БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалар:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізу үшін тауардың шығу тегіне сараптама жасауға өтінішпен бірге ішкі айналымға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәлік), заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы ереже, жеке кәсіпкерлер үшін – жеке кәсіпкердің тіркеу құжаты) жылына 1 (бір) рет ұсынылады;
2) тауарды сатып алуды растайтын құжаттар (егер өтініш беруші мәлімделген тауарды өндіруші болып табылмаған жағдайда) – тауарды өндірушімен немесе тауарды сатып алуға арналған шарт, жүкқұжаттар, шот-фактуралар;
3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес рұқсат немесе хабарлама;
4) экспортқа рұқсат беру құжаттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылдың 8 шілдесінен 257 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9665 болып тіркелген) бекітілген тауардың шығарылуын растайтын құжаттар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 1-2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21) и 22) тармақшаларына сәйкес тауардың Қазақстан Республикасында толық өндірілгенін растайтын құжаттар (егер тауар Қазақстан Республикасында толық өндірілген жағдайда);
5) тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемін анықтауға арналған құжаттар:
шикізатты жеткізуге арналған шарттар және (немесе) шот-фактуралар және (немесе) тауарды өндіруде пайдаланылатын шикізаттың және (немесе) құрауыштардың құнын растауға арналған жүкқұжаттар (осы Қағидалардың 5-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда Қазақстан Республикасында толық өндірілген тауарлар үшін ұсынылмайды);
технологиялық операциялардың сипаттамасы бар құжаттама;
мәлімделген тауарды өндіруге арналған жабдықтардың тізбесі (осы Қағидалардың 5-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында толық өндірілген тауарлар үшін, егер технологиялық операцияларда көзделген жағдайда ұсынылады);
өндірістік үй-жайға құжаттар (осы Қағидалардың 5-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында толық өндірілген тауарлар үшін, егер технологиялық операцияларда көзделген жағдайда ұсынылады);
лауазымдары және (немесе) кәсіптері көрсетілген қызметкерлердің тізімі;
тауар өндірілген нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі (осы Қағидалардың 5-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында толық өндірілген тауарлар үшін ұсынылмайды);
пайдаланылатын шикізаттың немесе шетелде шығарылған компоненттің құнын ескере отырып, "франко-зауыт" бағасы шарттарында дайын өнімнің құнын есептеу (осы Қағидалардың 5-тармағының 11) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында толық өндірілген тауарлар үшін ұсынылмайды);
6) экспортқа рұқсат беру құжаттарын қоспағанда, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат (бұдан әрі – "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат) және (немесе) шикізаттың, материалдардың және (немесе) құрауыштардың шығу тегін растайтын Тізбенің 1-2-тармағының 2), 3) 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшаларда көрсетілген құжаттары қоса беріледі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған кезде шикізат, материалдар және (немесе) компоненттер шетелде шығарылған болып есептеледі.
7) қойманың мекенжайы көрсетілген қоймадағы тауардың бар-жоғы және саны туралы қойма анықтамасы немесе сериялы өндірілген тауарды шығарудың жоспарланған жылдық көлемі туралы анықтама;
8) өтініш берушінің мүдделерін білдіруге арналған сенімхат (егер өтінішті басшы бермеген болса);
9) өсімдік шаруашылығы өнімі үшін: Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органының көрсетілген аумақта мәлімделген өнімді өсіру туралы растау анықтамасы;
10) өткен тоқсандағы жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша өткен тоқсандағы жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-нысан және оған қосымша (200.01-дан 200.05-ке дейін нысандар), немесе алдыңғы жартыжылдық үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00-нысан), немесе бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00-нысан) және (немесе) еңбек шарттары (осы Қағидалардың 24-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда), жеке тұлғалардың соңғы үш айдағы қызметкерлердің табыстарынан міндетті төлемдердің бірін төлеу туралы құжаттар (осы Қағидалардың 24-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген жағдайларда).
Осы тармақшаның талаптары кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама ұсынған ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылмайды.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін тауардың тұрған жеріне шығу кезінде оның өндірісін қарау кезінде таныстыруға конструкторлық құжаттама немесе техникалық құжаттама (медициналық бұйымдар үшін) немесе рецептура немесе құрам (тамақ немесе химиялық өнімді өндіру және (немесе) дайындау үшін) ұсынылады. Осы абзацтың талабы "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-тарауына және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын немесе қорғалатын құпияға жататын құжаттамаға, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 12) тармақшаларында көрсетілген толық Қазақстанда шығарылған тауарларға қолданылмайды.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Уәкілетті ұйым тауардың шығу тегі туралы сертификатты кейіннен, яғни (ретроспективті түрде), егер тауардың шығарылуы туралы сертификат осы тауар еркін қоймадан немесе арнайы экономикалық аймақтардан Қазақстан Республикасының қалған аумағына экспортталған немесе өткізілген кезде берілмеген жағдайда және өтініш берушінің тиісті өтінішіндегі мәліметтер осы Қағидалардың 25 немесе 35-тармақтарында көзделген құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келетіндігін тексергеннен және тауардың нақты тиелгенін растағаннан кейін ғана, Тізбенің 6-тармағына сәйкес береді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 тамызда № 28994 болып тіркелді.) Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесінде көзделген ерекше жағдайларда, бір келісімшарт шеңберінде жекелеген партиялармен жөнелтілген тауарларға ретроспективті түрде "Түпнұсқа" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы бір сертификат беруге жол беріледі. Бұл ретте, "Қызметтік белгілер үшін" деген 4-бағанда "Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін берілді" деген белгі енгізіледі."
"
30-топтан | Олар үшiн пайданылатын қағидалар 3002, 3002 12 000, 3002 15 000 0, 3002 20 000, 3003, 3004, 3005 және 3006 60 позицияларынағы тауарлардан басқа фармацевтикалық өнiм бұдан әрi жазылады | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнім позициясынан ерекшеленетін позицияда жіктеледі. Алайда, өнімдікіндей позицияның материалдары олардың құны түпкілікті өнім бағасының 70%-ынан аспауы шартымен пайдаланылады. |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
30-топ | Позиция тауарларынан басқа фармацевтикалық өнімдер 3002, 3002 12 000, 15 000 0, 3002 41 000 0, 3003, 3004, 3005 және 3006 60 000, олар үшін бұдан әрі баяндаудың қолданылатын ережелері | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнім позициясынан ерекшеленетін позицияда жіктеледі. Алайда, өнімдікіндей позицияның материалдары олардың құны түпкілікті өнім бағасының 70%-ынан аспауы шартымен пайдаланылады. |
";
"
3002 150000 | Бөлшек сауда үшін мөлшерленген дәрілік нысандар түрінде немесе нысандарға немесе буып-түюге өлшеп оралған иммунологиялық өнімдер | Кез келген позициялардың материалдарынан, оның ішінде 3002 позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 3002 позицияның материалдары олардың құны түпкілікті өнім бағасының 80% - ынан аспауы шартымен, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен ғана пайдаланылады: жасуша штаммының бөлінуі және (немесе) жасуша штаммының генотиптелуі және фенотиптелуі, және (немесе) жасушалардың бастапқы банкін құру және қолдау, және (немесе) жасушалардың жұмыс банкін құру және ұстап тұру және (немесе) жартылай өнімді вирустық инактивациялау және (немесе) вирустық тазарту және (немесе) жартылай өнімді алу және (немесе) жартылай өнімді стерилдеу және (немесе) шикізат пен материалдарды ыдысқа салу, өлшеу және (немесе) кіріс бақылау, және (немесе) инъекцияға арналған тазартылған суды және (немесе) суды алу және (немесе) құтыларды сыртқы және ішкі жуу, құтыларды кептіру және стерилдеу/депирогенизациялау, және (немесе) құтыларды толтыру және (немесе) құтыларды тығындау, жартылай өнімі бар құтыларды стерилдеу, өндірістік процестердің валидациясы, талдамалық әдістемелердің валидациясы, жабдықтың біліктілігі, инженерлік жүйелердің біліктілігі, ішкі өндірістік бақылау, тұрақтылықты сынау, және (немесе) флакондарды бақылау) және (немесе) жинақтау, дайын препараты бар құтылардың герметикалығын тексеру, және (немесе) дайын өнімнің сапасын бақылау, және (немесе) бастапқы және (немесе) қайталама ораманы таңбалау, және (немесе) құтыларды пішінді ұяшықты қаптамаға буып-түю, бумаларға буып-түю, картоннан жасалған қорапқа топтап буып-түю және (немесе) сатуға серия шығару. |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3002 150000 | Дозаланған дәрілік нысандар түрінде немесе бөлшек саудада сатуға арналған нысандарға немесе қаптамаларға оралған иммунологиялық өнімдер |
Келесі шарттардың бірін орындау: |
";
"
3002 | Терапевтік, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарда пайдалану үшiн дайындалған адам қаны; жануарлар қаны; иммундық сарысуы және қанның басқаөлшемдері түрлендірілген иммунологиялық өнiмдер, оның iшiнде биотехнология әдістерімен алынған өнімдер; вакциналар, токсиндер, микроағзалардың себінділері (ашытқылардан басқа) және ұқсас өнiмдер | Кез келген позициялардың материалдардан, оның iшiнде 3002 позициясындағы басқа да материалдарынан дайындау. Алайда, 3002 позициясындағы материалдар олардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауы шартымен ғана пайдаланылады |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3002 12 00 0 | Иммундық сарысулар және өзге де қан фракциялары |
Келесі шарттардың бірін орындау: |
";
"
3002 41 000 0 | Адамдарға арналған вакциналар |
Кез келген позициялардың материалдарынан, оның ішінде 3002 позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 3002 позицияның материалдары олардың құны түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан аспауы шартымен, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен ғана пайдаланылады: |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3002 41 0000 | Адамдарға арналған вакциналар |
Келесі шарттардың бірін орындау: |
";
"
3004 | Терапевтік немесе профилактикалық мақсаттарында пайдалануға арналған, араласқан немесе араласпаған өнiмдерден тұратын, дозаланған дәрiлiк нысандар түрiнде өлшенiп оралған (трансдермальдық жүйелер нысанындағы дәрiлiк заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудамен сатуға арналған дәрiлiк заттар (3002, 3005 немесе 3006 тауар позициясындағы тауарлардан басқа) |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнім позициясынан ерекшеленетін позицияда жіктеледі. Алайда, өнім де сол позициядағы материалдар да олардың құны түпкілікті өнім бағасының 70%-ынан аспауы кезінде, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау кезінде пайдаланылады: |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3004 | Терапевтік немесе профилактикалық мақсаттарында пайдалануға арналған, араласқан немесе араласпаған өнiмдерден тұратын, дозаланған дәрiлiк нысандар түрiнде өлшенiп оралған (трансдермальдық жүйелер нысанындағы дәрiлiк заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудамен сатуға арналған дәрiлiк заттар (3002, 3005 немесе 3006 тауар позициясындағы тауарлардан басқа) |
Келесі шарттардың бірін орындау: |
";
"
7304 –тен | Шегендеу, сорғы-компрессорлық және бұрғылау құбырларын қоспағанда, коррозияға қарсы жабыны бар жіксіз құбырлар |
Технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау: |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7304 –тен | Шегендеу, сорғы-компрессорлық және бұрғылау құбырларын қоспағанда, коррозияға қарсы жабыны бар жіксіз құбырлар |
Бір немесе бірнеше технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау: |
";
9-қосымшада:
5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) 5-баған – "Шығарған ел".
Бұл бағанда тауар толық өндірілген немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен ел көрсетіледі;".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі