Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 8/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 17 наурыздағы № 15/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27759 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
5-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі;";
6-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне – қазан айының екінші жексенбісі:
барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға;";
7-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік әрекеттер ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, жасы 18-ге дейін мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін тұлғаларға, "Күміс Алқа" және "Алтын Алқа" алқалармен марапатталған көп балалы аналарға ақшалай формасында шипажайлық-курорттық емделуге, ағымды қаржылық жылға қарастырылған сомасы шегінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау аудандық мәслихатының хатшысы |
Г.Кадырова |