БҰЙЫРАМЫН:
1. "Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін құру әдістемесін бекіту туралы" (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14241 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін құру әдістемесінде:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Коммерциялық жылжымайтын мүліктің осы типі статистикалық байқау үшін объектілердің төрт негізгі түріне бөлінеді:
1) химиялық тазалау және кір жуу;
2) фотосалондар;
3) шаштараздар мен сұлулық салондары;
4) фитнес клубтар мен жаттығу залдары.";
бесінші бөлігі алынып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Бағаларды тіркеу Заңның 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес бекітілетін "Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы туралы есеп" (1-Ц (жалға беру)) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын базалық объектілердің толтыруы және мемлекеттік статистика органдарына ұсынуы арқылы тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қосымша құн салығын қоса алғанда есепті тоқсанға орташа алғандағы коммерциялық жылжымайтын мүліктің жалға берілетін алаңының бір шаршы метрін жалдаудың қолданыстағы бағасы тіркеуге жатады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін құру мынадай кезеңдерден тұрады:
1) өңір және республика бойынша коммерциялық жылжымайтын мүліктің түрлері бойынша жалға берудің орташа бағаларын айқындау;
2) өткен тоқсанға есепті кезеңдегі коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлеріне жеке баға индекстерін айқындау;
3) агрегаттаудың әр сатысы бойынша өткен тоқсанға есепті кезеңдегі агрегатталған баға индекстерін айқындау;
4) салыстырудың қалған барлық кезеңдеріне (өткен жылғы 4 тоқсанға, өткен жылғы тиісті тоқсанға) есепті кезеңдегі жеке және агрегатталған баға индекстерін айқындау.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Агрегаттаудың ең төменгі сатысында есептелетін жеке баға индексі ағымдағы және базисті кезеңде коммерциялық жылжымайтын мүліктің нақты түріне бағаны салыстырудың қарапайым қатыстық шамасы болып табылады. Жеке баға индексі байқалатын коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлерінің барлық тізбесі бойынша әр базалық объект, өңір, республика бойынша жеке айқындалады:
(3) |
мұндағы
ij – коммерциялық жылжымайтын мүліктің нақты түрінің жеке баға индексі;
Pt – есепті тоқсандағы баға;
P(t-1) – өткен тоқсандағы баға.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Өткен жылғы тиісті тоқсанға есепті жылғы тоқсандық баға индексін есептеу есепті жылғы индекстік қатардағы тоқсандық баға индексін өткен жылғы осы қатардағы тоқсандық баға индексіне бөлу арқылы жүзеге асырылады:
(5) |
мұндағы
Ijt – коммерциялық жылжымайтын мүліктің j түрінің есепті g жылғы t айының өткен g-1 жылғы сәйкес тоқсандық баға индексі;
Itg – индексті қатардағы есепті g жылғы t тоқсандық баға индексі;
Itg-1 – индексті қатардағы алдыңғы g-1 жылғы t тоқсандық баға индексі.";
39-40-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшының міндетін атқарушы | Ж. Джаркинбаев |