ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген):
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2025 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2025 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Заместитель Премьер-Министра - Министр финансов Республики Казахстан |
Е. Жамаубаев |
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі
№ | Тауардың атауы | Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні |
1. | Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын |
2023 жылғы |
2. | Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі |
2023 жылғы |
3. | Өндірілуі мен айналымы "мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері |
2023 жылғы |
4. | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын Тауарлар тізбесіне енгізілген |
2023 жылғы |
5. | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар |
2023 жылғы |
6. | Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар |
2023 жылғы |
7. | Виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар |
2023 жылғы |
8 | ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар |
2023 жылғы |
9 | ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар. |
2023 жылғы |