасы сараптамаларын әзірлеуді, бекітуді және жүргізуді, сондай-ақ (қажеттілік болса) көмірсутектер кен орнын жайластыруды жүзеге асыруға;

      7) өндіру кезеңі ішінде кез келген көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ көмірсутектер кен орнының геологиялық құрылымын және қорларын нақтылау мақсатында өндіру учаскесін жете зерттеуді (жете барлауды) жүргізуге;

      8) өндіру кезеңі аяқталғанға дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жекелеген технологиялық объектілерді, оның ішінде құрылыстарды, жабдықтарды, ұңғымаларды және басқа мүлікті консервациялауға немесе жоюға;

      9) өндіру кезеңін бекітуге өтініштер беруге;

      10) өндіру кезеңін ұзартуға өтініштер беруге;

      11) жер қойнауы учаскесін түрлендіруге өтініштер беруге;

      12) арнайы рұқсаттар мен лицензияларды алмай, көмірсутектерді өндіру кезінде жерасты суларын ілеспе шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Ілеспе шығарылған жерасты суларды одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      13) Келісімшарттың қолданысын құзыретті органның мерзімнен бұрын тоқтатуының заңдылығын ол тиісті хабарламаны алған күнінен бастап екі ай ішінде сотта даулауға;

      14) Кодекстің 28-1-бабына сәйкес жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған көмірсутектер саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді ерікті негізде жасауға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Келісімшарттың 5-тармағында белгіленген келісімшартты қолданылу мерзімі аяқталған кезде, технологиялық объектілерді консервациялауға немесе жоюға және жер қойнауын пайдаланудың салдарларына байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі кез келген операцияларды тоқтатуға міндетті.";

      18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Өндіру кезеңі ішінде, екінші жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17020 болып тіркелген) бекітілген Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17096 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларына сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      3) алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде Келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті.

      Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамыту шығыстарын қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерін дамытуға және қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ осы мақсаттарда оның мемлекеттік бюджетке аударатын қаражаты жатады.

      Белгіленген минимумнан асатын, осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылған қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындауы есебіне келесі жылы ескеріледі.

      19. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы және оның мердігерлері көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      20. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17016 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі оператор тартылған жағдайда, оның ақылы көрсетілетін қызметтерін жоспарлы сатып алуы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті

      21. Жер қойнауын пайдаланушы Келісімшарттың 63-тармағында көзделген есептерді ұсынуға міндетті.

      22. Көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Кадрлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесі басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша _%, құрылымдық бөлімшелер басшылары бойынша _%, мамандар бойынша _%, білікті жұмысшылар бойынша _% құрауға тиіс.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс. Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17021 болып тіркелген) бекітілген Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Жер қойнауын пайдаланушы мердігерлік жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, қазақстандық персоналға тартылған шетелдік қызметкерлермен салыстырғанда еңбекақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.

      24. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16851 болып тіркелген) бекітілген Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі күнтізбелік бір жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс.

      Ескертпе: егер аукцион жеңімпазы аукционға қатысуға өтініш беру кезеңінде жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша ең аз міндеттемелерді елу пайыздан астам ұсынған болса, осы тармақта ұсынылған міндеттемелер бекітіледі.

      Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықтың үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Жер қойнауын пайдаланушы осындай жер қойнауын пайдалану құқығын берген мемлекеттік органды жер қойнауын пайдаланушының қызметін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамының өзгергені туралы осындай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге міндетті.

      26. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың өкілеттіктерінің тоқтатылғандығы туралы дереу хабарлауға міндетті.

      27. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінің аумағындағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды теңгерімге қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.

      28. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында және Келісімшарттың 8-бөлімінің 4-параграфында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын өз есебінен жоюға міндетті. Келісімшарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерінің тоқтатылуына әкелмейді.

      29. Жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді ұсыну жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындаудан босатпайды.

      30. Егер жер қойнауын пайдаланушы ұсынған қамтамасыз ету онымен байланысты болмайтын себептермен Кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін болып қалса немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күннің ішінде мұндай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушы осындай ауыстыруды жүргізбеген болса, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тез арада тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға қамтамасыз етуді қалпына келтіргеннен немесе ауыстырғаннан кейін ғана жол беріледі.

      31. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңі ішінде техникалық және (немесе) геологиялық себептер бойынша жойылуға тиіс және кен орнын игеру жобасына сәйкес өзге де мақсаттарда пайдалануға болмайтын ұңғымаларды жоюға міндетті.

      32. Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы консервациялау жобасында белгіленген мерзімде жер қойнауы учаскесін консервациялауды аяқтауға міндетті.

      33. Жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі міндеттемелер жер қойнауын пайдаланушының немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлғаның қаражаты есебінен орындалады. Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, міндеттемелер сомасы олар орындалғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеледі.

      34. Дайындық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынылатын немесе Кодекстің талаптарына сәйкес жағылатын көмірсутектерді қоспағанда, өзіне тиесілі, барлау кезеңінде өндірілген көмірсутектерді толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге міндетті.

      35. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар мұнайды жеткізу графиктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына, ал авариялық жағдайдың салдарынан мұнай өңдеу зауыты тоқталған жағдайда - одан тыс жерге де қайта өңдеуге жеткізуге міндетті.

      36. Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 146-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, шикі газды жағуға жол бермеуге міндетті.

      37. Егер есептеу жөніндегі есебі Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорлары жүз миллион тонна мұнайдан немесе елу миллиард текше метр газдан асатын болса, Келісімшартқа Қосымшада Келісімшарт бойынша Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көрсетілген, Келісімшарттың осы бөлімінің міндеттемелеріне теңестірілетін қосымша міндеттемелердің бірі белгіленеді.";

      8-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бөлім. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары

      1-параграф. Жалпы талаптар

      39. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      40. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған көмірсутек кен орнын игеру жобасына, сынамалап пайдалану жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.

      41. Жобалау құжаттарында көзделмеген, сондай-ақ жобалау құжаттары болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

      42. Жобалау құжаттарында көзделген көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу әдістері мен тәсілдері жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес болуы тиіс.

      43. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды жүргізу үшін қажетті жобалау құжаттарының түрлері, құрамы және оларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.

      44. Өндіруді жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға тиіс.

      45. Өндіру жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне сәйкес базалық жобалау құжаттарында көзделмеген көмірсутектердің ысырабын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс.

      46. Мемлекеттің Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды және ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті), стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға арналған басым құқығы болады.

      47. Келісімшарттың 48-тармағының ережелерін ескере отырып, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде мәміле жасау күніне қалыптасқан қолданатын бағадан аспайтын бағамен жер қойнауын пайдаланушы иеліктен шығаратын көмірсутектерді сатып алуға Қазақстан Республикасының басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.

      Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектер көлемі өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігі негізге алына отырып және жер қойнауын пайдаланушы орналасқан өңірдің өндірген үлесіне өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен өндіру үлесіне барабар айқындалатын болады.

      Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.

      Жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде қолданатын көмірсутектер бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, көмірсутектерді мемлекеттің сатып алуы бойынша мәміле жасалған күнге әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.

      48. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар өздері өндірген және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес оған тиесілі тауарлық газды сатып алуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы бар.

      49. Төтенше немесе әскери жағдай енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі көмірсутектердің бір бөлігін немесе барлық көмірсутектерді өз меншігіне алуға құқылы. Өз меншігіне алу төтенше немесе әскери жағдайдың толық қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының қажеттіліктеріне қажетті мөлшерде жүзеге асырылуы мүмкін.

      50. Қазақстан Республикасы өз меншігіне алған көмірсутектерді заттай нысанда немесе жер қойнауын пайдаланушы көлік шығыстары мен өткізуге жұмсалған шығындарды шегергенде, көмірсутектермен мәмілелер жасаған кезде қолданылатын бағалардан аспайтын бағалар бойынша теңгемен төлеу арқылы олардың құнын өтеуге кепілдік береді.

      51. Кодекстің 77-бабы 3-тармағының 1)6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган геологиялық ақпаратты оны жариялау немесе оған ашық қолжетімділік құқығын беру арқылы ашады.

      52. Кодекстің 22-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде басқа адамдарға жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде еркін жүріп-тұруға, егер қауіпсіздіктің ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, жалпы пайдаланудағы объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға кедергі келтірмеуге міндеттенеді.

      53. Жер қойнауын пайдаланушы жеңіл көмірсутектердің өндірілген кең фракциясын иеліктен шығаруға не процессингке беруге ниеттенген жағдайда, мұндай иеліктен шығаруды немесе процессингке беруді тек қана өндірістік қуаты Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндірушілер жүзеге асыруға тиіс.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Көмірсутектерді, оның ішінде теңізде өндіруді жүргізудің міндетті шарттары:

      1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;

      2) жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесі негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану;

      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау;

      4) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды есепке алуды жүргізуге және мынадай есептерді:

      1) геологиялық есепті;

      2) лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау туралы есепті;

      3) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есепті;

      4) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есепті;

      5) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есепті;

      6) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есепті;

      7) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамы туралы есепті беруге міндеттенеді.

      Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 1) тармақшасында көзделген есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ұсынылады.

      Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген есеп құзыретті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен ұсынылады.

      Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 3) – 7) тармақшаларында көзделген есептер көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысандарда және тәртіппен ұсынылады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған төмендегі міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін:

      1) жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 10 % мөлшерінде;

      2) тиісті жылдың кез келген есепті тоқсанында кадрлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 АЕК мөлшерінде, бірақ жылына бір реттен артық емес;

      3) Келісімшартта көзделген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының 10% мөлшерінде;

      4) Келісімшарттың 35-тармағына сәйкес графиктерде белгіленген көлемде мұнайды Қазақстан Республикасының аумағына және одан тыс жерге қайта өңдеуге жеткізу жөніндегі міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін – 10 000 АЕК мөлшерінде;

      5) жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оның мердігерлерінің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібін сақтау жөніндегі міндеттемелерді бұзғандығы үшін – мынадай түрде жасалған бұзушылық сомасының 5% мөлшерінде:

      көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген тәсілдермен, яғни сатып алу тәсілін таңдау тәртібінің талаптарын бұза отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      конкурстық құжаттаманы көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып жасау;

      әлеуетті жеткізушілерге көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген талаптарды қою;

      әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз түрде қабылдамау және/немесе негізсіз түрде қатыстыру;

      көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып шарт жасасу;

      көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып, бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

      Ескертпе: дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын ұлттық басқарушы холдинг тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға осы тармақша қолданылмайды;

      6) үлгілік Келісімшарттың 21 және 22-тармақтарына сәйкес бағдарламаларды, ақпаратты және есептерді ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін – 100 АЕК мөлшерінде;

      7) төмендегі тармақтарға сәйкес хабарламаларды жолдамағаны немесе уақтылы жолдамағаны үшін:

      үлгілік Келісімшарттың 25-тармағына сәйкес – 5000 АЕК мөлшерінде;

      үлгілік Келісімшарттың 17 және 26-тармақтарына сәйкес – 2000 АЕК мөлшерінде.

      8) Келісімшарттың 38-тармағында көрсетілген жобалау құжаттар көрсеткіштерінің біреуін орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін – 20 000 АЕК мөлшерінде тұрақсыздық төлемі ретінде жауап береді.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Елішілік құндылық бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы және Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, сондай-ақ өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар көлемдері туралы ақпарат құпия болып танылмайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған кезде, жер қойнауын пайдаланушы:

      1) кәсіпкерлік мақсатта бөлінген жер қойнауы учаскесінің шегінде жер қойнауын өтеулі негізде пайдалануға;

      2) жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал қажет болғанда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен ұсынылған басқа жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттардың негізінде жер қойнауы учаскесіндегі әрі оның шегінен тыс жердегі баршаға ортақ объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға;

      3) Келісімшарт бойынша операторды тағайындауға;

      4) Кодексте белгіленген тәртіппен және талаптармен өндіруге арналған бүкіл учаскені қайтару арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға;

      5) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңінде кен орнын игеру жобасын әзірлеу, бекіту және Кодексте белгіленген сараптамалардан өткізуді, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген сараптамалардан оң қорытынды алған тәжірибелік-өнеркәсіптік жобаға сәйкес жер қойнауы учаскесінде уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді жүзеге асыруға;

      6) өндіру кезеңінде уранды өндіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген сараптамалардан оң қорытынды алған кен орнын игеру жобасына сәйкес уран кен орнының геологиялық құрылымын және қорларын нақтылау мақсатында өндіру учаскесін жете зерттеуге;

      7) өндіру кезеңін бекітуге өтініштер беруге;

      8) өндіру кезеңін ұзартуға өтініштер беруге;

      9) жер қойнауы учаскесін түрлендіруге өтініштер беруге;

      10) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды пайдалануға арнайы рұқсатты алмай, жер қойнауы учаскесі шегінде уранды және өнімділік ерітінділерден алынған құрамында пайдалы компоненттері бар басқа да пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте минералдық шикізатты шығару жөніндегі операцияларға байланысты жерасты сілтісіздендіру тәсілі кезінде жер бетіне шығарылған өнімділік ерітінділер, егер осы ерітінділер олардан уран және басқа да ілеспе пайдалы қазбалар алынғаннан кейін сол көлемде жер қойнауына айдалса, жерасты суларын өндіруге жатпайды;

      11) Кодекстің 28-1-бабына сәйкес жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған уран өндіру саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді ерікті негізде жасасуға құқылы.";

      орыс тіліндегі мәтін 18-тармақпен толықтырылады;

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Келісімшарттың 5-тармағында белгіленген келісімшартты қолданылу мерзімі аяқталған кезде, технологиялық объектілерді консервациялауға немесе жоюға және жер қойнауын пайдаланудың салдарларына байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі кез келген операцияларды тоқтатуға міндетті.";

      21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Өндіру кезеңі ішінде, екінші жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17020 болып тіркелген) бекітілген Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және (немесе) уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының уран өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17096 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларына сәйкес алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының уран өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      3) алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті.

      Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамыту шығыстарын қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерін дамытуға және қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ осы мақсаттарда оның мемлекеттік бюджетке аударатын қаражаты жатады.

      Белгіленген минимумнан асатын, осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылған қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындауы есебіне келесі жылы ескеріледі.

      22. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы және оның мердігерлері уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      23. Жер қойнауын пайдаланушы уран өндіру саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17016 болып тіркелген) бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларының нысандарын және оларды ұсыну қағидаларына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі оператор тартылған жағдайда, оның ақылы көрсетілетін қызметтерін жоспарлы сатып алуы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

      24. Жер қойнауын пайдаланушы Кодексте және Келісімшарттың 51-тармағында көзделген есептерді ұсынуға міндетті.

      25. Уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Кадрлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесі басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша _%, құрылымдық бөлімшелер басшылары бойынша _%, мамандар бойынша _%, білікті жұмысшылар бойынша _% құрауға тиіс.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоратившілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс. Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17021 болып тіркелген) бекітілген Кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Жер қойнауын пайдаланушы мердігерлік жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, қазақстандық персоналға тартылған шетелдік қызметкерлермен салыстырғанда еңбекақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.

      27. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде сатып алынатын жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16851 болып тіркелген) сәйкес Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі күнтізбелік бір жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс.

      Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықтың үлесін есептеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      28. Жер қойнауын пайдаланушы Құзыретті органды жер қойнауын пайдаланушының қызметін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамының өзгергені туралы осындай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге міндетті.

      29. Жер қойнауын пайдаланушы осындай жер қойнауын пайдалану құқығын берген мемлекеттік органға жер қойнауын пайдалану жөніндегі оператордың өкілеттіктерінің тоқтатылғандығы туралы дереу хабарлауға міндетті.

      30. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) бекітілген Көмірсутектерді барлауды және өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және жою қағидаларында және Келісімшарттың 8-бөлімінің 4-параграфында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын өз қаражаты есебінен жоюға міндетті. Келісімшарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерінің тоқтатылуына әкелмейді.

      31. Жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді ұсыну жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындаудан босатпайды.

      32. Егер жер қойнауын пайдаланушы ұсынған қамтамасыз ету онымен байланысты болмайтын себептермен Кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін болып қалса немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күннің ішінде мұндай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушы осындай ауыстыруды жүргізбеген болса, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тез арада тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға қамтамасыз етуді қалпына келтіргеннен немесе ауыстырғаннан кейін ғана жол беріледі.

      33. Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы консервациялау жобасында белгіленген мерзімде жер қойнауы учаскесін консервациялауды жүргізуге міндетті.";

      8-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бөлім. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары

      1-параграф. Жалпы талаптар

      34. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс.

      35. Уран өндіру жөніндегі операциялар жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және (немесе) кен орнын игеру жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.

      36. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды жүргізу үшін қажетті жобалау құжаттарының түрлері, құрамы және оларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларымен айқындалады.

      37. Мемлекеттің Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды және ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті), стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға арналған басым құқығы болады.

      38. Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар Кодекске сәйкес алған геологиялық есептердегі және басқа құжаттамадағы геологиялық ақпаратты оны жариялау немесе оған ашық қолжетімділік құқығын беру арқылы ашуға құқылы.

      39. Кодекстің 24-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде басқа адамдарға жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде еркін жүріп-тұруға, егер қауіпсіздіктің ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, жалпы пайдаланудағы объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға кедергі келтірмеуге міндеттенеді.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды есепке алуды жүргізуге және мынадай есептерді:

      1) геологиялық есепті;

      2) геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлары туралы жария есептілігінің қазақстандық кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес дайындалған құзыретті тұлғаның қорлар бойынша есебін;

      3) келісімшарттық талаптарды орындау туралы есепті;

      4) уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есепті;

      5) уранды өндіру бойынша жүргізілген операциялар және оларға жұмсалған шығыстар туралы есепті;

      6) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есепті;

      7) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есепті;

      8) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығыстар туралы есепті;

      9) уран өндіру бойынша есепті;

      10) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есепті;

      11) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есепті ұсынуға міндетті.

      Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ұсынылады.

      Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 3) – 5) тармақшаларында көзделген есептер құзыретті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысанда және тәртіппен ұсынылады.

      Үлгілік Келісімшарттың осы тармағының 6) – 11) тармақшаларында көзделген есептер уран өндіру саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бекітілген нысандарда және тәртіппен ұсынылады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған төмендегі міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін:

      1) жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 10 % мөлшерінде;

      2) кадрлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін тиісті жылдың кез келген есепті тоқсанында 2000 АЕК мөлшерінде, бірақ жылына бір реттен артық емес;

      3) Келісімшартта көзделген міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының 10% мөлшерінде.

      4) жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оның мердігерлерінің Кодексте белгіленген уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібін сақтау жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін – мынадай түрде жасалған бұзушылық сомасының 5% мөлшерінде:

      уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде көзделмеген тәсілдермен, сондай-ақ сатып алу тәсілін таңдау қағидаларының талаптарын бұзумен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      конкурстық құжаттаманы уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып жасау;

      әлеуетті жеткізушілерге уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында көзделмеген талаптарды қою;

      әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз түрде қабылдамау және/немесе негізсіз түрде қатыстыру;

      уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып шарт жасасу;

      уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің талаптарын бұза отырып, бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

      Ескертпе: дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын ұлттық басқарушы холдинг тікелей немесе жанама иеленетін, жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға осы тармақша қолданылмайды;

      5) үлгілік Келісімшарттың 23 және 24-тармақтарына сәйкес бағдарламаларды, ақпаратты және есептерді ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін – 100 АЕК мөлшерінде;

      6) төмендегі тармақтарға сәйкес хабарламаларды жолдамағаны немесе уақтылы жолдамағаны үшін:

      үлгілік Келісімшарттың 28-тармағына сәйкес – 5000 АЕК мөлшерінде;

      үлгілік Келісімшарттың 20, 29-тармақтарына сәйкес – 2000 АЕК мөлшерінде.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Елішілік құндылық бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар туралы және Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар көлемдері туралы, сондай-ақ өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындар туралы ақпарат құпия болып саналмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады