Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 415 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31126 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 415 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11837 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі – талаптар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды мамандандырылған фермаларда (кешендерде, құс фабрикаларында), бордақылау алаңдарында (бұдан әрі – өндіріс объектісі) өсіруді, өткізуді және оларды ішкі сауда объектілерінде (бұдан әрі – жануарларды өткізу объектісі) өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес өндіріс объектілерінің аумағын елді мекендерден санитариялық-қорғаныш аймағымен бөледі.

      Адамдар мен жануарлардың бақылаусыз өтіп кетуіне тосқауыл қою үшін өндіріс объектісінің аумағы биіктігі кемінде 2 метр (бұдан әрі – м) қоршаумен қоршалады, ал жол жүру бөлігі су өтпейтін қатты жол-құрылыс материалымен жабылады.";

      250-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "250. Қолданылған су мен шайындыларды орталық кәрізге ағызу үшін түбі мен қабырғасынан су өтпейтін арнайы шұңқыр жабдықталады. Арнайы шұңқыр Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық заттармен зарарсыздандырылады. Қолданылған су мен шайындылар арнайы шұңқырда зарарсыздандырылғаннан кейін ғана орталық кәрізге ағызылады.

      Сарқынды суларды жинақтайтын орталық кәріз болмаған жағдайда, сарқынды суларды Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандыруды жүргізе отырып, тазарту қондырғыларының меншікті жүйелерін салуға рұқсат етіледі. Тазарту қондырғылары жануарларды өткізу объектісінің сыртында жел жағында орнатылады. Тазарту қондырғыларының көлемдері жануарларды өткізу объектісінің өткізу қабілетіне сәйкес белгіленеді.

      Жануарларды ұстайтын қашаларда дренаждық каналдарға қарай 3-6 градус еңістік көзделеді. Дренаждық каналдар қазылған шұңқырға қарай 3-5 градус еңістікпен жасалады. Қазылған шұңқырлардың қабырғалары және түбі су өткізбейтіндей етіп, сондай-ақ суды соруға арналған қақпамен және сорғымен жарақталады. Қазылған шұңқырдағы сарқынды суларды Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандыру жүзеге асырылады. Зарарсыздандырылғаннан кейін сарқынды сулар сорғының көмегімен шағын мүйіске тартылады. Шағын мүйіс қиық конус тәрізді шұңқыр болып табылады. Қабырғалар мен түбіне саз балшық жағылып, судың өтіп кетпеуі (саз құлып) қамтамасыз етіледі. Саз балшық қабатының қалыңдығы 3-5 см құрайды. Суды өткізбеуді қамтамасыз ету мақсатында полиэтиленді үлдірді пайдалануға болады.".

      2. "Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12208 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі – талаптар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды айқындайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Союға "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) сәйкес міндетті бірдейлендіру рәсімінен өткен және Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық құжаттары бар жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларынан таза аумақтар мен шаруашылық субъектілерінің жануарлары мен құстары ғана қабылданады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Өндірістік үй-жайлардың жиыны мен алаңдары, тоңазытқыш камералар, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, еден жабындары, қабырғалар, төбелер немесе төбе қаптамалары, есіктер, технологиялық жабдықтардың орналасуы, сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру, жылыту, желдету, жабдықтар, мүкәммал, ыдыс, сүт және сүт өнімдерін өндіру, сақтау және тасымалдау шарттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22673 болып тіркелген) бекітілген "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес орнатылады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Балық және балық өнімі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 162 шешімімен бекітілген "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) қауіпсіздік талаптарына, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарына сәйкес келеді.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Үй-жайларды күтіп-ұстау және пайдалануға беру, жобалау, жөндеу, сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру, жылумен жабдықтау, желдету, ауа баптау, жабдық, еңбек жағдайы, жануарлардан алынатын өнімді қабылдау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу, өлшеп орау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) бекітілген "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Өндіріс объектілерінің аумағы елді мекендерден санитариялық-қорғаныш аймақтарымен бөлінеді. Санитариялық-қорғаныш аймақтарының өлшемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Адамдар мен жануарлардың бақылаусыз өтуіне бөгет жасау үшін өндіріс объектісінің аумағы биіктігі кемінде 2 метр болатын қоршаумен коршалады, ал жүріп өту бөлігіне су өткізбейтін қатты жол-құрылыс материалы төселеді.";

      86-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сәйкес зертханада мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудан және қадағалаудан және ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнімдердің саудасы үшін тиісті шарттарды;";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Объектілердің күрделі ғимараттары орталықтандырылған суық сумен және ыстық сумен жабдықтау, су бұру жүйелерімен жабдықталады. Ауыз су Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген) бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында белгіленген ауыз суға қойылатын сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдаланылады. Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде жергілікті су көздерін пайдалануға рұқсат етіледі. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтары үшін тасып әкелінген суды пайдалануға рұқсат етіледі.

      Объектінің жуынатын үй-жайларында орталықтандырылған жылы сумен жабдықтау болмаған кезде су қыздырғыштар орнатылады. Сарқынды суды жинау үшін кәріз жүйесі болмаған жағдайда, қақпағы бар су өткізбейтін шұңқырлар орнатуға рұқсат етіледі. Шұңқырлар судың жиналғанына қарай тазаланады.".

      3. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12243 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі – талаптар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, азық және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды айқындайды.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-84 бұйрығы) бекітілген нысан бойынша берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды).";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бірінші және екінші топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24809 болып тіркелген) бекітілген "Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес ұйымдастыру қажет.

      13. Өндірушінің ғимараты мен қоршау арасында санитариялық-қорғаныш аймағы орналасады, оның өлшемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес айқындалады.";

      149-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады