"Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 397 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 тамызда № 33279 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-3 бабының 13) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 89) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген қашықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жөнінде онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 7 тамыздағы
№ 397 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 137 бұйрығымен
бекітілген

Білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптар

1-тарау. Білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптар

      1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну үшін мынадай талаптар белгіленеді:

      1) қашықтан оқытуды үздіксіз ұйымдастыру үшін ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымның болуы: тұрақты желілік қосылыс, серверлік жабдық, деректерді сақтау жүйесі және киберқауіпсіздік жүйелері, Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары, білім алушылар жеке басын идентификациялау үшін аутентификация жүйелері, онлайн прокторингі және көшірулерді анықтау жүйесінің жұмыс жасауы;

      2) веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, кредиттік оқыту технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, оның ішінде оқытуды басқару платформасының жұмыс істеуі;

      3) ISO/IEC 27001, ISO/IEC 27002 халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген Білім беру ұйымының қауіпсіздік саясаты негізінде жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін және деректерді қорғауды қамтамасыз ету;

      4) оқу үрдісін цифрлық білім беру ресурстарымен, онлайн-курстардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету (курстың құрылымдалған дизайны, оқытудың қалыптастырылатын нәтижелерінің картасы, бағалау жүйесінің ерекшелігі, бағалау көрсеткіштері мен өлшемшарттарының сипаттамасы);

      5) білім алушылардың оқу, анықтамалық және әдістемелік материалдарды орналастыра отырып, білім беру порталы мен ақпараттық жүйелерге, сондай-ақ тестілеу жүйесі мен ашық электрондық ресурстарға, көздерге қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      6) білім беру қызметтерін ұсыну бойынша цифрлық сервистердің болуын қамтамасыз ету: оқу сабақтары мен білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылаудың барлық түрлерінің электрондық кестесі, электрондық кітапхана, электрондық құжат айналымы, жатақханадан орын алуға онлайн-тіркелу;

      7) ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қашықтан оқыту жағдайларын қамтамасыз ету;

      8) сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесіне сәйкес білім беру қызметтерінің сапасын бақылау жүйесінің болуы.

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 7 тамыздағы
№ 397 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 137 бұйрығымен
бекітілген

Қашықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жөнінде онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 13) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 89) тармақшасына сәйкес әзірленді және қашықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жөнінде онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастырудың осы қағидаларында және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) асинхронды оқыту форматы – белгілі бір орын мен уақытқа байланысты емес білім беру процесіне қатысушылардың, оның ішінде ақпараттық жүйелердің және басқа байланыс құралдарының көмегімен өзара іс-қимылын болжайтын қашықтан оқыту немесе онлайн оқыту;

      2) қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтағы өзара әрекеттесуі кезінде, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

      3) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

      5) жаппай ашық онлайн-курс (бұдан әрі – ЖАОК) – электронды оқыту технологиялары қолданылатын, жаппай интерактивті қатысуға және Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын оқыту курсы;

      6) білім беру порталы – ақпараттық-телекоммуникациялық желінің көмегімен білім беру процесіне қатысушылардың білім беру сипатындағы ақпараттық ресурстар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуіне арналған ақпараттық жүйе;

      7) онлайн-курс – нақты уақыт режимінде, оның ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) алдын ала жазылған дәрістерді пайдалана отырып, Интернет арқылы білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді алуға мүмкіндік беретін, ЖЖОКБҰ бекітетін оқу бағдарламасы;

      8) онлайн-оқыту – білім алушы кеңістік және уақыт арақашықтығына қарамастан, педагог пен білім алушы арасында өзара іс-қимыл жасау арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Интернет арқылы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алатын кадрлар даярлаудың нақты бағыттары бойынша оқыту нысаны;

      9) онлайн прокторинг – жеке тұлғаны верификациялау және онлайн-емтихандардан өту нәтижелерін растау жүйесі, ол жазбаның сақталуын, жеке адамды тану мен сәйкестендіруді, шу деңгейін анықтай отырып, бас пен дененің қозғалысын талдауды, мультифейсті тануды, бөлмені 360 градус режимінде жазуға сұрау салуды, күдікті оқиғаларды логациялауды қамтамасыз етеді;

      10) синхронды оқыту форматы-білім алушылар ақпарат алатын, онымен өз бетінше немесе топтарда жұмыс істей алатын, оны басқалармен талқылай алатын ақпараттық жүйелердің (бұдан әрі – АЖ) және басқа да байланыс құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім беру процесіне қатысушылардың нақты уақытта тікелей байланысын (стриминг) көздейтін қашықтан оқыту немесе онлайн-оқыту қатысушылар мен оқытушылар кез келген жерден барлығы үшін бірыңғай уақыт кезеңінде;

      11) оқытуды басқару жүйесі (LMS) (Элэмэс)-білім беру процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы үшін қашықтан оқытуды және онлайн-оқытуды қамтамасыз ететін оқу материалдары мен құралдары кешенін қамтитын оқу курстарын әкімшілендіруге арналған платформа;

      12) білім алушының цифрлық ізі-бұл LMS (Элэмэс) (оқытуды басқару жүйесі) және (немесе) өзге де платформаларда немесе ақпараттық жүйеде тіркелген Білім беру қызметінің нәтижелері туралы верификацияланған деректер жиынтығы;

      13) цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі – СБР) – интерактивтік нысанда оқытуды қамтамасыз ететін, оқытылатын пәндер және (немесе) модульдер бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалдық болмыс және интерактивтік модельдеу объектілері, дыбыс жазбалары және өзге де цифрлық оқу материалдары.

2-тарау. Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

      3. ЖЖОКБҰ қашықтан оқытуды:

      1) денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушыларға;

      2) қатысу кезеңіне арналған халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстар мен фестивальдарға қатысушыларға;

      3) ЖЖОКБҰ білім алушыларға кадрларды даярлау бағыттары белгілі тізбесі бойынша осы Қағидаларда белгіленгеннен аспайтын көлемде ұсынады.

      4. Қашықтан оқыту білім беру процесіне қатысушылардың орналасқан жеріне қарамастан қашықта, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылады.

      5. Халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстарға, фестивальдарға қатысушыларды қашықтан оқыту білім алушының ЖЖОКБҰ басшысының атына жазылған өтініші бойынша қатысу мерзімдерін көрсетумен еркін нысанда жүзеге асырылады.

      6. Халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстарға, фестивальдерге қатысатын ЖЖОКБҰ білім алушыларына арналған оқу сабақтары асинхронды және/немесе ілеспе оқыту форматы арқылы ұйымдастырылады.

      Қашықтан оқытуды қолдана отырып қорытынды аттестаттауды тапсыру прокторинг жүйесін қамтамасыз ететін ЖЖОКБҰ үшін көзделеді.

      7. Денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушыны қашықтан оқыту "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Қашықтан оқыту кезеңі мен мерзімі дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының медициналық көрсеткіштері негізінде айқындалады.

      8. Денсаулық мүмкіндіктерінің уақытша шектеулері бар және ЖЖОКБҰ тұрақты түрде баруға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға арналған оқу сабақтары оқытудың асинхронды және/немесе синхронды оқыту форматы және оқу материалдарын өз бетінше игеру арқылы білім беру ұйымның шешімі бойынша ұйымдастырылады.

      9. Оқыту нысандарына қарамастан қашықтан оқытуға жол берілетін пәндер және (немесе) модульдер бойынша тізбесін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды және басшының бұйрығымен бекітіледі.

      10. Білім беру бағдарламасын меңгеру процесінде білім алушының пәнді және (немесе) модульді сақтауын, оқу процесіне қатысу деңгейін, сабаққа қатысуын мониторингтеу оның цифрлық ізін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

      11. ЖЖОКБҰ-да педагогикалық ғылымдар, құқық, хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника мен технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы мен технологиялары, денсаулық сақтау, әскери іс, ветеринария саласындағы кадрларды даярлау үшін оқытудың барлық кезеңінде пәндердің жалпы санынан жиырма пайыздан аспайтын көлемінде қашықтан оқытуға ауыстыру көзделеді.

      "Педагогикалық ғылымдар" бағытының бейіндік магистратура білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау үшін оқытудың барлық кезеңінде пәндердің жалпы санынан қырық пайыздан аспайтын көлемінде қашықтан оқытуға ауыстыру көзделеді.

      ЖЖОКБҰ-да кадрларды даярлаудың басқа бағыттары бойынша кадрларды даярлау үшін оқытудың барлық кезеңінде пәндердің жалпы санынан елу пайыздан аспайтын көлемінде қашықтан оқытуға ауыстыру көзделеді.

      Қашықтан оқытуды қолдана отырып пәндерді оқу кезінде ЖАОК қолдану арқылы игеру көзделген пәндерді қоспағанда, оқу сабақтары оқытудың синхронды форматы арқылы жүргізіледі.

      12. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда қашықтан оқытуға толық ауысқан кезде ЖЖОКБҰ білім алушылардың ақпараттық жүйесіне (білім беру порталына) және электрондық сабақ кестесіне, электрондық журналға, электрондық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      13. ЖЖОКБҰ осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) (бұдан әрі – Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары) айқындалған тәртіппен жеке оқу жоспарын және білім беру бағдарламасын меңгерудің жеке кестесін қамтамасыз етеді.

      14. ЖЖОКБҰ консультациялық қолдау көрсетуді және білім беру бағдарламасын меңгеру процесінде білім алушының пәнді сақтауына, сабаққа қатысуына, логирленуіне, материалдарды зерделеу барысына және тапсырмалардың уақтылы орындалуына қатаң мониторинг жүргізуді, оның цифрлық ізі арқылы бағалауға бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

      15. ЖЖОКБҰ қашықтан оқытудың онлайн-курстарының құрылымы мен мазмұнын дербес анықтайды.

      16. Қашықтан оқыту кезінде қолданыстағы білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндері мен оқу жұмысының түрлерінің еңбек сыйымдылығы сақталады.

      17. Шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында қашықтан оқытуға көшу кезінде онлайн форматта жүзеге асырылуы мүмкін емес кәсіптік практика, зерттеу және эксперименттік жұмыс, зертханалық және студиялық сабақтар келесі академиялық кезеңдерге ауыстырылады.

      18. Білім беру саласындағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуды қолдана отырып оқытуды ұйымдастыру және оған рұқсат беру тәртібін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

      Білім алушыларды академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша дайындау үшін оқудың барлық кезеңіне академиялық кредиттердің жалпы көлемінде жиырма пайызынан аспайтын қашықтан оқыту форматына көшіруге рұқсат етіледі.

      Білім алушыларды қос дипломдық бағдарламалар және білім алушыларды алмасу бағдарламалары бойынша дайындау үшін оқудың барлық кезеңіне академиялық кредиттердің жалпы көлеміненің елу пайызынан аспайтын қашықтан оқыту форматына көшіруге рұқсат етіледі.

      19. Халықтың ауруларының алдын алу мен емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде білім алушыларға академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша және екі дипломды және (немесе) бірлескен бағдарламаларды іске асыру кезінде академиялық кредиттердің көбірек көлемін қашықтан оқытуды қолдана отырып зерделеуге жол беріледі.

      20. Білім алушылар бейресми білім беру арқылы ЖЖОКБҰ-мен келісім бойынша білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерін, оның ішінде ЖАОК-ны меңгереді, олардың оқыту нәтижелері ЖЖОКБҰ-мен белгіленген тәртіппен дербес танылады, барлық оқу кезеңінде академиялық кредиттердің жалпы көлемінің жиырма пайызынан аспайды.

3-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидалары

      21. Білім алушыларды онлайн-оқытуға қабылдауды ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына және Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) (бұдан әрі - қабылдаудың үлгілік қағидалары) бекітілсін.

      22. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығымен бекітілген Экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі бойынша онлайн оқыту нысанында оқуға жол берілмейді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17513 болып тіркелген).

      23. ЖЖОКБҰ онлайн-оқытуды жүзеге асырады және Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес білім алушыларды жеке оқу жоспарымен қамтамасыз етеді, және білім беру бағдарламасын меңгерудің жеке кестесін бекітеді.

      24. Онлайн оқытуды ұйымдастыру ЖЖОКБҰ-да бекітілген академиялық саясатқа, академиялық адалдық саясатына, студенттің ар-намыс кодексіне, этика, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидаларына, ішкі сапа стандарттарына және өзге де ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес көздейді.

      25. Онлайн-оқыту кадрларды даярлаудың тиісті бағыты үшін білім беру бағдарламаларының негізіне енгізілген білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламасын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес ЖЖОКБҰ-да дербес әзірленеді және оның негізінде оқу жоспарлары (жұмыс оқу жоспарлары, білім алушылардың жеке оқу жоспарлары) және пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) әзірленетін оқу нәтижелерін көрсетеді.

      26. Онлайн оқытудың жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) оқытудың асинхронды және синхронды форматының арақатынасын көрсетеді, бұл ретте синхронды сабақтардың арақатынасы ЖАОК қолдану арқылы игеру көзделген пәндерді қоспағанда, әрбір пәннің жалпы көлемінің кемінде 20% - ын құрайды.

      27. ЖЖОКБҰ білім алушыны техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және дербес деректерді өңдеуге келісімді және онлайн-платформаның пайдаланушылық келісімінің шарттарын қабылдауды көздейтін білім алушымен шарт жасасады ЖЖОКБҰ саясатына сәйкес ресімделеді.

      28. Онлайн-оқыту ЖЖОКБҰ білім беру порталы арқылы жүзеге асырылады, оған келесілер кіреді:

      1) оқытуды басқару жүйесін, оның ішінде курс элементтерінің кіріктірілген құрылымын: оқыту нәтижелерін және оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді тексеруге бағытталған бақылау тапсырмаларын, лекцияларды, практикалық, зертханалық тапсырмаларды, курсты бағалау саясатын, аудио, бейне-контентті, электрондық құжаттарды, суреттерді, медиасервистерге гиперсілтемелерді, электрондық кітапхананы міндетті түрде көрсете отырып, силлабустарды; Қоршағанортаминінің платформасы, білім беру процесіне қатысушылармен кері байланыс, топтық сабақтарды ұйымдастыру, оқытушы-білім алушының өзара іс-қимылы үшін қолжетімді корпоративтік арналар, білім алушы-білім алушы, оқытушы-оқытушы, әкімшілік-білім алушы;

      2) білім алушылар туралы деректерді басқару жүйесі: жеке есеп жазбасына қол жеткізу, білім алушылардың үлгерімін, оқу процесін ашықтығын, қатысуын қамтитын оқу процесін басқару, онлайн курстарға немесе бейнеконференцбайланыс жүйесіндегі сабаққа сілтемелері бар асинхрондық және/немесе синхронды оқыту форматын ескере отырып, оқу сабақтарының электрондық кестесі, оқу пәндеріне онлайн-тіркеу;

      3) зерттеулерді басқару жүйесі: зерттеу жобаларының, жарияланымдардың, ғылыми әзірлемелердің, ғалымдардың базасы және зерттеу нәтижелері.

      29. ЖЖОКБҰ онлайн - оқыту деректерін ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне өзектілендірілген беруді қамтамасыз етеді.

      30. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлерде білім алушылардың персоналды деректерін орналастыруды қамтамасыз етеді, оларды отандық провайдерлер және/немесе ЖЖОКБҰ IT - мамандары әкімшілендіреді, қызмет көрсетеді және қолдайды.

      31. ЖЖОКБҰ қамтамасыз етеді:

      1) білім алушыларды ЖЖОКБҰ-ның ғылыми-зерттеу қызметіне және әлеуметтік-мәдени өміріне тарту;

      2) академиялық кезең басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын ЖЖОКБҰ-ның білім беру порталында және ЖЖОКБҰ-ның дайындық актісімен жұмыс оқу жоспарларына сәйкес цифрлық контентті орналастыру;

      3) келесі талаптарға жауап беретін сандық контенттің сапасы: толықтығы, әртүрлілігі, педагогикалық дизайнның болуы, мультимедиа. ЖЖОКБҰ Онлайн-курсы онлайн-курсты әзірлеу, орналастыру және/немесе пайдалану жөніндегі бекітілген ішкі нормативтік құжатқа сәйкес әзірленеді немесе пайдаланылады;

      4) ЖЖОКБҰ-ның ресми платформасында ЖАОК және (немесе)халықаралық білім беру платформаларында жазылуды (Coursera (Курсэра), EdX (Эдикс), FutureLearn (Фьючелен), Udacity (Юдасити) қолдана отырып, білім беру бағдарламасы кредиттерінің жалпы көлемінің кемінде 10% - ын игеру;

      5) онлайн оқытуды ұйымдастыру бойынша басқа ЖЖОКБҰ-мен өзара іс-қимыл.

      32. Онлайн-оқыту нысанында оқытуға жалпы көлемі кемінде 72 сағат болатын соңғы 3 жылда IT-құзыреті, онлайн-оқыту әдістемесі мен технологиясы саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен профессор-оқытушылар құрамы жіберіледі.

      33. Кәсіптік практиканы, зерттеу және эксперименттік жұмыстарды, ғылыми тағылымдамаларды практика базаларында, ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардағы немесе қызмет аясындағы ұйымдарда күндізгі оқыту нысанда жүргізіледі. Бұл ретте, білім беру бағдарламасының ерекшелігіне байланысты онлайн нысанда өткізуге жол беріледі.

      34. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімінің мониторингі білім алушылар контингенті, курстар, контент бірліктері, нақты курстарға не оның контентіне жүгіну статистикасы, платформаға кіру логтары, курстардағы белсенділік серпіні, бағаларды бөлу, қатысу статистикасы бойынша талдамалық есептерді қалыптастыру жолымен ЖЖОКБҰ жүзеге асырылады.

      35. Білім беру процесінің тиімділігін бақылау және талдау білім алушы мен оқытушының сандық ізін бақылау арқылы ЖЖОКБҰ жүзеге асырылады.

      36. Онлайн оқыту кезінде Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, жазбаша жұмыстардың барлық түрлерін қарыз алу тұрғысынан міндетті түрде тексеру жүзеге асырылады.

      37. Аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу нысанын ЖЖОКБҰ дербес айқындайды. Аралық және қорытынды аттестаттауды онлайн нысанында өткізу кезінде онлайн прокторинг қолданылады.

      38. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ қызметінің үлгілік қағидалары) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізеді.

      39. ЖЖОКБҰ білім беру порталы арқылы әкімшілік-басқару, оқытушылық, оқу-көмекші және қызмет көрсету персоналының білім алушылармен, топ кураторларымен/эдвайзерлерімен, ағындармен кездесулер, кураторлық сағаттарды өткізу, білім беру процесі мәселелері бойынша студенттік клубтар отырыстарын өткізу регламентін әзірлейді және жариялайды.

      40. ЖЖОКБҰ білім алушылар арасында онлайн-оқытуға тартылған білім беру порталы, білім беру бағдарламалары және (немесе) пәндер/модульдер, цифрлық контент және профессор-оқытушылар құрамы сапасының сәйкестігі тұрғысынан сауалнама және (немесе) сауалнама жүргізеді.

      41. Онлайн-оқыту және күндізгі оқыту нысандары бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ЖЖОКБҰ қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Білім алушыларды оқытудың бір нысанынан екіншісіне ауыстыру каникул кезеңінде және ақылы негізде жүзеге асырылады.

      42. Онлайн-оқуға түсетін тұлғаларды және білім алушыларды қабылдау сәтінен бастап ЖЖОКБҰ-ны бітіргенге дейін консультациялық сүйемелдеу үшін мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) өз функционалы шеңберінде онлайн оқытуда қажетті құзыреттері бар әкімшілік-басқарушылық, оқытушылық, оқу-көмекші және қызмет көрсету персоналының болуы;

      2) қолжетімді корпоративтік байланыс арналарының болуы;

      3) ЖЖОКБҰ-ның ресми сайтында жарияланған онлайн оқытуды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық материалдармен;

      4) ЖЖОКБҰ цифрлық ресурстарының, сондай-ақ оқыту процесінің тұсаукесерімен білім алушылар үшін бейімдеу апталарын ұйымдастыру.

      43. Онлайн-оқуға түсетін тұлғаларды және білім алушыларды қабылдау сәтінен бастап ЖЖОКБҰ-ны бітіргенге дейін техникалық сүйемелдеу үшін мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) цифрлық инфрақұрылым мен цифрлық платформалардың, онлайн оқытуға тартылған мобильді қосымшалардың қолжетімділігі және үздіксіз жұмыс істеуі;

      2) бөлінген үй-жайы бар лицензиялық бағдарламалық қамтылымы бар онлайн-курстардың, электрондық ресурстардың студиялық өндірісін қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешеннің жұмыс істеуі болып табылады;

      3) онлайн оқытуға тартылған цифрлық инфрақұрылым мен цифрлық платформалардың ақпараттық қауіпсіздігі.

      44. Онлайн-оқуға түсетін тұлғаларды және білім алушыларды қабылдау сәтінен бастап ЖЖОКБҰ-ны бітіргенге дейін әдістемелік сүйемелдеу үшін қамтамасыз етеді:

      1) заманауи цифрлық білім беру технологияларын қолдану, оның ішінде аралас оқыту, микро және бейімделген оқыту, виртуалды/толықтырылған шынайылық, геймификация, "маңызды ойындар", Big Data (Биг Дата).

      2) онлайн оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеу;

      3) онлайн оқыту пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалдарды ЖЖОКБҰ-ның цифрлық платформаларында әзірлеу және орналастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады