"Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қазанда № 29966 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 428/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.11.2022 № 428/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасында:

      1-қосымшада:

      1-бөлімде:

      реттік нөмірі 373-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

373.

Жұмыспен қамту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және мониторингілеу

жалпы жұмыс орындарынан үш пайыз көлемінде мүгедектігі бар адамдарға белгіленген жұмыс орындарына квотаның орындалуын мониторингілеуді жүзеге асырады

"Еңбек нарығы" ААЖ


жалпы жұмыс орындарынан үш пайыз көлемінде мүгедектерге белгіленген жұмыс орындарына квотаның орындалуын мониторингілеу туралы мәліметтер

ЖҚӘББ

      ";

      реттік нөмірі 378-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

378.

Жұмыспен қамту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және мониторингілеу

мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құруға жәрдемдеседі

"Еңбек нарығы" ААЖ



ЖҚӘББ

      ";

      реттік нөмірлері 390, 391, 392 және 393-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

390.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету

мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз етеді

ЭҮП, ӨЭҮШ АЖ

Автоматтандырылмаған МҚ үшін өтініштерді тіркеу, қарау, шешімдерді құру және келісу процестерін автоматтандыру

Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторлық-курорттық емделуіне өтініштер тізілімі
Мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емделуді беру мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламалар тізілімі
Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторлық-курорттық емдеу туралы мәліметтер

ЖҚӘББ

391.

мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (тек қана Астана және Алматы қалалары үшін)


Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге өтініштер тізілімі
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламалар тізілімі
Оларды үйде оқытуға жәрдемақы тағайындалған мүгедектігі бар балалар тізілімі

ЖҚӘББ

392.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады


Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарын және (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарын алуға өтініштер тізілімі Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарын және (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарын беру мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламалар тізілімі
Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету туралы мәліметтер

ЖҚӘББ

393.

Әлеуметтік көмек көрсету саласындағы кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөнiндегi мамандарды, оның iшiнде ымдау тiлiнiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады

ЭМС ААЖ

1-деңгей:
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды есепке алуды автоматтандыру.
Ұсынылған материалдық-техникалық қамтамасыз етуді есепке алуды автоматтандыру.
2-деңгей:
Кадрларды қажетсінулерді жоспарлау және болжау, оның ішінде өтініштерді электронды түрде қабылдау жөніндегі процестерді автоматтандыру.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі қажетсінулерді жоспарлау және болжау, оның ішінде өтініштерді электрондық түрде қабылдау жөніндегі процестерді автоматтандыру

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөнiндегi мамандар, оның iшiнде ымдау тiлiнiң мамандары, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандар тізілімі

ЖҚӘББ

      ";

      реттік нөмірлері 398, 399, 400, 401, 402 және 403-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

398.

Әлеуметтік көмек көрсету саласындағы есепке алу және мониторингілеу

мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді

"Е-собес" ААЖ, ӘК ААЖ, МОДҚ АЖ, ЭМС ААЖ



ЖҚӘББ

399.

мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді құрады


Мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесі

ЖҚӘББ

400.

мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады


Өткізілген мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқыту (қайта оқыту) туралы мәліметтер

ЖҚӘББ

401.

"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тиісті аумақта медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалтуды ұйымдастырады



ЖҚӘББ

402.

дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады



ЖҚӘББ

403.

мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады



ЖҚӘББ

      ";

      реттік нөмірі 670-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

670.

Бағдарламаларды және НҚА әзірлеу

мүгедектігі бар адамдар санынан мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы ережені әзірлейді

ЭҚАБЖ, "Әділет" НҚА АҚЖ



ЖҚӘББ

      ";

      2-бөлімде:

      реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

27.

Бағдарламаларды және НҚА әзірлеу

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді

ЭҚАБЖ, "Әділет" НҚА АҚЖ


Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген халық санатын жұмысқа орналастыру үшін квоталар

ЖӘББ

      ";

      реттік нөмірлері 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223 және 224-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

205.

Мемлекеттік жәрдемақы, халықты жұмыспен қамту, мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету, әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қызметтер саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету

он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

ЭҮП, ЭҮӨШ АЖ (2 қызмет)

Автоматандырылмаған қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, шешімдерді келісу және беру процестерін автоматтандыру

Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініштер тізілімі
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламалар тізілімі
Жәрдемақы тағайындалған он сегіз жасқа дейінгі адамдар тізілімі

ЖӘББ

206.

жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу


Жұмыссыз азаматтарды тіркеуге және есепке алуға өтініштер тізілімі
Жұмыссыз азаматтар тізілімі

ЖӘББ

207.

адамдарға жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру


Жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына қатысуға жолдама алуға өтініштер тізілімі Жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына қатысуға берілген жолдамалар тізілімі:
1) жұмысқа орналасуға берілген жолдама;
2) қоғамдық жұмыстарға берілген жолдама;
3) тұлғаларға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға берілген жолдама;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға берілген жолдама;
5) жастар іс-тәжірибесіне берілген жолдама;
6) тұлғаларға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсетуге жолдама

ЖӘББ

208.

жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру


Жұмыссыз азаматтардың анықтамалар алуға өтініштер тізілімі
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы берілген анықтамалар тізілімі

ЖӘББ

209.

мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу


Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге өтініштер тізілімі
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламалар тізілімі
Үйде оқытуға жәрдемақы тағайындалған мүгедектігі бар балалардың тізілімі

ЖӘББ

210.

мүгедектігі бар адамдарға протез-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды ресімдеу


Мүгедектігі бар адамдарға протез-ортопедиялық көмек көрсетуге өтініштер тізілімі
Мүгедектігі бар адамдарға протез-ортопедиялық көмек көрсету мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламалар тізілімі

ЖӘББ

211.

мүгедектігі бар адамдарды сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету


Мүгедектігі бар адамдарды сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге өтініштер тізілімі
Мүгедектігі бар адамдарға сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарды беру мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламалар тізілімі

ЖӘББ

212.

жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау сөйлеу тілі маманының қызметін көрсетуге құжаттарды ресімдеу


Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметін көрсетуге өтініштер тізілімі
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау сөйлеу тілі маманының қызметін көрсету мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламалар тізілімі

ЖӘББ

213.

Мүгедектігі бар адамдарға кресло-арбаларды беру


Кресло-арбаны алуға өтініштер тізілімі
Мүгедектігі бар адамдарға кресло-арбаларды беру мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламалар тізілімі

ЖӘББ

214.

мүгедектігі бар адамды реабилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторийлік-курорттық емделуін, мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдің санаторийлік-курорттық ұйымда болуын қамтамасыз ету


Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балалардың санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге өтініштер тізілімі
Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламалар тізілімі

ЖӘББ

215.

қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім-баланы (жетім-балаларды) және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақыны төлеуді тағайындау


Қамқоршының немесе қорғаншының жәрдемақыны тағайындау туралы өтініштер тізілімі
Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім-баланы (жетім-балаларды) және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақыны төлеуді тағайындау туралы шешімдер тізілімі
Жетім-баланы (жетім-балаларды) және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындалған қамқоршылар немесе қорғаншылар тізілімі

ЖӘББ

216.

атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекті тағайындау


Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекті алуға өтініштер тізілімі
Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламалар тізілімі
Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекті тағайындалған адамдар тізілімі

ЖӘББ

217.

жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау


Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындауға өтініштер тізілімі
Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарламалар тізілімі
Әлеуметтік көмек тағайындалған адамдар тізілімі

ЖӘББ

218.

ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың қызметкерлеріне отынды сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету


Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың қызметкерлеріне отынды сатып алу бойынша әлеуметтік көмекті алуға өтініштер тізілімі
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың қызметкерлеріне отынды сатып алу бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарламалар тізілімі

ЖӘББ

219.

ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру


Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар ретінде тіркеуге өтініштер тізілімі
Қазақстан Республикасы азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы куәліктер тізілімі

ЖӘББ

220.

ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсыну


Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсынуға өтініштер тізілімі
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын тағайындау туралы хабарламалар тізілімі.

ЖӘББ

221.

оңалтылған тұлғаға куәлік беру


Оңалтылған тұлғаға бірыңғай үлгідегі куәлікті беруге өтініштер тізілімі
Оңалтылған тұлғаға бірыңғай үлгідегі куәлікті алуға үміткер тұлғалар тізілімі
Оңалтылған тұлға куәліктерінің тізілімі

ЖӘББ

222.

үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу


Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге өтініштер тізілімі
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламалар тізілімі

ЖӘББ

223.

медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу


Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге өтініштер тізілімі
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламалар тізілімі

ЖӘББ

224.

өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру


Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға тиесілігін растайтын анықтаманы алуға өтініштер тізілімі
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға тиесілігін растайтын берілген анықтамалар тізілімі

ЖӘББ

      ";

      3-бөлімінде:

      реттік нөмірлері 22, 23, 24 және 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

22.

Әлеуемттік көмек көрсету саласындағы қызметті ұйымдастыру

Мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады

"Е-собес" ААЖ, ӘҚ АЖ, ЭМС ААЖ




23.

Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады




24.

Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады




25.

Мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi




      ";

      Аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "МОДҚ ААЖ – "Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "МОДҚ ААЖ – "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңірлермен өзара іс-қимыл департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады