"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 сәуірде № 32292 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші ААЖ-ға сұрау салу келіп түскен кезден бастап жүзеге асырады.

      ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендірушісі бойынша сәйкестіктері болмаған кезде, сұрау салуға жауап осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында 10 (он) минут ішінде жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендіргіші бойынша сәйкес келуі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ААЖ-ның деректері, оның ішінде соттылықты өтеу мерзімін есептеуді тексереді (өңдейді), одан кейін қызметті алушыға сұрау салуға жауап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберілетіні туралы хабарланатын аралық жауапты бір уақытта жібере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ресімделеді.

      Қосымша анықтау тексерісін (процестік шешімді анықтау үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуды жіберу) жүргізген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мерзімде аралық жауап жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының қайтадан жүгінуінің қажеттілігі туралы хабарланады.

      Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес қағаз нысанында нәтижені ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорацияның филиалына мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Анықтамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79 және 89-баптарына сәйкес өтініш жасалынған аумағына байланыссыз, тексеру күніндегі жағдай бойынша адамның өтелмеген, алынбаған соттылығы туралы мәліметтері көрсетіледі.";

      көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтиды, осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес "Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) жазылған.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің – адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру (бұдан әрі – мәлімет) нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама немесе осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданбаған сыбайлас жемқорлық баптары бойынша қылмыстық істің болуы туралы мәліметтерін қамтитын хабарлама жіберіледі.

      Мәліметте сауалнамалық деректер (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні (күні, айы, жылы) және жері) "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасының мәліметтеріне сәйкес көрсетіледі.";

      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші сұрау салудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ААЖ) келіп түскен кезден бастап жүзеге асырады.

      ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендірушісі бойынша сәйкестіктері болмаған кезде сұрау салуға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы жауап электрондық құжат түрінде 10 (он) минут ішінде жіберіледі.

      ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендіргіші бойынша сәйкес келуі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ААЖ-ның деректері тексеріледі (өңделеді), одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салуға жауап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберілетіні туралы хабарланатын аралық жауапты бір уақытта жібере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын электрондық цифрлық қолтаңбасың (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ресімделеді.

      Түпкілікті процестік шешім қабылданбаған сыбайлас жемқорлық баптары бойынша қылмыстық іс болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында көрсетілген мәліметтердің болуы туралы хабарлама жібереді.

      Мәліметтер тексеру күніндегі жағдай бойынша өтініш жасалынған аумағына байланыссыз көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.";

      көрсетілген Қағидалардың 4-қосымшасы осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      жəне аэроғарыш өнеркəсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 10 сәуірдегі
№ 88 бұйрығына
1 қосымша/
  "Соттылықтың болуы не болмауы
туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына 2-қосымша

"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру: 
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.​egov.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) минут;
қосымша анықтамалық тексеріс жағдайында - 5 (бес) жұмыс күні;
шет елге шыққан жағдайда:
облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру және құжаттарды алу кезінде күтуге ең көп жол берілетін уақыт – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің ең көп жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушыға қосымша анықтамалық тексеріс жүргізген жағдайда, 4 (төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін қайта жүгіну қажеттілігі туралы хабарланатын аралық жауап жолданады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
Қағаз түрінде
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 4 немесе 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру.
Басқа жеке тұлғаға соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру, мәліметтер сұратылып отырған адамға қатысты нотариалды расталған сенімхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Шет елге шығу үшін қағаз нысанда, оның ішінде апостилі бар соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы дайындауға сұрау салуды электронды түрде берген жағдайда, дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің жеке басты куәландыратын құжатының негізінде көрсетілетін қызметті алушының порталда таңдаған Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманың қағаз нысанда 1 (бір) айдың ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 2 (екі) ай ішінде әрі қарай сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының арызын және оған қатысты қағаз нысандағы құжаттарды, сондай-ақ оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) ай ішінде келмеген жағдайда қағаз нысандағы соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші оларды жеке номенклатуралық іске тігеді (қалыптастырады).

6

Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Құжаттарды қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға рұқсат етіледі;
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі);
4) Бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын 9.00 до 21.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: www.gov.kz/memleket/entities/pravstat, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.​gov4c.​kz;
3) www.​egov.​kz порталының интернет-ресурсында көрсетілген.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру туралы арыз;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін);
нотариалды түрде куәландырылған сенімхат – көрсетілетін қызметті алушының мүддесін басқа адам білдірген кезде;
кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына анықтама алу кезінде туыстық байланыстарын растау үшін туу туралы куәлік (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының бұрынғы анықтамалық деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні (күні, айы, жылы) бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама алу үшін ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы олардың ауыстырылғандығын растайтын құжатты ұсынады.
2) порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған немесе ұялы байланыс операторымен берілген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу беріледі. Шет елге шығу үшін соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы қағаз нысанда алу үшін бір уақытта Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайы таңдалады;
мәліметтер сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келісім берген жағдайда, үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Көрсетілетін қызметті берушілер, Мемлекеттік корпорация цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Жоқ

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Қажет болған жағдайда, тұрмыс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларында тұрақты ауытқумен денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы тұрғылықты мекенжайына барумен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен жиынтықта көрсетілуі мүмкін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы мәліметтер сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келісім берген жағдайда орындалады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалар қызметі, сондай-ақ қашықтықтан қол жеткізу режимінде 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 10 сәуірдегі
№ 88 бұйрығына
2 қосымша/
  "Прокуратура органдарынан,
тергеу және анықтау
органдарынан шығатын ресми
құжаттарға апостиль қою"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына 2-қосымша

"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру: 
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.​egov.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) құжаттар топтамасын облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру және құжаттарды алу кезінде күтуге ең көп жол берілетін уақыт – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің ең көп жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
Қағаз түрінде
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Адамның қойылған қолының түпнұсқалығын және оның өкілеттігін куәландыратын, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөр және мөртабанның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртабан – апостиль қойылған құжат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік корпорация соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманың қағаз нысанда 1 (бір) айдың ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 2 (екі) ай ішінде одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының арызын және оған қатысты қағаз нысандағы құжаттарды, сондай-ақ оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) ай ішінде келмеген жағдайда қағаз нысандағы соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші жеке номенклатуралық іске тігеді (қалыптастырады).

6

Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарға апостиль қоюға төлем деректемелері: Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ж/ш 108125, ҚР ҚМ kkmfkz2a есеп айырысу шоты kz24070105 ksn0000000 БСН 981140001105 ТМК 911, 991.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
3) Бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын 9.00 до 21.00-ге дейін.
Құжаттарды қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, порталы арқылы электрондық кезекті брондауға рұқсат етіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: www.gov.kz/memleket/entities/pravstat, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.​gov4c.​kz;
3) www.​egov.​kz порталы.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен тізбесі

"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін);
апостиль қою үшін ұсынылатын прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжаты;
мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.
Көрсетілетін қызметті берушілер, Мемлекеттік корпорация цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші бас тартудың мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының бекітілген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жауап жібереді.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Қажет болған жағдайда, тұрмыс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларында тұрақты ауытқумен денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы тұрғылықты мекенжайына барумен жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен немесе "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен жиынтықта көрсетілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалар қызметі, сондай-ақ қашықтықтан қол жеткізу режимінде 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 10 сәуірдегі
№ 88 бұйрығына
3 қосымша/
  "Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті мен оның аумақтық
органдары архивтерінің шегінде
архивтік анықтамаларды және/
немесе архивтік құжаттардың
көшірмелерін беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру: 
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.​egov.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) құжаттар топтамасын облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру және құжаттарды алу кезінде күтуге ең көп жол берілетін уақыт – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің ең көп жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
Қағаз түрінде
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелері, мәліметтер болмаған кезде –жазбаша жауап не порталдың "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында.
Дайын құжаттарды басқа жеке тұлғаға беру өзіне қатысты мәліметтер сұратылатын адам берген, нотариалды түрде куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация анықтаманың қағаз нысанда 1 (бір) айдың ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 2 (екі) ай ішінде одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының арызын және оған қатысты қағаз нысандағы құжаттарды, сондай-ақ оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) ай ішінде келмеген жағдайда қағаз нысандағы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші жеке номенклатуралық іске тігеді (қалыптастырады).

6

Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Құжаттарды қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға рұқсат етіледі;
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі);
4) Бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын 9.00 до 21.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: www.gov.kz/memleket/entities/pravstat, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz;
3) www.egov.kz порталының интернет-ресурсында көрсетілген.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру туралы арыз;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін);
туыстарға ақпарат (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда) алу кезінде туыстық байланыстарын растайтын құжаттар не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
нотариалды түрде куәландырылған сенімхат – көрсетілетін қызметті алушының мүддесін басқа адам білдірген кезде;
2) порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған немесе ұялы байланыс операторымен берілген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу беріледі. Қызмет көрсетудің нәтижесін қағаз нысанда алу үшін бір уақытта Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайы таңдалады;
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші бас тартудың мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі (16 жасқа толмай қоныс аударған адамдар (1939 жыл мен 1955 жыл аралығында) арнайы есепке алынбаған) себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жауап жібереді.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Қажет болған жағдайда, тұрмыс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларында тұрақты ауытқумен денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы тұрғылықты мекенжайына барумен жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен жиынтықта көрсетілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалар қызметі, сондай-ақ қашықтықтан қол жеткізу режимінде 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 10 сәуірдегі
№ 88 бұйрығына
4-қосымша
  "Адамның сыбайлас жемқорлық
қылмыс жасағаны туралы
мәліметтер беру"
мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Хабарлама
Уведомление

      ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) / фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      __________________________________________________________________

      (туған күні /дата рождения)

      __________________________________________________________________

      (туған жері / место рождения)

      20___ жылғы "___"_________ жағдай бойынша сыбайлас жемқорлық баптары бойынша қылмыстық іс туралы, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбаған, мәліметтер бар.

      /

      По состоянию на "___" ________ 20__ года имеются сведения об уголовном деле по коррупционным статьям, по которому не принято окончательное процессуальное решение.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдаланылады.
ВНИМАНИЕ!!!
Сведения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан используются в соответствии с действующим законодательством.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.

      Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.

      Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "электронного правительства".



      штрих-код автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымдық бөлімшесі бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы и подписанный электронно-цифровой подписью начальника структурного подразделения Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады