"Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 462 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 қыркүйекте № 33397 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33056 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын бірлескен білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ1 – Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қазақстандық үлгідегі дипломды алатын бірлескен білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      V жқ1 = Nzb1 * Контzb1,

      мұндағы:

      Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Контzb1 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;

      Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nzb1 = Т+Xz+ A+ S,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП-ның және ПОҚ-ның жылына бір білім алушыға шаққандағы жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Xz – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша жылына бір білім алушыға есептегенде жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде білім алушылардың оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға, зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары – 19 АЕК;

      АЕК – жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін айлық есептік көрсеткіш. Айлық есептік көрсеткішке баламалы көрсеткіштердің мәндерін айқындау үшін негіз ретінде 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері алынады;

      А – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары үшін оқу құралдары мен жабдықтардың амортизация нормасы 64 АЕК-ті құрайды;

      Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП және ПОҚ еңбегіне ақы төлеудің жылдық қоры жылына бір білім алушыға төменде келтірілген персонал құрамы негізге алына отырып есептеледі.

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Персонал

Саны (штат бірлігі)

1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері теңгемен

АЕК-те 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері

ПОҚ

Профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ):

100



ПОҚkz

Отандық ПОҚ

70

860 000

280,77 АЕК

ПОҚin

Шетелдік ПОҚ

30

3 956000

1 291,544 АЕК

ӘБП

Әкімшілік-басқару персоналы:

54,5



ӘБПkz

Отандық менеджмент

1

1 075 000

350,963 АЕК

ӘБПin

Шетелдік менеджмент, Халықаралық менеджмент

1,5 1

4 515 000 3 870 000

1 474,045 АЕК 1 263,467 АЕК

ӘБПin

Шетелдік орта менеджмент

5

860 000

280,77 АЕК

ӘБПkz

ӘБП кіші құрамы

46

430 000

140,385 АЕК


Барлығы

154,5



      Т – білім беру процесіне жылына бір білім алушыға тартылған ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      T = Tkz+ Tin,

      Тkz = Тәбпkz+ Тпоқkz,

      Тin = Тәбп in + Тпоқ in,

      мұндағы:

      Тkz – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған отандық ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тin – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған шетелдік ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тәбп – ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:

      Тәбпkz (in) = Wәбпkz (in) *12*snokz (in) * mvәбпkz (in) *mp,

      Тпоқ – ПОҚ-тың жылдық еңбекақы қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:

      Тпоқkz (in) = Wпоқkz (in) * 12*snokz(in)*mvпоқkz (in) * mp,

      мұндағы:

      W – айына отандық және шетелдік ПОҚ және ӘБП еңбекақы төлеу қоры:

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы шарт негізінде отандық және шетелдік ӘБП және ПОҚ үшін белгіленді.

      Жалақыны есептеу 2021 жылғы 15 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 430 теңге баламасында ұлттық валютада жүргізілді;

      12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:

      отандық қызметкерлер үшін snokz – 1,0836;

      2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;

      шетелдік қызметкерлер үшін snoin – 1,095;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың коэффициенті:

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,08;

      mvпоқ – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициентін құрайды:

      бір шетелдік оқытушыға mvпоқin – 0,02;

      бір отандық оқытушыға mvпоқkz – 0,047;

      mvәбп – ӘБП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бір шетелдік мидл менеджментке mvәбпin1 – 0,0033;

      бір шетелдік топ-менеджментке mvәбпin2– 0,001;

      бір шетелдік халықаралық менеджментке mvәбпin3 – 0,00067;

      бір отандық менеджментке mvәбпkz1 – 0,00067;

      бір ӘБП кіші құрамға mvәбпkz2 – 0,031;

      S – халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу коэффициенті – 102,024 АЕК.

      2) Vжқ2 – Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      V жқ2 = Vжқ1 + L1,

      мұндағы:

      L1 – Солтүстік Америка елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 752,693 АЕК есебінен шығыстар;

      3) Vжқ3 – Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Vжқ3 = Vжқ1 + L2 – S,

      мұндағы:

      L2 – Еуропа елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 698,845 АЕК есебінен шығыстар.

      Шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына төлем барлық оқу кезеңі үшін (4 жыл) тең үлестермен шарт негізінде жүзеге асырылады.

      L1 және L2 есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2022 жылғы 27 желтоқсанға белгіленген бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 461,1 теңге эквивалентінде ұлттық валютада жүргізілді.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар негізінде құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде әрекет ететін және таратылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді (бакалавриат және магистратура) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Vжқ = ∑ (Nb * Контb) + ∑ (Nm * Контm),

      мұндағы:

      Nb – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Nm – магистратурада жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Контb – бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контm – магистратурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контb, Контm мына формула бойынша есептеледі:

      Контb, m = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бірнеше бағыты іске асырылатын жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары және білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nb/m – бакалавриатта / магистратурада жылына бір білім алушыға қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі Қазақстан Республикасында (бұдан әрі – ҚР) және Ресей Федерациясында (бұдан әрі – РФ) оқуға тиесілі шығыстар нормативінің сомасынан тұрады, мына формула бойынша есептеледі:

      Nb/m = Nb/m kz+ Nb/m rus,

      мұндағы:

      Nb/m kz – ҚР-да бакалавриатта / магистратурада жылына бір білім алушыға арналған шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nb/m kz = F + K + Р + S + U + А;

      Nb/m rus – РФ-да бакалавриатта / магистратурада жылына бір білім алушыға арналған шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nb/m rus = O + Kс + М;

      3) F – жылына бір білім алушыға есептегенде, білім беру процесі персоналының (ӘБП және ПОҚ), білім беру ортасы персоналының (оқу-қосалқы персонал (бұдан әрі – ОҚП) және қызмет көрсетуші персоналдың (бұдан әрі – ҚКП) еңбегіне ақы төлеудің жылдық қорын қамтитын персоналдың жалпы жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      F = Т + Q,

      Т – ӘБП мен ПОҚ-ның бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      T = Tнег + Tөтем,

      мұндағы:

      Тнег – ӘБП мен ПОҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Тнег = W *12 * sno * mp * mv1;

      Төтем – қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Төтем = (ЛА + БЛА * f) * sno * mp * mv1,

      мұндағы:

      W – ӘБП мен ПОҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті– 1,0836;

      2025 жылдан бастап – 1,0968;

      mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 жылдан бастап – 1,08;

      mv1 – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бакалавриатта – 0,167;

      магистратурада – 0,2;

      W – ӘБП мен ПОҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W = (ЛА + БЛА * f) + БЛА * u,

      мұндағы:

      ЛА – базалық лауазымдық айлықақыны (БЛА) 10,2336 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын ПОҚ-ның лауазымдық айлықақысы;

      f – ӘБП жалақысының ПОҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті– 6,25;

      u – ғылыми дәреже үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,71;

      Q – жылына бір білім алушыға ОҚП және ҚП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Q = Qоқп + Qқп,

      мұндағы:

      Qоқп – ОҚП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qоқп = Qнег.оқп + Qөтем.оқп,

      мұндағы:

      Qнег.оқп – ОПҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qнег.оқп = Gоқп * 12 * sno * mp * mv2,

      мұндағы:

      Gоқп – ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Gоқп = БЛА * q,

      мұндағы:

      q – ОҚП жалақысының ПОҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 4,38;

      mv2 – ОҚП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті– 0,037;

      Qөтем.оқп – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Qөтем.оқп = БЛА * q * sno * mp * mv2;

      Qқкп – ҚКП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qқкп = Qнег.қкп + Qөтем.қкп,

      мұндағы:

      Qнег.қп – ҚКП-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qнег.қкп = Gқкп * 12 * sno * mp * mv3,

      мұндағы:

      Gқкп – ҚКП-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Gқкп = БЛА * h,

      мұндағы:

      h – ҚКП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 2,98;

      mv3 – ҚКП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті – 0,063;

      Qөтем.қкп – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Qөтем.қкп = БЛА * h * sno * mp * mv3;

      4) K – білім беру процесін ұйымдастыру және жүргізу мақсатында ПОҚ және ӘБП-ны іссапарға жіберуге байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатынаббревиатура,

Шығыстың түрі

Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы,
АЕК*

К

Оқу процесі шеңберінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының (бұдан әрі – ММУ ҚФ) ПОҚ іссапарларына арналған шығыстар

36,57

30,71

ММУ ҚФ ӘБП мен ПОҚ іссапарларына арналған шығыстар, оның ішінде:

10,62

11,76

әкімшілік іссапарлар

7,73

10,4

кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу, көрмеге қатысу

1,06

1,36

ПОҚ оқу және өндірістік практикалары

1,83


ММУ ҚФ қабылдау және емтихан комиссияларының іссапарларына арналған шығыстар

7,55

15,82


Барлығы:

54,74

58,29

      Ескертпе: * К мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      5) Р – ҚР аумағында білім алушылардың оқу практикасынан өтуіне байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Р

Студенттердің оқу және өндірістік практикасына арналған шығыстар, оның ішінде:

8,17

Филология

1,62

Экология бірінші курс

4,62

Экология екінші курс

1,93

      Ескертпе: *Р мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      6) S – білім алушылар үшін оқу корпустары мен жатақханаларды ағымдағы күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта / магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

S

Білім алушылар үшін оқу корпустары мен жатақханаларды ағымдағы күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар нормасы

83

      Ескерту: * S мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      7) U – оқу-әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми әдебиеттерді сатып алуға байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта / магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

U

Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттерді сатып алуға арналған шығыстар нормасы

5

      Ескерту: * U мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      8) А – жылына бір білім алушыға негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алуға байланысты шығыстар нормасы мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта / магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

А

Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алуға байланысты шығыстар нормасы

10

      Ескерту: * А мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      9) O – ММУ ҚФ-да білім алушыларды іссапарға жіберуге және оқытуға байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

О

ММУ ҚФ-да оқуға байланысты шығыстар нормасы

284,74

260

      Ескерту: * О мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      10) M – ММУ ҚФ-да білім алушыларды медициналық сақтандырумен байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

М

Медициналық сақтандырумен байланысты шығыстар нормасы

4,84

7,43

      Ескерту: * М мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      11) Кс – ММУ ҚФ-да оқу үшін білім алушыларды іссапарға жіберуге байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Кс

Білім алушылар үшін іссапар шығыстарының нормасы, оның ішінде:

89,18

103,63

көлікпен жол жүру шығындары

20,87

35,63

жатақханада тұру

68,31

68

      Ескерту: * Кс мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      12) кредиттік оқыту технологиясын (Vk) ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мына формула бойынша анықталады:

      Vk = ∑ (Kr * Ncred * Конт),

      мұндағы:

      Kr – бір білім алушыға жоспарланатын жылдық кредиттер саны;

      Ncred – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағыттан артық бағыты іске асырылған жағдайда оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен анықталады;

      13) Ncred – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мынад формула бойынша есептеледі:

      Ncred = Nb/m /60,

      мұндағы:

      60 – "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес айқындалған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады