Мемлекеттік статистика саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қыркүйекте № 29894 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік статистика саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Әдіснамалық дамыту және деректерді басқару саясаты департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының басшысы
Ж. Шаймарданов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 31 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік статистика саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6458 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Републикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізу және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша статистикалық әдіснама Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша статистикалық әдіснаманы (бұдан әрі – ведомстволық әдіснама) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлейді, қалыптастырады және бекітеді.

      Мемлекеттік статистика органы-әзірлеуші (бұдан әрі – әзірлеуші) ведомстволық әдіснама жобасын ведомствоға қарау үшін жолдайды.

      Ведомство ведомстволық әдіснама жобасын алған күнінен бастап, күнтізбелік отыз күн ішінде ведомстволық әдіснама жобасын ескертулерсіз келісетіндігі туралы жауап береді немесе негіздемелері бар ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.

      Әзірлеуші ескертулер мен ұсыныстарды алған күнінен бастап пысықталған ведомстволық әдіснама жобасын он жұмыс күні ішінде қайта келісу үшін ведомствоға жолдайды.

      Ведомстволық әдіснама жобасына алынған ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда, әзірлеуші ескертулер мен ұсыныстардың қабылданбауы туралы жазбаша негіздеме жолдайды.

      Ведомство ұсынылған негіздемені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде талқылау және ведомстволық әдіснама жобасының түпкілікті редакциясын қабылдау үшін жұмыс кездесуін, соның ішінде бейнеконференцбайланыс өткізу арқылы ұйымдастырады.

      Қағидалардың осы тармағына сәйкес келісілген, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволық әдіснамасы Заңның 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес бекітіледі.".

      2. "Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсыну күні:

      1) қағаз жеткізгіште титулдық бетте мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) мөртабанымен бекітіледі;

      2) электрондық түрде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы "Респондент кабинеті" арқылы жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі;

      3) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі;

      4) интервьюердің қағаз жеткізгішті және (немесе) жеке есептеуіш құрылғысын пайдаланумен (планшет) респондентке жеке сауал салу жүргізу кезінде жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі.

      Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсыну күні:

      1) қағаз жеткізгіштерде ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк қызметкерлері бекітеді;

      2) электрондық түрде жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі.

      Егер статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге келсе, статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып саналады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттер ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесін респонденттің сұрауы бойынша немесе өз бетінше Бюроның www.stat.gov.kz. ресми интернет-ресурсында орналасқан "Респондент кабинетінде" жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) енгізу арқылы статистикалық нысандар тізбесін алады.

      Аумақтық бөлімшелерге ұсынуға қажетті алынған статистикалық нысандар тізбесіне сәйкес респонденттер іріктемелі зерттеуге қосу нәтижесін Бюроның www.stat.gov.kz. ресми интернет-ресурсындағы "Респондент кабинеті" арқылы немесе тұратын жері бойынша аумақтық бөлімшелерде өз бетінше нақтылайды.

      Ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесі сәйкес жылға Заңда белгіленген тәртіппен бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес қалыптастырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Үй шаруашылықтары алғашқы статистикалық деректерді аумақтық бөлімшелердің интервьюерлеріне тапсырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Есепті кезеңде (ай, тоқсан, жыл) қызметі болмаған кезде респондент Графикте көрсетілген аталған есепті кезең үшін статистикалық нысандарды ұсынудың ең ерте мерзімдерінің соңғы аяқталу күнінен кешіктірмей, статистикалық нысандардың орнына Қызметінің болмағандығы туралы хабарламаны осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген нысанға сәйкес қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде тиісті мемлекеттік статистика органына ұсынады. Осы Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама таралмайтын статистикалық нысандар тізбесінде көрсетілген статистикалық нысандарды қоспағанда, Қызметінің болмағандығы туралы хабарламада қызметінің болмау себептері мен аталған қызмет жүзеге асырылмаған мерзім көрсетіле отырып, кезеңділікке сәйкес келетін барлық статистикалық нысандар көрсетіледі.

      Бюроның www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен "Респондент кабинеті" арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама электронды түрде ұсынылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Респондент бұрын ұсынған жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша қателерін өзі анықтаған кезде, респондент қателерді екі жұмыс күні ішінде түзетеді және осы Қағидалардың 21 және 21-1-тармақтарына сәйкес аумақтық бөлімшелерге статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын ұсынады.";

      21-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-1. Аумақтық бөлімшеге жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының түзетілген нұсқасын электронды түрде ұсынған жағдайда, респондент Бюроның www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсының "Он-лайн режимде деректерді жинау" бөлімінен "Респондент кабинеті" арқылы басып шығарылған статистикалық нысанның қағаз нұсқасын ұсынады. Статистикалық нысанның басып шығарылған қағаз нұсқасына өзгерістер енгізіледі және "түзетілгені дұрыс" деген сөздермен расталады, түзету күні көрсетіледі және орындаушы мен басшының (басшы болмаған жағдайда, міндетін атқарушы адам) және (немесе) алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және анықтығына жауапты адамдардың қолы қойылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Респонденттер негізгі немесе қосалқы экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айлық мерзімде немесе қызметкерлер саны өзгерген жағдайда бұл туралы мемлекеттік статистика органдарын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе "Респондент кабинеті" арқылы Бюроның www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып хабардар етеді.

      Аумақтық бөлімшелер түскен хабарламаларды қарайды және үш жұмыс күні ішінде экономикалық қызметтің негізгі, қосалқы түрлерінің, статистикалық тіркелімдердегі респонденттер бойынша қызметкерлер санының өзгеруі туралы шешім қабылдайды.

      Хабарламаны қарау нәтижесі хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға (мекенжайларға) жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:

      "24. Егер статистикалық нысандарды тапсырудың соңғы күні ішінде бағдарламалық іркілістердің басталуы және (немесе) табиғи және техногендік себептерге байланысты ақпараттық жүйенің жұмысында пайда болатын іркілістің салдарынан ақпараттық жүйеде техникалық ақаулар туындаған кезде және оны "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ресми растауымен (Анықталған техникалық ақаулар бойынша акт) жұмыс уақытының соңына дейін жою мүмкін болмаса, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімін ауыстыру туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Респонденттер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімін ауыстыру туралы хабарламаның негізінде ақпараттық жүйеде статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбауына әкеп соққан техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде статистикалық нысандарды техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні осы Қағидалардың 15-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тәсілдердің бірімен ұсынуға міндетті.";

      осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      3. "Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 174 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6460 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және 13-бабының 2-1-тармақшасына және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 8) тармақшасына және 13-бабының 2-1 тармақшасына сәйкес әзірленді және алғашқы статистикалық деректерді алу немесе тіркеуге арналған, жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды (бұдан әрі – ведомстволық нысан) мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – МО және ҰБ) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, мемлекеттік тіркеуді келісу және олардың күшін жою қағидаларына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді және бекітеді.";

      6-тармақ алынып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды ведомство "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде бекітеді.";

      1-қосымша алынып тасталсын;

      2, 4 және 6-қосымшалар осы Тізбеге 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

      4. "Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу туралы тізілімінде № 6394 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша бекітеді.".

      5. "Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10893 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 11) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу үдерісін сипаттаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 12-бабы 11) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Републикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Үлгілік әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және келесі ұғымдар қолданылады:

      1) жіктелім – көптеген объектілерді қабылданған белгілеріне сәйкес ұқсастығы немесе айырмашылығы бойынша топтарға бөлу;

      2) импутация – түсіп қалған, дұрыс емес немесе дәрменсіз мәндерді басқа мәндермен алмастыру үдерісі;

      3) индекс салмағы – бұл әрбір дара элементтің олардың жалпы жиынтығындағы маңыздылығын көрсететін мөлшер;

      4) өлшеу – жиынтық көрсеткіштер алу үшін индекстік есептеулерде қолданылатын және тікелей жинақтауға берілмейтін әртүрлі тауарлардың өлшемдестігін қамтамасыз ететін рәсім;

      5) ресми статистикалық ақпарат - Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат;

      6) статистикалық ақпарат - алғашқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік деректерді өңдеу үдерісінде алынып, біріктірілген деректер;

      7) статистикалық көрсеткіш – бұл орынның және уақыттың нақты жағдайларында құбылыстың немесе үдерістің мәнін көрсететін, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сапалық сипаттамасы;

      8) іріктеме – статистикалық деректерді жинау және өңдеу кезінде қолданылатын, бекітілген жіктеуіштер, номенклатуралар және анықтамалықтардан алынған жеке айқындамалар, сондай-ақ келесі терминдер мен анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000-2007 "Негізгі ережелер. Сөздік" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартында анықталған мәндерде:

      9) ақпарат – мәнді деректер;

      10) валидация – объективті куәліктерді ұсыну арқылы нақты пайдалану немесе қолдануға арналған талаптардың орындалғанын растау;

      11) жүйе – өзара байланысты және өзара іс-қимыл жасайтын элементтер жиынтығы;

      12) нәтижелілік – қол жеткізілген нәтиже мен пайдаланылған ресурстар арасындағы байланыс;

      13) өндірістік орта – жұмыс орындалатын жердегі жағдайлар жиынтығы;

      14) өнім – үдеріс нәтижесі;

      15) рәсім – қызметті немесе үдерісті жүзеге асырудың белгіленген тәсілі;

      16) сапа – өзіндік сипаттамалар жиынтығының талаптарға сәйкестік дәрежесі;

      17) сапаны басқару – сапаға қойылатын талаптарды орындауға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі;

      18) сапаны қамтамасыз ету – сапаға қойылатын талаптардың орындалатынына сенімділік ұялатуға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі;

      19) үдеріс – кірісті шығысқа айналдыратын, өзара байланысты және өзара іс-қимыл жасайтын қызмет түрлерінің жиынтығы;

      20) талдау – белгіленген мақсаттарға жету үшін қарастырылып отырған объектінің жарамдылығын, барабарлығын, тиімділігін белгілеу үшін қолданылатын қызмет;

      21) тиімділік – жоспарланған қызметті іске асыру және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу дәрежесі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ресми статистикалық ақпаратты түзу осы Үлгілік әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес оларға кіретін қосалқы үдерістерді ескерумен келесі үдерістерден (кезеңдерден) тұрады:

      1) қажеттіліктерді зерделеу;

      2) түзу үдерісін жобалау;

      3) түзу үдерісін құру;

      4) алғашқы статистикалық деректерді жинау;

      5) деректерді өңдеу;

      6) деректерді талдау;

      7) ресми статистикалық ақпаратты тарату;

      8) өндірістік циклді бағалау.

      Осы Үлгілік әдістемеде мемлекеттік статистика органдары жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды қалыптастыру кезінде олар өз қызметінде қолданатын үдерістер мен қосалқы үдерістерді ғана ұстанады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3. Уәкілетті орган бекіткен, Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық қызметке мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметіне сәйкестігіне талдау жүргізу тәртібі.";

      14. Уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметінің ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкестігін талдау (бұдан әрі – статистикалық қызметті талдау) жаңа байқаулар бойынша – міндетті түрде, қолданыстағы байқаулар бойынша – өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, қажеттілігіне қарай ресми статистикалық ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

      15. Мемлекеттік органдардың статистикалық қызметіне талдау жүргізу үшін ақпараттық база (бұдан әрі – ақпараттық база) мыналар болып табылады:

      1) мемлекеттік органдардың ведомстволық әдіснамасы;

      2) жалпымемлекеттік/ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары;

      3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурсындағы ресми статистикалық ақпарат;

      4) осы Үлгілік әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ұсынылатын Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ақпараты;

      5) ведомствоның сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдар ұсынатын өзге де ақпарат.

      16. Бюро Заңның 1-бабы 18) тармақшасына, 5-бабына және 22-бабының 1-тармағына, сондай-ақ осы Үлгілік әдістеменің талаптарына сәйкес ақпараттық базаны зерделейді.

      17. Ведомство мемлекеттік органдардың статистикалық қызметін талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік статистика принциптерін және осы Үлгілік әдістеменің талаптарын сақтау бойынша талдамалық анықтама жасайды және мемлекеттік органдарға жібереді.

      18. Мемлекеттік статистика принциптерін және осы Үлгілік әдістеменің талаптарын сақтау мемлекеттік органдар жүргізуге жоспарлап отырған ведомстволық статистикалық байқауларды жыл сайынғы Статистикалық жұмыстар жоспарына енгізу үшін шарт болып табылады.";

      Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың Үлгілік әдістемесіне Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мемлекеттік органдардың
статистикалық ақпаратты түзу
процесін сипаттаудың
үлгілік әдістемесіне

      1-қосымша";

      осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 31 Тізбеге
1-қосымша
Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді
ұсыну қағидаларына
4-қосымша

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және кейінге қалдыру туралы хабарлама

      Құрметті респонденттер!

      ________________________ статистикалық нысандары бойынша есептілікті тапсыру мерзімі 20 ____ жылдың __________ дейін ұзартылды.

      Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 31 Тізбеге
2-қосымша
Жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық
байқауларды жүргізу үшін
статистикалық нысандарды,
оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына
2-қосымша



 

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
Статистическая форма общегосударственного статистического наблюдения
Аумақтық статистика органына ұсынылады
Представляется территориальному органу статистики

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 20___ жылғы "___"_____ № __ бұйрығына ___ - қосымша

Приложение __ к приказу
приказу руководителя Бюро
национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
от "__" ________ 20__ года № __

Статистикалық нысанның атауы
Наименование статистической формы

Статистикалық нысанның индексі
Индекс статистической формы

Кезеңділік
Периодичность

Есепті кезең
Отчетный период



жыл
год

Респонденттер тобы
Круг респондентов


Ұсыну мерзімі
Срок представления

БСН коды
код БИН



ЖСН коды
код ИИН



  Қазақстан Республикасы
  Стратегиялық жоспарлау
  және реформалар агенттігінің
  Ұлттық статистика
  бюросының басшысы
  2022 жылғы 28 қыркүйектегі
  № 31 Тізбеге
  3-қосымша
  Жалпымемлекеттік және
  ведомстволық статистикалық
  байқауларды жүргізу үшін
  статистикалық нысандарды,
  оларды толтыру жөніндегі
  нұсқаулықтарды бекіту
  қағидаларына
  4-қосымша




Ақпаратты алушы органдар құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами получателями информации
Ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
Статистическая форма ведомственного статистического наблюдения
Мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне ұсынылады
Представляется государственным органам и Национальному Банку Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы
(Мемлекеттік орган, лауазымы)
20__ жылғы "__" __________
№ ___ бұйрығына __-қосымша


Приложение __ к приказу
(Государственный орган, должность)
Республики Казахстан
от "__" ________ 20__ года № __

Статистикалық нысанның атауы
Наименование статистической формы

Статистикалық нысанның индексі
Индекс статистической формы

Кезеңділік
Периодичность

Есепті кезең
Отчетный период



жыл
год

Респонденттер тобы
Круг респондентов

Ұсыну мерзімі
Срок представления

БСН коды
код БИН



ЖСН коды
код ИИН



  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 31 Тізбеге
4-қосымша
Жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық
байқауларды жүргізу үшін
статистикалық нысандарды,
оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросы басшысының
20__ жылғы "__"__________
№ ___ бұйрығына __
-қосымша

"Статистикалық нысанның атауы" (статистикалық нысанның индексі, статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

      Статистикалық нысанда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

      Әдіснамалық түсіндірмелер

      Арифметикалық-логикалық бақылау

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 31 Тізбеге
5-қосымша
Жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық
байқауларды жүргізу үшін
статистикалық нысандарды,
оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту
қағидаларына
7-қосымша
(Мемлекеттік орган, лауазымы)
20__ жылғы "__"__________
№ ___ бұйрығына__
  - қосымша

"Статистикалық нысанның атауы" (статистикалық нысанның индексі, статистикалық байқауды өткізу кезеңділігі) ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

      Статистикалық нысанда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

      Әдіснамалық түсіндірмелер

      Арифметикалық-логикалық бақылау

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 31 Тізбеге
6-қосымша
Мемлекеттік органдардың
статистикалық ақпартты
түзу процесін сипаттаудың
үлгілік әдістемесіне
2-қосымша

      Мемлекеттік орган__________________________________________

      1. Жалпымемлекеттік/ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанының атауы, индексі және байқауды жүргізу кезеңділігі.

      2. Алғашқы статистикалық деректерді жинау үшін негіздеме (тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса берумен).

      3. Алғашқы статистикалық деректерді жинау әдісі (қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде).

      4. Респонденттер тобының сипаттамасы. Статистикалық нысан бойынша есеп беруге тиіс респонденттердің саны және нақты есеп берген респонденттердің саны.

      5. Статистикалық ақпаратты түзу процесінің сипаттамасы.

      6. Алғашқы статистикалық деректерді жинау кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету (қағаз жеткізгіштерді сақтау шарттары, қорғалған көлік ортасының болуы, әзірленген және бекітілген қауіпсіздік саясаты).

      7. Ресми статистикалық ақпаратты (шығыс ақпаратты) жинау және қалыптастыру үшін статистикалық әдіснаманың болуы, оны бекіту туралы құжаттың күні мен нөмірі.

      8. Ресми статистикалық ақпараттың (шығыс ақпараттың) атауы, жариялау кезеңділігі мен мерзімі, орналастыру (жариялау) орны, Интернет-ресурстың мекенжайын, бөлімді көрсетумен.

      9. Деректерді жинау және өңдеу, статистикалық ақпаратты қалыптастыру (электрондық орта) үшін бағдарламалық қамтылымның (ақпараттық жүйенің) болуы, сондай-ақ "е-Статистика" ақпараттық жүйесімен интеграцияланудың болуы.

      10. Ішкі ведомстволық бақылауға байланысты деректерді тексеру және валидациялау рәсімдерінің сипаттамасы (олардың ведомстволық әдіснамада сипаттамасы болмаған жағдайда).

      11. Пайдаланылатын жіктемелер мен анықтамалықтардың тізбесі.

      12. Бизнес-тіркелімді пайдалану.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады