Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы № 172 "Қарағанды қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 94 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 6490-09 болып тіркелді

      Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы № 172 "Қарағанды қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4297 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:

      1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Осы Қарағанды қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.";

      7 тармақтың 2 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, қаланың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа бірінші басшы қол қояды.";

      9 -тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін, құрамына Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары кірген наградтау жөніндегі Қарағанды қаласының әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.";

      10-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді Қарағанды қаласының әкімі мен Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.";

      11-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын Қарағанды қаласының әкімі және (немесе) Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.";

      13 тармақтың 5 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Төменгі бөлігінде Қарағанды қаласы әкімінің және Қарағанды қалалық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Букенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады