"Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қыркүйекте № 29841 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ТжКОБ) оқытудың кредиттік технологиясы бойынша (бұдан әрі - ОКТ) оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушыларды белгілі бір академиялық кезеңге (семестр немесе оқу жылы) басқа ЖЖОКБҰ-ға (ел ішінде немесе шетелде) академиялық кредиттер түрінде игерген білім беру бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖЖОКБҰ-да немесе басқа ЖЖОКБҰ-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) кредиттік ұтқырлық – білім алушыларды өзі оқитын ЖЖОКБҰ-да оқуын жалғастыру шеңберінде – академиялық кредиттерді жинақтау мақсатында шетелге белгілі бір шектеулі оқу немесе тағылымдама кезеңіне орын ауыстыру (ұтқырлық фазасынан соң студенттер оқуын аяқтау үшін өзі оқитын білім беру ұйымына оралады);";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОБӨЖ) – ЖЖОКБҰ немесе оқытушы анықтайтын жеке кесте бойынша жүргізіледі; білім алушының жұмысы білім алушының санатына қарай ол: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОСӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОМӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОДӨЖ) болып бөлінеді;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ОКТ мыналарды қамтиды:

      1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша еңбек шығынын бағалау үшін академиялық кредиттер жүйесін енгізу;

      2) ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушылардың ЖОЖ қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін, ЭПК-ге енгізілген пәндерді және (немесе) модульдерді таңдау еркіндігі;

      3) ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ-лар үшін пәндерге тіркеу кезінде білім алушылардың оқытушыны таңдау еркіндігі;

      4) оқу процесіне білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді тарту;

      5) интерактивті оқыту әдістерін пайдалану;

      6) білім беру бағдарламасын игеруде білім алушылардың өзіндік жұмысын жандандыру;

      7) факультеттің (институттың) және кафедралардың оқу процесін ұйымдастырудағы, ЖЖОКБҰ-ға арналған білім беру бағдарламаларын қалыптастырудағы академиялық еркіндігі;

      8) оқу процесін ұйымдастыруда оқытушылардың академиялық еркіндігі;

      9) оқу процесін қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

      10) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;

      11) әр оқу пәні және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесін пайдалану.";

      2-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. ЖЖОКБҰ-да ОКТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған мерзіммен білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы:

      1) қол жеткізілген оқу нәтижелеріне, алдыңғы білім деңгейінде игерілген пререквизиттерге байланысты өзінің жеке оқу жоспарын қалыптастырады, оларды ЖЖОКБҰ міндетті түрде қайта есептейді және оның транскриптіне енгізеді;

      2) ЖЖОКБҰ қолданыстағы білім беру бағдарламасының негізінде дербес анықтайтын жеке оқу мерзімін және білім беру бағдарламасының көлемін иеленеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ЭПК, ЖОЖ, ОЖЖ жасау мен бекіту нысанын, тәртібін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.

      ӘАОО-да ОЖЖ мамандықтың ҮОЖ негізінде бүкіл оқу кезеңіне әзірленеді және оны ӘАОО басшысы бекітеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Оқу жұмыс бағдарламаларын (силлабустарды) білім беру бағдарламасының барлық пәндері бойынша ЖЖОКБҰ дербес әзірлейді.

      Оқу жұмыс бағдарламаларын (силлабустарды) әзірлеу мен бекітудің нысанын, құрылымын, тәртібін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Кәсіптік практикалар, қорытынды аттестаттау, магистрлік/докторлық диссертациялар (жобалар) білім беру бағдарламасының тиісті модульдеріне қосылады. Бұл ретте кәсіптік практиканың әрбір түрі түрлі модульдерге жатқызылуы мүмкін.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Білім алушының оқытушымен байланыс жұмысының арасындағы уақыт арақатынасын және оқу қызметінің барлық түрлері бойынша БӨЖ-ні ЖЖОКБҰ дербес анықтайды. Бұл ретте аудиториялық жұмыс көлемі әр пән көлемінің кемінде отыз пайызын құрайды.

      Қашықтан оқытуды қолдана отырып пәндерді оқу кезінде жаппай ашық онлайн курстарды қолдану арқылы игеру көзделетін пәндерді қоспағанда, әрбір пәннің жалпы көлемінің жиырма пайыздан аспайтын көлемінде қашықтан оқытуға ауыстыру көзделеді.

      Онлайн-оқыту кезінде синхронды сабақтардың арақатынасы, жаппай ашық онлайн курстарды қолдану арқылы игеру көзделген пәндерді қоспағанда, әрбір пәннің жалпы көлемінің кемінде жиырма пайызын құрайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесін жоспарлау академиялық сағаттармен және (немесе) кредиттермен жүзеге асырылады. Бұл ретте, аудиториялық сабақтардағы педагогикалық жүктеме 1 академиялық сағат 50 минутқа тең деген нормаға сәйкес есептеледі. Оқу жұмысының басқа түрлері бойынша педагогикалық жүктеме ЖЖОКБҰ дербес белгілеген норма негізінде есептеледі.

      ӘАОО-да педагогикалық жүктеме 1 академиялық сағат кемінде 40 минутқа тең деген нормаға сәйкес есептеледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша таңдалатын пәндердің көлемін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды. Бұл ретте, қосымша ББ пәндерін білім алушылар ЖК және ТК пәндері шеңберінде зерделейді және олардың көлемі негізгі ББ бойынша тиісті дәрежені немесе біліктілікті беруге қажетті академиялық кредиттердің жалпы көлеміне кіреді.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Білім алушының алдыңғы оқу деңгейлерінде және формальды білім берудің басқа ұйымдарында қол жеткізген оқу нәтижелері мен алған оң бағаларын ЖЖОКБҰ академиялық кредиттерді қайта санау арқылы дербес таниды.";

      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Басқа білім беру ұйымдарында алуан түрлі білім беру тәжірибелерінен пайда алу мақсатында "ұтқырлық терезелерінен" білім алушының басқа ЖЖОКБҰ-да игеретін уақытша шектеулері, оқу пәндері мен кредит көлемдері анықталады.

      "45. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру тәртібін, студенттерді іріктеуді ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.

      Бұл ретте, мемлекет деңгейінде қаржыландырылатын бағдарламалар шеңберінде академиялық ұтқырлыққа қатысуға жіберу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен (Нормативтік құықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары аясында жүзеге асырылады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Білім алушы академиялық ұтқырлық шеңберінде толық көлемде игерген және транскриптпен расталған оқыту нәтижелерін ЖЖОКБҰ міндетті тәртіпте қайта есептейді."

      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары екі әріптес ЖЖОКБҰ арасындағы келісім негізінде әзірленеді.

      Бұл ретте, екі дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарттары:

      1) келісілген білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен бекіту;

      2) екі дипломдық білім беруге қосылған білім алушының білім беру бағдарламасының бөлігін әріптес ЖЖОКБҰ игеруі;

      3) сапаны қамтамасыз етудің уағдаластықтары, жалпы принциптері мен стандарттары негізінде оқыту кезеңдері мен нәтижелерін міндетті түрде тану және автоматты түрде қайта санау;

      4) оқытушылардың екі дипломдық бағдарламаға тартылуы, білім беру бағдарламаларын бірігіп әзірлеуі, оқыту, жалпы қабылдау және аттестаттау комиссияларына қатысуы;

      5) екі дипломдық білім беру бағдарламасын толық игерген білім алушыларға әрбір әріптес ЖЖОКБҰ дәрежесі не уағдаластықтар негізінде бір біріккен дәреже беріледі.

      "51. Білім алушыны екі дипломдық білім беру бағдарламасына қосу оның өтініші негізінде және әріптес ЖЖОКБҰ-мен жасалған келісімге (шартқа) сәйкес жүзеге асырылады.

      Білім алушылар әріптес ЖЖОКБҰ-ға қабылдау рәсімдерінен өтеді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Екі дипломдық білімнің білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарын және әріптес ЖЖОКБҰ талаптарын ескереді.

      Екі тараптың білім беру бағдарламалары пәндерінің тізбесі білім алушының жеке оқу жоспарын жасау кезінде ескеріледі. Сонымен қатар білім алушы практиканың барлық түрлерін және қорытынды аттестаттауды толық көлемде өтеді.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Әр оқу жылының соңында тиісті бағдарлама модулін жүзеге асыратын әріптес ЖЖОКБҰ білім алушыға транскрипт береді.";

      Қағидаларға 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі

  Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 152 бұйрығына
1-қосымша

Басшылыққа арналған бағалауды бөлу кестесі

ЖЖОКБҰ қолданылатын бағалар (барынша жоғары бағалаудан ең төменгі бағалауға дейінгі оң бағалау)

Референттік топқа қойылатын оң бағалардың саны

Оң бағалардың жалпы санына қатысты әрбір бағаның пайызы

Оң бағалардың жиынтық пайызы

10

50

5%

5%

9

100

10%

15%

8

350

35%

50%

7

300

30%

80%

6

200

20%

100%

Қорытынды

1000

100%

-

  Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 152 бұйрығына
1-қосымша

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады