"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 904 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қыркүйекте № 29414 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      Қағидаларға 8, 9 және 19-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы (құрылыс-монтаждау жұмыстары) үлгілік шартта:

      4.1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;";

      Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      4.1-тармақта:

      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде көрсету;";

      10) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға;";

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшасымен толықтырылсын:

      "11) "Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген), ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде құрылыс жобасын (техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын) пайдалануға құқықтарды, оның ішінде мүліктік (айрықша) құқықтарды беру туралы үлгілік шартқа қол қоюға міндеттенеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 904 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша

Ашу хаттамасы (конкурстың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады) Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* ___________________________________________

      Конкурстың № ______________________________________________

      Конкурстың атауы __________________________________________

      Ұйымның атауы ____________________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы ______________________________

      Конкурсық комиссияның құрамы

Т.А.Ә.**

Ұйымдағы лауазымы**

Комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________

Лоттың №

Лоттың атауы

Саны

Бірлік үшін баға

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге







      Лоттың № ____________________________________________________

      Лоттың атауы ____________________________________________

      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мынадай әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / СТН / ТЕН

Әлеуетті өнім берушінің мекенжайы (облыс,қала,көше, үй, пәтер)

Өтінімдерді беру күні мен уақыты (хронология бойынша)






      Конкурстық құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің № БСН (ЖСН) / СТН / ТЕН

Құжаттың атауы

Болу белгісі




      Ескертпе:

      * Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.

      ** Мәліметтер көрсетілмейді.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 904 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
9-қосымша

Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы (конкурстың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады) Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* _____________________________________________

      Конкурстың № _________________________________________________

      Конкурстың атауы __________________________________________

      Ұйымның атауы _______________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы _________________________________

      Конкурсық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.**

Ұйымдағы лауазымы**

Комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі

      ___________

Лоттың №

Лоттың атауы

Саны

Бірлік үшін баға

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге







      Лоттың № ____________________________________________________

      Лоттың атауы ______________________________________________

      Конкусқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат туралы (хронология бойынша): (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН

Өтінім берілген күні мен уақыты
(хронология бойынша)





      Конкурстық комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері:

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН


Комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.**

Комиссия мүшесінің шешімі

Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы

Бас тарту себептеріне негіздеме

Конкурстық құжаттаманың талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілуі қажет әлеуетті өнім берушінің өтініміндегі құжаттар тізбесі







      Конкурсқа қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінімдер саны):

р/с

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН

Бас тарту себебі





      Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға өтінімдер: (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН




      Әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты: мемлекеттік сатып алудың веб-порталында осы хаттаманы жариялаған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.

      Ескертпе:

      * Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.

      ** Мәліметтер көрсетілмейді.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 904 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
19-қосымша

Қорытындылар туралы аралық хаттама (аукцион нөмірі) нөмірі сатып алу тәсілі мен нөміріне байланыстырылуы тиіс Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші*____________________________________________

      Аукцион № __________________________________________________

      Аукцион атауы ______________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы_____________________________________

      Ұйымдастырушының мекен-жайы_______________________________

      Аукциондық комиссияның құрамы:

Т.Ә.А.**

Ұйымдағы лауазымы**

Комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі__

Лот №

Лоттың атауы

Тауардың сипаттамасы

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сатып алуға бөлінген сома, теңге







      Аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (өтінімдер саны):

Аукционға қатысушының нөмірі (өтінімді беру уақыты мен күніне байланысты беріледі) және әлеуетті өнім берушінің (ашылған) атауы

БСН (ЖСН)/ССН/ТЕН

Өтінімді беру күні мен уақыты





      Аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салуды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):

Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы

Сұрау салу жіберілген күн

Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы

Жауап берілген күн






      Біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деп танылған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН/УНП


Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.**

Комиссия мүшесінің шешімі

Бас тарту себебі1

Біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау






      ________________________________________________________

      1үш мәтінді мәні бар анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының талаптарын бұзу)

      Аукциондық комиссияның шешімі:

      ________________________деген әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеді деп танылсын.

      Ескертпе:

      * Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді;

      ** Мәліметтер көрсетілмейді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (бар болса).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады