Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29857 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне мәлімет үшiн, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сот әкімшілігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2022 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 191 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі 89 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Қағидалардың 9, 10, 11-тармақтарында көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептерін олардың құзыреттеріне сәйкес аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу тапсырылған тергеушілер, анықтаушылар, прокурорлар, құқықтық өкілетті адам, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары СДТБТ-да тіркеулері қажет.

      Мынадай:

      1) қолданыстағы заңнаманың бұзушылықтары туралы, олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын тексерістермен, ревизиялармен, аудит актілерімен және басқаларымен расталған залал туралы, елеулі зиян не заңсыз кіріс туралы мәліметтері жоқ;

      2) жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламалар СДТБТ-да тіркелуге жатпайды.

      Осы талап шарттық міндеттемелердің жосықсыз орындалғаны туралы ұжымдық, көптеген арыздар беру жағдайларына (үлестік құрылыс, қаржылық "пирамида" және басқалары) қолданылмайды;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралатын салық немесе азаматтық-құқықтық даулары бар;

      4) тұжырымдамасында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін жеткілікті деректері бар салықтық тексеріс актісі, маманның тұжырымдамасы (анықтамасын) немесе салық қызметі органдарының мәліметтері, тұжырымдамалары, анықтамалары қоса берілмеген салық заңнамасы саласындағы бұзушылықтар туралы, сонымен қатар мынадай:

      сотқа дейінгі шағымдану жағдайларында жоғары тұрған орган шешім шығарғанға дейін және сотта шағымдану кезінде сот шешімін шығарғанға дейін сотқа дейінгі және сотта шағымдану;

      жалған мәмілелер, яғни іс жүзінде жұмыстың, көрсетілген қызметтің, тауарды жүктеудің орындалуынсыз мәмілелер бойынша есептеулер жүргізілген жағдайларды немесе декларация ұсыну міндетті болған кезде декларация ұсынылмаған не басқа салық салу объектілерін және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізуді қоспағанда, сотқа дейінгі шағымдану кезінде жоғары тұрған органның немесе сотта шағымдану кезінде соттың шешімі нәтижелері бойынша салық тексерісі нәтижелері бойынша есептелген салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлды салық төлеуші (салық агенті) толық төлеген жағдайларда.";

      13-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-2. Аумақтылығы (ведомствоға тиістілігі) бойынша жіберілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар немесе баянаттар бойынша құпиялылықты қамтамасыз етуді талап ететіндерін қоспағанда, арыздардың, хабарлардың, баянаттардың және осы арыздарға, хабарларға, баянаттарға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін бере отырып, К-2 нысаны толтырылады.

      Қарау мерзімі материалдың СДТБТ АЖ-ға келіп түскен кезден бастап АЕК-ге қайта тіркемей, К-2 нысанын толтыра отырып есептеледі.

      Аумақтылығы (ведомствоға тиістілігі) бойынша жіберілген материалды қабылдау туралы құқық берілген адам дереу мәлімет енгізеді.

      Аумақтылығы (ведомствоға тиістілігі) бойынша қабылданған материал бойынша осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көзделген шешім қабылданады.";

      осы Қағидалардың 1-қосымшасы осы Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидалардың 11-қосымшасы осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидалардың 13-қосымшасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген (айыпталушы) адамға нысан";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Кепілдік мөлшері мыналарға қатысты төмендегіден төмен: асырауында кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, мүгедектігі бар туыстары бар, сондай-ақ қорғаншылар мен қамқоршылар болып табылатын адамдар (01), тұрақты табыс көзі жоқ адамдар (02), халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын, сондай-ақ бюджет есебінен әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлерін алатын адамдар (03), кәмелетке толмағандар немесе зейнеткерлік жастағы адамдар (04), ауылдық жерлерде тұратын адамдар (05).";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Кепілдік мөлшері мыналарға қатысты төмендегіден төмен: асырауында кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, мүгедектігі бар туыстары бар, сондай-ақ қорғаншылар мен қамқоршылар болып табылатын адамдар (01), тұрақты табыс көзі жоқ адамдар (02), халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын, сондай-ақ бюджет есебінен әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлерін алатын адамдар (03), кәмелетке толмағандар немесе зейнеткерлік жастағы адамдар (04), ауылдық жерлерде тұратын адамдар (05).";

      осы көрсетілген Қағидалардың 18-1-қосымшасында:

      мынадай редакциядағы 9.1-тармағымен толықтырылсын:

      "9.1 Кәсiпкерлiк субъектiсі (анықтамалық бойынша)".

      2. "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы № 1-Е есептің нысанын және оны құрастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е есептің нысанында:

      1-кесте осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қылмыстық қудалау органдарының тергеу әрекеттері туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласындағы өтінішхаттары 71-129-жолдарда көрсетілген.";

      15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1. 126-жолда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 668-бабы бесінші бөлігінің тәртібінде прокурорға жіберілген мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша қорытындылар көрсетіледі.";

      15-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-2. 127-жолда ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде мемлекеттік органдарға енгізілген ұсынулар, олардың қаралуы, оның ішінде мерзімі бұзылғандары бойынша бөлініп, тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың саны бойынша көрсетіледі.".

      3. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.01.2023 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы" статистикалық есептің нысанын және оның қалыптасуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12397 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы" есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол көлік оқиғалары туралы" есеп нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол көлік оқиғалары туралы" есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол көлік оқиғалары туралы" статистикалық есебі осы Тізбенің 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол көлік оқиғалары туралы" статистикалық есепті құру жөніндегі нұсқаулық осы Тізбенің 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" №1-М есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 29 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18595 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" № 1-М есеп нысанында:

      "Жәбірленушілер туралы мәліметтер (құқық бұзушылықтар бойынша) (ҚР ҚПК-нің 71-бабы)" 3-тарауда:

      8-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. мүгедектігі бар адамдар";

      6-тарау "Құқық бұзушылықтарды жасаған адамдар туралы мәліметтер" осы Тізбенің 8-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Жәбірленушілер туралы мәліметтер (құқық бұзушылықтар бойынша)" 12-қосымшасында:

      22-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. мүгедектігі бар адамдар";

      "Кәсіпкерлік қызмет саласындағы тіркелген құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер" 1-2-тараумен осы Тізбенің 9-қосымшасына сәйкес редакцияда толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" № 1-М есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      мынадай редакциядағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. "Кәсіпкерлік қызмет саласындағы тіркелген құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер" есебінің 1-2-тарауы";

      7-1. Есептің 1-2-тарауы кәсіпкерлік қызмет саласындағы тіркелген құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді құрайды.

      Жолдарда ҚР ҚК-нің баптары мен тарауларына сәйкес ағымдағы кезеңдегі тіркелген құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Есептің 3-бөлімі есепке алынуы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жүргізілетін жәбірленушілер туралы (ҚР ҚПК-нің 71-бабы) мәліметтерді қамтиды.

      Жолдарда ҚР ҚК-нің баптарына және тарауларына сәйкес құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      ҚР ҚК-нің "Адам өлтіру" 99-бабы бойынша қылмыстар бөлек жолда бейнеленетін өлтіруге оқталу және дайындалу көрсетілмей есептеледі.

      1-бағанда жәбірленушілердің саралау белгілері бойынша жасалған құқық бұзушылықтардың жалпы саны, олардың ішінде 2-ден 24-ке дейінгі бағандар бойынша әйелдерге (2-баған), кәмелетке толмағандарға (3-баған), оқушыларға (4-баған) қатысты бөлініп көрсетіледі. 4-бағаннан 5-7-бағандарда мектептердің (гимназиялардың, лицейлердің), колледждердің, жоғары оқу орындарының оқушылары бөлініп көрсетіледі.

      8-ден 10-ға дейінгі бағандарда оларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалған мүгедектігі бар адамдардың, зейнеткерлердің және сотталғандардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      11-ден 14-ке дейінгі бағандарда жәбірленушілердің азаматтығы көрсетіледі.

      Адамдардың жасы жас санаты бойынша 15-тен 24-ке дейінгі бағандарда көрсетіледі.

      25-бағанда заңды тұлғаларға қатысты мәліметтер көрсетіледі.

      26-бағанда жәбірленушінің қаза болуына алып келген мәліметтер көрсетіледі.".

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу саласындағы өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қылмыстық құқық
бұзушылық туралы арыздарды,
хабарларды немесе баянаттарды
қабылдау және тіркеу,
сондай-ақ Сотқа дейінгі
тергеп-тексерулердің
бірыңғай тізілімін жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

      К-1 нысан

Ақпаратты есепке алу кітабына есепке алу

1. Ақпаратты есепке алу (бұдан әрі-АЕК) нөмірі ________ Қабылдау күні мен уақыты
2. Тіркеу органы _____________________________________________________________________________
3. Жасалу ауданы (гарнизонда, көлікте) __________________________________________________________
3.1 Әскери бөлім нөмірі ________________________________________________________________________
4. Талон нөмірі ________________________ Талон күні ____________________________________________
5. Оқиғаның сипаттамасы

Құқық бұзушылықтың мән-жайы

 
5.1 Хабарлама: жеке адамға қарсы (03), отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы (04), адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы (05), бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы (06), конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы (07), меншікке қарсы (08), ақпараттандыру және байланыс саласында (09), экономикалық қызмет саласында (10), коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы (11), қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы (12), халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы (13), медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы (14), экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы (15), көлікте жасалған (16), сыбайлас жемқорлыққа байланысты және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы (17), басқару тәртібіне қарсы (18), сот төрелігіне және жазаны орындау тәртібіне қарсы (19), әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы (20).
5.2 Нәтижелері бойынша тіркелді: (анықтамалық бойынша)
5.3 Жану: (01)
5.4 Кәсіпкерлік қызмет саласында: (анықтамлық бойынша)
5.5 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________________________________
5.6 Терезеден құлау: (01)
5.7 Хабарлама тіркелді: отбасылық-тұрмыстық салада (1), салықтық тексеру шеңберінде (2), өзге (3)
Арызданушы туралы мәлімет
6. Хабар түрі: жеке адамның жазбаша арызы (01), жеке адамның ауызша арызы (02), органның/ұйымның лауазымды адамның хабары (03), өз кінәсін мойындап келу (04), бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар (06), лауазымды адамның баянаты (07), Жедел басқару орталығының (бұдан әрі – ЖБО) хабары (08), анықталмаған адамның арызы (09), лауазымды адамның бастама баянаты (ЖІҚ барысында қызметкермен анықталды) (10), бұрын Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 181-бабының 5-бөлігі тәртібінде жіберілген уәкілетті мемлекеттік органнан келіп түсті (11), арыз кеңсе/почталық байланыс арқылы келіп түсті (12), арыз Электрондық Үкімет порталы арқылы келіп түсті (13), органнан/мекемеден келіп түскен материал (14).
7. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) _________________________________________________
7.1. Ұйымның атауы ___________________________________________________________________________
8. ЖБО атауы __________________________
8.1. ЖБО тіркеу нөмірі _________________ ЖБО-да тіркеу күні мен уақыты __________________________
8.2. ЖБО қызметкерінің лауазымы _______________________________________________________________
8.3. ЖБО қызметкерінің тегі _______________ _____________________________________________________
9. Жеке сәйкестендiру нөмiрі ___________________________________________________________________
9.1. Тегі 9.2 Аты 9.3 Әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________ _______________ ___________________
9.4. Туған күні _______________
10. Мекенжайы
Республика___________________ Облыс ______________________________________________________
Аудан________________________ Елді мекен __________________________________________________
Көше________________________ Үй__ Корпус __Пәтер____
11. Телефон_____________ Ұялы телефон _______________ e-mail __________________________
____________________________________________________________________________________________
12. Аумақтық тиесілігі (ішкі ведомстволығы) бойынша түскен арыздар мен хабарлар
12.1. Арыздар мен хабарлар келіп түскен қылмыстық қудалау органы:
_____________________________________________________________________________________________
12.2. Шығыс нөмірі №_______________________ 20___ жылғы "______" ______________________________
12.3. Бұрынғы тіркеу нөмірі ________________ 20___ жылғы "______" ________________________________
12.4. Тексеру актісінің нөмірі _________________ 20____жылғы "______"______________________________
Қосымша ақпарат
13. Лауазымды адам (кімге тапсырылды)
Лауазымды адам (қызмет коды)
Есепке алу күні _________________________ Түзету енгізілген күні ______________________
Ескертпе

Ескертпе сипаттамасы

 
_______________________________________________________________________________
14. Дене мүшесін зақымдау жасалды, аштық ҚАЖ мекемесінде жарияланды: ең төменгі (01), орташа (02), ең жоғарғы (03), төтенше (04), толық (05), аралас қауіпсіздік (06),
14.1. Жеке (01), топтық (02).
15. Сотталғанның (тергеумен қамалған) жеке сәйкестендіру нөмірі) ___________
15.1. Тегі ______________ 15.2 Аты _______________ 15.3 Әкесінің аты (ол болған кезде)__________________________
15.4. Туған жылы _______________
16. Соттау бабы ______________
17. Дене мүшесін зақымдау, аштық себептері: жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында (01), мекеме әкімшілігінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) және шешімдерімен келіспеу (02), өндіріп алумен келіспеу (03), медициналық, материалдық немесе өзге де қамтамасыз ету (04), соттың, тергеушінің шешімдерімен, үкіммен келіспеу (05), жеке, отбасылық жағдайлар (06), басқа (07).
18. мүшеге зақым келтірген келіспеушілік салдарынан аштық жариялануынан мекеме әкімшілігінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің), шешімінің толық сипаттамасы:

Сипаттама

 
19. Дене мүшесін зақымдау тәсілі:

Сипаттама тәсілі

 
20. Дене мүшесін зақымдау орны: (анықтамалық бойынша).
20.1. Дене мүшесін зақымдау мекемеден тыс жерде жасалды және сотталған мекемеге келгеннен кейін белгіленді.
20.2. Дене мүшесін зақымдау, аштық әкімшілік қызметкерлері есептен жасырылған ретінде прокурордың бастамасы бойынша АЕК-те тіркелген.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу саласындағы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қылмыстық құқық бұзушылық
туралы арыздарды, хабарларды
немесе баянаттарды қабылдау
және тіркеу,сондай-ақ,
Сотқа дейінгі тергеп-
тексерулердің бірыңғай тізілімін
  жүргізу қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеу

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің нөмірі (бұдан әрі – СДТБТ) __________
2. Тіркелген күні-уақыты ____________________________________________________________
Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу күні мен уақыты __________________________
2.1. Тіркейтін орган ______________________________________________________________
3. Жасалған ауданы (гарнизоны, көліктегі) ___________________________________________
3.1. Әскери бөлімнің нөмірі _________________________________________________________
4. Ақпаратты есепке алу кітабының нөмірі (бұдан әрі–АЕК)__________________ АЕК күні "___"
__________________________________________________________________________________
5. № ____________________________________________________________ СДТБТ-дан бөлінді
Қатысты: (анықтамалық бойынша)
6. Есепке алу жолымен жабылған: (анықтамалық бойынша)
6.1 Бірлескен жұмыс нәтижесінде анықталды: ҚСжАЕК қызметкерімен (1), прокурорымен (2), сотпен (3), ведомстволық жолмен (4).
6.2 Қылмыстық құқық бұзушылықты (қылмысты) жасырған орган ____________________________________________________________________________________
6.3. Азаптаулар жасалған орган (анықтама бойынша)___________________________________
7. Бірлескен жұмыс нәтижесінде анықталды: (анықтамалық бойынша)______________________
8. Нәтижелері бойынша тіркелді: (анықтамалық бойынша)________________________________
9. Жасалған күні_____________жасалған уақыты__________________________________________
9.1 қылмыстың/теріс қылықтың сипаттамасы

Қылмыс/теріс қылық фабуласы

 
10. Қылмыстық құқық бұзушылықты (қылмысты) саралау: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 11-бабы бойынша: анықталмаған (0), онша ауыр емес (1), ауырлығы орташа (2), ауыр (3), аса ауыр (4); ҚР ҚК-нің 24-бабы бойынша: дайындау (1), қастандық (2).
10.1 Қылмысты ҚР ҚК бойынша саралау_____________________________________________.
10.2. Құқық қорғау және арнаулы органның қызметкеріне қатысты тіркелген: (анықтамалық бойынша).
10.3. Қылмыс: әйелге (01), кәмелетке толмағанға (02), әйелге, некеге отыру мақсатында (03) қатысты жасалды;
10.4. Заңды тұлғаны пайдалана отырып (01), заңды тұлғаны пайдаланусыз (02) жасалды;
10.5. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)_________________________________________________
10.6. Кәсіпорын атауы ________________________________________________________________
10.7. Кәсіпкерлік қызмет саласында: (анықтамалық бойынша)
10.8. Қылмыстық құқық бұзушылық отбасы-тұрмыстық салада жасалды: (анықтамалық бойынша)
Арыз иесі туралы мәліметтер
20. Арыз түрі: жеке тұлғаның жазбаша арызы (01), жеке тұлғаның ауызша арызы (02), органның/ұйымның лауазымды адамының хабары (03), кінәсін мойындап келу (04), ауызша нысанда берілген кінәсін мойындап келу (05), бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар (06), лауазымды адамның баянаты (07).
20.1. Мәліметтер: құпиялы (01), құпия (02), құпиялы емес (01), құпия емес (02).
21. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)___________________________________________________
21.1 Ұйымның атауы _____________________________________________________________
22. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ________________________________________________
22.1 Тегі 22.2 Аты 22.3 Әкесінің аты (ол бар болса) ______________ _________________________
23. Туған күні ______________________________________________________________________
24. Азаматтығы: (анықтамалық бойынша)
25. Жеке басын куәландыратын құжат (анықтамалық бойынша):
құжат № _____________ берілген күні__________________ 20__ жыл
Құжатты кім берді: (анықтамалық бойынша)
26. Мекенжайы:
Республика______________ облыс _________________аудан________________________ елді
мекен___________________ көше_______________________үй _ _ корпус _ _ пәтер____
27. Телефоны__________ мобильді телефон___________ e-mail ________
Құқық бұзушылық туралы мәліметтер
28. Қылмыс жасалды: (анықтамалық бойынша).
29. Жасалған орны: (анықтамалық бойынша).
29.1 Қоғамдық орын: қоғамдық орын (1), оның жұмыс істемеуі кезеңіндегі қоғамдық орын (2).
30. Объектіні қорғау: мемлекеттік (1), жеке (2), арнайы (3), жоқ (4), ведомстволық (5), ведомстводан тыс (6).
31. Жасалған орны: (анықтамалық бойынша).
32. Қолсұғушылық нысанасы: (анықтамалық бойынша).
32.1 Қолсұғушылық нысанасының меншігі: (анықтамалық бойынша).
33. Саралау бойынша қосымша белгілер: (анықтамалық бойынша).
33.1 Қосымша мәліметтер: (анықтамалық бойынша).
33.2 Қылмыс анықталды: талдамалық деректерді пайдалану арқылы (01), қызметтік іздестіру итін пайдалану арқылы (02).
33.3. Экономика саласында: (анықтамалық бойынша).
33.4. Мемлекеттік немесе салалық бағдарламаның атауы __________________________________.
33.5. Қызмет саласында жасалды: (анықтамалық бойынша).
34. Мынадай жолмен жасалды: (анықтамалық бойынша).
35.1 қолдану арқылы жасалды: (анықтамалық бойынша).
36. Келтірілген залал сомасы (тіркеу кезінде): ______________________________________ теңге
Мемлекетке келтірілген залал (тіркеу кезінде): ____________________________________теңге
Заңды тұлғаларға келтірілген залал (тіркеу кезінде): _________________________________________ теңге
Жеке тұлғаларға келтірілген залал (тіркеу кезінде): __________________________________теңге
36.1. Алынған қылмыстық кірістің сомасы (тіркеу кезінде): _________________________теңге
37. Ескертпе
Ескертпе сипаттамасы
38. Лауазымды адам
39. Хабарлама жіберілген прокуратураның атау ___________________________________________
Тіркелген күні___________________ Түзету енгізілген күн _________________________________
Есепке алу түрі: есепке алынсын (1), СДТБТ-да қайта тіркеуге байланысты есептен алынған (2), ақталуына немесе ақтайтын негіздер бойынша соттың тоқтатуына байланысты есептен алынған (3).
СДТБТ-да қайта тіркелген нөмірі ____________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу саласындағы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 102 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

"Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е есебі № 1-кесте "Қылмыстық қудалау органдарының негізгі көрсеткіштері"

Атауы

Жол коды

жалпы

тергеу

анықтау

есепті кезеңде

ағымдағы айда

есепті кезеңде

ағымдағы айда

есепті кезеңде

ағымдағы айда

Баған коды


1

2

3

4

5

6

Есепті кезеңнің басында іс жүргізуде болған істердің қалдығы

1







Іс жүргізуге қабылданған істер

2







2-жолдан

Органның өзі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады

3







басқа органдардан тергеулігі бойынша келіп түскендер

4







Прокурор қосымша тергеп-тексеруге қайтарған соң іс жүргізуге қабылданды

5







Прокурор тоқтату туралы қаулыны бекітуден бас тартқаннан кейін іс жүргізуге қабылданды

6







алдын ала тергеуді немесе анықтауды жүргізу үшін қылмыстық қудалау органдарына сот қайтарған бұйрықтық іс жүргізу бойынша қылмыстық істер

7







оның ішінде онша ауыр емес қылмыстар бойынша

8







прокурор бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекітуден бас тартқаннан кейін қабылданған қылмыстық істер

9







сот қайтарған хаттамалық нысандағы қылмыстық істер

10







прокурор хаттамалық нысанды қолдану туралы қаулыны бекітуден бас тартқаннан кейін қабылданған қылмыстық істер

11







тергеуді және анықтауды жүргізу үшін қылмыстық қудалау органына қайтарылған жеделдетілген іс жүргізу бойынша қылмыстық істер

12







оның ішінде

сот

13







прокурор

14







іс жүргізуі қайта басталған

15







оның ішінде

бұрын тоқтатылған

16







бұрын тергеп-тексеру мерзімдері үзілген істер бойынша

17







Есепті кезеңде іс жүргізуде болған қылмыстық істердің барлығы

18







Электрондық форматта тағайындалған

19







Электрондық форматтан қағаз жүзіне ауыстырылған

20







Есепті кезеңде аяқталған қылмыстық істердің барлығы (негізгі істер)

21







оның ішінде

Электрондық форматтағы

22







негізгілерге қосылған аяқталған қылмыстық істердің саны

23







оның ішінде

Электрондық форматтағы

24







21- жолдан

Айыптау актісін немесе айыптау хаттамасын бекіту үшін прокурорға жіберілді

25







сондай-ақ негізгілерге қосылған

26







Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп жасау және айыптау актісін шығару үшін қылмыстық істі прокурорға жіберу

27







сондай-ақ негізгілерге қосылған

28







Прокурор медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қабылдау үшін жіберген

29







сондай-ақ негізгілерге қосылған

30







Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамсы нысанында аяқталған

31







сондай-ақ негізгілерге қосылған

32







кінәні мойындау туралы процестік келісімді жасасу тәртібінде аяқталған

33







сондай-ақ негізгілерге қосылған

34







Хаттамалық нысанды бекіту үшін прокурорға жіберілді

35







сондай-ақ негізгілерге қосылған

36







35-жолдан

прокурор бекіткен

37







прокурор хаттамалық нысанды бекітуден бас тартты

38







Бұйрықтық іс жүргізуді бекіту үшін прокурорға жіберілді

39







сондай-ақ негізгілерге қосылған

40







39-жолдан

прокурор бекіткен

41







бұйрықтық іс жүргізуді қолданудан прокурор бас тартты

42







Қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді бекіту үшін прокурорға жіберілді

43







сондай-ақ негізгілерге қосылған

44







43 - жолдан

прокурор бекіткен

45







прокурор бас тартты

46







оның ішінде ақтайтын негіздер бойынша

47







сондай-ақ негізгілерге қосылған

48







47-жолдан

прокурор бекіткен

49







прокурор бас тартты

50







ынтымақтастық туралы процестік келісім нәтижесінде алынған мәліметтерді қолданумен аяқталған

51







Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағы, 2-тармағы бойынша бұрын үзілген құқық бұзушылықтар санынан тергеп-тексерумен аяқталды

52







оның ішінде

өткен жылдарда (тоқтата тұрылғандар)

53







Іс тергеулігі бойынша жіберілді

54







сондай-ақ негізгілерге қосылған

55







Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істер

56







сондай-ақ негізгілерге қосылған

57







56-жолдан

прокурормен келісілген

58







келісуден бас тартылды

59







анықтау органының бастығы бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келісуден бас тартты

60







оның ішінде

онша ауыр емес қылмыстар бойынша

61







айыптаумен

62







қылмыстық істерді прокурор сотқа жіберді

63







оның ішінде

электрондық форматтағы

64







сондай-ақ негізгілерге қосылған (63-жолдан)

65







63-жолдан

Оның ішінде бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі

66







оның ішінде онша ауыр емес қылмыстар бойынша (66-жолдан)

67







есепті мерзімде іс жүргізуде болғандар санынан қосылған қылмыстық істер

68







Есепті кезеңнің соңында аяқталмаған қылмыстық істердің қалдығы

69







69-жолдан

Оның ішінде адамдар

70







Тергеу әрекеттері туралы сотқа жіберілген өтінішхаттар

71







оның ішінде

қызметінен уақытша шеттету

72







оның ішінде

сот санкциялаған

73







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

74







сот санкциялаған

75







жақындауға тыйым салу

76







оның ішінде

сот санкциялаған

77







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

78







сот санкциялаған

79







мәжбүрлеп куәландыру

80







оның ішінде

сот санкциялаған

81







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

82







сот санкциялаған

83







мүлікке тыйым салу

84







оның ішінде

сот санкциялаған

85







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

86







сот санкциялаған

87







арнаулы медициналық мекемеге орналастыру

88







оның ішінде

сот санкциялаған

89







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

90







сот санкциялаған

91







мәйітті эксгумациялау

92







оның ішінде

сот санкциялаған

93







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

94







сот санкциялаған

95







күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау

96







оның ішінде

сот санкциялаған

97







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

98







сот санкциялаған

99







Тінту

100







оның ішінде

сот санкциялаған

101







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

102







сот санкциялаған

103







Алу

104







оның ішінде

сот санкциялаған

105







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

106







сот санкциялаған

107







Жеке тінту

108







оның ішінде

сот санкциялаған

109







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

110







сот санкциялаған

111







үлгілерді мәжбүрлеп алу

112







оның ішінде

сот санкциялаған

113







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

114







сот санкциялаған

115







айғақтарын сақтауға қою

116







оның ішінде

сот санкциялаған

117







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

118







сот санкциялаған

119







тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы

120







оның ішінде

сот санкциялаған

121







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

122







сот санкциялаған

123







тұрғын үй-жайды мәжбүрлеп тексеру (ҚПК-нің 220-бабының 14-бөлігі)

124







оның ішінде кәсіпкерлік қызмет саласында

125








келу туралы міндеттеме

126







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

127







жетек (мәжбүрлеп жеткізу)

128







оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

129







Прокурорға мүлікті тәркілеуді жүргізу туралы қорытынды жіберілді (ҚР ҚПК-нің 668-бабының 5-бөлігі)

130







ҚПК-нің 200-бабына сәйкес ұсынулар енгізілді

131







оның ішінде қаралды

132







оның ішінде мерзімі бұзылған

133







оның ішінде:

тәртіптік жауаптылыққа тартылғаны

134







ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 479-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың саны

135







  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының құқықтық
статистика және арнайы
есепке алу саласындағы
өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.01.2023 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу саласындағы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.01.2023 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу саласындағы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 131 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

"Адамдардың жарақаттануына немесе қаза болуына әкеп соққан жол көлік оқиғалары туралы" есеп

      1-кесте

Өңірлер атауы

Өңірдің коды

Жол-көлік оқиғасының барлығы (бұдан әрі – ЖКО)

Оның ішінде есептік кезеңде келіп түскен Электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – ЭАЕҚ) бойынша өткен жылы тіркелген ЖКО саны

ЖКО салдарынан зардап шеккен адамдар саны

Оның ішінде есептік кезеңде келіп түскен АЕҚ бойынша өткен кезеңдерде зардап шеккен адамдар саны

А

Б

1

2

3

4

Астана қаласы

1





Алматы қаласы

2





Шымкент қаласы

3





Ақмола облысы

4





Ақтөбе облысы

5





Алматы облысы

6





Атырау облысы

7





Шығыс Қазақстан облысы

8





Жамбыл облысы

9





Батыс Қазақстан облысы

10





Қарағанды облысы

11





Қостанай облысы

12





Қызылорда облысы

13





Маңғыстау облысы

14





Павлодар облысы

15





Солтүстік Қазақстан облысы

16





Түркістан облысы

17





Абай облысы

18





Жетісу облысы

19





Ұлытау облысы

20





Барлығы

21





      кестенің жалғасы

Жарақаттанғандар саны

Қаза болғандар саны

Барлығы

Ауруханаға орналастырылғандар саны

Ерлер

Әйелдер

Кәмелетке толмағандар

Барлығы

Ерлер

Әйелдер

Кәмелетке толмағандар

5

6

7

8

9

10

11

12

13










  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу саласындағы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 131 бұйрығына
2-қосымша

"Адамдардың жарақаттанулары немесе қаза болуларына әкеп соққан жол көлік оқиғалары туралы" есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Адамдардың жарақаттанулары немесе қаза болуларына әкеп соққан жол көлік оқиғалары туралы" есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – есеп) авариялық жағдай, жол-көлік жарақаттанулары және адам өлімі көрсеткіштерін құрайтын есепті қалыптастыру жөніндегі қағидаларды нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жаяу жүргінші – жолда көлік құралынан тыс жерде тұрған және онда жұмыс жүргізіп жатпаған адам. Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын, велосипедті, мопедті, мотоциклді жетелеп әкеле жатқан, шана, арба, балалар арбасын сүйретіп келе жатқан жеке адамдар жаяу жүргіншілерге теңестіріледі;

      2) жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) – көлік құралының жолда жүруі процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;

      3) жолаушы – көлік құралының үстінде (ішінде) отыратын және оны басқармайтын адам;

      4) жүргізуші – көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен мал, табын, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушы;

      5) көлік құралы (бұдан әрі – КҚ) – жолдар бойынша адамдарды, үстінде орнатылған тауарлар немесе жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы;

      6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕК) және оның аумақтық органдары;

      7) Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      8) жол – "Жол жүрісі туралы" Заңда белгіленген тәртіппен көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруі үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үсті. Жол бір немесе бірнеше жүру бөліктерін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;

      9) денсаулыққа жеңіл зиян – денсаулықтың қысқа мерзімге (жиырма бір күннен аспайтын мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабiлетiн (оннан бiр бөлігiнен кем) тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан адамның денсаулығына келтірілген зиян;

      10) денсаулыққа ауырлығы орташа зиян – адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақыт (жиырма бір күннен астам мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін (үштен бір бөлігінен кем) тұрақты түрде айтарлықтай жоғалтуға әкеп соққан зиян;

      11) денсаулыққа ауыр зиян – адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті зиян не денсаулыққа: көру, сөйлеу, есту қабілетінен немесе қандай да бір ағзадан айырылуға; ағзаның өз функцияларын жоғалтуына; бет-әлпетінің қалпына келмейтіндей бұзылуына; жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты түрде жоғалтумен ұласқан денсаулықтың бұзылуына; кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалтуға; жүктілікті үзуге; психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылыққа (ауруға) әкеп соққан өзге де зиян.

      3. Есеп мынадай электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – ЭАЕҚ) негізінде қалыптастырылады:

      осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы" (бұдан әрі – ЖКО-1);

      осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка" (бұдан әрі – ЖКО-2);

      осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 200-бабының (бұдан әрі – ҚР ҚПК) тәртібінде енгізілген ұсынуларды есепке алу карточкасы" (бұдан әрі – ЖКО-3);

      осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде енгізіліп қаралған ұсынулардың шешімдерін есепке алу карточкасы" (бұдан әрі – ЖКО-4).

      ЭАЕҚ адамдардың қайтыс болуына немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО туралы мәліметтерді ғана қамтиды.

      Қаза болған адам ЖКО орнында алынған жарақаттардан қаза болған немесе оның өлімі оқиға болған сәттен бастап отыз тәулік ішінде құжаттамалық нақтыланған болса және жол-көлік оқиғасы арасындағы себеп-салдар байланысында қаза болған адам болып есептеледі.

      ЖКО салдарынан денсаулыққа жеңіл, ауырлығы орташа немесе ауыр зиян алған жағдайда адам жарақаттанған болып есептеледі.

      4. ЭАЕҚ-ны Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – СДТБТ) енгізуді ішкі істер органдарының әкімшілік полициясының бөлімшелері (бұдан әрі – әкімшілік полиция бөлімшелері) қамтамасыз етеді.

      5. ҚСжАЕК-нің аумақтық органдары ЭАЕҚ-ны СДТБТ-ға енгізудің толықтығына, нақтылығы мен уақтылығына бақылауды іске асырады және осы мәселелер бойынша жарты жылда кемінде бір рет аталған мәселе бойынша тексерістер жүргізеді.

2-тарау. ЭАЕҚ-ны енгізу

      6. Жоқ (белгісіз) мәліметтерді қоспағанда, толтыруға арналған ЭАЕҚ-ның деректемелері.

      7. ЖКО-1 ЭАЕҚ әрбір ЖКО-ға толтырылады.

      "Карточка нөмірі" 1-деректемеде бірінші жұп санмен – толтырған жыл, екінші жұп санмен – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана коды, үшінші жұп санмен – ауданның немесе қаланың коды, төртінші жұп санмен – ведомство коды, тоғызыншы санмен – резервті нөмірі және соңғы сандармен (5 белгі) әкімшілік полиция бөлімшесінің ЖКО есепке алу журналында тіркелген карточканың реттік нөмірі белгіленеді, одан әрі тіркеуші орган көрсетіледі.

      3-деректеме ЖКО-ның күні туралы мәліметті қамтиды, ол санмен белгіленеді мысалы, 01.01.2015ж.

      6-деректемеде ЖКО-ның орны көрсетіледі, мәлімет сәйкес коды қойылған мәтінде енгізіледі.

      7.3-деректемесінде жолдағы жолақтарының жалпы саны көрсетіледі. Мысалы, әр бағытта екі жолақты жол үшін "4" көрсетілген. Қиылысу бағытында қозғалып бара жатқан көлік құралдарының соқтығысуы кезінде деректеме жолақтарының үлкен саны бар жолы бойынша толтырылады.

      7.4-деректемесінде жолдың нақты бөлігіндегі жылдамдықтың шегі көрсетіледі. Алдағы немесе қиылысу бағыттары үшін түрлі жылдамдық режимдері орнатылған жағдайда, ЖКО-ға кінәлі адам үшін қойылған шектеу көрсетіледі.

      11-деректемеде КҚ нөмірі реті бойынша көрсетіледі. Егер ЖКО-ға кінәлі жүргізуші болса, онда осы КҚ туралы мәліметтер №1 деп енгізіледі.

      КҚ-нің санаты, маркасы, моделі және мемлекеттік нөмірі олардың кодификаторына сәйкес толтырылады және мәтінмен жазылады.

      12-деректеме ЖКО-ның авариялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы бар фабуланы қамтиды, КҚ-ның маневр жасауы және ЖКО-ға әкеп соққан жол қозғалысына қатысушылардың әрекеттері қоса көрсетіледі.

      14-деректемеде ЖКО-ға кінәлі қатысушысы көрсетіледі. "ЖКО орнынан жасырынған" (3) дерегін толтыру кезінде – осы ЖКО қатысушысы және КҚ туралы мәліметті толығымен толтырмауға жол беріледі. ЖКО мән-жайларын және адамдарды, кінәлі адамды анықтағаннан кейін Әкімшілік полиция бөлімшесі дереу ЖКО-1 ЭАЕҚ-ға өзгерістер енгізеді және жаңартылған деректерді көрсетіп аумақтық органдарды хабардар етедi.

      14.1-деректемеде ЖКО-ға кінәлі адамның масаң күйінің түрі көрсетіледі, бұл ретте "Денсаулықтың күрт нашарлауы" (5) деген ұғым жолаушылар, жүктер, оның ішінде қауіпті жүктер тасымалының бағыттары бойынша жиі және сирек жұмыс істейтін көлік құралдарын және рейстен кейінгі және оның алдындағы медициналық сараптама талабы қойылатын жүргізушілерге қатысты толтырылады.

      8. ЖКО-2 ЭАЕҚ ЖКО-да қаза болған немесе жарақаттанған әрбір адам үшін толтырылады.

      1 және 2-деректемелер тіркеу органы туралы деректері бар 1-деректемені қоспағанда, ЖКО-1 ЭАЕҚ-ның деректемелеріне ұқсас толтырылады.

      4-деректемеде зардап шеккен адам болған КҚ-ның сериялық нөмірі көрсетіледі, ЖКО-1 ЭАЕҚ 11-деректемесінде көрсетілген КҚ-ның нөмірленуіне сәйкес жаяу жүргіншілер немесе басқа жол пайдаланушылар үшін "0" қойылады.

      5-деректемеде ЖКО-ның қатысушысы көрсетіледі. Жаяу жүргінші үшін (1); КҚ-ның жүргізушілері үшін (А, B1 санаттарынан, велосипед, тасымалды, мопед және жеке мобильділік құралдарды (гироскутерлер, монодөңгелектер, электросамокаттар, мокиктер, скутерлер) қоспағанда) (2); B, C санаттағы КҚ-ның жолаушылары үшін B1 қоспағанда, (3); D, DE, Tm (трамвай), Tb (троллейбус) санаттағы жолаушылары үшін (4); А (сонымен қатар А1) санаттағы КҚ жүргізушілер мен жолаушылары үшін және B1 тармағы көрсетіледі (5); велосипедте – (6), тасымал – (7), жануарлар – (8), мопедте – (9), жеке мобильділік құралдарда (гироскутерлер (10.1), монодөңгелектер (10.2), электросамокаттар (10.3), мокиктер (10.4), скутерлер (10.5 қозғалушы адамдар үшін) (10).

      8-деректемеде ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәлімет көрсетіледі: оның ішінде "Белгісіз адам" (3) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын мүмкін емес жағдайда толтыруға рұқсат етіледі.

      ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәліметтер анықталған жағдайда, әкімшілік полиция бөлімшесі ЖКО-2 ЭАЕҚ-ға дереу өзгерістер енгізеді және барлық жаңа деректерді көрсетіп аумақтық органдарды жазбаша хабардар етеді.

      ЖКО-да жарақаттанған және кемінде бір тәулік мерзімде амбулаторлық ем қабылдаған адамның жағдайы медициналық мекеменің құжаттарымен расталады.

      9. ЖКО-3 ЭАЕҚ ҚР ҚПК-нің қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы 200-бабы тәртібінде ұсыну енгізілген әрбір ЖКО-ға толтырылады (бұдан әрі – ұсыну).

      1-деректеме ЖКО-1 ЭАЕҚ тиісті деректемесіне ұқсас толтырылады.

      2-деректемеде тіркеу органы көрсетіледі.

      3-деректеме ЖКО-ның күні туралы санмен белгіленетін мәліметті қамтиды, мысалы, 01.01.2015.

      4-деректеме санмен көрсетілетін ұсынуды енгізу күні туралы мәліметті қамтиды.

      5-деректемеде ұсынудың шығыс нөмірі толтырылады.

      6-деректемеде ұсыну енгізілген ұйымның атауы көрсетіледі.

      7-деректеме ұсыну енгізілген ұйымның меншік нысанын қамтиды.

      8-деректемеде іс жүргізу кезінде ұсыну енгізілген қылмыстық істің нөмірі толтырылады.

      9-деректемеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) ЖКО бойынша саралануы көрсетіледі.

      10-деректемеде ұсынудың мәні және онда баяндалған шаралар жазылады.

      11-14-деректемелерінде ЭАЕҚ-ны толтырып қол қойған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы көрсетіледі.

      10. ЖКО-4 ЭАЕҚ енгізілген ұсынуға жауап алған әрбір ЖКО-ға толтырылады.

      1-деректемеде ЖКО-1 ЭАЕҚ-ның тиісті деректемесіне ұқсас толтырылады.

      2-деректемеде тіркеу органы көрсетіледі.

      3-деректеме ЖКО болған күні туралы санмен белгіленетін мәліметті қамтиды.

      4-деректеме санмен көрсетілетін ұсынуды енгізу күні туралы мәліметтерді қамтиды.

      4-деректеме санмен көрсетілетін ұсынуды енгізу күні туралы мәліметтерді қамтиды.

      5-деректемеде ұсынудың шығыс нөмірі толтырылады.

      6-деректемеде ұсыну енгізілген ұйымның атауы көрсетіледі.

      7-деректеме ұсыну енгізілген ұйымның меншік нысанын қамтиды.

      8-деректемеде іс жүргізу кезінде ұсыну енгізілген қылмыстық істің нөмірі толтырылады.

      9-деректемеде ҚР ҚК-нің ЖКО бойынша саралануы көрсетіледі.

      10-деректемеде ұсынудың мәні және онда баяндалған шаралар жазылады.

      11-деректемеде ұсынуға қол қойған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) толтырылады.

      12-деректемеде осы ұсыну бойынша қабылданған шешім таңдалады: қаралды (1), қараусыз қалдырылды (2), ішінара қанағаттандырылды (3).

      Ұсыну қараусыз қалдырылған жағдайда 13-деректемеде негіздеме көрсетіледі.

      14-деректемеде санмен көрсетілетін ұсынуға жауап алынған күн толтырылады.

      15-деректемеде ұсынуға жауаптың шығыс нөмірі толтырылады.

      16-деректемеде ұсынуды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шаралар көрсетіледі.

      17, 18-деректемелері ұсынуға жауапқа қол қойған басшының мәліметтерін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы) қамтиды.

      19, 20-деректемелері карточканы толтырған ішкі істер органдарының бөлімшесі қызметкерінің мәліметтерін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы) қамтиды.

      ЖКО-3 пен ЖКО-4 ЭАЕҚ ұсынулардың графикалық көшірмелері және жауап алған жағдайда, берілген жауаптардың графикалық көшірмелері салынады. Ұсынуды жіберген кезде қылмыстық қудалау органдары ұсынуды орындалу барысын бақылау және оларды қарау нәтижелерін одан әрі толтыру үшін көшірмесін әкімшілік полиция бөлімшелеріне жібереді.

      11. Әкімшілік полиция бөлімшелері ЖКО-1 және ЖКО-2 ЭАЕҚ СДТБТ АЖ-ға ЖКО болған сәттен бастап үш тәулік ішінде, ЖКО-3 ЭАЕҚ-ны қылмыстық қудалау органдары ЖКО-ны саралау нәтижелері бойынша СДТБТ АЖ-ға және ұсыну енгізілгеннен кейін үш тәулік ішінде енгізеді. ЖКО-4 ЭАЕҚ әкімшілік полиция бөлімшелері енгізілген ұсыныстарға жауап алу нәтижелері бойынша үш тәулік өткеннен кейін енгізеді.

      12. ЭАЕҚ мәліметтерін СДТБТ-ға енгізудің нақтылығын, толықтығын және уақтылығын әкімшілік полиция бөлімшелерінің, қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары ЖКО материалдары бойынша олар қабылдаған процестік шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

      13. Әкімшілік полиция бөлімшелері ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-күніне медициналық мекемелермен қосылып, ЖКО-да жарақаттанған немесе қаза болған адамдар туралы мәліметтерді салыстырып-тексеруін ұйымдастырады, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-күніне орай ҚСжАЕК-нің аумақтық органына берілетін салыстырып-тексеру актісін дайындайды.

      14. Медициналық ұйымдар (мекемелер) меншік түріне қарамастан қаза болған адамдар туралы жол полициясы органдарына, ал ауылдық өңірлерде ішкі істер органдарына дереу жазбаша немесе телефонограммамен:

      тұрғылықты орны немесе ЖКО болған орны бойынша немесе медициналық көмек үшін жеткізілген, сонымен қатар басқа да медициналық ұйымдарға бағытталған ЖКО-да жарақаттанған адамдар туралы;

      ЖКО болған күннен бастап отыз күн ішінде қаза болған адамдар туралы хабарлайды.

3-тарау. ЭАЕҚ-ға түзетулер енгізу

      15. ЭАЕҚ-ға әкімшілік полиция бөлімшелері қол қойғаннан кейін өзгертулер енгізуге тыйым салынады.

      16. СДТБТ-да ЭАЕҚ деректемелерін түзетуді әкімшілік полиция бөлімшелері мынадай негіздер бойынша жаңа ЖКО анықталған (есепке алынбаған) сәттен бастап 24 сағат ішінде:

      ҚСжАЕК-нің аумақтық органының ақпараты бойынша салыстырып-тексеру, мониторинг нәтижелері бойынша деректердің дұрыс еместігі расталған;

      егер жарақаттанған адам қаза болғандар санатына ауыстырылған;

      медициналық ұйымдармен салыстырып-тексеру жүргізген кезде басқа да жарақаттанғандар анықталған;

      ЖКО орнынан жасырынған адамдар анықталған;

      денсаулығына келтiрiлген залал ауырлығын анықтау бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын алған жағдайда жүргізеді.

      Енгізілген түзетулер туралы дереу ай сайын келесі айдың 2-күніне дейін СДТБТ АЖ-ға енгізілген түзетулердің негізділігін тексеретін ҚСжАЕК-нің аумақтық органы жазбаша хабардар етіледі.

      17. Егер осы жаңа (есептелмеген) ЖКО туралы деректерді енгізу түзетулері салдарынан бұрынғы есептік кезеңдерде бұрмалаушылықтар туындаса, онда ҚСжАЕК-нің аумақтық органы есептілікке түзетулер енгізу туралы қажетті құжаттарды 24 сағаттан кешіктірмей ҚСжАЕК-ке жібереді.

4-тарау. Есепті қалыптастыру

      18. Есеп бір бөлімнен тұрады және адамдардың жарақаттануына немесе қаза болуына әкеп соққан ЖКО туралы өңірлер бойынша деректерді көрсетеді.

      19. Есепке мынадай жағдайда жасалған ЖКО туралы мәліметтер қосылмайды:

      автокөлік немесе мотоцикл спорты бойынша іс-шаралары (жарыс, дайындық) кезінде көрермендер, қатысушылар және спорттық іс-шарада қызмет көрсетушілер жарақаттанған кезде;

      КҚ, адамдарды немесе жүкті тасымалдаумен қатысты емес технологиялық өндірістік операцияларды (трашнтарды тығыздау, ауылшаруашылық жұмыстары, жүктеу-түсіру жұмыстары, тіреуіштер) орындау кезінде;

      табиғи апаттар нәтижесінде;

      КҚ қауіпсіздік және жұмыс техникасын бұзу нәтижесінде (іске қосу арқылы қозғалтқышты ол қосылған кезде қосу, тетіктердің, құрылғылардың қосылып-ағытылуы кезінде);

      өз-өзіне қол жұмсау және есi дұрыс еместiк күйінде жасалған әрекеттерге байланысты;

      қасақана өмірге немесе денсаулыққа қолсұғушылық немесе мүліктік зақым келтіру мақсатында жасау нәтижесінде;

      жолдан тыс жерде;

      жол қозғалысына қатысушының кенеттен денсаулығының нашарлап кетуі себебінен толығымен жағдайды бақылау қабілетінен айырылу нәтижесінен (автокөлікпен жүру уақытында жүргізушінің жүрегінің тоқтап қалуы, жол жүру аумағына эпилепсияға шалдыққан адамның құлауы және ұқсас жағдайлар), жолаушыларды, багажды, жүкті жиі немесе сирек тасымалдаушы, оның ішінде сапар алдындағы және сапардан кейінгі медициналық қарау таралатын қауіпті жүкті тасымалдау кезінде.

5-тарау. Есепті қалыптастыру мерзімдері

      20. Есеп ЖКО болған күнінен, ай сайын өсу қорытындысымен құрастырылады. ҚСжАЕК-нің аумақтық органдары көрсеткіштерді СДТБТ АЖ-да растайды.

      21. ҚСжАЕК республика бойынша жинақталған есепті құрайды, оған ҚСжАЕК Төрағасы немесе оны алмастыратын лауазымды адам қол қояды және ол жинақталған есепті келесі есептік кезеңдегі айдың 6-күніне дейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Дденсаулық сақтау министрліктеріне жолдайды.

      Егер мерзімнің аяқталуы мереке (демалыс күндері, мереке) күніне келген жағдайда, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің соңғы күні болып деп есептеледі.

  "Адамдардың
жарақаттануларына
немесе қаза болуларына әкеп
соққан жол көлік оқиғалары
туралы" есепті қалыптастыру
нұсқаулығына
1-қосымша
  Нысан

Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы (ЖКО-1)

      1. Карточканың нөмірі /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/

      Тіркеу органы _________________________________________________

      2. Бастапқы тіркеу: Мағлұмат есеп кітабы (1), Әліпбилік журнал (2), кіріс құжаттарын есепке алу журналы (3), басқа да көздер (4), № ___________ "_____" _______________ 20_____ жылы.

      3. Жол-көлік оқиғасы (одан әрі - ЖКО) болған күн: "__" ________ 20__ жыл

      4. ЖКО болған апта күні: Дүйсенбі (1), Сейсенбі (2), Сәрсенбі (3), Бейсенбі (4), Жұма (5), Сенбі (6), Жексенбі (7).

      5. ЖКО болған тәулік: "_____" сағат "_____" минут

      6. ЖКО болған орын: елді мекен (1), елді мекен атауы __________________,

      көше атауы_________________; халықаралық, республикалық маңызы бар жол бойында (2), облыстық, аудандық маңызы бар жол бойында (3), қоршалған және қорғалатын аумақта (4), қозғалысқа арналмаған аумақтарда (5).

      6.1. Километр, метр, тасжол № ____________________________________

      6.2. Көше, жол элементтері,: көпір (жол өтпесі) (01), виадук (02), эстакада (03), қоғамдық көліктің тоқтайтын аймағы (04), реттелетін жаяу жүргіншілерге арналған жол (05), реттелмейтін жаяу жүргіншілерге арналған жол (06), реттелетін көше қиылысы (07), реттелмейтін көше қиылысы (08), шлагбаум қойылған теміржол өткелі (09), шлагбаум қойылмаған теміржол өткелі (10), айналмалы қозғалыс (11).

      7. Жол шарттары: жол жабынының түрі - дымқыл (01), қар басқан (02), мұз қатқан (03), жол жөндеу кезінде (04), құрғақ (05), ластанған (06), жаңадан төселген (07), жеңіл-желпі өңдеу (тайғақтыққа қарсы материалмен өңделген) (08);

      жарықтық: күндіз (09), ымырт уақыты (10), түнде (11);

      қараңғы уақытта сырттағы жарық: қосылған (12), қосылмаған (13), жарық жоқ (14).

      7.1. Жол торабында анықталған кемшіліктер: тайғақ жабын (01), тегіс емес жабын (02), жолдың дағдылылығы (03), ойымдар (04), жол жиегінің қанағаттандырмайтын жағдайы (05), жол өтпесі қаранымының жол кеңдігіне сәйкес келмеуі (06), теміржол өткелінің ұсынылған талаптарға сай келмеуі (07), ағаштар (08), жарықтандыру шамдарының тірегі (қағып өту, көру мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда) (09), жаяужолдың жоқтығы (10), жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоқтығы (11), қауіпті өңірлерде қоршаудың болмауы (12), жол бөлігінің жеткіліксіз жарықтандырылуы (13), жұмыс өндірісі орындарында қоршаудың және белгі беру құралдарының болмауы (14), жол белгілерінің жоқтығы немесе олардың дұрыс қолданылмауы (15), жол қозғалысын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың ақауы немесе олардың нашар көрінуі (16), ол белгілеуінің жоқтығы немесе оның нашар көрінуі (17), өзге жағдай (18), жоқтығы (19).

      7.2. Ауа-райы жағдайлары: ашық (1), бұлтты (2), тұман (3), жауын (4), қар (5).

      7.3. Жолда қозғалыс жолақтарының жалпы саны: ____

      7.4. Учаскедегі жылдамдық шектелуі: ___

      8. ЖКО түрі: қарсы соқтығысу (1), бүйірімен соқтығысу (2), жол-жөнекей соқтығысу (3), жолаушының құлауы (4), аударылу (5), тоқтап тұрған көлік құралын қағып өту (одан әрі – КҚ) (6), кедергілерді қағып өту (7), жаяу жүргіншіні қағып өту(8); велосипед жүргізушісін қағып өту (9), жегін көлікті қағып өту (10); жануарды қағып өту (11), басқа да оқиға түрлері (12), мопед жүргізушісін қағып өту (13), жеке мобильділік құралдардың (гироскутерлер (14.1), монодөңгелектер (14.2), электросамокаттар (14.3), мокиктер (14.4), скутерлер (14.5) жүргізушісін қағып өту (14).

      9. Жол қозғалысы қағидаларын бұзу (одан әрі – ЖҚЕ): ЖҚЕ немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтан асыру (01), қызыл жарық немесе реттеушінің белгі беруіне бағынбау (02); жол белгілері мен белгі қою талаптарын сақтамау (03); жаяу жүргіншілер немесе басқа жол пайдаланушыларға қозғалыстағы басымдылықты ұсынбау (04); жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау (05); жүк тасымалдары (06); КҚ бағыттарын тоқтату (07), тұрғын аудандардағы қозғалыс (08), сүйрету (09); басқа да ЖҚҚ-ның талаптарын өрескел бұзушылықтар (10); жол қиылыстарынан өту немесе жолдың жүру бөлігін қиып өту қағидаларын бұзу (11); маневр жасау (12); КҚ-нің жолдың жүріс бөлігінде орналасуы (13); қарама-қарсы жол қозғалысы сызығына шығу, немесе басып озу (14); аялдамалар немесе КҚ тұрақтары (15); жүру кезінде артықшылық құқықтары берілген КҚ кедергісіз жүру мүмкіндігін беру (16); жарық беру құралдарын қолдану (17); төтенше дабылдарды пайдалану (18); жол қозғалысы қатысушысы төтенше жағдайға әкеп соққан ЖҚЕ қағидаларын бұзу (19); теміржол өткелдерінен өту (20); ара-қашықтықты сақтамау (21); жол қозғалысы қауіпіне әкеле алатын жағдайлардан қашу мақсатында КҚ ауру және шаршаған күйде жүргізу (22); алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлықты масаң күйінде КҚ жүргізу (23); КҚ жүргізушілердің жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу (24);

      жүргізушінің тыйым салынатын ЖКО байланысты міндеттерді орындамауы (26); жаяу жүргіншілермен ЖҚҚ бұзудың басқа да түрлері (27).

      10. ЖКО қатысқан көлік құралдарының саны: _________________________

      11. КҚ туралы мәліметтер:

№ КҚ
р/с

КҚ санаты

Рөлді басқарудың орналасуы (оң/сол)

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Шанақ №

КҚ маркасы, моделі, шығарылған жылы

Шығарылған жылы

Жүргізушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘА)

Жүргізуші жасы

КҚ санатымен жүргізу құқығы (бар\ құқығынан айырылған \ жоқ)

Жүргізуші куәлі гінің №, берілген күні

ЖКО орнынан жасырынған кетті (жоқ \ иә)

Жолаушылар саны














      12. ЖКО фабуласы: ________________________________________________________

      13. Саны: жарақаттанғандар ____________, қаза болғандар _____________

      13-1. Медициналық қызметтің шақыру уақыты:___.

      13-2. Медициналық қызметтің келу уақыты:___.

      14. ЖКО-ға кінәлі қатысушысы: жүргізуші (1); жаяу жүргінші (2); ЖКО орнынан жасырынған (3); кәмелет жасқа толмаған (4), шетел азаматы /азаматтығы жоқ адам (5), жол қызметі (6), жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер (7), коммуналдық қызмет (8), велосипед жүргізушісі (9), мопед жүргізушісі (10), жеке мобильділік құралдардың (гироскутерлер (11.1), монодөңгелектер (11.2), электросамокаттар (11.3), мокиктер (11.4), скутерлер (11.5) жүргізушісі (11).

      14.1. ЖКО-ға кінәлі адамның жай-күйі: масаң күйде болуы, масаң күйде болмауы (1), алкогольдік масаң (2), есірткілік масаң (3), уытқұмарлық масаң (4); денсаулығының күрт нашарлануы (5), үздіксіз жол жүру уақыты (6).

      14.2. Кінәлі жаяу жүргіншінің Т.А.Ә (бар болған жағдайда):

      14.3. Туған күні ____________, ЖКО кезіндегі жасы ____, кінәлі жүргізуші немесе жаяу жүргіншілердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), кінәлі жүргізуші, жүргінші жынысы___: ___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/.

      15. Карточканы толтырған әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерінің Т.А.Ә (бар болған жағдайда) және лауазымы_______________________________________________________

      16. ЖКО туралы қабылданған шешім: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша хаттама нөмірі; ___________________________ немесе СДТБТ _________________________, заңының _______________________________________________________ тармақ, бөлім, бап.

  "Адамдардың
жарақаттануларына
немесе қаза болуларына әкеп
соққан жол көлік оқиғалары
туралы" есепті қалыптастыру
бойынша нұсқаулығына
2-қосымша

      Нысан

"Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка" (ЖКО-2)

1. Карточка нөмірі /___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/
2. ЖКО болған күн "____" ________________ 20___ жыл "___" "_____" сағат "_____" минут.
3. ЖКО болған апта күні: Дүйсенбі (1), Сейсенбі (2), Сәрсенбі (3), Бейсенбі (4), Жұма (5), Сенбі (6), Жексенбі (7).
4. Зардап шегуші орын алған көлік құралының (бұдан әрі – КҚ) реттік нөмірі (№ ЖКО-1 карточкасының 11-тармағына сәйкес КҚ нөмірлеу, жаяу жүргіншілер және қозғалыстың өзге қатысушылары үшін "0" қойылады): "__".
5. ЖКО қатысушысы: жаяу жүргінші (1); КҚ көлік жүргізушісі (А, В1, велосипед, тасымал санаттарын, жүргізушісін жеке мобильділік құралдарын (гироскутерлер, монодөңгелектер, электросамокаттар, мокиктер, скутерлер) қоспағанда) (2); B1санатынан басқа B, C санаттағы жолаушы К) (3); D, DE, Tm, Tb санаттағы КҚ жолаушысы (4); А, B1 санаттағы КҚ қозғалған адам (5); велосипедте (6); тасушы (7); жануар тасымалы (8), мопедтте (9), жеке мобильділік құралдардың (гироскутерлер (10.1), монодөңгелектер (10.2), электросамокаттар (10.3), мокиктер (10.4), скутерлер (10.5) (10) жүргізушісі.
7. Қауіпсіздік белбеуі/дулыға: тағылған (1)/киілген (2), тағылмаған (3)/киілмеген (4), анықталмаған (5), көзделмеген (6).
7.1. Баланы ұстап тұруға арналған құрылғының болуы: бар (1), жоқ (2), оның ішінде баланы ұстап тұру құрылғысының белбеуі тағылған (3), тағылмаған (4), анықталмаған (5); көзделмеген (6).
7.2. Қауіпсіздік жастықтарының болуы: бар (1), жоқ (2), оның ішінде қауіпсіздік жастықтары: жұмыс істеді (3), жұмыс істеген жоқ (4).
7.3. КҚ жолаушысының орналасқан жері: орын анықталмаған (1), алдыңғы орында (2), сол жақ артқы орында (3), оң жақ артқы орында (4), артқы орынның ортаңғы бөлігінде (5), бесік арбада (6), тұру күйінде (7).
8. ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәлімет: жарақаттанған (1), қаза болды (2), оның ішінде белгісіз адам (3).
8.1. Қаза болды: ЖКО болған орнында (1), аурухана жолында (2), ауруханада (3), басқа (4)
9. ЖКО-да зардап шеккен адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)




 
10. Жынысы: ер адам (1), әйел адам (2).
11. Туған күні "___"___________ 20__ жылғы және ЖКО зардап шеккен адамның ЖСН
___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/
12. Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы (1), шетел азаматы (3), азаматтығы жоқ адам (4).
13. Жасы: 6 жасқа дейін (1), 7-13 жас (2), 14-17 жас (3), 18-20 жас (4), 21-29 жас (5), 30-39 жас (6), 40-49 жас (7), 50-59 жас (8), 60 жас және жоғары (9).
13.1. Әлеуметтік мәртебесі: әскери қызметкер (1), зейнеткер (2), жұмысшы (3), мемлекеттік қызметкер (4), құқық қорғау органдарының қызметкері (5), жұмыссыз (6), студент (7), басқалар (8).
14. Карточканы толтырған әкімшілік полиция бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және лауазымы
________________________________________________________________________________
15. Медициналық мекеме атауы: _________________________________________________
16. Зардап шеккен адамның медициналық мекемеге келіп түскен күні: "___" ___ 20_ жылы.
17. Денсаулық келген залал: жеңіл (1), орташа ауырлықта (2), ауыр (3), анықталмаған (4)
18. Медициналық көмектің көлемі: алғашқы медициналық көмек көрсетілді (1), ауруханаға жатқызылды(2), ауруханаға жатқызудан бас тарту (3), медициналық көмектен бас тарту (4).

  "Адамдардың
жарақаттануларына немесе
қаза болуларына әкеп соққан
жол көлік оқиғалары туралы"
есепті қалыптастыру бойынша
нұсқаулығына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсынуларды есепке алу карточкасы (ЖКО-3)

      1. Карточканың нөмірі /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/

      2. Тіркеу органы _________________________________________________

      3. ЖКО жасалған күні мен уақыты "___" __________ 20__ жыл "_ _ _" сағат "___" минут.

      4. Ұсынуды енгізу күні "___" __________ 20__ жауап:

      5. Ұсынудың шығыс нөмірі _________________________________________________

      6. Ұсыну енгізілген ұйымның атауы __________________________________________

      7. Ұсыну енгізілген ұйымның меншік нысаны __________________________________

      8. Іс жүргізу кезінде ұсыну енгізілген қылмыстық істің нөмірі ____________________

      9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің саралануы ________________ тармақ, бөлім, бап.

      10. Ұсынуда баяндалған шаралар: (шаралар белгілері).

      11. Ұсынуға қол қойған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) __________________________________________________________

      12. Ұсынуға қол қойған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің лауазымы _____

      _____________________________________________________________________________

      13. Карточканы толтырған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________________________________

      14. Карточканы толтырған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің лауазымы

      _______________________________________________________________

  "Адамдардың
жарақаттануларына
немесе қаза болуларына әкеп
соққан жол көлік оқиғалары
туралы" есепті қалыптастыру
нұсқаулығына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген қаралған ұсынулардың шешімдерін есепке алу карточкасы (ЖКО-4)

      1. Карточканың нөмірі/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/.

      2. Тіркеу органы __________________________________________________

      3. ЖКО жасалған күні мен уақыты "___" ____ 20__ жыл "_ _ _" сағат "___" минут

      4. Ұсынуды енгізу күні "___" __________ 20__ жауап:

      5. Ұсынудың шығыс нөмірі _______________________________________

      6. Ұсыну енгізілген ұйымның атауы ____________________________________

      7. Ұсыну енгізілген ұйымның меншік нысаны _________________________

      8. Іс жүргізу кезінде ұсыну енгізілген қылмыстық істің нөмірі____________

      9. ҚР Қылмыстық кодексінің саралануы __________________ тармақ, бөлім, бап.

      10. Ұсынуда баяндалған шаралар: (шаралар белгілері).

      11. Ұсынуға қол қойған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) лауазымы

      ______________________________________________________________

      12. Осы ұсыну бойынша қабылданған шешім: қаралды (1), қараусыз қалдырылды (2), ішінара қанағаттандырылды (3).

      13. Ұсынуды қараусыз қалдыру негізі

      __________________________________________________________________________

      14. Ұсынуға жауап алу күні "___" __________ 20__ жауап.

      15. Ұсыну жауаптың шығыс нөмірі ___________________________________

      16. Ұсыну қарау нәтижелері бойынша қабылданған шаралар ____________

      17. Ұсынуға жауапқа қол қойған басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      18. Ұсынуға жауапқа қол қойған басшының лауазымы ________________________

      19. Карточканы толтырған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________________________________

      20. Карточканы толтырған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің лауазымы

      __________________________________________________________________________

  "Адамдардың
жарақаттануларына немесе
қаза болуларына әкеп соққан
жол көлік оқиғалары туралы"
есепті қалыптастыру бойынша
нұсқаулығына
5-қосымша
  Нысан

Жол-көлік оқиғаларында қайтыс болған және жараланғандар туралы мәліметтерді салыстыру актісі 20_ жылғы "__" ________ № ____ "__" ___________ бастап "__" _____________ дейін (салыстыратын кезең)

№ р/с

Медициналық ұйымға түскен күні (өтініш)

Зардап шеккеннің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы, ЖСН

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары

ЖКО жасалған күні, орны, қысқаша фабуласы

Жарақат сипаты, жарақат ауырлығының дәрежесі

ЖКО-да зардап шеккен адамдардың масаң күйінде болғаны, не болмағаны

Медициналық ұйымның қабылдау бөлімінде көрсетілген медициналық көмек ауқымы (одан әрі госпитализациялаусыз және емханалық емдеу тағайындаусыз)

Емханалық емдеу тағайындалды

Ауруханаға жатқызылды

Алған дене жарақаттарынан медициналық ұйымда қайтыс болды, күні (қабылдау бөлімінде немесе бөлімшеде, көрсетілсін)

Басқа мединицалық мекемеге жіберілді (атауы, күні)













      Медициналық ұйым өкілі ____________________________ мөр қойылатын жер

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы, медициналық

      ұйым атауы, мекенжайы, байланыс телефондары, қолы)

      Жол полициясының лауазымды адамы __________________ мөр қойылатын жер

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы, жол полициясы

      бөлінісінің атауы, мекенжайы, байланыс телефондары, қол

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу саласындағы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
8-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
24 сәуірдегі 2019 жылғы
№ 29 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

"Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" №1-М есебі

6-тарау. Құқық бұзушылықтар жасаған адамдар туралы мәліметтер

Көрсеткіштер атауы

Жол коды

барлық тұлғалар

оның ішінде

кәсіпкерлік қызмет саласында

азаматтық

сотқа жіберілді

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12)-тармақтары және 36-бабы бойынша тоқтатылды

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 518-бабы тәртібінде шешімдер қабылданды

Қазақстан Республикасының азаматы (бұдан әрі - ҚР)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының азаматы

Шетелдік азаматтар

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлық құқық бұзушылықтар

1









оның ішінде

теріс қылықтар

2









қылмыстар

3









оның ішінде

онша ауыр емес

4









ауырлығы орташа

5









ауыр

6









аса ауыр

7









Жедел сотқа дейінгі тергеп-тексеру (бұдан әрі –ЖСТ) істері бойынша

8









Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары (бұдан әрі – ҚР ҚК (ерекше бөлік))

9









      кестенің жалғасы

Әйелдер

Кәмелетке толмағандар

18-20 жас

21-29 жас

30-39 жас

40-49 жас

50-59 жас

60 жас және одан үлкен

Барлығы

12-13 жас

14-15 жас

16-17 жас

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19












  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу саласындағы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
9-қосымша
  Нысан

"Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" №1-М есебі

1-2-тарау. Кәсіпкерлік қызмет саласында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер

Көрсеткіштердің атауы

Жол коды

Есепті кезеңде қылмыстық істері іс жүргізуде болған құқық бұзушылықтар саны

Есепті кезеңде Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) тіркелген құқық бұзушылықтар саны

2-бағаннан

Есепті кезеңде қылмыстық істері іс жүргізумен аяқталған құқық бұзушылықтар саны

Есепті кезеңде қылмыстық істері сотқа жіберілген құқық бұзушылықтар саны

оның ішінде

Оның ішінде кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалғаннан кейін

өткен жылдары жасалғандар

әйелдерге қатысты

Кәмелетке толмағандарға қатысты

тергеу

анықтау

хаттамалық нысан

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Барлық құқық бұзушылықтар

1












теріс қылықтар

2












қылмыстар

3












Из них

онша ауыр емес

4












ауырлығы орташа

5












ауыр

6












аса ауыр

7












Жедел сотқа дейінгі тергеп-тексеру (бұдан әрі –ЖСТ) істері бойынша

8












бұйрықтық іс жүргізуде

9












электрондық форматтағы істер бойынша

10












Кәсіпкерлік қызмет саласында

11












(адамның жоғалуы) қылмыстық жоғалу фактісі анықталған жоқ

12












(адам өлімі) қылмыстық өлім фактісі анықталған жоқ

13












Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары (бұдан әрі – ҚР ҚК) (ерекше бөлік)

14












      кестенің жалғасы

Қылмыстық істері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 35-бабы 1- бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12)- тармақтарына және 36-бабына сәйкес тоқтатылған құқық бұзушылықтардың саны

Қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтарына сәйкес тоқтатылған құқық бұзушылықтардың саны

Есепті кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілген құқық бұзушылықтардың саны

барлығы

ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағы

ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 2-тармағы

ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 3-тармағы

ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 4-тармағы

ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағы

ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 6-тармағы

ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 7-тармағы

ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 8-тармағ

ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 9-тармағы

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23













      кестенің жалғасы

Тергеп-тексеру мерзімі өткен құқық бұзушылықтар саны

Есептен шығарумен тергеулігі бойынша берілген құқық бұзушылықтар саны

Қоғамдық орындарда жасалған

Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, гүлзарларда

Отбасы-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылықтар саны

Адамсыз мерзімі өткені үшін тоқтатылған ашылмаған қылмыстық теріс қылық саны

Есептен шығарумен тергеулігі бойынша берілген құқық бұзушылықтар саны

24

25

26

27

28

29

30


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады