"Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 мамырда № 32462 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18490 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, 141-бабының 4-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – қызметіне Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалар; өлшемі;

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық

      3) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпыға ортақ шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      4) елеулі бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарының жарнамасына тыйым салудың сақталуына қатысты Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;

      5) елеусіз бұзушылықтар – сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін орналастыру мерзімі өткен соң оны бұзуға қатысты Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;

      6) өрескел бұзушылықтар – қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін хабарландырудың болмауына және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық артықшылыққа, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуіне, порнографияға насихаттауға немесе үгiттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi таратуға қатысты әкімшілік жауаптылыққа алып келетін Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;

      7) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, оның ықтималдығы;

      8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесін қамтамасыз ету мақсатында, бұл ретте тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кейін талаптарға сәйкестігіне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексерулерді жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың басталу ықтималдығын төмендетуге бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) осындай бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) тексеруден босатуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау процесі;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және тікелей жеке бақылау субъектісіне тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктері мен осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) әртүрлі тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығы;

      11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келеді талаптар тізбесі;

      13) іріктемелі жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Бару арқылы профилактикалық бақылаудың тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      1) алдыңғы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      3) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар) пайдаланылады.

      Талаптарға сәйкестікке тексерулер жүргізу кезінде дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:

      1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері;

      2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      3) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжаттар (ұсынымдар) пайдаланылады.

      12. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде реттеуші мемлекеттік органдар Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес бағалануы тиіс субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100-ге дейінгі балл диапазонына қалыпқа келтірумен, алдыңғы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және тексерулер нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SP) және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) жинақтау арқылы автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал. = SP + SC, мұндағы:

      Rарал. – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші;

      ЅР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Өлшемшарттардың 9-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есептеу мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобын бақылаудың әрбір субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі кейіннен деректерді қалыпқа келтіру үшін іріктемелі жиынтық (іріктеме) құрайды."

      мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "14-1. Алдыңғы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және тексерулер нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 11-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 балға теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындаған кезде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұндағы:

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      ЅР1 – елеулі бұзушылықтардың қажетті саны;

      ЅР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны;

      Елеусіз бұзушылықтар көрсеткішін айқындаған кезде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      ЅРн = (ЅР2 х 100 / ЅР1) х 0,3, мұндағы:

      ЅРн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;

      ЅР1– елеусіз бұзушылықтардың қажетті саны;

      ЅР2 – анықталған елеусіз бұзушылықтар саны;

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтар көрсеткіштерін жинақтау жолымен айқындалады:

      ЅР = ЅРз + ЅРн, мұндағы:

      ЅР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      ЅРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      ЅРн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      14-2. Осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші;

      wi – xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы;

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      14-3. Субъектілер (объектілер) бойынша есептелген R көрсеткіші бойынша мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула пайдаланыла отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылаудың жекелеген субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша мүмкін болатын ең жоғары ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал. – осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші."

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
жарнама және жарнама
қызметі туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 10 мамырдағы
№ 61 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
жарнама туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

Жарнама берушіге, жарнама таратушыға, жарнама өндірушіге қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Р/с №

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарт / мән

2-шарт / мән

1

2

3

4

5

6

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру туралы хабарламаның болмауы

алдыңғы бару арқылы профилактикалық тексерулер мен бақылау нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны; профилактикалық бақылау нәтижелері, профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар, анықтама, қорытынды, ұсынымдар.

100

0

1 +

0%

100%

2

Жүргізілген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымдарды орындау бойынша ақпарат ұсынбау

алдыңғы бару арқылы профилактикалық тексерулер мен бақылау нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны; профилактикалық бақылау нәтижелері, профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар, анықтама, қорытынды, ұсынымдар.

100

0

1+

0%

100%

Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

Сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру туралы хабарламаның болмауы

алдыңғы бару арқылы профилактикалық тексерулер мен бақылау нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны; профилактикалық бақылау нәтижелері, профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар, анықтама, қорытынды, ұсынымдар.

100

0

1+

0%

100%

2

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымдарды орындау бойынша ақпарат ұсынбау

алдыңғы бару арқылы профилактикалық тексерулер мен бақылау нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны; профилактикалық бақылау нәтижелері, профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар, анықтама, қорытынды, ұсынымдар.

100

0

1 +

0%

100%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады