Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 мамырдағы № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28278 болып тіркелді.

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 30 мамырдағы
№ 305 бұйрығымен
бекітілген

Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 31.07.2024 № 285 (09.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 29) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда № 6394 болып тіркелген) Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларына сәйкес әзірленген және өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) аралық өнім – төмен технологиялық күрделілігімен және өңдеудің қарапайымдылығымен сипатталатын тауарлар, олардың көпшілігі кейінгі өндірістер үшін аралық тауарлар, сондай-ақ бастапқы материалдарды көп сатылы өңдеудің нәтижесі болып табылатын төмен технологиялық күрделіліктегі дайын тауарлар немесе жартылай фабрикаттар (аралық тауарлар) материалдар;

      2) қорытынды – уәкілетті орган сараптама негізінде дайындаған өтініш берушіге жауап хат;

      3) отандық шикізат тауарлары – өнеркәсіп кәсіпорындары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қуаттылықтарда өндірген, одан әрі өнеркәсіптік өңдеуге арналған, бастапқы өңдеуден өткен өнеркәсіптік базалық биржалық материалдар (кендер мен концентраттарды қоспағанда), яғни материалдар;

      4) отандық шикізат тауарын өндіруші – Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі өнеркәсіптік өңдеу үшін пайдаланылатын отандық шикізат тауарының меншік иесі болып табылатын заңды тұлға;

      5) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорны – қызметі жаңа өнімге (тауарға, оның ішінде азық-түлік тауарларына) арналған шикізатты, материалдарды, заттарды, компоненттерді өңдеумен байланысты жеке немесе заңды тұлға;

      6) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі өтініш беруші (бұдан әрі - өтініш беруші) – Қазақстан Республикасының аумағында тиісті шикізаттан дайын өнімді өндіру бойынша технологиялық және техникалық активтері бар өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорны;

      7) өндірістік активтер – өндіріске тікелей қатысатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансындағы негізгі құралдарға жататын ұзақ мерзімді активтер;

      8) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде өнеркәсіп саласында басшылықты, салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      9) өтінім – осы Қағидаларға сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі өтініш;

      10) сараптама – ұсынылған құжаттарға сәйкес өтінім берушіге отандық шикізатты берудің орындылығын немесе орынсыздығын айқындау мақсатында уәкілетті орган жүргізетін зерттеу;

      11) технологиялық және техникалық активтер – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінде қолданылуы белгілі бір өнімді шығаруды қамтамасыз ететін технологиялық процестерді орындауға арналған өндірістік жабдықтың болуы;

      12) түпкілікті өнім – өндірістің неғұрлым күрделі технологиясымен тереңдете қайта өңдеу нәтижесін білдіретін, одан әрі қайта өңдеуге/өңдеуге жатпайтын, өткізуге және тұтынуға арналған дайын тауарлар.

2-тарау. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тәртібі

      3. Осы Қағидаларға сәйкес отандық шикізатты беруді Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын отандық шикізатты өндірушілер уәкілетті органның қатысуымен отандық шикізатты өндірушілер мен өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік келісімге (бұдан әрі – Келісім) сәйкес жасалған Келісім негізінде жеткізу арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырады.

      4. Уәкілетті орган отандық шикізатты беруге өтінімдерді қабылдауды тұрақты негізде жүзеге асырады.

      5. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының отандық шикізатты алу рәсімі мынадай:

      1) өтінімдерді қабылдау;

      2) уәкілетті органның өтінімдерді осы Қағидаларға сәйкестігі тұрғысынан қарау;

      3) уәкілетті органның сараптама жүргізу;

      4) қорытынды беру;

      5) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорны мен отандық шикізат өндірушісі арасында Келісім жасасу кезеңдерін қамтиды.

      6. Уәкілетті орган осы Қағидалар колданысқа енген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, бұдан әрі жыл сайын, 15 қаңтардан кешіктірмей ресми бұқаралық ақпарат құралдарында отандық шикізатты алуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жариялайды, өзінің ресми интернет-сайтында өтінімдерді қабылдаудың шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты адамдардың байланыс деректерін көрсете отырып орналастырады.

      7. Отандық шикізатты алу үшін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорны уәкілетті органға мынадай құжаттардың тізбесін ұсынуы қажет:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім;

      3) технологиялық процесті және тауар бірлігіне шикізатты тұтыну нормаларын сипаттай отырып, тауарларды өндірудің техникалық регламенті немесе технологиялық шарттары.

      8. Отандық шикізат тауарын алуға өтінім уәкілетті органға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бірінші басшының қолымен расталған қағаз немесе электрондық нысанда (PDF немесе jpeg форматында) жіберіледі.

      9. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, оларда көрсетілген деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өтінімдерін қабылдаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      құжаттардың толық емес пакеті;

      Қазақстан Республикасында талап етілетін отандық шикізатты өндірушілердің болмауы.

      10. Уәкілетті органмен қабылданған өтінімдер осы Қағидаларына сәйкес тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      11. Өтінім осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда, өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өтініш берушіге пошта арқылы және/немесе өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша сәйкессіздіктер туралы хабарлама жібереді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын ескере отырып, өтінімді қайта береді.

      12. Қабылданған өтінімдер осы Қағидаларға сәйкес келген жағдайда, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өтінімге сараптаманы жергілікті жерге барып жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 13-тармағына сәйкес қорытынды жасайды.

      13. Өтінім сараптамасы қорытындысының мазмұны:

      1) өтінімнің Қағидаларға сәйкестігі;

      2) өтінім берушіде өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы бар, өтінімде көрсетілген тауарларды өндіруге арналған технологиялық және техникалық активтердің болуы;

      3) өндірілетін өнім бірлігіне шаққандағы шикізатты тұтыну нормаларын көрсете отырып, қажетті отандық шикізаттың түрі және оны жылдар бойынша күтілетін тұтыну.

      14. Қорытынды өтініш берушіге электрондық пошта арқылы жіберіледі.

      Оң қорытынды болған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес отандық шикізат тауарларының тізбесін бекітеді, ол уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Отандық шикізат тауарларының тізбесін қалыптастыру және бекіту ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін және отандық шикізатты жеткізу жылының алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

      Отандық шикізат тауарын өндірушілер жаңа өндірістерді қоспағанда, отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізіледі.

      Жаңа өндірістер деп Қазақстан Республикасының аумағында қызметін үш жылдан аз уақыт жүзеге асырып келе жатқан кәсіпорындар түсініледі;

      шикізат тауарларын өндірудің шағын көлемін өндірушілер.

      Тауар өндірісінің шағын көлемін өндірушілер деп тауар өндіретін тауар өндірушілер түсініледі:

      металлургия саласында жылына 20 мың тоннадан аз;

      катанка өндірісі саласында жылына 3 (үш) мың тоннадан аз.

      Теріс қорытынды болған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіні Келісім жасасудың мүмкін еместігі туралы хабардар етеді.

      Теріс қорытынды беруге негіз болып табылады:

      1) өтінімнің Қағидаларға сәйкес келмеуі;

      2) өтінім берушіде өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы бар өтінімде көрсетілген тауарларды өндіру үшін технологиялық және техникалық активтердің болмауы.

      15. Сараптаманың оң қорытындысы алынған өтінімдер негізінде уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес отандық шикізат тауарларының тізбесін қалыптастырады, оны уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.

      16. Отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген отандық шикізат тауарларын өндірушілер сараптаманың оң қорытындысын алған өтініш берушілермен ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі және отандық шикізатты жеткізу жылының алдындағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде келісім жасасады.

3-тарау. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының отандық шикізат тауарымен қамтамасыз ету үлесін айқындау

      17. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының отандық шикізат тауарымен қамтамасыз ету үлесі әрбір отандық шикізат өндіруші үшін мынадай формула бойынша елдің жалпы өндіріс көлемінде отандық шикізат өндірісінің үлесіне барабар түрде анықталады:

      А(П) = B*(V(П)/V*100%), мұндағы

      А(П) – отандық шикізат тауарының көлемі, оны отандық шикізат тауарын өндіруші ұсыну керек;

      B – отандық шикізат тауарының мәлімделген жалпы көлемі;

      V(П) – отандық шикізат тауарын нақты өндірушінің өндіріс көлемі ;

      V – елдегі өндірістің жалпы көлемі.

      Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының әрбір отандық шикізатты өндірушіні отандық шикізат тауарымен қамтамасыз ету үлесін анықтауды уәкілетті орган ағымдағы жылдың 1 мамырынан және отандық шикізатты жеткізу жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.

      Отандық шикізатты өндіруші өтініш берушіге отандық шикізатты осы Қағидаларда белгіленген отандық шикізат өндірушінің тиісті кезеңдегі үлесінен асатын жағдайда беруден бас тартады.

4-тарау. Келісім шарттарының орындалуын мониторингілеу тәртібі

      18. Заңның 60-бабының 10-тармағына сәйкес уәкілетті орган осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген нысан бойынша, сондай-ақ заңмен сақталатын құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық органдарынан алынған деректер негізінде ұсынылатын Келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі – есеп) талдау арқылы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының Келісім бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асырады. Есепті өтініш беруші уәкілетті органға Келісімнің қолданылу кезеңінде жыл сайын 15 шілдеге дейін және 15 қаңтарға дейін ұсынады.

      Келісімді жасасқан тараптар Келісім шарттарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Келісім шарттарын бұзған тараптан құжаттаманы алу жолымен бұзушылық фактілерін белгілейді.

      19. Барлық есептер қағаз және/немесе электронды тасығыштарда (pdf немесе jpeg форматта) ұсынылады.

      20. Уәкілетті органның есептерді қарау мерзімі 1 (бір) айдан аспайды.

      21. Жыл сайын уәкілетті орган Келісімнің орындалу қорытындыларын тыңдауды жүргізеді.

  Өңдеу өнеркәсібі
кәсіпорындарын отандық
шикізатпен қамтамасыз
ету жөніндегі қағидаларға
1-қосымша
  нысан

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік келісім

      № _______

      "________" қаласы, 20___ жылғы "____" _______.

      Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі осы Келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар бір тараптан бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталатын _______________________________________________________(ережелер немесе бұйрықтар) негізінде әрекет ететін ______________________________________ (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі аты әкесінің аты (бар болса)) тұлғасында ______________________________________ (уәкілетті органның атауы), екінші тараптан бұдан әрі "Өндіруші" деп аталатын ______________________________________(жарғы немесе бұйрық) негізінде әрекет ететін ______________________________________ (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі аты әкесінің аты (бар болса)) тұлғасында ______________________________________ (заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі), үшінші тараптан бұдан әрі "Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны" деп аталатын ______________________________________(жарғы немесе бұйрық) негізінде әрекет ететін ______________________________________ (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі аты әкесінің аты (бар болса)) тұлғасында ______________________________________ арасында жасалды.

      Тараптар "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 29) тармақшасына сәйкес бекітілетін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:

1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Келісімнің мақсаты тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту және дамыту, кәсіпкерлік қызметті қолдау, тараптардың тең құқылығы, ашықтығы, парасаттылығы және өзара сыйластығы қағидаттары негізінде қазақстандық қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту болып табылады.

2. Ынтымақтастық саласы

      2.1. Тараптар өз күштерін мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастыққа жұмылдырады:

      2.1.1. Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық өсуін және дамуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;

      2.1.2. Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес айқындалатын бағалар бойынша қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізатпен жүктелуін қамтамасыз ету;

      2.1.3. өнім өндіру көлемін ұлғайту және қосылған құны жоғары тауарлар номенклатурасын кеңейту.

3. Тараптардың құқықтары

      3.1. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      3.2. Заңды тұлғаның Келісімді іске асыру үшін Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-әрекеттерді жасауға құқығы бар.

      3.3. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзара келісім бойынша Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

4. Тараптардың міндеттері

      4.1. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде мыналарды қамтамасыз етеді:

      4.1.1. тараптардың мүдделерінің теңгерімін сақтау;

      4.1.2. мемлекеттік реттеудің тиімділігін қоса алғанда, өнеркәсіпті қолдау тетіктерін жетілдіру;

      4.1.3. өнеркәсіп саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру.

      4.2. Өндіруші:

      4.2.1. Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін отандық шикізатқа жеңілдіктер мөлшерін көздейтін баға бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнымен жасалған келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге;

      4.2.2. осы Келісімге 1-қосымшада белгіленген көлемдежәне мерзімде жоғарыда көрсетілген баға бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің атына тиісті сападағы шикізатты өткізуге міндеттенеді;

      4.3. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны:

      4.3.1. осы Келісімге 1-қосымшада белгіленген көлемдежәне мерзімдешикізаттың келісілген көлемін сатып алуды қамтамасыз етуге;

      4.3.2. қосылған құны жоғары өнім шығаруды қамтамасыз етуге;

      4.3.3. осы Келісімге 6-қосымшаға сәйкес осы өнім шикізат болып табылатын өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің басқа субъектілеріне оны өткізу кезінде өз өніміне жеңілдік беруге;

      4.3.4. отандық шикізатты қайта бөлуді ұлғайтуға;

      4.3.5. Өндірушіден алынған шикізатты үшінші тұлғаларға қайта сатпауға міндеттенеді;

      Осы ереженің мақсаттары үшін отандық шикізатты өндірушімен тиісті мәміленің нысанасы болып табылатын объектіге меншік құқығын не өзге де заттық құқықтарды, оның ішінде осындай мәміленің нәтижесінде туындайтын құқықтарды иеленуді және пайдалануды қоса алғанда, меншік құқығын басқаға беруді тікелей немесе жанама (оның ішінде туынды қаржы құралдарын шығару жолымен) көздейтін кез келген мәміле болашақта қайта сату болып табылады. Қайта сату тиісті отандық шикізат Келісім бойынша сатып алынған тауар өнімін өндіру мақсаттары үшін пайдаланылғаннан кейін мұндай отандық шикізатты сатуды қамтымайды.

      4.3.6. Қағидалардың 18-тармағына сәйкес өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының өз өндірістік қажеттіліктері үшін отандық шикізатты мақсатты пайдалануын мониторингтеу үшін өзінің өндірістік алаңдарына және тиісті бухгалтерлік құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

5. Өзара әрекеттесу нысандары

      5.1. Осы келісім шеңберінде Тараптардың өзара іс-қимылы:

      5.1.1. ынтымақтастық саласына жататын ақпарат алмасу (Тараптардың бір-біріне хабарламалар жіберуі, Тараптар өкілдерінің кездесулерін ұйымдастыру арқылы);

      5.1.2. Тараптардың қызметіне қатысты және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша консультациялар;

      5.1.3. осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бірлескен іс-шараларды жоспарлау;

      5.1.4. өзара әрекеттесудің басқа формалары мен тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

6. Келісім шарттарын түзету шарттары

      6.1. Осы Келісімнің қолданылу кезеңінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қажетті шикізат көлемін жылына 2 рет көлемді төмендету жағына қарай түзетуді жүзеге асыруға құқылы.

      Көлемді ұлғайту жағына түзетуге осы Келісімді жасасқан тараптардың келісімі бойынша ғана жол беріледі.

      6.1.1. Бірінші түзету жағдайында осы Келісімге сәйкес көлемнің жиырма пайыздан аспайтын өзгеруіне жол беріледі.

      6.1.2. Екінші түзету жағдайында осы Келісімге сәйкес бірінші түзетуден кейін алынған көлемнің он пайызынан аспайтын көлемнің өзгеруіне жол беріледі.

      6.1.3. Одан әрі түзетуге осы Келісімді жасасқан тараптардың келісімі бойынша ғана жол беріледі.

      6.1.4. Қажетті шикізат көлемі көлемді төмендету жағына қарай түзетілген жағдайда, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны бұл туралы басқа Тараптарды осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес түзетілген жоспар-кестені қоса бере отырып, жазбаша хабарлама жіберу арқылы күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Өндіруші осы Келісімнің талаптарын отандық шикізат тауарын жеткізу бөлігінде орындамаған жағдайда өндіруші өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорнына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген _ _ _ _ _ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл санкцияларын төлейді.

      7.2. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны осы Келісімнің талаптарын отандық шикізат тауарын тиеп жөнелту бөлігінде орындамаған жағдайда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны өндірушіге республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген _ _ _ _ _ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл санкцияларын төлейді.

      7.3. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының осы Келісімнің 4.3.2-4.3.5-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзуы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі тиісті келісімді бұзуға және болашақта осындай келісімдерге қатысуға тыйым салуға әкеп соғады.

      7.4. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны 4.3.6-тармаққа сәйкес мониторинг жүргізу мүмкіндігін беруден бас тартқан кезде. немесе мониторинг кезінде 4.3.2-4.3.5-тармақтардың бұзылу фактілері анықталған кезде. осы Келісімнің негізінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорныөндірушіге Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген берілген жеңілдік пен қол қойылған Келісім шеңберінде бұрын жеткізілген отандық шикізаттың барлық көлеміне отандық шикізаттың нарықтық бағасы арасындағы айырманы кейіннен отандық шикізаттың нарықтық бағасын қолдана отырып өтеуге міндетті.

8. Форс-мажор

      8.1. Егер мұндай орындамау немесе орындау кезінде кідіріс еңсерілмейтін күш мән-жайларынан (бұдан әрі – форс-мажор) туындаса, Тараптардың ешқайсысы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      8.2. Форс-мажорға еңсерілмейтін күш жағдайлары, яғни осы жағдайларда төтенше және алдын алуға болмайтын жағдайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және т.б.) жатады.

      8.3. Форс-мажорлық жағдайлардан туындаған келісім бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру кезінде бұл жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың қолданылу мерзіміне ұзартылады және форс-мажор тоқтатылған кезден бастап қайта басталады.

      8.4. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен тарап олар пайда болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тараптарды оқиғаның басталу күнін көрсете отырып және форс-мажорлық мән-жайларды сипаттай отырып, жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      8.5. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін табу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.

9. Құпиялылық

      9.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оны іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, Ақпарат және есептер бойынша құпиялылық шарттарын сақтайды.

      9.2. Тараптардың ешқайсысы, екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты немесе Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия болып саналатын және осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.

10. Дауларды шешу

      10.1. Даулы жағдайлар туындаған жағдайда Тараптар Келісімнің кез келген ережелерін орындауға немесе түсіндіруге байланысты даулар мен келіспеушіліктерді мүдделі Тараптармен келіссөздер жүргізу жолымен шешу үшін барлық күш-жігерін салуға міндеттенеді.

      10.2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

      10.3. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктер толық шешілгенге дейін Келісімде белгіленген міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.

11. Қорытынды ережелер

      11.1. Осы Келісім 3 (үш) жылға дейін мерзіммен жасалды.

      Келісім жасасу мерзімін ұзарту мүмкіндігі шығарылатын өнімді өңдеп жасау жоғарлаған, сондай-ақ түпкілікті өнім өндірілген жағдайда беріледі.

      11.2. Тараптардың ұсыныстары бойынша қабылданатын осы Келісімнің толықтырулары мен өзгерістері жазбаша түрде ресімделеді және Тараптар оларға қол қойған кезден бастап оның ажырамас бөлігіне айналады.

      11.3. Осы Келісім бірдей заңды күші бар Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден үш данада жасалды.

12. Тараптардың қолдары

      Өндіруші

      ____________________________________

      (тегі аты әкесінің аты (бар болса)

      Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны

      ____________________________________

      (тегі аты әкесінің аты (бар болса)

      Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган

      ____________________________________

      (тегі аты әкесінің аты (бар болса)

  Өңдеу өнеркәсібінің
кәсіпорындарын отандық
шикізатпен қамтамасыз
ету жөніндегі үлгілік келісімге
1-қосымша

Жоспар-кесте


Бірінші күнтізбелік жыл

Екінші күнтізбелік жыл

Үшінші күнтізбелік жыл

Бірінші күнтізбелікжылдың бірінші айы/тоқсаны

Бірінші күнтізбелік жылдың соңғы айы/тоқсаны

Екінші күнтізбелік жылдың бірінші айы/тоқсаны

Екінші күнтізбелік жылдың соңғы айы/тоқсаны

Үшінші күнтізбелік жылдың бірінші айы/тоқсаны

Үшінші күнтізбелік жылдыңсоңғы айы/тоқсаны

Шикізаттүрі / көлемі, тонна






























Тараптардың қолдары

      Уәкілетті орган

      _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өндіруші

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Өңдеу өнеркәсібінің
кәсіпорындарын отандық
шикізатпен қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
  нысан

Отандық шикізат тауарларының тізбесі

р/с №

Отандық шикізат тауарын өндірушілердің атауы

Отандық шикізат тауарының атауы

1



2



  Өңдеу өнеркәсібінің
кәсіпорындарын отандық
шикізатпен қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
3-қосымша
  Өтінімді толтыру күні:
20____ жылғы "____" ________.

Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі ӨТІНІШ ________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы / тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке кәсіпкер/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, байланыс телефоны және Е-mail)

      осы өтінішті қамтамасыз етуге қажетті құжаттар пакетімен бірге жібереді отандық шикізатпен:

      ________________________________________________________________

      _______ (шикізат түрлерін көрсету)

      Тауарларды өндіру үшін:

      1) __________________________________________________________________

      2) ___________________________________________________________________

      (тауардың түрлерін, сыртқы экономикалық қызметтің Тауар

      номенклатурасының кодын көрсету)

      Жылдар бойынша сұратылатын шикізат көлемі (3 (үш) жылға болжам):

Шикізаттың түрі

Өлшем бірлігі

Жылдар














      1. Жалпы мәліметтер:

      1) кәсіпорынның толық атауы;

      2) Кәсіпорынның орналасқан жерінің мекенжайы;

      3) кәсіпорынның бірінші басшысы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;

      4) кәсіпорынның салалық тиесілігі;

      5) кәсіпорынды пайдалануға беру күні;

      6) отандық шикізат тауары талап етілетін өндірілетін тауардың түрлері, тауар бірліктеріндегі жылдық қуаты*;

      7) жұмыс орындарының саны.

      2. Кәсіпорын қызметінің бес жылдағы немесе кәсіпорын пайдалануға берілген сәттен бастап өндірістік-экономикалық көрсеткіштерінің серпіні:

      1) өндірісі үшін отандық шикізат талап етілетін тауарлардың нақты және құндық көлемі (тауардың әрбір түрі бойынша);

      2) жыл бойынша және ағымдағы жылдың өткен кезеңі үшін бюджеттік аударымдардың сомасы.

      3. Өткізу нарығы (өндіруге отандық шикізат талап етілетін тауарлар жеткізілетін елдер, өңірлер (тауардың әрбір түрі бойынша).

      * - кабель-өткізгіш өнімдерін өндірушілер үшін – қайта өңделген шикізат тауарларының салмағы

      Отандық шикізатқа қажеттіліктің негіздемесі қоса берілген құжаттарда келтірілген. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз. Қағидаларға сәйкес талап етілетін құжаттар _____ парақта қоса беріледі.

_________________________
(бірінші басшы)

_______________
(қолы, мөрі)

______________________________
(адамның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда
өкілеттігі бар)
құжаттарға қол қою үшін
өтініш берушінің атынан)

      Материалдарды алғаны туралы белгі

      Алған күні: 20__ жыл "___"________________.

      Өтінімнің тіркеу нөмірі _________________

      Тіркеуші ____________ ( тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Ескертпе: ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы немесе уәкілетті тұлға қол қояды.

  Өңдеу өнеркәсібінің
кәсіпорындарын отандық
шикізатпен қамтамасыз
ету жөніндегі қағидаларға
4-қосымша
  нысан

Бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім беру (өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының толық атауы)

      уәкілетті органға бастапқы статистикалық деректерді ашуға келісім береді,

      ___________________________________________

      (органның атауыа)

      __________________________________________________________________

      Бірінші басшы: ______________________________________________

      Қолы: _______ (мөрдің орны),

      толтырылған күні 20__ жылғы "__" ______ _____________

      Мөр (бар болса)

  Өңдеу өнеркәсібінің
кәсіпорындарын отандық
шикізатпен қамтамасыз
ету жөніндегі қағидаларға
5-қосымша
  нысан

Титул парағы

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс минитрлігіне.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.mps.gov.kz

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-КОЕ

      Жиілігі: жарты жылда 1 рет

      Есепті кезең: жыл сайын 15 шілдеге дейін және 15 қаңтарға дейін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөнінде келісім жасасқан өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын 15 шілдеге дейін және 15 қаңтарға дейін

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп

Р/с№

Өнім берушінің атауы

Алынған шикізат тауарының атауы

Алынған шикізат тауарының көлемі, тонна

Өндірілген өнімнің атауы

Өндірілген өнімнің көлемі, тонна

Өткізу орны

Өткізілген өнімнің көлемі, тонна

Экспортқа өткізіклген өнімнің көлемі, тонна

Өткізу бағасы, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















      Атауы                                                 Мекенжайы

      _____________________________                   ________________________________

      ______________________________             _______________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________

      Орындаушы

      ____________________________________                   _________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      _______________________

"Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсініктеме (1-КОЕ, жарты жылда 1 рет)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы нысан Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы мониторингін іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктемелер:

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарымен "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жасасқан отындық шикізат тауарын өнім берушінің атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарының атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарының көлемі тоннамен көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарынан өндірілген өнімнің атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарынан өндірілген өнімнің көлемі тоннамен көрсетіледі.

      9. Нысанның 7-бағанында "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарынан өндірілген өнімнің іске асыру орны елді/өңірді көрсете отырып көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарынан өндірілген өнімнің көлемі тоннамен көрсетіледі.

      11. Нысанның 9-бағанында "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған, экспортқа өткізілген шикізат тауарынан өндірілген өнімнің көлемі тоннамен көрсетіледі.

      12. Нысанның 10-бағанында "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарынан өндірілген өнімнің іске асыру бағасы мың теңгемен көрсетіледі.

  Өңдеу өнеркәсібінің
кәсіпорындарын отандық
шикізатпен қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
6-қосымша

Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін отандық шикізатқа жеңілдіктердің мөлшері

      Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер ерекше бәсекеге қабілетті баға белгілеу шарттарында жасалады, бірақ нақты отандық шикізат тауарын өндіруші шикізаттың осы түрінің экспортының ең төменгі бағасынан аспайды.

      1) металлургия өнеркәсібі үшін:

      баға белгілеу кезеңі - жеткізудің алдыңғы айындағы London Metal Exchange (Лондон металдар биржасы) жарияланатын ең жоғары және ең төменгі бағалардың орташа мәні айқындалатын соңғы айдың интервалында белгіленетін, күнтізбелік отыз күнге тең баға белгілеу кезеңі.


Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды

Шикізаттың атауы

Шикізатқа жеңілдік мөлшері
(аралық өнім үшін)

Шикізатқа жеңілдік мөлшері
(түпкілікті өнім үшін)

1

76 01 10

Бастапқы өңделмеген алюминий

Лондон металл биржасының баға белгілеу кезеңіндегі бағасының 1%

Баға белгілеу кезеңіндегі London Metal Exchange бағасының 5%

2

74 03 11
74 03 19

Тазартылған, өңделмеген мыстан жасалған катодтар мен катод секциялары.
Тазартылған, өңделмеген өзге де мыс

Лондон металл биржасының баға белгілеу кезеңіндегі бағасының 1%

Лондон металл биржасының баға белгілеу кезеңіндегі бағасының 5%

3

78 01 10

Өңделмеген тазартылған қорғасын

Баға белгілеу кезеңіндегі Лондон металл биржасының бағасынан 40 доллар

Баға белгілеу кезеңіндегі Лондон металл биржасының бағасынан 40 доллар

4

79 01 11

Өңделмеген мырыш, қоспаланбаған

Баға белгілеу кезеңіндегі Лондон металл биржасының бағасынан 5%

Баға белгілеу кезеңіндегі Лондон металл биржасының бағасынан 5%

5

74 08 11

Мыс катанкасы

Баға белгілеу кезеңіндегі London Metal Exchange бағасының 5%+қайта өңдеу сомасы (қайта өңдеу сомасы Келісім жасасу барысында айқындалады)

Баға белгілеу кезеңіндегі London Metal Exchange бағасының 5%+қайта өңдеу сомасы (қайта өңдеу сомасы Келісім жасасу барысында айқындалады)

6

76 05 11

Алюминий катанкасы

Баға белгілеу кезеңіндегі London Metal Exchange бағасының 5%+қайта өңдеу сомасы (қайта өңдеу сомасы Келісім жасасу барысында айқындалады)

Баға белгілеу кезеңіндегі London Metal Exchange бағасының 5%+қайта өңдеу сомасы (қайта өңдеу сомасы Келісім жасасу барысында айқындалады)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады