"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.12.2022 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрінің | |
міндетін атқарушы | С.Омаров |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Е.Досаев
2015 жылғы 22 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________В.Школьник
2015 жылғы 3 шілде
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығымен бекітілген |
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық) талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі – талаптар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды мамандандырылған фермаларда (кешендерде, құс фабрикаларында), бордақылау алаңдарында (бұдан әрі – өндіріс объектісі) өсіруді, өткізуді және оларды ішкі сауда объектілерінде (бұдан әрі – жануарларды өткізу объектісі) өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.12.2022 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Өндіріс объектісін салуға арналған жер телімі биік, тегіс, құрғақ, тасқын су мен нөсер жаңбыр суының астында қалмайтын және желдің бағытын ескере отырып қорғалған жерді таңдайды.
3. Жаңа өндіріс объектілерін салуға арналған жер телімі бұрынғы мал шаруашылығы қора-жайларының, мал қорымдарының, көң қоймаларының және ет өңдейтін кәсіпорындардың орнынан таңдауға жол берілмейді.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес өндіріс объектілерінің аумағын елді мекендерден санитариялық-қорғаныш аймағымен бөледі.
Адамдар мен жануарлардың бақылаусыз өтіп кетуіне тосқауыл қою үшін өндіріс объектісінің аумағы биіктігі кемінде 2 метр (бұдан әрі – м) қоршаумен қоршалады, ал жол жүру бөлігі су өтпейтін қатты жол-құрылыс материалымен жабылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.12.2022 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өндіріс объектісінің аумағында ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру функционалдық аймақтау қағидаты бойынша жүзеге асырылады, әрбір аймаққа технологиялық үдерістің ортақтығымен біріктірілген құрылыстар орналастырылады.
6. Өндіріс объектісінің аумағы мынадай аймақтарға бөлінеді:
1) өндірістік немесе негізгі мақсаттағы (А аймағы) - негізгі табынды ұстауға және өнім өндіруге арналған қора-жай, мал туғызатын бөлім, жаңа туылған төлдерге арналған профилакторий, төлдерді және мал басын толықтыратын табынды ұстауға арналған қора-жай, жануарларды қолдан ұрықтандыратын пункт (құс фабрикаларын қоспағанда), оқшаулағыш және карантиндік бөлім (басқышы бар қаша, жануарларды ветеринариялық өндеуге арналған өткелек), жемшөп қоспаларын дайындау жөніндегі жемшөп цехы;
2) қызмет көрсетуші персоналға арналған санитариялық өткізу орны бар ветеринариялық-санитариялық блок (Б аймағы);
3) әкімшілік-шаруашылық (В аймағы);
4) жемшөп сақтау (Г аймағы);
5) көңді сақтауға арналған оқшауланған орын (Д аймағы).
7. Өндіріс объектісінің аумағына (аумағынан) барлық кіреберістерде (шығаберістерде) автокөліктің қозғалғыш бөлігін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялық тосқауыл (бұдан әрі - дезинфекциялық тосқауыл) орнатылады. Дезинфекциялық тосқауылдың үстіне екі жағынан қабырғалармен жабылған қалқа орнатылады. Дезинфекциялық тосқауыл жыл бойы жұмыстық жай-күйде ұсталады (қыс кезеңінде жылытуды қамтамасыз етеді немесе төменгі температураларда қатпайтын ерітінділер қосылады).
8. Көң сақтайтын орынды өндірістік ғимараттардың желден ық жағында кешен аумағының сыртында кемінде 60 м қашықтықта орналастырады.
9. Өндіріс объектісінің кіреберісінің жақын маңына өндіріс объектісі мамандарының көліктерін қоюға арналған алаң жасайды.
10. Технологиялық үдерісті қамтамасыз ету және өндірістік аймақта қызмет көрсету үшін өндіріс объектісінің ішінде қолданылатын арнайы көлік бөлінеді.
11. Жануарларды күтіп-бағуға арналған мал шаруашылығы қора-жайларының құрамына мынадай объектілер кіреді:
1) жануарларды (төлді және ересек мал басын) күтіп-бағуға арналған ғимараттар;
2) қалқалары, оттықтары, суаратын астаулары, өткелектері, басқыштары мен таразысы бар жануарларды серуендетуді ұйымдастыруға арналған қоршалар;
3) бір кіреберісі және шығаберісі бар, периметр бойынша қоршалған және арық салынған көңді және сұйық көңді сақтауға арналған алаңша.
12. Карантиндік бөлім және оқшаулағышты бірыңғай блокта орналастырғанда, олардың арасында тамбур жабдықталады, онда жұмысшылардың арнайы киімдеріне (бұдан әрі - арнайы киім) арналған шкафтар, қолжуғыш, дезинфекциялық ерітінділер бар ыдыстар, аяқкиімдерді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялық төсеніштер орнатылады.
13. Мал қора-жайларының едендері, қабырғалары, оттықтары, сұйық көң жинағыштары мен басқа жабдықтары "Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10028 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін дезинфекция жасауға ыңғайлы материалдардан жасалады.
14. Мал шаруашылығы қора-жайларында ағаштан жасалған оттықтар, астаулар және басқа жабдықтардың пайдалануына жол берілмейді.
15. Жануарларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлар мен қоршалған ашық қашаларды көңнен тазартып отырады.
16. Әрбір мал шаруашылығы қора-жайларының (базаның), жемшөп дайындайтын цехтардың, жемшөп, астық сақтайтын қоймалардың, және басқа объектілердің терезелері, есіктері, желдету тесіктері жабайы құстардың ұшып кірмеуі үшін торлы рамалармен жабдықталады.
17. Өндіріс объектілерінің жұмысын жабық үлгідегі кәсіпорындар қағидаты бойынша ұйымдастырады. Өндіріс объектісінің аумағына бөгде адамдардың, сондай-ақ өндіріс объектісіне тікелей қызмет көрсетумен байланысты емес кез келген көлік түрінің кіруіне жол берілмейді.
18. Өндірістік объектілерге кіреберістегі әкімшілік-шаруашылық және өндірістік аймақтар қоршауының бойын қызмет көрсетуші персонал мен келіп-кетушілер үшін санитариялық өткізгішпен жабдықтайды.
19. Оқшауланған қора-жайлар (секциялар) арасына 15 сантиметр (бұдан әрі - см) тереңдікте дезинфекциялық ерітіндімен толтырылған дезинфекциялық астаушалар орнатылады.
20. Санитариялық өткізгіштің құрамында арнайы киімдер мен аяқкиімдерді дезинфекциялауға, жууға және кептіруге арналған үй-жай көзделеді.
21. Санитариялық өткізгіштің өтетін жерінде тәулік бойы кезекшілік орнатылады.
22. Өндіріс объектісі аумағының сыртқы жағынан да, өндірістік аймағы жағынан да санитариялық өткізгішке кіреберістің алдында дезинфекциялық ерітінділермен ылғалдандырылған аяқкиімді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялық тосқауылдар (ысқышы немесе ағаш үгінділері бар кюветтер) орнатылады.
23. Өндірістік объектінің санитариялық өткізгіш үй-жайында жұмысшылар үйден киіп келген киімдерін және аяқкиімдерін шешіп, үй киімі гардеробында (әр қызметшіге бекітіп берген) қалдырады, душ қабылдайды, жұмыс киімдеріне арналған гардеробтан таза зарарсыздандырылған арнайы киім киеді.
24. Өндіріс объектісінен арнайы киімді ауыстырғаннан кейін шығуға рұқсат етіледі.
25. Қосалқы үй-жайларда қолды жуу үшін сабынмен (сұйық сабынмен), щеткамен, дезинфекциялық ерітінділерге арналған сиымдылықпен, бір рет пайдаланатын орамалмен немесе электр кептіргіштермен қамтамасыз етілген суық және ыстық су араластырғышы бар раковиналар орнатылады.
26. Ауыз су мақсатына арнайы су шүмектері орнатылады, ауыз су температурасы +8 0С-тан төмен және + 20 0С-тан жоғары болмауы тиіс.
27. Өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманның рұқсаты бойынша және арнайы киімді ауыстырып кигеннен кейін өндіріс объектісіне бөгде адамдардың енуіне жол беріледі.
28. Қызмет көрсетуші персонал арнайы киіммен, жабдықпен, мүкәммалмен және басқа да заттармен қамтамасыз етіледі, олар таңбаланады және учаскеге (цехқа) бекітіліп беріледі.
Көрсетілген заттарды бір учаскеден басқа учаскелерге зарарсыздандырғаннан кейін беруге рұқсат етіледі.
29. Өндіріс объектісі сумен қамтамасыз етіледі.
30. Өндіріс объектісінің басшылығы тоқсан сайын кемінде бір рет суды қауіпсіздік көрсеткіштеріне зертханалық зерттеулерден өткізіп тұрады.
31. Артезиан ұңғымасы санитариялық-қорғау аймағымен және қоршаумен қамтамасыз етіледі.
32. Су жинақтаушы ұңғымалар, шахталық құдықтар кәсіпорынның аумағында орналасқан болса, онда оларды мал шаруашылығы қора-жайларынан кемінде 50 м қашықтықта орналастырады.
33. Компрессорлық қондырғыға, аумақты суландыруға, автокөлік сыртын жууға техникалық су пайдаланылады, суды айыру (жинау) нүктелерінде "техникалық су" және "ауыз суы" деген жазулар орнатылады.
34. Шаруашылық - ауыз суы және өртке қарсы мақсаттарға суды сақтау үшін кемінде екі резервуар орнатылады.
35. 3 айлық төлдерді суаруға температурасы + 14-тан + 16 0C-қа дейінгі суды, 6 айдан асқан төлдерге +8 0С-тан төмен емес суды қолдануға рұқсат етіледі.
36. Жануарларға арналған қора-жайларда жас ерекшелігіне және күтіп бағу тәсілдеріне қолданылатын микроклиматтың оңтайлы көрсеткіштері сақталады және оларға жүйелі бақылау жүргізіліп отырады.
37. Оқшауландырылған секциялар мен қора-жайлар оңтайлы ауа алмасуды және жануарлар орналасқан барлық аймақ бойынша таза ауаның біркелкі таралуын қамтамасыз ететін желдету жүйелерімен жабдықталады.
38. 6 айдан асқан жануарларды күтіп-бағуға арналған тор едені бар қора-жайларда көң жиналатын каналдардан ауаны тартатын ауа сорғыш қондырғысы орналатылады.
39. Өндірістің барлық объектілері және өндіріс объектісінің аумағы жеткілікті және біркелкі жарықпен (күндіз - табиғи, түнде - жасанды) қамтамасыз етіледі.
40. Табиғи жарық кезінде терезелердің жалпы алаңы еден алаңының 30 %-ын құрайды.
41. Люминесценттік шамдары бар шамдалдар қорғау торымен, ал қыздыру шамдары бар шамдалдар тұтастай қорғау шынысымен қапталады.
42. Мал шаруашылығы қора-жайларында тарту-сору желдеткішін орнатады, ал қысқы уақытта сырттан кіретін суық ауа жылытылады.
43. Қора-жайлардың желдетілуі ғимараттардың жылу оқшаулауын, бөлінетін жылу, ылғал мөлшерін, көңді шығару тәсілін, қысқы кезеңде түрлі жастағы мал басы үшін сараланған температуралық-ылғалдылық режиммен және үзіліссіз ауа алмасуымен қамтамасыз етілетін жануарларды күтіп-бағу жүйесін есепке ала отырып қамтамасыз етіледі.
44. Төлді күтіп-бағуға арналған ғимараттарда ішкі ауаның барлық басқа нормалаушы параметрлері сақталғанда және қора-жайлардың қабырғалары мен төбесінде конденсаттың пайда болуына жол берілмейтін жағдайда ішкі ауаның ең жоғары салыстырмалы ылғалдылығын 85 %-ға дейін көтеруге жол беріледі.
45. Мал шаруашылығы (жаңа туылған төл үшін) және қосалқы үй-жайлар жылытумен қамтамасыз етіледі.
46. Жылытқыш құралдар конструкциясы бойынша тазалауға және жөндеуге ыңғайлы болуы тиіс.
47. Карантиндік ғимарат төлдерді бір кезеңде өсіретін қора-жайлармен қатар салынады, оның көлемі мал басының келіп түсуі және қозғалуы циклограммасына сәйкес айқындалады, оның құрамына мыналар кіреді:
1) төлді қабылдауға және ветеринариялық-санитариялық өңдеуге арналған бөлім (құс шаруашылықтарынан басқа);
2) ветеринария саласындағы маманға арналған бөлмеден тұратын амбулатория;
3) ветеринариялық дәріхана;
4) дезинфекциялық және жуу заттарына арналған қойма;
5) ингаляторий;
6) жарып-сою бөлмесі;
7) жануарларды өңдеуге арналған үй-жай (құс шаруашылықтарынан басқа);
8) жануарларды өңдеудің алдында және одан кейін ұстайтын жинақтағыш қашалар (құс шаруашылықтарынан басқа);
9) жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған өткелектер және оларды қозғалтпай ұстайтын станоктар (құс шаруашылықтарынан басқа);
11) жұқпалы емес аурулары бар жануарларды емдеуге арналған стационар (құс шаруашылықтарынан басқа);
12) дезинфекциялық блок;
13) жұмыртқа ыдыстарын дезинфекциялауға арналған пункт (құс шаруашылықтары үшін).
48. Сою пункті өндіріс объектілерінде салынады (құс шаруашылықтарынан басқа), ол өндіріс объектісі қоршауының бойына орналастырылады, оның құрамына мыналар кіреді:
1) жануарды союға арналған үй-жай бар сою бөлімшесі;
2) тері тұздауға және уақытша сақтауға арналған үй-жай;
3) ұшалар мен субөнімдерді уақытша сақтауға арналған тоңазытқыш камералары;
4) автоклав немесе өліксе өртейтін пеші бар кәдеге жарату бөлімшесі;
5) душ бөлмесі;
6) қызмет көрсетуші персоналға арналған қосалқы үй-жай.
49. Сою және кәдеге жарату бөлімшесі жеке кіреберіспен (шығаберіспен) қамтамасыз етіледі. Олардың арасындағы іргелес қабырғада тағамдық мақсатқа жарамсыз конфискаттарды және ұшалар бөліктерін мал сою бөлімшесіне беруге арналған люктың болуы көзделеді.
50. Сою пунктінен шығатын ағынды сулар өндіріс объектісінің жалпы желісіне шығарудың алдында жеке кәріз құдықтарына жиналады және зарарсыздандырылады.
51. Өндірістік үй-жайлардан ауру жануарларды сою пунктіне тасымалдау үшін арнайы көлік құралдары бекітіліп беріледі.
52. Жалпы шаруашылық оқшаулағыш болмаған кезде оқшаулағыш жобалауға арналған тапсырма бойынша салынады, оны жертөлесі және өзінің ішкі ауласына шығуға арналған құрылысы бар биіктігі 2 м тұтас дуалмен қоршаған кезде, өндіріс объектісінің басқа ветеринариялық объектілерімен бекітуге рұқсат етіледі.
53. Өндіріс объектілеріндегі дезинфекция өндірістің жалпы технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және оның өсімін молайту, өсіру және бордақылау технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, "Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10028 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
54. Дезинфекциялық жұмыстар жоспарында негізгі өндірістік және қосалқы үй-жайларды, көлік құралдары мен басқа объектілерді дезинфекциялауды жүргізу мерзімдері, әдістері мен режимдері, сондай-ақ дезинфекциялау және жуу заттарына, дезинфекциялау және жуу техникасына қажеттілік, дезинфекция сапасын бақылау тәсілдері көзделеді.
55. Қора - жайларды және басқа объектілерді дезинфекциялау алдында дезинфекциялауға жататын жерлерге мұқият механикалық тазарту жүргізіледі.
56. Мұқият механикалық тазарту деп үстіңгі беті материалының құрылымы мен түсі анық көрінетін және көзбен қарағанда тазалау үшін қиын қол жетпейтін жерлердің өзінде көңнің, азықтың және басқа ластанулардың түйіршіктері көрінбейтін тазарту дәрежесі түсіндіріледі.
57. Өндіріс объектісінің немесе оның бірінші кезегінің құрылысын салу, жабдықтарды баптау және іске қосу толық аяқталғаннан кейін өнеркәсіптік аймақтың аумағында орналасқан барлық ғимараттарға және құрылыстарға механикалық тазарту және іске қосар алдындағы дезинфекция жүргізіледі.
58. Мал шаруашылығы үй-жайларын пайдалану процесінде төлдерді ұстауға арналған жеке қора-жайларға дезинфекциялауды тиісті технологиялық циклдер аяқталғаннан және жануарлардан босатқаннан кейін жүргізеді.
59. Ересек жануарларға арналған шетен қораны айына бір рет және әрбір рет жануарларға сұрыптама жүргізілгеннен кейін, жаңа жануарларды қояр алдында жүргізеді.
60. Жемшөптерді таратуға арналған жабдықтар мен құралдар әрбір азықтандырудан кейін қоқыстан мұқият тазартылады және аптасына бір рет дезинфекцияланады.
61. Инфекциялық аурулар пайда болған жағдайда өндіріс объектісінде дезинфекция жүргізіледі.
62. Өндіріс объектілерін тышқан тәріздес кеміргіштерден қорғау барлық өндірістік және қосалқы ғимараттарда үнемі жүзеге асырылып отырады.
63. Кеміргіштермен күресу үшін дератизацияның түрлі тәсілдері - тамақ және су қармақ жемдер, тозаңдату және улы көбіктер пайданылады.
64. Кеміргіштерді жою кезінде бақылау күн сайын немесе күнара, ал профилактикалық жою кезінде он күн сайын жүзеге асырылады.
65. Өндіріс объектісінің әкімшілігі айына бір рет үй-жайларға профилактикалық дезинфекция жүргізілетін санитариялық күн өткізеді.
66. Көңді және сұйық көңді тасымалдауға арналған көлік күн сайын мұқият тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.
67. Жануарларды (құстарды) жасына және өнімділігіне сәйкес келетін рациондар бойынша сапалы, толымды жем-шөптермен азықтандырады.
68. Әкелінген жемшөптердің сапасы ветеринариялық зертханаларда тексеріледі, қажет болған жағдайда (осы жемшөппен азықтандырылған жануарлар (құстар) ауырған жағдайда) жемшөптер республикалық ветеринариялық зертхананың облыстық филиалдарына жіберіледі, ол үшін қолданыстағы қағидаларға сәйкес құрама жемнің, жемдік астықтың және басқа жемшөптердің әрбір партиясынан сынамалар алынады.
69. Құрама жемнің, жемдік астықтың келіп түскен әрбір партиясынан орташа сынамалар алынады, олар 1,5 ай бойы + 12 0 С аспайтын температурада мөрленген түрде сақталады. Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін осы жем-шөптерден жануарларда (құстарда) ауру шықпаса, орташа сынамалар жойылады.
70. Жануарларды азықтандыру рациондарын олардың қоректендіру заттарына, минералды тұздарға және дәрумендерге қажеттілігін толық қанағаттандыратындай етіп құрастырады. Олардан ауытқу болған жағдайда, рациондарды жетіспейтін дәрумендермен, макро және микроэлементтермен байыту жөніндегі шаралар қабылданады.
71. Сүрлемдік-пішендік рациондар кезінде жемшөп қоспаларына олардың жемшөптерде болуын ескере отырып, фосфор - кальций минералды үстемелерін және "Д" дәруменін қосымша қосады.
72. Жануарлар мен құстарды шаруашылық жүргізу субъектілерден тікелей өткізу (сату) алдында мынадай ветеринариялық іс - шараларды өткізеді:
1) өткізілетін жануарлар жалпы табыннан бөлініп, оларды азықтандыруды және суаруды ұйымдастыра отырып оқшау орналастырылады;
2) іс-шаралар "Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10131 болып тіркелген) және "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10223 болып тіркелген) сәйкес;
3) іріктеу арқылы термометриясын жүргізе отырып жануарларды күнделікті ветеринариялық қарап-тексеру жүзеге асырылады;
4) жүргізілген барлық ветеринариялық іс-шаралар "Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жазу журналында тіркеледі (бұдан әрі -арнайы журналында);
5) ветеринариялық-санитариялық іс-шараларға жүргізілген "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9639 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ветеринариялық іс-шаралар актісі жасалады.
2. Шошқаларды өсірумен айналысатын объектілерге қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар
73. Асыл тұқымды, тауарлық, репродукторлық және бордақыланатын шошқаларды күтіп-бағу жөніндегі өндіріс объектілерінде мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін технология қолданылады:
1) технологиялық процесті репродукция учаскелерінен бордақылау цехына бағыттау;
2) шошқаларға арналған қора-жайлар саны торайлау учаскесінде 30 бас аналық шошқадан, бағып өсіру цехында 300 торайдан аспайтын оқшауланған секцияларға бөлу;
3) өндірістік ғимараттардың жануарлардың жас және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес мамандандырылуы;
4) аналық шошқалардың торайлануына және торайларды бағып өсіруге, шошқа басын толықтыратын төл өсіруге және жануарларды бордақылауға арналған қора-жайларды (секцияларды) "бәрі бос емес - бәрі бос" қағидаты бойынша пайдалану. Басқа қора - жайларда жекелеген топтық станоктарды немесе жеке станоктар топтарын оларда жаңа жануарларды орналастырудың алдында жануарлардан босауына қарай кезек-кезекпен босату, тазалау, санитариялық жөндеу және дезинфекциялау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
5) өндірістің технологиялық циклдері арасында санитариялық үзілістің ұзақтығы бес тәуліктен кем болмайды;
6) бастапқыда қалыптасқан әрбір торайлар тобының құрамын кейінгі өндіріс сатыларында: шошқа басын толықтыратын бағып өсіру, өсіру және бордақылау кезінде жеке өндірістік бірлік ретінде сақтау.
74. Асыл тұқымды өндіріс объектілері мен асыл тұқымды репродукторлардағы барлық шошқа басына, сондай-ақ тұқымдық қабандар, буаздығы мен қысырлығы анықталған шошқа басын толықтыратын ұрғашы төлдерді (топпен күтіп-бағу кезінде) тауарлық өндіріс объектілері мен өнеркәсіптік үлгідегі кешендерде бос күтіп - бағу жүйесі көзделеді.
75. Ғимараттың ішінде шошқаларды топтық және жеке станоктарда орналастырады.
76. Шошқаларды топтық станоктарға және секцияларға жинақтау мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:
1) буаздығы анықталған аналықтарды ұрықтанған уақыты күнтізбелік үш күнге дейінгі айырмашылықпен топтық станоктарға біріктіреді;
2) топтағы бордақыланатын шошқалардың, шошқа басын толықтыратын және аналықтан бөлінген төлдердің жастарының айырмашылығы күнтізбелік үш күннен аспауы тиіс.
77. Барлық шошқалар топтарын азықтандыру станоктарда жүзеге асырылады. Азықтандыру үшін сапалы, құнарлы, минералдық қоспалар және дәрумендер бойынша теңгерімделген жемшөптер-концентраттар, шөп ұны, картоп, қызылша және басқа жемшөптерден тұратын ылғалды жемшөп қоспалары (ылғалдылығы 60-75 %), кептірілген түйіршіктелген немесе шашыраңқы құрама жемдер (оттықтарда ылғалдандыра отырып) немесе алдын ала суға араластырылған (судың массасының құрама жемге қатынасы 3:1 аспайды) құрама жемдер пайдаланылады.
78. Тамақ қалдықтарын бордақыланатын шошқаларға азық ретінде пайдаланар алдында арнайы қазандарда кем дегенде + 100 0 С температурада және 2 сағат экспозицияда зарарсыздандырудан өткізеді.
79. Шошқаларды азықтандыруға келіп түсетін барлық сүт өнімдері, сүт өңдеу кәсіпорындарында термиялық өңдеуден өткеніне қарамастан, тікелей өндіріс объектісінде қайнатылуға жатады.
80. Ылғалдау тәсілімен азықтандырғанда, оттықтар, автосуарғыштар, жемөткізгіш, жемшөп таратқыштар әрбір азықтандырғаннан кейін жемшөп қалдықтарынан және ластанулардан тазартылып, жылы сумен жуылады.
81. Шошқаларды күтіп-бағуға оңтайлы жағдай жасау, олардың аяқтарының жарақаттануы профилактикасы үшін қора-жайлардың едендері тайғанақ емес, жылуды аз өткізетін, су өткізбейтін, қажалуға және дезинфекциялық заттардың әсеріне берік болатындай жасалады.
82. Топтық станоктардағы еденнің еңістігі көң каналы жағына қарай 5 0 -ты құрайды. Шошқалар үшін (екі айлық жасқа дейінгі торайлардан басқа) саңылаулы (торлы) темірбетон едендерді салғанда, планканың ені аналықтан бөлінген төлдер, шошқа басын толықтыратын және бордақыланатын шошқа басына - 40 - 50 миллиметр (бұдан әрі - мм), қабандар мен мегежіндер үшін – 70 мм, планкалардың арасындағы саңылаудың ені тиісінше 20 - 22 және 26 мм етіп алынады.
83. Аталған топтағы жануарлар үшін басқа материалдан жасалған едендерде планкалар арасындағы саңылаулардың ені 20 мм болғанда, планкалардың ені 35 - 40 мм дейін азайтылады.
84. Репродукция цехында аналық шошқа торайлаған кезде шуын немесе өлі туған төлді жинау үшін ылғал өткізбейтін ыдыстар қойылады. Тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) осы ыдыстарды сою пунктінің кәдеге жарату бөлімшесіне немесе ет-сүйек ұнын өндіру үшін шикізат жинау пунктіне шығарады. Ыдыс босатылғаннан кейін оларды мұқият жуып, дезинфекциялайды және репродукция цехына қайтарады.
85. Шошқалар басының зат алмасу жай-күйін бақылау үшін өндірістің әрбір технологиялық учаскесінде жануарларды диспансеризациялау жүйесі жүзеге асырылады. Аналық шошқаны диспансеризациялауды екінші рет төлдегеннен кейін жүзеге асырады. Бұл ретте клиникалық, гематологиялық, иммунологиялық зерттеулерді емізу кезеңінің жиырма алтыншы күнінен бастап жүргізіледі. Тұқымдық қабандардың қанын, күпектің жуындысын және ұрығын тексереді. Зерттеу нәтижелерінің негізінде зат алмасудың бұзылуын емдеуге және профилактикаға, шошқа организмінің табиғи резистенттілігін көтеруге бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі.
86. Шошқаларға арналған қора-жайларда жас топтарына, күтіп-бағу тәсілдеріне қатысты үнемі бақыланатын микроклиматтың оңтайлы көрсеткіштері сақталады.
87. Шошқаларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлар (оқшауланған секциялар) қалыпты температуралық-ылғалдық параметрлерді ұстап тұру және ауадағы зиянды газдардың шоғырландыру үшін қажетті ауа айналымын қамтамасыз ететін желдетумен жарақтандырылады. Қора-жайларда жұмыс істеп тұрған жылытқыш желдету жабдығының шу деңгейі 60 децибелден асып кетпеуі тиіс.
88. Микроклиматтың нормативтік параметрлерін ұстап тұру үшін суық кезеңде қора-жайларға ауа ағыны шошқаның 1 центнер тірі салмағына сағатына кемінде 130 шаршы метр/сағат (бұдан әрі - м 2 /сағ), ауыспалы және жылы кезеңдерде 1 центнер тірі салмаққа сағатына 145 және 60 м 2 /сағ көлемінде қамтамасыз етіледі.
89. Шошқаларға арналған қора-жайлардың ішкі ауасының температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығының нормалары осы талаптарға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
90. Шошқаларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлардың ауасындағы көмірқышқылдың шекті шоғыры 0,2 % (көлемдік), аммиактікі 20 милиграмм шаршы метрге (бұдан әрі - мг/м 2 ), күкіртті сутегінікі 10 мг/м 2 құрайды.
91. Ауаның нормативтік параметрлері шошқаларды орналастыру аймағында яғни, шошқалар ұсталатын еденнің немесе алаңның деңгейінен биіктігі 1 м дейінгі кеңістікте қамтамасыз етіледі.
92. Емізетін аналықтарға арналған станоктардағы еметін торайларды жылыту үшін арнайы жергілікті жылыту жүйесі (еденді жылыту, сәулелі жылыту) орнатылады.
93. Бір станоктағы еденнің жылытылатын ауданы 1,0-ден 1,5 шаршы метрге дейін (бұдан әрі - м 2 ), ал жылытылатын еден бетінің температурасы, кейінен торайларды аналықтардан бөлуге қарай біртіндеп + 22 0 С-қа дейін төмендете отырып + 30 0 С (±2) болып қабылданады.
94. Шошқаларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлардағы ауа қозғалысының нормалары осы талаптарға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
3. Ірі қара малды өсірумен айналысатын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар
95. Ірі қара малды бордақылау алаңдарын елді мекендерге қатысты жел бағытының ық жағына, ең тиімдісі жалпы еңістігі 40 - 60 болатын оңтүстік және оңтүстік батыс беткейлерде орналастырады. Сонымен қатар, әр қашаның (загонның) мал оттықтарынан және демалу орындарынан 20 - 30 еңіс болуы тиіс.
96. Ірі қара мал өсіру жөніндегі кәсіпорындар мен басқа жекелеген ауыл шаруашылығы объектілер арасындағы зооветеринариялық арақашықтықтар осы талаптарға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
97. Жануарлар климат жағдайларына байланысты қора-жайларда және қалқа астындағы ашық қашаларда күтіп-бағылады.
98. Ірі қара малдарға арналған жайылу-азықтандыру алаңдары аудандарының нормалары осы талаптаға 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
99. Ашық және жартылай ашық үлгідегі алаңдар маусымдық және жыл бойы қолданылатын болып бөлінеді.
100. Маусымдық алаңдар жылдың жылы кезеңінде қолданылады, оларды пайдалану мерзімі ауданның және құрылыстың климаттық жағдайына байланысты болады және әрбір нақты жағдайда олардың жобалануы ескеріле отырып айқындалады.
101. Барлық маусымдық алаңдар оттықтармен, суарғыштармен және қажет болған жағдайда көлеңке беретін қалқалармен және минералды қоректендіруге арналған астаулармен жабдықталған малға арналған секциялар (қашалар) құра отырып ашық болып жобаланады.
102. Жануарларды азықтандыруға арналған оттықтардың көлемдері осы талаптаға 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
103. Жыл бойы қолданылатын алаңдарды оңтүстік және қоңыржай климаты бар аймақтарда салады. Есептік қысқы температурасы - 20 0 C дейінгі аудандарда алаңдар қалқалармен және желден қорғау құрылғыларымен (желдің бағытын өзгертетін қалқандар, ықтар, тал өсіру) жабдықталады, ал есептік қысқы температурасы - 20 0 C-тан төмен болатын аудандарда үш қабырғалы қалқалармен немесе мал еркін шыға беретін жеңіл жабық қора-жайлармен жабдықталады.
104. Малдарды ашық және жартылай ашық үлгідегі алаңдарда күтіп-бағу кезінде жануарларды азықтандыру бір басқа шаққанда кем дегенде 0,28 м азықтандыру фронтымен жайылу-азықтандыру аулаларында жүргізіледі.
105. Жануарлар жылдың суық кезеңдерінде суды жылыта отырып топтық үлгілік суарғыштардан суарылады.
106. Алаңдар нөсерлік кәріз жүйесімен жабдықталады, жануарлар терең ауыстырылмайтын төсемдерде күтіп-бағылады.
107. Өндіріс объектілерінде табынды жинақтауға белгіленген нысандағы ветеринариялық сертификатпен (ветеринариялық анықтамамен) расталатын жануарлардың инфекциялық және инвазиялық аурулары бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден рұқсат етіледі.
108. Тасымалдауға іріктеліп алынған төлдер тасымалдаудың адында эпизоотиялық жағдайға сәйкес алдын ала нұсқауға (нұсқаулық) сәйкес ірі қара мал төлінің инфекциялық ауруларына қарсы егіледі. Осы кезеңде 5 - 8 күндік жастағы жануарларды жіберу үшін іріктелген өнім беруші шаруашылықтарда жылдың көктемгі және күзгі кезеңдерінде жәндіктер ұша басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін химиялық немесе термиялық тәсілмен зарарсыздандырады. Аталған жұмыстарды өнім беруші шаруашылықтың ветеринария саласындағы маман орындайды.
109. Өндіріс объектілеріне әкелінуге жататын жануарларды іріктеп алуды және қабылдауды өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманы тікелей өнім беруші шаруашылықтың аумағында жүргізеді. Әрбір жануарды клиникалық қарап-тексеру кезінде дене қызуын өлшеу жүргізеді. Әлсіз, жетілмеген, ауру белгілері (жөтел, мұрын қуысынан маңқасы аққан, дене қызуы жоғары) бар, сондай-ақ көзге көрінетін экстерьерлік кемістіктері бар жануарлар өндіріс объектісіне жинақтауға жіберілмейді.
110. Жануарлар өндіріс объектісінің арнайы жабдықталған автокөлігімен тасымалданады.
111. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөліктің шанағы жылу жібермейтін материалдармен жабылады және тиімді мәжбүрлі желдетумен қамтамасыз етіледі. Жылдың суық кезеңдерінде ішке кіретін ауа жылытылады.
112. Қысқы уақыт кезеңінде автокөлік шанағында микроклиматтың мынадай көрсеткіштері ұсталып тұрады: ауаның температурасы + 15 - 16 0 C, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 %, ауаның қозғалыс жылдамдығы секундына 0,1 - 0,2 метр (бұдан әрі - м/сек), ол автокөліктің кабинасында орнатылған арнайы датчиктермен бақыланады.
113. Автокөлік шанағының еденін су өтпейтін және жуу мен дезинфекциялау кезінде ластанулардан тез тазаратын материалмен жабдықтайды. Бұзауларды тиер алдында, шанақтың еденіне сабан немесе жануарлардың тайғанауы мен жарақаттануына бөгет жасайтын басқа төсеніштер төселеді. Төсеніш ретінде қолданылатын ағаштың үгіндісін сабанмен араластырып пайдаланады. Тасымалдау кезінде жануарлардың жарақаттануын болдырмау үшін автокөлік шанағының ішінде шығып тұрған болттар мен басқа да өткір заттарды алып тастау керек.
114. Тасымалдау кезінде салмағы 40-80 килограмм (бұдан әрі - кг) болатын бір бұзауға арналған ең аз алаң 0,4-0,75 м2 құрайды.
115. Әрбір рейстен кейін көлік құралдары тазалануға және дезинфекциялануға жатады.
116. Жануарларды кешенге қабылдауды бұзауларды қабылдайтын қора-жайда өткізеді.
117. Бұзауларды қабылдайтын бөлімшеде әрбір мал басын клиникалық қарап-тексеру жүргізіп, дене температурасын өлшейді және санитариялық өңдеуден өтеді, бұл ретте жануарлардың жүнін 1 % хлорофос ертіндісімен сәл ылғалдандырылған арнайы щеткамен тазалайды, кірлеген жерлерін жылы сумен жуады, тұяқтарын көңнен тазалайды және профилактикалық мақсатта қолда бар дезинфекциялық препараттың бірімен өңдейді. Ауру немесе ауруға күдікті, сондай-ақ дене қызуы жоғары жануарлар оқшаулауға жатады.
118. Бұзауларды жылдың суық кездерінде құрғақ және жылы секцияларға орналастырады.
119. Карантин кезінде өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманың рұқсатынсыз орын ауыстыруға (жануарларды басқа қора-жайларға, сондай-ақ карантиндік қора-жайдың басқа секцияларына ауыстыру) жол берілмейді.
120. Жануарлардың жаңа тобымен әрбір кезекті толықтыру алдында секцияны санациялау (механиқалық тазалау, дезинфекциялау) жүргізеді.
121. Санациядан соң профилактикалық үзіліс бес тәуліктен кем болмайды. Аталған іс-шараларды орындау "бәрі бос - бәрі бос емес" техналогиялық қағидатының жүзеге асырлуын қамтамасыз етеді, оны жануарларды күтіп-бағудың барлық кезеңдерінде сақтау керек.
122. Қора-жайлар топтық ультракүлгінді (бұданәрі - УК) сәулелеу қондырғыларымен жабдықталады.
123. 2 сағаттық демалыстан кейін әкелінген бұзауларға сүт немесе қаймағы алынбаған сүт алмастырғышын (бұдан әрі - ҚСА) береді. Автосуарғыштарды бұзауларды қабылдағаннан соң 5-7 сағаттан кейін іске қосады.
124. Бұзаулар кешенге әкелінген соң күнтізбелік 65 күн бойы қайтадан қалпына келтірілген сүтпен немесе ҚСА-мен қоректендіріледі.
125. Азықтандыру алдында сүт температурасы 30 - 40 0C қоспаны жасау үшін ауыз су сапасындағы суық сумен керек мөлшерге дейін араластырылады.
126. ҚСА таратуға арналған желі мынадай тұйық жүйеден тұрады: сольвилат - құбыр - сольвилат. Желі жиынтығына бұзауларға сүт беруге шелектер, шлангтер, мөлшерлеп құюға арналған пистолеттер кіреді.
127. Бұзауларды әрбір азықтандырғаннан кейін құбыр мен сольвилатты сүттің қалдықтары толық кеткенге дейін 4 минут бойы жылы (25 - 30 0C) сумен шаяды, одан кейін құбырды 5 - 7 атмосфералық қысыммен ыстық (65 0C-тан кем емес) сумен жуады және келесі қоректендіруге дейін ыстық суды толтырып қалдырады. Азықтандырудың алдында бұл суды құбырдан шығарады және оны 4 минут бойы ағынды әдіспен ыстық сумен жылытады. Сүт шүмектерін күн сайын бөлшектейді (алдындағы азықтандырғаннан кейін) және губканың көмегімен жылы 0,5 % жуу ертіндісімен жуады, сумен шаяды және құбырға монтаждайды.
128. Он күнде бір рет ҚСА тарату жөніндегі желіні жуады және дезинфекциялайды.
129. Бұзауларды азықтандырғаннан кейін сүт қалдықтарын жою үшін шелектерді жылы сумен шаяды, одан кейін щеткалардың көмегімен жуғыш құралдардың жылы ерітіндісімен жуады және қысыммен келген ыстық сумен (65 0C) 1 минут бойы шаяды.
130. Шланг пен пистолетті құбыры бар жүйеде ағынды әдіспен жылы сумен жуып-шаяды, одан кейін оны құбырдан ағытады және жылы 0,5 % жуғыш ерітіндімен ваннада жуады, пистолетті ысқышпен тазалайды содан кейін ыстық (65 0C) сумен шаяды және кептіру үшін кронштейндерге іліп қояды.
131. Бұзауларды қайта қалпына келтірілген сүтпен азықтандырудың алдында шлангті пистолетпен бірге ҚСА-ны тарату желісіне монтаждайды және сонымен бірге қыздырады.
132. ҚСА-ны тарату жөніндегі желінің санитариялық жай-күйін тексеру кезінде сольвилаттың, құбырдың, сүт шлангілерінің, пистолеттердің және шелектердің жай-күйіне назар аударады, оларды күнде кешкі санитариялық өңдегеннен кейін қарап-тексереді.
133. Құбырды қарап-тексеруді мақтадан жасалған тығындар арқылы жүргізеді, олармен келесі бөлшектер мен топтардың ішкі беттерін сүртеді:
1) құбырдардың ішкі қабырғалары;
2) құбырлардың муфталармен жалғанған жерлері;
3) сүт шлангілері;
4) шелектер.
134. Жасы үлкенірек жануарларға арналған қора-жайлардағы оттықтарды, жемшөп алаңдарын, жемшөп таратқыштарды күн сайын жемшөп қалдықтарынан және ластанулардан тазалау керек.
135. Ірі қара малдарды өсірумен және бордақылау жөніндегі өндіріс объектілерінде мынадай талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін технология пайдаланады:
1) қолайлы шаруашылықтардан өндіріс объектілерін қатаң кестеге сәйкес бір жастағы жануарлармен жыл бойы біркелкі жинақтау ағымдылығы;
2) жас ерекшелігіне сәйкес жануарларды әкелуден өткізгенге дейінгі кезеңдерде жануарларды күтіп-бағу циклінің бөлшектенуі;
3) жануарларға арналған қора-жайларды оқшауланған секцияларға бөлу;
4) белгілі бір өсіру кезеңіндегі төлдерді күтіп-бағуға арналған үй жайларды мамандандыру;
5) жануарлардың бастапқы қалыптасқан тобының құрамын өсірудің барлық кезеңдерінде жеке өндірістік бірлік ретінде сақтау.
136. Етті тұқымды қашаларды өсіру жөніндегі өндіріс объектілерінде шетен қорадағы және жазғы-жайылымдық кезде де жеңілдетілген құрылыс материалдарымен салынған жылытылмайтын қора-жайларда еркін серуендететін күтіп-бағу көзделуі қажет. Төлдерді азықтандыру мен суғаруды қалқалармен, сондай-ақ желден және қардан қорғайтын қоршаулармен жабдықталған, қатты жабынды серуендету-азықтандыру аулаларында жүргізеді.
137. Әр түрлі мақсаттағы барлық кешендерде байламай күтіп-бағу кезінде бұзаулар топтармен мынадай секцияларда орналастырылады:
1) міндетті түрде едені сенімді жылу жібермейтін едені бар жеке бокстары төсенішсіз тор еденде;
2) ауыстырылатын төсеніші бар немесе жылытылатын тақтай төсек тапшан түріндегі қамтылған демалу орындары құрылған жазық едендерде.
138. Малдың басын толықтыратын төл байлаусыз күтіп-бағу кезінде секцияларда қалың төсеніште немесе міндетті түрде жеке бокстар құрылған тор еденде секцияларда топтармен орналастырылады.
139. Жануарларды өсірудің немесе бордақылаудың кезекті технологиялық кезеңі аяқталғанда, оларды басқа қора-жайларға немесе секцияларға ауыстыру өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманының рұқсатымен ғана жүргізіледі.
140. 6 айдан асқан ересек жануарларға арналған планканың рұқсат етілетін ені - 100 - 120 мм, саңылаулар ені - 40 - 45 мм. Торлар азықтандыру бағытына қатысты перпендикуляр орналасады.
141. Технологиялық іс-шаралар жоспарында ересек жануарлардың тұяқтарын мерзімді қарап-тексеру, жануарлар топтарын емдеу ерітінділері толтырылған ванналардан өткізу жолымен профилактикалық өңдеу, сондай-ақ тұяқтарды уақытында тазалау және қию көзделеді.
142. Жануарларда зат алмасу жай-күйін бақылау үшін олар әкелінген кезде және бір жас тобынан екінші топқа әрбір технологиялық ауыстырылған кезде мал басын диспансеризациялау жүйесі және жануарлардың бақылау топтарын ай сайын клиникалық-зертханалық зерттеу өткізіледі. Әр топты зертханалық зерттеу нәтижелері нормативтермен және алдағы зерттеу нәтижелерімен салыстырылады.
143. Анықталған өзгерістер мен бұзушылықтар технологияны тиісті түзету және емдеу-профилактикалық іс-шараларын өткізуге негіз болады.
144. Жазғы кезеңде үш айдан асқан жануарларды кешеннің (өндіріс объектісінің) айналасында 2 километр радиустғы жерлерде арнайы жасалған суармалы, дақылды немесе табиғи жайылымдарда жаяды. Жануарлар жайылған кезде оларды суару жылжымалы автосуарғыштар арқылы ұңғымалардан немесе артезиан құдықтарынан алынған сумен жүзеге асырылады. Бұзаулар жайылатын жерлерде көңді, ағынды суларды төгуге, сондай-ақ басқа жануарларды жайылуына жол берілмейді.
145. Ірі қара мал төлін өсіру кезінде жоғарыдағы көрсетілген шаралардан басқа, аталған аймаққа тән паразитарлық ауруларға, сондай-ақ қан паразитарлық ауруларына қарсы профилактикалық іс-шаралар, бөгелектермен және қансорғыш жәндіктермен күрес жүргізіледі.
146. Эпизоотиялық ахуалға және жануарлардың келу (әкелу) орнында нақты нозологиялық бірлік бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға байланысты өндіріс объектісіне әкелінетін жануарлар ауруларға қарсы егілуге жатады.
147. Жануарлар өсіру барысында сібір жарасына қарсы вакцинаны қолдану нұсқаулығында көрсетілген мерзімдерде екпе жұмыстары жүргізіледі.
148. Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес және эпизоотиялық жағдайға байланысты барлық қажетті диагностикалық зерттеулерді, егулер мен өңдеулерді жүргізеді.
4. Құс өсірумен айналысатын объектілерге қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар
149. Құс фабрикасының құрылысын жобалау кезінде, шаруашылық ішіндегі жол желісінің жоспарлануы құстың саңғырығын, инкубация қалдықтарын, құс өлекселерін және санитариялық жарамсыз құстарды тасымалдайтын жолдардың жемшөптерді, тағамдық және инкубациялық жұмыртқаларды, құстардың балапандарын тасымалдауға арналған жолдармен қиылысу мүмкіндігін болдырмайды.
150. Әрбір құс қорасын бірыңғай жастағы құстармен толықтыруды көздеу керек. Көп қабатты және бір-біріне қосып салынған бір қабатты құс қораларды зал бойынша бір жастағы құстармен жасақтауға жол беріледі, бұл ретте барлық үй-жай үшін балапандардың жасы күнтізбелік 7 күннен, ересек құстардың жасы күнтізбелік 15 күннен аспауы тиіс.
151. Құс өсіру шаруашылықтары үй-жайларының арасында өртке қарсы қашықтықтар сақталады, технологиялық және жоспарлық талаптарға байланысты қажеттілік туындаса, (қашықтықтарда серуендеу алаңдарының орналасуы, учаскенің бедері, табиғи желден қорғау жолақтарын сақтау) оларды ұлғайтуға болады. Бір қабатты бір-біріне қосып салынған және көп қабатты құс қораларды жобалау кезінде құс өсіру шаруашылықтары және басқа да өндірістік кешендер мен жекелеген объектілер арасындағы зооветеринариялық қашықтықтар жобалауға арналған тапсырмаларда айқындалады, алайда өртке қарсы қашықтықтан кем болмауы тиіс және осы талаптарға 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
152. Құс басын толықтыратын балапандарға арналған ғимараттар мен инкубаторий құстарға және елді мекенге арналған басқа ғимараттардың жел жағына орналастырылады.
153. Өнеркәсіптік құстар тобы аналық топтың ық жағында орналастырылады.
154. Қоймалық үй-жайларды (жемшөптерге арналған, төсемдер, жұмыртқа қоймасы), жұмыртқаларды сұрыптайтын және өңдейтін цехтарды (ыдыстарды дезинфекциялау пунктімен бірге) сырттан келген көліктің шаруашылықтың өндірістік аймағына енуіне және ішкі көлікпен және қайтарылатын ыдыспен қатынасуына жол бермеу үшін өндірістік аймақтың қоршау желісі бойынша орнатады.
155. Жұмыртқа және ет бағыттарындағы тауарлық құс өсіру шаруашылықтары, сондай-ақ асыл тұқымды құс өсіру шаруашылықтары үшін сою пункті бар ветеринариялық және ветеринариялық-санитариялық объектілер салынады.
156. Сою цехының болуына қарамастан, сою пунктінің болуы әрбір құс шаруашылығында көзделген еді.
157. Ветеринариялық зертхана, сою пункті және дезинфекциялық блок жалпы шаруашылық ветеринариялық объектілері болып табылады және әкімшілік-шаруашылық аумақта (В - аумағы) орналасады.
158. Құстардың аналық тобын толықтыруды бір жерден - құстардың жұқпалы аурулары бойынша қолайлы асыл тұқымды құс өсіру шаруашылығынан (өндіріс объектісінен) инкубациялық жұмыртқаларды немесе шаруашылықта өнеркәсіптік топтың балапанынан оқшау өсірілетін тәуліктік балапанды сатып алу жолымен жүзеге асырады.
159. Өнеркәсіптік топтарды жинақтауды өзінің аналық тобының өсімін молайту арқылы жүзеге асырады.
160. Өндірістік бірлестік негізінде біріккен шаруашылықтарға құстардың жұқпалы аурулары бойынша саламатты мамандандырылған шаруашылықтардан есейген балапан әкелу есебінен құстардың өнеркәсіптік топтарын жинақтауға рұқсат етіледі.
161. Шаруашылық инкубациялық жұмыртқалар мен құстарды инфекциялық аурулар бойынша саламатты екенін растайтын, құстардың туберкулезге, пуллорозға тексерілген, сондай-ақ Ньюкасл ауруына, шешекке және басқа ауруларға қарсы егілген күні көрсетілген құжаттардың негізінде қабылдайды.
162. Құстардың кезекті партиясын орналастыру алдында мынадай цикларалық профилактикалық үзілістер көзделеді:
1) тауық балапанын торда күнтізбелік 1 - 30, 31 - 60 және 1 - 10 - 50 күн техналогиясы бойынша өсіру кезінде және жылына бір рет бір ай үзіліс;
2) түрлі құс түрлерінің балапанын торда күнтізбелік 60 күннен астам өсіру кезінде күнтізбелік 20 күн;
3) үйректің балапанын тор еденде күнтізбелік 10 күнге дейін өсіру кезінде күнтізбелік 4 күн және жылына бір рет бір ай үзіліс;
4) үйректің балапанын еденде күнтізбелік 10 күнге дейін өсіру кезінде күнтізбелік 7 күн және жылына бір рет бір ай үзіліс;
5) түрлі құс түрлерінің еденде күнтізбелік 1 - 60 күн технологиясы бойынша өсіру кезінде күнтізбелік 14 күн және жылына бір рет бір ай үзіліс;
6) толықтыруға арналған балапанды еденде күнтізбелік 60 күннен астам асырағанда күнтізбелік 20 күн;
7) тауықтардың, үйректердің, күркетауықтардың және қаздардың етке арналған балапандарын еденде өсіру кезінде күнтізбелік 14 күн және жылына бір рет бір ай үзіліс;
8) ересек құсты торда күтіп-бағу кезінде күнтізбелік 20 күн;
9) ересек құсты еденде күтіп-бағу кезінде күнтізбелік 30 күн;
10) инкубаторийде балапандарды соңғы шығару және үзілістен кейін жұмыртқаларды алғашқы салу аралығында - жылына кемінде күнтізбелік 6 күн үзіліс.
163. Әрбір жеке тұрған құс қораға немесе оқшауландырылған залға тек бір жастағы құстар партиясын ғана орналастырады. Залдар бойынша жинақтау кезінде барлық үй-жай бойынша балапандардың жас айырмашылығы күнтізбелік 7 күннен аспауы тиіс. Өлген немесе жарамсыз болған құстардың орнына қосымша құстарды отырғызу ұсынылмайды.
164. Балапанды залдарда (торларда) технологиялық талаптарда көзделген мерзімдерден артық ұстауға жол берілмейді. Балапанды (құстардың барлық түрлерінің) өсіру кезінде олардың ересек құспен қатынас жасауына жол берілмейді.
165. Құстарды келесі технологиялық жас тобының қора-жайына ауыстыру кезде мұқият сұрыптау жүргізіледі. Жарамсыз құстар союға жіберіледі.
166. Өсіру кезінде әр партиядағы балапанның жүріс-тұрысын, жемшөп жеуін, су тұтынуын, салмақ қосу қарқынын, қауырсын жамылғысының жай-күйін бақылау арқылы балапан денсаулығының жай-күйі жүйелі түрде қадағаланады. Физиологиялық нормалардан ауытқыған жағдайда, осы ауытқулардың себептерін анықтайды және жояды. Қажет болған жағдайда, тиісті зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
167. Әр топтағы құстарды күтіп-бағуға арналған өндірістік үй-жайлардың ішкі ауа температурасы мен ылғалдылығы осы талаптарға 7-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
168. Жылдың жекелеген кезеңдерінде тауықтар мен күркетауықтарға арналған үй-жайларда салыстырмалы ауа ылғалдылығын 75 %-ға дейін, үйректер мен қаздардың балапандары үшін 85 %-ға дейін қысқа мерзімді көтерілуі, сондай-ақ ересек күркетауықтар үшін 45 - 50 %-ға дейін, ал балапандар үшін 30 - 50 %-ға дейін;
ересек үйректер мен қаздар үшін 60 %-ға дейін, ал балапандар үшін 50 %-ға дейін ылғалдылықтың төмендеуіне жол беріледі.
169. Ересек жастағы балапанды және ересек құстарды күтіп-бағуға арналған барлық үй-жайларда қысқы кезеңде температураны 18 0С-қа дейін көтеруге жол беріледі.
170. Ашық және жартылай ашық үлгідегі құс қораларда құстарды күтіп-бағуға арналған үй-жайлар ішіндегі ауа көрсеткіштері нормаланбайды.
171. Жылдың жылы кезеңінде (сыртқы ауаның температурасы + 10 0С-тан жоғары болғанда) құстарды күтіп-бағуға арналған үй-жайлардың ішіндегі есептік ауа температурасы ең ыстық айда сағат 13-те сыртқы ауаның орташа айлық температурасынан жоғары 5 0С-тан аспауына, алайда + 33 0С жоғары болмауына, ылғалдылығы 60-70 %-тан кем болмауына жол беріледі. Қора-жайлар ішіндегі ауаның жылылық құрамының күнтізбелік 60 күннен асқан балапандар үшін 16 килокалория/килограмнан (бұдан әрі - ккал/кг) және күнтізбелік 60 күнге дейінгі балапандар үшін 17 ккал/кг-дан аспайтындай болуына жол беріледі. Сыртқы ауаның жылулық құрамы 16 ккал/кг және одан жоғары болатын аудандарда ауаны политропикалық салқындату режимі бар үй-жайларда ауаны баптау көзделуі қажет.
172. Құстарды күтіп-бағуға арналған үй-жайлардағы ауа қозғалысының оңтайлы жылдамдығы осы талаптарғы 8-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
173. Жылдың суық мезгілінде инкубаторий мен жұмыртқа сақтау қоймасының негізгі өндірістік үй-жайларындағы ауа параметрлері осы талаптарға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген.
174. Жұмыртқаларды пароформалинмен дезинфекциялауға арналған камерада есептік ауа температурасы + 30 0С болады.
175. Құстарды күтіп-бағуға арналған үй-жайлардағы зиянды газдар мен будың рұқсат етілетін шоғырлары: көмірқышқыл 0,18 - 0,20% көлемі бойынша, аммиак 0,015 милиграмм/литр (бұдан әрі - мг/л), күкіртсутек 0,005 мг/л.
176. Құстарды күтіп-бағуға арналған қора-жайларды сорғының үстіндегі ауа ағынын жоғарылата отырып, белгіленген параметрлерін ұстап тұруды қамтамасыз ететін, автоматты түрде басқарылатын ауаны тарту-сору желдеткішімен жабдықтау қажет. Жылытуды орнату қажеттілігі мен жылыту және желдету жүйелерінің өнімділігі үй-жайлар ішіндегі ауаның белгіленген параметрлеріне, құстар шығаратын жылу, көмір қышқылы, су булары мөлшерін, төсемдердің, қаңылтыр табалардың үстінен зиянды газдардың шығуына байланысты, сондай-ақ сыртқы ауаның есептік параметрлеріне байланысты есептемемен айқындалады. Аталған үй-жайлардың қоршау жылу-техникалық сипаттамасы есепке алынады.
177. Механикалық желдеткішпен жабдықталған құс қораларда желдеткіш істен шыққан жағдайда оның авариялық ретінде табиғи желдету мүмкіндігі көзделеді.
178. Құс қоралардағы, инкубаторийлердегі және жұмыртқалар қоймасындағы үй-жайлардың ішкі қабаттары (қабырғалары, аралық қабырғалары, төбелері) кертештерсіз және саңылауларсыз тегіс, ылғалға төзімді бояулармен ашық түстерге сырлануы (ақталуы) тиіс. Құстарды сою, ұшаларын өңдеу және қалдықтарды кәдеге жарату цехтарында қабырғаларды 1,8 м биіктікке дейін плиткалармен қаптайды.
179. Инкубаторийлер мен шығаратын залдардың, жуатын және жемшөп дайындайтын үй-жайлардың қабырғалары еден деңгейінен 1,8 м биіктікке дейін оларды тазартуға, дезинфекциялауға және ылғалды жинауға болатын ылғалға төзімді материалдармен қапталады немесе сырланады.
180. Құс өсіру шаруашылығы қора-жайларының едендеріне қатты, жылуды аз өткізетін, аққан сұйықтың және дезинфекциялық заттардың әсеріне төзімді, су өткізбейтін және қалың төсемді жинауға мүмкіндік беретін жабынмен төселеді. Инкубаторийлер мен жұмыртқа қоймаларының едендері плиткалармен қапталады.
181. Өндірістік үй-жайлардың таза еденнің деңгейінен жабынның (ара жабынның) шығып тұрған конструкцияларының төменгі шетіне дейінгі ішкі ең төмен биіктігі мынадай:
1) құстарды еденде күтіп-бағуға арналған, жемшөп дайындайтын, жуатын үй-жайларда, зертханаларда, жұмыртқа сақтауға арналған қоймаларда, қызметтік және басқа да өндірістік үй-жайларда төбесінің биіктігі 2-ден 2,4 м-ге дейін болуына;
2) құстарды торларда күтіп-бағуға арналған залдарда және инкубаторийлерде - жабдықтардың габаритіне байланысты болуына жол беріледі.
182. Құс қоралардағы секциялар арасындағы аралық қабырғаларды және серуендету мен солярий қоршауларының көлемдері осы талаптарғы 10-қосымшаға сәйкес орнатады.
183. Құс қоралардың ішіндегі аралық қабырғалар мен қоршаулардың жоғарғы жағында құруға арналған және серуендету орындарындағы торлардың мынадай көлемдерден аспайтын ұяшықтары болуы тиіс:
күнтізбелік 60-70 күнге дейінгі тауық балапандары және күнтізбелік 120 күнге дейінгі жастағы күркетауық балапандары үшін - 30 х 30 мм;
ересек тауықтар және күркетауықтар үшін, сондай-ақ күнтізбелік 60-70 күннен асқан балапандары және күнтізбелік 120 күннен асқан күркетауықтар үшін - 50 х 50 мм болу тиіс.
184. Құс қоралардың жекелеген секцияларының рұқсат етілетін сыйымдылығы және құс қораларында құстарды орналастыру нормалары осы талаптағы 11 және 12-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
185. Құс өсіру шаруашылықтарында құстарды серуендетпей күтіп-бағу қабылданады, онда серуендетуді орнату қажеттілігі болғанда мынадай жағдайлар ескеріледі:
1) асыл тұқымды шаруашылықтарда ересек тауықтарға арналған солярийді бір басқа 0,2 м2, күркетауық үшін - 0,4 м2 дейін, толықтыратын тауық пен күркетауықтың балапандары үшін құс қорасы алаңының 100 %-ы, үйректер үшін табиғи серуендету орындары 1 басқа 2 м2 болады;
2) асыл тұқымды құстарды лагерьде күтіп-бағу кезінде (жылжымалы үйшіктерде немесе қалқанның астында) бір басқа жайылымды мына есеппен бөледі: тауықтар мен олардың толықтыратын балапандары үшін - 10 м2, күркетауық пен толықтыратын балапандары үшін - 25 м2;
3) солярийді тормен қоршайды және тиісінше құс қоралар секцияларының торлы көлденең аралық қабырғаларымен бөледі, ал селекциялық құс қораларының солярийлерінің үстін де тормен қоршайды;
4) үйректерге арналған солярийді (сыртқы жағынан) ағатын суарғыштармен жабдықтайды;
5) жазы ыстық және құрғақ аудандарда солярий мен табиғи серуендету орындары көлеңке қалқалар жабдықталады.
186. Тауарлық шаруашылықтарда етке арналған балапандарды (бройлер) және тауықтардың толықтыратын балапандарын өсіру кезінде серуендету орындары (солярийлер) көзделмейді.
187. Құстарды серуендетуге және солярийлерге шығару үшін еденде күтіп-бағуға арналған құс қоралардың қабырғаларында өтетін тесіктер жасалады. Құстарды серуендетуге және солярийлерге шығару үшін өтетін тесіктердің саны мен олардың көлемі осы талаптарғы 13-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
188. Тауықтарға, күркетауықтарға, үйректерге және қаздарға арналған азықтандыру және суару фронты осы талаптарғы 14-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
189. Еденде күтіп-бағу кезіндегі тауықтарға, күркетауықтарға және олардың балапандарына арналған сырықтардың көлемдері осы талаптарғы 15-қосымшада көрсетілген.
190. Ересек құстарды еденде күтіп-бағуға арналған құс қораларды ұялармен (бақылау, қарапайым, жеке немесе топтық) жабдықтайды. Құстарды еденде күтіп-бағу кезіндегі ұялардың көлемдері мен саны осы талаптарғы 16-қосымшада көрсетіледі.
191. Аналық топтан алынатын инкубациялық жұмыртқаларды күніне кемінде үш рет жинайды және таза, алдын ала дезинфекцияланған жәшіктерге салады, оның сыртына жұмыртқаның алынған күні мен құс қораның нөмірі қойылған затбелгілер жапсырылады.
192. Қыста жұмыртқаларды жылытылған көлікпен тасымалдайды.
193. Күнтізбелік 10 күнде бір рет әрбір құс қорадан 15 - 19 жұмыртқаны іріктеп алып, оның сарыуызындағы каротиноидтардың, А және В2 дәрумендерінің мөлшерін, ақуыз тығыздығын және қабығының сапасын тексереді.
194. Инкубация үшін жұмыртқаның бір грамм сарыуызында болатын А және В2 дәрумендерінің және каротиноидтерінің (микрограмм) саны осы талаптарғы 17-қосымшада көрсетілген.
195. Етті бағыттағы тауықтардың асыл тұқымды тобының өсімін молайту мақсатында инкубацияға пайдаланылатын жұмыртқалардың салмағы кемінде 52 грамм (бұдан әрі - г), күркетауық жұмыртқаларының салмағы 70 г, қаз жұмыртқаларының салмағы 120 г болуы тиіс.
196. Инкубация үшін тек қана биологиялық толыққанды, жұмыртқалағаннан кейін күнтізбелік 10 күннен артық сақталмаған жұмыртқалар іріктеледі.
197. Инкубациялық жұмыртқалар таза, дұрыс пішінді, жақсы тығыз қабықты болуы, овоскоптан өткізу кезінде сарыуыз ортада орналасуы қажет. Ауа камерасы (пуга) жұмыртқаның жалпақ жағында орналасады, қозғалссыз болады.
198. Инкубациялық жұмыртқаның әр партиясына белгіленген тәртіппен ветеринариялық сертификат немесе анықтама беріледі, онда шаруашылықтың құстардың жұқпалы аурулары бойынша саламаттылығы расталады және жұмыртқаның сарыуызында А және В2 дәрумендерінің және де каротиноидтердің құрамы көрсетіледі.
199. Инкубаторийде инкубациялық және балапан басып шығару шкафтарына арналған залдарды, жұмыртқаларды сақтауға арналған қоймаларды, жұмыртқаларды инкубацияға дейінгі дезинфекциялауға арналған камераны, балапанды жынысы бойынша сұрыптау үй-жайын, тәуліктік балапанды тапсыруға-қабылдауға арналған үй-жай мен жуатын бөлімшені бір-бірінен оқшаулайды. Залдардың және қосалқы қызметтердің (инкубаторий) жоспарлануы инкубациялық жұмыртқалардың және басып шығарылған балапандардың ықтимал ауру жұқтыруын болдырмау мақсатында технологиялық ағынның бірізді кезектілігін қамтамасыз етуі тиіс.
200. Инкубациялық жұмыртқалар мен тәуліктік балапанды тасымалдауға арналған ыдысты дезинфекциялау инкубация цехының жанында көзделеді.
201. Инкубациялық жұмыртқаларды жұмыртқаланғаннан кейін 2 сағаттан аспайтын уақыт ішінде және екінші рет инкубаторға салған кезде формальдегид буымен дезинфекцияланады. Бұл ретте камера үй-жайының 1 текше метріне (бұдан әрі - м3 ) 30 милилитр (бұдан әрі - мл) формалин (40 %), 15 мл су және 20 г калий перманганатын қолданады. Экспозиция ұзақтығы ауа температурасы 30 - 37 0С және ылғалдылығы 73 - 80 % болғанда - 20 минут.
202. Жаңа шығарылған балапандардың әр партиясын таза, алдын ала дезинфекцияланған жәшіктерге немесе көлемі 60 х 60 және биіктігі 15 см картон қораптарға салады. Желдету үшін жәшіктің жоғары шетінің бойымен әр жағынан диаметрі 1 - 2 см 20 тесік жасалады, жәшіктерді төрт біркелкі секцияға бөледі (бір секцияда 25 тауық балапаны, 20 күркетауық және үйрек балапаны және 15 қаз балапаны).
203. Тәуліктік балапанды отырғызардың алдында жәшіктің түбіне таза қағаз төсейді.
204. Инкубаторийде тәуліктік балапанды 8 сағаттан артық ұстауға болмайды.
205. Өткізуге іріктеп алынған балапанды басқа құстардан оқшауланған үй-жайда ұстайды. Балапандарды жынысына қарай бөлуді арнайы бөлмеде жүргізеді. Басқа шаруашылықтарға тәуліктік балапанды тікелей инкубациялық цехтардан өткізуге жол берілмейді.
206. Өсіру үшін жақсы дамыған, құрсағы кішкентай жұмсақ, қатпаршағының айналасының жүндері таза клиникалық тұрғыдан сау балапанды іріктеп алады.
207. Тәуліктік балапанды бекітілген көлікпен арнайы жәшіктерде (қораптарда) тасымалдайды. Жәшіктерді (қораптарды) орналастыру кезінде әрбір жәшікке (қорапқа) ауа кедергісіз өтетіндей орналастырады. Қысқы уақытта жас құстарды жылытылған көлікте тасымалдайды.
208. Әрбір жұмыртқалар партиясы инкубациядан өткен соң барлық инкубациялық қалдықтарды, оның ішінде өлген, әлсіз, барабар емес балапандарды, қабықты ауызы тығыз жабылатын өткізбейтін металды жәшіктерге салады және азыққа өңдеу үшін кәдеге жарату цехына жібереді немесе өртейді.
209. Әрбір басып шығарғаннан кейін инкубаторийдің мүкәммалы мен басып шығарған секцияларын щеткалармен тазалайды, ыстық сумен жуады және 1 % күйдіргіш натриймен немесе формальдегид буымен зарарсыздандырады.
210. Инкубация алдында және одан кейін инкубаторийді және оның ішінде орналасқан жабдықтар мен мүккәммалды, сондай-ақ қоймалық және қосалқы қора-жайларды дезинфекциялайды.
5. Қой өсірумен айналысатын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар
211. Қойлардың былғары жабындарын акарацидтық құралдармен өңдеуге арналған құрылғыларды, аталған құрылғылардың бір немесе бірнеше өндіріс объектілерінің жануарлар басына қызмет көрсету бойынша өткізу қабілетін есепке ала отырып, қой қырқатын пункттердің жанына салады.
212. Қойды шетен қорада күтіп-бағу кезінде уақыттың көбінде оларды ашық қашаларда, ал ауа-райы жауынды-шашынды болғанда, қатты аяздарда және қоздау кезінде қора-жайларда (қой қораларда, жылы қора-жайларда) ұстайды.
213. Қойларды жарықтандырылған және желдетілетін қой қырқу пункттерінде қырқады. Қой қырқу пунктінің жанында қашалар мен өткелектер орналастырылады.
214. Қой қырқу пункттерін медициналық және ветеринариялық дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етеді.
215. Инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз отарлар тұрақты орналасқан жерінде ең соңынан қырқылады. Қырқудан кейін қырқу машиналарын, арнайы киімдерді, мүкәммал мен қора-жайды дезинфекциялайды.
216. Қой шаруашылығының өндіріс объектілерін жинақтау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтай отырып, жүзеге асырылады.
217. Шаруашылыққа жаңадан әкелінген жануарлардың әрбір партиясына белгіленген тәртіпке сәйкес ветеринариялық сертификаты немесе ветеринариялық анықтамасы бірге жүреді. Жануарлар өндіріс объектісіне келіп түскенде, мал басын ветеринариялық байқаудан өткізеді және күнтізбелік 30 күн бойы профилактикалық карантинде ұстайды.
218. Өндіріс объектілерінде қойларды қолдан ұрықтандыру әдісін қолдану кезінде, қолдан ұрықтандыру басталмастан бір ай бұрын, аналық отарларда, сондай-ақ тұқымдық қошқарлар және күйек қошқарлар арасында барлық профилактикалық ветеринариялық іс-шараларды аяқтайды.
219. Қызмет көрсетуші персонал клиникалық ауру белгілері бар жануарларды жеке топқа бөледі және ол туралы өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманға хабарлайды. Ауру жануарларды өндіріс объектісінде уақытша күтіп-бағу үшін әрбір қой қорасында мал басының 0,5 % есебінен бөлек секция жабдықтайды.
220. Аурудан жазылған жануарлар жарамсыз деп танылады және бордақылауға жатады.
221. Жануарлар өлекселерін, түсіктерді және шуды арнайы өтпейтін сиымдылықтарға жинайды және ветеринария саласындағы маманның нұсқауымен жарып-сою бөлмесіне апарады. Ветеринариялық зертханаға жіберу үшін патологиялық материалды алғаннан кейін, өлексе қалдықтарын Беккари шұңқырына (мал қорымына), ал шуды жару бөлмесіне апармай, тікелей Беккари шұңқырына апарады.
222. Қой арасында жұқпалы ауру пайда болған жағдайда, аурудан қолайсыз отар ауру толық жойылғанға дейін басқа отарлардан оқшаулап ұсталады.
6. Жануарларды өткізу объектілердің орналасуына және аумағына қойылатын талаптар
223. Объектілерді салуға, жануарларды өткізу объектілерінің құрылысын жобалау реконстукциялау қайта жабдықтау және пайдалануға енгізу мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет белгілеген санитариялық-қорғау аймақтарын сақтаумен ветеринариялық-санитариялық, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық қорытындылар болған кезде жүргізіледі.
224. Жануарларды өткізу объектілерін тегіс, құрғақ, тасқынды және нөсерлі су баспайтын аумақта орналастырады.
Жануарларды өткізу объектілері қалалық және ауылдық жерлердің шетінде, елді мекендерден кемінде зиянды заттар шығаратын өнеркәсіптік ұйымдарға, санитариялық-техникалық құрылғыларға қатысты жел жағынан және тұрғын үйлерге, емдеу-алдын алу мекемелеріне, мәдени-тұрмыстық ғимараттарға, балалардың мектепке дейінгі және оқу-тәрбие мекемелеріне қатысты желден ық жағынан елді мекендерден кем дегенде 200 м қашықтықта орналастырылады.
Жалпы мемлекеттік, облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарынан қашықтығы кемінде 50 м, темір жол түйіндерінен 300 м болуы тиіс.
225. Жануарларды өткізу объектілерінің кіреберіс жолдары асфальтталады не бетондалады. Жануарларды өткізу объектісі иесінің шешуі бойынша ішкі жолдар, тротуарлар және түсіру (тиеу) алаңдары атмосфералық жауын-шашындар мен еріген суларды бұруға арналған еңісі бар қатты жабынмен қамтамасыз етіледі.
226. Жануарларды өткізу объектілерінің аумағы лас және таза аймақтарға бөлінеді. Таза аймаққа мыналар кіреді:
1) жануарларды өткізу объектісінің аумағына кіреберіс/шығаберіс;
2) жануарларды өткізу объектісінің әкімшілік ғимараты;
3) мал сатып алушыларға арналған қатты жабынды қашарлар секцияларының бойында тротуары бар қарау алаңы;
4) келушілерге арналған санитариялық тораптар.
Жануарларды өткізу объектілерінің лас аймақтарына мыналар кіреді:
1) автокөліктің кіруіне және шығуына арналған қақпа;
2) жануарларды өткізу объектісіне жануарларды өткізуге әкелген жануарлар иелеріне арналған кіреберіс және шығаберіс;
3) дезинфекциялық заттарды сақтауға арналған қойма;
4) жемшөп сақтауға арналған орын;
5) жануарларды тасымалдаған көлік құралдарына арналған уақытша тұрақ;
6) пандус басқышы және тасып әкелінген немесе ертіп әкелінген жануарларды түсіруге арналған кіреберісі бар жинақтаушы қаша;
7) пандус басқышы және сатып алынған жануарларды тиеуге немесе шығаруға арналған шығаберісі бар жинақтаушы қаша;
8) ауру және ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстауға арналған оқшаулағыш;
9) ветеринариялық пункт;
10) қызмет көрсетуші персоналға және жануарлардың иелеріне арналған санитариялық тораптар;
11) түрлері бойынша өткізу үшін жануарларды орналастыруға арналған қашалар секциялары.
Барлық кіреберістер/шығаберістер есіктермен және аяқкиімді дезинфекциялауға арналған төсеніштермен жабдықталады.
Жануарларды өткізу объектісінің аумағына автокөліктердің кіреберісінде/шығаберісінде қақпалар, бақылау-өткізу пункттері және дезинфекциялық тосқауылдар орнатылады.
Дезинфекциялық тосқауыл автокөліктердің көлемі кемінде 3 х 12 м жүру бөлігін зарарсыздандыру мүмкіндігін есепке ала отырып жасалады. Дезинфекциялық тосқауылдың үстінен бүйір жақтарынан қабырғалармен жабылған атмосфералық жауын-шашындардан қорғайтын қалқа жабдықталады. Дезинфекциялық тосқауыл кез келген жыл мезгілінде жұмыс жасайды, қысқы кезеңде жылытатын қондырғымен жабдықталады.
Жануарларды өткізу объектісінің әкімшілігі дезинфекциялық тосқауылдардың және аяқкиімді дезинфекциялауға арналған төсеніштердің жұмыс істеуіне жауапты қызметкерді бекітеді.
227. Жануарларды өткізу объектісінің аумағына қаңғыбас ауылшаруашылығы және ет қоректі үй жануарларының енуін, сондай-ақ келушілердің аумаққа белгіленбеген жерлерден келушілердің өтуіне жол бермеу үшін жануарларды өткізу объектісінің аумағын периметрі бойынша биіктігі кемінде 2 м тұтас немесе торлы дуалмен қоршайды.
228. Жануарларды өткізу объектісіне кіреберісте жануарларды өткізу объектісінің толық атауы, жануарларды өткізу объектісінің мамандануы, жұмыс кестесі көрсетілген маңдайша, сондай-ақ жануарларды өткізу объектісінің барлық стационарлық объектілері, жаяу жүргіншілер мен көлік бағыттары, апаттық шығаберістері, өрт қалқандары және өрт сөндіруге арналған су бағаналары немесе сиымдылықтары көрсетілген графикалық тәсілмен орындалған аумақтың жоспар-кестесі орналастырылады.
Жануарларды өткізу объектісінің әкімшілігі және басқа да қатысушылары еңбекті қорғау қағидаларын және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесін сақтауды қамтамасыз етеді.
Таза және лас аймақтар шелектері мен багорлары, балталармен күректермен құм салынған жәшіктермен және өрт сөндіргішпен жарақталған бар өртке қарсы қалқандармен жабдықталады.
229. Жануарларды тасымалдаған көлік құралдарына арналған уақытша тұрақ жануарларды түсіруге арналған жинақтаушы қашаның жанында орналасады. Автокөлікке арналған орындар саны жануарларды өткізу объектісінің жануарларды өткізу қабілетін есепке ала отырып айқындалады.
7. Технологиялық процесс
230. Жануарларды өткізу объектілерінің барлық объектілері жануарлар, персонал және келушілер қозғалысының ағындылығы қағидаты бойынша, оның аумағын таза және лас аймақтарға бөлуді есепке ала отырып орналастырылады. Жануарларды өткізу объектісіне тасып әкелінетін (ертіп әкелінетін) және аумақтан тасып шығарылатын (ертіп шығарылатын) жануарлардың бір-біріне қарсы ағындарына жол берілмейді.
231. Түрлері бойынша өткізілетін жануарларды ұстауға арналған орындар қалқасы, оттығы және суарғышы бар секциялардан тұратын қашалармен жабдықталады. Жануарларды суару жүйесі автоматтандырылған болуы тиіс. Жануарларды азықтандыру иесінің шешуі бойынша қолмен жүзеге асырылады. Қашалар жануарларды тәуліктік өткізу қажеттілігін ескере отырып салынады.
Жануарларды қашаларда орналастыру мынадай норманы сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) ірі жануарлар үшін (түйелер, жылқылар, мүйізді ірі қара малдар - бұдан әрі - ірі жануарлар) - бір жануарға 3 м2;
2) ұсақ жануарлар үшін (қойлар, ешкілер, шошқалар) - бір жануарға 1,7 - 2 м2.
Қашаларда қораларда ірі малдарға қосымша байлағыштар жасалады.
Қашаларды металл құрылыстарынан жасайды, олардың биіктігі:
1) ірі жануарлар үшін кем дегенде 1,5 м;
2) ұсақ жануарлар үшін кем дегенде 1 м.
Секциялар мен қашаларды жануарлардың жарақаттану мүмкіндігін болдырмайтын шарбақтармен, қақпалармен жабдықтайды.
232. Жануарларды жинақтағыштан (түсіру қашасы) жануарларды ветеринариялық қарап тексеру және ветеринариялық құжаттарын тексеру үшін жануарларды қозғалтпай ұстап тұратын арнайы станокпен жабдықталған өткелекке қамайды. Ветеринариялық қарап-тексеруден өткен жануарларды өткін бойынша өткелектен қашалар секциялары бойынша бөлінеді.
233. Жануарларды сатып алғанда сатып алушылардың таза аймақтан лас аймаққа өтуі қалқасы мен аяқкиімді дезинфекциялауға арналған төсеніштері бар таза аймақтың тротуары бойынша жүзеге асырылады.
234. Сатып алынған жануарларға кейіннен қажетті ветеринариялық құжаттарды бере отырып, сатып алынған жануарлар қашалар секцияларынан жануарларды қысып ұстайтын арнайы станогпен жабдықталған жинақтаушы тиеп жіберу өткіні бойынша шығарылады.
235. Жануарларды өткізу объектісінің аумағында қалқасы мен бетондалған едені бар, есігі бар, тығыз материалмен қоршалған жемшөптерді сақтауға арналған орын жабдықтайды. Жануарларды өткізу кезінде жануарларды азықтандыру және суару жануарлар иелерінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
236. Қоқыстарды жинап шығару жануарларды өткізу объектісі жұмыс істеп тұрған кезеңде жүргізіледі. Қашалар жануарлар тұрған кезде тазалықта ұсталуы қажет.
237. Жануарларды өткізу объектісінің әкімшілігі көңді, қоқысты тазалап шығарудың, сондай-ақ дезинфекция, дератизация және дезинсекция жасаудың кестелерін айқындайды.
238. Жануарлар тәуліктің қараңғы кездерінде жануарларды өткізу объектісінде тұрған жағдайда, жануарларды өткізу объектісінің аумағы мен олар тұратын жерлер жасанды жарықпен жарықтандырылады. Тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етіледі.
239. Жануарларды өткізу объектісінің аумағында қоғамдық тамақтану объектілерінің орналасуына және тамақ өнімдерінің саудасына жол берілмейді.
8. Ветеринариялық куәландыру.
240. Жануарларды өткізу объектісінің ветеринария саласындағы маманы нөмірленген, тігілген және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас ветеринариялық дәрігерінің мөрімен және қолымен бекітілген арнайы журналда өткізу үшін жануарларды өткізу объектісіне келіп түсетін жануарлар туралы мәліметтерді (өткізілетін жануардың иесі, жеке нөмірі, жасы, түсі, түрі, жынысы, ветеринариялық байқау нәтижелері) тіркеу жүргізіледі, олар кейіннен дерекқорға енгізіледі.
241. Жануарларды өткізу объектісінің ветеринариялық пункті:
1) жұмыс кабинетімен;
2) жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру үшін қажетті ветеринариялық құралдар мен аспаптар жиынтығымен;
3) жануарларды өткізу объектісіне әкелінген жануар туралы ақпаратты ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру дерекқорымен салыстырып тексеру (мәліметтер: түрі және тұқымы, жынысы, жасы, түсі, сәйкестендіру нөмірі, ветеринариялық өңдеулері, диагностикалық зерттеулер нәтижелері, иесі, жануардың шыққан жері) үшін интернетке қолжетімділігі бар компьютермен жабдықталады.
242. Жануарларды өткізу объектісінің ветеринария саласындағы маманы дезинфекциялық тосқауылдарды, төсеніштерді Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық заттармен уақытында толтырылуын үнемі бақылауды жүзеге асырады.
9. Ауру және ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстауға арналған оқшаулағышқа қойылатын талаптар
243. Оқшаулағыш ауру немесе ауруға күдікті жануарларды уақытша ұстау үшін арналады және жануарларды өткізу объектісінің аумағында бөлек ғимарат болып салынады.
Оқшаулағыш ауданы жануарларды өткізу объектісінің қашасының секциялары санының 10 % -ы есебімен айқындалады.
244. Ірі жануарларға арналған оқшаулағышта жеке бөлімдер; ұсақ жануарларға арналған оқшаулағышта - жеке станоктар орнатады. Шағын сандағы топтық станоктарды орнатуға (2-4 басқа арналған) рұқсат етіледі.
Оқшаулағышта шетен қоралар мен станоктарды жеке тамбуры мен шығаберісі бар бокстар жүйесі бойынша орнатады; ұсақ жануарларға арналған екі жеке станокқа бір тамбур мен шығаберіс жасалады.
245. Шетен қораларды жануалардың түрін, жасын ескере отырып бір жануарға арналған есеппен, жануарлар мен адамдардың басылуы мен жарақаттануын болдырмайтындай етіп жабдықтайды.
Оқшаулағыштар бөлімдерінің аудандарын мынадай есеппен жабдықтайды:
1) сиырлар (бұқалар), жылқылар, түйелер үшін - бір жануарға 3 х 4 м;
2) мүйізді ірі қара малдың, жылқылардың, түйелердің төлі үшін - бір жануарға 3 х 3 м;
3) ұсақ жануарлар үшін - кем дегенде 0,8 - 1,0 м.
Оқшаулағыш шетен қораларының арасындағы тасалар тұтас болуы керек.
246. Оқшаулағыш қора-жайларының таза еден деңгейінен жабынның (ара жабынның) шығып тұрған құрылымдарының астына дейінгі ішкі биіктігі жануарлардың еркін жүруін қамтамасыз ету үшін кем дегенде 2,4 м болуы тиіс.
247. Оқшаулағыш оттықпен және суарғышпен жабдықталады. Оқшаулағышта жануарларды суару және азықтандыру режимін оның иесі белгілейді. Жемшөптерді тарату қолмен жүзеге асырылады.
248. Бөтен адамдардың оқшаулағышқа кіруіне тыйым салынады, кіреберісте аяқкиімді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялық төсеніш салынады.
10. Сумен жабдықтауға және кәрізге қойылатын талаптар.
249. Жануарларды өткізу объектілерінде пайдаланылатын су Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 31934 болып тіркелген) бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жануарларды өткізу объектісінде шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына арналған орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде жергілікті көзден алынған суды немесе әкелінген суды қолдануға жол берілмейді.
Ескерту. 249-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.11.2023 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.250. Қолданылған су мен шайындыларды орталық кәрізге ағызу үшін түбі мен қабырғасынан су өтпейтін арнайы шұңқыр жабдықталады. Арнайы шұңқыр Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық заттармен зарарсыздандырылады. Қолданылған су мен шайындылар арнайы шұңқырда зарарсыздандырылғаннан кейін ғана орталық кәрізге ағызылады.
Сарқынды суларды жинақтайтын орталық кәріз болмаған жағдайда, сарқынды суларды Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандыруды жүргізе отырып, тазарту қондырғыларының меншікті жүйелерін салуға рұқсат етіледі. Тазарту қондырғылары жануарларды өткізу объектісінің сыртында жел жағында орнатылады. Тазарту қондырғыларының көлемдері жануарларды өткізу объектісінің өткізу қабілетіне сәйкес белгіленеді.
Жануарларды ұстайтын қашаларда дренаждық каналдарға қарай 3-6 градус еңістік көзделеді. Дренаждық каналдар қазылған шұңқырға қарай 3-5 градус еңістікпен жасалады. Қазылған шұңқырлардың қабырғалары және түбі су өткізбейтіндей етіп, сондай-ақ суды соруға арналған қақпамен және сорғымен жарақталады. Қазылған шұңқырдағы сарқынды суларды Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандыру жүзеге асырылады. Зарарсыздандырылғаннан кейін сарқынды сулар сорғының көмегімен шағын мүйіске тартылады. Шағын мүйіс қиық конус тәрізді шұңқыр болып табылады. Қабырғалар мен түбіне саз балшық жағылып, судың өтіп кетпеуі (саз құлып) қамтамасыз етіледі. Саз балшық қабатының қалыңдығы 3-5 см құрайды. Суды өткізбеуді қамтамасыз ету мақсатында полиэтиленді үлдірді пайдалануға болады.
Ескерту. 250-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.12.2022 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көң мен қоқыстарды жоюға және уақытша сақтауға қойылатын талаптар.
251. Көңді, жемшөп қалдықтары мен төсеніштерді уақытша сақтау үшін жануарларды өткізу объектісі аумағының маңында, жел жағынан жерге 1 м тереңдікке қазылған тікбұрышты алаң түрінде болатын уақытша көң қоймасы жабдықталады. Көң қоймасының қабырғалары мен түбі су өткізбейтін материалмен (бетон, кірпіш және т.б.) жабдықталады. Көң қоймасының ені мен ұзындығы жануарларды өткізу объектісінің өткізу қабілетіне сәйкес айқындалады. Көң қоймасы қалқамен жадықталады.
Жануарларды өткізу объектісінің әкімшілігі көң мен қоқысты уақытында тазалауды қамтамасыз етеді.
252. Көңді кейіннен биотермиялық зарарсыздандыру үшін уақытша көң қоймасынан арнайы орынға шығару апта сайын жүзеге асырылады.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 1-қосымша |
Шошқаларға арналған қора-жайлардың ішкі ауасының
температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығының нормалары
Қора-жайлардың атауы | Ауа температурасы, 0С | Салыстырмалы ылғалдылық, % | |||
оңтайлы | ең көп | ең аз | ең көп | ең аз | |
Қысыр, төлдейтін аналықтар және қабандарға арналған қора-жайлар | 16 | 19 | 13 | 75 | 40 |
Аналықтан бөлінген торайлар мен мал басын толықтыратын төлге арналған қора-жайлар | 20 | 22 | 18 | 70 | 40 |
Шошқаларды бордақылауға арналған қора-жай | 18 | 20 | 14 | 75 | 40 |
Тууға жақын буаз аналықтар мен емізетін аналықтарға арналған қора-жайлар | 20 | 22 | 18 | 70 | 40 |
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 2-қосымша |
Шошқаларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлардағы ауа
қозғалысының нормалары
Қора-жайдың атауы | Ауаның қозғалысы, м/сек | |
Жылдың суық және ауыспалы кезеңдері | Жылдың жылы кезеңі | |
Қысыр, төлдейтін аналықтар және қабандарға арналған үй-жайлар | 0,3 | 1,0 |
Аналықтан бөлінген торайлар мен мал басын толықтыратын төлге арналған қора-жайлар | 0,2 | 0,6 |
Шошқаларды бордақылауға арналған үй-жай | 0,3 | 1,0 |
Тууға жақын буаз аналықтар мен емізетін аналықтарға арналған қора-жайлар | 0,15 | 0,4 |
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 3-қосымша |
Ірі қара мал өсіру жөніндегі кәсіпорындар мен басқа жекелеген
ауыл шаруашылығы объектілер арасындағы зооветеринариялық
арақашықтықтар
Ауылшаруашылық кәсіпорындары мен жекелеген объектілердің атаулары | ірі қара мал өсірумен айналысатын кәсіпорындарға дейінгі ең төменгі зооветеринариялық қашықтықтар, м |
1 | 2 |
1. Кәсіпорындар: мүйізді ірі қара мал өсіруші | 150 |
шошқа өсіруші а) фермалар б) өндірістік үлгідегі кешендер қой өсіруші жылқы өсіруші түйе өсіруші аң және қоян өсіруші | 150 1000 150 150 150 300 |
2. Құс шаруашылықтары фермалар құс фабрикалары | 200 1000 |
3. Ет-сүйек ұнын жасайтын зауыттар | 1000 |
4. Биотермиялық шұңқырлар | 500 |
5. Құрылыс материалдарын, бөлшектерін және құрылымдарын дайындайтын кәсіпорындар саз балшық және силикатты кірпіштерді, керамикалық және отқа төзімді бұйымдарды әк және басқа тұтқыр материалдарды дайындайтын кәсіпорындар | 100 100 300 |
6. Ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін кәсіпорындар, гараждар және жалпы шаруашылық мақсаттағы техникалық қызмет көрсету пункттері | 100 |
7. Шарушылықаралық және мемлекеттік құрама жемшөп зауыттары | 150 |
8. Өңдеу кәсіпорындары: көкөніс, жеміс және дәнді дақылдарды сүтті, тәулігіне 12 тоннаға дейінгі өнімділікпен тәулігіне 12 тоннадан астам мал мен құстарды, өнімділігі: ауысымда 10 тоннаға дейін ауысымда 10 тоннадан астам | 100 50 200 300 1000 |
9. Астық, жеміс, картоп және көкөніс сақтайтын қоймалар | 50 |
10. Жолдар: І және ІІ санатты жалпы мемлекеттік және республикалық маңызы бар теміржол және автомобиль жолдары ІІІ санатты республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль және жануарларды айдайтын (жобаланып отырған кәсіпорынға байланысты емес) жолдар шаруашылықішілік автомобиль (кәсіпорынға келетін жолды қоспағанда) жолдары | 300 150 50 |
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 4-қосымша |
Ірі қара малдарға арналған жайылу-азықтандыру
алаңдары аудандарының нормалары
Жануарлардың тобы | 1 басқа арналған серуендету (серуендету - азықтандыру аулаларының) алаңдары аудандарының нормалары м2 | |
Бордақылау алаңындағы төл мен ересек мал | 5 | 15 |
Бұзаулары бар ет тұқымды сиырлар (репродукторлар) | 8 | 20-25 |
Ескертпелер:
1. Жануарларға белсенді моцион ұйымдастырылғанда, жайылу алаңдарының ауданы 50 % - ға дейін қысқартылады, бұзаулау кезінде серуендету алаңдарын жаңа туған сиырларға ұйымдастырады.
2. Кестеде көрсетілген нормалардан 5% шегінде ауытқуға рұқсат етіледі.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 5-қосымша |
Жануарларды азықтандыруға арналған оттықтардың көлемдері
Оттықтар мен суарғыштар типтері | Оттықтардың көлемдері, метр | ||||
ені | биіктігі | шеті бойынша ұзындығы (есептік) | |||
жоғарыдан | түбінен | алдыңғы ернеуі | артқы ернеуі | ||
Оттықтар: серуендету аулаларындағы тұрақты және жануарларды ұстайтын қора-жайларда 14-20 күнтізбелік күннен 6 айлық жасқа дейінгі бұзауларға арналған оттықтар | 0,7 0,4 | 0,6 0,3 | 0,4 0,3 | 0,6 0,4 | бір басқа - 0,6-0,8 бір басқа - 0,3-0,4 |
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 6-қосымша |
Құс өсіру шаруашылықтары және басқа да өндірістік
кешендер мен жекелеген объектілер арасындағы
зооветеринариялық қашықтықтар
Өндірістік кешендер мен жекелеген объектілер атаулары | Құс шаруашылықтарына дейінгі ең аз зооветеринариялық қашықтықтар, метр | |
Құс фермаларына дейін | Құс фабрикаларына дейін | |
1 | 2 | 3 |
1. Мүйізді ірі қара мал фермалары 2. Шошқа фермалары 3. Қой фермалары 4. Жылқы фермалары 5. Құс фермалары 6. Құс фабрикалары 7. Аң және қоян өсіретін фермалар 8. Құрылыс материалдарын, бөлшектер мен құрылымдар, саз балшық және силикатты кірпіш, әк және басқа да тұтқыр материалдар дайындайтын кешендер 9. Республикалық маңызы бар І және ІІ санатты теміржол және автомобиль жолдары 10. Облыстық маңызы бар ІІІ санатты автокөлік жолдары және мал айдайтын жолдар 11. IV-V санатты жергілікті маңызы бар өзге жолдар (құс шаруашылығына баратын жолдардан басқа) | 200 200 200 200 200 1000 1500 500 500 200 100 | 1000 1000 1000 1000 1000 1000 1500 500 500 200 100 |
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 7-қосымша |
Әр топтағы құстарды күтіп-бағуға арналған өндірістік
үй-жайлардың ішкі ауа температурасы мен ылғалдылығы
Құстардың түрлері мен жас топтары | Жылдың суық мезгілінде құстарды ұстау кезіндегі есептік температура, 0С | Қора-жайлардағы оңтайлы салыстырмалы ауа ылғалдылығы, % | ||
еден үстіндегі | тордағы | |||
қора-жайларда | жергілікті жылыту орындарында (брудерлермен және тағы.басқаларымен.) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Ересек құстар: тауықтар күркетауықтар үйректер қаздар | 12-16 12-16 7-14 10-15 | 0 0 0 0 | 16 0 0 0 | 60-70 60-70 70-80 70-80 |
2. Тауықтың балапандары: күнтізбелік 1 - 30 күн күнтізбелік 1 - 10 күн күнтізбелік 1 - 20 күн күнтізбелік 21 - 30 күн күнтізбелік 31 - 60 күн күнтізбелік 31 - 75 күн күнтізбелік 61 – 140 - 150 күн күнтізбелік 141 – 151 - 210 күн | 22 0 0 0 0 0 0 0 | 35-22 0 0 0 0 0 0 0 | 24 30-29 26 24 20 18 16 16 | 60-70 30-50 45-50 60-70 60-70 60-70 60-70 60-70 |
3. Күркетауықтың балапандары: күнтізбелік 1 - 20 күн күнтізбелік 21 - 120 күн күнтізбелік 121 - 240 күн | 22 20-18 16 | 35-22 0 0 | 24 0 0 | 60-70 60-70 60-70 |
4. Үйректердің балапандары: күнтізбелік 1 - 10 күн күнтізбелік 11 - 30 күн күнтізбелік 31 - 55 күн күнтізбелік 56 - 180 күн | 22 20 14 7-14 | 26 26-22 0 0 | 22 0 0 0 | 65-75 65-75 65-75 65-75 |
5. Қаздардың балапандары: күнтізбелік 1 – 20 (30 күн) күнтізбелік 21 (31) - 65 күн күнтізбелік 66 - 180 күн | 22 20 15 | 30 0 0 | 20 0 0 | 66-75 66-75 70-80 |
Ескертпе:
кестенің 3-бағанындағы температуралар жергілікті жылыту қондырғыларының қуаттылығын және пайдалану кезінде оларды реттеу шектерін есептеу үшін келтірілген.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 8-қосымша |
Құстарды күтіп-бағуға арналған үй-жайлардағы ауа
қозғалысының оңтайлы жылдамдығы
Үй-жайлардың атауы | Жылдың суық мезгілінде үй-жайлардағы ауа қозғалысының жылдамдығы, м/сек | |
оңтайлы | ең жоғарғы | |
1. Ересек тауықтарды және күркетауықтарды күтіп-бағуға арналған үй-жайлар | 0,3 | 0,6 |
2. Ересек үйректерді және қаздарды күтіп-бағуға арналған үй-жайлар | 0,5 | 0,8 |
3. Жас тауықтарды, күркетауықтарды, үйректерді және қаздарды күтіп-бағуға арналған үй-жай | 0,2-0,3 | 0,5 |
Ескертпелер:
1. барлық жас құстардың түрлерінің балапандары 30 күнтізбелік күннен үлкен және ересек құстарды ұстауға арналған үй-жайларда жылдың жылы мезгіліндегі ауа қозғалысының жылдамдығы 1,2 м/сек, ал 30 күнтізбелік күнге дейінгі балапандар үшін – 0,6 м/сек аспауы керек, сыртқы ауаның есептік температурасы +330С жоғары климаттық аймақтарда ересек құстар мен үлкен жастағы балапандарды торда ұстаған кезде ауа қозғалысының жылдамдығы 2м/сек дейін және еден үстінде ұстағанда – 1,5 м/сек дейін рұқсат етіледі.
2. Құстарды ұстауға арналған үй-жайлардағы ауаның температурасы мен қозғалыс жылдамдығының параметрлері суық кезең үшін келтірілген және олар құстарды орналастыру аймағына қатысты. Құстарды орналастыру аймағы мыналар болып есептеледі: еден үстінде ұстағанда – еден деңгейінен 0,8 м-ге дейінгі биіктіктегі кеңістік, құстар келіп қанатын сырықтармен және ұялармен жабдықталған тауықтар мен күрке тауықтарды ұстауға арналған үй-жайларда – ең жоғары көтерілген бақандар мен ұялардан 0,5 м жоғары; торда ұстағанда – тор батареяларының барлық биіктігі бойынша кеңістік.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 9-қосымша |
Жылдың суық мезгілінде инкубаторий мен жұмыртқа сақтау қоймасының негізгі өндірістік үй-жайларындағы ауа параметрлері
Параметрлер | Инкубаторийдің инкубаторлық және басып шығаратын залдарында | Жұмыртқаны сақтауға арналған үй-жайларда (инкубаторий мен жұмыртқа қоймаларында) |
Температура 0С Салыстырмалы ылғалдылық, % | 20-22 50-70 | 8-12 70-80 |
Ескертпе:
Жылдың суық мезгілінде үй-жайларда бір тәуліктік балапандарды сұрыптау үшін есептік температураны +22-ден +240С-ге дейінгі, салыстырмалы ылғалдылықты - 30-70 % аралығында қабылдау керек.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 10-қосымша |
Құс қоралардағы секциялар арасындағы аралық қабырғаларды
және серуендету мен солярий қоршауларының көлемдері
Құстардың түрлері мен жас топтары | Аралық қабырғалар мен қоршаулардың биіктігі, м. | |
Құс қораларында, еден деңгейінен жоғары | Жайылымдар мен солярийлерде, жер деңгейінен жоғары | |
1. Жұмыртқа бағытындағы тауықтар және 60 күнтізбелік күннен жоғары балапандар | Үй-жайдың барлық биіктігінде | 2,2 - 2,4 |
2. Ет бағытындағы тауықтар және 60-70 күнтізбелік күннен жоғары жас тауықтар | сондай | 1,8 |
3. 60-70 күнге дейінгі балапандар | сондай | 1,5 - 1,6 |
4. Күрке тауықтың ересегі және 120 күнтізбелік күннен жоғары балапандар | сондай | 2,2 - 2,5 |
5. 120 күнтізбелік күнге дейінгі күркетауық балапандары | сондай | 0,6 - 1,9 |
6. Үйректің ересегі және балапандар | 0,6 | 0,6 |
7. Қаздардың ересегі және 66 күннен 180 күнтізбелік күнге дейінгі балапандар | 1,25 | 1,5 |
8. 60 күнтізбелік күнге дейінгі қаздың балапандары | 0,6 | 0,6 |
Ескертпе:
тауықтарға, күркетауықтарға, үйректерге, қаздарға, тауық балапандарына, күркетауық балапандарына, қаз балапандарына және үйрек балапандарына арналған (құс қорасында) секциялардың арасындағы аралық қабырғалардың төменгі бөлігі 0,6 м биіктікке, күркетауықтар үшін 1,25 м биіктікке дейін бітеу (тұтас) болады.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 11-қосымша |
Құс қоралардың жекелеген секцияларының рұқсат
етілетін сыйымдылығы
Құстардың түрлері мен жас топтары | Секцияның еден үстінде ұстағанда рұқсат етілетін сыйымдылығы, бас |
Ересек құстар: Тауықтар күркетауықтар үйректер қаздар | 1500 500 50-100 30 |
Балапандар: тауықтардың басын толықтыратын балапандар етке өсірілетін (бройлер) балапандар күркетауықтардың балапандары үйректердің балапандары қаздардың балапандары | 2500 10000 500 400 200-250 |
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 12-қосымша |
Құс қораларында құстарды орналастыру нормалары
Құстардың түрлері мен жас топтары | Құстарды еден үстінде ұстайтын құс қораларына орналастырғанда, еденнің 1 м2.-не арналған бас саны | |
қалың төсеніште | қабатты немесе торлы еденде | |
1 | 2 | 3 |
А. Ересек құстар 1. Жұмыртқалағыш тауықтар тұқымы ата-енелік тобы өнеркәсіптік тобы | 3,5 – 45 5 | 3,5 – 45 5 |
2. Тауықтардың етті тұқымы ата-енелік тобы | 3 - 3,5 | 3 - 3,5 |
3. Күркетауықтар ата-енелік тобы | 1,5 | 0 |
4. Үйректер ата-енелік тобы | 3 | 0 |
5. Қаздар ата-енелік тобы | Ұрғашылары 1,5 Еркектері 1,0 | 0 0 |
Б. Құс басын толықтыру үшін өсірілетін балапандар 1. Жұмыртқа бағытындағы жас тауықтар: күнтізбелік 1 - 30 күндік күнтізбелік 31 - 60 күндік күнтізбелік 1 - 70 күндік күнтізбелік 61 - 140 күндік күнтізбелік 1 - 140 күндік күнтізбелік 141-180 күн (ата-енелік тобы) үшін күнтізбелік 141-180 күн (өнеркәсіптік тобы) үшін | 25 16 17 9 10,5-11 4,5-5,5 5,5 | 0 0 17 9 10,5-11 4,5-5,5 5,5 |
2. Ет бағытындағы тауықтардың балапандары күнтізбелік 1 - 150 күндік күнтізбелік 151 - 210 күндік | 7-8 3,0-3,9 | 0 0 |
3. Күркетауықтардың балапандары: күнтізбелік 1 - 20 күндік (тордың ішінде) күнтізбелік 21 - 120 күндік күнтізбелік 121 - 240 күндік | 0 4 2 | 0 5 0 |
4. Үйректердің балапандары: күнтізбелік 1 - 55 күндік күнтізбелік 56 - 150 күндік күнтізбелік 151 - 180 күндік | 8 3,5 3,2 | 0 0 0 |
5. Қаздардың балапандары: күнтізбелік 1 - 30 күндік күнтізбелік 31 - 65 күндік күнтізбелік 66 - 180 күндік | 8 4 3 | 0 0 0 |
В. Бір ғимаратта, қайта отырғызылмай өсірілген тауықтар: күнтізбелік 1 - 480 күндік (ет бағытындағы) күнтізбелік 1 - 515 күндік (жұмыртқа бағытындағы) | 8 8-8,5 | 0 8-8,5 |
Г. Ет үшін өсірілетін жас құстар 1. Балапандар: күнтізбелік 1 ден 63-65 күнге дейінгі бройлерлер 2. Жұмыртқа бағытындағы құстардың балапандары: күнтізбелік 1-75 күндік; | 14 16 | 0 16 |
3. Күркетауық балапандары: күнтізбелік 1 - 20 күндік (тордың ішінде) күнтізбелік 21 - 120 күндік күнтізбелік 1 - 120 күндік | 0 4 4 | 0 4 4 |
4. Үйрек балапандары: күнтізбелік 1 - 20 күндік күнтізбелік 21 - 55 күндік күнтізбелік 1 - 55 күндік | 14 8 9 | 16 8 9 |
5. Қаз балапандары: күнтізбелік 1 - 20 (30) күндік күнтізбелік 21 (30) - 65 күндік күнтізбелік 1 – 65 күндік | 10-8 4 4 | 16-12 0 0 |
Ескертпелер:
1. Тығыздығы құстардың бастапқы жастарына көрсетілген.
2. Құстарды торда ұстау кезінде отырғызу тығыздығының нормаларын торды дайындаушы зауыттың паспорттық деректері бойынша қабылдайды (тордың түріне және құрылымына байланысты)
3. Асыл тұқымды ересек құстарды отырғыу тығыздығын ата-енелік топтың нормалары бойынша қабылдайды.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 13-қосымша |
Құстарды серуендетуге және солярийге шығаруға
арналған тесіктердің саны мен олардың көлемдері
Ғимараттардың типтері | 1 тесікке шаққандағы бас саны | Тесіктердің көлемдері, м | ||
ені | еденнен биіктігі | тесіктердің төменгі биіктігі | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Ересек құстарға арналған құс қоралары: тауықтар күркетауықтар үйректер қаздар | 500 100 – 150 30 – 50 50 | 0,4 0,4 -0,5 0,4 0,6 | 0,4 0,6 - 0,8 0,4 0,5 | 0,2 0,2 0,1 0,1 |
2. Жас құстарға арналған құс қоралары: Тауықтар күркетауықтар үйректер қаздар | 500 125 – 200 150 – 200 125 | 0,3 0,3 0,3 0,4 | 0,3 0,4 0,4 0,4 | 0,10 0,15 0,05 0,5 |
Ескертпелер:
1. Әр секцияда кемінде бір тесік болуы тиіс
2. Құстарды қалық төсеніште ұстағанда соқпақтардың биіктігін кестеде көрсетілген шамаларға қарағанда 0,2-0,4 м - ге ұлғайту керек.
3. Құстарды қабатты еденде ұстағанда тесіктер еденнің деңгейінде орналастырылуы тиіс.
4. Барлық жастағы үйректер мен оның балапандарына, тауық пен күркетауықтың күнтізбелік 60 күнге дейінгі балапандарына жайылу жағына қарай пандустармен, ал құстарды терең төсеніште ұстағанда – ішкі жағынан да пандустармен жабдықтайды.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 14-қосымша |
Тауықтарға, күркетауықтарға, үйректерге және
қаздарға арналған азықтандыру және суару фронты
Құстардың түрлері және жас топтары | Бір басқа шаққанда азықтандыру фронты, см (кем дегенде) | Бір басқа шаққанда суару фронты, см (кем дегенде) | |
Құрғақ азықтандыру | суландырып азықтандыру | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
А. Ересек құстар 1. Тауықтар: Негізгі топты толықтыратын күнтізбелік 141 – 151-ден 180 - 210 күндік балапандар | 8 | 14 | 2 |
2. Күркетауықтар | 8 | 20 - 30 | 4 |
3. Үйректер | 4 - 6 | 15 | 3 - 6 |
4. Қаздар | 6 | 20 | 4 |
Б. Құстардың балапандары 1. Жұмыртқалағыш тұқымды тауықтар: күнтізбелік 1 - 30 күн күнтізбелік 31 - 60 күн күнтізбелік 1 - 60 күн күнтізбелік 61 - 140 күн күнтізбелік 1 - 140 күн | 2,5 5 5 6 6 | 3,5 6,5 6,5 9,0 9,0 | 1 1 1 2 2 |
2. Етті тұқымды тауықтар (бройлерлер): күнтізбелік 1 - 65 күн күнтізбелік 1 - 150 күн | 5 7 | 6,5 14,0 | 2 2 |
3. Күркетауықтар: күнтізбелік 1 - 20 күн күнтізбелік 21 - 120 күн (немесе 1 - 120 күн) күнтізбелік 121 - 240 күн | 2 4 6 | 3 10 12 | 1 2 2 |
4. Үйректер: күнтізбелік 1 - 55 күн күнтізбелік 56 - 180 күн күнтізбелік 1 - 20 күн күнтізбелік 21 - 55 күн | 3 4 2 3 | 10 15 5 10 | 2 3 2 2 |
5. Қаздар: күнтізбелік 1 - 20 (30) күн күнтізбелік 21 - (31) - 65 күн күнтізбелік 61 - 180 күн | 3 5 6 | 8 15 18 | 1 2 3 |
Ескертпелер:
1. Цилиндр тәрізді оттықтарды қолданғанда азықтандыру ені 25 %-ға дейін қысқартылады.
2. Жаңа технология және оған сәйкес жабдықтар енгізілгенде азықтандыру фронты жобалауға арналған тапсырмамен анықталады.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 15-қосымша |
Еденде күтіп-бағу кезіндегі тауықтарға,
үркетауықтарғажәне олардың балапандарына арналған
сырықтардың көлемдері
Құстардың түрлері мен топтары | Сырықтардың көлемі, см | Еден деңгейінен сырықтардың ең жоғарғы биіктігі, см | ||
Бір басқа шаққанда, кесек ұзындығының фронты | Кесектің ені | Кесектер арасындағы алшақтығы (осьтер бойынша) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Ересек құстар: Жұмыртқалағыш тұқымды тауықтар Ет тұқымды тауықтар Ет тұқымды күркетауықтар | 18 20 - 25 35 - 40 | 4 4 6 | 30 - 35 35 - 40 50 - 60 | 60 60 45 - 50 |
2. Құстардың балапандары: күнтізбелік 60 күннен асқан балапандар күнтізбелік 20 күннен асқан (немесе күнтізбелік 120 күннен) асқан күркетауық балапандары | 12 - 15 25 - 35 | 4 5 | 20 - 25 45 - 50 | 50 - 60 40 - 50 |
Ескертпе:
бройлерлерді өсіруге арналған және құстарды қабатты еденде ұстайтын құс қораларда, сондай-ақ планкалармен жабылған саңғырық қораптары бар құс қораларында құстар келіп қанатын сырықтар қарастырылмайды.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 16-қосымша |
Құстарды еден үстінде ұстаған кездегі ұялардың
көлемдері (метр) мен олардың саны
Құстар | Табалдырықтың биіктігі, м | Қарапайым ұялар | Бақылаудағы ұялар | Жеке ұялар | Топтық ұялар | ||||||||
Ені, м | Тереңдігі,м | Биіктігі, м | Бір ұяға шақандағы саны | Ені, м | Тереңдігі, м | Биіктігі, м | Бір ұяға шақандағы саны | Ені, м | Тереңдігі, м | Биіктігі, м | Бір ұяға қанша бас | ||
Тауықтар | 0,08 | 0,3 | 0,4 0,5 | 0,3 0,4 | 3 | 0,3 | 0,4 | 0,3 0,4 | 6-8 | 2 | 0,5 | 0,4 | 100 150 |
Күрке- тауықтар | 0,15 | 0,4 | 0,7 | 0,6 | 2 | 0,4 | 0,7 | 0,6 | 4-7 | - | - | - | - |
Үйректер | 0,1 | 0,3 | 1 | 0,4 | 0,2 | 0,3 | 0,4 | 0,4 | 3-4 | - | - | - | - |
Қаздар | 0,08 | 0,4 | 0,6 | 0,5 | 1 | 0,4 | 0,6 | 0,5 | 2-3 | - | - | - | - |
Ескертпелер:
1. Қарапайым, жеке және топтық ұялардың табалдырықтарының биіктігі бақылаудағы ұялар үшін көрсетілген көлемдер бойынша қабылданады.
2. Тауықтардың ұяларын еденнің үстінен немесе қалың төсеніштен 0,5-0,6 м биіктіктен жоғары емес; күркетауықтар, үйректер мен қаздардың ұяларын еденде орналастырады.
Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға 17-қосымша |
Инкубациялауға арналған жұмыртқалардың 1 грамм
сарыуызында болатын А және В2 дәрумендерінің және де
каротиноидтердің (микрограмм) саны
Жұмыртқалар | Дәрумендер, микрограмм | Каротиноидтер, микрограмм (кем емес) | |
А | В2 | ||
Тауықтар | 6-8 | 4-6 | 15 |
Күркетауықтар | 9-12 | 4-5 | 15 |
Үйректер | 10-12 | 6-7 | 20 |
Қаздар | 10-13 | 5-6 | 20 |