Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 Қаулысына сәйкес әзірленген және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | А. Букенов |
Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 Шешіміне 1- қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 (бұдан әрі – Үлгілік Қағида) Қаулысына сәйкес әзірленіп және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы – "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 28.08.2024 № 177 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыс әкімдігі бекітетін ережелер негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізімі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;
2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;
3) Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;
4) Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;
5) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – 9 мамыр;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;
7) Астана күні - 6 шілде;
8) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз;
9) Білім күні-1 қыркүйек;
10) Қарттар күні - 1 қазан;
11) Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күні – қазан айының екінші жексенбісі;
12) Республика күні-25 қазан;
13) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.
7. Атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесідей санаттарына көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер – 200 000 теңге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi – 200 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi – 200 000 теңге;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлері – 200 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер – 200 000 теңге;
1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер – 200 000 теңге;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары – 200 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi – 200 000 теңге;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, сонымен қатар, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасы –20 000теңге;
3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамына:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi – 15 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер – 15 000 теңге;
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері – 200 000 теңге;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдары – 200 000 теңге;
туберкулез ауруы бар тұлғалар 5 айлық есептік көрсеткіш;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
4) 7 мамыр - Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күніне:
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 200 000 теңге;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 200 000 теңге;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 200 000 теңге;
1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 200 000 теңге;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары – 200 000 теңге;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдар – 200 000 теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары – 200 000 теңге;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар – 200 000 теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары – 200 000 теңге;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары – 200 000 теңге;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
5) 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi – 2 000 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілері – 2 000 000 теңге;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 200 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары – 200 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар – 200 000 теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар – 200 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi – 200 000 теңге;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар – 200 000 теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар – 200 000 теңге;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 200 000 теңге;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілері 200 000 теңге;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдары – 200 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдары – 100 000 теңге;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдары – 100 000 теңге;
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын және бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының ордендерімен немесе медальдарымен наградталған не бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған, не Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен наградталған, не Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен наградталған адамдар – 100 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 100 000 теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 100 000 теңге;
қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен басқа да асырауындағылары – 100 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің отбасылары – 100 000 теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасылары – 100 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары – 100 000 теңге;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
6) 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi – 15 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер – 15 000 теңге;
туберкулез ауруы бар тұлғалар – 5 айлық есептік көрсеткіш;
Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылары - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында уәкілетті орган бекіткен ата-аналық төлем құнының 50 %;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 40 000 теңге;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
7) 6 шілде - Астана күніне:
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
8) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi – 15 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер – 15 000 теңге;
туберкулез ауруы бар тұлғалар – 5 айлық есептік көрсеткіш;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
9) 1 қыркүйек - Білім күніне:
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі.
10) 1 қазан - Қарттар күніне:
75 жасқа толған және одан асқан тұлғалар – 20 000 теңге;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
11) Қазан айының екінші жексенбісі – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне:
бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар – 20 000 теңге;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
12) 25 қазан - Республика күніне:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi – 15 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер – 15 000 теңге;
туберкулез ауруы бар тұлғалар – 5 айлық есептік көрсеткіш;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
13) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне:
Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылары - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында уәкілетті орган бекіткен ата-аналық төлем құнының 50 %;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 400 000 теңге;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
8. Санаторий-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы бар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған 1-топтағы мүгедектігі бар адамдар – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, өтем ретінде ұсынылатын кепілдік берілген құнын негізге ала отырып, санаторийде нақты болған күні үшін;
санаторий-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы бар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар баланы алып жүретін заңды өкілдердің бірі - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, өтем ретінде берілетін кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде.
9. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылады:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі табысына қарамастан бір рет беріледі. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері бір реттік – 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш. Дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде әлеуметтік көмек оқиға басталған кезден бастап алты ай ішінде көрсетіледі;
2) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы қатерлі ісіктің 3 және 4 сатысы адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан жылына 1 рет беріледі, әлеуметтік көмектің мөлшері бір реттік – 15 айлық есептік көрсеткіш;
3) медициналық көрсетілімдерге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды шұғыл сатып алу, медициналық қызметтер алу үшін қаржы құралдарына шұғыл қажеттілікті жою үшін әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын болған кезде жылына 1 рет ұсынылады. Шекті мөлшері – 15 айлық есептік көрсеткіш бір реттік;
4) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы бойынша тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 еселенген мөлшерінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері – 15 айлық есептік көрсеткіш бір реттік;
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы бойынша тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 еселенген мөлшерінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы, әлеуметтік көмектің мөлшері – 15 айлық есептік көрсеткіш бір реттік;
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы бойынша анықтама негізінде адамның (отбасының) тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған кезде, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірілмейді. Көмек босатылған сәттен бастап бір жыл ішінде – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі;
7) пробация қызметінің есебінде болу бойынша тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
8) тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,0 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 28.08.2024 № 177 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.10. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздердің тізбесін басшылыққа алады.
11. Әрбір жеке жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
12. Біржолғы әлеуметтік көмек:
1) жеке тұрғын үйлерде, Қарағанды қаласында газдандыруға жататын көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын, оның меншік иелері болып табылатын, немесе меншік иесінің отбасы мүшелері, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған және өтініш берген тоқсанның алдындағы үш күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған кездежасына байланысты зейнеткерлерге, мүгедек адамдарға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы аналар мен көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қорғаншыларына немесе қамқоршыларына тұрғын үйді, көп қабатты тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек жүргізіледі.Тұрғын үй иелері болып табылатын жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға табысы есепке алынбай көрсетіледі.
Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің шарт жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде газ жабдығын жүргізуге және орнатуға байланысты нақты шығындары негізге алына отырып айқындалады, бірақ 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
2) коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;
1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
Әлеуметтік көмектің мөлшері 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш Мемлекеттік корпорациясы филиалы жылына бір рет қазан айында жылыту маусымында ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей, кірістер есепке алынбай көрсетіледі;
3) отын сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеуге арналған біржолғы материалдық көмек пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын меншiк иелерi не меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi болып табылатын, өздерінде және отбасы мүшелерiнде басқа тұрғын үй болмаған жағдайда және өтiнiш берген тоқсанның алдындағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3 (үш) мөлшерiнен аспайтын жағдайда жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі. Жалғыз тұратын зейнеткерлер мен тұрғын үй иелері болып табылатын мүгедектігі бар адамдарға табысы есепке алынбай біржолғы көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің отын сатып алуға байланысты нақты шығындары негізге алына отырып айқындалады, бірақ жылыту маусымында 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек бiреуiне ғана берiледi.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 28.08.2024 № 177 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
13. Осы Қағиданың 9 тармағында көрсетілген санаттар бойынша "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясының және өзге ұйымдардың ұсынымымен атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
14. 9, 12 тармақта көрсетілген мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан Үлгілік Қағиданың 1қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және 12-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіненемесе "электрондық үкімет" порталы арқылы ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Үлгілік Қағиданың 2, 3-қосымшаларына, нысандарына сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және құжаттарды "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік жолдайды.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тиісті мәліметтері бар өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.
19. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының есебін жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы арнайы комиссияның қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 17, 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш берушіден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді (бас тартылған жағдайда - негіздемесін көрсете отырып).
23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
26. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
27. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 Шешіміне 2 - қосымша |
Мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелді);
2. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XLIV сессиясының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 423 "Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3048 болып тіркелді);
3. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XLVI сессиясының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 452 "Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы №363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3236 болып тіркелді);
4. Қарағанды қалалық мәслихатының VI шақырылған IV сессиясының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 39 "Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы №363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3949 болып тіркелді);
5. Қарағанды қалалық мәслихатының VI шақырылған ХVIII сессиясының 2017 жылғы 11 қазандағы № 211 "Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы №363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 4415 құқықтық актілер);
6. Қарағанды қалалық мәслихатының VI шақырылған XXIV сессиясының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 276 "Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы №363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4716 болып тіркелді);
7. Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 389 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5302 болып тіркелді);
8. Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 460 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5559 болып тіркелді);
9. Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 592 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6106 болып тіркелді);
10. Қарағанды қалалық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 31 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274 болып тіркелді);
11. Қарағанды қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 мамырдағы № 49 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23066 болып тіркелді);
12. Қарағанды қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 172 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28721 болып тіркелді);
13. Қарағанды қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №229 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31269 болып тіркелді);
14. Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 33 "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6418-09 болып тіркелді).