Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 84/12 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 7456-14 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 119/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 19.03.2024 № 119/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергіліктімемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 181 бұйрығына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шетелдік үшін хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін 0,2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Ташенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады